Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫН ҚАЖЕТТІЛІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕР
1. 1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдіетемелік негіздері
және қаржы көрсеткіштері . . . 9
1. 2. Кәсіпорын қызметінің ұйымдық-құрлымдық нысандары . . . 19
1. 3. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы және бизнес-жоспар . . . 25
2 КӘСІПОРЫНДАРДЫН ЖОСПАРЛАУ СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛДАУ
2. 1. Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпорындарының іскерлік
белсенділігін талдау . . . 30
2. 2. Кәсіпорынның қаржы және инвестициялық қызметін жоспарлау . . . 33
3 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3. 1. Кәсіпорынның қызметін қаржылық жосгіарлау әдісімен жетілдіру
жолдары . . . 46
3. 2. Кәсіпорынның қызметін каржылық жоспарлау әдісімен
жетілдіру жолдары . . . 60
3. 3. Қаржы рыногыдағы кәсіпорындардың стратегиясын
дамыту жолдары . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына міне он жылдан асты. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті елбасы Н. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамының босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыройымен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту болып табылады.
Республикамызда кеңсе үкімет дәуірінде мемлекттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, серіктестіктер, шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басты бағыты - шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде нәтиже беруіде.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуметті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкердің, алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырылып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Қазіргі жағдайда кәсіпкер нақтьа нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін біліп, кәсіпорында қабылдаған қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз саясатты таңдап алып, соны басшылыққа алуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын жоспарлау ісіне өтіп, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңеюі қажет.
Қоғамда қаржылық жоспарлау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттіліктің салдарынан туындайды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, кәсіпорынның қаржы нарығындағы стратегиясы анықталмай, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған есер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болувна кол жеткізбей шаруашылық ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатнасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапсыздықты іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс - әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалаоы мен ашық аландарда, материялдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске келді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қажылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті әріптестерді тандауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбнесе осыған байланысты болады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз андауымен нарықтық қатнастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр турлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданатын шешімдердің стратегиялық бағыттарына, нақтылығына, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін жайғастыра отырып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын анықтайды.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсірере қаржылық шешімдер кабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет, соның ішінде қаржы нарығындағы оның стратегиясы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына өз шарапатын тигізбей қоймайды. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін артыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық кәсіпорындарының (соның ішінде серіктестік нысанында құрылған кәсіпорынның) жұмысын жоспарлау мәселесі қазіргі кезде аз зерттелуде, сондықтан оның прогресивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, жалпы еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сондықтан менің диплом жұмысын жазуымның мақсаты - кәсіпорынның (серіктестіктің) қызметін жоспарлауды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып, оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Кәсіпорынның (серіктестіктің) каржы-шаруашылык қызметінің нәтижелері мен қаржыны жоспарлаудағы стратегиясы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қортынды беруге өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін үйлесімді басқару шешімдерін дайындауға ат салысуды қажет етеді.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- серіктестік нысанында құрылған кәсіпорын қызметінің теориялық сұрақтарын оқып білу, олардың құрылымын анықтау, «кәсіпорын», «кәсіпкерлік», «жоспарлау» түсініктерінің мазмұны нақтылау және анықтама беру;
- экономикасындағы кәсіпорын қызметін жоспарлау барысында талдау жасап, оның себептері мен салдарын анықтау;
- талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық кәсіпорындар үшін қаржылық жоспарлау жүргізудегі практикалық ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде кәсіпорынның қаржысын жоспарлаудың құралдары және әдістері мен байланысты теориялык және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының кәсіпорындарының қызметі болып табылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар келтірілген.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ
ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорынның жұмысын жоспарлаудың мәні, әдістемелік
негіздері және қаржы көрсеткіштері.
Қазақстан Республикасының нарыққа көшуінің басталуы кәсіпкерліктің шағын нысандарының өндірістік техникалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік - экономикалық қызметтерін анықтау қажеттігін туғызу. Бірқатар елдердің тәжірибесі экономикалық реформаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлік кызметтің үлкен роль атқаратының көрсетеді.
«Кәсіпкерлік» термині және кәсіпкерліктің өзі қоғамдық өмірге тек 80-шы жылдардың екінші жартысында ғана енеді.
Кәсіпкерлік ұғымы ең алдымен меншікке деген көзқарастың өзгеруіне байланыстырылады. Кәсіпкерлік қызметте басты назар пайда алу жағына қарай ауыса бастайды.
Сонымен кәсіпкерлік қызметті меншік иесінің (толық немесе ішінара) тәуекел ете және мүліктік жауапкершілікте бола отырып пайда алуына бағытталған дербес қызметі деп түсінуге болады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкер тауар өңдіру үшін нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизімінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өңдірістің материялдык - заттық элементтері тұрғысында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді жасау тұрғысында, ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбнесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлінуді алдын-ала үлгіленуге байланысты болады.
Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмыстардың прогресивтті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің қажеттілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңдестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктері болжамдайды, нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштері, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсаттқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады) .
Қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің ғылыми процесі.
Адамдардың субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының объективті заңдылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары козғалысының тенденцияларына басты негізделген, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы операцияларының нәтижелігін зерттелуге негізделген жағдайда ғана оң нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың шешімдерін бағалаудың прогресивті әдістерін ғылыми пайдалануды, техникалық дамуымен, тиісті ақпараттың жоғары біліктілігімен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалығының үлкен маңызы бар. Қаржылық жоспарлаудың тікелей объектісі - табыстар мен қорланымдарды жасау және бөлу, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлаудыц мазмұны ақшалай табыстар мен қорларды жасау, бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы ресурстарын ұдайы өндірістің материялдық заттық элементеріне оңайтыла сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді, жүйелердің дамуының үйлесімдігі мен теңгерілімдігіне жету.
Қаржылық жоспарлаудың мақсаттары мыналар:
- қаржы ресурстарын қалыптастырудың көздерін және олардың жалпы мөлшерін анықтау;
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында, ұлттық шаруашылық салалары мен әкімшілік-аймақтық бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлар үйлестерін (пропорцияларын) белгілеу;
- қаржы ресурстарын пайдаланудың нақтылы бағыттарын анықтау және резервтерін жасау.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді роль атқарады, өйткені ол бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары, мекемелері және олардың жоғары құрылымдары жүзеге асырады.
Нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Болжам - арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағым қандай болса да бір құбылыстың жай-күін ықтималды пайдалану. Болжау - қандай болса да бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері туралы болжамдарын әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы - бұл қаржы қатнастарының мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі - қаржы ресурстары, процесі - ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам( болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануын анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске ауыстырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: Экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау; Коррекциялық - регресиялық талдау; Тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Жоспар - іс-қымылдарды немесе шараларды жүзеге асырырудың тәртібін, мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге бағытталған өзара байланысты жүйе.
Жоспарлау - жоспарлаудың өзін әзірлеуді, оның орындалуын ұйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалы) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық -үйлестіруші рольді атқарады және қаржы қызметінің субъектіліріне экономикалық зерттеушіліер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері енгізіледі. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізінде алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті құру жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың ажырағымсыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау юолып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын атқару.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді-реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқалары пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағасы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттык банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амартизациялық аударымдарының нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді роль атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмаларың қауыртығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендету, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқаруды және т. т. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан - қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндірістің процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаларға негізделген: орталықтандырылған көзқарастардың үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) - орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жургізуге мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысыналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен биліктің жергілікті орындарының нақтылы жоспарлау жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелігі артырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биіліктің жергілікті органдары бюджеттерінің аумағына орналасқан шаруашылық жүргізүші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікті жоғарлатудағы оның ролін арттыру қажет.
Бірлік қағидасы қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысты. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысты білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметірлері дәлелденіп, анықталады. Экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерімен тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғары ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған карасты субъектілердің жоспарлы жобаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржылық жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді.
Жоспарлаудың үздіксіз қағидасы перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қолжетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидасы ағымда жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толык тиімді дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістері мен шығыстардың негізгі топтары бойынша жоспарланатын жылға арналған кірістер мен шығыстардың нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарды құрудың және пацдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етуін көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz