Ветеринарлық-санитарлы экспертиза



I. КІРІСПЕ
II. ӘДЕБИ ШОЛУ
III. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1. Улы заттардың жіктелуі
3.2. Ауылшаруашылық жануарларының улану себебі мен сипаты.
3.3. Удың жануарлар ағзасына әсері, малдың улы заттарға сезімталдығы, ағзаның жағдайы
3.4. Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
3.5. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері, улы заттардың ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары
3.6. Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік, улануды клиникалық бағалау
3.7. Уланудағы болжау, уланған мал өлексесіндегі патологиялық.анатомиялық өзгерістер
3.8. Улануды емдеудің жалпы принциптері, улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек, уланудың алдын алу
3.9. Соттық .ветеринарлық сараптау және соттық.ветеринарлық сою
3.10. Токсикологиялық талдау, химиялық .токсикологиялық тексеру үшін сынама алу, орап.қаптау және зертханаға жіберу, токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
IV. УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ СОЙЫС ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ
4.1 АЗЫҚПЕН УЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ САРАПТАУ.
Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр. Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда фармакология және токсикология мамандары қәзіргі кезге дейін улы заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе, шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін .
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ, улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері, малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы анықталынады (мг/кг). Егер заттың улылығы 1-2 мг/кг болса, онда ол өте улы және керісінше улылық мөлшері 1000мг/кг (1гр/кг) болса, улылығы аз зат болып есептелінеді.
Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй- жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да тән қасиет.
Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық , газ) әсер ете береді.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған сайын оның сіңгіштігі де соғұрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек сөлдерінің де көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе ағза сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgС12)- ерігіштігі өте жоғары улы зат, ал каломель болса (HgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде қолданылатын зат.
1. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства / под ред. П.В. Житенко, М.Ф. Боровкова. – М.: Колос, 2000.
2. Телеуғали Т.М., Қырықбайұлы С., «Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және малшаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері», Алматы,1998 ж.
3. Шуклин Н.Ф., Кырыкбайулы С. и др. «Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация»,
4. Макаров В.А. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства: учеб. / В.А. Макаров, В.П. Фролов, Н.Ф. Щукин. – М.: ВО Агропромиздат, 1991. – 463 с.
5. Житенко П.В. Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животноводства: Справочник / П.В. Житенко, М.Ф. Боровков. – М.: Агропромиздат, 200. – 335 с.
6. Закон о ветеринарии. – М., 1993.
7. Болезни животных, опасные для человека / под ред. М.Г. Таршис, Б.Л. Черкасского. – М.: Колос, 1997.
8. Ветеринарная санитария на транспорте / под ред. д-ра вет. наук., проф. М.П. Будко. – М.: ВО «Агропромиздат», 1988.
9. Ветеринарно-санитарные правила промышленной переработки импортного мяса и мясопродуктов на мясоперерабатывающих предприятиях России. – М., 1994.
10. Ветеринарно-санитарный контроль продуктов растительного происхождения на продовольственных рынках. ВетПиН 13.7.2. – М., 2001.
11. Гигиенические требования к качеству и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов. СанПиН 2.3.2.560-96.
12. ГОСТ 13264-88. Молоко коровье. Требования при закупках.
13. ГОСТ 19792-87. Мед натуральный. Технические условия.
14. ГОСТ 27583-88. Яйца пищевые куриные. Технические условия.
15. Инструкция по ветеринарному клеймению мяса. – М., 1994.
16. Инструкция по ветеринарно-санитарной обработке вагонов после перевозки животных, продуктов и сырья животного происхождения. – М., 2000.
17. Коряжнов В.П. Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе молока и молочных продуктов: учеб. пособие / В.П. Коряжнов, В.А. Макаров. – М.: Колос, 1981. – 170 с.
18. Костенко Ю.Г. Ветеринарно-санитарный осмотр продуктов убоя животных: вет. метод. указания – М.: Гном, 2000. – 112 с.
19. Костенко Ю.Г. Руководство по ветеринарно-санитарной экспертизе и гигиене производства мяса и мясных продуктов / Ю.Г. Костенко, М.П. Бутко, А.Ф. Вылегжанин и др. – М.: РИФ Антиква, 1994. – 604 с.
20. Макаров В.А. Ветсанэкспертиза пищевых продуктов на рынках и в хозяйствах: справочник. – М.: Агропромиздат, 1992. – 301 с.
21. Макаров В.А. Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе с основами технологии продуктов животноводства / В.А. Макаров, М.Ф. Боровков, А.П. Ермолаев и др. – М.: Агропромиздат, 1987. – 271 с.
22. Мясо и мясные продукты. – М., 1980. – Ч.1,2.
23. Основы ветеринарной санитарии / под ред. А.А. Полякова. – М.: Колос, 1969.
24. Положение о государственной лаборатории ветеринарно-санитарной экспертизы на продовольственных рынках. – М., 1976.
25. Правила ветеринарного осмотра убойных животных и ветеринарно-санитарной экспертизы мяса и мясных продуктов. – М., 2001.
26. Правила ветеринарно-санитарной экспертизы меда при продаже на рынках. – М., 1995.
27. Правила ветеринарно-санитарной экспертизы молока и молочных продуктов на рынках. – М., 1976.
28. Правила ветеринарно-санитарной экспертизы пресноводной рыбы и раков. – М. 1988. 15
29. Правила ветеринарно-санитарной экспертизы яиц домашней птицы. – М., 1981.
30. Руководство по ветеринарно-санитарной экспертизе и гигиене производства мяса и мясных продуктов / под ред. д-ра вет. наук, проф. М.Б. Будко, д-ра вет. наук. проф. Ю.Г. Костенко. – М.: РИФ «Антиква», 1974.
31. Социально-правовые основы ветеринарной деятельности в России / под ред. В.М. Авилова. – Спб.: Лениздат. 1995.
32. Судебная ветеринария: учеб. пособие / под ред. А.А. Кунакова, А.И. Серегина, Г.А. Таланова, А.К. Воронцова. – М., 1999.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
I. КІРІСПЕ

Қазіргі кезде улар қатарына жатқызылатын заттардың саны орасан
зор. Ғылымның, оның ішінде химияның дамуы , яғни жыл сайын жаңа химиялық
қосылыстардың синтезделуі, улы заттардың санын одан әрі көбейтіп отыр.
Улы заттардың жіктелуінің қажеттілігі бұрыннан белгілі еді. Алайда
фармакология және токсикология мамандары қәзіргі кезге дейін улы
заттарды бірыңғай жіктей алмай отыр. Себебі, оларды әртүрлі
қасиеттеріне немесе әсер ету айырмашылықтарына қарай топтастыру көбінесе,
шартты мағынада ғана жүзеге асырылады. Улы заттарды химиялық принциппен
жіктеу өте қиын. Себебі, химиялық құрылымы өте ұқсас заттардың
токсикологиялық әсері әртүрлі болуы мүмкін .
Улы заттардың ағзаға әсері, ең алдымен, оның мөлшеріне
байланысты. Фармакопея бойынша дәрі-дәрмектердің бір мезгілде берілетін
немесе тәуліктік ең жоғарғы мөлшері болатындығын білеміз. Ал, бұл
мөлшерден асып кеткен жағдайда ағзаның улануы (dosіs toxіca) немесе өлімге
душар болуы (dosіs letalіs) мүмкін. Емдік мақсатқа қолданылмайтын, бірақ,
улы заттар қатарына жатқызылатын заттардың уландырғыш мөлшері
токсикологиялық әдістер арқылы анықталынады.
Қазіргі кезде токсикологияда уытты заттардың улылығын анықтайтын
негізгі критерилері (улы заттардың токсиметриялық өлшем бірліктері) - LІM
ac, ЛМо (LDо), ЛМ50 (LD50) және ЛМ100 (LD100) деген халықаралық
көрсеткіштер қолданылады. Сонымен бірге, улы заттардың уытты мөлшері,
малдың 1 кг тірі салмағына уытты заттың 1 мг мөлшерінің әсері арқылы
анықталынады (мгкг). Егер заттың улылығы 1-2 мгкг болса, онда ол өте улы
және керісінше улылық мөлшері 1000мгкг (1гркг) болса, улылығы аз зат
болып есептелінеді.
Кез келген заттың ағзамен әсерлесуіне, оның физикалық күй-
жағдайы ықпал ететіндігі белгілі. Бұл жағдай улы заттарға да тән қасиет.
Улы заттар тірі ағзаларға барлық үш агрегаттық күйде (қатты, сұйық , газ)
әсер ете береді.
Улы заттардың ағзамен әсерлесуі барысында удың ерігіштік қасиеті
маңызды міндет атқарады. Себебі, ерігіштік қасиеті неғұрлым жылдам болған
сайын оның сіңгіштігі де соғұрлым жоғары болады да, әсер етуі тез арада
пайда болады. Сонымен бірге, ерігіштігі жоғары заттардың ағзаға таралуы да
шапшаң. Яғни, олардың мүшелерге де әсер етуі тез болады. Асқазан-ішек
сөлдерінің де көптеген заттарды жақсы ерітетін қасиеттері бар. Суда немесе
ағза сөлдерінде ерімейтін заттар әдетте денеге сіңбейді және олардың ешбір
токсикологиялық маңыздылығы болмайды. Мысал ретінде сынап қосылыстарының
токсикологиялық жағдайын қарастырып көрейік: Сулема (HgС12)- ерігіштігі өте
жоғары улы зат, ал каломель болса (HgС12) ерігіштігі жоқ, дәрі есебінде
қолданылатын зат.
Әсер ету уақыты бойынша қатты күйдегі улар сұйық уларға
қарағанда баяуырақ әсер береді. Газ және өте ұсақ дисперсті (аэрозоль)
күйдегі заттардың әсері өте тез дамиды. Заттың улылығына - оның химиялық
құрамының да ықпалы зор. Мысалы, мышьяктың бейорганикалық қосылыстары
(мышьякты қышқылдармен оның тұздары) күшті улы заттар болса, оның
органикалық қосылыстарының (атоксил қышқылы мен оның тұздары т.б.) улылығы
өте төмен заттар.
Зат улылығы оның негізгі қосылыстарының құрылымына әртүрлі
спецификалық топтар және радикалдар (OH, NH2,CH3,т.б.) енуіне де
байланысты. Кейбір жағдайда құрамындағы радикалдарға байланысты зат
уыттылығы төмендейді немесе керісінше жоғарылайды. Мысалы: бензол
молекуласына гидроксил (ОН) тобы енгізілсе, ол фенолға, ал амин тобы
енгізілсе (NH2) - анилинге, метил радикалы (СН3) енгізілсе - толуолға
айналады. Бұл заттардың әрқайсысының улылығы әртүрлі болып қана қоймай,
олардың ағзаға әсері және ағзаның қарсы жауап реакциясыда әр алуан болып
келеді. Улылық қасиет заттардың әртүрлі химиялық реакцияларға (тотығу,
тотықсыздану алмасу, орын басу т.б.) түсу ерекшеліктеріне де байланысты.

II. ӘДЕБИ ШОЛУ

Қоршаған табиғатта улы заттардың болатындығы адамдарға көне
дәуірлерден-ақ белгілі болған. Бұған дәлел осы заманға дейін сақталып
келген ежелгі Греция мен Египеттің материалдық көне мәдени құралдарында
адамдардың улы заттарды қолданғандығы жайлы бұлтарытпас айғақтар бар. Ол
заманда улар тек қана өлтіру мақсатында пайдаланылатын. Қоғамдық өмірдің
дамуы мен көптеген елдердің экономикалық өркендеуі нәтижесінде улардың
қолданылу аясы кеңейді. Қазіргі кезде улар ауыл шаруашылығының көптеген
салаларында минералдық заттар және пестицидтер ретінде, сондай-ақ ғылыми
мақсаттарда да кеңінен қолданылады. Алайда, осы кезге дейін Улар деген
атауға толық, ғылыми анықтама берілген жоқ. Тіптен осы заманның өзінде
кейбір ғалымдар у деген атаудың нақтылы анықтамасы болуы мүмкін емес деп
тұжырымдайды.
Бұл ретте ұлы ғұлама ғалымдардың у туралы, улы заттардың
табиғаты жайында, айтқан ой түсініктемелерін келтіре кетейік: Өз
табиғатында әсері өлімге соқтыратын заттардың барлығыда улар (Әбу Әли Ибн
Сина); Улар - тіршіліктің құпия жақтарын зерттеуге арналған нәзік
құралдар(И.Павлов); Улар тірі ағзаға әсер етіп, оның қалыпты тіршілігін
бұзатын, яғни уландыратын (токсикалық әсері) немесе тіршілік етуді
тоқтататын заттар( (С.В. Аничиков); (У дегеніміз ағзадағы биохимиялық
құбылыстардың қалыпты жағдайда өтуін бұзатын, сол арқылы физиологиялық
қызметті әртүрлі дәрежеде тежейтін, тіптен, өлімге душар ететін табиғаты
бөлек химиялық қосылыстар(С. Н. Голиков);
Токсикологияның дамуына зор үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы С.В.
Баженовтың пайымдауынша удың жалпы биологиялық және токсикологиялық
анықтамасына былай деп тұжырымдау жасау дәл сияқты: У дегеніміз – тірі
ағзалармен өзара әсерлесуге түскен кезде, соңғысында әртүрлі патологиялық
құбылыстар тудыратын немесе өлімге душар ететін кез келген химиялық зат.
Мысалы, ас тұзының көп мөлшері құстар, иттер, мысықтар және шошқа үшін
улы, ақыры өліммен аяқталуы мүмкін.
Улану- жануар ағзасына табиғаты әртүрлі улы заттардың әсері
нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай немесе у - себеп, улану-
салдары.
Улы заттар ағзаға ас қорыту , тыныс алу жолдары, тері беті,
кілегей қабығы арқылы түседі. Малдардың улануы көбінесе сырттан келген,
яғни ағзаға бөтен заттардың (ксенобиотик, xenos-бөтен) әсерінен болады.

III. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Улы заттардың жіктелуі

Жалпы барлық уытты заттар осы заманғы жіктеу бойынша үлкен 2
топқа бөлінеді:
1. Эндогендік улар - әртүрлі патологиялық құбылыстар кезінде ағзаның
өзінде пайда болатын улар (нитрат, нитрит, индол, скатол т.б.).
2. Экзогенді улар - ағзаға сыртқы ортадан келетін уытты заттар. Экзогендік
улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: минерал тектес, өсімдік
тектес, органикалық, бейорганикалық және жануар тектес уытты заттар.
Минерал тектес уытты заттарға: ауыр металл тұздарын жатқызамыз.
Органикалық уытты заттарға : пестицидтер, органикалық қышқылдар
т.б. жатады.
Өсімдік тектес уытты заттарға: алколойдтар, гликозидтер,
сапониндер, эфир майларын жатқызуға болады.
Жануар тектес уытты заттарға : жылан, балық, өрмекші және әртүрлі
буынаяқтылар уы, бактерия, вирус және басқада микроорганизмдердің
токсиндері жатады.
Әдетте эндогендік улардың токсикологияға жанама ғана қатысы бар,
сондықтан, экзогенді улар негізгі зерттеу нысандары болып табылады. Мұнан
басқа мал дәрігерлігі саласында - токсикологияға тікелей қатысы жоқ ерекше
улар тобы - бактериалық улар деп аталатын улар болады. Сондай-ақ, уытты
заттар тегіне байланысты органикалық, органикалық емес, табиғи және
жасанды жолмен алынатын улар деп те бөлінеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін кең көлемде химияландыру, минералды
тыңайтқыштарды, өсімдіктерді әртүрлі аурулардан, зиянкестерден, арам
шөптерден қорғау үшін қолданылатын химикаттардың, жасанды азықтық
қоспалардың көп қолданылуы оларды белгілі бір ретпен жіктеуді талап
етеді. Әдетте, уларды қолданылуына, уыттылық дәрежесіне, қауыптілігіне және
т.б. ерекшеліктеріне байланысты жіктеген жөн.

Өндірістік қолданылуына байланысты пестицидтер (зиянкестерге қарсы
қолданылатын уытты заттар) мынадай топтарға бөлінеді:

1. акарицидтер – кенелерге қарсы қолданылатын заттар.
2. арборицидтер – пайдасыз бұталар мен ағаштарды жою үшін қолданылатын
заттар
3. альгицидтер – су қоймаларындағы балдырларды жоятын заттар.
4. аттрактанттар – зиянды шыбын-шіркейлерді еліктіргіш заттар.
5. афицидтер – өсімдік битіне қарсы қолданатын заттар.
6. гербицидтер – арам шөптерді жоятын заттар.
7. дефолианттар – техникалық дақылдарды машинамен жинау кезінде
өсімдіктердің жапырақтарын түсіретін заттар.
8. десиканттар – өсімдіктерді құрғататын заттар.
9. зооцидтер немесе родентицидтер – кеміргіштерге қарсы қолданатын
заттар.
10. инсектицидтер – зиянкес жәндіктерді жойғыш заттар.
11. моллюскоцидтер немесе лимацидтер – ұлулар мен олардың шырыштарына
қарсы қолданылатын заттар.
12. ларвицидтер – жәндіктер дернәсілдеріне (личинкаларына) өлтіре әсер
ететіндер.
13. нематоцидтер – жұмыр құрттарға қарсы қолданылатын заттар.
14. овицидтер – шыбын шіркейдің жұмыртқаларын жоятын заттар.
15. ретарданттар – өсімдіктердің өсуін реттейтін заттар.
16. репеленттер – жәндіктерді үркітуге арналған заттар.
17. фунгицидтер – әртүрлі зиянды саңырауқұлақтарды жойғыш заттар.
18. ихтиоцидтер – зиянкес арам балық түрлерін жоюға арналған химиялық
заттар.
19. хемостерилянттар – зиянкес шыбын-шіркейлерді ұрықсыздандыратын немесе
еркегінен ұрғашысын айырғыш заттар.
20. Антитрактанттар – зиянды жәндіктерді өзінен алшақтататындар.

Химиялық құрамы бойынша өндірісте пестицидтер негізгі үш топқа бөлінеді:
-органикалық қосылыстар (фосфорорганикалық, хлорорганикалық, жасанды
пиретройдтар, нитрофенолдар, тио- және дитиокарбамин,триазин туындылары);
-бейорганикалық қосылыстар (сынап, мыс, циан, родон және фтордың құрамдас
қосындылары);
- бактерия, вирус, саңырауқұлақ және өсімдік өнімдерінен (немесе өмір
сүруге қабілеті бар өнімдерінен) алынатын пестицидтер (пиретриндер,
антибиотиктер).

Пестицидтердің негізгі зиянды параметрлеріне қарай
гигиеналық жіктелуі.
1. Қарынға еккендегі уытты дәрежесіне қарай (ЛМ50 мгкг) пестицидтер 4-ке
бөлінеді:
а) Өте күшті әсер ететін улы заттар 50-аз
ә) Жоғары улы 50-200
б) Орташа улы 200-1000
в) Улылығы төмен 1000-жоғары
2.Терілік-сіңу(резорбтивті) улылығына қарай(ЛМ50 мгкг) пестицидтер 3-ке
бөлінеді:
а) Айқын көрінетін
ә) Қалыпты көрінетін
б) Әлсіз көрінетін
3. Жинақталуына (кумуляция) қарай (жинақталу коэфиценті-К күн) пестицидтер
4-ке бөлінеді:
а) Жоғары дәрежелі
ә) Көрінекті
б) Біркелкі
в) Әлсіз
4. Төзімділігіне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Өте төзімді 1-2 жыл
ә) Төзімді 6 айдан 1 жылға дейін
б) Біркелкі төзімді 1 айдан 6 айға дейін
в) Әлсіз төзімді 1 айға дейін
5. Бластомогендік әсеріне қарай пестицидтер 4-ке бөлінеді:
а) Айқын канцерогенді
ә) Канцерогенді
б) Әлсіз канцерогенді
в) Бластомогенді
6. Тератогенді әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Айқын тератогенді
б) Тератогенді
7. Эмбрионды- улы әсеріне қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Талғамды-аналық тәсілге улы әсері төмен
б) Біркелкі -әртүрлі әлсіз улы әсерлері бар
8. Аллергиялық құрамына қарай пестицидтер 2-ге бөлінеді:
а) Күшті аллергендер-төменгі мөлшерінің өзі аллергия шақырады
б) Әлсіз аллергендер -жеке мүшелерге әсер ететін аллергиялық заттар

Пестицидтер әртүрлі пішінде шығарылады:
Дусттар - өте ұнтақталған, бүркіп немесе құрғақтай қолдануға болатын
ұнтақтар.
Дымқылдатылған ұнтақтар – сумен араластырғанда төзімді суспензиялар
түзетін ұнтақтар.
Түйіршікті препараттар – топыраққа себілетін пестицидтер.
Ерітінді түріндегі пестицидтер.
Эмульсия концентраттары – сумен араластырғанда төзімді эмульсиялар
түзетін пестицидтер.

2. Ауылшаруашылық жануарларының улану себебі мен сипаты.

Экзогенді улармен уланудың барлық түрінде улану себебі айқын
болғанымен, улы заттардың ағзаға енуі кезіндегі оның жағдайы мен шарттары
әртүрлі болады. Сондықтан, уланудың жағдайы мен себебін анықтағанда,
төмендегідей сұрақтар шешімін тапқаны дұрыс болар еді.
Біріншіден, шаруашылықта улы химикаттар түріндегі кездесетін
улы заттар бар ма немесе кездесе ме, соны анықтап алу керек. Улы
химикаттарға – фтор, барий, мышьяк, сынап, мырыш және басқа заттар, сондай-
ақ, инсектицидтер, гербицидтер, фунгицидтер, дефолианттар және т.б.
жатады. Бұл категорияға кейбір минералды тыңайтқыштарды да жатқызуға
болады. Кәзіргі уақытта, мұндай пестицидтерді қолданбайтын бірде-бір
шаруашылық жоқ. Сондықтан да, олардың тек қана номенклатурасын, санын, әр
препараттың қасиетін, пайдалану туралы сипаттамасын ғана емес, сонымен
бірге, шаруашылықтағы жануарлар мен ұштасу мүмкіндігін есте ұстап, білу
керек.
Уланудың себебін анықтағанда, су көздерінің (бұлақ, бастау, көл,
өзен) жағдайына да көңіл аудару керек. Себебі, ашық ағын сулар химиялық
заттармен ластануы мүмкін, әсіресе олар, зауыт, фабрика және басқа да
мекемелерге жақын орналасса.
Жануарлардың химикаттармен улануы, жайылымдарды ауыл шаруашылық
зиянкестерінен жою барысында пестицидтермен кездейсоқ ластанғанда, басқа да
химиялық заттарға дұрыс көңіл аудармай, оларды әрқилы пайдалануға
байланысты. Құстарға, сондай ақ, жануарларға өте қауіпті болып келетін,
деротизация жасауға арналған препараттарды қолдану ерекше сақтықты қажет
етеді.
Жануарлар минералдық ашығу кезінде улы химикаттарға жататын
минеральды тыңайтқыштармен азықтанып қойса, уланатынын ескеру керек.
Соңғы кездерде ауыл шаруашылығында аммиактық қосылыстарды (несеп нәрі –
мочевина т.б.) қолдану кең таралған. Оларды дұрыс пайдаланбау да
малдардың улануына әкеліп соқтырады.
Шөп коректі жануарлар көбінесе, улы өсімдіктермен ерте көктем
айларында, бір орындағы күтіп бағудан шыққаннан кейін, көк шөптермен
қоректенгенде анағұрлым көп уланады.
Құрғақшылық жылдары, улы өсімдіктердің басым болуына байланысты,
жер отының сапасы өзгергенде, жайылым малдарының жаппай уланатыны белгілі
жағдай.
Тәжірибеде жануарлардың улануы азық ретінде азотты, калий қоспасы бар,
фосфор қоспасы бар тыңайтқыштарды жеп қойғанда, азықты сақтау, тасымалдау
және қолдану ережелері сақталмағанда байқалады. Минералды заттармен улану
әр түрлі жолдармен суға және азыққа улы заттардың түсуінен болады.Күшәләмен
улану күшәлә қоспасы бар препараттарды дұрыс қолданбағанда пайда болады.
Мыстың да қатерлі улылығын ескерген жөн, оны бақша зиянкестеріне қарсы
күресте және жануарларға антгельминтиктер ретінде қолданады. Жануарлардың
улы өсімдіктермен улануы жайлауға шөптің аз болуы кезеңінде айдауы; кейде
улы саңырауқұлақтармен уланады.
Улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда
қауыпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді сақтамау.Құрама жем
шығаратын зауыттарда жемнің сапасын дұрыс бақыламау. Жайылымдар мен
шыбындық жерлерді дұрыс бақылауға алып, қадағаламау. Өсімдіктерді әртүрлі
зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана
білмеу. Егін және мал шаруашылығының мамандарының бір-бірімен байланысының
жоқтығы. Егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минеральды
тыңайтқыштар, улы өсімдіктер туралы білімдерінің таяздығы. Ауыл шаруашылық
мамандарының арасындағы уытты заттар және олардың зияндығы туралы үгіт-
насихат жұмыстарының нашар жүргізілуі.
3. Удың жануарлар ағзасына әсері, малдың улы заттарға сезімталдығы,
ағзаның жағдайы

Токсикодинамика - немесе удың мал ағзасына әсері токсикологияның
негізгі бөлігі болып табылады. Ол мал ағзасына улардың уытты әсер ету
механизмін қарастырады.
Токсикокинетика- малдың жіті және созылмалы улануы кезіндегі улы
заттардың сіңу,таралу, жинақталу және ағзадан бөліну заңдылықтарын
қарастырады.
Ағзаға енуіне байланысты пестицидтер жүйелі (өсімдік бойына сіңіру
арқылы), контактілі (малдың терісі арқылы) және фумиганттар (тыныс алу
жолдары арқылы) түрінде әсер етеді. Сонымен қатар, кейбір пестицидтер
ағзаға енгеннен кейінгі әсеріне байланысты:
1. таңдамалы - бактериалды препарат Лепидоцид тек көбелектерге
қарсы.
2. орташа таңдамалы - Актара препараты барлық жәндіктерге қарсы
қолданылады, бірақ кенелерге әсері өте төмен.
3. әсер ету аясы кең препараттар - жасанды пиретроидтар (кенелермен
басқа да зиянкестерді өлтіре әсер ететіндер) және фосфорорганикалық
қосылыстар.
4. әсер ету аясы өте кең препараттар (Нитрафен) –(зиянкестерді,
кенелерді, құрттарды, арам шөптен саңырауқұлақтарды жою үшін) болып
бөлінеді.

Ағзаның удың зиянды әсеріне қарсы жауап реакциясы көптеген
факторларға байланысты. Олар:
- Малдың уға сезімталдығы.
- Ағзаның жағдайы.
- Удың ағзаға ену жолдары.
- Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері.

Малдың улы заттарға сезімталдығы
Малдәрігерлік токсикология уытты заттардың ауылшаруашылық малдары
мен жабайы жануарларға, сондай-ақ құстарға, балықтарға және пайдалы
жәндіктерге әсерін зерттейді. Жануарлар түрінің уға сезімталдық дәрежесі
бірдей болмайды. У түрлі мал ағзасына әртүрлі әсер етеді. Мысалы: ірі қара
мал ағзасы ұсақ мал ағзасына қарағанда қорғасын қосылыстарына бейім
келеді. Ал жылқылар ірі қара малға қарағанда оймақгүл гликозидтеріне
өте сезімтал келеді. Иттер мен шошқалар үшін ас тұзы өте қауіпті болса,
ал мысықтарға фенол туындыларының препараттары жағымсыз және т.б.
Барлық шөп қоректі жануарлардың улы өсімдіктерге деген
сезімталдығы бірдей емес екендігі ежелден белгілі. Мысалы, ешкілер
темекіге сезімтал, бір бөлімді қарынды малдар үшін, у сасыр өте қауіпті.
Оларды малдар жеген соң, малда В витаминінің жетіспеушілігі
(авитаминоз) басталады, ал көп бөлімді қарынды малдарда байқалмайды.
Себебі, олардың мес қарынында В витаминінің синтезіне у сасыр улы әсер
көрсете алмайды.

Ағзаның жағдайы
Мұнда малдың жасына ерекше мән беріледі. Неғұрлым мал жас
болса, соғұрлым ол мал уға өте сезімтал келеді. Себебі, олар улы заттарды
залалсыздандыра алмайды. Ересек малдардың залалсыздандыру қабілеті
әдетте жақсы. Кейбір жағдайларда малдардың улы заттарға сезімталдығы
олардың жынысына да байланысты болады. Кейбір у түріне ұрғашы малдар
еркек малдарға қарағанда төзімдірек келеді.
Ауру малдың, әсіресе, жұқпалы аурумен ауырған малдың ағзасының
улы заттарға қарсы тұру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Уларға қарсы
әсер бірінші кезекте бауырдың улы заттарды жоятын (детоксикация)
қызметіне байланысты. Өйткені ол қандағы уытты заттардың негізгі сүзгісі
болып табылады. Ауру кезінде, әсіресе, жұқпалы аурулар кезінде,
бауырдың бұл қызметі әлсірейді және жүйке, эндокринді жүйелердің удың
әсеріне сезімталдығы жоғарылайды да, ағзаның улы заттарға жауап беру
қабілеті төмендейді.
Ағзаның уға жауап беру реакциясы көптеген клиникалық белгілер
түрінде байқалады. Дегенмен, ағзада функционалдық өзгерістер тек удың
уытты және летальді мөлшері әсер еткенде ғана қалыптасады. Созылмалы
улану кезінде удың зиянды әсерінің клиникалық белгісі байқалмауы да
мүмкін Бірақ, ол залалсыздандырудың негізгі мүшесі – бауырға айтарлықтай
зиянды әсерін тигізеді. Осының нәтижесінде бауырдың басқа да зиянды
факторларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Улы заттардың ағзаға аз мөлшерде, бірақ ұзақ уақыт енуі,
олардың ағзада жинақталып, кумуляциялануына, сондай-ақ, ағзаның гипо және
гиперсенсибилизациясына әкеліп соқтыруы мүмкін.

4. Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі

Улы заттардың ағзаға ену жолдары, сіңу жылдамдығы токсикологияда
аса маңызды болып саналады. Мал дәрігерлік токсикологияда ағзаға удың ауыз
арқылы ену жолы негізгі маңызға ие. Қарында улы заттар азықпен, қарын
сөлімен, ондағы микрофлоралармен араласады. Мұның бәрі қарынға түскен улы
заттардың физикалық - химиялық құрылымына және уытттылығына әсер етеді.
Мысалы, құрамында алколойдтары бар өсімдіктер қарынға түскенде азық
есебінен уыттылығын жоғалтады, ал каломель қарында уытты әсер ете
алмайды, бірақ кейбір жағдайларда сулемаға айналып кетуі мүмкін. Өз
кезегінде, ол өте уытты. Құсқан кезде қарыннан улы заттар шықпаса, онда
кілегей қабықтардың сору қабілеті нашарлап, у ащы ішекке, одан ары
қанға, қан арқылы бауырға өтеді. Тоқ ішекте ащы ішекке қарағанда удың
сорылуы аз деңгейде болады.
Тыныс алу (ингаляциялық) жолмен ағзаға газ тәрізді улы заттар
(көміртегі тотығы , күкіртті сутегі, аммиак) т.б. аэрозольдар, шаң-тозаң
түсуі мүмкін. Бұл жолмен ағзаға түскен у өкепе арқылы сорылып, онда күшті
тітіркенген өкпе ұлпалары қабынуға ұшырайды (хлор, фосген) немесе өкпе
арқылы қанға сіңіп, ағзаға резорбтивті әсер етеді.
Улы заттар әртүрлі ағзалардың кілегей қабықтары арқылы да
сорыла алады. Сонымен қатар, көз конъюктивасы, жыныс мүшелерінің кілегей
қабықтары, қуық арқылы да енеді. Бірақ, бұлардың мал дәрігерлік
токсикология тәжірибесінде маңызы шамалы. Кейбір улы заттар тері арқылы
да енуі мүмкін.

Ағзадан удың бөлінуі
Улы заттар ағзадан әртүрлі жолмен бөлініп шығады.
- Алиментарлы жолмен түскен улар ағзадан құсу актісі арқылы шығуы
мүмкін,
- ал удың сорылып болғаннан кейінгі негізгі шығу жолы бүйрек пен
несеп шығару жолдары болып табылады. Көбінесе улардың ағзадан
бөлінуіне ас қорыту жолы (қи, нәжіс), тыныс алу мүшелері және бездер
(сүт, сілекей, тері) белсенді әсер етеді.
- Улы заттар ағзадан құсу арқылы шыққанда, олар өзгермеген күйде
шығады. Сондықтан, құсықты зерттеудің улануды балаудағы маңызы өте құнды
болып есептеледі. Бұл соттық ветеринария жағынан да аса маңызды.
Несеп сынамаларын зерттеген кезде көп жағдайда удың өзі емес
қалдықтары табылады. Бұл атропин, стрихнин секілді заттармен уланғанда
болуы мүмкін. Несеп бөлу мүшелері арқылы суда еритін және ағзаға қан
арқылы таралатын заттар шығарылады. Несептің құрамында алколойдтар,
нитраттар, эфир майлары, метал қосылыстары болады. Жіті және созылмалы
улануларда несепті зерттеудің улануды балауда маңызы зор. Құсу актісі тән
емес барлық малдарда улы заттар нәжіспен шығарылады. Бұл негізінен ірі
қара малы мен жылқыларға қатысты. Дегенмен, құсу актісі тән болса да, улы
заттың бір бөлігі нәжіс арқылы шығарылады. Бұл көбінесе, удың ішекте
нашар ыдырап, қанның құрамына енбеген жағдайда болады. Осындай жолмен
ағзадан алколойдтар, металл қосындылары, кейбір улы заттар өзгермеген
қалпында бөлініп шығады.
Мал дәрігерлік токсикологияда улы заттардың деммен (тыныс алу)
бөлінуінің маңызы да айтарлықтай. Мысалы: шыққан ауадан сарымсақтың иісі
шықса, онда ол мышьяк қосылыстарымен уланғандығын көрсетеді.
Сонымен қатар, кейбір уытты заттар едәуір мөлшерде сүтпен
бөлінеді. Әсіресе, сүттің құрамындағы хлорорганикалық қосылыстардың (ДДҮ,
гексахлоран т.б.) болуы, жас төлдер мен адамдарға қауіп төндіреді. Тірі
кезіндегі созылмалы улануды анықтау үшін, экскретті зерттеу құнды
болып табылады (зәр, нәжіс, құсық массасы).

5. Удың ағзаға таралуы және оның талғамалы әсері, улы заттардың
ағзадағы күйі және оларды залалсыздандыру жолдары

Улы заттар жергілікті және жалпы әсер етеді.
- Жергілікті әсер еткенде улы заттар сол жердегі ұлпалармен ғана
байланысқа түседі. - Ал жалпы әсер еткенде улы зат қанға түседі де,
бүкіл ағзаға таралады және жекелеген мүшелер жүйесін зақымдайды да,
клиникалық белгілері пайда болады.
Улы заттар мал ағзасына талғамалы әсер еткенде жүйке жүйесін, ас
қорыту жолдарын зақымдайды, бұл улы заттардың ағзаға таралуының негізгі
көрінісі болып табылады.
Улы заттардың резорбтивті (қанға сіңгеннен кейінгі) әсері
ағзаның қан тамырлар жүйесімен тығыз байланысты болады. Қандағы
өзгерістер қозу және тежелу түрінде білінуі мүмкін. Қан улы заттарды
бүкіл ағзаға тасымалдайды және жүйке ұлпасына да жеткізеді, жүйке
қызметінің бұзылуы, қатерлі белгілер пайда болады. Жүйке жүйесін
зақымдайтын улы заттарға есірткілер, гликозидтер және алколойдтар жатады.

Ағзаға түскен улы зат ұлпалармен өзара әрекеттесу барысында
көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер удың физиклық - химиялық
қасиеттерімен анықталады, сондай-ақ ағзаның залалсызданыдыру
мүмкіндігіне немесе удың бөлінуіне де байланысты болады.

Улы заттардың ағзадағы күйі және оларды
залалсыздандыру жолдары
Кейбір улар ағзада сорылып (сіңіріліп), ұлпалар мен торшаларға
таралып, олармен өзара әсерлеседі. Улы заттардың ағзада таралуы бірдей
немесе кейбір мүшелерге көп мөлшерде таңдамалы түрде жинақталуы мүмкін.
Сондықтан да мүшелердің зақымдалуы әртүрлі бағытта болады. Әсіресе
алиментарлы (азықтық) улану кезінде улы заттар бауырда көп жинақталынады.
Сонымен қатар, көп жағдайда зақымданған мүшелерде у залалсызданады.
Мұндай жағдайлар көбінесе созылмалы улану кезінде байқалады. Мысалы:
фтор қосылыстары сүйек ұлпасында немесе хлорорганикалық қосылыстардың май
ұлпаларында шөгуінен ( қор - депо) пайда болады. Бұл ауыр металдар мен
басқада көптеген улы заттарға да қатысты.
Көп жағдайда улардың ағзада әртүрлі қосындыларға айналуы қиынға
түседі. Осыдан барып ағза көптеген улар үшін ыңғайлы
залалсыздандыратын орын болып табылады.
Ағзада өтетін тотығу-тотықсыздану реакциялары немесе кешенді
құрылымдар түзілуі улы заттардың құрылысын өзгертіп, концентрациясын
төмендетіп, моллекулаларының ыдырауына әкеліп соқтырады. Ағзада тотығу
реакциясы өте жақсы жүреді, бұл көптеген улы заттарға да әсер етеді.
Нитриттердің - нитратқа, альдегидтердің - қышқылдарға, бензолдың - фенолға,
морфиннің - оксиморфинге айналуын атап көрсетуге болады.
Бауырда кейбір улы заттар күкіртпен кешенді қосылыс түзеді.
Осының нәтижесінде фенол туындылары залалсызданады, фенильсульфаттар
күкіртпен қосылады. Ескертетін нәрсе: удың залалсыздануына ағзаның
әртүрлі жүйелері де әсер етеді. Бұл жағдайда ферментті жүйелер де
ескеріледі. Кейбір улар ферменттердің маңыздылығын төмендетеді және
ағзаның улануына әкеліп соғады. Бұған мысал: фосфорорганикалық заттар
холинэстеразаның ингибиторы болып табылады.
Кейбір улар ағзада тез бұзылады, керісінше біреулері біртіндеп
өзгереді. Созылмалы уланулар нәтижесінде ағзаға түскен улар
жинақталып,кумулятивті әсер етеді.

6. Жіті және созылмалы уланулар туралы түсінік, улануды клиникалық
бағалау

Улану деп- жануар ағзасына улы заттар енгенде болатын
патологиялық өзгерістерді айтамыз. Улану уақыты жіті және созылмалы болып
бөлінеді.
1. Жіті улану - құстарда немесе жануарларда клиникалық белгілердің
кенеттен байқалуымен және ауыр жағдайда өтуімен сипатталады, ол
көбінесе кенеттен болатын өліммен аяқталады. Жіті улану кезінде ағзаға
түскен удың уыттылығы мен ағзаның жағдайынның шешуші маңызы бар.
2. Созылмалы улану - көбінесе клиникалық белгілердің жасырын өтуімен
және жануарлардың жалпы жағдайының аз ғана өзгеруімен сипатталады.

Ағзаға ұзақ уақыт ішінде, улы заттардың аз мөлшерінің енуі,
созылмалы уланудың негізгі себебі болып табылады. Созылмалы улану,
жануарлардың өлуіне әкеп соқтырмайды, бірақ олардың өнімділігін
айтарлықтай төмендетеді. Бұдан бөлек, мұндай жануарларды союға мәжбүр
болған жағдайда, олардың етінде у қалдығының аздаған мөлшерінің кездесуі
мүмкін екенін ескере отырып, олардан алынған етке сақтықпен қараған жөн .
Бұл, әсіресе, паренхиматозды мүшелерге және бірінші кезекте, бауырға
тән.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы пестицидтердің кең таралып,
нығаюына байланысты, улы заттардың өсімдіктерден адам ағзасына жануарлар
арқылы енуі маңызды мәселе болып отыр. Медициналық токсикология бұл
проблемаға ертеден-ақ үлкен көңіл бөлуде. Бұл мәселеге ветеринарлық
токсикологияның да қызығушылығы жоғалған жоқ.

Улануды клиникалық бағалау
Жануарлардың улануының басқа аурулардан айырмашылығы, оның өзіне
тән өту сатысы және ерекшелік сипаттары бар.
Олардың негізгілері болып мыналар табылады:
-аурудың аяқ асты болуы, қарқынды өту кезі және ауырған жануарлар мен
құстардың жіті өлімі.
-аурудың азық қабылдаудан болуы (немесе соған тәуелділігі)
-бірнеше жануарлардың бір уақытта улануы (ауруы).
-контагиоздың болмауы (жұғымталдығы).
-жүйке, ас қорыту жүйесі жұмысының бұзылу белгілерінің білінуі.
Улануды балау айтарлықтай қиыншылықтарды көрсетеді. Улануға тек
клиникалық белгілеріне қарап, балау қоя беру әрқашан мүмкін бола бермейді.

Улануға балау қоюдағы бірінші кезектегі міндет- шаруашылықта
жұқпалы арулардың бар-жоқтығын ескеру қажет. Өйткені, жұқпалы аурулар мен
уланудың клиникалық белгілері бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Мысалы,
жұқпалы ауру шыққан шаруашылықтардағы малдарға уланған деп балау қойсақ,
нәтижесінде малдардың жаппай қырылуы, ал керісінше, уланған малдарды
жұқпалы аурумен ауырған деген шешімге келсек немесе балауда кеткен басқа
да қателіктер шаруашылыққа карантинмен, шектеу шараларымен аяқталатын
үлкен экономикалық шығын немесе зардап әкеледі.
Улануға және инфекциялық ауруларға ажырата балау қоюда дене
температурасын өлшеудің маңызы зор. Мысалы, уланудың басым көпшілігінде,
жануарлардың дене температурасы қалыпты немесе қалыпты мөлшерден төмен
болатын болса, ал инфекциялық ауруларда керісінше, температура әдетте
жоғары болады.
Улануға клиникалық балау қойғанда төмендегі екі белгі дұрыс бағыт
беруі мүмкін:
1. Ас қорыту жүйесіндегі өзгерістер - пальпация кезінде ауырсыну,
құсу, іш өту (газ жиналу – тимпания).
2. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы - талма,қозу және қысылу,
жоғары сезімталдық (гиперестезия) , т.б.
Көптеген уланулар орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуымен
ерекшелінеді. Мырыш, нитрит-нитраттармен және фенол қосындыларымен
уланғанда жануарларда қозу, кейде қысылу және кұйзелуі секілді жүйкелік
өзгерістер байқалады. Құрамында миметикалық заттары бар
фосфорорганикалық заттармен уланғанда парасимпатикалық жүйке жүйесі
зақымданып, көз қарашығының тарылуы, саливация (сілекей ағу), тыныс алудың
және жүрек ритмінің бәсеңдеуі секілді белгілер байқалады.
Құрамында парасимпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін заттарға
жататын атропин алколоиды бар өсімдіктерден немесе препараттардан
уланғанда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуы, көз қарашығының кеңейюі және
тамыр соғуының жиілеуі байқалады. Сонымен қатар, цианогенді
гликозидтерден, нитрат-нитриттерден уланғанда, тыныс алу жүйесі зақымданып,
тыныс алудың жиілеуі және қиындауы, тиомочевинадан уланғанда - өкпе ісініп,
малдың тұншығуы, зооцидтерден уланған малдарда жүрек - қан тамыр жүйесі
зақымданып, нүктелі қан толулар секілді белгілерді байқауға болады.
Улануға балау қоюда несеп бөлінудің бұзылуы және несеп құрылысы мен
қасиеті өзгерісінің айтарлықтай маңызы бар.
Нитраттармен уланғанда несеп бөліну бұзылып, полиурия, гематурия;
сынап қосылыстарымен уланғанда олигурия секілді белгілер білінеді.
Хлораттар мен нитраттардан, сондай-ақ люпиннен, еркек у сасырдан және басқа
өсімдіктермен уланғанда несеп түсінің өзгеруі байқалады.
Уланудағы байқалған кейбір белгілерге қарай салып жануарлардың
улануына балау қою мүмкін емес.
Нақты балауды төмендегідей белгілерге қарап қоюға болады:
-мал өлексесіндегі клиникалық белгілер.
-сойғандағы патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
-химиялық-токсикологиялық талдаудың нәтижесі (азық қалдығы, құсық
массасы, несепті, патологиялық материалдарды, химикаттарды тексеру
нәтижесі).

7. Уланудағы болжау, уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық
өзгерістер

Жануарлардағы улануды болжау әртүрлі болады. Ол көптеген
себептермен анықталады, басты себептері болып мыналар саналады:
- Удың белсенділігі.
- Ағзадан улардың тез шығуы немесе олардың бейтараптануы
- Ағзаға енген удың мөлшері және оның құрамы (концентрациясы,
жағдайы).
- Ағзаның физиологиялық дәрежесінің бұзылуы.
- Удың ағзаға әсері және енген кезде байқалатын реакциясының
көрінуімен сипатталатын клиникалық белгілер, болжау шешуші факторы
болып табылады. Ағзаға енген удың концентрациясына, олардың түрлеріне,
малдың жалпы жағдайына және клиникалық белгілеріне байланысты болжау
кебір жағдайларда қолайлы, кейде қолайсыз болып табылады.

Уланған мал өлексесіндегі патологиялық-анатомиялық
өзгерістер
Уланған мал өлексесін союдың тек балаулық қана емес, сондай-ақ,
соттық-ветеринарлық маңызы да бар.
Соттық-ветеринарлық сою соттық-ветеринарлық сараптаудың бір
бөлігі болып табылады және тергеу мекемелерінің қатысуымен жүргізіледі.
Өлексені диагностикалық сою тек ұлпалар мен мүшелердегі
өзгерістерді анықтау үшін ғана емес, сонымен бірге гистологиялық және
басқа да зерттеулерге сынама алу мақсатында жүргізіледі. Соңғылары,
әсіресе, жіті улану кезінде макроскопиялық өзгерістері байқалмаған
жағдайда өте қажет.
Өлексені диагностикалық сою кезінде, алиментарлық уланудан ас
қорыту жүйесінде, бауырда және несеп-нәжіс бөлетін мүшелерде айтарлықтай
өзгерістер болатынын есте ұстау керек.
Улануды балауда асқазандағы азық қалдығын тексерудің және иісінің зор
маңызы бар. Мысалы, мышьяк қосылыстарынан уланғанда сарымсақ иісі шығып
тұрады.
Бауырдағы өзгерістер әртүрлі болып келеді және ол өзгерістерді
жіті уланумен қатар, созылмалы интоксикация кезінде де анық байқауға
болады. Мысалы, люпиннен, ауыр металл қосындыларынан және хлор
препараттарынан созылмалы уланғанда бауырдың сарғыштанып, атрофиялануы
(семуі) сияқты белгілер білінеді.
Улану кезінде, несеп бөлу ағзаларында да үлкен өзгерістер болады.
Мысалы, айқын көрінетін нефроз сынап қосылыстарынан уланғанда көрініс
тапса, нитраттармен уланғанда гиперемиялық қан ұюларды байқауға болады.
Сондай-ақ, қан түсінің өзгеруінің де үлкен диагностикалық құндылығы бар.
Мысалы, сутек тотығынан уланғанда қан қызыл шие түстеніп кетсе,
метгемоглобин түзетін улармен уланғанда қан қоңыр немесе қоңырқай (шоколад
түстес) түстеніп кетеді.

8. Улануды емдеудің жалпы принциптері, улану кезінде көрсетілетін
алғашқы көмек, уланудың алдын алу

Улану, басқа жұқпалы аурулардан айтарлықтай белгілермен ерекшеленетін
категорияға жататын ауру. Жіті улану күтпеген жерден болады. Сондықтан
да, улануды емдеуде шешуші маңызы бар алғашқы көмек, уланған жануарға дер
кезінде көрсетілуі керек.
Уланған малға алғашқы көмекті дәрігер келгенге дейін, мал шаруашылық
мекемелерінің жұмысшылары көрсетуі тиіс. Ол үшін:
1. Жануар ағзасына удың ары қарай түсуін тоқтатуы
2. Ағзаға еніп кеткен удың әсерін төмендету
3. Уланған жануар өмірін сақтайтын шаралар қолдану
4. Басқа жануарларда улану белгілері басталмай тұрғанда, күмәнді
азықты алып тастап, сол жануарлардың ағзасына удың енуін тоқтатып
немесе қысқартып қалу
5. Жануарларға көп мөлшерде су беру
6. Егер мүмкіндік болса, жануарды қорадан таза ауаға алып шығу.
7. Дәрігердің келуін тездетіп, оның көмегіне сүйену керек.

Жануардың түріне қарай, олардың ағзасындағы уды әртүрлі
әдістермен бейтараптауға болады. Кейбір құсу актісі тән жануарлар ағзасын
улы заттан босату мақсатында құстыратын заттар береді (апоморфин,
вератрин). Ірі қара, жылқылардың асқазанындағы уды зонтпен жуу арқылы, ал
кейбір жағдайларда руминаторлық дәрілік заттар көмегімен сыртқа шығаруға
болады. Асқазанындағы улы заттарды тазалап алып тастағанменде, онда удың
аздаған мөлшері қалып қалатынын есте ұстау керек. Ағзадағы улы заттар
әсерін жою үшін, асқазан-ішек жолдарында олардың сорылуын азайтып, олардың
уытты әсерін жоюға жағдай жасау керек. Осындай жағдайларда кілегейлі және
ақзаттық препараттар қолданылады. Бұларға: алтей тамырының қайнатпасы,
зығыр дәні, тауық жұмыртқасы және басқа да құрамында кілегей, крахмал,
ақзаты және сүті бар препараттар жатады. Бұл заттар ішек қарын,
асқазанның кілегейлі қабығын жұқа қабатпен жаба отырып, удың сіңімділігін
төмендетеді, сонымен бірге, кейбір улы заттардың тітікендіргіштік және
күйдіретін әсерінен қорғайды .
Улануды емдеуде адсорбенттерді қолданудың маңызы өте зор.
Адсорбция - ас қорыту жүйесіне улы заттардың сіңуін айтарлықтай немесе
толық тоқтатып тастай алатын, өте құнды физикалық әдіс. Адсорбентті заттар
удың құрылысын бұза алмаса да, қолданғанда, олардың ағзаға әсерін тежейді.
Уланғанда қолданылатын негізгі адсорбенттердің бірі-
белсендірілген көмір. Оның алколойдтарды, сынап және мышьяк қосылыстарын,
әртүрлі газ түзгіш уытты заттарды сіңіру қасиеті өте жоғары. Бірақ,
қарындағы уға қарағанда, оның ішектегі уға әсері өте әлсіз. Сондықтан,
малдың уланғанына біршама уақыт өтіп кетсе, адсорбенттермен қатар, белсенді
іш өткізгіштер (карбохолин, пилокарпин,прозерин,глаубер тұзы) берсе, ем
нәтижелі болары сөзсіз.
Төмендегі екі түрлі әдіспен ағзаға түскен уды құрғатуға және
олардың уыттылық қасиетін жоюға болады:
- физикалық- улы заттардың адсорбциясы;
- химиялық- улы заттардың құрамының бұзылуы
Улы заттардың құрылымын бұзып, ыдыратып, уытты әсерін тоқтату
үшін уға қарсы заттар қыбылдайды. Кәзіргі уақытта уға қарсы заттар
антидоттар деген жалпы атпен кең таралған.
Фосфорорганикалық және карбаматты пестицидтерден уланғанда:
атропин сульфаты - бронхоспазм, көз қарашығының тарылуы (миоз), сілекей
ағу, қаңқа бұлшық еттерінің треморы және дірілі секілді клиникалық
белгілерді жою үшін; тропацин - антихолинэстеразды заттардың жүйке жүйесін
салдандыратын уытты әсерін жоятын холинолитик ретінде; фосфолитин-
холинолитикалық әсер ететін атропин тәрізді химиялық зат түрінде;
дипироксин - фосфорорганикалық қосылыстардың уытты әсерінен қызметі
төмендеген жүйке жүйесіндегі ацетилхолинэстеразаны қуаттандыратын зат
ретінде қолданылады. Бұлармен қатар, диэтиксим, токсогонин, изонитрозин,
дипраксим секілді антидоттар көмегімен уланудың бетін қайтаруға болады.
Хлорорганикалық қосылыстардан уланғанда токоферол ацетатының (Е
витамині ацетаты) антидоттық әсері өте жоғары.
Ауыр металдардан уланғанда: унитиол - жіті және созылмалы
уланғанда жоғары дәрежелі емдік қасиет көрсететін антидот; тетацин-кальций
- қорғасын, сынап, кобальт және кадмий сияқты металдармен уланғанда
қолданылады; пеницилламин - мыс, мышьяк және т. б. заттармен уланғанда
қолданылатын у қайтарғыш.
Цианид, синил қышқылы және селеннен уланғанда тиосульфат
натрийдің, натрий нитриттің, амилнитриттің емдік қасиеті өте нәтижелі.
Фтордан, ас тұзынан уланғанда ішке әк суын және 10%-ды хлорлы
кальций ерітіндісін 0,1 мгкг мөлшерінде күре тамырға егеді. Кейбір кездері
антидоттардың орнына, улардың преципитациясын немесе тұнуын болдыратын
заттарды да қолданады. Бұл жағдайда танин және иод ерітіндісі үлкен
белсенділік танытады. Таниннің (еменнің қабығы ерітіндісі) 1%-дық сулы
ерітіндісі немесе 10-20%-дық концентрациясы алколойдарды тұндырады. Йод
ерітіндісі алколойдтарды шөктіреді, кобальт және мырыш қосылыстарының
белсенділігін айтарлықтай төмендетеді. Ақ мышьякпен және кейбір
алколойдтармен (морфин, кониин, атропин) уланғанда танинді антидот ретінде
қолдану керексіз.
Умен қосыла отырып, оның құрылымын өзгертетін және кешендік
сипаты бар қосылыстар түзетін уыттылығы жоқ дәрілік заттарды арнайы
(спецификалық) антидот деп санауға болады. Мұндай әсердің көрнекті мысалы
ретінде, ауыр металмен қатынастағы дикаптол және унитолды (әсіресе
құрамында сынап және мышьяк бар препараттарды) айтуға болады. Спецификалық,
бірақ поливалентті антидоттарға кейбір темір қосылыстарын, магний
күкіртсутегін және т.б. жатқызуға болады.
Ағзаны улы заттардан тазалаған соң, зақымданған мүшелердің жағдайын
жақсарту, яғни, симптоматикалық көмек көрсету керек.
Орталық жүйке жүйесі жағынан болған өзгерістер қысылуымен,
тежелумен аяқталса, оған стрихини, ал қозғанда барбитураттарды қолдануға
болады. Жүрек - қан тамыр жүйесі әлсірегенде, оның жұмысының жақсаруына
камфора, кофеин және кордиамин препараттары көмектеседі. Асфиксиямен
аяқталатын улануларда көмірқышқыл газын қолдану, ал синиль қышқылымен
уланғанда метгемоглобин түзушілерді қолдануға кеңес беріледі.
Уланудың алдын алу
Ауыл шаруашылығын жаппай химияландыру жағдайында малдардың,
сонымен қатар, құстардың, балықтардың және бал араларының улануының алдын-
алу – мал дәрігерлерінің және т.б. ауыл шаруашылығы мамандарының
біліктілігін көрсететін негізгі міндет. Бұл мамандар минералды
тыңайтқыштардың қолданылу уақытын, ағзаға әсерін және қауіптілік деңгейін
білгені жөн. Мысалы, аммиак селитрасы мақта талшығы, күнжаралармен
әсерлескенде жарылғыш келеді; сусыз аммиак тез жанғыш зат, ауамен
әрекеттесіп, жарылыс тудыруы мүмкін; мочевинаны дайындау ережелерін дұрыс
сақтамау өте уытты биуреттер түзілуіне әкеліп соқтырады; аммоний сульфатын
роданды натриймен немесе аммониймен араластырса, уыттылығы арта түседі;
бутифос, антио, кельтан, сайфос,севин жарылыс немесе өрт тудыратын
қасиеттерімен ерекшелінетін пестицидтер. Сонымен қатар, бромды метил,
глифтор, гранозан, зоокумарин, меркургексан, мырыш фосфиді уыттылығы өте
күшті заттар болса, реглон, фталофос, гексахлоран жоғары уытты заттар
қатарына жатады.
Пестицидтермен өңделген жайылымдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық-түлік тауарларының сапасын бақылау. сапа әдістері және деңгейі өнімдердің пестицидтермен ластануы. оларға гигиеналық сипаттама
Уланған және еріксіз сойылған сазқұндыз өнімдерін ветеринариялық – санитариялық сараптау
Сиыр және жас малдың етін бөлу
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық-санитариялық, токсикологиялық бағалау жайлы ақпарат
Ауыр енбекпен және спортпен айналысатындардың тамактану ерекшелігі, Азық түлік тауарларының сапасын бақылау
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Ауыр еңбекпен және спортпен айналысатындардың тамақтану ерекшелігі. Азық-түлік тауарларының сапасын бақылау туралы ақпарат
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Пәндер