Модельдеуге кіріспе әдістемелік құрал


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты

Модельдеуге кіріспе

әдістемелік құрал

Тараз - 2008

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жамбыл облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институты

Институттың Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылды. (№19 хаттама 23 маусым 2008 жыл)

Құрастырғандар: Б. Мүсілімов - Қ. А. Ясауи атындағы

Халықаралық Қазақ-түрік университеті

«Информатика және программалық қамтама»

кафедрасының доценті, ф. м. ғ. к.

Қ. Қасымбаева - ОПКБЖҚДИ «Ақпараттық-

әдістемелік орталығының» меңгерушісі

А. Әділова - Қ. А. Ясауи атындағы

Халықаралық Қазақ-түрік университеті

«Информатика және программалық қамтама»

кафедрасының оқытушысы

Пікір жазғандар: 1. С. К. Сағынаева

2. С. Т. Мұхамбетжанова

Оқу-әдістемелік құрал модельдеу және компьютерлік эксперимент түсініктерін, ақпараттық және инновациялық технологиялардың бастапқы деңгейін саналы және тез арада терең меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл құралдың кез келген оқырмандарға, компьютер пайдаланушыларға, компьютер көмегімен есеп шығаруды үйренгісі келетіндерге де көмекші құрал бола алары сөзсіз.

Б. Мүсілімов, Қ. Қасымбаева, А. Әділова

Тараз, ОПКБЖҚДИ, 2008 жыл, 183 бет

Кіріспе

Модельдеу және формализациялаудың информатика курсындағы алатын орындары ерекше. Өйткені, компьютер көмегімен өмір практикасында кездесетін есептерді шешу әр кезде алда тұратын мәселе. Компьютерді, яғни ақпараттық технологияларды пайдалану салалары көбейген және кеңейген сайын модельдеу және формализациялаудың көкейтестілігі (актуальділігі) арта беретін болады.

Сондықтан мектептік информатика курсында болсын, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында информатика пәнін оқытуда болсын, бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлінуі тиіс. Мысалы, Россия мемлекеті мектептерінде осы аталып отырған мәселеге база назар аударылады десек артық айтпаған болар едік. Россия мектептерінде информатика курсына ең кем дегенде 204 сағат бөлініп жүр, оның ішінде «Ақпараттық модельдеу негіздері» деген тарауға 34 сағат бөлінген. Осы келтіріп отырған мысал атап отырған бөлімнің қаншалықты актуальді (көкейтесті) екендігін көрсетсе керек.

Өмірде кездесетін кез келген есепті формализациялауда, яғни, оны компьютер көмегімен өңдеуге болатындай түрге келтіруде модельдеудің ролі тіпті маңызды. Есептің моделін дұрыс жазу өте жауапты кезең. Өйткені модель есептеудегі берілгендерді нақтылауға (түгелдеуге) және олардың структураларын толығынан анықтауға, есепті шығарудың тиімді әдісін таңдауға мүмкіндік береді.

Біз ұсынып отырған әдістемелік жұмыста “Модельдеу және формализациялау” тақырыбын оқытуды ұйымдастыру және оны оқыту әдістемесі мәселесі қалай болмақшы, міне, осы туралы ой қозғалмақшы. Бұл жұмыс негізінен 7-10-сыныптарда оқытылатын тақырыптарға арналып отыр. Осы жұмысты модельдеу негіздері бойынша әдістемелік нұсқау ретінде студенттер де пайдалануларына болады.

Әдістемелік нұсқаудағы көрсетіліп отырған оқулық материалдар 10-16(мүмкіндік болған жерлерде 20-24) сағат көлемінде қарастыруға, оқып үйренуге ұсынылады.

Ұсынылып отырған тақырыптарды оқытуды мына төмендегіше жоспарлауға (мұны мүмкін болатын жоспарлаудың бір варианты деп қарастырған жөн) болады:

р/н
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны
Бөлінетін сағат
р/н: 1
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: 2
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: 3
Бөлінетін сағат: 4
р/н: 1
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Модельдеу біліктілік әдістемесі ретінде
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Модель, модельдеу. Модельдер классификациясы. Материалды және ақпараттық модельдер.
Бөлінетін сағат: 1(2)
р/н: 2
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Модельдеудің негізгі кезеңдері
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Формализациялау. Модельдеу кезеңдері: есептің қойылуы, модельді дайындау (жасау), компьютерлік эксперимент, модельдеу нәтижелеріне талдау (анализ) .
Бөлінетін сағат: 1(2)
р/н: 3
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Математикалық модельдеу
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Есеп моделі. Математикалық модель ұғымы. Компьютерде есеп шығару кезеңдері. Өзіндік жұмыс. Практикалық жұмыс.
Бөлінетін сағат: 3
р/н: 4
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Имитациялық модельдеу
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Имитациялық модельдеу. санын есептеу (Монте - Карло әдісі) мысалы негізінде кездейсоқ процесстерді модельдеу.
Бөлінетін сағат: 1(2)
р/н: 5
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Физикалық модельдерді модельдеу
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Модельдеу процесінің басты (негізі) және бейтарап (басты емес) факторлары. Горизонтқа бұрыштай лақтырылған дененің ұшуын модельдеу мысалы негізінде физикалық процесстерді модельдеу.
Бөлінетін сағат: 2(3)
р/н: 6
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Экологиялық есептерді шешу
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Популяциялар (көбею) сандарын болжамдау (прогноздау) есептерін шешу
Бөлінетін сағат: 1(2)
р/н: 7
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы: Бақылаулық практикалық жұмыс
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны:
Бөлінетін сағат: 1(2)
р/н:
Мүмкін болатын сабақ тақырыбы:
Қарастырылатын сұрақтардың қысқаша мазмұны: Барлығы
Бөлінетін сағат: 10(16)

Пән мұғаліміне арналған жалпы әдістемелік ұсыныс:

  1. Жаңа оқулық материалды түсіндірген кезде мүмкіндігінше Power Point - те дайындалған компьютерлік презентацияларды пайдаланған тиімді (ыңғайлы) болады;
  2. Нақты тақырыпты оқып-үйренуде оқушылардың қолында тіректі конспектілердің болғаны жөн болар еді;
  3. Әр сабақта бірнеше есептерден ұсынылады. Нақты жағдайға байланысты немесе оқушылардың бүгінгі күнгі білім деңгейіне сәйкес мұғалімнің шешімі бойынша ол есептердің барлығын немесе кейбірін ғана шығаруға (ұсынуға) да болады;
  4. Шығаруға көп уақыт кететін кейбір күрделі есептер үшін есептердің шешімдері жазылған файлды пайдалану ұсынылады. Соған байланысты оқушыларға қажетті параметрлерді таңдау, файлды пайдаланып есеп шешімін алу және сәйкес қорытындылар жасау қажет болады.

Модельдеу және формализациялау мазмұны

мәселелерін оқыту әдістемесі

Бұл бөлімде “Модельдеу және формализациялау” мазмұнын информатиканың базалық курсының түсініктеріне және тақырыптарына үйлестіре оқыту мәселесін қарастыратын боламыз.

“Модельдеу және формализациялау” мазмұнын қарастырудағы негізгі мақсат - модельдеу түсініктерін меңгере отырып, оқушылар бойында дүниенің (өмірдің, тіршіліктің) жүйелік-ақпараттық картинасын қалыптастыру және компьютердің көмегімен зерттеушілік бағыттағы есептерді шешу.

Мұндағы негізгі түсініктер (ұғымдар) : объект, жүйе, жүйелік эффект (тиімділік), жүйелік талдау, модель, модельдеу, формализациялау.

Оқушылырдың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар : ұсынылып отырған тақырыпты (бөлімді) оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар

а) түсінулері керек:

- ақпараттық модельдеудің маңызын ;

- модельдеу кезінде формализациялаудың қажет екендігін;

б) білулері керек:

- тақырыптың (бөлімнің) негізгі ұғымдарын (түсініктерін) ;

- мәліметтерді ұйымдастырудың ақпараттық модельдері туралы;

в) іске асыра алулары керек:

- жүйе элементтері арасындағы байланысты түсіндіруді;

- жүйенің негізгі қасиеттерін атап айтуды;

- нақты жағдайда модельді объектіден ажырата білуді;

- компьютерлік технология көмегімен мәліметтерді (берілгендерді)

сақтаудың, бейнелеудің және өңдеудің ең тиімді тәсілдерін таңдауды.

Жалпы, информатика курсында “Mодельдеу және формализациялау” мазмұнына соңғы кездері ғана дұрыстап көңіл аударыла бастады. Сондықтан оның негізгі ұғымдары және оны оқыту әдістемесі мәселелері туралы бағыттар әлі де тың бағыттар болып саналады. Демек, “Информатика” пәнінің теориялық негізі ретінде “Ақпарат және ақпараттық үрдістер”, “Ақпаратты бейнелеу” тарауларымен қатар “Модельдеу және формализациялау” мазмұнына да жете көңіл бөлу қажет болады. Модельдеу және формализациялауды оқып үйрену информатика курсының мына бір негізгі міндетін - оқушылар бойында дүниенің (өмірдің, тіршіліктің) жүйелік - ақпараттық картинасын қалыптастыруды тиімді шешуге мүмкіндік береді, өйткені оның негізгі ұғымдары қазіргі заманғы информатика курсының пәндік дамуының қуатты аналитикалық құралы болып саналады.

Бұл жағдайға байланысты бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі -ол информатиканың базалық курсын “Модельдеу және формализациялау” бөлімінің мазмұнына сәйкестендіру болып отыр. Мұндағы негізгі проблема - информатика курсын оқып-үйрену материалдарына артық жаңа терминологияларды мейлінше аз енгізуге(мүмкін болса тіпті енгізбеуге) тырысу, жалпы курс мазмұнын бір бүтінге байланыстыру, оқып-үйрену барысындағы үнемі ақпараттық модельдерді құру қажеттілігі және оларды пайдалану мен оны іске асыра алмау қарама-қайшылықтарын жойып отыру.

Бүгінгі күндері пайдаланылып жүрген оқулықтарда ақпараттық модельдеуге әртүрлі көлемде назар аударылған. Мысалы, А. П. Ершов редакциялауымен шығарылған алғашқы мектеп информатикасы оқулығында оқушыларды физикалық процесстерді сандық модельдеумененен таныстыру “ЭЕМ-нің қазіргі қоғамдағы ролі. Есептеу техникасының даму перспективасы ” бөлімінде келтірілген, және де бұл оқушыларды жалпы хабардар ету мақсатында ғана іске асырылған. “Модель” және “модельдеу” ұғымдары олардың мағынасын жеке түсіндіріп жатпайтындай контексте келтірілген.

А. Г. Кушниренко бастаған авторлар ұжымы өз оқулықтарында “Модельдеу және физикалық эсперимент” деген бөлімінде де модельдеуге сол жоғарыдағыдай деңгейде тоқталған. Бірақта мұндағы оң жағдай деп атап кетуге болатын нәрсе - ол ақпараттық модель түсінігінің(толық болмасадағы) енгізілуі. Ақпараттық модель өзара қатынасы сипатталынбаған шамалар жинағы ретінде енгізілген. Орындаушының (атқарушының) моделі ретінде оны сипаттайтын (суреттейтін) параметрлер жинағы ғана емес, сонымен қатар оның жұмыс алгоритмі де қарастырылады. Мұның барлығы ақпараттық модельдеудің біржақты қарастырылап отырылғандығын көрсетеді.

А. Г. Гейн бастаған авторлар ұжымы оқулығында модель ұғымы тереңірек ашылған. Мұндағы қарастырылған есептер (жаттығулар) адам қызметінің әртүрлі облыстарын қамтыған. Есепті шешу мәселесі мына тізбекке келтірілген: есеп - математикалық формализациялау - программалау тіліне аудару - компьютерлік эксперимент - нәтижеге талдау және қажет болған жағдайда қайтадан модельді нақтылау жүргізіледі.

Бүгінгі күнгі мектеп оқулықтарының ішінде бұл мәселе IX сыныпқа арналған Н. В. Макарованың информатика оқулығында салыстырмалы толығырақ ашылған. Әсіресе, модельдеу негізінің теориялық бөлігі жақсы деңгейде берілген, бірақта оның практикалық бөлігінде келтірілген және қарастырылған мысалдар, есептер оқушылардың жас ерекшеліктеріне толық сай келе бермейді.

Жоғарыда көтеріп отырған мәселенің практикалық бөлігі И. Г. Семакин бастаған авторлар ұжымының есеп-прктикумы оқу құралында толығырақ қарастырылған. Бірақ осы авторлардың “Информатика. Базовый курс, 7-9 классы”оқулығында оның теориялық жағы өте қысқаша келтірілген.

Ал енді қазақстандық авторлар оқулықтары және оқу құралдары туралы айтатын болсақ, оларда бұл тақырыпқа (бөлімге) тіпті аз көңіл аударылған.

Осы жоғарыдағы көтеріп отырған мәселелерге байланысты, әсіресе, информатиканың базалық курсын “Модельдеу және формализациялау” тақырыбымен мазмұнды үйлестіру мақсатында осы тақырыпты қалайша оқыту керек, қандай ұғымдарды және оларды қай уақытта оқып-үйренген жөн? Міне, осы сұрақ информатика пәні мұғалімін бірінші кезекте толғандыратын болуы керек.

Атап отырған тақырып мазмұнындағы негізгі ұғымның (түсініктің) бірі -“объект”.

VI-VII сыныптарға арналған Н. В. Макарованың оқулығы бойынша “объект - бір бүтіндей етіп қарастыруға болатын дүниенің кейбір бөлігі”. Содан кейін барып объектілер - заттар, объектілер аттары, қасиеттері, объектілер амалдары және объектілерге қолданылатын амалдар, объектілер өмір сүретін орталар қарастырылады. Егерде тек объектілер - заттар туралы айтатын болсақ, онда олардың ортасы туралы жеткілікті ақпарат алуға болады. Осы оқулықта адам ой еңбегі нәтижесін де объект деп санауға болатындығы туралы пікірді жай ғана атап өтіледі, бірақта оған жеткілікті көңіл аударылмаған.

И. Г. Семакиндердің есеп - практикумы оқу құралында объект ұғымы былайша беріледі: «объект - әңгіме етіп тұрған нәрсе. Барлық нәрсе объект бола алады: үй, егер үй туралы айтып отырсақ, жұлдыздар, егерде түнгі аспанға қарап тұрған болсақ, аштық, егерде біз түк тамақ ішпегенімізді ойласақ». Оқушы үшін бұл түсіндіруді оның мазмұнын қыспақтамай нақтылай түсу қажет болады. Егерде информатика пәні мұғалімі “Модельдеу және формализациялау” мазмұны бүкіл курсты байланыстырушы болсын деген ойда болса, онда объект ұғымын VII сыныптың басында (физикадағы физикалық дене түсінігін енгізген сияқты) енгізуге болады: “аты бар және біз оны бірбүтін нәрсе етіп қабылдайтын затты, процессті немесе құбылысты объект деп санауға болады”

Объектілер - заттар (кітап, адам, мысық және т. б. ), объектілер - құбылыстар (қар, найзағай, вулкан, дүркіреу және т. б) және объектілер -процесстер (оқу, сот сайлау және т. б) мысалдарына талдаулар жүргізу қажет болады. Құбылыстарды және процесстерді күрделі объектілер түрінде қарастыру жүйелендіру және кибернетика элементтері негіздерін түсінуді жеңілдетеді.

Формализациялау идеясына логикалық көшу(өту) мүмкіндігінде мына типті тапсырмаларды берген (ұсынған) жөн:

“а) алма талында өсіп тұрған;

б) кітапханадағы бар;

в) “Балалар әлемінде” сатылып жатқан;

г) Windows жұмысшы столындағы

объектілерге ат беріңдер”.

Кітапханадағы бар негізгі объектілерді “кітап” деп айтатынымызды (өйткені олардың барлығына тән бірдей жалпы көрсеткіштер бар болғандықтан) қортындылай келе, формализациялаудың негізгі тезисіне келеміз - объектіні және оны белгілеуді бір-бірінен ажыратып алуға болатын мүмкіндіктің бар болуы, біз объекті “кітап” дегенде бір нақты кітап туралы айтып отырған жоқпыз, жалпы түрде, яғни формальді кез келген кітап туралы айтып тұрмыз. Бұл туралы, мына қарапайым схеманы енгізу орынды болады деп ойлаймыз:

объект кітап (объект аты)

Әрине, келешекте енгізілген түсініктерді басқа да тақырыптардың мазмұндарын ашуда пайдалану қажет болады. Мысалы, “Компьютердің негізгі құрылғылары” тақырыбын оқытуда схемаларды, ал “Компьютердің программалық қамтамасыздандыруы” тақырыбын оқытуда “объект” түсінігін файлға, бумаға (папкаға), құжатқа және т. с. с. тиісті жерлерде белсенді түрде пайдалануға болады. Осы тұрғыда Н. В. Макарованың [4] VI - VII сыныптарға арналған оқулығын сәтті жазылған деп айтуға болады.

Осыдан кейін барып “жүйе” түсінігіне (ұғымына) көшу жеткілікті жеңіл болуы тиіс. Бір - екі жылғы алғашқы оқыту барысында оқушылар көптеген әртүрлі контексте (жағдайларда) “объект” ұғымын пайдаланып келгендіктен, енді объектілерді жүйемен байланыстыруға болады. Мұны алгоритмдеу негіздерін өткеннен кейін енгізуге болады деп ойлаймыз, себебі мұнда объект- орындаушының іс - әрекеттерін формальді сипаттауды оқып - үйрену жалғастырылатын болады.

Н. В. Макаровалар модельдеуге көшуді жүйелендіру (жүйеге келтіру) негіздерінсіз іске асырған, ал И. Г. Семакиндерде қарапайым және күрделі объектілер жүйе түрінде талданған. И. Г. Семакиндердің [6] есеп - практикумында “Жүйе - өзара бір-бірімен байланысқан элементтерден тұратын бір бүтін” деген түсініктеме берілген және онда VII-IX сынып оқушылары қиналмай түсіне алатындай деңгейде есептер сәтті таңдалынған.

“Жүйе” түсінігін түсіндіруде жүйе объектілерінің арасындағы логикалық байланысты алға тарта отырып, оған акцент жасауға болар еді. Мұндай жағдайда жүйе түсінігін былайша беруге болады: “Бір-бірімен логикалық байланысқан объектілер жиыны жүйе құрайды”. Жүйе элементтерінің логикалық өзара байланыстары - ол келешек жүйенің ойластырылған структурасы (құрылымы) . Бұл туралы И. Г. Семакиндерде былай делінген: “Структура (құрылым) - ол жүйені құрайтын элементтерді біріктірудің анықталынған тәсілі”. Әртүрлі структура - әртүрлі қасиеттер - бірдей элементтерден тұратын (құралған) жұйелердің әртүрлі қызметі. Мысалы, кірпіштер немесе блоктар үймесін алып қарастыратын болсақ, ол жүйе бола алмайды, себебі олардың аралары байланыспаған, байланыс жоқ. Ал кірпіштен (блоктан) салынған үй - күрделі объект, оны жүйе деп есептеуге болады. Мұнда кірпіштер немесе блоктар жүйе элементтері бола алады. Олардың арасындағы логикалық (структуралық) өзара байланысты архитектор ойлап тапқан. Сол элементтерден басқа да жүйелерді (мешіт, гараж, мәдениет сарайы, т. б. ) алуға болады.

Жүйе объектілерінің анық логикалық байланысын көрсететін мысал ретінде химиялық элементтердің периодтық жүйесін (ХЭПЖ) алуға болады: ХЭПЖ көрнекті таблица түрінде структураландырылған, бірақта таблицалық ақпараттық модель ретінде бір бүтін түрінде бар болып тұр.

Файлдық, мемлекеттік басшылық, білім беру жүйесін және тағы да басқа жүйелерді структуралық (құрылымдық) схема түрінде қарастыру оқушылар бойында дүниеге (өмірге) жүйелік - структуралық негізде қарау қасиетін қалыптастырады. Осыдан кейін барып информтика курсының кез келген тақырыбына көшу орынды болады, өйткені біз жүйені әртүрлі мағынада (компьютер, программалау жүйесі) және ондағы болатын ақпараттық процесстерді (сандық, текстік және графиктік ақпараттарды бейнелеу және өңдеуді) оқып - үйренетін боламыз.

Оқушыларменен күрделі объектілерге немесе жүйелерге (найзағай ойнау, вулкан, ауа райын болжау, т. с. с. ) зерттеу жүргізу мәселелерін қарастыру және талдау тікелей объектінің өзінде зерттеу жүргізудің күрделі болатындығын, ал кейбірде тіпті мүмкін болмайтындығын оқушылардың түсінуіне әкеліп соғады. Осылайша оқушыларға модельдеудің мақсаты түсіндіріледі., содан кейін барып “модель” түсінігі енгізіледі. Модель туралы оқушылардың интуитивтік деңгейдегі түсінігін пайдалана отырып, оны дамыту, тереңдету мақсатында әңгімені диалогтық режимде жүргізген жөн болады. Осыдан кейін барып, модель анықтамасын былайша беруге болады: “ Модель - берілген объектінің маңызды қасиеттерін қамтыған реальді объектінің немесе процестің қарапайымдатылған ұқсас түрі (жағдайы ) ”.

Объектінің қандай қасиеттерінің ең маңызды болатындығын анықтау үшін жүйелі талдау жүргізу қажет, яғни нақты жағдай үшін модельдеу мақсатын, болашақ модельдің структурасын және сыртқы түрін анықтау керек болады.

Негізгі акцентті модельдеу мақсатына аудару қажет, себебі онда модельді көрсетуге қажет болатын оригинал қасиеттері анықталады. Анықтама бойынша объект - тек зат қана емес, ол процесс немесе құбылыс та болуы мүмкін болғандықтан, модельдеуге келтіретін мысалдар да сәйкес таңдалынуы керек. “Объект - модель” қатынасын нақты жағдайларда анықтай (бөле) алу келешектегі негізгі мәселе болып табылады.

Мысалы, оқушыларға мына тапсырмаларды ұсынуға болады: “Мына тізбектерде “объект - модель” қатынасын анықтаңдар (бөліп алыңдар) :

1. Автомобиль - автомобиль (суреті) - автомобильдің детальді сызбасы;

  1. Ұшақ (самолет) - дауыл - ұшу ұшін осыған ұқсас жағдай жасай алатын аэродинамикалық труба;
  2. Адам - жүрек - кардиограмма”.

Бұл мысалдар оқушылардың мынадай қорытындыға келуіне көмектесуі керек: бір сол бір объектінің көптеген модельдері болуы, ал әртүрлі обектілер бір ғана модельмен сипатталынуы да мүмкін.

Енді модельдердің негізгі классификациясын, материалдық және ақпараттық модельдерді қарастыруға көшуге болады. Ақпараттық модель түсінігін былайша берген жөн сияқты: “Ақпараттық модель - бұл модельделінетін объектіні ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипаттау”. Бұл жерде “Ақпарат және ақпараттық процесстер” және “Ақпаратты бейнелеу” тақырыптарының мазмұндық байланысы анық байқалады.

Ақпараттық модельдер тақырыбында “формализациялау” түсінігінің маңызы зор: “Формализация - бұл модельдеу объектісінің ең маңызды қасиеттерін және белгілерін таңдалынған формаға келтіру”. Формализациялау элементтерін бекіту ақпараттық модельдерді оның әртүрлі формаларында( сурет, схемалар, таблицалар, сызбалар, формулалар, сөздік сипаттау, программалар және т. б. түрінде) бейнелеуде іске асырылады.

Осы жерде модель классификациясын уақыт факторы бойынша келтіруге болады: бір сол бір объектіні статикалық және динамикалық модельді де пайдаланып зерттеуге (қарастыруға) болады. Мысалы, үй құрылысын жүргізуге қажетті сызбалар - бұл статикалық ақпараттық модель болады. Ал сол үйдің жағдайын бірнеше жылдардан кейін ( жел, жаңбыр, қар және басқа да табиғаттық құбылыстар әсерлерінен) көрсететін есептеулер және графиктерді динамикалық ақпараттық модель деп айтумызға болады.

Мәліметтерді (берілгендерді) ұйымдастырудың үш модельдерін қарастыру информатиканың базалық курсында оқып - үйренгендерді келешекте оны тереңдетіп немесе профильдік бағытты оқытуда пайданлануға мүмкіндік беретін болады.

Объекті (жүйе) туралы мәліметтер көлемі уақыт өткен сайын көбейе түседі, тіпті кейде мәліметтердің көбейгені соншалық, оларды сақтаудың және өрнектеудің (бейнелеудің) арнаулы тәсілдерін анықтау қажет болады. Мәліметтерді (берілгендерді) ұйымдастырудың үш моделі бар: реляциялық (таблицалық), иерархиялық және желелік.

Реляциялық модель объект туралы ақпаратты тікбұрышты таблицаның жатық жолы және тік жолы түрінде бейнелеуге (көрсетуге) мүмкіндік береді. Мәліметтерді осындай түрде сақтауға және бейнелеуге мүмкіндік беретін программаларға Excel және Access-ті жатқызуға болады.

Иерархиялық модель жүйені құрылымдық схема (граф, блок - схема) түрінде бейнелеуге мүмкіндік береді. Мұнда объекті туралы ақпарат олардың арасындағы белгілі байланыстар негізінде деңгейлене орналасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі
Дискреттік модельдер. Теоретико-графтық программалау. CASE- технологиясы. Детерминделген модельдер
Қазіргі кезең ақпараттық оқыту технологиялары мен құралдарының оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытудағы рөлі
Рнр технологиясының электронды оқулығын жасау
Ақпараттық қоғам және ақпараттық қоғамдағы технологиялар
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері
Компьютерлік модель түсінігі және модельдердің жіктелуі
Өлшеу құралдарын қосу схемасы
Интерактивті тақтаны пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz