Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау


ЖОСПАР
- Кіріспе. . . 5-6
II. Негізгі бөлім .
2. 1 Тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау . . . 7-10
2. 2 Жануар тектес шикізаттарды тасмалдау кезінде қойылатын ережелер . . . 10-13
2. 3 Темір жол көлігі арқылы мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды тасымалдау кезіндегі жолшыбай ветеринарлық - санитарлық бақылау . . . 13-14
2. 4 Темір жол көлігі арқылы экспортқа ұсынылған мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды қабылдау, тиеу, орналастыру кезіндегі ветеринарлық-санитарлық . . . 14-18
2. 5 Жануарлардан алынатын өнімдерді темір жол көлігімен тасымалдау (орнын ауыстыру) тәртібі кезіндегі жолшыбай ветеринарлық - санитарлық бақылау . . . 18-23
2. 6 Жануар тектес шикізаттарды тасымалдау кезіндегі көліктегі ветеринарлық - санитарлық шараларды ұйымдастыру . . . 23-26
2. 7 Темір жол көлігі арқылы тасымалданатын мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды тағайындалған жеріне жеткізілгеннен кейінгі
түсіру кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау . . . 27-29
III. Өзіндік жұмыс
IV. Қорытынды . . . 29-30
V. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
VI. Тіркемелер . . . 31-32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ветеринария туралы" 1995 жылы қабылданған заң күшi бар қолданылып жүрген Жарлығы объективтiк себептерге байланысты ескiрдi, ал оның негiзгi ережелерi кейiннен қабылданған базалық, экономикалық көптеген заңдарға қарама-қайшы келедi. Осыған байланысты ветеринария саласы реформаланып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қазiр Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралуда жатқан "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жаңа жобасы әзiрлендi. Республиканың ветеринарлық зертханалары техникалық жарақтандырылуы жөнiнен қазiргі заман талаптарынан едәуiр кейiн қалған және ХАССП принциптерiне негiзделген ДСҰ-ның мүше елдерiне қойылатын талаптарға жауап бермейдi: ветеринарлық зертханалардың техникалық жарақтандырылуы халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес келмеуiнiң салдарынан жүргiзiлетiн сараптамалар әдiсінің төмендiгi және халықаралық деңгейдегi нормалар мен стандарттарға сәйкес келмеуi, өз кезегiнде ауыл шаруашылығы құрылымдарына малдан өндiрiлетiн өнiмдер мен шикiзаттарды, сондай-ақ тiрi малды алыс шетелдерге экспорттауға мүмкiндiк бермейдi Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалаудың ұйымдық құрылымы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық қадағалау департаментi, ҚР АШМ-нiң облыстық, аудандық, қалалық аумақтық басқармаларының ветеринариялық қадағалау бөлiмдерi болып табылады.
2364 ауылдық және кенттiк аймақтарда ветеринариялық-санитариялық қадағалауды ҚР АШМ-нiң аудандық, қалалық басқармаларының 1430 ветеринариялық инспекторы, 3255 ветеринарлық инспектор, соның iшiнде шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринарлық бақылауды - 23 шекаралық ветеринарлық - фитосанитарлық бекеттер мен 133 постыларда 478 ветеринария маманы жүзеге асырады.
Шекарадағы ветеринариялық бақылау пункттерi мен постылардың қызметтiк үй-жайлармен, арнайы құрал-жабдықпен, байланыс құралдарымен, iс ұйымдастыру техникасымен, көлiкпен қамтамасыз етiлмеуi: қазiргi уақытта нарықтық қатынастардың, шағын және орта бизнестiң дамуы есебiнен тiрi малдың, малдан өндiрiлетiн өнiмдер мен шикiзаттың жеке бiр облыс iшiнде ғана емес, бүкiл республиканың және шекаралас елдердiң аумақтары бойынша да бақылаусыз өтуi ұлғайып отыр.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын қолдауға республикалық бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы субъектілердің әл - ауқаттары жақсарып, мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жаңа шаруашылық субъектілерінің қатары көбейіп келеді.
Осылайша ауылдық жерлерде қосымша жұмыс орындарының саны көбейіп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелері шешіліп жатыр. Отандық мал шаруашылығы өнімдерін бәсекелестікке сәйкестендіру және сыртқы саудаға шығару Қазақстанның негізгі стратегиялық бағыты және мінднті болып табылады.
Курстық жұмыстың басты міндеттерінің бірі - мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттын темір жол көлігімен тасмалдау барырысында ережеге сай тасмалдаудыөткізу.
Ол Ресей, Түркия, Италия, Германия сияқты бірқатар елдерге экспортқа шығару. Өкінішке орай, отандық өңдеу өнеркәсібі деңгейінің төмендігінен біздің шикізатымызды өңдеу арқылы басқа елдер кәсіпорындарының көптеп пайда тауып жатқандығы жасырын емес.
Сондықтан экспорттық әлеуетті арттыру үшін корпорация мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттардың төмен деңгейінен неғұрлым тереңдетіле өңделген өнім деңгейіне дейін көтеру үшін күш салуымыз керек. Курстық жұмысымның енді бір мақсаты Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі қарсаңында, қазақстандық ветеринариялық заңнаманы халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкестендіру. Бұл ретте, еліміздің ет өңдеу кәсіпорындары осы талаптарға сәйкес болуы керек.
Экспортқа бағдарланған ет өңдеуші кәсіпорынға өз өнімін халықаралық рынокқа шығаруға мүмкіндік беретін халықаралық код (нөмір) беріледі. Халықаралық кодты алу үшін ет өңдеуші кәсіпорын ветеринариялық нормалар мен талаптарға сай болуы шарт. Республика аумағын жұқпалы аурулар қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау бұл біздің басты мақсатымыз.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Тасмалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға дайындау кезіндегі ветеринарлық - санитарлық бақылау.
Соңғы 20 жыл көлемі, халықаралық тауар айналымының көтеріліп дамуымен ерекшеленеді. Ал Қазақстан елі үшін азық - түлікті шет елдерге экспорттау ерекше орын алды әсіресе темір жол көлігі арқылы.
Дамыған ТМД мемлекеттерінің нарықтық жүйесінде жаңадан экономикасының құрылуымен тығыз байланысты. Дамыған елдердің шекарасы арқылы қосымша кеден органдарымен және мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарының және фито - карантиндік инспекциясымен бірге тығыз байланыс орнатты. Бұл тексеріс - қадағалау органдарының жаңа құрылымы болатын. Сонымен қатар ветеринарлық - фитосанитарлық бекеттері, экспортталатын және импортталатын жануар өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асырып, ұйымдастырып отыру керек. Ветеринариялық - фитосанитарлық бекетімен қоса санитарлық - карантиндік бекеті құрылды. Бұлардың ұйымдасқан түрдегі мақсаты: елдің шекарасы арқылы жұқпалы эпизоотиялық аурулардың таралып, адам денсаулығына қауіп төндіруін болдырмау болып табылады.
Ветеринарлық - фитосанитарлық бекеттің негізгі құрамы Республиканың АШМ - ң басқаруымен облыстық шекаралық аймақтарға бөлініп өз жұмысын атқарады. Осы аталған бекеттер Мемлекеттің «Ветеринария» заңнамасымен және Мемлекеттік Ветеринарлық Департаментінің нұсқауымен өз қызметін жүзеге асырады. Бұдан басқа тасымалданатын мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттар мемлекеттік стандартқа сай екендігін қадағалап тексерістен өткізеді.
Мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды шет елге экспорттау немесе импорттау үшін тек қана шаруашылықтың рұқсатымен және түрлі жұқпалы аурулардан сәтті болса, өңделген жағдайда ғана тасымалдауға жіберіледі. Сондай - ақ әрдайым экспорттаушы немесе импорттаушы елдің ветеринарлық - санитарлық қадағалаудың бақылауында болады. Сонымен бірге мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттардың тасымалдау реттілігін анықтау шарттарын, азықтар, азықтың құрамы және басқада ветеринарлық - санитарлық бақылау талаптарына сәйкес тасымалданатын өнімдерді және транспортты шекарадағы бекеттер негізінде тексерістен өткізу, қоршаған ортаны түрлі жұқпалы және паразиттік аурулардан сақтау, өнім алынған елдің эпизоотикалық жағдайымен танысып мәліметтер жинақтап осылар негізінде қорытындылап Мемлекеттік Ветеринарлық Департаментін қабардар ету басты міндеті. Бұл мәліметтер негізінде жануар тектес өнімдерді елге кіргізу барысында туындайтын сұрақтарды шешу үнемі қарастырылып экспорттаушы және импорттаушы елдер арасында екі жақты келісім шарт жасалынуы керек.
Мал өнімдерін және жануар тектес шикізаттарды тасымалдау алдында, дайындау кезінде, оларды өңдегенде, сақтағанда, сондай - ақ тамақ кәсіпорындарында тағамдар мен жартылай фабрикаттар дайындағанда және шет елге экспортқа шығарардан алдын тиісті ережелерге сай мал дәрігерлік санитариялық сараптау жүргізіледі. Яғни дұрыс ұйымдастырылған және мемлекеттік стандарттар (МС) мен техникалық шарттардың (ТШ) талаптарына сай жүргізілетін жұмыстар санитарлық - тазалық сапасы жоғары, тағамдық қасиеті мол, адамның денсаулығына ешқандай нұсқан келтірмейтін мал өнімдерін дайындауды қамтамасыз етеді. Осыған байланысты колхоз, совхоз, қосалқы шаруашылық, корператив, шағын кәсіпорындары, сондай - ақ ет - сүт комбинаттары, тоңазытқыштар, темір жол, колхоз базарларының мал дәрігерлік - санитарлық зертханалары, ауданның мал дәрігерлік - санитарлық сарапшы болып қызмет атқаратын адамдарға өнімнің сапасының жоғары болып және олардың адам денсаулығына ешқандай зиян келтірмеуін әрдайым қатаң бақылап отыруы жүктеледі.
Тасмалдауға келіп түскен жануар тектес шикізаттардың клеймасы және дайындаған ауданы көрсетілген қалақшалары болуы тиіс. Бұл сібір ластанған шикізаттар табылған жағдайда, сол сәтсіз ауданды тез анықтауға мүмкіндік береді.
Темір жол бекетінің бастығы шикізаттарды вагондарға тиеуден 12 сағат бұрын, бұл жөнінде көліктегі малдәрігерлік- санитарлық бақылау орнына хабарлайды, ал шикізаттарға малдәрігерлік куәліктің №3 үллгісін алады, онда барлық жүргізілген зерттеулер көрсетілуі тиіс.
Жөнелтуге ұсынылған шикізат тиеместен бұрын және тиеу барысында тексеріледі, сонымен қатар көліктегі малдәрігерлік санитарлық бақылау өкілінің жөнелтпекші жүк ыдысының 10% аштыруға құқығы бар.
Жүктің сапасыз екендігі анықталса, олар вагонға тиелмейді, көліктегі малдәрігерлік бақылау өкілі бұл туралы акт жазады, онда вагонға тиеуге тиым салынған себептерді көсетеді (жазбаша) .
Мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды шет елге тасымалдау кезіндегі мемлекеттік мал дәрігерлік бақылау жүргізіледі. Мал шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа) дені сау малдардан алынып және аусыл ауруынан сәтті кәсіпорын шаруашылықтарда дайындалған жағдайда ғана шетелге тасымалдауға рұқсат етіледі.
Етті, ішкі органдарды, сойылған құстарды, аң еттерін, жануар тектес шикізаттарды (тері, тұяқ, мүйіз, сүйек, мамық, қылшық, жүн), эндокринді шикізаттарды шет елге экспортқа шығарардан алдын ала ветеринарлық - санитарлық бақылаудан өткізіп, ұадағалап отыру қажет. Сонымен қатар осы аталған мал өнімдері мен жануар тектес шикізаттарды тек қана тұздалған күйінде рұқсат етіледі.
Негізінен тасымалданатын ет өнімдері 3 термикалық күйде тасымалданады. Олар: мұздатылған, салқындатылған, суытылған термикалық күйінде болады.
Мұздатылған ет температурасы тиеу алдында сүйек маңындағы бұлшық ет қалыңдығында - 8 0 С жоғары болмауы тиіс. Соны ішінде экспортқа шығарылатын мұздатылған еттің сүйек маңындағы бұлшық ет қалыңдығында - 10 0 С жоғары болмауы тиіс.
Салқындатылған еттің сүйек маңындағы бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы 0 - 4 0 С болуы тиіс.
Суытылған еттің сүйек маңындағы бұлшық ет қалыңдығындағы температурасы 4 - 12 0 С болады. Сонымен қатар шошқа еттері тасымалдауға жіберілмейді. Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау ережесіне сәйкес көрсетілгендей, суытылған және салқындатылған сиыр, қой, және шошқа еттерін алдын ала тексерістен өткізіп, арнайы қармақтарға іліп вагондарға тиеп дайындайды.
Сүт сауылған жерінде шаруа қожалықтарының арнайы сүт зертханаларында, сүт қабылдау пункттерінде, май шығаратын және ірімшік зауыттарында, қала мен жұмысшылар кенттерінің базарларындағы ветеринариялық - санитариялық сараптау зертханаларында т. б. орындарда белгілі бір үлгімен сараптаудан өткізіледі, атап айтар болсақ: әкелінген сүттің партиясын және ыдыстарын жалпы қарайды, сүттен орта сынама алады, сезімдік көрсеткіштері анықталады, қышқылдылығын, тазалығын, тығыздығын, бактериялық ластануын, майлылығын анықтайды.
Сүт пен қаймақтар бидонға немесе сиымдылығы - 26 т сүт цистернасына құйылып, арнайы дайындалған изотермикалық вагондармен тасымалданады.
Сары ірімшікті, сары майды, құрғақ және қойылтылған сүтті буып, түйілген күйінде төмендегідей температурада тасымалдайды: сары майды- 2 0 С, сары ірімшікті - 8 0 С, ірімшікті - 2 0 С - тан -5 0 С - қа дейін болады.
Жануарлардың шыжғырылған тағамдық тоң майларын (сиыр, қой, шошқа, сүйек майлары) температурасы 4 0 С тан жоғары емес жағдайда, емен ыдыстарда тасымалданады. Эндокринді шикізатты мұздатылған күйінде ящиктерде салынып тасымалдауға дайындалады.
Жануар тектес шикізаттардан төменде келтірілгендері шет елге экспортқа шығаруға рұқсат етіледі: тұяқ, сүйек, жүн, мүйіз, қылшық, мамық және тері шикізаттары дені сау малдардан өндіріліп және соңғы 12 айда аусыл ауруынан шаруашылық сәтті болған болса. Тасымалдауға жіберілмекші шикізаттарды шығару пунктімен тиеу станциялары аусыл ауруынан конвенциялық тоқтауда болмауы тиіс. Жоғарыда аталған тұяқ, сүйек және мүйіздерді жөнелтуші кәсіпорындарында міндетті түрде 2, 5 % формальдегид немесе 5% хлоры бар әк ерітінділерінде өңдеуден өткізеді. Өңдеудің ұзақтығы зақтығы 3 - сағат көлемінде болуы тиіс.
Тасымалданатын мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттар мемлекеттік және халықаралық шарттарға сай болуы тиіс.
Ет және ет өнімдері шет елдерге мынадай жағдайларда тасымалданбайды: егерде аусылға, ірі қараның обасы, шошқаның африкалық және классикалық обасы, сонымен қатар ұша мен суб өнімдері аусылмен, лейкозбен, туберкулез, бруцеллез, шешек және трихинилез т. б. аурулардан өзгерген және лимфатикалық бездері болған жағдайда тмсымалдауға жіберілмейді.
Ірі қара және ұсақ іірі қараның және шошқаның ұшасы экспортқа жөнелтілуден алдын цистицеркозға, ал алдын - трихинилезге тексеруден өткіземіз. Барлық ұша және шала ұшаларда міндетті түрде ветеринарлық қадағалаудан сәтті өтті деген таңбасы болуы, экспорттаушы елде қойылған елдің аты және тасымалдаушының номері болуы тиіс.
Жануар тектес шикізаттардан тасымалдауға рұқсат етілген: тоңдық тері, улбірлі тері, жүн, ешкі түбіті, қылшық, құрғақ және ылғалды тұздалған эндокринді шикізаттар, сүйек, тұяқ және мүйіз.
2. 2. Жануар тектес шикізаттарды тасмалдау кезінде қойылатын ережелер.
1. Темір жолмен тасымалдауға шекара мен көіктегі тік ветеринарлық бақылаудың қадағалануындағы болатын жұқпалы ауруларға сәтті шаруашылықтар мен пункттерден алынған жануарлар шикізаттары жіберіледі. 2. Жүк жөнелтуші әрбір бекетке мемлекеттік ветеренарлық бақылаудың қызметшісінің визасы бар, белгіленген фермаға сай әр вогонның ветеринарлық куәлігін көрсетуі тиіс. Мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүктері ветеринарлық куәліксіз белгіленген аймаққа түсірілмеиді. 3. Ветеринарлық куәлік берілгеннен кейін 5күнге дейін өз күшін сақтайды. Ветеринарлық куәлік уақыты аяқталған жағдайда жүкті тасымалдауға рұқсатты мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкері шешеді.
4. Ветеринарлық куәлікте шикізаттардың атауы, көлемі, салмағы көрсетіледі. Егер ветеринарлық куәлік мөрсіз, қолтаңбасыз, түзетулері мен қателіктері болса оның күші жоқ болады, ал бұндай куәліктермен тасымалдау жұмыстары жүргізілмейді. Ветеринарлық бақылаудағы жүктер ветеринарлық куәлікте жазылған мекенжай бойынша тасмалданады. Жеткізілмекші бекет пен жүк қабылдаушының атауын өзгерту мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
5. Шығармақшы станция мен жүк қабылдаушыны ветеринарлық куәлікте колендарлі штампель арқылы белгілейді. Бұл оның екінші қайтара тасмалданбауы үшін тиімді.
6. Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау қызметкерінің тексерісі жүк шығарушы станцияда жүкті тиемес бұрын және тиегеннен кейін, ал жеткізілмекші станцияда жукті тусіргеннен кейін орындалады.
7. Мемлекеттік ветеринарлық бақылауының қызметкерлерінің тексерістері тасмалдау кезнде, жүкті жөнелтуші сұрыптау станцияларында және су жолы көліктеріне тиеу орындарында жүргізіледі.
Мемлекеттік станциялар ветеринарлық куәлікті, жүкті тасмалдау құжаттарын және жүкті тасмалдаудағы мемлекеттік ветеринарлық бақылауның орындалуына байланысты анықтамалар беру керек.
Егкр мемлекеттік ветеринарлық бақылауға сәйкес ветеринарлық куәлігі болмаса немесе шикізаттар жұқпалы жануарлармен құстардан алынған болса, жүк “Ветеринария туралы” заңнамасына сай оқшауланып тиісті шаралар жүргізіледі.
8. Еер жолшыбай жүк тасмалдау ветеринарлық куәліктері жоғалған жағдайда, жалпы формалы акт толтырылады. Егер ұсақ жүкті тасмалдағанда ветеринарлық куәлік жоғалса, жүк- мемлекеттік ветеринарлық бақылау талаптарымен, ветеринарлық куәліктің жоғалғандығын байқған станцияда тоқтатылады.
9. Егер тасмалдау кезінде кмемлекетті ветеринарлық бақылаудағы жүкті тоқталатылатын болса, ол туралы мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкері станцияға хабалайды.
Жүктің тоқтатылуы туралы мемлекеттік ветеринарлық бақылаудың қызметкері мен жүк иесінің өкілі қатысушымен акт толтырылады.
Актта жүк тоқтатылу себептері, және тоқтатылатын жүкке қатысты іс шаралар көрсетілуі тиіс. Акттың көшірмесі құжаттарға тіркеледі.
10. Станцияларда жүк тиейтін, түсіретін және сұрыптайтын шикізаттарға арналған, жүктің аталған станциядан өткендігі көлеміне байланысты арнайы қоймалар, қоймалардың арнайы бөлімшелері, қоймалардың оқшауланған орындары мен биіктігі 2, 5 м кем емес, қабырғалары бар алаңдар берілуі тиіс.
Шикізаттарды өнімдермен, азық-түлікпен, жануарлармен, металл бұйымдарымен бояғыш заттармен бірге тасмалдауға болмайды.
Шикізаттарды өлшеумен тасмалдау үшн арнайы таразылар мен арбалар беріледі.
Шикізаттарды ұстаған орындар, таразылар арбалар мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерлерінің бұйрықтарымен дизинфекциядан өткізілуі тиіс.
11. Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдар арнайы қорғаныс киімдерімен жұмыс жасауы тиіс(тығыз матадан тігілген костюм немесе комбинезон, қолғап, голош, алжапқыш) . Бұл костюмдерді өзге мақсаттарға пайдалануға рұқсат етілмейді, оларды сол бекеттегі арнайы шкафтарда сақтайды.
Жүкті тиеу түсіру, сұрыптау жұмыстарымен айналысатын адамдардың гигиенасын ветеринарлық бақылау орындары бақылайды.
12. Тері және жүн шикізаттарын тұщықұрғақ, тұздықұрғақ және тұзды ылғалды күйде вагонда, контейнерлі тасмалдауға арнайы кресттәрізді қатты жіптермен байланған полкаларда жіберіледі.
Әрбір тұзды- ылғалды шикізат полкасы жүнмен қапталынуы тиіс. Ірі құрғақ терілер (түйе мен буйвол) екіге бүктетіліп (ұзына бойы) немесе жіппен оратылып тасмалданады.
- Тері жүнді: шикізаттарды тасмалдау ұсақ жөнелтілушілермен құрама вагондарда жүргізіледі:
- тұщықұрғақ және тұздықұрғақ- қатты немесе жұмсақ ыдыста;
- ылғалды тұзды бөшкелермен жәшіктерде.
14. Тері мен жүн мұздатылған күйінде тасмалданбайды.
15. Тері мен жүннің ветеринарлық куәлігінде сібір жарасына тексергенде, теріс нәтиже берді деп жазылуы тиіс.
16. Жапсырмасы бар шикізаттар сібір жарасына тексерілмейді. Оларға: жылқы, мүйізді ірі қара, есек, түйе, бұғы, құлан, жабайы ешкі, қозылар, қояндар, суыр, иттер, мысықтар, үй қояндары, түлкі терілері жатады. Шошқа терілері сібір жарасына тексеріліп болған соң жапсырма жапсырылып өткізіледі.
17. Тері мен жүн шикізаттарын сібір жарасына зерттеген зертхананың жапсырмасы салынады. Зерттеу нәтижесі бойынша шикізат сібір жарасына оң реакция беретін болса, ол сәйкес дезинфекциясынан кейін тасымалданады. Теріде “Дезинфекцияланды” деген жапсырма салынады.
18. Жүн, мамық, үкі жұмсақ ыдысқа оралып, ал ұсақ жөнелтілулерде- жәшіктермен немесе тығыз жұмсақ ыдыспен тасымалдайды.
Ветеринарлық куәлікте жүн қандай күйде тасмалданатындығы- жуылған, жуылмаған, жуылса, жуу қалай жургізілді- суықпен немесе ыстықпен. Әрбір тасмалданатын жүктің фабрикалық маркасы болуы тиіс.
19. Мүйіздер, тұяқтармен сүйектер жәшіктерде, себеттерде, тығыз жұмсақ ыдыста оралған күйде тасмалданады. Мүйіздер, тұйақтар мен сүйектер дымқыл күйінде тасмалданбайды.
Сүйек құрғақ, артық заттардан тазартылған, қысқы кездегі температурасы -5˚С және одан төмен бола мұздатылған күйде жүк қабылдаушының келісімі болған жағдайда тасымалданады. Бұл жағдайда “жолаушының ерекше өтініштері” жолағында, жүк беруші “Сүйекті мұздатылған күйінде тасмалдауға келісемін” деген белгі салады.
20. Ветеринарлық куәлікте сүйекті тасмалдағанда сонда шығу тегі көрсетілуі тиіс (асханалық, шұжықтық, далалық) .
Далалық сүйектер мен тұяқтар хлорлы әктің ерітіндісімен өңделіп, кептіріліп тиелуі тиіс. Асханалық, шұжықтық сүйектерді далалықпен бірге тасмалдауға болмайды.
Мүйіздер тұйяқтар мен сүйектер жабық вагонда, ыдыссыз тасымалданады.
21. Өңделмеген тері кесектері құрғақ күйде, қапшықтарда, жәшіктермен қорапшаларда байлаусыз тасымалданады.
22. Мидроны жылдың жылы мезгілінде: құрғақ қапшықта, әкті сүтпен консерваланғанды жәшіктерде тасымалданады.
23. Шет елге шығарылатын шикізаттар жүктің санына байланысты, тиеуші станцияларда мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерінің міндетті ветеринарлық тексерістен өту қажет.
24. Шекаралық бекеттерде көрсетілген жүктерде шекаралық ветеринарлық пунктінің ветеринарлық дәрігерімен тексерілуі тиіс. Мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүктің ветеринарлық куәліктерінің орнына сертификат немесе импортталатын жүктердің ветеринарлық куәлік беріледі
25. Шикізаттарды тасмалдаған соң вагондар міндетті тазалауға, жуу мен дезинфекциялауға жібереді.
2. 3. Темір жол көлігі арқылы мал өнімдерімен жануар тектес шикізаттарды тасымалдау кезіндегі жолшыбай ветеринарлық - санитарлық бақылау
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) техникалық шарттарды сақтап, арнайы жабдықталған рефрижаторлы вагондерде жүзеге асырылады (етті қатарлау және асып қою, температуралық режим, тоңазыту жүйесінің әсер ету тәртібі) .
Жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жол бойына температуралық режим сақталады.
Жаңа сойылған немесе дефростацияланған (ерітілген) етті тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
Суытылған немесе тоңазытылған етті (құс ұшаларынан басқа) жақын аралықтарға тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде оны үйіп, бірақ екі қабаттан асырмай артуға рұқсат етіледі. Автокөлік кузовының еденін жуады, таза брезент, содан кейін таза мата төсейді.
Құстың ұшаларын жәшіктерге қатарлайды.
Жұмыскер-жүк тиеушілерге немесе басқа тұлғаларға тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге автокөлік құралының кузовында болуға жол берілмейді.
Етті:
1) мұнай өнімдерімен немесе өткір иісті заттармен сіңірілген (ластанған) ;
2) өткір ерекше иісі бар өнімдермен бірге автокөлік құралдарында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.
Балықты суытып, мұздатып, тұздап және дауалаудың басқа түрлерінде тасымалдайды. Тоңазытылған балықты тасымалдауға жәшіктерде немесе бөшкелерде, мұздатылғанды - жәшіктерде, қораптарда, тұздалғанды - бөшкелерде жеткізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz