Үй құстарын бағып күту



Кіріспе
1 Құстарды бағып күту ережелері
2 Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау тәртібі
3 Құстарды тасымалдау алдында ветеринарлық санитарлық бақылау
4 Құстарды вагондарға арту кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау
5 Жүру кезінде құстарды ветеринарлық санитарлық бақылау
6 Келу стансасында құстарды ветеринарлық санитарлық бақылау
7 Құстарды экспортқа тасымалдау
8 Құстарды торларда тасымалдау
9 Құстарды автокөлікпен тасымалдау тәртібі
10 Құстарды әуе жолымен тасымалдау
Әрбір мемлекеттік қызмет өзіне қатысты тарихымен ерекшеленеді. Қазақстан Республикасы ветеринарлық қызметтің де өз алдына даму тарихы бар. Мәселен, Қазан төңкерісіне дейін біздің елімізде темір жол жүйесі дамымады, ал керекті мал мен құс, олардан алынатын өнімдер Ресейден біздің елдің жәрмеңкелеріне тасымалданып отырды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасы өз алдына, 1992жылы ҚР АШМ бұйрығымен шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау басқармасы құрылды, 1994 жылы шекара және көліктегі мемлекеттік бас ветеринарлық қадағалау басқармасы деп өзгертілді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылауындағы жүктер тиелетін, тасымалданатын, түсірілетін және барған жерінде түсірілетін, тасымалдау орындарында мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың ветеринарлық испекторлары арқылы қадағалау жұмыстары жүргізіліп отырады.
Қазіргі таңда біздің елімізде құстар мен жануарларды тасымалдау автокөлік, теміржол, су көліктері және тракторлы поездар арқылы тасымалдау қарастырылған.
Жануар, құс, ет және басқа шикізаттарды тасымалдау, аурулардың алдын-алу, қоршаған ортаны зоонозды аурулардан сақтау үшін темір жолдарда ветеринарлық санитарлық қызмет ұйымдастырылды.
Құстарды тасымалдау барысында ветеринарлық санитарлық бақылау біздің еліміздің ветерирания саласындағы маңызды қызметтердің бірі болып табылады.
Ветеринария тарихында жұқпалы аурулардың алыс қашықтыққа таралу оқиғалары орын алған. Сол себептен, ауру құстар табылған шаруашылықтардан құстарды шығару және енгізуге тиым салынған.
Теміржол көлігімен құстарды тасымалдау кезінде түрлі жұқпалы аурулардың таралуын алдын-алу үшін жолдағы ветсанбақылау мекемелері маңызды қызмет атқарады.
1. Песков П.Г. «Ветеринарно-санитарный надзор на железнодорожном транспорте». М., «Колос», 1969.208с
2. Житенко П.В., В.С.Осетров «Транспортировка скота, птицы и продуктов животноводства». – М.,Россельхозиздат, 1982. – 143с.
3. Козлов В.П. «Организация перевозок скота». «Қайнар», 1978.104с
4. Плохов С., Козлов В.П. Перевозка скота автотранспортом. «Автомобильный транспорт Казахстана», 1967, №3
5. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. «Ветеринарлық гигиена».
Оқулық. – Алматы: «Білім» баспасы, 2005. – 432 бет.
6. Журнал «Птицеводство» №5•2010.25с
7. Журнал «Птицефабрика» №4/2009.48с
8. Журнал «Птицеводство» №11•2010.52с
9. Интернет желісі URL:: http://www.egemen.kz/img/Бұйрык-204.doc
URL:: http://e.gov.kz/wps/portal/downl
www.nitec.kz/transport/images/npa/pprk_826_ppg_kaz.doc

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Әрбір мемлекеттік қызмет өзіне қатысты тарихымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы ветеринарлық қызметтің де өз алдына даму тарихы бар.
Мәселен, Қазан төңкерісіне дейін біздің елімізде темір жол жүйесі дамымады,
ал керекті мал мен құс, олардан алынатын өнімдер Ресейден біздің елдің
жәрмеңкелеріне тасымалданып отырды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін
Қазақстан Республикасы өз алдына, 1992жылы ҚР АШМ бұйрығымен шекара және
көліктегі мемлекеттік ветеринарлық қадағалау басқармасы құрылды, 1994 жылы
шекара және көліктегі мемлекеттік бас ветеринарлық қадағалау басқармасы деп
өзгертілді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік ветеринарлық қадағалау
бақылауындағы жүктер тиелетін, тасымалданатын, түсірілетін және барған
жерінде түсірілетін, тасымалдау орындарында мемлекеттік ветеринариялық
қадағалаудың ветеринарлық испекторлары арқылы қадағалау жұмыстары
жүргізіліп отырады.

Қазіргі таңда біздің елімізде құстар мен жануарларды тасымалдау
автокөлік, теміржол, су көліктері және тракторлы поездар арқылы тасымалдау
қарастырылған.

Жануар, құс, ет және басқа шикізаттарды тасымалдау, аурулардың алдын-
алу, қоршаған ортаны зоонозды аурулардан сақтау үшін темір жолдарда
ветеринарлық санитарлық қызмет ұйымдастырылды.

Құстарды тасымалдау барысында ветеринарлық санитарлық бақылау біздің
еліміздің ветерирания саласындағы маңызды қызметтердің бірі болып табылады.

Ветеринария тарихында жұқпалы аурулардың алыс қашықтыққа таралу
оқиғалары орын алған. Сол себептен, ауру құстар табылған шаруашылықтардан
құстарды шығару және енгізуге тиым салынған.

Теміржол көлігімен құстарды тасымалдау кезінде түрлі жұқпалы аурулардың
таралуын алдын-алу үшін жолдағы ветсанбақылау мекемелері маңызды қызмет
атқарады.

Сонымен қатар транспорттағы ветеринарлық жұмысшылар, ветеринарлық-
санитарлық бақылау орындары жұқпалы аурулардың адамдарға таралмауын және
алдын-алу шараларын бір мезгілде шешеді.

Құстарды бағып күту ережелері

Құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып күтеді.
Еден жағдайында күтіп бағу тәсілінің екі түрі бар:

1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште

2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде.

Еден жағдайында күтіп баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс
қоралары салынады. Құс қораларының едені тақтайдан салынады немесе
асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа
тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80см биіктікке
орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25см, тор көздің
мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12х15мм, ал 45 күн
толған балапандар үшін 15х15мм.

Құс қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа
болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне
қарай белгіленеді.

Құс қоралары тұрақты жинап алатын немесе бөлшектеп алатын етіп құс
қонақтайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан
қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек
құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80см, балапандар үшін 50см
аспауы керек.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикаландырылған
жабдықтардың комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді шөпті таратып беретін
құрал, науалы сауат, түбі көтерілмелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа
жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін
жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, құс саңғырығын
жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын
станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының
конструкциясына байланысты болып, құстарды еден жағдайында қолайлы
орналстыру тығыздығы белгіленген.

1-кесте

Құстарды еденге орналастыру нормасы

Құстың түрі мен жас тобы 1м2 еденге келетін құс басы
Ет бағытындағы тауықтар 4,0-5,0
Күрке тауық 1,5-2,0
Үйректер 2,5-3,0
Қаздар 1,0-1,5
Бройлер балапандар(1-9 апта) 18
Күркетауық балапандар (1-16 апта) 5
Үйрек балапандары (1-3 апта) 18
Қаз балапандары 8

Құстардың денсаулығы мен өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен
гигиеналық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері,
майдаланбаған сабан тағы басқа материалдар пайдаланылады.

Төсеніш қора ішінде санитариялық жағдайды жақсартады, құстың астынан
сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандырады. Төсеніш
ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды,
жұмсақ болады. Төсеніш материалдары құрғақ, шаңсыз, ластанбаған, құрамында
түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы
болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет.

Төсеніш ылғылдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат
көрсеткіштерін бірқалыпты ұстау қажет. Қалың төсеніштерді құстардың кезекті
тобымен ауыстырып, оларды құс қоймаларында биотермиялық өңдеуден өткізеді.
Құстарды еден жағдайында күтіп-бағу әдістері негізінен ыстық және ылғалды
аймақтарда пайдаланылады.

Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау тәртібі

Темір жол көлігімен тауықтарды, үйректерді және қаздарды тасымалдайды.
Олардың дені сау, соққы жарақаттардан аман, ісіктерсіз, қансыраусыз болуы
керек. Шаруашылықтардан тасымалдауға жұқпалы аурулардан сау құстар
қабылданады.

Тірі салмағы (кг )болуы керек: 2-
кесте

Қаздарда 3-3,5
Үйректерде 1-1,5
Тауықтарда 0,8-1
Балапандарда 0,6

Құстарды темір жол көлігімен тасымалдау арнайы вагондарда жүргізіледі.
Вагон іші толығымен тазартылған, ыстық сумен жуылған, кейбір жағдайларда
жолдағы ветсанбақылау көрсетуімен дезинфекцияланған.

Құстарды жақын қашықтықтарға торда тасымалдаған жөн (300км), ал алыс
қашықтыққа бос апарған жөн.

Поездарда құстарды тасымалдау ЖВ вагондарынан, жайлылығы аса жоғары
вагондардан және барлық санаттағы поездардың жақсартылған ішкі интерьерімен
отырғызу орындары бар вагондардан басқа, барлық вагондарда рұқсат етіледі.

Құстары жәшіктерге, себеттерге, торларға және қол жүгін тасымалдау
үшін бөлінген орындарға орналастырылуы тиіс. Құстарды тасымалдау кезінде
олардың иелері немесе бірге алып жүрушілер вагонда санитарлық-гигиеналық
тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушы вагондарында, сондай-ақ ауданаралық, облысаралық және
халықаралық қатынастағы багаж вагондарында құстарды т.б тасымалдағаны үшін
багаж данасына немесе 20 кг ретіндегі орынға төлейді.

Құстарды вагондарда тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде жануарларды
азықтандыруға, суаруға, күтуге арналған жабдықтарды және құралдарды жүк
жөнелтуші ұсынады.

Тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын жануарларды келесі
тәртіппен орналастырады:

Әр түрлі құстарды бір вагонда бірге тасымалдауға (орнын ауыстыруға)
оларды бір-бірінен мықты шарбақпен бөлген жағдайда жол беріледі.

Барлық санаттағы поездарда құстарды барлық санаттағы вагондардың
жекелеген купелерінде тасымалдауға ғана жол беріледі. Бұл ретте жолаушы
купедегі орын саны бойынша жол жүру құжаттарының (билеттер) құнын төлеуге
міндетті. Поездарда құстарды тасымалдау белгіленген нысандағы ветеринарлық
куәлікті көрсету арқылы рұқсат етіледі.

Қала маңындағы поезда жолаушының өзімен бірге құстарды тасымалдауы
ақысыз жүзеге асырылады, ал жергілікті және алыс поездарда жолаушыға бет
жағында Жолаушы қолындағы Багаж деген жазуы бар багаж түбіртегін береді.

Жолда жолаушы вагонынан ұсақ құстарды багаж вагонына ауыстырған
жағдайда, багаж түбіртегі тасымалдауға арналған құжат ретінде багаж
вагонының қабылдап-тапсырушысына тапсырылады. Қабылдап-тапсырушы жолаушыға
багаж түбіртегінің нөмірі мен келу станциясы көрсетілген затбелгіні береді.
Багаж вагонында құстарды жол барысында артық жүксіз тасымалдауға қабылдауға
рұқсат етіледі.

Құстар, иттер, ұсақ үй жануарлары мен аралар арнайы контейнерлерде
немесе вагонда тұрған багаждың және басқа адамдардың жүк-багаждарының
бүлінуіне, ал вагонның өзінің ластанбайтынына кепілдік беретін жолаушының
түбі бар (себеттерінде, торларында, жәшіктерінде) ыдыстарында
тасымалданады. Көрсетілген ыдыс тасымалданатын жануарлардың мөлшері мен
санына сәйкес келуі тиіс. Ыдыстың ұсынылған осы пунктке сәйкес келетіндігі
туралы мәселені ұсақ үй жануарларын, иттер, құстар мен араларды жөнелту
станциясы багаж бөлімшесінің бастығы шешеді.

Багажды вагонда тасымалданатын құстарға жем беру темір жолдың міндеті
болып табылмайды. Ұсақ жануарларды, құстар мен араларды тасымалдауға тиісті
поезд кеткенге дейін 1 сағат бұрын қабылданады.

Құстарды тасымалдауға багаж түбіртегі беріледі, онда ыдысымен жалпы
салмағын және тасымалданып отырған құстардың санын көрсете отырып Тордағы
құс деген белгілер қойылады.

Құстарды тасымалдау жасалған багаж түбіртегі жоғалған жағдайда жолаушы
олардың тек өзіне тиістілігіне дәлелдер ұсынғанда ғана алушының тегін,
атын, әкесінің атын және тұрақты мекен-жайын көрсетіп, қолын қойдыра отырып
берілуі мүмкін.

Багаж вагонында құстарды тасымалдау тиісті нысандағы ветеринарлық
сертификат ұсыну бойынша жүргізіледі.

Тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша багаж кідіртілген
жағдайда, багаж кідіртілген станцияда станция бастығының немесе багаж
бөлімшесі қызметкерінің және тиісті кеден немесе тергеу қызметкерінің қолы
қойылып акті жасалады, бұл туралы багаждың келу станциясына багаж
бөлімшесінің қызметкері жеделхат арқылы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан
әрі - ТМД) қатысушы мемлекеттер шектерінде темір жол көлігімен жануарлар
мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар
паркі мен үй жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қосқанда)
(бұдан әрі - жануарлар мен құстар) тасымалдауды ауданның (қаланың)
мемлекеттік ветеринарлық қызмет дәрігері берген ветеринарлық сертификаты
(41-қосымша) болған кезде жүк жөнелтуші жүзеге асырады. Ветеринарлық
сертификат жануарларды тасымалдауға рұқсат етілмейді. Ветеринарлық анықтама
тиеу станциясына ұсыну үшін оның берілген сәтінен бастап үш күннің ішінде
жарамды.

Құстарды тасымалдау су өткізбейтін тұтас түбі бар торларда
жүргізіледі.

Құстарды тасымалдау алдында ветеринарлық санитарлық бақылау

Ветеринарлық ереже бойынша темір жолда құстар арнайы тәртіп пен шарт
бойынша тасымалданады. Құстарды тасымалдау алдында жасы бойынша сұрыптайды:
үлкен тауықтар, үйрек, қаз, балапан.

Жөнелтуші мекеме құстарды тиер алдында жолдағы ветеринарлық санитарлық
қадағалау бекетіне ветеринарлық сертификат көрсетуі тиіс. Яғни, құстың
шығатын орнын, және де құстардың инфекциялық аурулардан сау екендігін
көрсетеді.

Құстарды вагондарға тиеу алдында ветеринарлық дәрігер барлық құстарға
ветеринарлық тексеру жүргізеді. Ауру және жолға жарамсыз құстар
тасымалдауға жіберілмейді.

Ветеринарлық тексеру кезінде құстардан жұқпалы ауру табылған жағдайда,
жолдағы ветсанбақылау бекеті тез арада ауданның бас ветеринарлық дәрігеріне
хабарлайды. Және тасымалдауға барлық құс партиясымен жіберілмейді. Жұқпалы
ауру табылғаны және тиеуге шек қойылғанына байланысты арнайы формадағы акт
толтырылады.

Құстарды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің инспекторы алдын ала
2-3 күн бұрын іс-шараларын жүргізеді. Атап айтқанда, ең алдымен сол
аймақтың саулығын, құжаттардың дұрыс рәсімделуін, құстарға тексеру
жүргізеді. Және де тасымалдау алдында барлық қажетті заттардың бар
екендігіне көз жеткізуі тиіс. Яғни, құстарға арналған төсеніш, азықтар,
суару жабдықтарын, бөшкелерді, шелек және күрек т.б керекті құрал-
жабдықтарды, олардың сапасын тексереді. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң,
көрсеткіш нәтижелері бойынша акт толтырылады.

Құстарды арнаулы вагондарда тасымалдайды, егер де мұндай вагондар
жеткіліксіз болса, онда құстарды жәй жабық вагондарда тасымалдайды. Құстар
жәй жабық вагондармен тасымалданса, вагондарға тасымалдауға керек құрал-
жабдықтары темір жолмен немесе жүк жіберуші (жүк алушы) келісімімен
жабдықталады. Құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтындығын
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы
анықтайды.

Жіберілетін құстарға жүк жіберуші міндетті түрде, бақылаудағы
жүктердің шыққан жерінен, аумақтық ветеринариялық мекемесі берген
ветеринариялық сертификат көрсетеді. Ветеринариялық сертификат құс
тасымалдауға жіберілмейді.

Құстарды вагондарға арту кезіндегі ветеринарлық санитарлық бақылау

Құстарды вагондарға тиеу және түсіру малды тиеу платформаларымен
жабдықталған станцияларда жүргізіледі.

Жануарларды және құстарды вагондарға арту, мал артатын алаңы бар
белгіленген стансаларда жүргізіледі.

Темір жол көлігімен тасымалданғанда жануарлар және құстарды түсіру,
сонымен қатар аз мөлшерде тасымалданғанда арту және түсіру, жүкті қабылдап
және беру үшін ашық бүкіл стансаларда жүргізіледі.

Егер басқа көлікпен тасымалдауға шара болмаса, сойылатын құстарды
темір жол көлігімен тек алыс емес жерге (200 км. дейін) тасымалдауға рұқсат
етіледі.

Құстарды тасымалдау түбі бүтін торларда немесе торсыз тасымалданады,
сол кезде құстарды арту екі қабатта жүргізіледі, тек үстіндегі қабаттың
еденінен су өтпейтін болуы керек.

Құстарды артуға жуылған, дезинфекция жасалған вагондар беріледі.

Құстарды тасымалдауға вагондардың дұрыстығын, жарайтығын мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы анықтайды. Улы
заттар мен минералды тыңайтқыштар тасымалдаған вагондар, қайта өңделмесе,
оларға мал артуға рұқсат етілмейді.

Жіберілетін малдарға, құстарға, араларға, және де өсіру және көндіктіру
үшін арналған қысқышбақаға, тірі балыққа, балық өсіретін материалдарға,
ұрықтандырылған уылдырықтарға, жүк жіберуші міндетті түрде, бақылаудағы
жүктердің шыққан жерінен, аумақтық ветеринариялық мекемесі берген
ветеринариялық сертификатты көрсетеді. Ветеринариялық сертификатсыз мал
және құс тасымалдауға жіберілмейді.

Ветеринариялық сертификат әрбір вагонға бөлек беріледі, оны
тасымалдау құжаттарына қосады. Егер жүк жүк жіберушімен бірақ станцияға
және бірақ жүк алушыға жолдаса, бірнеше вагонға бір сертификат беріледі.
Бұл кезде ветеринариялық сертификат бір-ақ құжатқа қосылады да, ал
басқаларына белгі қояды. "Ветеринариялық куәлік N ..., жол құжатына N...,
вагонға N...".

Ветеринариялық куәлік артылатын стансаға көрсетілетін болса, ол
берілген күннен бастап үш тәулікке жарамды болып саналады.

Егер ветеринариялық куәліктің уақыты мерзімінен асып кетсе,
тасымалдауға малдарды қабылдау сұрағын, мемлекеттік ветеринариялық
қадағалауының ветеринариялық инспекторы шешеді.

Станция бастығы жүк артушы мен мемлекеттік ветеринариялық қадағалауын мал
мен құсты артуға 24 сағат уақыт бұрын хабар береді. Мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы малдарды зерттеуін
тек қана күндізгі уақытта жүргізеді.

Егер құстар түн уақытында артылса, артылатын орын жарық көзімен
жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі керек.

Құстар станция бастығы тағайындаған уақытқа станцияға жеткізіліп,
артылуға дейін бүкіл вагондар мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының
ветеринариялық инспекторымен қаралуы керек.

Құстарды артуға рұқсат етілсе, ол туралы ветеринариялық сертификатқа
белгі қойылады, ал артуға тыйым салынса, ветеринарлық сертификат алынғаны
туралы акт жасалынады, бұл туралы станция бастығына хабар беріледі. Артуға
мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы тыйым
салса, жүк жіберуші міндетті түрде 2 сағаттан кейін артылуға жіберілмеген
құстарды станция көлемінен алып кетуі керек.

Егер ауру, ауруға күмәнді құстар табылса, мемлекеттік ветеринариялық
қадағалауының ветеринариялық инспекторы, осы Ережелерге және ветеринария
саласында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге сәйкес шаралар
қолданады.

Егер құстың әртүрлі жыныс және түрімен тасымалдауға бөлек вагондар
болмаса, оларды міндетті түрде мықты шарбақпен бөліп тасымалдайды.

Жеткізудің орнатылған уақытына байланысты, жүк жіберуші құсқа
жеткілікті түрде жол бойына азықпен және төсенішпен қамтамасыз етеді.

3-кесте

Құстарды екі діңгекті вагонға тиеу нормасы (торларда)

Ересек тауықтар 600-900
Үйректер 250 дейін
Үндік 250 дейін
Қаздар 150 дейін

4-кесте

Құстарды төрт діңгекті вагонға тиеу нормасы (торларда)

Ересек тауықтар 850-1050
Үйректер 400
Қаздар 250

Құстарды тиеу көрсетілген нормаларда, соның ішінде түріне, жасына,
салмағына, жол ұзақтығына байланысты жолдағы ветсанбақылау рұқсатымен
жіберіледі.

Жүру кезінде құстарды ветеринарлық санитарлық бақылау

Жолда жүру кезінде құстар тірі салмағынан айырылуы мүмкін, сол себептен
оларды вагондарда жайлы орналастыру, уақытылы азықтандыру және сумен
қамтамасыз ету керек. Жолда жүру кезінде құрғақ азықтарды беру себебінен
құстар суды көп қажет етеді. Орташа есеппен тауықтардың бір басына кететін
судың мөлшері - 50-60г.

Құстарды жол бойында азықтандыру тәулігіне 2 реттен аспауы тиіс.
Азықтандыру арнайы тағайындалған стансаларда жүргізіледі. Осы стансада
құстарды суаруға арналған арнайы құрал-жабдықтар болады. (шланга, шелектер,
науа т.б)

Жемшөп пен төсеніш құстармен бірге вагондарда тасымалданады және олар
жемшөп сөрелеріне немесе вагонның есік аралық кеңістігіне салынады. Жемдер
(сұлы, ұн, ұн қалдығы, жарылған жем) қапқа, ал шөп пен сабан бауланған
түрінде салынады.

Жолсеріктермен жол бойы вагондарды тазалау, темір жол мекемесінің
бастығының бекітілген стансаларында жүргізіледі.

Вагондарды тазалау жөнінде қызмет көрсететін стансалардың тізімін жүк
артушымен жүк тасымалдаушының (темір жол мекемесі) арасындағы келісім
бойынша жасалынады.

Жол бойында ауырған және жұқпалы ауруға күдікті құстар анықталатын болса
жолдағы ветсан бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері тез арада оларды сау
құстардан бөлуі керек. Теза арада ауданның ветдәрігеріне хабарлап алдын-ала
шаралар жүргізуі тиіс.

Ауру байқалған құсты союға ветсанбақылау қадағалауымен жақын арадағы ет
комбинатына тез арады союға жібереді.

Құстар мен жануар өлімтіктерін түсіретін стансалар тізімін мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауының келісімімен, магистральдік темір жол
жүйелерінің операторы анықтайды.

Өлімтіктерді түсірерде және құстардың жұқпалы ауруларына арнайы іс
шаралар жүргізіледі. Өлімтіктерді мұқият сақтықпен алып тастайды, ал орнын
және құрал-жабдықтарды дезинфекциялайды.

Жол бойында егер өлген, ауру, нашар құстар болса, мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық инспекторы Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолданады. P030407

Станса аумағынан құстың өлімтігін алып тастау мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауының инспекторының қадағалауымен істелінеді. Құстар
артылған вагондарды тоқтатқанда немесе одан мал түсірілгенде жалпы
үлгідегідей акті толтырылады және мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының
ветеринариялық инспекторының хаттамсымен бірге, акт тасымалдау құжаттарына
қосылады.

Жұқпалы аурумен ауырған құс табылған вагондарды, сонымен қатар олар
жанасқан құрал-жабдықтарды міндетті түрде дезинфекциялайды.

.

Келу стансасында құстарды ветеринарлық санитарлық бақылау

Құстар тиелген вагондар стансаға түсірілуге келсе, онда станса бұл
жөнінде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық
инспекторына және жүк алушыға, немесе экспедитерлік компанияға егер жүк
солар арқылы тасымалданса, хабар береді.

Поезд келу станциясына келгеннен кейін жолаушы құстарды дереу, бірақ
келген сәттен бастап 12 сағатан кешіктірмей алуға міндетті, осы уақыттан
кейін олар осы Қағидада көрсетілген тәртіппен акті бойынша сатуға
тапсырылады.

Құстар мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының ветеринариялық
инспекторымен түсірілуге белгіленген мерзімде зерттелуі керек. Жалғыз
келген құс зерттеледі, егер стансада ветеринариялық бақылау бекеті болса
тексеріледі, болмаған жағдайда жүк алушыға тексерусіз беріледі.

Құстар түсіріліп болғаннан соң жүк алушы нәжіс пен төсеніштің
қалдықтарын вагонның есікаралық кеңістігіне жинауға міндетті

(3 категориялық вагондардан басқа). Вагондар нәжіс үйілгеннен соң,
ветеринария саласында қолданылатын нормативті құқық актілеріне санитарлық
өңдеуге жіберіледі. Келіп жатқан вагондардың санының көптілігіне және
жергілікті жағдайларға байланысты нәжісті және төсеніш қалдықтарын жинау
үшін станса бастығы жүк алушының сұрауы бойынша қосымша уақыт белгілей
алады. Бұл уақыт жаз айында 30 минут, ал қыс айында 1 сағаттан аспауы
керек.

Егер орнатылған тәртіпке қарай карантин туралы хабарландырылса теміржол
бастығы мал мен құсты орнатылған тәртіпке байланысты артуға және артуға
шегеру туралы хабар береді.

Құсымен вагондар карантин қойылған стансаға келсе, мемлекеттік
ветеринариялық қадағалауын ветеринариялық инспекторының рұқсатымен жүк
алушының нұсқауымен басқа стансаларға жіберіледі.

Құстарды басқа жерге жіберуге Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігінің ветеринария Департаментінің келісімі керек.

Құстарды шетелден алып келу және шет елге шығару тек қана орнатылған
ветеринариялық талаптарға сай, экспортер мемлекеттің ветеринариялық
мекемелерінің берілген ветеринариялық құжаттарымен (ветеринариялық куәлік
немесе ветеринариялық сертификат) келуі тиіс.

Станция бастығы құстардың келгені туралы хабар берген соң, сырттан
келген, сыртқа шығатын және транзиттегі құсты шекара және көліктегі
ветеринариялық қадағалауының аумақтық басқармасының шекаралық
ветеринариялық бекетінің ветеринариялық инспекторымен зерттеледі.
Зерттелген құстарға шекарадағы ветеринариялық бекетінің ветеринариялық
инспекторымен сыртқа шығатын жүкке ветеринариялық анықтама орнына
ветеринариялық сертификат беріледі, ал сырттан ішке тасымалданса онда
ветеринариялық сертификат орнына ветеринарлық анықтама беріледі.

Ветеринариялық сертификат немесе ветеринариялық анықтама жол
құжаттарына қосылады.

Шекаралық ветеринариялық бекеттің ветеринариялық инспекторы жануарлар
және құстарды зерттеу, ветеринариялық құжаттарды беру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Құс шаруашылығы еңбекшілерінің жағдайын жақсартуға арналаған ветеринариялық - санитариялық шаралар және антропоозондардың алдын алу
«Үйректерге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар»
Балапандарды өсіру
Құс фабрикасы
Ауыл шаруашылығы құстарының түрлері
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Үй құстарының кросстары
Инкубаторда тауық жұмыртқасын инкубациялау
Тауықтарды өсіру технологиясын жетілдіру
Пәндер