Базидиялы саңырауқұлақтар тудыратын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары



Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) класс тармағы (холобазидиомицеттер,
гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер)
б) ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары
в) тат, қаракүйе саңырауқұлақтары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Түрлерінің жалпы саны 30мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды түрлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды)сммицелийлерінің қарама –қарсы белгілері бар (+ және - ) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады: холобазидия – жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген,бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады – төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия);
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түріфрагмобазидия – көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыптаболатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталынатын клеткадан пайда болады, сондықтан да оны телиобазидия деп те атайды.
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көң тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады.
Ол базидийден, парафизден және цистидадан тұрады. Цистида – гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне (членики) қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзілетін бетін гименфора деп атайды. Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1)Р. Д. Қарбозова, К. Н. Туленгутова «Фитопатология» оқулығы Алматы , ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014.
2)Интернет желісі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Кафедра ___________________

Реферат
Тақырыбы: Базидиялы саңырауқұлақтар тудыратын ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

Тексерген: Сүлейменова Гүлнұр.
Орындаған: Өмірәлі Дана ЗР-209.

Алматы, 2017
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) класс тармағы (холобазидиомицеттер,
гетеробазидиомицеттер, телиобазидиомицеттер)
б) ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары
в) тат, қаракүйе саңырауқұлақтары
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Түрлерінің жалпы саны 30мыңдай болады. Мицелийлері көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген гифалардан тұрады. Жыныссыз көбеюі конидийлері арқылы жүзеге асады, бірақ ол сирек болады. Жыныстық процесі екі гаплоидты гифаның бөліктерінің (члеников) қосылуы арқылы жүзеге асады. Арнайы жыныстық көбею органы болмайды. Гетеротальды түрлерінің (олар осы кластың басым көпшілігін құрайды)сммицелийлерінің қарама - қарсы белгілері бар (+ және - ) особьтарының гифалары қосылады. Бұл жағдайда дикариондар түзіледі, олардың ядролары келешегінде синхронды бөлінеді. Жыныс процесі дикарионның ядроларының қосылуымен, мейозбен және төрт базидиоспорасы бар базидийдің түзілуімен аяқталады. Құрылысы жағынан базидийлер әртүрлі болады: холобазидия - жекелеген бөліктерге (члеников) бөлінбеген,бірклеткалы, түйрегіштің басы тәрізді өсінді; гетеробазидия екі бөліктен тұрады - төменгі кеңейген бөліктен (гипобазидия) және гипобазидияның өсіндісі болып табылатын үстіңгі бөліктен (эпибазидия);
Эпибазидия көп жағдайда екі немесе төрт бөліктен тұрады және олар бірқатар түрлерінде гипобазидиядан көлденең перделері арқылы бөлініп тұрады. Мұндай күрделі базидияны гетеробазидия деп атайды. Базидийдің үшінші түріфрагмобазидия - көлденең перделері арқылы төрт бөлікке (клеткаға) бөлінген болады. Әдетте фрагмобазидия тыныштық қалыптаболатын қабықшалары қалың телиоспора деп аталынатын клеткадан пайда болады, сондықтан да оны телиобазидия деп те атайды.
Базидиомицеттердің өмірлік циклында дикарионды фаза басым болып келеді, ал гаплоидты және диплоидты фазалары өте қысқа. Көптеген түрлерінің базидиоспоралары формасы мен мөлшері әртүрлі болып келетін жемісті денелерінде түзіледі. Концистенциясы жағынан жемісті дене борпылдақ, өрмекшінің торы тәрізді, тығыздалған киіз тәрізді, көң тәрізді және ағаш тәрізді қатты болып келеді. Гимений қабаты көп жағдайда жемісті дененің төменгі жағында орналасады.
Ол базидийден, парафизден және цистидадан тұрады. Цистида - гимениальды қабаттың үстінен көтеріліп көрініп тұратын парафиздерге, басқа мүшелеріне (членики) қарағанда біршама үлкен болады. Жемісті дененің гимений түзілетін бетін гименфора деп атайды. Қарапайым өкілдерінде ол жылтыр, ал жоғарғы деңгейде жетілгендерінде формасы тікенек, пластинка, түтікше тәрізді болып келеді.
Базидиальды саңырауқұлақтар үш клас тармағына бөлінеді:
* холобазидиомицеттер
* гетеробазидиомицеттер
* телиобазидиомицеттер
Осы үш клас тармағының ішіндегі маңыздысы және табиғатта кең таралғандары холобазидиомицеттер, мен телебазидиомицеттердің өкілдері. Сондықтан да олардың кейбіреулеріне толығырақ тоқталамыз.
Холобазидиомицеттер класс тармағы - Holobasidomycetidae
Бұл класс тармағы холобазидии түзетін саңырауқұлақтарды біріктіреді. Мысал ретінде олардың ең таралған туысы шампиньонды қарастырамыз. Шаминьон(Agaricus campeatris) - сапрофит ретінде, ылғалы мол топырақта өседі (1-сурет). Оны арнайы теплицаларда қолдан өсіреді. Жемісті денесі тармақталған мицелийінде пайда болады. Ал мицелийі топырақта болатын, бірнеше клеткадан тұратын (членистый) гифалардан құрылады.

1 - сурет.Шампиньонның өмірлік циклы М-мейоз:
1-мицелий; 2-қалпақша; 3-сирағы; 4- жамылғысы; 5- пластинкалы гименофор; 6-гимениальды қабат; 7-базидия; 8-базидиоспоралар; 9-соматогамия.
Жемістің денесі қалпақтан және түбірден тұрады. Осыған байланысты қалпақты саңырауқұлақтар деген ұғым пайда болған. Жас жемісті денелерінің қалпағының астында тартылып тұратын ақ түсті жұқа жамылғысы болады. Ол қалпақтың айнала шетіне және түьірге бекініп тұрады және қорғаныш қызметін атқарады. Ескі жемісті денелерде жамылғының тек үзінділері ғана түбірде ақ түсті сақина түрінде қалып қояды. Жемісті дененің түбірі, қалпақты жауып тұратын қабықшасы, етженді жұмсақ бөлігі және қалпақтың астынғы бетінде орналасқан пластика тәрізді гименофорасы плехтенхимадан тұрады. Жас шампиньондардың гименофораларының пластинкаларының сыртының түсі қызғыштау,ал ескіргендерінде қоңыр немесе қоңырқошқылдау болып келеді. Гименальды қабаты бір қатар базидийден тұрады. Базидияспоралары базидийден пайда болатын стреригмаларының басында отырады. Пісіп жетілген ұсақ, әрі жеңіл споралар стеригмалардан бөлініп шығып пластинкалардың арасындағы қуысқа түседі де, төмен қарай құлайды. Ал оларды ауаның ағыны алып кетеді. Осылайша шампиньонның споралары тарайды. Бұл тек шампиньонға ғана емес, сонымен бірге қалпақты саңырауқұлақтардың барлығына тән нәрсе.
Сонымен бірге саңырауқұлақтардың спораларын насекомдар мен моллюскаларда таратады. Саңырауқұлақтармен қоректенетін ақ тиіндер мен қояндарда олардың спораларын таратады. Споралар жоғарыда аталған жануарлардың ас қорыту органдарында қорытылмай, олардың қиымен сыртқа щығып қалады. Ылғалы мол, қарашіріндісі коп топырақта саңырауқұлақтардың споралары өседі. Олардан мицелидің (грибницы) жіпшелері жетіледі. Мицелий өте жай өседі. Қоректік заттардың қорын арттырып грибница жемісті дене түзеді.
Холобазидиомицеттер класс тармағына жататын саңырауқұлақтардың ішіндегі аса кең таралғанына қалпақты саңырауқұлақтар жатады. Қалпақ пен түбір бір-біріне тығыздалып өрімделген мицелийдің жіпшелерінен (гифаларынан) тұрады. Түбірдің барлық жіпшелері бірдей болады, ал қалпақта олар екі қабат түзеді. Жоғарғы қабат сыртқы қабықшамен қапталған және әртүрлі пигменттермен боялған болып келеді, ал төменгі қабатта гименофоралары қалыптасады. Гименофораның екі түрі белгілі: пластинкалы және түтікшелі. Гименофорасы пластинкалы болып келетін саңырауқұлақтарға мына түрлерді жатқызуға болады: Лисичка (Cantharellus), опенок (Marasmius), сыраежка (Russuta), рыжик (Russula), груздь (Lactarius); гименофорасы түтікті болып келетін түрлерге: ақ саңырауқұлақ (Boletus), подберезовик (Leccinum), подосиновок (Leccinum), нағыз трутовик (Fomes fomentarius).
Телиобазидиомицеттер класстармағы - Teliobasidiomycetidae
Бұл класс тармағына жататын өсімдіктердің фрагмобазидийлері болады.

Дәнді дақылдардың қаракүйе аурулары
1) Бидайдың қатты қаракүйесі(Tilletia caries), басқа қаракүйелер секілді паразит (2- сурет). Зақымданған масақ, зақымданбаған масаққа қарағанда жеңіл, өйткені оның дәндерінің көпшілігі телиоспораға толы болады. Телиоспоралар шар тәрізді түсі қара және үсті кедір-бұдыр (ячеистый) болып келеді. Астықты бастырған кезде споралардәнге жабысады, ал тұқымды сепкенде топыраққа түседі. Телиоспоралар көктемде тұқыммен бірге өседі. Өсер алдында дикарионның ядролары қосылады, содан соң зигота мейоз арқылы бөлінеді. Осылардан кейін барып фрагмобазидия дамиды, ал оларда гаплоидты базидиоспоралары түзіледі. Базидиоспоралар өсімдіктерді тікелей зақымдай алмайды. Екі гетеротальды базидиоспоралар қосылып екі ядролы клетка түзеді. Осындай клеткадан дикарионды гифа пайда болады. Ол алдымен дәннің қауызынің (околоплодник) астына, содан соң ұрықтың өсу конусына, одан өскінге өтіп, өсімдікпен бірге өседі. Келешегінде гифа гүл шоғырына еніп дәннің ішінде ұлғаяды да, оның ішіндегі қоректік заттарын өз боына сіңіреді. Қауызбен (околоплодник) спермодерма бұзылмайды, сондықтан да дән өзінің сыртқы формасын сақтайды, бірақ оның іші телиоспораға толы болады.
Бидайдың қатты қаракүйесі жаппай таралған. Ауру өсімдіктің масағының қабыршақтары аналық түйіннің үлкеюінің әсерінен ашылып кетеді. Түйіннің ішінде саңырауқұлактың споралары дамып жетіліп, тұздалған балықтың иісі шығып тұрады. Аурудың әсерінен тұқымның өнгіштігі төмендейді, өнім түсімі азаяды. Егінді орып бастырған кезде қаракүйе қапшықтары (ішінде телиоспоралар бар түйін) жарылып, телиоспоралар сау дәндерге түседі. Залалдану құрал-жабдықтар, ыдыс және т.б. арқылы да жүзеге асады. Тұқым өніп-өскен кезде телиоспоралар да өседі. Олардың жіпшелері дамып бидай өскінінің ішіне өтеді. Өскіннің ішінде саңырауқұлақ диффузиялық жолмен дамиды. Аурудың сыртқы белгілері бидайдың сүттенуі кезінде білінеді. Егін ору кезінде қаракүйе қапшықтары жарылады да, споралар шашылып дәндерді залалдайды. Қыста телиоспоралар тұқым бетінде сақталады және өнгіштігін 5 жылға дейін жоғалтпайды. Ал егін орағы кезінде топыраққа түскен телиоспоралар өнгіштігін ұзақ сақтай алмайды. Өскіндердің залалдануына топырақтың ылғалдылығының 60% -дай болуы жөне 5-10° С температура, тұқымды терең сіңіру қолайлы болып табылады.

2-сурет. Бидайдың қатты қаракүйесінің циклы:
М-мейоз; 1-қатты қаракүйемен зақымданған бидайдың масағы; 2-іші телиоспорамен толтырылған дән; 3-телиоспора; 4-таза дәнге жабысқан телиоспора; 5-телиоспораның өсуі және базидиоспораның пайда болуы; 6-базидиоспоралардың қосылуы (капулляция); 7-10-дикарионды гифаның түзілуі және олардың дәнге енуі; 11-бидайдың өскініндегі саңырауқұлақтың гифасы.

Қарабидайдың (T.secalis), арпаның (T.hordei) қатты қара күйесінің, жүгерінің тозаңды қаракүйесінің (Sorosporium reilianum) және тағы басқалардың өмірлік циклдары дәл осындай.
2)Бидайдың тозаңды қаракүйесінің(Ustilago tritici) өмірлік циклы біршама күрделі (3-сурет). Зақымданған масақтың және дәннің қауыздары (қабықшалары) жыртылып қара түсті телиоспорамен жабылады. Олар бидайдың қатты телиоспоаларына қарағанда ұсақ және үсті кедір-бұдыр емес (не ячеистый) тегіс блады. Телиоспоралар жел арқылы зақымдалмаған масақтың гүліндегі аналығының аузына келіп түседі де өнеді, олардан фрагмобазидий дамиды. Бірақта базидиоспоралар түзілмейді, фрагмобазидийдің гаплоидты клеткалары екеу-екеуден қосылып, дикарионды гифаларға айналады. Дикарионды гифалар гүл түйініне өтіп эндосперм мен ұрықтың ішінде ұлғайып өседі, бірақ оларды бұзып жармайды.
Бидайдың тозаңды қар күйесі бидай өсіретін аудандарда жаппай та-ралған. Тозанды қаракүйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде за-лалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады, Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспора-дан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумауы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүл шоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60% -дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы сұйық ылғалдың болуы қолайлы.

3-сурет. Бидайдың тозаңды қаракүйесінің өмірлік циклы:
М-мейоз; 1-тозаңды қаракүйемен зақымданған бидайдың масағы; 2-телиоспора; 3-бидайдың гүлдеген масағы; 4-аналықтағы телиоспора; 5-телиоспораның өсуі және базидиоспораның түзілуі; 6-фрагмобазидийдің мүшелерінің бірігуі; 7-8-гифалардың ұрыққа өтуі; 9-зақымданған дәннің өсуі; 10-телиоспораның түзілуі.
Зақымдалған дәннің формасы мен салмағы жағынан зақымданбаған дәннен айырмашылығы болмайды және өсуге қабілетті келеді.
Яғни бұл жерде зақымдану топырақта емес, өсімдік гүлдеген және дән байлаған кезде жүреді. Келесі жылы тұқымды жерге сепкеннен кейін ұрық өне бастайды, осы кезде мицелийде ұрықпен бірге өсіп оның өсу конусына өтеді. Одан әрі ол сабақтың бойымен жоғары қарай жылжиды, сөйтіп қоректік заттар мол жиналатын гүл щоғырында ерекше қарқынмен өсіп ұлғаяды. Осы жерде мицелий жекелеген клеткаларға бөлінеді. Ал ол клеткалар қалың қабықшамен қапталып телиоспораға айналады. Бұл жағдайда гүл шоғырының түрі өзгеріп, қаракүйенің ұсақ тозаңына айналады. Бұлармен күресу басқа қаракүйелерге қарағанда қиын, өйткені мұнда қаракүйе мицелийлері дәннің ішкі ұлпасында орналасады. Сондықтан онымен күресу үшін тұқымды 3-4 сағат бойы 28° - 32° градустағы жылы суға салу керек, бұл уақытта мицелий өсе бастайды, ал ұрықтың өсуіне уақыт жетпейді. Одан кейін тұқымды 7-8 мин., 52°- 53° градустан астам суға салады, бұл кезде өскен мицелий күйеді, ал ұрыққа ешқандай зиян келмейді. Барлық колхоз, совхоздарда бұл шараны қолдануға қолайлы жағдай туа бермейді. Сондықтан егістікке таза сотты дәндерді сұрыптап алу қажет.
3)Пукцения, немесе астықтың сызықты таты(Puccinia graminus)- сарыағаш өсімдігі мен астық тұқымдастарының паразиті (4-сурет). Астық тұқымдастары осы саңырауқұлақтың негізгі иесі де, ал сарыағаш өсімдігі аралық иесі болып табылады. Бұл саңырауқұлақ өзінің дамуын сарыағаштың жапырағынан бастайды. Зақымданған жапырақтың екі бетінде де қызғылт сарғыш түсті дақтар пайда болады.зақымданған жапырақтың үстінгі бетінде пикнидийлер,ал астыңғы жағында эцидийлер дамиды.
Пикнидийлер құмыра тәрізді, үстінгі жағында тесігі бар қуыс. Осы қуыстың қабырғаларынан қысқа гаплоидты гифа пайда болады, ал олардың ұшында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базидиомицеттердің жіктелуі
Таттылар қатары саңырауқұлағы тудыратын аурулар
Аурулардың өсімдікті залалдауы
Өсімдіктерді бактериоздардан қорғау
Өсімдік ауруларының белгілері
Дәнді дақылдардың тамыршірігі және дақ ауруы
Қалталы саңырауқұлақтар – ascomycetes класы
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Саңырауқұлақтар жайында
ФИТОПАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер