«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу құралы


Алғы сөз
Ұсынылып отырған оқу құралы - білім стандарттары мен білім мазмұны негізінде жазылған. Құқық негіздері пәні құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен тығыз байланысты.
Автор өзінің білімгерлерге арналған оқу құралында «Құқық негіздері» пәні бойынша. Құқық бұзушылық туралы іс қозғау, олардың құқықтық субъектілері, объектілері, әкімшілік заңнамалар, мемлекеттік қызметтің принциптерінің ережелері қамтылған. Оқу құралында құқықтың негізгі салалары және мемлекетті басқаруды жүзеге асыру нысандары да қарастырылған. Сонымен қоса, мемлекеттік органдардың құрылымы және қызметі, әкімшілік- құқықтың мәртебесі, қоғамда құқықтық тәртіпті орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының заңды мүддесін қорғай алуы туралы түсінік берілген. Мұнда әлеуметтік басқарудың элементтері, әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру нысандары қарастырылған. Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдары- қоғам және мемлекеттің әкімшілік аясы, әлеуметтік мәдени шаруашылық және салааралық аумақ қызметі туралы кеңінен жазылған.
Тәуелсіз елдің азаматтары қоғамдық орындарда өз құқығын қорғай алатын, әкімшілік-құқықтық жауапкершіліктерді түсіне алатындай негізгі мағлұматтар берілген.
Оқу құралында құқықтың саласынан негізгі түсініктер, заңнамалар және оларды ұйымдастыру мемлекеттік қызметті ұйымдастыру көрсетілген. Сонымен қоса, құқықтың қызметті, мазмұны, мақсаты терең айқындалған. Оған қатысушылардың тиісті құқықтары мен міндеттерін жұзеге асыру туралы мүмкіндіктері де қарастырылған. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуы туралы және құқықтық қатынастар жөнінде көптеген жұмыстар жазылған.
Бұл оқу құралы заңдық білім алуға, өз бетінше ізденуге, алған білімдерін қоғамда орынды қолдана білуге көмектеседі.
МАЗМҰНЫ:
Лекция №1 Тақырыбы:Мемлекет пен құқық туралы негізгі түсініктер.
1Мемлекет және құқықтың пәні
2Мемлекет ұғымы және белгілері
3Құқықтық норма
1. Мемлекет және құқық - бұл мемлекет пен жалпы құқықтың заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы дамуы турлы жалпыланған білімдер жүйесі.
Мемлекет және құқық пәні - бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен қатар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы құқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас. Мемлекет пен құқық пәнін былай көрсетуге болады. Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесінде олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондықтан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықтары да ұқсас.
Мемлекет пен құқық теориясының пәні- өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
- Мемлекет және құқықтың мәні.
- Кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың
жалпы сипаттары.
- Мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
- Мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары)
- Мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы
заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
- Мемлекет және құқықтың бір-бірімен және қоғамдық құбылыстарымен байланысының жалпы заңдылықтары.
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объективтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет және құқық теориясының пәні болып мемлекет және құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет және құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тән құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі және т. б. сияқты түсініктерді зерттейді.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың қоғамда қалыптасқан екітүрі бар: әлеуметтік нормалар және техникалық.
2. Мемлекет ұғымы және белгілері. Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес. Мемлекет дегеніміз - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі қызметі негізгі қызметіне, кәсібіне, яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе, мемлекеттің үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекет халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқарушылар мен басқаруға байланысты мамандарға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларында емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Бұл салық - мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның өмір сүруі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, оларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы шараларын қаржыландыруға, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экнонмикалық маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлінетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізінен мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады.
Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек», - деп есептеген екен. Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет - үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі».
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
• мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
• мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, . . . ) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ;
• мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
• мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
• мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
• мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады; Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан екіге бөлінеді:
1. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
2. Индустриалдық мемлекет.
Құлиеленушілік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүгізуші тап - құл иелері, ал өндіргіш күш ретіндекөрінген тап - құлдар болды.
Құлиеленушілік құрылыс тұсында материалдық игіліктерді өндіретін, мемлекеттің қазынасын толтырып отыратын негізгі күш құлдар болса да, бұл тұрпаттағы қоғамдардың таптық құрылымында құлдардың үлесінің көп болмағанын айтады. Феодалдық мемлекеттердің мысалдарына VI-XII ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында өмір сүрген Түрік, Батыс Түрік қағанаттарын, Қимақ, Қыпшақ мемлекеттерін, өзге аумақтардан Киев Русін, Батыс Еуропадағы Ұлы Карл құрған мемлекеттерді алуға болады.
Құқықты мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. І
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:
- билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
Құқықтық мемлекет- құқықтық үстемдігімен, заңның жоғары құдіретімен, барлық азаматтардың құқығы мен бостандығын мойындап құрметтеумен, оған мемлекет тарапынан кепілдік берумен сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптері мыналар:
1. Қоғамда құқықтың үстемдігі, оның мемлекеттен де биіктігі. Құқық-қоғам өмірінің түп негізі, анықтаушысы. Ол мемлекет конституциясында бекітіледі де, басқа барлық заңдар мен нормалардың, жарлықтардың өзегіне айналады.
2. Мемлекет, оның органдары, лауазымды қызметтегі адамдар, түрлі ұйымдар және барлық азаматтар тегістей заңға бас иеді, заңға бағынады. Заң алдында барлығы да жауапты, барлығы да бірдей. Заңды сыйламайтын ел-берекесіз ел. Сүлеймен пайғамбар аитыпты деген мынадай сөз бар: «Заңға бағынбайтын елде бастық көп болады». Әрине, құқықтық мемлекеттегі кез келген заң-өмір шындығымен қабысып жатқан, іске асыру, орындау тетіктері анық нақтыланған әділ де ізгілікті, көпшілік қауымның көңілінен шығып, қолдау табатындай, оның өмір-тіршілігін, түпкілікті мүддесін бейнелейтіндей сапалы болуға тиіс. Әйтпесе заңнан әрі бедел кетеді, әрі орындалмай қағаз бетінде қалады, содан келіп берекесіздікке жол ашылады.
3. Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан қоғамды басқарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
- Құқық нормасы
- Моральдық нормалар. Жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т. б. қасиеттер.
Саяси нормалар.
- Эстетикалық нормалар.
- Қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже қағидалары.
- Әдет-ғұрып нормалары.
- Салт-дәстүр нормалары.
- Діни, имандылық, инабаттылық нормалары.
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен,
техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері.
Қоғамның тарихи обьективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыратын фактілердің бірі - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бұл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік түсінігі қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі -құқықтың субъективтік түсінігі объективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратаын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау. Құқықтың реттеу функциялары - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
- Норма мемлекеттік отанның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне айналады. өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
- Нормада субьектілердің құқығы мен міндеті, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
- Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.
- Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын қамтамасыз етеді.
- Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.
Сонымен құқық дегеніміз - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелердің (нормалардың) жиынтығы.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау.
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту.
- мемлекеттік орындардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
3. Құқықтық мемлекет жағдайында адамның құқығы мен ар-ожданы құрметтеледі, мемлекет тарапынан қорғалып, кепілдік беріледі. 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған бүкіл дүниежүзілік мәні бар «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» деп аталатын құжатта былай деп жазылған: «Барлық адамдар жаратылысында азат, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Олардың басында-ақыл, бойында-ар болғандықтан бір-біріне туысқандық ықыласы болуға тиіс» (1-бап) . Одан әрі: «Әрбір адам өмір сүруге, еркін болуға және жеке басына ешкімнің қол сұқпауына құқылы», -деп (3-бап) атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы “Қазақстан - 2050” «Мәңгілік Қазақстан» атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған.
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды. Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Қорытынды:
Құқықтық нормалар қоғамның экономикалық - әлеуметтік қажеттіліктері арқылы өмірге келіп құқықты қалыптастырады. Құқық тек қоғамның әлеу-меттік - экономикалық даму процесін басқарумен шектелмейді. Сонымен бірге адамдардың және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарында реттеп, басқарып отырады.
Құқықтық қатынастар қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі. Себебі бұл қатынастар толығымен құқықтық нормалар ар-қылы реттеліп, басқарылып, мемлекеттік статус, кепілдік алып, қоғамның дұ-рыс, прогресстік жолымен дамуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік ұсыныстар:
Бұл лекцияны игеріп алу үшін құқықтық норманың белгілері мен құры-лымына, заңдардың баптарында құқық норманың орналасқанына назар ау-дару қажет. Бақылау жұмыс немесе тестік жұмыстарды алу арқылы құқық-тық норманың түсінігі мен категорияларын анықтап білуге бағыт береді.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- Құқықтық норма дегеніміз не?
- Құқықтық норманың түрлерін атап шығыңыз?
- Құқықтық қатынас дегеніміз не?
- Құқықтық қатынастың белгілерін атап шығыңыз?
Құқықтық қатынастың түрлерін көрсетіп беріңіз
Лекция №2 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы
1 Қазақстан Республика Конституциясының түсінігі.
2 Қазақстан- президенттік Республика.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi - өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс - мемл. мереке - ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995) . Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz