Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары



Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
2. Қазақстандағы тың және тыңайған желерді игеру жылдары

Қорытынды

Әдебиеттер
"Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел, Англиядан 11 есе үлкен. Оның ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иемденеді. Бұл — оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Арме¬ния сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде 71-орында болып, жер көлемі жөнінен кең-байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Қытай, АҚШ, Канада, Үнді, Австралия, Брази¬лия, Аргентинадан кейінгі 9-орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие.
Мұндай кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке карай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
(1) Республикамыздың қиыр терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың мөлшері жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Зонаша, негізінен, Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен, тәлімі жаздық бидай егіледі.
1. А.Биғалиев, Е.Жамалбеков, Р.Білдебаева.
Қазақстан топырағы және оның экологиясы. Алматы «Санат» 1995 ж.

Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақстанның негізгі топырақ аймақтары
2. Қазақстандағы тың және тыңайған желерді игеру жылдары

Қорытынды

Әдебиеттер

ҚАЗАҚСТАННЫҢ НЕГІЗгі ТОПЫРАҚ аймақтары
"Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел, Англиядан 11 есе үлкен. Оның ұлан-байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иемденеді. Бұл — оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Арме­ния сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде 71-орында болып, жер көлемі жөнінен кең-байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Қытай, АҚШ, Канада, Үнді, Австралия, Брази­лия, Аргентинадан кейінгі 9-орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие.
Мұндай кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке карай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады.
(1) Республикамыздың қиыр терістігіндегі біраз территорияны жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың мөлшері жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғынды топырақтар көп таралған. Негізінен, шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қара топырақ және сілтісізденген қара топырақтар кездеседі. Зонаша, негізінен, Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен, тәлімі жаздық бидай егіледі.

Қазақстан топырағының зоналары мен зонашаларының схемалық картасы.
Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан территориясында бұл зонаша 0,4 млн гектарға жуық жерді алып жатыр.
(2, 3). Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қара топырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екіге белінеді: а) ылғалдығы жеткілікті дала; б) ылғалы жеткіліксіз дала. Бұл аймақтың да біразы Батыс Сібір ойпатын­да жатыр. Солтүстік Қазақстан облысы түгелдей, Көкшетау облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Торғай, Караған­ды, Актөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде айлары біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта 8—10 жылда бір рет қайталанады. Оның топырақтары Батыс Сібір провинцияларында кездесетін кәдімгі қара топырақ (ылғалдылығы жеткілікті далада) және оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз далада).
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта, негізінен, суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен кебірленген, сорланған топырақтар және кешенді учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жытылған жерлер фосфорлы тыңайтқыштарды керек етеді. Бұл зонаның көлемі 25,4 млн гектардай, яғни республика жерінін, 9%-не жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1956 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдау, үшін жыртылды.
(4, 5, 6). Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстанның батысынан шығысына қарай Се­мей, Шығыс Қазақстан облыстарына дейін созылып құрғақ және шөлді далалы қызғылт-қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90,4 млн гектардай, яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері. Көкшетау облысының батыс жағының біраз бөлігі Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе Орал, Торғай, Семей, Қарағанды, Жезқазған облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас. Күңгірт кызғылт-қара қоңыр топырақ (4). Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды топырақтың түсі жай қызғылт-қара қоңырға айналады (5). Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді далада топырақ түсі тіпті ашық қызғылт-қара қоңырға ауысады (6).
Ауадан түсетін ылғал мөлшері өте айнымалы. Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт-қызғылт-қара қоңыр, онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен мұнда құрғақшылық төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27,7 млн гектардай. Ал зонаның орталық бөлігінде құрғакшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі —24,3 млн гектар жер.
Бұл зонашаларда да астықты шаруашылықтар, әсіресе, күңгірт қызғылт-қара қоңыр зонашада жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың көтеру кезінде игерілген. Ескеретін жағдай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, кызғылт-қара қоңыр топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама жерлері жыртылып кеткен. Ол жерлерді жайылымдыққа тездетіп қайтару қажет. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы дамыған.
00Шөлді далалы зонаша (6) солтүстіктегі далалы ай­мақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жа­тыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақшыл болып келуіне байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе, оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі солтүстіктегі күңгірт қызғылт-қара қоңырдың орнына ашық қызғылт-қара қоңыр болып келеді, топырағының көбісі кебірленген. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180—210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффициенті аймақта шамамен 0,2—0,3, яғни 20—30%. Бұл қазіргі уақытта, негізінен, мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.
Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана мүмкін. Суарылмайтын егін аз мөлшерде, ойпатты, шалғынды жерлерде ғана егіледі. Мұнда егілетін дақылдар — тез пісетін тары, арпа т.б. мал азықтық дақылдар. Біздің ойымызша, бұл алқапта астық өнімі аса тұрақсыз болғандықтан, астық орнына мал азықтық шөптер еккен жөн. Бұл алқаптың көлемі кең, 38,4 млн гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-тей жерін алып жатыр.
(7, 8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігінің кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қарағанды, Семей, Талдықорған облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері ете аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1—0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80—150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170—220 күнге жетеді. Күні бүлтсыз, ыстық, 10°-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700%-ке жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер де табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: си­рек шығатын бұташалар, жусан және кейбір кебірленген, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар (7); б) жусанды сор шөптер өсетін сұр-құба топырақтар (8). Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптен кездеседі.
Аймақ, негізінен, мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Суармалы егістікте тақыр түстес топырақтарды игеру күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн гектар, яғни республика территориясының 44%-не жуық.
Қазақстан территориясындағы жазық жерлер көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда өте көп. Дегенмен реті келгендіктен, таулы жерлердің де топырағы жайында мәліметтер берейік. Олар — Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы мен Талдықорған облыстарының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары. Жамбыл облысындағы Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақтан облысындағы Қазығұрт пен Қаратау таулары. Төменде біз Іле Алатауын мысалға ала отырып, тау етегінен бастап жоғарғы өрмелеген сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда белдеулік зоналар түгел кездеседі. Сондықтан топырақтың биіктік зоналығы жайындағы халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматыда өтетіні тегін емес.
(9). Таулы алқаптардың етегінде ені әр жерде әр түрлі болып, батыстан шығысқа қарай созылған тау етегіндегі шөлді дала зонасы жатады. Жазықтағы шөлді дала зонасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді, Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді далалы аймақтағы ылғал мөлшері жазық территориядағы шөлді дала зонасына карағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250— 360 мм-ге, дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз айлары кұрғақ болады. Бұл аймақта қысқы көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары — күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлер де астықтан басқа бағалы дақылдар: мақта, қант қызылшасы, жүгері, беде мен кекөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер жақсы өніп-өседі.
Қалған жерлері көктемгі, күзгі мал жайылымдары. Бұл аймақтың топырағы, негізінен, сұрғылт түсті. Оның өзі тау етегінде жатқан аймақтардың таулы алқаптан қаншалықты қашықтығына, осыған сәйкес түсетін ылғалдың мөлшеріне байланысты. Топырақ түсі де өзгеріп, бірнеше зонашаға бөлінеді. Таудан алыс жерлерде топырақтың ашық сұрғылт түсті зонашасы жатады, одан кейін кәдімгі сұрғылт түсті топырақ, ал тауға ең жақын аймақта күңгірт сұрғылт түсті және ашық қызғылт-қара қоңыр топырақтар зонашасы кездеседі. Осы үш зонашаның соңғысында ғана, яғни күңгірт сұрғылт түсті және ашық қызғылт қара қоңыр топырақтар таралған алқапта ғана суарылмайтын егіс өседі, ал сұрғылт және ашық сұрғылт топырақ таралған аймақта егістікті қолдан суармайынша жақсы өнім алынбайды. Негізінен, алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл, Талдықорған облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктері, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дәрілік шөптер алқабы, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай, яғни республика жер көлемінің 5,2%-не жуық.
(10). Тау етегі шөлді далалы зонасынан биігірек алқапта аласа таулы-дала зонасы басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500—800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен, қызғылт-қара коңыр топырақ пен қара топырақ. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе астықты дақылдар өседі. Жайылымы да жақсы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көп жерлер табиғи мал жайылымы, шабындық жерлер ретінде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. Алматының әйгілі Апорт алмасы да осы аймақта есіп, тамаша өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.
(11). Орташа-таулы шалғынды-орманды зонасы ала­са таулы зонасынан жоғары жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850—900 мм-ге дейін жетеді. Топырағы — құнарлы қара топырақ пен күңгірт қара түсті орман топырағы. Жер бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері, негізінен, жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көлемі 4 млн гектардай.
(12). Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы зона биік таулы аймақтарды алып жатады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары — биіктаулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар. Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар мен мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе, уақ малдың жазғы жайлауы. Қөлемі 3 млн гектардай.
Республикамыздың жалпы территориясының 80%-тен астам жері құрғақ аймақтарда орналасқан. Сондықтан Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірісі ТМД елдерінің басқа бөліктеріне қарағанда қолайсыздау. Жерден мол өнім алу үшін зоналар мен зонашаларда жүргізілетін басты шаралар құрғакшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан қорғау болып табылады. Осы мәселені түбегейлі шешуге республика диқандары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің негізгі күш-жігері қажет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Еңбек Қызыл Ту орденді Топырақтану институтының көп жылдық жұмыстарының өз нәтижесін беріп келеді. Республикамызда күрделі мелиорацияны қажет етпейтін, жыртуға жарамды 61 млн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Экологиялық апат
Топырақтың қазіргі экологиялық жағдайлары
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат
Ауа температурасының режимі
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Қазақстанның топырақ-географиялық аймақтары
Биік таулы аймақ
Жер кадастрының халық-шаруашылык, есепке алудың кейбір түрлерімен жене жерді үйлестірумен байланысы
Пәндер