Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
I Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Жабайы, хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарларды кедендік одақтың аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар.
2.2. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау.
2.3. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды темір жол көлігімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау.
2.4. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды автокөлікпен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау
2.5. Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
2.6.Вагодарды, автокөліктерді және әуе ұшақтарын дезинфекциялау
III.Өзіндік зерттеу
IV.Қорытынды V.Тіркеме
VI.Пайдаланған әдебиет

Жабайы, хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарларды кедендік одақтың аумағында ҚР территориясына шетелден жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады ҚР көліктегі ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды болып табылады деп есептейміз. Осыған байланысты ҚР шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда. Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; жабайы жануарды аруру болса жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін ұстану; вагон, автокөлік және кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау кезінде дезинфекциялық бақылау жүргізу..
Жануар, құс, ет және жануарларды тасымалдау, аурудың алдын алу, алдын ала хабарлау, қоршаған ортаны зоонозды аурулардан сақтау үшін темір жолдарда ветеринарлық қызмет ұйымдастырылды. Алғашқыда бірнеше көліктегі ветеринарлық-санитарлық орындар ашылды, яғни Орынбор-Ташкент темір жолы, кейін Қарағанды-Петропавловск-Қостанай, 1930 жылдары Түркістан-Сібір темір жолы.
Қазақстан темір жолында барлығы 41 көліктегі ветеринарлық – санитарлық бөлім жұмыс жүргізді, соның ішінде 5 бақылау – транзит, 12 транзит және 24 – линиялық.
Екінші және үшінші категория бойынша темір жол вагондарын ветеринарлық-санитарлық өңдеу үшін Жаңа Семей стансасында ірі дезжуғыш станция салынды.
Кеңес Одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, Алматы, Батыс-Қазақстан ветеринарлық қызмет негізінде шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда Шығыс – аймақтық басқармасы ұйымдастырылды.Астана жəне Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын (тасымалданатын) объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жүргізетін қажетті құралдармен жəне жабдықтармен жарақталған шекаралық жəне кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан ветеринариялық бақылау бекеттері бар.

1. Гулюкин А.М. «Ветеринарный надзор на границе и транспорте», «Ветеринарная газета! №9-2002 (стр5).
2. Ханжин А.В., Погуляй В.Д. «На границе» «Ветеринарная газета» №17, 2002г.
3. Правила обязательного изъятия и уничтожения животных.продуктов и сырья животного происхождения, представляющие особую опасность для здоровья животных и человека, либо их обязательного обезвреживания (обеззараживания) и переработки без изъятия от 28 апреля 2003г. №407
4. Перечень особо опасных болезней животных, при которых проводятся обязательное изъятие и уничтожение животных, продуктов и сырья животного происхождения от 28 апреля 2003г №407
5. Правила осуществления государственного ветеринарного надзора при перемещении подконтрольных государственному ветеринарному надзору грузов через государственную границу РК от 28 апреля 2003г №407.
6. Правила организации пограничных ветеринарных контрольных постов в пограничных и таможенных пунктах (пунктах через государственную границу) от 28 апреля 2003г №407.
7.Перечень железнодорожных пунктов пропуска на государственной границе РК от 3 июля 2003г №648.
8. Перечень автомобильных пунктов пропуска на государственной границе РК от 3 декабря 2001г № 1556
9. Правила выдачи ветеринарных документов (ветеринарное санитарное заключение, ветеринарное свидетельство, ветеринарный сертификат, ветеринарная справка) ветеринарными инспекторами на объекты государственного ветеринарного надзора от 15 ноября 2002г №372.
10. Инструкция о порядке взаимодействия и размещения контролирующих органов при осуществлении контроля в пунктах пропуска через государственную границу РК. Утверждены приказами Комитета национальной безопасности РК от 9 декабря 2002г №217, Министерство транспорта и коммуникаций РК от 23 ноября 2002г № 353-1 Агентством таможенного контроля РК от 10 ноября 2002г №47, Министерство с/х-ва РК от 7 января 2002г №03,Министерство здравоохранения РК от 14 января 2003г №34.
11. Правила транспортировки (перемещения) подконтрольных государственному ветеринарному надзору на территории РК от 16 апреля 2003г №206.

Жоспар
I Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1.Жабайы, хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарларды кедендік
одақтың аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын
ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар.
2.2. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды әуе көлігімен тасымалдау
кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау.
2.3. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды темір жол көлігімен
тасымалдау кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау.
2.4. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды автокөлікпен тасымалдау
кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау
2.5. Жабайы жануарларды тасымалдау және таңбалау
2.6.Вагодарды, автокөліктерді және әуе ұшақтарын дезинфекциялау
III.Өзіндік зерттеу
IV.Қорытынды
V.Тіркеме
VI.Пайдаланған әдебиет
І. КІРІСПЕ
Жабайы, хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарларды кедендік
одақтың аумағында ҚР территориясына шетелден жұқпалы аурулардың
қоздырғыштарының өтуінен сақтайды, бұл жұмысты шекарадағы ветеринарлық
бекеттің ветеринарлық инспекторлары жүзеге асырады ҚР көліктегі
ветеринарлық қызметтің транзит және республика ішінде ішкі тасымалдау мен
ветеринарлық-санитарлық қадағалау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру маңызды
болып табылады деп есептейміз. Осыған байланысты ҚР шекара және көліктегі
мемлекеттік ветеринарлық инспекторларының жауапкершілігі артуда.
Ветеринарлық инспекторлардың міндеттері: аурудан сау емес шаруашылықтан
өнімді шығармау; тасымалдау барысында жұқпалы аурулардың пайда болуына және
таралуына қарсы алдын алу шараларын жүргізу; жабайы жануарды аруру болса
жібермеу; тасымалдау кезінде ҚР ветеринария туралы заңдылық ережелерін
ұстану; вагон, автокөлік және кеме көліктерімен өнімдерді тасымалдау
кезінде дезинфекциялық бақылау жүргізу..
Жануар, құс, ет және жануарларды тасымалдау, аурудың алдын алу, алдын
ала хабарлау, қоршаған ортаны зоонозды аурулардан сақтау үшін темір
жолдарда ветеринарлық қызмет ұйымдастырылды. Алғашқыда бірнеше көліктегі
ветеринарлық-санитарлық орындар ашылды, яғни Орынбор-Ташкент темір жолы,
кейін Қарағанды-Петропавловск-Қостанай, 1930 жылдары Түркістан-Сібір темір
жолы.
Қазақстан темір жолында барлығы 41 көліктегі ветеринарлық – санитарлық
бөлім жұмыс жүргізді, соның ішінде 5 бақылау – транзит, 12 транзит және 24
– линиялық.
Екінші және үшінші категория бойынша темір жол вагондарын ветеринарлық-
санитарлық өңдеу үшін Жаңа Семей стансасында ірі дезжуғыш станция салынды.
Кеңес Одағының ыдырауы, Қазақстан Республикасының қалыптасуы, Алматы,
Батыс-Қазақстан ветеринарлық қызмет негізінде шекара және көліктегі
мемлекеттік ветеринарлық қадағалауда Шығыс – аймақтық басқармасы
ұйымдастырылды.Астана жəне Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда
аумақтық инспекциялары, олардың ішінде орын ауыстыратын (тасымалданатын)
объектілеріне ветеринариялық-санитариялық бақылау жəне қадағалау жүргізетін
қажетті құралдармен жəне жабдықтармен жарақталған шекаралық жəне кедендік
пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тура келетін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) орналасқан
ветеринариялық бақылау бекеттері бар.
Бекеттерді ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының
аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы жəне экзотикалық
ауруларының əкелiнуi мен таралуының алдын алу. Бекеттер, мiндеттi түрде
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жəне қадағалауға жататын
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандар өткізiлетiн шекара жəне кеден
пункттерiнде ұйымдастырылады. Шекара маңындағы мемлекеттердiң аумағында
жануарлардың ерекше қауiптi аурулары шыққан кезде өткiзу пункттерiнде
ветеринария саласындағы заңнамамен белгiленген кезеңде жəне тəртiппен көлiк
құралдарын дезинфекциялау ұйымдастырылады. Бекеттер ветеринария саласындағы
уəкілетті мемлекеттік орган ведомствосының бөлімшелері болып табылады.
Бекеттер белгiленген режимде жұмыс істейдi жəне мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторлардың қажеттi санымен жинақталады. Бекеттердiң
инспекторлары өз жұмысында ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық
келісiмдерiн басшылыққа алады жəне басқа да мемлекеттік бақылау
органдарымен өзара iс-қимылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні жалпы 28 ветеринарлық бақылау бекеттері бар, соның ішінде; 2-
əуежайда орналасқан бекеттер, 5-темір жолында, 18-автокөлік жолдарында
орналасқан, одан басқа темір жолда вагондарды өңдеу үшін 2-дезинфекциялық
жуғыш станциялары бар (Жаңа Семей жəне Анар станциясы). Автокөлік
жолында – 2013 жылы – 18 зарарсыздандырғыш станциялары ұйымдастырылды,
соның ішінде: 5 – Қытай Халықаралық Республикасымен (Алматы, Шығыс-
Қазақстан облысы), Қырғыз Республикасымен – 9 (Алматы, Жамбыл облысы),
Ресей Федерациясымен – 4 бекет (Батыс Қазақстан,Павлодар, Жамбыл Атырау,
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары). Бұл аталмыш автокөліктегі
зарарсыздандырғыш жуғыш бекеттердің саны жыл сайын өзгеріп отырады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Жабайы, хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарларды кедендік одақтың
аумағында жəне (немесе) тараптар арасында тасымалдау (орнын ауыстыруда)
кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар.
Кедендік одақтың аумағына Тараптар арасында тасымал-
дауға жұқпалы ауруларынан сау аумақтардан шығарылатын дені сау жабайы,
хайуанаттар бағының жəне цирктік жануарлар жіберіледі, соның ішінде келесі
аурулардан:
А)келесі ауруларға бейім жануарлар:
етқоректілер үшін:
– етқоректілер обасы, вирусты энтерит, токсоплазмоз,
инфекциялық гепатит – шаруашылық аумағында соңғы 12 ай
бойы;
– туляремия – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында
немесе əкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы;
– құтырық – шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы;
суда жүзетін құстар үшін:
– Держи ауруы, үйрек обасы, үйректердің вирусты гепатиті
– шаруашылық аумағында соңғы 6 ай бойы.
кеміргіштер үшін:
– Рифт алқабы қызбасы – ел аумағында соңғы 48 ай бойы;
– тулеремия – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел аумағында

– Ауески ауруы – ХЭБ Кодексі ұсыныстарына сəйкес;
– миксоматоз, қояндардың вирусты геморрагиялық ауруы,
лимфоцетарлы хореоменингит – шаруашылық аумағында соң-
ғы 6 ай бойы;
– токсоплазмоз – шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы;
кит тəріздестер үшін:
– итбалықтар обасы (морбилливирусты инфекциялар), ви-
зикулярлы экзантема – мекендеу аумағында соңғы 36 ай;
пілдер, керіктер, окапи, су сиырлары, тапирлер, жəндік
жегіштер, жарқанаттар, сөмкеліктер, мүйізтұмсықтар,
жанаттəрізділер (жанат, панда, коати, какомицли) жəне
т.б. түрлер үшін:
– Рифт алқабы қызбасы – аймаққа бөлу тəртібіне сəйкес ел
аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 48 ай бойы;
– Венесуэльдік энцефаломиелит – аймаққа бөлу тəртібіне
сəйкес ел аумағында немесе əкімшілік аумақта соңғы 24 ай
бойы;
- етқоректілер: иттер, қасқырлар, түлкілер, ақ түлкілер,
құндыздар, гиенналар, шие бөрі, қорқақ қасқыр – токсоплаз-
мозға;
- құндыздар – алеут ауруына;
д) құстар (тоты құстар, кептерлер) – орнитозға (пситтакоз),
құс тұмауы, Ньюкасл ауруына;
Егер олар соңғы 6 ай ішінде вакцинацияланбаса, арту ал-
дында 20 күн бұрын вакцинациялайды:
– барлық ет қоректілер құтырыққа;
– иттер, қасқырлар, түлкілер, ақ түлкілер, құндыздар,
гиенналар, шие бөрі, қорқақ қасқыр – ет қоректілер обасына,
псевдомонозға;
– құндыз бен күзендер – вирусты энтеритке;
– саз күзендер – пастереллезге қарсы;
– мысық тектілер – құтырыққа, панлейкопенияға жəне
вирусты ринотрахеитке;
– кеміргіштерді (қояндар) – миксоматозға жəне вирусты
геморрагиялық ауруға;
– құстар (тауық тектілер) – Ньюкасл ауруына қарсы;
Импортаушының қалауы бойынша басқада ауруларға егеді.

Ұшақпен тасымалдауға тек қана дені сау жабайы жануарлар, құс және
бауырымен жорғалаушылар, карантинде тұрған (30 күн), жөнелтуші
шаруашылықтың ветеринарлық дәрігері берген ветеринарлық куәлік және мөрмен
бекітіп, ауданның ветеринарлық дәрігерінің қолы, әрбір жануар түріне
қатысты паспорт және қабылдау актісі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Тасымалдау ережелеріне байланысты оларды тек белгіленген орынға жеткізу
кепілдігі болған жағдайда ғана әуе жолымен тасымалдаңға қабылдайды.
Жануарларды ұшақтың ұшуына 2 сағат қалғанда әуежайға әкеледі. Әуежайларда
жөнелтілетін жануар саны көп болған жағдайда арнайы орындар тағайындалады.
Бөлім іштері жақсы жарықталған, желдетілген және оптималды температура
ұстауға арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Авиациялық тасымалдау кезінде қатаң түрде тасымалдау ережелерін
ұстанған жөн. Жабайы жануарларды, бауырымен жорғалаушыларды жүк таситын
ұшақтарды тасымалдауға рұқсат етеді, жануарлар ұшақтарында болса
бөлектеледі. Жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар кеміргіштермен және
азық өнімдерімен қатар тасымалданбайды. Ұшақ іші таза, жуылған, желдетілген
болу керек.
Жабайы жануарлар, құстар және бауырымен жорғалаушыларды ұзақ
тасымалдау барысында жолсеріктерін тағайындайды, олар жануарларды
азықтандырып, күтеді. Жолсерігін тек жақын қашықтыққа тасымалдаған
жағдайларда бекітпейді. Жабайы жануар, құс және бауырымен жорғалаушыларды
халық аралық әуежолдарда жол серіксіз тасымалдайды, бұл жағдай
бортсерігінің міндетіне жүктеледі. Жабайы жануар, құс және бауырымен
жорғалаушыларды мықты, жабылған металл торларда тасымалдайды. Кейбір
бауырымен жорғалаушыларды, мысалы жылан, кесіртке, крокодилдерді мықты
жабылған жәшіктерде тасымалдайды, жәшік салмағы әртүрлі болады және габарит
көлемдерін жөнелтуші әуежай құрамымен бірлесіп шешеді. Қажет жағдайда олар
әуежайға жануар мен құстарды артып түсіруге арналған механизация құрылымын
т абыс етеді.
Барлық жағдайларда жануар, құс және бауырымен жорғалаушыларды
вибрация шуылдарынан бөлек жерге ыңғайластырып, бастарын ұшақ бағытына
қарай орналастырады. Жолда жануарларға температуралық режим жасайды.
Мысалы, маймылдар температура өзгерісіне және желдің өтуіне сезімтал.
Салмағы 1,6-3кг маймылдар 0,92; 0,6; 0,5 барометрлік қысым жағдайында
тасымалданады. Олар үшін қолайлы температура 25-300С, үнемі ауа алмасатын
бөлімдерде сақтаған жөн. Маймылдарды жолсеріктердің бақылауымен
тасымалдайды.
Кейбір жануар және құстарды, ескек аяқтыларды (ит балық, морж және
т.б.), әнші құстармен маймылдарды кем дегенде 16-24 сағат дейін, ал қалған
жануарларды 2 тәуліктен жоғары емес уақытта тасымалдайды. Әнші құстарды
тасымалдау кезіндегі ауа температурасы 150С, тотықұс -200С-тан төмен емес
жағдайда тасымалдайды, бұл жануарлардың қимылы торларда шектелген. Төменгі
температура ақ аюлардан басқа жануарлар үшін қолайсыз. Ауа райының суық
мезгілінде маймыл, тотықұс және басқа жануарларды тасымалдауға арналған
жәшіктер киіз, қап немесе басқа материалдармен қапталады.
Қатты қозғалу, шу, температуралық және атмосфералық қысым өзгерістері
жануарларға теріс әсер тигізіп, өлімге әкелуі мүмкін.
Жөнелтуші әуежай қабылдаушы әуежай бөліміне тасымалданатын жануар
туралы, ұшу уақытын, күнін, ұшақ рейсі жөнінде ақпарат береді, ал
белгіленген қабылдаушы әуежайдың қызмет бөлімінің мамандары әкелінген жүкті
ұшақтан түсіріп, әуежайдан шығарылуына тікелей жауапты. Бұл жайлы жөнелтуші
жеделхат немесе телефон арқылы жүк қабылдаушыны ескереді.
Борттағы жабайы жануар, құс және бауырымен жорғалаушылар жөніндегі
мәліметтерді ұшақ командирі уақытында радио арқылы ұшақ аралық және соңғы
келіп жету әуежайларына хабарлайды.
Жабайы жануар, құс және бауырымен жорғалаушыларды жөнелтуші
әуежайларда ойластырылмаған жағдайлар кезінде, аралық және белгіленген
әуежайда оларды сақтап қалу үшін жағдай жасалады: қысқы уақытта жел
өтімінен сақтайтын жылы бөлмелерді ұстаған жөн, себебі жануарларға суық
тиіп, өліп қалуы мүмкін; жаз уақытында, әсіресе ыстық және құрғақ ауа райы
кезінде оларды тікелей күн сәулесі бар және жел өтінде қалдыруға болмайды,
салқын, көлеңкелі жерде ұстаған жөн; ескек аяқтыларды, ақ аю және әсіресе
қонжықтарды ыстық ауа райы кезінде күніне бірнеше рет суық сумен бүріккен
дұрыс.
Жануар, құс және бауырымен жорғалаушыларды уақытында дұрыс
азықтандыру керек: аю, жолбарыс, барыс, сілеусін, қабылан аңдарын күніне
кешке таман бір рет балауса ет, маймылдарға нан, ботқа, жеміс, жасыл пияз,
қою шай немесе қайнаған су ( қайнамаған су беруге мүлдем болмайды) береді.
Жануарларды жөнелтуші жолсеріктері бақылайды, ал егер жол серіктерсіз
тасымалдаса, онда зоопарк мамандарын шұғыл түрде әуежайға шақырады.
Жабайы жануар, құс, бауырымен жорғалаушылар тасымалданатын торлар
зақымданған жағдайда зоопаркке хабар беріп, көмек сұрайды. Мүмкіндік келсе,
зақымданған торларды немесе жәшіктерді орнында жөндейді. Белгіленген
әуежайға жабайы жануар, құс және бауырымен жорғалаушыларды тасымалдап
әкелген жағдайда автокөлікке тікелей ұшақтан түсіреді.
Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау - ветеринария саласындағы өкілетті
мемлекеттік органның Қазақстан Респуликасының ветеринария саласындағы
заңдарын бұзудың алдын алуға, оны анықтауға олдырмауға және жоюға
бағытталған қызмет.
Мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың негізгі мақсаттары:
1. Жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде адамдар мен
жануарларға ортақ аурулардың алдын алу;
2. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау нысандарының ветеринариялық-
санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. ҚР аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және
экзотикалық ауруларын алып келуден және таратудан қорғау;
4. ҚР ветеринария саласындағы заңнамаларын бұзудың алдын алу,
анықтау, болдырмау және жою.
Экспортер - елдің ветеринариялық мемлекеттік қызметі тиым салмаған
және жануарлардың жұқпалы ауруларынан ресми түрде таза аң аулау
алқаптарында немесе аң өсіретін кәсіпорындарда мекендеген сойылған сау
жануарлардан (қанатты құс) және экзотикалық жануарлардың еті олу керек,
сонымен бірге:
а) жануарлардың барлық түрлері үшін:
-шошқаның африкалық обасынан - елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- аусылдан - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
- құтырудан - аң аулау алқабында, шаруашылықта немесе мекендеген
жерінде соңғы 3 жыл бойы;
- сібір жарасы - аң аулау аумағында, шаруашылықта немесе мекендеген
жерінде соңғы 20 күн бойы;
б) аша тұяқты күйісті ірі қара малдары үшін:
- мүйізді ірі қараның обасы, контагиозды плевропневмониясы,
везикулярлы стоматит, ұсақ күйіс малының обасы - елдің аумағында соңғы 12
ай бойы;
- елдің аумағында мүйізді ірі қараның кемік тәріздес энцефалопатиясы
және қой скрепиі - ХЭБ "Халықаралық ветеринариялық кодексі" талаптарына
сәйкес;
- мүйізді ірі қараның індетті түйінді тері аурулары (түйінді
бүршіктері), визикулярлы стоматит, Рифт алқабының безгегі, блутанг,
геморрагиялық септицемиясы, Акаане ауруы - елдің аумағында соңғы 3 жыл
бойы;
- паратуберкулез - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және оларды
асырайтын мекемесінде) немесе олардың өсіп өну ортасында соңғы 3 жыл бойы;
- бруцуллез, лейкоз, туберкулез - аң аулау аумағындағы шаруашылықта
(және оларды асырайтын кәсіпорындарында) немесе олардың өсіп өну ортасында
соңғы 6 ай бойы;
- вирустық диареия - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және оларды
асырайтын мекемесінде) немесе олардың өсіп өну ортасында соңғы 12 ай бойы;
в) аша тұяқты күйісті ұсақ жануарлар үшін:

- Рифт алқабының безгегі, күйісті ұсақ малдың обасы, блутанга - елдің
аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- КУ - лихорадкасы - елдің аумағында соңғы 12 ай бойы;
- паратуберкулез, меди-висна, энцефалит-артриті, аденоматоз - аң
аулау аумағындағы шаруашылықта ( және оларды асырайтын мекемесінде) немесе
олардың өсіп өну ортасында соңғы 3 жыл бойы;
- туберкулез, бруцеллез - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және
оларды асырайтын кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну ортасында соңғы 6 ай
бойы;
- қой және ешкінің күлі - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және
оларды асырайтын кәсіпрнында) немесе лардың өсіп өну ортасында соңғы 12 ай
бойы;
г) аша тұяқты күйіс қайырмайтын ұсақ малдары үшін:
- шошқаның классикалық обасы, Ауески ауруы, шошқаның энтеровирустық
энцефалмиелиті (Тешена ауруы), шошқаның респиратрлық - репродуктивтік
синдромы - аң аулау аумағындағы шаруашылықта немесе олардың өсіп өну
ортасында соңғы 12 ай бйы;
- трихинеллез - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және оларды
асырайтын кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну ортасында 3 жыл бойы;
- рожа - аң аулау аумағындағы шаруашылықта (және оларды асырайтын
кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну ортасында соңғы 20 күн бойы;
д) аша тұяқты емес жануарлар үшін:
- маңқа, жылқының індетті энцефаломиелиті барлық түріне, вирустық
артриті - елдің аумағында соңғы 3 жыл бойы;
- індетті анемиясы, су ауру, эпизоотиялық лимфонгоит, жылқының
індетті метриті - аң аулау аумағындағы шаруашылықта ( және оларды асырайтын
кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну ортасында соңғы 12 ай бойы;
е) үй және жабайы қояндар үшін:
- үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруы, туляремия - аң аулау
аумағындағы шаруашылықта (және оларды асырайтын кәсіпорнында) немесе
олардың өсіп өну ортасында соңғы 12 ай бойы;
- миксоматоз, туляремия, пастереллез, листериоз- аң аулау аумағындағы
шаруашылықта (және оларды асырайтын кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну
ортасында соңғы 6 ай бойы;
ж) қанатты жабайы құстар үшін (құстар):
- құстардың барлық серотиптегі тұмауы және Ньюкасла ауруы - елдің
аумағында соңғы 1-жыл бойы;
- Марека ауруы, сальмонеллез, індетті ларинготрахеит, індетті
бронхит, індетті энцефаломиелит, Гамборо ауруы, індетті анемия, күл -
дифтериті, пастереллез және аспергиллез - аң аулау аумағындағы шаруашылықта
(және оларды асырайтын кәсіпорнында) немесе олардың өсіп өну ортасында
соңғы 6 ай бойы;
- орнитоз, үйрек обасы, туберкулез және лейкоз - аң аулау аумағындағы

2.3. Жабайы жануарлар мен хайуанаттарды темір жол көлігімен тасымалдау

Жабайы жануарларды көз жеткізу керек.Оларды тасымалдауға мұқият әзірлену
керек және ветеринарлық бақылау қатаң болуы тиіс.Жабайы жануарлар қолайсыз
жағдайларға өте сезімтал, сондықтан оңай ауырып қалады.
Тасымалдау дені сау, 30 күн оқшауда болған жануарлар
жіберіледі.Жабайы жануарлардың қапаста тамақтануға үйренгендігіне,
ветеринарлық өңдеуден өткеніне аранайы берік торларда тасымалдайды.Олар бір
қатарда қарап, күтіп, азықтану үшін орын қалдырып орналастырады, торларды
жақсылап бекітеді.
Ірі жыртқыштарсалынған торларды (барыс, жолбарыс, сілеусін, гиена)
ұсақ және тұяқтылардан жеке орналастырады.Азықтандыру жеке рацион бойынша
оны жөнелтуші құрайды, оларды тасымалдауға дейін қалай азықтандырса, солай
азықтандыру қажет.
Жабайы жануарларды құту, азықтандыру үшін бір вагонға екі жолсерік
тағайындалады.Тасымалдау алдында (3-4 күн бүрын) олар арнайы дайындықтан
өту керек.Жол жүру кезінде ауырған, жарақаттанған жануарлар болса, жедел
түрде хабарлайды да, көмек көрсетеді.

Жануарлар және құстар тасымалына арналған автокөліктер тасымал
жағдайына байланысты жабдықталу керек. Ірі қара мал, шошқа, қой және ешкі
тасымалдайтын автокөлік қорабы керекті (100-110 см) биіктікте болуы қажет.
Жануарлар тасымалдау кезінде қолайсыз ауа райынан (өте ыстық, қыс, күз
уақытында) сақтау үшін автокөлік қорабы резентпен немесе басқа материалмен
жабылуы тиіс. Автокөлік қорабы тесіксіз және бүтін болуы керек. Жануар
тасымалына арнаулы (мал тасымалдайтын көлік) ағаш едені бар көлік
пайдалануы керек. Автокөлік қорабы таза болып, қорап едені төселгішпен
(сабын, ағаш ұнтағы және т.б. ) төселуіне тиіс.
Ірі малдар (жылқы, сиыр, бұқа) автокөлікте басымен алға қарай
орналастырылып малдар қорапқа қатты байланады.
Ірі қара малдың екі жасқа дейінгі, шошқа, қой және ешкі, басқа ұсақ
жануарлар байлаусыз, тек қана автокөлік қорабында әр малдың жатуына орын
болса ғана тасымалданады.
Егер сыртқы ауа температурасы 300С жоғары болса, шошқа тасымалдануы,
тек қана ветеринария дәрігерінің рұқсатынан кейін тасымалдауға жіеріледі.
Жылқылар тиеу алдында тағасыздандырылады.
Құстарды тасымалдау тек қана арнаулы істелінген (құстар түрімен)
торларда рұқсат етіледі. Автокөлікке торларды қатарлап арту тек қана ( төрт
қатарға дейін), әрбір торға ауа жүрімі болған кезде рұқсат етіледі. Құс
салынған торларды бірнеше қатар етіп артқанда, торлар асты қатты және нәжіс
ақпайтындай болуы қажет. Торларда қажетті мөлшерде төсенші болуы керек.
Аралар өзіне керекті деңгейді істелінген омарталарда, жүк жіберушінің
қарауымен тасымалданады.
Жануарларды тасымалдау кезінде малдың санына байланыссыз, автокөлік
жүргізушісінен басқа, міндетті түрде арнайы бөлінген жолсерік болуы керек.
Егер керек болса жолсерік жануарларды жол бойында қарайлау үшін,
автокөлік қорабында малдардың жанына орналастырылады.
Бұл үшін жолерікке арнаулы (ірі жануарларды тасымалдағанда қораптың
алдыңғы жағынан) жануарлардан бөлек орын дайындалады.
Жануарларды алыс жерге тасымалдаған уақытта (жол бойы 6 сағаттан көп
болса), жүк жіберуші міндетті түрде малдарды көрікті мөлшерде азықпен
қамтамасыз етеді.
Жол бойы жануарлар (тәулігіне екі рет) міндетті түрде суарылады.
Малдар жол бойында 12 сағаттан көп тасымалданса, оларды әр 10-12
сағатта 2-3 сағатқа демалысқа түсіреді, егер түсіруге жағдай болмаса,
жануарларды автокөлік қорабының үстінде көрсетілген мерзімде демалдырылады.
Демалыс кезінде жолсерік міндетті түрде жануарларды суарып және
азықтандырып, автокөлік қорабын нәжістен тазалап, жаңа төсеніш салады.
Жануарлардың демалу, азықтандыру, автокөлікті нәжістен тазалау орны,
тасымалдау бағыты, жүк жіберушінің жергілікті атқару мекемелерімен және
ветеринариялық органдарымен алдын ала келісілуі керек.
Жануарларды тасымалдау бағытында, әрдайым белгіленген және
орналастырылған, мал суаратын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz