Банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   

КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Амитова Нүргүл

Банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы

Д И С С Е Р Т А Ц И Я

магистр академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Ғылыми жетекші: Карибжанов О .

э. ғ. к., доцент жетекшінің қолы

Алматы, 2011

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . ……… . . . 3

I БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердің қызметі және құрылымы . . . 6

1. 2 Банктің акционерлік капиталының қалыптасуы және функциялары . . . 23

1. 3 Акционерлік капиталды сақтандырудағы банктік қорды ұйымдастыру . . . 66

II КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

2. 1 Банктердің акционерлік капиталының жағдайы және талдауы . . . 74

2. 2 Акционерлік капиталды пайдалану кезіндегі тәуекелдер . . . 98

2. 3 Банктің акционерлік капиталының жеткіліктілігін бағалау . . . 104

2. 4 Банктің акционерлік капиталымен жүргізілетін операциялар есебі . . . 113

III АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУДАҒЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 «Каспий банк» АҚ-ның даму стратегиясы . . . 118

3. 2 Банк капиталын қалыптастыруды басқару әдістері . . . …… . . . 120

3. 3 Акционерлік капиталды басқарудағы негізгі бағыттар және оны жетілдіру жолдары . . . 127

ҚОРЫТЫНДЫ . . . …… . . . … . . . 131

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 134

ҚОСЫМШАЛАР . . . 136

  1. КІРІСПЕ

Магистрлық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Коммерциялық банктердің акционерлік капиталын қалыптастыру банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына әсері өте зор. Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Экономиканың толығымен нарықтық қатынастарға өтуі, қазіргі кезеңде жұмыс жасап отырған несиелік механизмнің жаңаша-қызмет етуін талап етуде. Бүгінгі отандық банктердің кез келгенінің несиелік қоржынының жағдайы өте төмен, өйткені, ондары проблемалық несиелердің үлесі 35-40% шамасын қүрайды. Салыстырып қарасақ, біздің банктеріміздің акционерлік қаражаттың 5-6 есе жоғары болуы, банктік тәжірибеміздегі жасалатын жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сондықтан да, алдағы уақыттарды жедел түрде бұл мәселелерді шешу барысы өз кезегінде, көптеген ғылыми тұрғыдағы ізденістерді қажет етеді.

Коммерциялық банктердің акционерлік қаражаттарының экономиканы несиелеуге бағытталған несиелердің шамамен 25-35% - і орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне тиетін болса, ал қалған 70-80% қысқа мерзімді несиелерді құрайды. Бұл жерде банктердің несиелік ресурстарының жұмсалуы тек қысқа мерзімділік сипатқа ие болады. Мұнда да әлі де болса, өз шешімін таппаған мәселелер аз емес. Банктердің қысқа мерзімді несиеге көп кеңіл бөлуі, біріншіден, ондағы жинақталатын ресурстардың басым бөлігінің қысқа мерзімде тартылуы; екіншіден, узақ мерзімді несиелеудегі орын алар несиелік тәуекелдің болуы және т. б. байланысты. Банктердің ұзақ мерзімді несиелеуге ынталы болмауы банктік несиенің өндіріспен байланысының жоқтығын дәлелдейді. Себебі, өндіріс үшін қай кезде болсын, ұзақ мерзімде берілген несиенің маңызы жоғары. Бұл айтылғандар да, бүгінгі күні өз шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелерді қозғайды.

Банктердің экономиканы несиелеуге ынталы болмауы, тек төменгі деңгейде табыс алуына байланысты емес, сол сияқты несиелердің қайтарылмау ықтималдығынан олардың жоғарғы тәуекелге баруына да байланысты болуда. Басқаша айтқанда, біздің елімізде алдағы уақытта Қазақстан экономикасына жұмыс жасайтын банктер жүйесін құру міндеті тұр. Бұл да бүгінгі күннің басты мәселесі болып табылады. Қазіргі несиелік жүйені жетілдіру тек өркениетті әлемде қабылданғандай және банктер тәжірибелеріне сүйене отырып, несиелік мекемелердің бұрынғы несиелік механизмнің қызмет ету принциптерінің тиімді жақтарын қалпына келтіру жолымен ғана мүмкін болады. Сондықтан да жаңа да, сапалы несиелік механизмді құрудағы өзекті мәселе, бүгін осындай механизмді жасай отырып, әлемдік тәжірибедегі несиелеудің жағымды жақтарын ескеруге негізделеді. Себебі, өткен жүйеге қызмет еткен акционерлік капиталды пайдалану жоспарлы экономика талаптарына сай негізде жасалғандықтан да, нарықтық қатынастар талаптарына толық жауап бере алмауы мүмкін.

Коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Қазіргі акционерлік капитал және оның қызмет етуін жетілдіру барысындағы орын алатын шешімін таппай отырған сұрақтардың бүгінгі күнге дейін, отандық ғылыми жұмыстарда жеке зерттелмей келуі, бұл магистрлық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Магистрлық жұмыстың мақсаты:

- нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін банктердің акционерлік капиталын дамытудың мазмұны мен құрылымдық элементтеріндегі өзгерістерді сараптау;

- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің меншік капиталы мен даму ағымына талдау жасау;

-акционерлік капиталды пайдалану кезіндегі тәуекелдері анықтау;

-қазіргі меншік ресурсын жетілдіру жолдарын іздестіру;

- банктің акционерлік капиталының жеткіліктілігін бағалау;

- акционерлік капиталды басқарудағы негізгі бағыттар және оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан зерттеу.

Магистрлық жұмыстың міндеті:

-банктің акционерлік капиталының теориялық аспектілерін қарастыру;

-меншікті капитал есебі және әдістемелерін айқындау;

- банк капиталының бухгалтерлік есепте танылу тәртібін қарастыру;

-банк капиталының құрылымы мен құрамына талдау жасау.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері диссертациялық жұмыстың логикасы мен құрылымын анықтайды.

Зерттеу пәні: банктің акционерлік капиталы және оның қалыптасуын, оны саралау факторлары, капитал есебінің жүзеге асырылу тәжірибесі мен теориялық зерттеу маңыздылығын қарастыру болып табылады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері болып табылады.

Магистрлық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі : отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, кітаптар жэне оқу құралдары, екінші деңгейдегі банктердің бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған кезеңдік баспалары және Қазақстан Республикасы ¥лгтық Банкісі мен Қазақстан Республикасы Қаржылық Қадағадау Агенттігі бекіткен нормативті-заңды базасы табылады.

Диссертациялық жүмыстың ғылыми жаңалығы: коммерциялық банктердің акционерлік капиталы және оның қалыптасуы сондай ақ есебінің теорияллық жэне әдістемелік негіздерін жетілдіру және халықаралық қаржылық есеп беру стаңдарттарына сай банк қаржылық нәтижесі тиімділігін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау болып табылады.

Қорғауға шығарылған төмендегідей маңызды нәтижелер алынды:

- екінші деңгейдегі банктердің акционерлік капиталының есебін
ұйымдастырудың негіздері және оның жалпы банктік қызметтерді жүзеге
асырудағы маңызы анықталды;

- банк капиталының жүзеге асырылу тәртібі зерттелінді;

  • екінші деңгейдегі банктердің капиталы бойынша талдау есептілігі ұсынылды;
  • зерттеу объектісі АҚ «Каспий Банк» қаржылық мәліметтері бойынша акционерлік капитал құрамына талдау жасалып талдау қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Диссертацияның тәжірибелік мәнділігі екінші деңгейдегі банктердегі акционерлік капитал және оның қалыптасуының әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін айқындау болып табылады. Диссертацияның қорытындылары Қазақстан Респбуликасы екінші деңгейдегі банктерде акциялар мен құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар есебі жүйесін жетілдіруде пайданылуы мүмкін.

Нәтиже күтімі, жоспарланған апробация. Орындалған зерттеу қорытындысы тәжірибелік ұсыныстар көлемі 0, 6 басылым бетін құрап ғылыми мақалаларда көрініс тапты.

Магистрлық жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы үш бөлімнен тұрады. Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен зерттеу пәні берілген. Бірінші бөлімінде, коммерциялық банктердің ресурстарының қалыптасуының теориялық негіздері толығынан жазылған. Екінші бөлімде, «Каспий» АҚ-ның акционерлік құрлымы мен сапасы талданған, коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, банктердің акционерлік қаражаттарын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім. Магистрлық жұмыстың үшінші бөлімінде Әлемдік дағдарыстың әсері мен Қазақстанның қаржы экономикасының тұрақсыздығы жайлы және жетілдіру жолдары жазылған.

I БАНКТІҢ АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердің қызметі және құрылымы

Қазақстан Республикасындағы банктер, бастапқыда мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады. Ашық типтегі банктердің өтуі үшін, Ұлттық банкпен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқада жоғарыда көрсетілген міндеттерді орндаған жағдайда ғана сатуға болады.

Коммерциялық банктердің пруденциялдық реттелуі: "Қазақстан Республикасындағы банктер және қызметтері туралы" Заңнің 41-бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:

- Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;

- Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;

- Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін.

Нарықтың экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

- Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру) ;

- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру) ;

- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметте.

Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басқы мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:

- Заңды және жеке тұлғалардың есеп немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру;

- Басқа банктерден қарыз алу

- Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;

- Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;

- Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т. б.

Банктің акционерлік капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капитал деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін, ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы №412 қаулысы бойынша, акционерлік капталдың төменгі шегі 300, 0 тмиллион теңге. Оның банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді. Банк - бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым. Банктің негізгі тағайындауы - ақшалай қаражатты несие берушіден қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.

Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалап көрсетеді:

1. Банк қызметіне борыштық міндеттемелерді екі жақты (қосарлы) айырбастау тән. Банктер өзінің борыштық міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т. б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2. Банктер заңды және жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т. б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға (банктерге) біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық қомпания (қор) өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

Коммерциялық банк қызметінің принциптері.

1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.

3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.

4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдісімен емес) әдістермен реттеледі.

Коммерциялық банктердің функциялары.

  1. Несиедегі делдалдық.
  2. Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру.
  3. Жекелеген дербес субъектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу.
  4. Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу.

Банктің басқару аппаратының құрылымы, оның негізгі бөлімшелерінің міндеттері. Блоктардың өзара байланысты жұмысына негізделген банк қызметі көрсетілген. Банк операцияларын жоспарлауды және дамытуды басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • банктің коммерциялық қызметін ұйымдастыру және банктің өтімділігін басқару;
  • клиенттің несиені өтеу қабілетін зерделеу және экономикалық талдау;
  • банктің коммерциялық қызметінің негіздерін және жоспарын әзірлеу;
  • маркетинг және клиентурамен байланыс.

Депозиттік операцияларды басқару депозиттік операция бөлімінен және қор бөлімінен тұрады.

Несие операцияларын басқару мынадай бөлімдерде берілген:

  • клиенттерді қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелермен несиелеу;
  • халықты несиелеу;
  • несиелеумен байланысты дәстүрлі емес банк операциялары.

Делдалдық және өзге операцияларды басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • кепілдікті операциялар және сенімхаттар бойынша операциялар;
  • банктік қызмет көрсету;
  • құнды қағаздармен операциялар жүргізу.

Халықаралық банк операцияларын ұйымдастыруды басқару несие және валюта операцияларының бөлімінен, сондай-ақ, халықаралық есеп айырысу бөлімінен тұрады. Есептік-операциялық басқару мына бөлімдерді қамтиды:

  • операциялық;
  • кассалық операция;
  • есеп айырысу.

Банк қызметінің бөлімшелеріне мына бөлімдер кіреді:

  • әкімшілік-шаруашылық;
  • заңдық;
  • кадр;
  • ЭВМ-ді енгізу және пайдалану;
  • тексеру бөлімі.

Алайда, операцияларды және оларды ұйымдастырудың құқықтық формаларын басқарудың орындалғанына қарамастан әрбір банк өзінің өзіндік ерекшелігі бар өкілдерді өндіреді әрі өздеріне міндетті басқарудың нақты блоктар жиынына ие болады. Бұлар:

  1. Банк кеңесі.
  2. Басқарма.
  3. Басқарудың жалпы мәселелері бойынша банк бөлімшесі.
  4. Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша банктің бөлімшесі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 30 тамызындағы «ҚР банктері мен банк қызметі туралы» Жарлығына сәйкес біздің елімізде екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етеді.

Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді; Ұлттық банктің міндеттері, қызмет принциптері, құқықтық статусы және өкілеттілігі республика Президентінің «ҚР Ұлттық банкісі туралы» зандық күші бар Жарлығымен анықталады.

Қалған банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Бұл, оның ішінде:

1. Мемлекеттік банк - ҚР Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші деңгейдегі банк.

2. Шетелдік қатысушылармен құрылған банк - екінші деңгейдегі банк. Бұл банктің үштен бір акциясы ҚР-дың резиденті еместерінің, ҚР резиденті - заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде немесе басқаруында болады, 50%-те көп акциясы ҚР резидент еместерінің немесе осыған ұқсас ҚР резиденті - заңды тұлғалардың, сондай-ақ, ҚР резиденті еместерінің қаражатына өкімгерлік жүргізетін ҚР резиденттерінің иелігінде, меншігінде немесе басқаруында болады .

3. Мемлекетаралық банктер. Олар халықаралық келісімшарттың негізінде немесе құрылтайшылардың келісімі негізінде құрылып, әрекет етеді. Құрылтайшылар - ҚР Үкіметі мен осы келісімшартқа қол қойған мемлекет.

4. Банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - банк болып табылмайтын заңды тұлға. Ол Ұлттық банк берген лицензияның негізінде банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыра алады.

Банктер мемлекеттік міндеттемелер бойынша жауап бермейді, мемлекет те олардың міндеттемелеріне жауапты болмайды.

«Банк пен банк қызметі туралы» заңда Қазақстан Республикасында банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі-банктің құрылтайшылары мен акционерлері ағын акцияның құнын түгелмен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы) . Басқа елдерде банктің акционерлік капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде Ресейлік банктердің акционерлік капиталының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің акционерлік капиталын, несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің акционерлік капиталының 10, 0%-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құрылуы мүмкін.

Банктің акционерлік капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Бангктің акционерлік капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы. Банктің ресурстарының құрамында акционерлік капиталдың үлесі онша көп емес-10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырылған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады. Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап ету мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін, талап етілмелі депозиттің сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады. Олар құру әдістерімен де бірінен-бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптьан туатын іс.

Активтік операциялар. Бұл операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшін орна-ластырады. Бұған жататындар:

- Шаруашылық жүргізуші субъектілерге әр түрлі қажеттерін қанағаттандыру үшін, қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;

- Халыққа тұтынулық несие беру

- Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;

- Лизингілік операцияларға несие беру;

- Факторингілік операцияларға несие беру;

- Басқа банктерге несие беру

Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдық, мерзімдік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табыстың 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда борлды. Олар пәтер үй сатып алуға беретін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер телімін жақсартуға беретін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит беретін болды.

Банктің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып бөлінеді:

- Несиелеу операциясы

- Есеп айырысу операциялары

- Кассалық операциялары

- Инвестициялық, қорлық операциялар

- Кепілді операциялар

Несиелеу операциялары - қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялары. Вексельді сатып алу немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп операциясының қатарына кіреді; Есеп айырысу операциялары - қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар; Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капиталдар туралы
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз ету
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Банк ресурстары және олардың жинақталуы. Банктің өзіндік капиталы.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі мазмұны
Коммерциялық банктің меншікті капиталдарының қалыптасу көздерін талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Банк жүйесінің маңызды элементі
Коммерциялық банк операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz