«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша дәрістер жинағы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Индустриялық Университеті

«Экономика және Қаржы» кафедрасы

Бекітемін

Оқу ісі жөніндегі проректор

Жаксыбаева Г. Ш.

"" 2015 ж.

5В072400 - Технологиялық машина және жабдықтар, 5В073800 - Материалды қысыммен өңдеу технологиясы, 5В071200 - Қара металдар металлургия мамандықтары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған «Өндірістік экономика және менеджмент» пәні бойынша

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Теміртау қаласы, 2015 ж.

КЕЛІСІЛГЕН:

Экономика факультетінің деканы

В. В. Бирюков

«» 2015 ж.

ҚҰРАСТЫРУШЫ:

Доцент

«Экономика ж/е қаржы»

Тұрабаева М. Б.

ҚАРАСТЫРЫЛҒАН:

«Экономика ж/е қаржы» кафедрасының мәжілісінде №___ хаттама

«» 2015 ж.

Каф. меңгерушісі Силаева О. В.

қысқаша Дәрістер ЖИНАҒЫ

Кіріспе

Дәріс мақсаты: «Өндірістік экономика және менеджмент» пәнінің теориялық негіздеріне шолу және оларды зерттеу, түсінік беру және мазмұнын кешенді талдау.

Негізгі ұғымдар: кәсіпорын, кәсіпорын экономикасы, зерттеу нысаны, микро экономика, макроэкономика, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика.

1 Пәннің түсінігі мен басқа экономикалық ғылымдармен байланысы

2 Пәннің мазмұны

«Өндірістік экономика және менеджмент» пәнін түсіндіру үшін ең алдымен негізгі экономикалық проблемаларды шешудегі алатын орны мен роліне сүйенуіміз қажет. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады.

Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру «Өндірістік экономика және менеджмент» пәнін зерттеу объектісі болып табылады. Өндірістік қызметтің заңдылығын түсіну негізгі нақтылы өндірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

Өндіріс экономикасы дамуы негізінде өндірістің қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық денгейде экономиканы басқару бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Пәннің негізгі мақсаты:

- өндірісте әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі элементтерін қарау;

- алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;

- меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасы мен ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу.

Кез келген кәсіпорын жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан өндіріс факторлары рыногымен, екінші жағынан өткізу рыногы арқылы тіршілік етеді. Сондықтан кәсіпорын экономкасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымымен қатынасатын рынокпен зерттелуі тиіс.

Өндіріс экономикасы микро және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын экономикалық ғылымның бір бөлігі. Осы саладағы тауарлар мен қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды зерттейді. Микроэкономика сонмен қатар жекелеген тауарларды өндірудің көлемін қалай тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына салықтар қалай ықпал ететінін, кәсіпкерлік қызметтің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін зерттейді.

Макроэкономика бұл экономиканы бірінғай тұтас ретінде қарайды және сұраныс пен ұсыныстың жиынтық процестерін қалыптастыруды зерттейді.

Макроэкономика ұлттық табысты, жалпы өнімді зерттейді. Макроэкономикалық талдау денгейі жалпы экономика бойынша немесе олардың қоғамдық бөліктері ұлттық экономиканың салаларына жатады. Бұл салаларды зерттей отырып, макроэкономика экономика құрылымының жалпы көрінісін және халық шаруашылығының салалар арасындағы өзара қатынастарын көрсетуге өзінің алдына мақсат етіп қояды.

«Өндірістік экономика және менеджмент» пәні «Меркетинг», «Бухгалтерлік есеп», «Қаржы», «Статистика» және тағы басқа пәндермен тығыз байланысты.

Өндіріс экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халықшаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық іргелілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер тағы басқалары кәсіпорынның жағдайының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, кәсіпорын экономикасын зерттеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтанда зерттеуде осыларды ескеру қажет.

Сонымен кәсіпорын экономикасы дербес экономикалық пән болып табылады, ол кәсіпорынның іс әрекетін, әзірлеу процесін, шаруашылық шешімдерін қабылдауды зерттеу болып табылады.

2. Өндіріс экономикасы кәсіпкерлік қызметін, процестерді зерттеу және шаруашылық қызметтерін қабылдайтын дербес экономикалық пән.

Өндіріс экономикасы мен менеджмент пәнінің зерттеу объектілері:

  • кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • шаруашылық стартегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;
  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорын табысын қорландыру;
  • өндірістің материалдық техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;
  • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік инфрақұрылымды құру;
  • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;
  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелділік баға;
  • кәсіпорынның жаңартпашылық қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;
  • кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Қорытынды

Кез келген кәсіпорын жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан өндіріс факторлары рыногымен, екінші жағынан өткізу рыногы арқылы тіршілік етеді. Сондықтан кәсіпорын экономкасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымымен қатынасатын рынокпен зерттелуі тиіс.

Өндіріс экономикасы үшін берілетін шама бар, ол әр уақытта есепке алынады. Халықшаруашылығындағы кез келген өзгерістер, мысалы қажеттілік құрылымының өзгеруі, демографиялық іргелілеу, халық табысының өзгеруі, ғылыми техникалық жетістіктер тағы басқалары кәсіпорынның жағдайының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, кәсіпорын экономикасын зерттеу объектісі, мысалы, өндіріс шығындары макроэкономиканың мәліметтері болады, сондықтанда зерттеуде осыларды ескеру қажет.

Ә дістемелік нұсқау: өндірістік экономика мен менеджмент ұғымын, мазмұнын қарастыру және жаңа терминдермен танысу.

Әдебиеттер тізімі

1. Экономика предприятия: Учебник / под ред. проф. О. И. Волкова - М: ИНФРА-М, 2007.

2. Алимбаев А. А., Сальжанова З. А. Государственное регулирование рыночной экономики. - Караганда, 1998.

3. Грузинов В. П. Экономика предприятия. - М. : Банки и биржи, ЮНИТИ. - 2002

4. Волков В. И., Девяткин О. В. «Экономика предприятия». М. :ИНФРА-М, 2002.

5. Горфинкель В. Я., Швандар В. А. «Экономика предприятия», М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2002.

Қоғамдық өндірістің тиіміділігі

Дәріс мақсаты: өндірістік құрылым, оның көрсеткіштері, пайдалану факторларының теориялық негізін танып білу және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Негізгі ұғымдар: өндірістік құрылым, ұйымдық құрылым, негізгі және көмекші цехтар, жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс, өндірістік қуат.

1. Экономикалық тиімділіктің мәні мен белгілері

2. Капитал салымының экономикалық салыстыру тиімділігін анықтау

3. Экономикалық тиімділіктің жаңа техникаларды енгізу тиімділігін есептеу

1. «Экономикалық әсер» мен «экономикалық тиімділіктің» түсінігі өндіріс экономикасының ең маңызды сұрағы болып табылады. «Әсер» және «тиімділігі» біз күнделікті өмірде жиі қолданамыз, оны «нәтиже» және «нәтижелік» түсінігімен біріктіреміз. Экономикалық әсер және тиімділік кәсіпорынның ұтымды әрекет көрсеткішімен өзара тығыз байланысты.

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндіріс әрекетінің нәтижелігі, шаруашылық әрекетінің өзара ара-қатнасының нәтижесі және шығындар мен ресурстар, өндіріс күшінің белгілі бір деңгейде және кезеңде қолданылуы болып табылады. Берілген анықтамадан мына ұғым шығады, яғни экономикалық тиімділік деңгейінде екі шама бар: экономикалық әсер мен өндіріс шығыны және ресурсы.

Экономикалық әсер қандай да бір қажетті нәтижені баға құнымен болжамдайды. Әдетте қажетті нәтиже болып пайда немесе экономикалық шығын және ресурс табылады. Кәсіпорында алынған экономикалық әсер абсолюттық шама, өнім өндірісінің масштабына және экономикалық шығынына байланысты.

Экономикалық тиімділік экономикалық әсерге байланысты, және осы әсерді шығарған шығындар мен ресурстардан тұрады. Есептеу кезеңіндегі бағалық нәтиже құны (Р т ) мына формула бойынша анықталады:

мұнда: Р t - жыл ішіндегі нәтижелік бағаның құны - t.

а 1 - капитал сыйымдылық өнімі (К с ) және капитал қайтарымы (К 0 ) :

= (1)

мұнда: К-капитал жұмсалымының көлемі;

-кәсіпорындағы капитал жұмсалыммен шартталған өнім шығару мөлшері.

- капитал жұмсалымның экономикалық тиімділік коэффиценті (Е к ) :

(2)

мұнда: - ұлттық табыстың, жылдық өндірістік көлемі (таза өнім) ;

Жұмыс істейтін кәсіпорында пайданың капитал жұмсалым көрсеткіші есептеледі.

(3)

мұнда: - капитал жұмсалыммен шартталған пайда мөлшері;

мұнда: Ц - жоба бойынша шығарылған тауар өнімінің жылдық құны

С - жылдық шығарылған өнімнің өзіндік құны

К см - құрылған кәсіпорынның сметалық құны.

Кәсіпорында жүргізілетін капитал жұмсалымын сатып алу мерзімі (М сат )

құрылатын кәсіпорында :

Салыстырмалы экономикалық тиімділік -бұл шартты экономикалық әсерді сипаттайтын, салыстырмалы нәтижеде және таңдамалы вариантта алынған, яғни экономикалық қатынас болып анықталатын өзіндік құнның төмендеуі немесе капитал жұмсалымының әртүрлі өнім пайдалығының өсуі және басқа да авансалтау шығындарының әр вариант аралығындағы көрсеткіш болып табылады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділік бағасы былай жүргізілуі мүмкін:

- сатып алынатын уақыт есебі бойынша (М сат ) :

н (4)

мұнда: К 1 және К 2 , С 1 және С 2 - капитал жұмсалымы және салыстырмалы варианттағы шығарылған өнім.

2. Салыстырмалы экономикалық капитал жұмсау тиімділік көрсеткіші салыстырмалы шаруашылық вариант немесе техникалық шешім, кәсіпорын орналасуы және олардың кешені өнімді таңдамалы өзара ауыстыру есебі бойынша, жаңа техникалардың енуі кезінде, жаңа құрылыстарда жүргізіледі.

Салыстырмалы экономикалық тиімділік капитал жұмсалымы көрсеткіші болып келтірілген шығындар минимумы жатады. Келтірілген шығындар - ағымдағы шығындар соммасы өзіндік құн және капитал салымы, бірдей өлшемде келтірілген экономикалық тиімділік коэффицентті бойынша - Е к (берілген коэффицентке нормативтік сипат беріледі - Е н ) :

есептеу кезеңі Т=t n - t n , (5)

мұнда: t n - жыл басындағы жаңа техника бойынша қаржылық жұмыс

t k - жаңа техникалық өмір циклы бойынша аяқталуы кезеңі.

Тәжірибеде жалпы (абсолютті) және саластырмалы экономикалық тиімділік айырылып есептелінеді.

Абсолютті экономикалық тиімділік - белгілі бір уақыттағы көрсеткіш экономикалық әсердің жалпы шамасы сипаттайтын салыстырмалы өлшем шығындармен ресурстардың бөлек жиынтығы.

Шығындар және ресурстар өзінің экономикалық кезеңдерімен айырылуын белгілеу керек:

- ағымдағы шығындар, белгілі бір уақыттағы, жыл шамасында, жылға ақшамен өлшенеді.

- бір уақыттағы (бір жолғы), ақшамен өлшенеді.

Кәсіпорында көрсеткіш қатары абсолюттік өндіріс тиімділік бағасымен анықталады (есептеледі) .

а) Дифференциалды көрсеткіштер:

- өндірістік еңбек икемділігі (Т е ) және шығарылған еңбек (П m ) :

мұнда: Т з - кәсіпорындағы жұмысшылардың жұмысты бітіріп орындағын уақытты (жұмысшылардың орташа список сандары) ;

В - жоспарлы кезеңдегі өндіріс көлемі;

- материал сиымдылығы (М е ) және материал өндірісі (М 0 ) :

мұнда: М - материал шығындар;

- қор қайтарымы (Ф қ ) және өндіріс қор сиымдылығы (Ф е ) :

Ф қ =В/Ф; Ф е = Ф/В, (6)

мұнда: Ф - кәсіпорын қор өндірісінің орта жылғы негізгі құны.

б) интегралды (тауар қорытылған) көрсеткіш:

- тауар өнімінің 1000 теңге шығыны (3)

З=С ст /ТП, (7)

мұнда: С ст - өнімнің өзіндік құн (жоспарлы кезеңде кәсіпорында жүргізілген) ;

ТП -жоспарлы кезеңдегі тауар өнімінің көлемі, (тг) ;

- өндіріс пайдалылығы (О пр ) және өнім пайдалылығы (О п ), %.

(8)

мұнда: П пр - кәсіпорынның жалпы пайдасы

ОС - кәсіпорынның айналым қаражатын нормалау

П - өткізілген тауар өнімінің пайдасы;

Кәсіпорын тиімділік әрекетінің көрсеткіш жүйесінде ең негізгі орынды капитал салымдарының тиімділік көрсеткіші алады.

3. Экономикалық тиімділікті жаңа техникаларды- үш негізгі мақсатта шығарылады:

  • әр варианттағы салыстырмалы экономикалық жаңа техникалардың шешімі;
  • экономикалық тиімділіктің абсолютті өлшемін анықтауын;
  • жаңа технологияларды экономикалық тиімділік арқылы қолдана отырып өнім бағасын, пайданы, өзіндік құнды жоспарлау;

Экономикалық тиімділіктің жаңа технологиясын анықтау үшін екі негізгі жағдайды белгілеу керек. Бірінші методикалық жағдай - бұл өндірістің экономикалық нәтижесін және жаңа мен ескі техникаларының қолдануында негізделген.

Жаңартылған экономикалық тиімділікті анықтауда ең қиын болып барлық әсер түрі табылады. Әдетте келесідей экономикалық көрсеткіштер әсері белгіленеді:

  • өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
  • капитал жұмсалымның үлес салмағының төмендеуі (жаңа техникалардың бірлігін есептеу) .
  • өнім көлемінің абсолютті үлкеюі;
  • қолданылатын үлесті шығын материалдың төмендеуі жаңа техникалардың базалық салыстырмаларының қолданылуымен.

Әдетте есептеу кезеңі болып бір жылғы жаңа техниканы меңгерген уақыт жоспары болып табылады.

Белгілі уақыт әсеріне келтірілген капитал жұмсалып есептеу жылында:

а=(1+Е нп ) t , (9)

мұнда: t - жыл саны шығындардан бөлінетін және берілген жылғы әсердегі келтірілген

есептік жыл.

Е нп - келтірілген коэффицент

Екінші методологиялық әдіс сәйкесінше экономикалық тиімділіктің жаңа техникаларды есептеу тек шығындарды ғана емес, сонымен қажетті нәтижелер алу мүмкіндігі. Жаңа техниканы есептеу варианты үш кезеңнен тұрады:

Кезең 1. Жаңа техниканың прогрессивті және барлық потенциал мүмкіндігін талдау варианты.

Кезең 2. Әр вариант бойынша шығын, әралуан нәтижелер және экономикалық әсер анықталады.

Әр уақыттағы шығындар және есептеу жылғы вариант нәтижесі а t коэффицент көмегімен келтіріледі:

a t =(1+E нп ) tp-t , (10)

мұнда: t p - есептеу жылы, жаңа техниканы меңгеру бастамасы.

Кезең 3. Жақсы вариант таңдайды, яғни экономикалық әсердің максималды мөлшер шамасы үлкен немесе кіші шығындар.

Экономикаға әсерді жаңа техниканы еңгізудің әдісі есептеу, уақыты Т бойынша келесі формуламен анықталады.

Э ә п т , (11)

мұнда: Р т - З т - сәйкесінше нәтиженің бағалық құны:

Шығындардың бағалық құны З т аналогиялық формула бойынша Р т арқылы жүзеге асырылады. Ал экономикалық әсердің Э т жеңілдетілген формула бойынша:

Э т =(Р 2 2 ) /(К р нп ) (12)

мұнда: Р 2 және З 2 техникаға кірудегі шығындар және есептеу кезең нәтижесінің өзгермелі

сәйкестігі.

К р - фактор уақытындағы өндірістік қордың негізгі (реновациялық) толық қалпына

келтіру жүйесі;

З 2 =Н+(К р нп ) К (13)

мұнда: Н - жаңартылғандарды қолданудағы ағымдағы жылдың шығыны.

К - бір уақыттағы шығындар.

К Р = Е нп /(1+Е нп ) t сл -1 (14)

t сл - техниканың ұзақ уақыт мерзімде қолдану.

Қорытынды

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай ақ анықтауға болады деп қорытындылауға болмайды.

Әдістемелік нұсқау: өндірістік құрылым, оның көрсеткіштері, пайдалану факторларының теориялық негізін танып білу және оны жетілдіру жолдарын қарастырыңыз.

Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н. А. «Казахстан - 2030». Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. /Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы, 1997.

2. Назарбаев Н. А. Казахстан: стратегия - 2030. - Алматы; Бiлiм, 2006. 31с.

3. Назарбаев Н. А. Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку. - М. : Машиностроение, 1992, 352с.

4. Назарбаев Н. А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. - Алматы: Дауiр, 2002. 55с.

5. Гелбрейд Д. Ж. Новое индустриальное общество. М., Прогресс, 1969.

6. Решетова Т. Основные аспекты научно-технической политики на современном этапе. «Экономика Украины», №4, 1993.

Негізгі капитал

Дәріс мақсаты: негізгі қорға түсінік және онымен кәсіпорынның қамтамасыз етілуін талдау.

Негізгі ұғымдар: негізгі капитал, негізгі қор, өндірістік және өндірістік емес объектілер, негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.

1 Негізгі капиталдың мәні, құрамы.

2 Амортизациялық аударым жарнасы.

3 Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі.

Негізгі капитал бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарды. Қолданылып жүрген топтастырылуларға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, байланыстың, сауданың және басқа да матераилдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары, өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.

Натуралды- заттық құрамы принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады- ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары, жабдықтар, өндірістік - шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың мекемелердің меншігіндегі жер телімдері.

Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі тікелей өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына ықпал етеді. Пассивтік элементтер өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды.

Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы, амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.

Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар әсіресе, олардың активтік жиі ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы - сапалық тозу болып табылады. Кәсіпорынның міндеті болып саналатын - ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың жеке және сапалық тозуының денгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2 Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады. Сонымен, амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғары денгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшеріде азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымы денгейі қысқарады.

Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент есебіндегі қатынасы.

Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке алғанда бастапқы негізгі қорлардың құны амортизациясының мөлшерімен анықталады.

Осыған байланысты амортизаиясының мөлшері мына төмендегі формуламен есептеледі:

М А = х 100% (15)

мұнда М А - негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %;

Қ бқ - негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны;

Қ ж - жойылу құны;

М қ - негізгі қорлардың қызмет мерзімі.

Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті болып табылады. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика және психология мамандығына арналған Психологиялық менеджмент
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Кәсіпорынның өндірістік қуаты
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Университеттің ғылыми кітапханасы
Музейлердің қор жұмысы
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ПӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz