Жарғақ қанаттылар (hymenoptera)



I. Кіріспе
А) Жарғаққанаттылардың жіктелу жүйесі
Б) Жарғаққанаттылар морфологиясы
II.Негізгі бөлім
А) Биологиясы түрленіп дамуы
Б) Өсімдікті зақымдау беглісі және зақымданатын өсімдіктің мүшесі
В) Табиғи жаулары мен аурулары
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттертізімі
Қазба қалдықтары триас кезеңінен бері сақталған, 300 мыңға дейін түрі Жер шарында кеңінен таралған. Жарғақ қанаттылар қондырма құрсақтылар (Phytorhaga), шағатын Жарғақ қанаттылар (Aculeata) және паразит Жарғақ қанаттылар (Parasіtіca) болып 3 отряд тармағына бөлінеді. Кейде соңғы екеуін біріктіріп — қынама (сабақты) құрсақтылар (Apocryta) деп атайды. Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0,2 мм-ден 6 см-ге дейін. Ересектерінің 2 жұп жарғақ қанаттары болады, артқы кішілеу қанаттары алдыңғыларына ілгекшелермен жалғанады. Қанаттарының жүйкеленуі сирек, ересектерінің кейбір түрлерінде қанаттары айрылған. Төменгі сатыдағы Жарғақ қанаттылардың ауыз қуысы кеміргіш типті, жоғарғы сатыдағыларының ауыз қуысы кеміріп жалағыш немесе сорғыш типті болады. Аналықтарында болатын жұмыртқа салу өсіндісі шағатын Жарғақ қанаттыларда шағу органы — піскекке айналған. Жарғақ қанаттылар — толық түрленіп дамитын жануарлар. Тіршілік ету ерекшеліктері және ортаға бейімделуі әр түрлі. Табиғи экожүйелерде гүлді өсімдіктердің тозаңын тасымалдаушылар, буынаяқтылардың санын реттеуші жыртқыштар және паразиттер ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Жарғақ қанаттылардың ішінде ұрпағына қамқорлық жасап, қауымдасып тіршілік ететін түрлер және орман шаруашылығы мен мәдени өсімдіктердің зиянкестері де кездеседі. Кейбір паразит түрлері (мысалы Trіchogramma evanescens) ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы биологиялық әдістермен күресу мақсатында пайдаланылады. Ал қолға үйретілген бал арасынан ерте замандардан бері емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады;

Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
А) Жарғаққанаттылардың жіктелу жүйесі
Б) Жарғаққанаттылар морфологиясы
II.Негізгі бөлім
А) Биологиясы түрленіп дамуы
Б) Өсімдікті зақымдау беглісі және зақымданатын өсімдіктің мүшесі
В) Табиғи жаулары мен аурулары
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттертізімі


Жарғақ қанаттылар (Hymenoptera) -- жәндіктер класының бір отряды.
Қазба қалдықтары триас кезеңінен бері сақталған, 300 мыңға дейін түрі Жер шарында кеңінен таралған. Жарғақ қанаттылар қондырма құрсақтылар (Phytorhaga), шағатын Жарғақ қанаттылар (Aculeata) және паразит Жарғақ қанаттылар (Parasіtіca) болып 3 отряд тармағына бөлінеді. Кейде соңғы екеуін біріктіріп -- қынама (сабақты) құрсақтылар (Apocryta) деп атайды. Жарғақ қанаттылардың дене тұрқы 0,2 мм-ден 6 см-ге дейін. Ересектерінің 2 жұп жарғақ қанаттары болады, артқы кішілеу қанаттары алдыңғыларына ілгекшелермен жалғанады. Қанаттарының жүйкеленуі сирек, ересектерінің кейбір түрлерінде қанаттары айрылған. Төменгі сатыдағы Жарғақ қанаттылардың ауыз қуысы кеміргіш типті, жоғарғы сатыдағыларының ауыз қуысы кеміріп жалағыш немесе сорғыш типті болады. Аналықтарында болатын жұмыртқа салу өсіндісі шағатын Жарғақ қанаттыларда шағу органы -- піскекке айналған. Жарғақ қанаттылар -- толық түрленіп дамитын жануарлар. Тіршілік ету ерекшеліктері және ортаға бейімделуі әр түрлі. Табиғи экожүйелерде гүлді өсімдіктердің тозаңын тасымалдаушылар, буынаяқтылардың санын реттеуші жыртқыштар және паразиттер ретінде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, Жарғақ қанаттылардың ішінде ұрпағына қамқорлық жасап, қауымдасып тіршілік ететін түрлер және орман шаруашылығы мен мәдени өсімдіктердің зиянкестері де кездеседі. Кейбір паразит түрлері (мысалы Trіchogramma evanescens) ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы биологиялық әдістермен күресу мақсатында пайдаланылады. Ал қолға үйретілген бал арасынан ерте замандардан бері емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады;

Бұл отряд денесінің ұзындығы 0,2 мм - 60 мм болатын біртекті 2 жұп жарғақ қанаты бар әр түрлі насекомдарды біріктіреді. Кейбір формаларында (мысалы, жұмысшы құмырсқаларда, кейбір шаншарлардың ұрғашыларында) қанат болмайды. Мұртшалары жіп тәрізді, бүгілмелі, кейде қауырсын және таспік тәрізді болады. Ауыз аппараты кеміргіш, кеміріп жалағыш, кейде редукцияланған.
Құрсағы қондырмалы, аспалы, сабақшалы болады, яғни кеудемен өте жіңішкеріп қылталанған немесе әр түрлі дәрежеде ұзарған бунақ арқылы жалғасады. Ұрғашыларында жақсы жетілген жұмыртқа салғыш қынабы болады. Бал ара мен жабайы арада жұмыртқа қынабы бізгекке айналған. Личинкалары құрт тәрізді немесе жалған жұлдызқұрттар. Қуыршақтары ашық, көбінесе піллә ішінде болады.
Түрлерінің саны жағынан тек қоңыздар мен көбелектерден ғана кем, ең ірі отрядтардың бірі - 100 мыңнан аса түрлері бар. Соның ішінде біздің елде 10 мыңдайы кездеседі. Қоректену сипаты және маңызы жағынан жарғақ қанаттылар алуан түрлі. Олар фитофагтар және галла түзушілер, гүл шырынын және тозаңын пайдаланушылар, жыртқыштар және насекомдардың паразиттері болып саналады.
Жарғақ қанаттылар отряды қондырма құрсақтылар және сабақшалы құрсақтылар деп аталатын 2 отряд тармағына бөлінеді.
Қондырма құрсақтылар отряд тармағы - Symphita. Құрсағы қондырма типіне жататын, аяғының ұршық бөлімі 2 бунақтан тұратын, тек өсімдіктермен ғана қоректенетін насекомдар. Оларға орман ағаштарына зиян келтіретін мүйізқұйрықтылар мен егеушілердің бірқатар тұқымдастары жатады.
Сабақ егеушілер тұқымдасы - Cephidae. Денесі бүйір жақтарынан аздап қабысқан, басы жұмыр, ұзындығы 7-15 мм ірі немесе орташа насекомдар. Алдыңғы сирақтары бір тепкілі. Личинкаларын жалған жұлдызқұрттар деп атайды, түстері ақ, сарғыш, шала дамыған көкірек аяқтары S - әрпі тәрізді иілген. Құрсағының ұшында түтікше тәрізді без болады
Жарғақ қанаттылар бунақденелілер класының ішіндегі эволюциясы жақсы дамыған түрге бай топ. Бұларға: шаншарлар, ара құйрықтылыр, аралар, наездниктер, құмырсқалар т.б. жатады. Бұлардың екі жұп жарғақ тәрізді қанаты бар, соңғы қанаты алдыңғы қанатынан кішірек болып келеді. Басы көкірегімен қозғалмалы болып жалғасқан. Басында күрделі көздері болады. Ауыздарының құрылысы әр түрлі: көпшілігінікі кеміргіш, ал аралардікі сорғыш, жалағышта болады.
Төменгі сатыдағы жарғақ қанаттылардың (ұрғашылырында) құрсағының ұшында (шаншарларда) жұмыртқа салғышы, ал жоғарғы сатыларында (араларда) жұмыртқа салғыш өзгеріп шаншарға айналады. Дернәсілдері аяқсыз басы нашар жетілген, соқыр, құрт тәрізді болады. Әсіресе ондай ерекшеліктер қауымдасып тіршілік ететін аралар мен құмырысқаларда жүйке жүйесінің қызметі жақсы жетілген. Өйткені ұя салуда, ұрпақтарын күтіп, асырауда жүйке жүйесінің қызметі жақсы көрінеді. Бұлардың арасында көптеген түрлер қауымдасып тіршілік етеді.
Сондықтан ондай қауымның ішінде, аналық, аталық жыныс мүшелері дамыған ұрғашылыры, жұмысшылыр, ұрпақтарын қоректендіретін солдаттар сияқты дарақтары болады.
Жарғақ қанаттылардың биоценозда және халық шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, ара мен құмырсқалардың келтіретін пайдасы көп. Аралар бал сияқты бағалы тамақ зат, балауыз, прополис, ара сүті, ара уы, гүлді өсімдіктерді тозаңдырады. Құмырсқалар ормандарды қорғауда ағаш зиянкестерін жойып топырақты қопсытып пайда келтіреді. Бунақденелілер дернәсілдеріне, қуыршақтарына өзінің жұмыртқаларын салып, оларды жойып көп пайда келтіреді. Осы отрядтың өкілі, пайда келтіру жағынан бірінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарғаққанаттылар мен бүргелер
Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы – энтомофагтар; гербифагтар
Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Бұршақты өсіру технологиясы
Күнбағыс зиянкестері
Энтомофагтардың биологиясы
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫН БӨЛШЕКТЕП КӨРСЕТЕТІН ДЕРЕКТІ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жеміс ағаштарының зиянкестері
Пәндер