Жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау


I. Кіріспе
Патологиялық анатомия (патологиялық морфология) - жануарлар мен адамның организмінде түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым. Патологиялық физиология - дертке шалдыққан организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Сайып келгенде, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология қомақты, әрі көлемді ғылымның - патологияның (грекше Pathos - зардап, iogos - ілім) бір түбірі.
Организмдегі ауру салдарынан болған морфологиялық өзгерістерді зерттеу үшін, патанатомиялық сынама өлікті жарып - зерттеу арқылы ( аutopsia, грекше auto - өз көзімен көру, лат. Sectio - кесу, тілу), хирургиялық операция барысында, биопсия (грекше bios - өмір, тіршілік, латынша psia - тілу) жолымен сондай - ақ сау жануарларға арнайы эксперимент қою арқылы алынады. Олардын ішінде аутопсия жолымен алынатын сынаманың орны бөлек: бұл әдіс патологиялық процестерді табиғи даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді, белгілі бір аурудан өлген жануарлардың өліктерін сойып, зерттеу арқылы сан қилы деректі мағлұматтарды жинауға оларды салыстыра отырып, сол аурудың патогенезін білуге болады.
Инфекциялық аурулар - жануар организмінің резистенттілігін төмендетеді, сонымен қатар ауыл шаруашылыққа тигізетін зияны зор. Малдың қоңдылығын төмендетіп, әр түрлі ауруларға шалдықтырады. Осы аурулардың спецификалық қасиеттерінің бірі қоздырғыштың ауру жануардан сау жануарларға берілуі.
Инфекциялық ауруларды ең қауіпті аурулар тобына жатқызуға болады. Өйткені олар кейбір жағдайда шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын тигізеді, ал кейбіреулері жануарлардан адамға да берілуі мүмкін.
Мәселен, паратуберкулез ауруына барлық ауыл шаруашылық малдары бейім. Паратуберкулез (Paratuberkulez) немесе созылмалы өтетін, ішектің баяу өрбіп, еселеніп қабынуы мен оқтын-оқтын іш өтуі арқылы ерекшеленетін, шектен тыс арықтауға әкеліп соқтыратын жұқпалы ауру.
1895 ж. Х. Ионе мен Г. Фротингем ауырған сиырдың ішегінен алынған жұғындыдан инфекция қоздырушысын тауып, сипаттады. Б. Банг 1906 ж. ауруды бұзауға қолдан жұқтырды.
Қоздырушысы -
Mycobacterium avium subsp. Paratuberculosis,
бұрынғы атауы.
Mycobacterium paratuberculosis
- жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша (ұзындығы 0, 5-1, 5; ені 0, 2-0, 5мкм), қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- жұқпалы аурулардың, соның ішінде сүтқоректілердің паратуберкулезінің шаруашылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанатомиялық өзгерістерді анықтау және жарып-сою хаттамасын жүргізу болып табылады.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Тарихи деректер
Паратуберкулез ірі қара өсіретін барлық дамыған елдерде кездеседі. Овдиенко Н. П. басқа иегерлерімен бірге АҚШ-та ірі қара арасында 3527, Азияда 355, Африкада 303 ошақ тіркелгенін, Океания елінде 365 ошақтан 2038 ірі қараның паратуберкулезбен ауырғанын келтіреді. Дәрігерлер бұл кесел адамдар арасында 1970 ж. қарай азаяды, дегенмен паратуберкулез микобактериясы қайта өршіп, 1990 жылдардан бері 200 млн-нан астам адам осы аурудан қайтыс болса, кеселге шалдыққан адамдардың 80%-15-50 жастағылар. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) есебі бойынша осы дерттен алдағы 20 жыл ішінде 70 миллион адам өледі, ауыратын адамдар саны 200 млн-ға жетеді деген болжам айтуда. ДДҰ 1993 ж. осы дертті жою ең үлкен өзекті мәселе деп атады. Республикамызда бұл көрсеткіш адамдар арасында эпидемия түрінде өтуде және ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр (Сағын Х., 2006) .
А. И. Бакулов мәліметінде паратуберкулез әр түрлі органдар мен ұлпаларда спецификалық түйіншіктері (туберкулдер) құраумен сипатталатын үй және жабайы жануарлардың, оның ішінде құстардың, сонымен қатар адамның созылмалы жұқпалы ауруы. Таралуы барлық жерде, бірақ бірталай елдер (Дания, Швейцария, Голландия және т. б. ) малдың бұл ауруынан таза деп саналады. Микробактериялардың адамдық түрі көбірек адамға қауіпті, бұқанікі-ірі қараға, құстардік-құстарға. Бірақ қоздырушының бұқалық түрі сүтқоректі жануарлардың басқада көптеген түрлері үшін, құстар патогенезі, адамдар үшін қауіпті, құстардікі-шошқаларға, сонымен қатар құстарға және сирегірек-ірі қара малына қауіпті.
Т. Сайдулдин паратуберкулез ауруының патогенезі мен клиникалық белгілеріне тоқталып, сипаттап берген. Ірі қара малының паратуберкулезі оның өкпесі мен желінді зақымдаумен өтеді; кейде құрсақ, ішек, бүйрек, сүйек, сіңірді зақымдаумен өтеді.
Паратуберкулез кезінде дене температурасы 39, 5-40°С көтерілуі мүмкін. Қою қақырығы бар жөтел пайда болады, әсіресе салқын су бергенде, салқын ауа райы кезінде күшейе түседі. Малдың тәбеті жақсы болса да, біртіндеп мал арықтайды. Демікпе пайда болады, өкпеден қырыл естіледі. Барлық мүшелердегі лимфа түйіндері тауық жұмыртқасының көлеміндей ұлғаяды. Ауру мал қатты арықтау нәтижесінде өліп кетуі мүмкін.
Желіннің паратуберкулезінде желін асты лимфа түйіндері зақымдалып, көлемі тез ұлғайып, аз қозғалмалы түйіршікті болып келеді. Зақымдалған желін тығыз, ыстық, ауырсынған болады, кейін жұмсарып көлемі азаяды. Зақымдалған желін сүті сулы, сары-қоңыр түсті болады. Мұндай сүттен көптеген паратуберкулез микробтары кездеседі.
Ішек паратуберкулезі кезінде ұзақ уақытқа созылған іш өтумен сипатталады. Кейін жануар арықтап өлуі де мүмкін.
Ә. Әбутәліповтің зерттеуінше, паратуберкулез-әр түрлі органдарда спецификалық түйіншіктер құраумен сипатталатын үй және жабайы жануарлардың, оның ішінде құстардың созылмалы инфекциялық ауруы болып табылады. Ол организмде паратуберкулездің пайда болуымен, казеозды ошақтардың бұзылуымен сипатталады. Жануар және адам қоздырушысы қышқылды микроб әсерінен пайда болады. Олар кебуге және дезинфекциялық заттарға төзімді келеді.
Паратуберкулезге ірі қара малы, ешкі, қой және тауықтар бейім. Бейімділігі төмен жылқы, шошқа, ит және мысық. Паратуберкулез жануарлар арасында «тамшы инфекция» арқылы жұғады. Ауру жануар жөтелгенде қақырықты сыртқы ортаға шығарып, паратуберкулезді микробты сыртқа шығарады. Қақырықтың кішкентай бөлшектері ауада қалып, сау жануарларға тыныс жолдары арқылы ішке енеді. Жануарлар бір-біріне тығыз әрі жақын орналасқан сайын паратуберкулезді жұқтыру қаупі де жоғары. Содан басқа паратуберкулез «шаңды инфекция» арқылы жұғады. Ауру жануарлардың жөтелу нәтижесінде қақырықтың микробтары жерге түсіп, ол кеуіп шаңмен ауаға таралып, басқа сау жануарларға жұғады.
А. В. Жаров дерегі бойынша өкпенің паратуберкулезі кезінде орман жаңғағы көлеміндей болатын сары түсті казеозды немесе іріңді құрамы бар ошақтар көрінеді. Бронхиальды және ортаңғы қабырға лимфа түйіндері көлемі адам жұдырығындай болып ұлғаяды. Бөліп қарағанда паратуберкулез ошақтарын анық көруге болады.
Өкпе паратуберкулезі плевра мен перикард қабынуымен өтеді.
Ішек паратуберкулезі кезінде ішектің кілегей қабырғасында паратуберкулезді түйіндер пайда болады.
В. Г. Гаврим мәліметтерінде паратуберкулездің анықтау әдісіне тоқталып кетті. Паратуберкулездің жасырын формасын анықтау үшін туберкулин қолданылады. Туберкулинді ірі қара малына конъюктива арқылы енгізуге болады. Сонымен қатар мойынның терісіне, құйрық асты қыртысына, тері астына енгізеді. Сау жануарларда туберкулинге ешқандай белгі білінбейді. Паратуберкулездің негізгі аллергиялық балауы тері ішіне енгізу болып табылады.
кезінде реакцияны әр 3 сағат сайын 12 сағат ішінде, соңғы бақылау 24 сағатта жүргізіледі. Егер реакция оң болса, көздің кілегей қабығы қызарады, конъюктива ісіп, көздің ішкі бұрышынан іріңді сұйық ағады. Күмәнді реакцияға конъюктиваның гиперемиясы мен ісінуі жатады, жас ағу болады. Күмәнді және кері реакция берген сиырға 5-6 күн өткеннен кейін қайталап жүргізеді. Екі күмәнді реакция оң нәтиже белгіленеді.
МІҚ-ға туберкулинизация тері ішіне, мойын еті қыртысына немесе құйрық асты қыртысына енеді.
Паратуберкулезбен ауру жануарлардың спецификалық реакциясы 12-20 сағаттан соң білінеді. 48-72 сағатта бұл реакция күші одан сайын күшейеді. Бұл реакция диаметрі 35-45-тен 100-120 мм ісік пайда болады. Қабынған ісік қамырлы консистенциялы, жылы және қатты ауырсынумен сипатталады. Мұндай реакция оң болады. Қабыну ісігі әлсіз болғанда реакция күмәнді болады.
Ж. Бердімұратов зерттеуінше, паратуберкулез кезінде жануар қоңдылығына байланыссыз бүкіл зақымдалған мүшелер мен ұлпалар техникалық утильдеуге жіберіледі. Қоңдылығы орташа ұшаны лимфа түйіндері паратуберкулезбен зақымдалған болса, сонымен қатар зақымдалмаған мүшелерді пісіруге, зерттеуге немесе қайта өңдеп консервілеуге жіберіледі. Іш майды ерітеді. Сүйек паратуберкулезі кезінде сүйекті де техникалық утилизацияға жібереді.
Ф. М. Орловтың баяндауынша, созылмалы паратуберкулез өкпеде акцианозды пневмония түрінде өтеді, өкпеде қоңыр-сары түсті ошақтар кездеседі. Өкпе бөлшектерінің түсі көкшіл-қызыл болып келеді. Түйіндер үлкен ошаққа бірігуі мүмкін. Мұндай форма каверна түзілумен өтеді. Өкпе қуыстарында тығыздалған, қалыңдаған қабырғаларын көруге болады. Лимфа түйіндері ұлғайған.
Шошқалардың паратуберкулезінде біріншілік сатысы жұтқыншақта, ішекте кездеседі. Үлкен шошқаларда паратуберкулез сүйекте, сонымен қатар өкпе, бауыр, сирегірек бүйрек пен безде кездесуі мүмкін.
Қойларда паратуберкулездік процесс өкпеде, бауырда, серозды жабын мен желінде өтеді. Жылқыда паратуберкулез сирек кездеседі. Паратуберкулезбен зақымдану мұрын қабырғасының кілегейінде, өкпеде, бауырда болады.
Паратуберкулез ауруын организмде таралуына байланысты жергілікті және генерализирленген деп екіге бөледі. Егер ветеринариялық-санитарлық зерттеу кезінде зақымдалу бөлек орган мен ұша бөліктерінде (мысалы, өкпеде, ішек, желін, бастың лимфа түйіндерінде) табылса, ол жергілікті болып саналады. Генерализирленген жоғарыда аталған мүшелерден басқа бүйрек, сүйек және лимфа түйіндерінде кездеседі.
Н. А. Налетовтың дерегінде паратуберкулезді зерттеу микроскопиялық, бактериологиялық, гистологиялық және керек жағдайда биологиялық әдіс жүзеге асырылады.
Материал жұғындының микроскопиясы жарықтық немесе люминесценттік әдіспен жүзеге асырылады.
Себу үшін Петраньяни немесе Гельберг (5-6 пробирка) ортасы ет пептонды агар (1 пробирка) қолданады.
Биологиялық әдіс диагностикалық мақсатта қоздырушы типін анықтауда қолданылады.
Гистологиялық зерттеу кезінде кесіндіні гемотоксилин-эозинмен бояйды. Қазірге дейін Халықаралық Індет Бюросы (МЭБ) сиыр паратуберкулезін балауға ұсынып отырған әдіс-тек ППД аллергиялық реакциясы. Оның ең басты кемшілігі-сезімталдығы (65, 5-84%) мен телімділігінің (50%-ға дейін) төмендігі. Қоңдылығы нашар, иммунитеті төмен малдарда патологиялық процесс денеге жайылған жағдайда организм паратуберкулинге реакция бермейді немесе аллергия болады.
Организмде Мусоbacterium paratuberculosis қоздырушысы болған жағдайда, тіпті кейбір сау малдарда да паратуберкулезге тән емес параллергиялық реакция байқалады.
ППД паратуберкулині мен БЦЖ вакцинасының антигені құрамы бір-біріне ұқсас болғандықтан, бұл әдістің көмегімен малдың жасанды иммунделгенін немесе ауырғанын ажыратуға болмайды. Жоғарыда айтылған әдістердің орнын толтыратын серологиялық әдістердің болашағы зор, құны жоғары әрі маңызды. Осындай әдіс ретінде конглютиндеуші кешенді ұзақ байланыстыру реакциясы (ККҰБР) сиыр паратуберкулезін балауда зерттеліп, оның телімділігі мен сезімталдығы жоғары әдіс екендігі дәлелденген. ККҰБР-де оң нәтиже берген, паратуберкулиндік сынама теріс нәтиже көрсеткен сынамалардың 80% бактериологиялық тексерулермен расталған.
Паратуберкулез ауруын зерттеу мен оның емдеу шараларына көп үлес қосқандар С. Н. Вышелеский, П. П. Вишневский, М. К. Юсковец, И. В. Ротов, А. В. Акулов, Н. А. Налетов және т. б. Паратуберкулезді балаудың аллергиялық, серологиялық және патанатомиялық әдістерінің нәтижесін растау үшін бактериологиялық тексеру керек. Сонымен қатар бұл әдіс микобактерияларды анықтауға және ажыратуға мүмкіндік береді. Өйткені патматериалдан көп жағдайда паратуберкулез қоздырушысына тән емес түрлері, не болмаса атиптік микобактериялар бөлінеді. Бұл тексеру ауруды балау кешенінің айырылмас бөлігі болып есептелінеді де, індетке қарсы шараларды дұрыс жоспарлау және ұйымдастыруда шешуші роль атқарады.
Ә. Ж. Нұрмұхамбетовтың зерттеуінше, эпизоотологиялық тізбектегі паратуберкулез қоздырушының таратушысы ит екені анықталды. Мәскеуде паратуберкулезбен ауыратын ит басы 1, 4 млн. Алматыда мұндай көрсеткіш одан да жоғары.
Көптеген зерттеу нәтижесінде ит арасындағы паратуберкулез таралуы (М. Тuberculosis) ауру адамнан итке немесе керісінше болуы мүмкін. Сөйтіп H. Froecher 15% иттерде ошақты паратуберкулезді бацилло бөлуші болып табылады. Ф. Г. Понамарев- паратуберкулезге 28 иттерде аллергиялық зерттеуде 29, 2% тітіркендіреді. Е. Н. Авглов-102 иттің ішінде 20, 8% паратуберкулезбен ауыратындығы анықталған.
Б. К. Толысбаев паратуберкулезбен ауыратын жануарларда дезинфекциялық препараттардың қолдануын ұсынған. Дезинфекцияның негізгі мақсаты - эпизоотологиялық тізбекті үзу, яғни инфекция көзін қабылдаушы оргинизмге берілуін болдырмау болып табылады. Қазіргі кезде ветеринарияда түрлі дезинфекциялық заттар қолданады. Баетерицидтік көпірік-препарат формасы - әсер етуі ұзақ. Сонымен қатар дезинфектант ретінде Йодез препаратын қолдануға болатыны анықталды. Йодез препараты кешенді болып келеді. Оның құрамына кристалды йод пен сополимер кіреді. Ол қою, сироп тәрізді, қою-қоңыр түсті, суда толықтай ериді. Қорадағы бүкіл жерлерді дезинфекциялап, паратуберкулездің алдын алудың ең тиімді жолы болып келеді.
Ж. Б. Ахметовтың дерегі бойынша паратуберкулезбен ауыратынын анықтаған ірі қара малды бөлек ұстайды. Зақымдалған органдар мен ұлпаларды конфискілеп, қолдануға тиым салады. Паратуберкулезді ит пен мысықты мүлдем жояды. Сиыр сүтін 85°С-та 30 минут бойы қайнатады. Қора-жайды 3% формальдегидпен, 3% натриймен, сонымен қатар 10% хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Нәжісті биотермиялық жолмен залалсыздандырады. Зақымдалған қора-жай, жайылым және су қоймаларын бейім малдар үшін тек қана келесі жылы қолданады.
Х. С. Жұмабековтің [13] дерегінде жоғарыда тоқталып кеткен паратуберкулинизация туралы айтылған, яғни әр түлік малдарға паратуберкулин дозасы айтылған.
Қой мен ешкіге паратуберкулинді құйрық асты қыртысының біріне 0, 1-0, 15 мл паратуберкулинді енгізеді.
Шошқаларға құлақтың сыртқы жағына 0, 1-0, 15 мл парауберкулинді енгізеді. Реакция 48-72 сағаттан соң белгі береді. Реакция оң болса терінің қабыну ісігі пайда болады.
Б. Ф. Бессараевтің мәліметі бойынша, торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзеді, соның нәтижесінде тамырсыз паратуберкулез бұдырмағы-паратуберкула пайда болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады.
Біраздан соң бұдырмақ дәнекер ұлпалы капсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпаға қоректік заттар келмеген соң және микробтың уының әсерінен өлі еттеніп, ірімшік тәрізді құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады. Паратуберкулез ауруы кезінде денеге енген ауру қоздырғышының төңірегінде торшалардың пролиферациялық өсуі және экссудат бөліп шығаруы нәтижесінде қабыну процестері өрбиді. Ол малға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоиды торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды.
Ө. Ы. Ығылманұлының айтуы бойынша, паратуберкулез кезінде морфологиялық реакциялар бір-біріне ұқсамайды, бұл микобактериялардың вируленттілігімен және организмнің реактивтілік күшімен байланысты. Паратуберкулез кезінде және басқа да қабыну кезінде кезеңдердің ауысуын байқаймыз-альтерация, экссудация және пролиферация, алайда олар кейде нақты байқалмайды және кезектесуі сақталмайды. МІҚ-да алғашқы паратуберкулез көп жағдайда бәсеңдейді. Алғашқы ошақтардан процесс лимфогенді, гематогенді және интраканалокулярлы таралады. Таралу процесінің нәтижесінде біріншілік туберкулез бір немесе бірнеше мүшелерде дамиды. Микобактерияларды үлкен қан айналу шеңбері арқылы тасығанда генерализдік паратуберкулез пайда болады. Өкпенің алғашқы туберкулезінде 18 жағдайында 13 жануарларда туберкулез ошағынан казеозды масса бронхаларға енеді. Мұндай белгілері бар жануарлар микобактерияларды тыныс алу органдары арқылы шығарады, бұл инфекция таралуының қауіпті ошағын құрайды.
2. 2. Қоздырушысы мен төзімділігі
Қоздырушысы- Mycobacterium avium subsp. Paratuberculosis, бұрынғы атауы. Mycobacterium paratuberculosis - жіңішке, полиморфты, қысқа таяқша (ұзындығы 0, 5-1, 5; ені 0, 2-0, 5мкм), қышқылға, спиртке, антиформинге төзімді, қозғалмайды, спора мен қауашақ түзбейді, Циль-Нильсен әдісімен жақсы боялады, ауру малдың нәжісінен зақымданған ішек пен шажырқай сөл түйінінен алынған, жағындыда үймелеп, топтасып, кейде жеке дара немесе жұптанып орналасады. Жасанды қоректік ортада баяу өседі де, өсінді шоғыры 15-120 күн өткенде пайда болады. Кәдімгі қоректік ортада өспейді. Өсіру үшін арнайы Дюбо-Смиттің өзгертілген казеин ортасы, Данкин, Ренжер, Лон, Генгли қоректік орталары пайдаланылады. Сұйық ортада өсірілгенде ауру жұққан малда аллергиялық реакция беретін улы зат паратуберкулин немесе йонин пайда болады. Паратуберкулездің микобактериясы зертханалық жануарлар үшін зардапсыз.
Төзімділігі. Солманың микробы сыртқы орта мен дезинфектанттардың әсеріне айтарлықтай төзімді. Топырақ пен көңде 10-12 ай, жемшөп пен суда 8-10 ай сақталады. 85°С кезінде 1-5мин., жабық ыдыста қыздырылған сүтте 63°С кезінде 30мин., 80°С кезінде 1-5 мин., өткенде өледі. Күн сәулесі 10 айда жояды. Кейбір туберкулезге қарсы қолданылатын синтетикалық қоспалар, сульфаниламидтер мен антибиотиктер паратуберкулездің қоздырушысын өлтіре алмайды, тек қана (in vitro) өсуін тоқтатады. Бұл микроб үшін ең сенімді дезинфектант формальдегидтің 3% сілтідегі (3% күйдіргіш натрий) ерітіндісі, 20% жаңадан сөндірілген әк, 1:500 езілген алмас (сулема), ксилонафтың 5% эмульсиясы болып есептеледі.
2. 3. Індеттік ерекшеліктері
Паратуберкулезбен негізінен сиыр, қой, түйе, сирегірек басқа күйіс қайыратын жануарлар: ешкі, қодас, бұғы ауырады. Кейбір жағдайда бірен-саран зоопаркте ұсталатын жабайы күйіс қайыратын жануарлар ауырады.
Көбінесе солма аздаған індеттік тұтану ретінде оқтын-оқтын байқалып тұрады. 4 айға дейінгі бұзау және 2-3 жасқа дейінгі түйеге ауру тез жұғады. Сөйтсе де, жасырын кезеңі өте ұзақ болғандықтан негізінен аналық малда 1-2 рет төлдегеннен кейін ғана білінеді. Малдың нашар күтімі, бір жақты сүрлем, сірне, болжыр сияқты қышқыл азықтармен қоректендіру, минералды заттардың жетімсіздігі, глист инвазиялары, суыққа немесе ыстыққа шалдығу аурудың таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар, басқа жақтан әкелінген жерсінбеген жануарларға үйреншікті емес. Жайсыз жағдайда солма тез жұғады.
Паратуберкулез жылдың кез-келген маусымында байқалады. Қышқыл, балшықты, сортаң топырақты өлкелерде, жемшөпте, қоспа және кальций тұздары жетімсіз болғанда жиі кездеседі.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру және микроб алып жүретін жануарлар. Олар қоздырушыны нәжіспен, шаранамен, несеппен, тіпті сүтпен де бөліп шығарады. Қоздырушыны таратушы факторларға ластанған су, малды күту жабдықтары жатады. Ауру жайылым арқылы да жұғады. Жас төлге сүтпен немесе уызбен де беріледі. Төлдің тіпті тумай тұрып енесінен солманың микробын жұқтыруы да мүмкін.
2. 4. Дерттенуі мен патогенезі
Алиментарлық жолмен енгенде паратуберкулездің қоздырушысы аш ішектің зақымданған эпителийінен өтіп, ретикулярлық клеткалар арқылы фагоцитозға ұшырайды. Тұтылған микобактериялар құрамындағы стеарин қышқылдары мен балауыз тектес заттардың арқасында қорытылмайды да, босап шыққан микробтар қайтадан фагоциттермен тұтылады. Бастапқыда ішектің түбінде, кейіннен тереңгі қабатында және шажырқай сөл түйіндерінде микобактериялармен зақымданған макрофагтар шоғырланады. Осыдан барып ішектің эпителийі мен сөл түйіндері атрофияға және ұлғайып қабынуға ұшырайды. Ішектің ферменттік, секреттік және сору қызметі, минералдық және су алмасу бұзылады. Бұның бәрі организмнің интоксикациясы мен арықтауына әкеліп соғады.
2. 5. Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 1 айдан 12 айға дейін, ірі қарада 2-6 жылға дейін созылады. Ауру созылмалы өтеді де, симптом (латентті, субклиникалық) және клиникалық кезеңдерге бөлінеді. Симптомсыз кезеңі малдың физиологиялық күйіне байланысты өсіп жетілуінің баяулауы, қоңдылығының төмендеуі арқылы байқалады да бірнеше жылға дейін созылады. Ауру әсіресе, қойда симптомсыз өтеді де, клиникалық белгілері күтімі нашарлағанда, қоздағаннан кейінгі уақытта байқалады.
Клиникалық кезеңі басталғанда бастапқыда жануар енжар тартып, жатып қалады, отардан бөлініп қала береді. Жемшөп жеуі дұрыс болмағанымен күйі төмендейді. Терісі қатқылданып, жүні ұйпаланады. Ауық-ауық іші өткенімен, аралығында нәжісі қалыпты болады, сүті қайтып кетеді. Бара-бара іші жиі өтіп, тоқтамай қояды. Нәжісі судай сұйылып, көк жасыл, қоңырқай түсті, жалқақ пен қан араласып, газ көпіршіктері мен аса жағымсыз иісі болады. Іш өтуі ұзаққа созылып, организмдегі сұйықтың азаюынан көзі ішіне еніп, бұлшық еттері солып (әсіресе, сан еттері мен бел омыртқасы) жануар шөлдей береді. Кейде анустың сфинктері ұстамай, нәжіс еркінен тыс судай ағады. Малдың арты нәжіспен ластанып тұрады.
Дененің ыстығы қалыпты жағдайда болады, өлер алдында төмен түседі. Қанда эритроциттер мен гемоглобин азайып, ядросы солға ауысқан лейкопения байқалады.
2. 6. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz