Қанның қызметі


Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина
Университеті.
Кафедра: Биологиялық химия.
Тақырыбы: Қан.
Орындаған : Мырзабаева Б. О.
Факультет: жалпы медицина.
Курс: ІІ.
Топ: 2042.
Тексерген: Надуева Э. С.
Алматы 2009ж.
Жоспар.
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім. Қан плазмасының химиялық құрамы. Қанның қызметі. Қан жасушаларының биохимиясы.
- Қорытынды. Қан ұю факторлары.
Кіріспе.
Қан- омыртқалы организмдердің аса маңызды ұлпасы. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның қөмегімен ғана қоректік заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдеріде клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қанның мөлшері дененің 8 % шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралған. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады.
Қан - қызыл түсті, жабысқақ, қою, мөлдір емес сұйықтық. Олар текті емес: 52-56 % плазмадан және 44-48 % формалық элементтерден тұрады, формалық элементтердің 44 % эритроциттер, 1-2 % тромбоциттер мен лейкоциттер құрайды. Жаңа бөлінген қан тез ұийды- формалық элементтер тұнбаға түседі, ал тұнбаның үстінде сарысу деп аталатын мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады. Сондықтан қан сарысуы құрамында фибриногені жоқ плазма деп аталынады. Қан плазмасын алу үшін қанды суыққа қойып немесе антикоагулянт қосу арқылы алуға болады, осы процесстер арқылы қанның ұю процессі тежеледі. Бұл кезде формалық элементтер ыдыстың түбіне түнады да, бетінде мөлдір, сарғыш плазма қалады.
Ерлерде қанның көлемі-5200 мл, әйелдерде-3900 мл. Қанның осмостық қысымы -7, 6 атм.
Қан плазмасының химиялық құрамы.
Қан плазмадан және формалық элементтерден тұрады. Плазмада 90-91 % су, 9-10 % құрғақ зат бар. Құрғақ заттың 1-2 % бейорганикалық заттар ( тұздар), ал 8-9 % органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар азотты және азотсыз деп екіге бөлінеді. Азотты заттар негізінен белоктардан (6-8 %) тұрады, аз мөлшерін қалдықты азот алады. Азотсыз құрамдас бөліктеріне көмірсулар, липидтер және олардың аралық, соңғы өнімдері жатады. Осы топқа пигменттер және басқа қосылыстар кіреді.
Қан
44-48 % формалық элементтер 52-56 % плазма
90-91 % су 9-10 % құрғақ зат
8-9 % органикалық заттар 1-2 % бейорганикалық
заттар
6-8 % азотты 1-2 % азотсыз
- көмірсулар, олардың
алмасуының аралық және соңғы
белоктар қалдықты азот өнім дері.
2. липидтер, олардың
алмасуының аралық және соңғы
өнімдері
3. пигменттер. 4. тағы басқалары
Қан плазмасының белоктары.
Плазма- қанның сұйық бөлігі. Оның құрамында 90 % шамасындай су, 6-8 % белок, 2 % шамасындай төменгі молекулалы заттар болады. Тығыздығы 1, 025-1, 029, тұтқырлығы 1, 9-2, 5, осмостық қысымы 7, 3 атм.
Қан плазмасының белоктарының жалпы концентрациясы 60-80 г/л. Плазма белоктарының жалпы мөлшері: қан тамырларында- 250 г, клеткадан тыс сұйықтарда- 150 г, барлығы- 400 г. Плазма белоктары бауырда және макрофагальді- моноцитарлы жүйенің жасушаларында - макрофагтарда және плазмоциттерде синтезделеді (плазмоциттерде y-глобулиндер түзіледі. ) . Бауырда фибрногеннің 100 %, альбуминдердің- 95 %, глобулиндердің- 85 % түзіледі, қан ұйытатын жүйенің белоктары синтезделеді. Бауырда плазмалық белоктың біраз мөлшері қор ретінде жиналады.
Плазмалық белоктардың маңызы:
- Белоктар плазманың онкотикалық қысымын анықтайды: ол 0, 1 атм мөлшері аз болса да, қан мен тіндердің арасындағы судың және суда еріген заттардың алмасуында онкотикалық қысымының маңызы зор.
- Белоктар буферлік әсер етеді: pH-тың тұрақтылығын сақтауға қатысады. Плазмада белоктық буфер _Hбелок___ басқа буферлік жүйелермен бірге қанның Na белок pH-ын сақтайды.
- Қорғаныш қызметін: көкбауырда, лимфоциттерде, бауырда түзілген антиденелер плазмаға түседі. Бірақ антиденелер (антитоксиндер, агглютининдер, иммуноглобулиндер ) иммундық реакцияға қатысатын белоктар.
- Тасымалдаушылық қызметі: плазма белоктары ерімейтің немесе токсиндік заттарды өзіне қосып алып тасымалдайды. Аз еритін заттармен байланысып, олардың ерігіштігін көбейтеді.
- Белоктар қанның ұюына қатысады. Қан ұю процессі көп факторлы сатылы механзм бойынша өтеді. Осы процесстердің барлығына белоктар қатысады.
Қанның қызметі.
Қан- барлық мүшелерді және тіндерді өзара байланыстыра отырып, әртүрлі заттарды тасымалдайды. Ол дене салмағының 8 % құрайтын сұйық тін.
Тасымалдайтын заттарына байланысты қанның қызметтері:
- Реттеуші:
- Гемеостаздық- ішкі ортаның тұрақтылығын қалыптастырады және сақтайды.
- Қанға зат алмасуының күшті реттеушілері (гормондар, витаминдер, медиаторлар) бөлінеді және тіндерге тасымалданады.
- Қоректену. Қан қоректік заттарды тасымалдайды. Қоректік заттар тасымалдайды ас қорыту жолының мүшелернен, қоры бар мүшеден немесе бұл заттар түзілетін мүшелерденәрі қарай өзгеріске ұшырататын мүшелерге тасымалданады.
- Экскреторлық- қанға зат алмасуының соңғы өнімдері мүшелерден және тіндерден түседі. Қан арқылы бұл заттар сыртқа шығаратын мүшелерге тасымалданады.
- Тыныс алу. Қан оттекті өкпеден тіндерге және көмірқышқыл газын тіндерден өкпеге тасымалдайды.
- Қорғаныш қызметі:Альбуминдер токсиндері, дәрілік заттарды, антибиотиктерді, метаболиттерді (БМҚ, билирубин), жеңіл диссоциаіияланатын кальций, магний, темір катиондарын байланыстырып, олардың қанда белгілі бір концентрацияда болуын қамтамасыз етеді. Қан ұюына қатысатын белоктар организмді қансыраудан сақтайды. Қан ұю процессіне қарсы белоктар организмде қан ұюынан сақтайды. Кейбір қан плазмасының белоктары организмді микробтардан және бөгде генетикалық хабарлардан сақтайды. Аллергиялық реакциялардың жеңілдетілген түріне қатысады: қан сарысуындағы антиденелер антигендермен байланысады, сол кезде аллергиялық медиаторлар (биологиялық активті заттар) бөлінеді.
Қан жасушаларының биохимиясы.
Эритроциттер биохимиясы. Ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Эритроциттер 120 күн шамасында өмір сүретін, арнайылық қызмет атқаратын жасушалар. Олардың негізгі қызметі газдарды (көмірқышқыл газын және оттекті) тасымалдау. Осы қызметті гемоглобин атқарады. Ал эритроциттер басқа компонентері осы қызметті атқаруға жағдай жасайды. Эритроциттің құрамында 1 млн жуық гемоглобин бар. Қан құрамының 1 мм мөлшерінде 5 000 000 эритроциттер бар. Эритроциттердің орташа үлкендігі ересек адамда 7, 5 мкм, әдепкі пішіні екі жағы да дискіге ұқсайды. Осындай пішіннің арқасында, шар тәріздес пішін мен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттертің осындай ерекше пішіні негізгі қызметі- тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. Эритроциттертің мұндай пішіні газдармен байланысатын аумағын ұлғайтады. Есептеулерге қарағанда әр тәулік сайын ересек адамдарда олардың 0, 8 % м-лшер3 жаңарады, әр минут сайын 160 млн эритроцит ыдырайды және қайтадан түзіледі.
Эритроциттердің химиялық құрамы.
Эритроциттер
55-60 % су 40-45 % құрғақ зат
36-40 % гемоглобин 4-5 % басқа заттар
Эритроциттердің құрамындағы басқа заттарына
- глобулин типті белоктар
- қалдық азоттың компонентері
- глюкоза
- фосфолипид пен холестерин.
- Ферменттер
- Витаминдер кіреді.
Тығыздығы жағынан эритроциттер сүйек тініне жақын. Құрамындағы белоктар, фосфолипидтер және холестериндер жасуша қабығын және стромасын құрайды. Ал, ұяшықтардың ішінде гемоглобиндер орналасқан. Мембрана липидтерінің 25 % холестериннен және 60 % фосфолипидтерден тұрады. Фосфолипидтердің 45 % фосфоглицеридтер, ал 15 % сфингомиелиндер. Үшацилглицериндер мен сульфатидтердің мөлшері көп емес. Сфингомиелиндер мембрананың сыртқы жағында, ал холестериндер ішкі жағында орналасқан.
Қанның ақ жасушаларының биохимиясы.
Лейкоциттер- құрамында ядросы бар, бірақ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адамның қанының 1 мкл м-лшер3нде 4000-10 000 лейкоцит болады. Мысалы, дені сау адам қанындағы эритроциттер саны біршама тұрақты болады. Ал, лейкоциттер саны организм күйіне, тәулік мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Ақ қан жасушалары түйіршікті (гранулоциттер) полиморфты ядролық лейкоциттер және түйіршіксіз (агранулоциттер) болып екіге бөлінеді. Өз кезегінде гранулоциттер нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдерге жіктеледі. Агранулоциттерге моноциттер мен лимфоциттер жатады.
Барлық ақ қан жасушаларының 70 %-ын нейтрофилдер құрайды. Нейтрофилдер жедел жұқпалы аурулар кезінде фагоцитоз қызметін атқарады, яғни бактерияларды және әртүрлі бұзылған тін өнімдерін жұтады. Жедел қабынуға жауап мына процесстерден тұрады:
- Нейтрофилдердің қабыну ошағына жақындауы (хемотаксис) және жабысуы (адгезия) .
- Нейтрофилдердің активтенуі (жедел респираторлық және тыныс жарылысы) .
- Антигендердің жойылуы.
Базофилдер қанда мөлшері аз болады. Бірақ әртүрлі тіндер мен қан тамыр қабырғасында тін базофилдері деп аталынатын жасушалар бар. Олар аллергиялық реакцияларға қаьтысады және гепарин мен гистаминді түзеді. Антиген- антидене комплексінің әсерінен базофилдер гранулаларынан айырылады, олардың құрамындағы биологиялық активті заттар қанға түседі.
Базофилдердің мөлшері лейкоз, стресс кезінде күрт, ал қабыну кезінде аздап көбейеді, детоксикация процессіне қатысады. Олардың құрамында көп мөлшерде гликоген, липопротиед, гликозамингликан бар. Базофилдердегі зат алмасу толық зерттелмеген.
Эозинофилдер нейтрофилдермен салыстырғанда фагоциттік қабілеті төменірек. Олар көбінесе кокктарды жұтады. Гистаминаза ферментімен гистаминді ыдыратады. Эозинофилдер белоктық уытты және иммундық комплекстерді жояды. Гельминттерді, олардың жұмыртқаларын, личинкаларын ыдырата алады. Олар қан ұюына қатысады. Эозинофилдер базофилдердің өнімдерін ыдыратады, сондықтан тазартқыштардың ролін атқарады.
Моноциттер қан айналымында 70 сағат болып, тіндерге барады, тін макрофагы деп аталынады. Олар өте активті фагоциттер. Моноцит антигендерін танып, оларды иммуногендік формаға айналдырып, монокиндер түзеді. Макрофагтардың активтенуі кезінде интерлейкин-1 және қатерлі ісіктің некроздықфакторы түзіледі. Осы пайда болған заттар жедел фаза реакцияларын (ыстықтың көтерілуі, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі) туғызады.
Жасуша иммунитетке қатысып:
- Комплемент жүйесінің жеке компонентерін
- қантамыр тромбоциттік гемостазға қатысатын факторларды синтездейді.
Лимфоциттер - антиденелер синтезіне және улы заттарды зиянсыздандыруға қатысады. Лимфоциттер қандағы барлық лейкоциттердің 25-40 % мөлшеріндей болады. Қанның 1 мкл мөлшерінде 1000-3600 шамасындай лимфоцит клеткалары бар. Олар лимфа түйіндерінде, жұтқыншақтың бадамша безінде, көкбауырда, тимус безінде және жілік майында түзіледі.
Т- киллерлер нысана жасушаларды лизиске ұшыратады (инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының, микробтар енген жасушаларды, саңырауқұлақтарды, микобактерияларды қатерлі ісікті жасушаларды. )
Т- хелперлер жасушалық және гуморальдық иммундық жауаптың активаторлары. Антивирустық және антибактериалдық жасушалық иммунитетті қамтамасыз етеді.
Т- супрессорлар иммунологиялық жауапты тежейді. Олар аллергиялық реакцияларға қатысады.
... жалғасыҚан ұю факторлары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz