«Фармакология» пәнінен лекциялар
1.Лекциялар тақырыбы
2 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсері
5 Тақырыбы: Дәірлік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары
7 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ететін негіздері
8 Тақырып. Өз ара араласпайтын сұйықтар
9 Тақырып. Өз ара араласқанда сұйық немесе ерігіш қоспалар
10 Тақырып. Өз ара араластырғанда тұтанып жану және жарылуы
қаупі туатын заттар
11. Тақырып. Өз ара араластырғанда шөгінділер пайда болатын заттар
12 Тақырып. Басқа сыйыспаушылықтар
13 Тақырып Тақырып Қатты дәрілік формаларды жазу және дайындау технологиясы
3 Лабораторлық тәжирибелік сабақтар

Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos – ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына дәрі-дірмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.
Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.
Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары, әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.
Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский, И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік береді.
Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғыш рет Ликин жазған еді.
Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А. Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның негізін салушы болып саналады.

4 Грецкий В.М., Хоменок В.С. Руководство к практическим занятиям по технологии лекарственных форм. М. 1991
5 Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,2, М. 1991
6 Мингилев В.П., Мухамбетов Д.Д. Основы общей рецептуры. Акмола 1996
7 Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966
8 Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978
9 Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991
Қосымша оқулықтар:
3. Сковронский В.А. Практикум по фармакологии и рецептуре М. 1962
4. Государственная фармакопея

1. Глоссарий
Әсіресе жиі қолданылатын рецептуралық қысқартулар
Āā – ana- тепе – тең elect.-
electuarium- ботқа
Acid – acidum – қышқыл em.- emulsum-
эмульсия
Ad ch.- -ad chartam – қағазға орап empl.- emplastrum-
пластырь
Aed. Aequalis – тең ext.-
extende-жақ
Ad lib.- ad libitum – керегінше ferv.-fervens-
қайнап жатқан
Ad oll – ad ollam – банкіге салып f.-fiat- жаса,
дайында, ал
Ad scat – ad scatulam – коробкіге салып flor.-flores-гүлдер
Ad vitr. Ad vitrum- шөлмекке салып fl.-flos- гүл
Ad us.- ad usum – қолдану үшін form.-formentur-
қалыпқа
Ad us.- ext. – сыртқа қолдану үшін fruct.- frucctus-
ұрық
Ad us. Int –ішке қолдану үшін g.-gr.-gramm-
грамм
Ad us. propr.- жеке өзін қолдану үшін gtt.-gutta-домалақша
Amp.- ampulla – ампула hb.-herba-
шөп
Ad.- aqua – су
inf.infusum- настой
Ad.- com.- aqua commumis – кәдімгі су iniec.-iniectio-
денеге енгізу
Ad.font.- aqua fontana – бұлақ суы инъекция
Ad.destill,- adua destillata- дестилденген су Lat.-Iatitndine- ені
Ax.- axungia – мал майы Liq.-Iiquor-
сұйық
Bol.-bolus –болюс Lint.-
Linteum- линимент
But.- butyrum- қатты май
c. penic.- cum penicillio- кистімен M.-Misce-
араластыр
caps.- capsula- капсула mixt.-
mixtura-микстура
chart.-charta- қағаз
mucil.-mucilago-шырыш
col.- colatura- сығылып сүзілген сұйық Nr-numero-сан
comp.- compositus- күрделі ol.-oleum-
май
conc- concisus – кесілген ov.-ovum-
жұмыртқа
concentr.-concentratus- күшті, концентрациялы past.-pasta-паста
consp.-consperge- сеп pil.-
pilula-пилюля
cort.-cortex- қабық praes.-
praecipitatum-шөктірген
cont.- contunde-түйілген, езілген pul.-pulvis-
ұнтақ
crud.- crudus-шикі тазартылған rad.-radix-түбір
cryst.- crystallisatus-кристалданған Rp.-Recipe-ал
D., Da- Detur, Dentur- бер, берілсін sem.-semen-тұқым
D.t.d.- Dentur tabes doses- берілсін, бәрі. Sir.-sirupus-сироп
D.S.Detur, Signetur- берілсін, белгіле sol.-solutio-
ертінді
Dec.dect.- decoctum- қайнатынды S.-Sisnetur-белгіле
Der.- depuratus- тазартылған spir.-spirtus-
спирт
Dest.- destillatus- дестилденген steril.-
sterilisetur-стерилде
Dil.- dilutus- сұйылтқан succ.-
succus-шырын
div.- divide- бөл
tab.-tabulettae-таблеткалар
Әсіресе жиі қолданатын рецептуралық терминдер
a – (с французша)- бойынша, дейін frictio-сүртіп, үйкеп жағу
ad- ішінде, мыс frigidus-
салқын
adde- қос fusus-
ерітілген
ad libitum- өз шешуіңше gargarisma-шайып
жуу
aders- мал майы granula-
түйір, дән
adhaesivus- жұққыш grossus- үлкен
adiuvan- көмекші, жәрдемші gummi-шайыр
adstringens- тұтқыш humidis-
ылғал, ылғалданған
aerophorus- быжылдау inscriptio-сөз,
сөйлем басы
albus-ақ
lenies-жұмсартқыш
amarus- ащы liquidus-
сұйық
animalis- малдан өндірілген medicamentum-дәрі, дәрі-
дәрмек
antidotum- уға қарсы қолданылатын зат medicinalis- дәрігерлік
agua- су mica
panis- нан жұмсағы
aquosus- сулы mixtura
agitanda- шайқау керек
aqua fervida- ыстық су mollis-жұмсақ
adua ebuliens- қайнап жатқан су niger-қара
adua fiuviatilus- өзен суы oleosum-майлы
adua pluvialis- жаңбыр суы ovum-жұмыртқа
adua fontana- бұлақ және водопровод суы oxydatus-тотыққан
adua communis – кәдімгі құдық суы paratus-дайындалған
adua destillata – дестилденген су pars-бөлегі,
бөлшегі
bene-жақсы pasta-
қамыр, паста
buliens-қайнап жатқан pectoralis-
көкіректік
basis-негізгі, негізгі әсер ететін per se-өзінен-
өзі
cum- мен per
os-ауыз арқылы
ca lidus-жылы, ыстық perrectum-
тікішек арқылы
cera-балауыз pondus-
салмақ
ceratum- төмен түсу potio-ішу,
ішімдік
cinereu- сұр, күл тәрізді pro centum-
жүзге
cochlear- қасық pro
mille-мыңға
cola-сүз
purus-таза
cocte- ас, қайнат recens-
жарық, айқын
corrigens-түзетуші resina-
смола
coriu- тері
repetatur-қайтала
dulcus-тәтті
remedium-дәрігерлік құрал
durus-қатты
reductus-қалпына келген
e,ex- e dua-нан, нең, ден, дан repletus-толған
ex 20,0.- 20,0 ден ruber-
қызыл
flavus-сары sal-
тұз
flexilis-иілгіш, майысқақ scatulus-
қапшық
fomentatio-сулап жағу salinus-
тұзды
saturatio-қандыру, қанықтыру tritus- үйкеп
ұсатылған
seu- немесе ustus-
күйдірілген
siccus- құрғақ ut- үшін
simplex- қапапйым venena- улар
(улы заттар)
solidus- мызғыр, тығыз, мықты verte- айналдыр
solve- еріт
verus- шын шындық
spirituosus- спиртті via- жол
spurilus- жалған viridus-
жасыл
stils s.gutta- тамшы
volatilis- ұшқыш, ұшқыр
styius-қарындаш, таяқша vomicus-
құстырғыш
sublimatus- айдалып алынған
subtilis- ұсақ, жұқа
subtilissimus- өте ұсақ
succus- шырын
suspensio- езілген
2. ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ.
1.Лекциялар тақырыбы
Кіріспе
1. Жалпы сипаттама
2. Кіріспе
Негізгі оқулықтар:
1. Грецкий В.М., Хоменок В.С. Руководство к практическим занятиям по
технологии лекарственных форм. М. 1991
2. Кондратьева Т.С. Технология лекарственных форм том 1,2, М. 1991
3. Мингилев В.П., Мухамбетов Д.Д. Основы общей рецептуры. Акмола 1996
4. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966
5. Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978
6. Өтенов Ә.М. Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық-
жаттығу сабақтарын оқытуға арналған Методикалық нұсқаулар А. 1991
Қосымша оқулықтар:
1. Сковронский В.А. Практикум по фармакологии и рецептуре М. 1962
2. Государственная фармакопея
Болашақ мал мамандары дайындауда Фармакология пәні негізгі
пәндердің қатарына жатады. Оқу барысында студенттердің малдармен жұмыс
істегенде қауіпсіздікті толық қамтамасыз етуі, ару малдарды жан-жақты
емдеу және дәрі-дәрмектерді пайдалана отырып, еңгізу жолдарын білуі, соның
негізінде шаруашылықтарға тиімді нұсқаулар ұсынылуының қамтамасыз
етуілі дәрістеледі.
Практикум “Жалпы рецептура” курсы лабораториялық жұмыстар жүргізуге
арналған. Бұл жерде ең маңыздысы студенттерді дәрілік формаларды жазу
және жасау технологиясың оқып үйрену, студенттің клиникалық ойлау
өрісінің қалыптасуы маңызды, ал ол келешек жұмысында патологиялық
процесті ұғуғы, патогенетикалық ем жасау мен аурудан сақтандыру шараларын
жүргізуге қажет.
Сол үшін, осы практикумда студентке белгілі бір тақырып бойынша
лабораториялық-практикалық сабақтар қосылған. Әрбір бөлім бойынша
лабораториялық-практикалық сабақтарды оқып білгеннен соң студент белгілі
бір дәрілік форманы жазыуың ұғып, дәрілік форманы жасау технологиясын
үйренеді.
Әрбір бөлімнің соңында тапсырманы міндетті түрде жазбаша жұмыс
ретінде орындауға, қорытынды дайындауға және оны тапсыруға арналған
бақылау сабақтары берілген.
Барлық лабораториялық- практикалық сабактарды, өз бетімен орындайтын
жұмыстарды, бөлімбер бойынша жоспарланған коллоквиумдарды орындаған
студент келесі сабаққа дайындалады.
К І Р І С П Е
Фармакология туралы ұғым. Фармакология – (pharmacon – дәрі; logos –
ғылым немесе сөз) – сау және ауру организмге немесе оның жеке органдарына
дәрі-дірмек заттардың қандай әсер ететіндігін зерттейтін ғылым.
Фармакологияның ең дәл анықтамасы – фармакодинамика, немесе химиялық
қоспалардың әсерінен органдар мен тканьдер қызметінің өзгеруін зерттеу.
Фармакологияның даму тарихы. Фармакология, соның ішінде малдәрігерлік
фармакология өте ерте заманда пайда болған. Түрлі заттардың адам мен
жануарға тигізетін әсерін бақылаудың нәтижесінде бұл салада толып жатқан
білімдер жиналады, ал бұл заттардың өздерін адам организміне қолданып
сынауға да жиі негіз болды. Ертедегі Греция дәрігері Гиппократ (б.з. д. 460-
377 жыл) оларды жүйеге келтіруге тұңғыш рет әрекет жасады, Гиппократтың
ілімін рим дәрігері Гален (б.з. 131-201 ж.ж.) және араб оқымыстылары,
әсіресе тәжік ұлтынан шыққан Авицена (Абу Али ибн Сина) дамытты. Орта
ғасырларда Парацельс фармакологияда негізінен өзгерістер туғызды. Алайда
XVIII ғасырға дейін бұл ғылым эмпиризмге, яғни ғылыми дәлелденбеген
бақылауға ғана сүйеніп келді. Тек XVIII ғасырдың аяғында ғана
эксперименттік фармакологияның дәуірі басталды.
Біздің елімізде эксперименттік фармакологияның негізін салушылар
Андриевский, Кайданов, Лукин, Нелюбин, Забелин, Соколовский, Дыбковский, ал
олардың ісін алға апарушылар – Е. Пеликан, И. Догель, Богославский,
И.Павлов, Кравков т.б. болды. Н.П. Кравковтың ерекше еңбектері оны отандық
эксперименттік фармакологияның негізін қалаушы деп есептеуге мүмкіндік
береді.
Зоофармакологиялық (малдәрігерлік фармакология) нұсқау құралды тұңғыш
рет Ликин жазған еді.
Ғылымның бұл саласында біздің отандастарымыз Сошественский мен
Савичтың және олардың шәкірттерінің зор еңбегі бар. Проф. Н.А.
Сошественский шын мәнінде кәзіргі отандық малдәрігерлік фармакологияның
негізін салушы болып саналады.
Фармакологияның басқа ғылымдармен байланысы. Фармакология мәнінің
анықтамасы – ол басқа ғылымдармен: өсімдіктер шикізатын зерттейтін
фармакогнозиямен, дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін
зерттеумен шұғылданатын фармацевтикалық химиямен, фармацияман немесе
дәрілер дайындау және аптекалық істі ұйымдастыру туралы ғылымдармен тығыз
байланысты екендігін көрсетеді. Аталған ғылымдардың әрқайсысы дербес,
бірақ фармакологияға қатысы жөнінде оған бағынышты болып келеді.
Малдәрігерлік техникумдарда бұл пәндер өз алдына оқылмайды;
фармакология курсына олардың кейбір тармақтары, негізінен рецептуралары
ғана енгізіледі.
Мұның үстіне, фармакология физиологиямен және жалпы патологиямен тығыз
байланысты, өйткені органдардың, тканбдердің нормадағы және патологиядағы
әрекеттерін білмей, дәрілердің тигізетін әсерін түсіну мүмкін емес.
Фармакологияның бактериология және паразитологиямен байланысы
дезинфекциялайтын және паразиттарға қарсы қолданылатын заттарды оқып
үйренгенде өте көзге түседі.
Фармакологияға ішкі секреция бездерінің қызметі туралы ғылым –
эндокринология (физиологияның бір бұтағы) өте жақын тұрады; емдік заттардың
ішінде органдардан жасалған препараттар айтылады; бұларды қолдану үшін осы
органдар жасаған дарығыш негіздерді және олардың организмге тигізетін
ықпалын білу талап етіледі.
Дәрілік заттар көбінесе таза лабораториялық және ауылшаруашылық
малдарына тигізетін әсері арқылы зерттеледі. Бұл зерттеудің негізгі
мақсаттары:
1. қандай да болса қолданылатын зат малдың организміне және жеке
органдарына қалай және неліктен әсер ететіндігін анықтау;
2. көтере алатын (емдеу), улайтын (уытты) және өлтіретін (летальді)
дозаларды табу.
Фармакология қандай затты болса да осындай зерттеулерден кейін ғана
клиникадағы ауру малдарға қолданып сынауға ұсынады. Міне сондықтан да
фармакология клиникамен, сондай-ақ фармакологиялық емдеу өте маңызды орын
алатын дәрігерлік практикамен тығыз байланысты деп есептеледі.
2 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсері
Дәрі және у туралы ұғым. Жануарға қолданылатын дәрілік заттардың
қолайлы формасын (ұнтақтар, ертінділер, микстуралар, таблеткалар, сүртпе
майлар, т.б.) дәрі деп атайды. Аурудан сақтайтын, оны өзгертетін, оны
асқындыратын немесе ауру процесін тоқтататын барлық заттар дәрі бола алады.
Бұған өсімдіктерден, жануарлардан алынатын минерал және синтезбен
шығарылатын химиялық заттар жатады.
Белгілі жағдайларда және организмнің белгілі қалпында оның қалыпты
тіршілік әрекетін бұза алатын, яғни оны улай алатын (токсикалық), немесе
өлтіре алатын химиялық заттар у деп аталады.
Дәрілік заттардың оганизмге тигізетін әсерін фармакология, ал улардың
тигізетін әсерін – токсикология зерттейді.
Дәрі мен удың арасында дәл шек болмайды. Мысалы: наперстянка белгілі
мөлшерде жүрек қызметін жақсартады, ал бұл заттың дозасын көбейтсе, осы
органның қызметін нашарлатады.
Дәрілік заттардың тигізетін әсерінің түрлері. Дәрілік заттар
қолданылатын жеріне және жалпы (резорбтикалық; resorptio – сору) әсерін
тигізеді.
Егер бұл зат қандай да болса тканьмен (терімен, кілегей қабықпен)
жанасып, көбінесе жанасқан жерінде осыған сәйкес өзгерістер туғызатын
жағдайда, қолданылған жеріне тигізетін әсері байқалады.
Қолданылған жеріне әсер тигізетін заттардың көпшілігін шағын мөлшерде
қан сорып алады. Бұл сорылған заттың мөлшері аз болады, сондықтан қандай да
болсын органдардың қызметіндегі өзгерістерді жәй қарағанда көруге
болмайды.
Алайда ерекше жағдайларда (дәрі мөлшерінің көптігі тканьнің сыйпаты
және күйі, дәрі қолданғанда жүргізілген арнаулы шара т.б.) қолданылған
жеріне тигізетін әсермен қатар, жалпы әсері де болуы мүмкін, мысалы, жарасы
бар жерін феколмен мол етіп жуғанда малдың уланып қалуы ықтимал, ал нервке
новокаин енгізумен органның жағдайын өзгертуге болады.
Дәрілік заттың жалпы әсері ол қанға, демек, барлық органдар мен
тканьдерге түскенде көрінеді. Жалпы әсер тигізетін химиялық заттар кейбір
жағдайларда барлық тканьдерге, бірақ түрліше дәрежеде (протоплазмалық
әсер); екінші жағдайда жеке органдарға (таңдап әсер ету) ықпалы болатыны
анықталады.
Таңдап әсер ету нақ сол орган басқа органдарға қарағанда, дәріні
көбірек жыйнап алатындығын немесе оның бұл дәріні сезгіш екендігімен
түсіндіріледі: мысалы, наперстянка жүрекке, адреналин симпатикалық нерв
системасының ұштарына, карбохолин мен ареколин – парасимпиялық нерв
системасының ұштарына таңдап әсер етеді т.б.
Қолданылған жеріне және жалпы әсер тигізгенде: 1) зат байланыс
жасайтын қандайда болсын тканьге, органға немесе системаға тікелей
бағытталған тура бірден әсер ететін және 2) тура емес яғни жанама, айнымалы
түрлері бар, бұл кейінгі түрі тура әсер ететін түрдің салдары болып келеді.
Емдеуде жанама әсер етудің болғаны жөн; мысалы, жүрек глюкозидтері
жүрекке тікелей әсер етіп, оның жұмысын жақсартады – бұл оның таңдамалы,
сонымен бірге тура әсер етуі; мұның нәтижесінде қан айналысы, тканьдер
қорегі жақсарады, ісігі қайтып, несеп бөлінуі (дируез) көбейеді т.б. бұл
тура емес немесе шамалап тиген әсер болады.
Жанама әсердің ерекше түрі- нерв жолымен жүзеге асырылатын
рефлекторлық әсер болып келеді. Мысалы, аммиакпен деп алғанда тыныс және
жүрек қызметі уақытша тоқтауы мүмкін; мыс сульфаты қарын кілегейін
тітіркендіріп құстыруы ықтимал т.б.
Дәрілік заттарадың тағы да қосымша әсері бар; ол әрқашанда бола
бермейді, бірақ есептесу керек, оның көбінесе болмағаны жақсы. Мысалы,
хлороформды бірнеше рет, немесе бір рет ұзақ уақыт қолданғанда
паренхиматоздық органдар майлы өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Егер бұл
жағымсыз әсер едәуір орын алса, онда мұндай заттың емдеу қасиеті азаяды
немесе мүлде жоғалады.
Фармакологияда ауру қоздырғыштарға әсер тигізетін заттардың зор
маңызы бар; оларды этиотроптық, яғни каузальдық деп атайды; бұған фенол,
креолин т.б. микробтарды өлтіретін (бактерицидтық) және олардың өсуін
тежейтін сульфаниламидтық дәрілер жатады. Емдеудің мұндай әдісін каузальдық
емдеу әдісі деп атайды.
Этиотроптық әсердің бір түрі – химиотерапевтикалық әсер, ол заттың
белгілі құрылысымен және оның микроорганизмдердің белгілі түріне таңдамалы
әсер етуімен байланысты. Егер дәрі ауру себептерін жоймай, ауру белгілерін
бәсеңдетсе, немесе тоқтатса, оны симптоматикалық дәрі деп атайды. Мысалы,
кейбір ыстық төмендеткіш заттар ауру малдың температурасын уақытша басады,
бірақ аурудың себебіне әсер етпейді.
Сондай-ақ, дәрілік заттардың қайтатын және қайтпайтын әсері болады.
Қайтатын әсерде орган функцияларындағы өзгеріс уақытша сыйпатта болады;
енгізілген дәрілерден арылуына қарай функция қызметі қалпына келеді. Егер
енгізілген зат түзілмейтін шұғыл морфологиялық және функциялық өзгерістер
туғызса, мұны қайтпайтын әсер деп атайды.
Дәрілік заттардың мәні және олардың әсер ету сыйпаты. Дәрілік
заттардың тканьдермен, органдармен, системалармен, өзара әсерлес болуы өте
күрделі процесс; оның өзі мынадай:
1) химиялық реакциялар, мысалы: қалпына келтіру, тотығу, ажырау,
тұндыру, қос қабат алмасу реакциялары т.с. жолмен;
2) физикалық – химиялық процесстер, мысалы, осмостық қысым, диффузия,
беткі кіріс т.с.жолмен.
3) биохимиялық процесс, мысалы: клеткадағы биохимиялық реакцияның
өзгеруі (энзимдердің, ферменттердің, катализаторлардың тыныс алудағы,
алмасудағы әрекеттері т.с.) жолмен жүреді.
Клеткаларға, тканьдерге, органдарға және системаларға фармакологиялық
заттардың тигізетін әсерінен: қозу, меңдеу және функция параличтері пайда
болады. Бұл реакцияларды бірінен бірін бөліп алып, оқшау қарауға болмайды,
оларды органдар нервтік және гуморалдық өзара қатынаста болғандықтан бүкіл
организмнің жауап реакцияларының күрделі комплексі деп қарау керек.
Орган функциясының күшеюін қозу, ал оның әлсіреуін меңдеу деп түсіну
керек. Мысалы, карбохолин ішектердің перистальтикасын, сілекей, қарын, ішек
және тер бездерінің серекциясын күшейтеді, антропин ішек перистальтикасын
баяулатып, бұл бездердің серекциясын әлсіретеді.
Тіршілік әрекетінің мүлдем, ал кейде тіпті қайтпастай болып әлсіреуін
паралич деп атау әдет болып кеткен.
Тітіркену – міндетті түрде жалпы ткань реакциясы гипермия (қан толып
қызару) мен трансуданцияның (қан сары суының сыртқы тканьдерге шығуы) пайда
болуымен өзгерілген функция. Тітіркендіру әсері бір жерге әсер етумен
тынбайды, ол организмнің әрқашанда біліне бермейтін реакциясынан да туады.
3 Дәрілік зататрдың әсеріне ықпал тигізетін жағдайлар
Заттардың организмге тигізетін әсері әрқашанда бірдей болмайды, оған
бірқатар әр түрлі жағдайлар ықпал етеді. Бұл жағдайлар дәрілік заттың өзіне
де, сондай-ақ денеге де байланысты болуы мүмкін.
Дәрілік заттың қасиетіне байланысты жағдайлар. Ерігіштік. Егер зат
суда, майда және организмнің ткань сұйықтарында еріген жағдайда ғана
мейлінше жақсы әсер ете алады. Мысалы, парафин мен барий сульфаты
фармакологиялық әсер етпейді, өйткені ерімейді, сондықтан да тканьдерге
сіңбейді. Күкірт тканьдермен өзара қарысу нәтижесінде еритін клеткаларға
сіңімді болады, демек, ол фармакологиялық тұрғыдан әсерлі болып саналады.
Дәрінің ерігіштігі теріге және кілегей қабықтарға тікелей әсер еткенде
тканьдерге терең ену қабілетімен тығыз байланысты болады. Мысалы, барлық
липоидотроптық (майда еритін) заттар майда ерімейтін заттарға қарағанда
теріге терең және тез сіңеді.
Дәрілердің тканьдерде болып жатқан физикалық-химиялық процесстер
жөніндегі тұрақтылығы. Заттың мөлшері, яғни дозасы, демек, дәрілік заттың
клеткаға әсер ететін концентрациясы, қолданылатын жеріне әсер еткенде
ертіндінің концентрациясы, жалпы әсер еткенде – қандағы концентрация
ескеріледі.
Дозаның екі түрі: бір мезгілдік (pro dosi), яғни малға бір рет
берілетін немесе бір рет енгізілетін дәрінің мөлшері; күн тәуліктік (pro
die), яғни малға бір күнге, күн тәулік ішіне арналып берілетін дәрінің
мөлшері бар.
Енгізілетін заттың мөлшерін оның әсер ету сыйпатын анықтайды. Өте
үлкен дозалар малды өлтіруі мүмкін, сондықтан да оларды өлтіретін дозалар
деп атайды; дәрінің малды улайтын дозасын уытты (зәрлі) доза деп, ал емдік
нәтиже беретін дозасын емдеу дозасы деп атайды.
Дәрілік түр. Ішке сұйық түрде берілген заттар қатты заттарға қарағанда
жылдам және күшті жалпы әсер етеді. Мұнда еріткіштің де маңызы бар: суда
ерітілген заттарға қарағанда, спиртте ерітілген заттар тезірек әсер етеді,
кілегей сұйықта ертілсе, олардың әсері едәуір бәсеңдейді т.б.
Температуралық жағдйлар. Жылы етрінділер салқын ертінділерден гөрі
ішке енгеннен кейін тезірек бойға сіңеді. Дәрілік ертінді өте жоғары
немесе төмен температурада болса клеткаларды тітіркендіріп, жоя отырып,
олардың тіршілік процесстерін құртады.
4 Тақырыбы: Организмге байланысты жағдайлар. Жануар түрлері.
Әр түрлі мал қандай да болсын дәріні әртүрлі қабылдайтыны
анықталған. Мысалы, етқоректілер шөп қоректілерден гөрі барий тұздарын өте
жақсы сезеді; адреналин сүтқоректілерден гөрі құстарға күшті әсер етеді;
морфин итті ұйықтатады, ал мысықты күшті елітеді; көп камералы қарыны бар
сыйыр малына каломель тағайындау қауыпты, өйткені каломель еритін
қоспаларға тез айналып, улы болады.
Жануар түріне қарай дозаларды төмендегідей етіп есептеп беру
белгіленген:
Жылқыға (тірідей салмағы 400 кг дейін) ... ... ... ... ... ...
Сыйыр малына (тірідей салмағы 300-320 кг) ... ... ... ... ..1 - ½
Есекке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...⅓ - ½
Қойға (таза салмағы – 50 кг) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 – 16
Шошқаға (таза салмағы – 50 кг) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 - ⅛
Итке (таза салмағы – 2- ден 10 кг дейін) ... ... ... ... ... ... 110 – 16
Мысыққа (таза салмағы – 2 кг) ... ... ... ... ... ... ... ... ...120 – 132
Құсқа (таза салмағы – 2 кг) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 120- 140
Малдәрігерлік практикаға әзір енгізілмеген, бірақ медицинада
қолданылатын дәрілердің дозаларын мөлшерлегенде төмендегідей ережеге
сүйену керек:
Орта жастағы адамға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1
Жылқыға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 – 10
Сыйыр малына ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 – 10
Ешкі, қой, шошқаға ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
Итке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 – 1
Мысыққа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Құсқа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Жануар жынысының организмінің физиологиялық жағдайына байланысты
ғана маңызы бар. Кейбір заттар буаз малдардың іштегі төліне зыян
келтіреді, кейбіреулері жатыр тамырларын кеңейтіп немесе тарылтып, іш
тастатады; кейбір препараттар сүтпен бірге бөлініп, жас төлді улайды және
сүт сапасына әсер етеді. У ұрғашы малға еркек малдан гөрі күшті әсер
ететінін есте ұстаған жөн.
Малдың жасы қартаң және әлі толыспаған жас малдарға кейбір дәрілік
заттар орта жастағы малдардан гөрі едәуір күшті әсер етеді. Мысалы,
морфиннің тіпті аз дозасының өзі төлдің параличке ұшырауын тудырады, ал
ірі малдың тыныс орталығына сәл әлсірету әсерін тигізеді.
Сондықтан кәрі немесе жас малдарға дәрі тағайындағанда оның дозасын
олардың жасына сәйкес азайту керек. Кейбір заттарды оларға мүлдем қолдануға
да болмайды.
Малдың жасына қарай дәрі дозасын есептеудің бағыт беруші таблицасы (
Мозгов бойынша)
Жылқыға:
3 – 12 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
15-20 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..¾
20 –25 жасқа дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .½
2 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ½
1 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 112
6 айға дейінгі құлынға: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .121
Сыйыр малына:
3-8 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
10-15 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...¾
15-20 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...½

1 жасар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Бұзау: 4-8 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .⅛
1-4 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..116
Қой, ешкі: 2 жасар және одан үлкен ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1-2 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ½
6-12 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Шошқа 1 ½ жасар және одан үлкен ... ... ... ... ... ... ... ... 1
9-18 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .½
4-9 айлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Мал салмағының да елеулі маңызы бар. Бір түлікткгі жас мөлшері бірдей,
бірақ салмағы әртүрлі малдарың дәріні қабылдауы да әртүрлі болатындығы
туралы көптеген бақылаулар бар. Әдетте, дәрінің белгілі бір мөлшері салмағы
ауыр малға емдеу (терапевтикалық), ал салмағы жеңіл малға уытты (зәрлі)
немесе өлтіретін доза болып табылады. Сондықтан доза малдың килограмм
салмағына шағып беріледі. Мысалы, егер дәрінің емдік дозасы 1 кг салмаққа
1 мг болып белгіленетіні болса, 2 кг салмағы бар малға – 0,002 (2 мг), 10
кг салмағы бар малға дозасы 0,01 (10 мг), 400 кг салмағы бар малға 0,4 (400
мг) тағы басқадай болады.
Малдың жалпы күйі. Арық организмге семіз организмге қарағанда дәрі
күшті әсер етеді. Шаршап шалдыққан малдар сергек және күшті малдардан гөрі
дәрілерді нашар көтереді. Сау органдардан гөрі ауру органдар дәріні көбіне
басқаша қабылдайтынын ескеру керек (Кравков Н.П., М.П. Николаев). Мысалы,
камфора сау жүрекке мүлде дерлік әсер етпейді, бірақ ол қабынған жүректің
жұмысын күшейтеді және жақсартады; алкоголь сау малдардан гөрі ыстығы
көтерілген малдарға нашарырақ әсер етеді.
Организмнің немесе органның физиологиялық күйі дәрілерге сезімдік
әрекет туғызады. Мысалы, буаз жатыр қысыр жатырдан гөрі дәрі әсерін сезгіш
келеді; қоздырғыш заттарды жүгіріп жүретін құстардың аяқтары мен бұлшық
еттері, суда жүзетін құстардың көкірек бұлшық еттері жақсы сезеді т.б.
Идиосинкразия, яғни дәріні бір жолы қабылдаған кезде пайда болатын
организмнің айқын көзге түсетін және бұрмаланған реакциясы. Мысалы,
сульфаниламид препараттарының әсерінен кейбір малдардың ыстығы
көтеріледі, денесі бөртеді. Мұндайдың негізгі себебі нерв жүйесінің ерекше
сезімталдығына деп жобалау керек.
Дәрі тағайындау мерзімі. Таңертеңгі тыныққан мезгілде кешкі шаршаған
мезгілге қарағанда, малдың дәріге сезімталдығы төмендейді. Аш қарында
берілген дәрі тоқ кездегіден гөрі бір жерге де және жалпы да едәуір күшті
әсер етеді.
Әсер туу үшін дәрілік заттарды енгізу жолдарының немесе әдістерінің
де зор маңызы бар; мысалы, күретамырға енгізілген дәрі тері астына
енгізілген дәріден гөрі күшті әсер етеді; дәл осы дәрі ішке қолданылғанда
тері астына енгізгендегіден гөрі анағұрлым бәсең болады.
Дәрілік заттардың құранды әсері. Синергизм (syn – бірге, ergo – жұмыс
істеймін) – дәрілік заттардың физиологиялық бір бағыттағы әсері. Синергизм
бойынша қоспаға кіретін жеке құранды бөліктердің әсері жай ғана
жыйнақталуы немесе жеке дәрілердің әсерін жыйнақталған дәрі нәтижесімен
салыстырғанда сай келмей көбейіп кеткенде потенциялануы мүмкін. Тікелей
және жанама синергизмдер бар: тікелей синергизмге әсер ететін бір ғана
нүктелік дәрілер, ал жанама синергизмге әсер ететін түрліше нүктелік
дәрілер жатады.
Антогонизм (anti – қарсы, agon – күрес)- бір дәрілік заттың әсерін
екінші дірілік заттың бәсеңдетуі немесе мүлдем тоқтатуы; химиялық және
физиологиялық антогонизм болады. Химиялық антогонизм екі заттың химиялық
өзара ықпал етуі нәтижесі болып табылады, мысалы, қышқылдарды сілтілер
оқшаулайды, алкалойдтарды таннин тұндырады т.б. физиологиялық
антогонизм екі зат бір түрлі (тікелей антогонизм), немесе әр түрлі (жанама
антогонизм) ткань элементтеріне қарама-қарсы бағытта әсер еткен жағдайда
кездеседі.
Тікелей антогонизмге орталық нерв системасының стрихнин, кофеин,
коразол туғызған қозуын наркотиктердің (хлороформмен, эфирмен,
хлорамидтермен) жоюы мысал бола алады; наркотиктер орталық нерв системасын
әлсіретеді, ал стрихин, кофеин және коразол оны қоздырады.
Жанама антогонизмге хлорлы баридың ішекке тигізген әсерін адреналиннің
жоюы мысал бола алады; хлорлы барий ішек қабілетін арттырады және ішектің
тегіс мускулатурасына тікелей әсер ете отырып, оның перитальтикасын
көбейтеді; адреналин симпатикалық нерв системасын қоздыра отырып,
перистальтикаға бөгет болады. Сонымен ішекке әсер етуіне қарағанда хлорлы
барий мен адреналин - антагонистер; бұл тікелей антогонизм емес, өйткені
олардың әсер етерлік нүктесі әртүрлі болып келеді.
Сондай-ақ бір жақты және екі жақты физиологиялық антогонизмдер болады;
біржақты антогонизм бір заттың әсерін екінші заттың әсері қайтарған кезде
байқалады; мысалы, атропин ареоколиннің әсерін қайтарады, бірақ атропиннің
әсерін ареколин жоя алмайды. Екі жақты антогонизм дәрі әсерлерінің өзара
бірін бірі жоюы нәтижесінде пайда болады; мысалы, стрихнин мен хлорформ
бірінің әсерін бірі жояды.
Дәрілердің қайталап қолданғандағы тигізетін әсері. Дағдылану.
(толеранттық, иммунитет). Кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қолданғанда
организмнің оларға тигізетін реакциясы бірте-бірте әлсірейтіндігі
байқалады. Бастапқы әсерге жету үшін енгізілетін заттың дозасын көбейтуге
тура келеді. Дағдыланбаған организмді өлтірерліктей дәрі мөлшерін
дағдыланған организмдер көтере алуы мүмкін. Бұл құбылысты дәрінің
баяу сіңіуімен, тез бұзылуымен және оның тез бөлініп шығуымен, оған
организмнің өзіне тән иммунитет жасап шығаруымен түсіндіруге болады.
Иммунитет бір жерде және жалпы болады. Мал мен адамның морфинге
дағдылануы бір жерлік иммунитетке мысал бола алады; оның кейде түрлік
сыйпаты болады, мысалы, құстар стрихнинді көп сезбейді. Бір жерлік
иммунитет (ішектегі) мышьякты ішке ұзақ уақыт қолданғанда пайда болады;
бұнда жалпы иммунитет кездеспейді, өйткені көрсетілген тәсілмен
енгізілген дәрінің мал көтере алатын дозасын тері астына немесе қан
жүйесіне жібергенде мал өледі.
Кумуляция, немесе шоғырлану, жиналу дәрілерді тіпті ең аз емдеу
дозасымен қайталап енгізгенде байқалады; мұнымен қатар күшті
фармакологиялық немесе уытты әсер ету белгілері көрінеді.
Кумуляция- материалдық және функционалдық яғни физиологиялық түрлерге
бөлінеді. Материалдық кумуляция дәрінің денеден шығуы оның енуінен
анағұрлым қалып қойған жағдайда, мысалы, ауыр металл тұздарын,
стрихнинді, кейбір ұйықтатын заттарды т.б. қолданған кезде пайда болады.
Физиологиялық кумуляция деп белгілі органдардың немесе тканьдердің
сезгіштігінің күшеюін айтады. Дегенмен наперстянка, қорғасын тұздарын т.б.
қайталап қолданғандағыдай, бұл жағдайда да дәрі организмде жыйналып
қорланбайды.
5 Тақырыбы: Дәірлік заттарды енгізудің және бөліп шығарудың жолдары
Дәрілік заттарды қолдану тәсілдері. Дәрілерді ауыз арқылы (peros)
енгізу – көп тараған тәсілдердің бірі, бірақ түрлерін кеңінен таңдап
алуға мүмкіндік береді, өйткені бұл жолмен еритін де, ерімейтін де
дәрілерді енгізуне болады. Олар асқазанда тиісті өзгерістерге ұшырап,
өздерінің әсер етерлік күшін не жояды, не уыттық әсер етеді ( каломельдің
мүйізді малға тигізетін әсері). Қан жүйесіне сіңіп, дәрі ең алдымен бауырға
түседі; бұнда дәрінің бір бөлігі, немесе түгелінен зарарсызданады немесе
қор болып жыйналады. Дәрінің асқазан каналынан бойға сіңу жылдамдығы екі
жағдайға: оның асқазан каналы шырындарында еру және қарынның тоқтық
дәрежесіне байланысты. Демек бұл тәсіл дәрілердің әсер ететін уақытын
есепке алуды және оларды лайықтап өлшеп беруді қыйындатады.
Мал сүйсініп жейтін дәрілік заттатр ірі қараға күшті жемге, немесе
суға, ал ит пен мысыққа нанға, етке, сүтке қосылып беріледі.
Ұнтақтарды ірі қара нанмен, немесе шөлмекке құйылған ертіндімен бірге
береді; соңғы жағдайда малдың басын жоғары көтеріп, шөлмекті ауыздың
тіссіз кенересіне қойып, ертіндіні біртіндеп ұрттатады, ал кейде оны
зонд арқылы тікелей қарынға жібереді. Сұйық дәрі түрлерінде осылай береді.
Ұсақ малдарға сұйық дәрілерді қасықпен немесе рюмкемен береді. Ал, мұндай
дәріні итке оның жақ етін тартып, жыйырады да пайда болған қалтаға құяды.
Шошқа мен мысықты жақсылап бекітеді. Бұл малдардың басын сәл жоғары
көтереді. Болюстарды көбінесе жылқыға тағайындайды. Бұл үшін, олардың аузын
ашып, зевник қояды да, болюсті ұш саусақпен тілдің түбіне салады, сонсоң
қолды зевникпен бірге тез шығарады да, малдың басын аз уақыт көтеріңкі
ұстап, жұтқыншақты терінің астынан төмен қарай сыйпалайды. Сондай-ақ
болюстерді (көбінесе жылқыларға) болюс беретін арнаулы құралдармен береді.
Капсулалар корнцангпен беріледі; түрегеліп тұрған малдың аузын ашып,
капсуланы тілдің түбіне корнцангтың көмегімен салады да, корнцангты
ауыздан жедел шығарады.
Ботқаларды тіл түп жағына шпательмен жағады. Пилюлдарды ит пен
мысыққа ет немесе нанға қосып тағайындайды, немесе корнцангтың көмегімен
береді, құстарға сол күйінде тағайындайды.
Тікішек (per rectum) аарқылы енгізгенде дәрілер күштірек әсер
етеді,өйткені олар қанға сіңгеннен кейін бауырға бармайды, бұл тәсілмен
енгізілген затқа ішек-қарын ферменттерінің әсері тимейді; ол тікішектен
тезірек сіңеді. Көрсетілген әдіспен дәрілер сұйық (клизма) және жұмсақ
(балауыз) формада енгізіледі. Тітіркендіретін препараттарға шырыш қосылады.
Дәрі толығынан сіңу үшін тік ішекті фекалиядан тазарту керек.
Клизма ретінде берілетін дәрілер ірі малдарға Эсмарх кружкамен ұсақ
малдарға – резина баллоншамен беріледі. Эсмарх кружканың жиегін вазелинмен
майлап, оны мүмкіндігінше тереңірек енгізіп, кружканы малдың белінен
жоғарырақ көтереді. Клизма енгізілгеннен кейін кружканың ұшын шығарып,
біраз уақыт анусты қолмен басып тұрады, сөйтіп дәрінің кейін төгілуіне жол
бермейді. Тікішекке енгізілетін сұйықтард жылытып беру керек екендігің есте
ұстау керек. Клизманың дәрілік, іш жүргізетін және қоректік түрлері
бар.
Дәрілік клизманың ірі малдарға берілетін мөлшері 1-2 ½ л., ұсақ
малдарға – 1, 14 стақан. Іш жүргізетін клизманың мөлшері көбірек етіп және
оған сабын қосып беру керек; ірі малдарға 2-5 л және одан да көбірек, ұсақ
малдарға 1-4 стақанға дейін береді. Сабын (балауыз) тікішекке енгізіледі,
бұдан кейін малды тыныш қалдырады.
Жатыр мен жыныс қынабына дәрі сұйық, жұмсақ (қынап домалақтары) және
қатты (ұнтақтар) формада енгізіледі; сұйық затты ірі қараға арнаулы үшы бар
клистрлі кружкамен береді; (жынс қабына енгізу үшін қолданылатын әдейі
ұштықтар жоқ болса, кәдімгі ұштықтарды пайдалануға болады); ұнтақтарды
сүртіп-жағу үшін ұнтақ сепкіш құрал қолданылады; дәрі енгізудің бұл жолы
бір жерге әсер ету үшін пайдаланылады, бірақ жатыр мен қынаптың кілегей
қабықтары арқылы дәрілердің өте жақсы сіңетіндігін ескеру керек.
Ауызды шайып жуу үшін каучук, ағаш немесе пластмассалы ұштығы бар
клистирлі кружка қолданылады. Көздің кілегей қабығына ұнтақтарды қағаз
немесе ұнтақ сепкіштер арқылы енгізеді, сұйықтарды көз пипеткаларының
көмегімен тамызады, ал сүртпемайларды қабақтың астына салады.
Қуық пен желінге дәрілер арнаулы катерлердің көмегімен енгізіледі.
Дәрі жіберу яғни парэнтарлық енгізулер зарарсыздаандырылған ертінділер мен
оған сәйкес зарарсыздаандырылған құралдарды (шприцтер, инелер) керек етеді.
Дәрілерді тері астына және бұлшықет арасына енгізу әдістері
малдәрігерлік тәжрибеде (ветеринарияда) көп тараған, өйткені бұлар
қолайлы, оңай әрі дәріні дәл мөлшерлеуге мүмкінді береді және тез әсер
етеді. Тері астына тек тұнық сұйық дәрі формаларын ғана, ал бұшықет
астына, бұдан басқа, езінділер жіберіледі. Тітіркендіретін және
жансыздандыратын заттарды, осы әдістермен өте сирек және ерекше мақсатты
көздегенде ғана жіберуге болады.
Малдың денесіне дәрі жіберетін жердің жүнін қырып, терісін спиртпен,
немесе басқа дезинфекциялайтын затпен сүртеді, сонсоң дәрі жіберілгеннен
кейін екінші рет дезинфекциялайды. Дәріні көлемі белгілі шприцпен жібереді.
Дәрі енгізілетін жерлер: ірі малдар үшін - әдетте мойынның бойы, жауырын,
көкірек асты; ұсақ малдар үшін – кеуденің бойы болып келеді. Тері астына
енгізер кезде сол қолдың ұш саусағымен теріні қыртыстап, оң қолдың
басбармағы және сұққолдың көмегімен қыртыстың астына шприцтің инесін
қадайды, оны шприцпен жалғастырып поршенді қысып барып дәріні жібереді.
Бұлшықет арасына жіберу үшін үлкен инелер керек, бұл жағдайда теріні
қыртыстамаса да болады.
Құрсақ қуысына дәрі жіберу әдісі сирек және лаборатория жануарлары
үшін ғана қолданылады. Дәрінің қан жүйесіне араласу жылдамдығы бойынша бұл
әдіс бұлшықет арасы мен венаға дәрі жіберудің арасында орта орын алады.
Кеңірдек ішіне енгізу әдісі, көбіне тыныс жолдарында бір жерге әсер
етуді ғана көздейді. Ол үшін кеңірдектің айналасындағ жүнді қырып, иод
настойкасын жағады, кеңірдек білезіктерінің арасына инені қадап, оны
шприцпен жалғастырады, сонсоң өте ақырын дәріні жібереді.
Егер дәріні тыныс жолдарының төменгі бөліктеріне тегіс тарту керек
болса, малды жанымен жатқызып, оның басы мен мойнын 30° көтеріңкі ұстайды.
Сонсоң малды екінші жанымен жатқызып, дәрі жіберуді қайталайды. Дәрі
жіберудің бұл әдісі мал дәрігерлігінде бараған сайын кең тарап келе
жатқанын ескеру керек; оның оңайлығынан және тыныс жолдарының ауруларын
емдеуде қолайлығынан туады.
Венаға дәрі жіберу әдісі бұлшықет арасына жіберуден гөрі кең
қолданылады. Дәрінің әсері тез көрінеді. Қан тамырының ішкі қабының сезгіш
рецепторлары жоқ екенін ескере отырып, тітіркендіргіш қастеті бар заттарды
осы жолмен енгізуге болады. Қанға ықпал тигізетін заттарды (белоктарды
ұйытатын, қызылқан түйіршіктерін бұзатын) венаға енгізуге болмайды. Қан мен
органдарға (ең алдымен жүрекке) жағымсыз әсер ететін концентрация пайда
болмау үшін дәрілік заттардың ертіндісі венаға жәйләп енгізіледі.
Шошқа, ит, мысық және үй қояндарынан басқа ірі және ұсақ жануарларға
дәріні күре венасына, мысық пен итке – сан венасына, шошқа мен үй қоянына
– құлақ венасына жіберу керек.
Күре венасына енгізу техникасы төмендегідей. Күре науасының бойын
жағалаай мойнның жоғарғы үштен бірінің жүнін қырқады; теріні спиртпен
немесе басқа бактерицидтық дәрімен дезинфекциялайды; сол қолдың
басбармағымен, ал сыйыр малы үшін жгуттың немесе белбеудің көмегімен,
дәрі жіберілетін жерден төменірек венаны қысады, оны оң қолдың
саусағымен басып тауып алады да, оған инені түйрейді. Аққан қанға қарап,
иненің венаға кіргеніне көз жеткеннен кейін, оны ертіндіге толған
цилиндрдің резинка түтігімен жалғастырады. Венаға ауа кіргізбеу үшін
цилиндрді мойынның жоғарғы жағынан төменірек ұстау керек. Цилиндрде
қанның көрінуі системаның дұрыс жалғанғанын сыйпаттайды. Сонсоң цилиндрді
мойыннан жоғарырақ көтеріп, оның ішіндегі дәріні жайлап венаға жібереді.
Дәрі жіберудің біткенін цилиндрдегі сұйықтың жиегіне қарап анықтайды.
Цилиндрді төмен түсіріп, оның ішінде қан көрінген бойда инені тамырдан
шығарады. Дәріні жібергеннен кейін цилиндрді екінші рет төмен түсіру инені
қанмен жууды көздейді; бұл кейбір заттарды енгізген кезде тканьдерді
тітіркендіру мен некрозға ұшыраудан сақтайды.
Дәріні искетіп беру (ингаляция) әдісі бір жерге және жалпы (резорбтық)
әсер ететін газ және бу тәрізді заттар үшін ғана жарайды. Жалпы әсер тез
пайда болады. Бұл әдіс бойынша кейде әдейі маска арқылы малды газ немесе
бумен, кейде маскасыз оны белгілі концентрациялы ұшқыш заттар себілген
үйдің ауысымен, ал кейде брезент шелек, дорба т.с. құралдар арқылы дем
алдырады. Көрсетілген ыдыстарды шөп ұнтағымен, немесе сабанмен жеткілікті
етіп толтырып, олардың үстіне су құйып және лайықты дәрілік затты қосып
малдың тұмсығына кигізеді.
Дәріні жұлын каналына енгізу өзінің қыйындығына байланысты сирек
қолданылады, ол көбінесе бір жерді жансыздандырғыш заттарды енгізуге
жарайды. Бұл заттарды омыртқа каналында қысым күшеймеу үшін алдымен
жұлын сұйығының (линвордың) сәйкес мөлшерін шығарып барып аз концентрациялы
және аз мөлшерлі ертінді күйінде енгізеді. Теріге, жара және іріңді
жараның бетіне сүртпе майлар, пасталар, ұнтақтар, настойкалар, ертінділер,
эмульсиялар, булаулар, пластырлар, қолданылады. Ұнтақтар ұнтақ үргіштің,
немесе мақтаның көмегімен себіледі, сүртпе майлар мен пасталарды жұқалап
жағады, немесе сыйпап сылайды. Ертінділермен жуу резина баллондар
(спринцовкалар), немесе клистирлі кружкалар арқылы атқарылады, мақта
тампондардың көмегімен тканьнің тиісті бөлегін настойкалармен майлайды;
эмульсияларды мақта тампондардың көмегімен қолданады немесе жараның яғни
іріңді жараның бетіне тікелей жағады. Бұларды шөп қыйқымынан, кендір
тұқымынан кебектерден, қосындылардан және жыйнақтардан жасайды; оларды
ыстық сумен булайды, матадан жасалған қапшықтарға салып, терінің тиісті
жеріне жапсырады; ұшқыш заттар ұшып кетпеу үшін және олардың суымауын
көздеп қапшықтарды клеенкамен бекітеді.
Пластырларды 1 мм-дей қалың етіп кенепке жағады да, терінің, немесе
жараның тиісті бөлегіне жапсырады. Пластырдың ауданы (оның ұзындығы мен
ені) әрқашанда керегінше белгіленеді. Ірі қара малдар ұшін пластырды
дененің тиісті жеріне тікелей жағуға болады.
Теріге газ тәрізді заттармен де әсер етуге болады; мысалы, жылқылардың
қотырын күкірт ангидридімен түрліше құрылысты әдейі камераларда емдеу
осыған негізделген.
Дәрілерді жіберу жолдарына қарай дозаларды
бағдарлы анықтау есебі:
ішекке ... ... ... ... ..1 венаға ... ... ... ... ... ... ... 14
тікішекке ... ... ... ...1 ½ бұлшықет арасына ... ... ...⅓-14
тері астына ... ... ... .⅓-½ кеңірдекке ... ... ... ... ... ..14
6 Тақырыбы: Дәрілік заттардың организмде өзгеруі.
Қан жүйесіне енген дәрілік заттардың қандай құбылыстарға ұшырауы
кәзіргі уақытта жеткіліксіз зерттелген. Дегенмен, диффузия және адсорбцияға
қабілеттілігі бар каллоидтық құрылыс жоқ қоспалар қан жүйесінен тез жоқ
болып, органдарға сіңіп, олардың ішінде жыйнақталады (деполанады) деп
есептейді. Мысал ретінде мышьякты, хлоридты, бромидтерді т.б. көрсетуге
болады.
Каллоид қасиетті заттар қан жүйесінде бірнеше сағат болуы мүмкін.
Бұлардың көпшілігі тканьдерге сіңіп, тұрақсыз органикалық қоспаларға
айналады, сонсоң біртіндеп қайтадан қанға сіңеді. Мұндай құбылыстарға
айналдыратын негізгі орган бауыр болып табылады; бауырда немесе басқа
органдарда органикалық қоспалар тотығу, қалпына келу, дезаминделу,
деметилдену, күрделі қос қоспаларға айналу т.б. процесстерге ұшырайды.
Кейбір, әсіресе анорганикалық заттар өзгерместен сол күйінде қалуы
мүмкін. Дәрілік заттар әсерінің ұзақтығы организмде олардың химиялық
құбылыстарға айналу жылдамдығына байланысты; бұл процестер неғұрлым тез
болса, соғұрлым әсер де ұзағырақ болады.
Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары. Дәрі организмнен негізінен
бүйректер арқылы шығады. Бұлар ауруға ұшырағанда заттар қан жүйесінде ұзақ
болып, ұзақ уақыт әсер етеді, ал қайталап қолданғанда олар мол, уытты
концентрацияға дейін қорланып жыйналады.
Дәріні организмнен шығаратын маңызы жағынан одан кем емес жол
асқазан болып саналады; мұнымен қатар, кілегей қабықтар мен сілекей бездері
сыяқты секреция аппараты арқылы шығуды да ескеру керек. Бұл жолмен
енгізу тәсіліне байланыссыз кейбір алколоидтар (морфин, атропин, хинин),
ауыр металл тұздары (мышьяк, сурьма), жұпар иісті қосылыстардың туындылары,
эфирлі майлар, бояулар, сантонин шығады,
Тыныс жолары арқылы: ұшқыш наркотиктер, эфирлі майлар, көмір тотығы,
күкірт сутегі т.б. шығады. Шығу жылдамдығы заттардың физикалық – химиялық
қасиеттеріне, дем алу көлеміне, өкпенің қанмен жабдықталу дәрежесіне т.б.
байланысты.
Тер бездері мен майлы бездер арқылы ауыр металл тұздары, галоидтар,
күкірт сутегі, мышьяк, фекол, салицил қышқылы сыяқты заттар шығады;
олардың кейбіреулері теріде жыйналып қалады.
Заттардың әсері мен химиялық структурасының өзара байланысы. Заттың
химиялық структурасын білу арқасында оның фармакологиялық сыйпатын алдын
ала болжауға мүмкін екендігі туралы бірқатар мысалдар бар. Сондықтан
заттардың химиялық структурасын өзгерту арқылы белгілі бағытқа сай
қанағаттандырарлықтай препарат алуға болады. Алайда, бұл ережемен
қыйыспайтын жағдайлар да кездеседі, өйткені химиялық структураның өзгеруіне
қарай физикалық-химиялық қасиеттер де өзгереді; сөйтіп бұл өзгерістер
сіңу, ажырап бұзылу, организмде жаңа заттар пайда болу, тағы сол сияқты
құбылыстарға ықпал тигізеді.
7 Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсер ететін негіздері
Алколоидтар – көбінесе өсімдіктерден, өте сирек жануарлардан алынатын
азотты органикалық сілтілер; қышқылдармен әсерлесіп олар тұздар құрады.
Олардың химиялық структурасына көміртегі, сутегі, азот және оттегі кіреді.
Құрамында оттегі жоқ алколоидтар да бар; олардың саны аз және барлығы да
сұйық болып келеді. Барлық алколоидтар суда мүлде дерлік ерімейді бірақ,
органикалық еріткіштерде (спиртте, эфирде, хлороформда т.б.) жақсы ериді.
Алколоид тұздары суда жақсы ериді, бірақ органикалық еріткіштерде ерімейді.
Алколоидтардың әсері көбінесе нерв системасына бағытталған.
Глюкозидтер- көбінесе құрамына азот кірмейтін өсімдіктерден алынатын
эфир тәрізді органикалық қоспалар; олар организмде қантты (глюкон) және
қантсыз негізгі әсер ететін (аглюкин, яғни генин) бөлшектерге бөлінеді.
Глюкозидтердің басты түрлері жүрекке әсер ететін заттар болып табылады.
Сапониндер (сапоглюкозидтер) – көбінесе өсімдіктер ұүрамына кіретін
коллоид тәрізді, формасыз заттар. Олардың әсері арқылы клетканың үстіртін
тартысы кемиді, қанның формалы элементтері гемолизге ұшырайды. Қақырық
шығарғыш заттар ретінде қолданылады.
Танноглюкозидтер - өсімдіктерден алынатын қоспалар; тканьдердің
бетіне әсер етіп, жымырады және белоктарды тұндырады; тұтқыр заттар
ретінде кең тараған.
Эфирлі майлар – сыртқы көрінісі майға ұқсас, бірақ химиялық құрылысы
жағынан жұққыш майларға ешқандай қатынасы жоқ ұшқыш сұйықтар. Олар
көбінесе өсімдіктердің гүлдерінде, ұрықтарында және жапырақтарында
кездеседі және оларға жұпар иіс береді. Эфирлі майлардың құрамына негізгі,
маңызды заттар ретінде терпендер, камфорлар, алкогольдер, эфирлер,
фенолдар, қышқылдар т.б. кіреді; сондықтан олардың әсері де әртүрлі болады.
Майлы қатар қоспалары – көбінесе наркотикалық заттар. Бұлардың
қатарына көмірсутектері және химиялық сыйпаты бойынша реакцияға
қатынаспайтын бұлардың туындылары жатады. Олардың негізгі әсері –
протоплазмалық әсер.
Жұпар иісті қатарға кіретін дезинфекциялық қасиетті заттар өз алдына
бір топ құрады. Минералдан жасалған заттар металл және металлоид тұздарына
бөлінеді. Металл тұздары өз алдына ауыр және жеңіл металл тұздары тобына
бөлінеді; олардың әсері металл иондары мен қышқыл иондарының арқасында
пайда болады. Металлоидтар дәрілік заттардың арасында ерекше орын алады.
Олар организмге түгел молекуласымен әсер етеді.
Актибиотиктер – грибоктар мен бактериялар шығаратын белок тәрізді
арнаулы заттар; олар ауру тудыратын микробтарға өлтіре әсер етеді.
Гормондар – ішкі секрециялы бездерден қан жүйесіне шығатын және
денеге таңдамалы әсер ететін заттар. Олардың кейбіреулері таза күйінде,
кейбіреулері – сығынды – мүшелік препараттар ретінде қолданады.
Витаминдер - өсімдіктер мен жануар организмінде құрылатын және
таңдамалы әсер тигізетін заттар.
Тақырыбы: Ең басты физикалық, химиялық сыйыспаушылықтар
8 Тақырып. Өз ара араласпайтын сұйықтар
Колодий (Collodium) - сумен
Креозот (Kreosotum) – сумен.
Глицерин (Glycerinum) – эфирмен, жұққыш майлармен және хлороформмен.
Мүсәтірлі –анисті тамшылар (uor ammonii anisatus)– сумен және иод
настойкасымен.
Сұйық парафин (Paraffinum liquidum s. Oleum vaselini) – сумен, сулы
ертінділермен, спиртпен.
Гуммиарабик шырышы (Mucilago gummi aradici) – спиртпен, хлороформмен,
майлармен.
Камфорлы спирт ( Spiritus camphoratus) – сумен.
Барлық жұққыш және эфирлі майлар - сумен.
9 Тақырып. Өз ара араласқанда сұйық немесе ерігіш қоспалар
құрайтын құрғақ заттар
Ацетаналид (Acetanilidum) – антипиринмен, фенолмен, резорцинмен,
хлоралгидритпен, (ылғал қоспа), тимолмен, (сұйық).
Антипирин (Fntipyrinum) – антифебринмен, бетанафтолмен, пирогаллолмен,
резорцинмен, салицил қышқылымен, натрий салицилатымен, салолмен (ылғал
қоспа).
Аспирин (Apsirinum) – натрий гидрокарбонатымен (ылғалдану, сонсоң бірнеше
күннен кейін сұйқылтым күңгірт қойыртпақ пайда болуы), уротропинмен (ылғал
ұнтақ).
Бензонафтол және бетанафтол (Benzonaphtolum, Betanaphtolum) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz