Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Анықтамалар, белгілер және қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1 Еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесінің ғылыми.теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ...8
1.2 Еркін экономикалық аймақтардың іс.әрекетін мемлекеттік реттеу ... ... ... ..18
1.3 Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... .29

2 Қазақстан Республикасындағы еркін экономикалық аймақтардың дамуының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.1 Қазақстан арнайы экономикалық аймақтарының басқару құрылымын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
2.3 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

3 Қазақстанда еркін экономикалық аймақты басқарудың бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .89
3.1 Арнайы экономикалық аймақтарды басқару механизмін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..89
3.2 Ақтау порты арқылы жөнелтілетін жүктерді жіберу нарығы сиымдылығын арттыру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..101
3.3 Қазақстанның «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .116

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 138

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 142

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...148
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан өту үшін құрылымдық, салықтық-бюджеттік, ақша-несие, инвестициялық және ұйымдастыру шараларын қамтитын мемлекеттің тиімді экономикалық саясаты керек, олардың іске асуына елдің және аймақтардың экономикасында нарықтық қатынастарды басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Экономиканы басқаруды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі сыртқы экономикалық іс-әрекеттер, соның ішінде еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесін жасау және дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес арнайы экономикалық аймақ жұмыс жасайды. Бірақ олардың экономикалық тиімділігі толық ғылыми сараптамадан өтті деп айтуға болмайды. Бұл құбылыс осы аймақтарды жасауда жеткілікті дәлелдер қаралмауына, оларды қалыптастыру концепциясының әлі де анық болмауына байланысты. Онда еркін экономикалық аймақтың келешек дамуын анықтайтын маңызды жағдайлар бағаланбаған. Олар: экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, аймақта керекті өндіріс инфрақұрылымының қалыптасуы және шын мәнінде кедендік, салықтық және валюталық жеңілдіктер тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін еркін экономикалық аймақты басқарудың икемді механизмін жасау болып табылады.
Алғашқы еркін экономикалық аймақтар тиісті талдаусыз пайда болған және олар экономикалық тиімсіз болды. Арнайы экономикалық аймақтарға үлкен аумақтар берілген, бірақ оларды басқару механизмі толық ойластырылмаған және жауапкершілік орталықтары анықталмаған. Арнайы экономикалық аймақтардың қызмет етуінің жалпы мәселелерінің шешілмеуі табыстылығына қарамай 1996 жылы жабылған. 2002 жылдан бастап жаңа аймақтар пайда болды, бірақ көп мәселелр шешілмеген, ал оңды нәтижелер жағдайларға байланысты.
Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін, оларды басқару әдістерін және нысандарын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуін талдау еркін экономикалық аймақтарды басқару механизмдері, оның теориялық және әдістемелік негіздері жеткілікті ғылыми дәлелденбеген.
Еркін экономикалық аймақтарда көлік транспорты арқылы жүктерді тасымалдау нарығын жетілдіру мәселелерін шешу әдістері механизмін жеткілікті деңгейде басқару жүйесіне сәйкес жасалған ішінара зерттеулер бар.
Еркін экономикалық аймақ теңіз портының кеңінен дамуы және аймақтың барлық экономикалық көрсеткіштерін көтеру, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды керек етеді. Жаңа теориялық және тәжірибелік қорытындыларды жасау, жүк тасымалдау жүйесін жақсартуды дәлелдеу зерттеудің өзектілігін, диссертацияның мақсатын және міндетін анықтады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың әдіснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарда еркін экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарды дамытуға белгілі бір тақырыптар аясында ғана ғылыми жаңалықтар мен ғылыми ашылымдарды баяндайды. Мысалы, зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін еркін экономикалық аймақтар бойынша ресейлік (Э.Алтынбаев, Б.Богуславский, И.Бунегина, А.Быков, В.Караваева, Л.Вардамский, Л.Васильев және т.б.), оның ішінде тікелей шетел инвестицияларын тарту (С.Евстратов, И.Ершова, Ю.Ершов, Ю.Нечаев және т.б.), әлеуметтік даму (А.Барышева, К.Боулдин, Е.Мишин, Д.Уайтком және т.б.) және экологиялық әсері жағынын (Г.Громыко, С.Нестерова, Г.Чернецкая, М.Лемешов, В.Садов, В.Соколов және т.б.) және қазақстандық ғалымдарының (Е.М.Арын, К.Бабагулов, С.Б.Байзаков, А.Есентугелов, М.Б.Кенжегузин, А.И.Кошанов, С.С.Сатубалдин, А.П.Рау, К.Аширбаев, Б.Сапарбаев, А.Т.Жадигерова, У.Баймұратов, Б.Б.Дюйсенбаева және т.б.) зерттеген еңбектері құрайды.
1 Караваев В.П. Свободные экономические зоны: возможности создания и перспективы // Строительство трубопроводов. 1991.-№4.-С.22
2 Фразье М., Рэн Р. Возможности создания зоны свободного предпринимательства в Болгарии // Вопросы экономики. 1991.-№10.-С.115
3 Кавалец М. Экологическая политика Польши, М., 1992.-С.19
4 Бабинцев В., Валиуллин Х. Особые экономические зоны // Российсикй экономический журнал, 1992.-№9.-С.26
5 Каргабаева С. Особенности и специфика развитя свободных экономических зон. // Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана.- 2005.-№4.- 61 б.
6 Н.Смородинская, А.Капустин. Свободные экономические зоны: мировой опыт и российские перспективы //Вопросы экономики-1994. - №12. – С.126-140.
7 Н.Смородинская. Туманно будущее свободных зон // Экономика и жизнь- 1997. - №12.-С.32
8 Овчинникова С. Зоны свободного предпринимательства //СПб.: СПб УЭФ- 1996. – С. 13-15.
9 Горбунов Э. Структурная политика в условиях эволюционного перехода к рынку // Экономист- 1992. - №9. – С.161
10 Орлов В., Уваров Ю. Рынок, но какой? // Известия, 1992. – 1 декабря.
11 Мырзалиев Б.С. Государственное регулирование экономики. //Алматы: Нұр-пресс, 2007.- С.522
12 «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. // Егемен Қазақстан, 1997.
13 «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан, 2003.- 11 қантар
14 Мұстафаев С.Т. Қазақстан Республикасының Кеден құқығы (заң факультетінің студенттеріне арналған лекциялар курсы). – Оқу-әдістемелік құрал. –Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2004. 96 б.
15 Андрианов В. Роль государства в формировании рыночной модели динамичной экономики в Южной Корее // Экономист – 1994. - №8 – С.90-96.
16 Голубятникова Е. Швеция – наш сосед // Свободная зона –1997.-19 апреля - №73 – С.4
17 Игнатов В., Бугов В. Свободные экономические зоны. Методологические и организационные основы. Правовой и налоговый режим. Нормативная база. М.: Ось – 89 – 1997. 189 с.
18 Дергачев В. Вольный город Гамбург // Внешняя торговля. – 1993.- №12. – С.14-19.
19 Данько Т.П., Окрут З.М. Свободные экономические зоны: Учебное пособие. Рос. Экон. Акад. им. Г.В.Плеханова. М.: Инфра-М., 1997.- 168 с.
20 Данько Т.П., Окрут З.М. Свободные экономические зоны в России // М.: Изд. РЭА им.Плеханова, 1995.-С. 201.
21 Вардамский Л.Б. «Свободные экономические зоны в мире: концепции модели управления, опыт функционирования».- М.: ИМЭПИ, 1989.-C.20
22 Вардамский Л., Степанов С. Иностранные инвестиции в социалистических странах // Вопросы экономики.- 1989.-№6.-C.135
23 Янишевский А. Хороший год для зарубежных инвестиций в Польше- М., 1992.-C.125
24 Бурак П. Бресткая СЭЗ // Экономика и жизнь.- 1992.- №16.-C.23
25 Станковский С. Свободные экономические зоны в КНР, // Внешняя торговля, 1990.- №10.-C.35
26 Васильев Л. Свободные зоны: от эйфории к продуктивной работе // Российский экономический журнал- 1992.- №11, C.50
27 Караваев В.П. Об опыте социалистических стран в привлечение иностранного капитала и создания для этого экономических зон.- М., ИМЭПИ, 1988.-С.3
28 Правовой режим свободных (особых) экономических зон в России и Европе (№10(15), 2007.
29 Кацман Ф.М. Особые экономические зоны // Транспорт Российской Федерации, 2007.- №8.-С. 13
30 Мировой опыт создания и функционирования свободных экономических зон. Tuesday, November 07 2006.
31 Богуславский М., Кожевников Б., Рябинов С. Проблема правового регулирования свободных экономических зон // Внешняя торговля, 1992.- №1.-С. 26
32 Баймуратов У. Социальная экономика. // В кн.: Избранные научные труды. – Алматы: БИС, 2005. – Т4.- 320 с.
33 Қазақстан Республикасының Конституциясы- 1995.- 30 тамыз.
34 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы. 1996 жылдың 26-шы қаңтар.
35 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (2008 жылдың 10 желтоқсанындағы өзгерістермен және қосымшалармен).
36 Кеден кодексі, 30 тарау, 229 бап. 2003 ж., 5 сәуір. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құрылымдарына кеден бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелер.
37 «Астана – жаңа қала арнайы экономикалық аймақ туралы» Ережесінің 2 б., №645 2001 жылдың 29 маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің Бұйрығы.
38 «Бөлек кедендік тәртіптер шеңберінде кедендік бақылау туралы» №187 07.05.2003 ж. Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігінің Бұйрығы.
39 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» №2235 24.04.1995 ж. Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына, №223 2001 жылдың 5 шілдесінен және №312-ІІ 2002 жылдың 21 наурызынан өзгерістері мен қосымшалары.
40 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңы. №149-11- Алматы: Юрист, 2001.- 23 қантар.
41 «Қазақстан Республикасында шетел жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілерге квоталарды, рұқсат беру шарттарын және тәртіптерін анықтау Ережесі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.-19 маусымдағы №836 Қаулысы. ІІ ПУАЖ, 2001., №288 құжат.
42 «Ақпараттар технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы №116 Қазақстан Республикасы Бұйрығы, тамыз, 2003.
43 Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министірінің бұйрығымен «Ақпараттар технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы аумағында іс-әрекетті ұйымдастыру Ережелері, №68 2006.- 24 ақпан.
44 Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2002.- 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы.
45 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.- 7 ақпандағы Жарлығы.
46 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 2 бөлім салықты есептеу, төлеу тәртібі және мерзімі.
47 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 3 бөлім, 1 бөлімше.
48 Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), 151 бап, 3 бөлім, 2 бөлімше.
49 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 1996.-26-шы наурыз, №356 «Ақтау теңіз сауда порты» акционерлік қоғамының мәселелері».
50 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 1997.- 23-ші сәуір, №644 «Ақтау теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мәселелері».
51 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.-25-ші маусым, №790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізімі туралы (шаруашылық жүргізу құқығындағы)» қаулысы.
52 Қазақстан Республикасы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы. 2002.- 17 қантар.
53 Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшіне енген «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Нұсқауы. Қ.Р. Президентінің 1995.- 19 маусымдағы №2335 Заң күші бар Жарлығы. «Қазақстан Республикасының шаруашылық субъектілері», Алматы, 2004.
54 ТЭО РГП АММТП «Расширение порта». ТОО «Проектировщик». 2003-225 с.
55 Материалы «Проект реконструкции порта Актау. Фаза 1», Posford Du-vіvіer - Haskonіng, 1996. - 209 с.
56 «Кәсіпорындардың қызметкерлерін міндетті түрде сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
57 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2001.- 4 маусымдағы №205-11. «Егемен Қазақстан», №114-115, 2001.- 8 маусым.
58 Казиев З.Б., Каргабаева С.Т. Анализ эффективности развития деятельности СЭЗ «Морпорт Актау»//КазЭУ хабаршысы, 2009.- №3.-417 б.
59 Статотчеты РГГП «АММТП» за 2005, 2006, 2007 и 2008 г.г.
60 Финансовая отчетность РГП «АММТП». - Актау, 2003. - С.31-37.
61 Финансовая отчетность РГП «АММТП». - Актау, 2008. - С.31-37.
62 Концепция ВНИИ ВЭС при ГВК СМ СССР по созданию и функционированию СЭЗ в СССР. // Внешння торговля, 1989. -№6.
63 «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. // Егемен Қазақстан, 2007.- 17 шілде.
64 Милославская СВ. Особенности размещения и развития пунктов перевалки на внутренних водных путях некоторых зарубежных стран // Труды ЦНИИЭВТ. - 1979. -Вып. 151.
65 Чекаловец В.И., Ильин В.А. Основные направления снижения себе-стоимости продукции морского транспорта / ОИИМФ. - М.: ЦРИА «Мор-флот», 2001.-72 с.
66 Чекаловец В.И., Ильин В.А. Рентабельность и пути ее повышения на морском транспорте. - М.: ЦРИА «Морфлот», 2002. - 60 с.
67 Отчет по труду РГП «АММТП». - Актау, 2008. - 37с.
68 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлеріне сыйақы беру туралы Ережесі.
69 «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бір жыл ішіндегі жұмыстарының нәтижелері бойынша сыйақы төлеу туралы Ережесі.
70 «Тоқсан үшін сыйлық беру туралы және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды басқарушы қызметкерлерге кәсіпорын жұмыстарының бір жылдық қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен сыйақы төлеу туралы Ереже», Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің №213-І бұйрығы, 2004.- 31-ші мамыр.
71 Кармашев Л.Н. Управление инвестиционными рисками // Электронный ресурс: www.nationalbank.kz
72 Ричардсон. Факторы роста стран с развивающейся экономикой, -С.78
73 Милославская С.В. Терминология смешанных перевозок // Железнодорожный транспорт. - 1996. - № 9. - С. 34-40.
74 Резер СМ. Управление транспортом за рубежом. - М.: Наука, 2000. -308 с.
75 Милославская СВ. Повышение экономической эффективности смешанных железнодорожно-водных перевозок // Железнодорожный транспорт. -1979.-№3.-С.73-79.
76 Схема мероприятий по реконструкции порта Актау в связи с повыше-нием уровня Каспийского моря. - Баку: Каспморниипроект, 1992. - 156 с.
77 План расширения морского порта Актау в северном направлении, РГП «АММТП», 2006.-350 с.
78 ТЭО РГП АММТП «Расширение порта Актау в северном направле-нии», ТОО «Казгидро». - Алматы, 2007. - 450 с.
79 Милославская СВ. Особенности размещения и развития пунктов пе-ревалки на внутренних водных путях некоторых зарубежных стран // Труды ЦНИИЭВТ. - 1979. -Вып. 151.-С.
80 Брухис Г.С Транспортно-экспедиционная работа морских портов. -М.: Транспорт, 2001. - 95 с.
81 Быков Г.К., Рагозин Б.К. Материально-техническая база и производственные фонды речного транспорта. - М.: Транспорт, 1999. - 128 с.
82 Вульфсон М.С. Интенсификация экономики речного транспорта. - М.: Транспорт, 2003. - 104 с.
83 Отраслевая методика определения экономической эффективности но-вой техники, изобретений и рационализаторских предложений на предприяти-ях речного транспорта / Под ред. В.А. Легостаева.-СПб.: Транспорт, 1999. -128 с.
84 Шафиркин Б.И. Единая транспортная система России и взаимодейст-вие различных видов транспорта. - М: Высшая школа, 2000. - 191 с.
85 Шашков З.А. Внутренний водный транспорт России (общий курс): учебник для вузов водного транспорта. Изд. 2-е. - М.: Транспорт, 2001. -296 с.
86 Черкесов-Цыбизов А.А., Чекаловец В.И., Примачев Н.Т. и др. Экономика морского транспорта: учеб. пособие для вузов морского транспорта -М.: Транспорт, 2002. - 430 с.
87 Целыковский П.Ф., Скобелева И.П., Селезнева Н.Н. Эффективность речных перевозок и пути ее повышения - ML: Транспорт, 2001. - 135 с.
88 Методика определения экономической эффективности использования на морском транспорте новой техники, изобретений и рационализаторских предложений. - М.: ММФ, ЦРИА «Морфлот», 1996. - 72 с.
89 Правдин Н.В., Негрей В.Я. Взаимодействие различных видов транс-порта в узлах. - Минск: Вышэйшая школа, 2004. - 335 с.
90 Yahrbuch der Hafenbautechnіschen Gesellschafі. - 2001. - Bd. 19. -S. 160.
91 Zeіtschrіft fur Bіnnenschіffahrt und Wasserstraben. - 2003. - N10. -S. 41-52.
92 Zeіtschrіft fur Bіnnenschіffahrt und Wasserstraben, - 2002. - N10. -S. 38-44.
93 Multіmodal Transport Handbook for Offіcіals and Practіtіoners. - UNC-TAD, Geneva, 2003.
94 Николаев Д.С., Хоанг Ван Тьау. Смешанные перевозки в международ-ной торговле: учебное пособие. - М.: МГИМО, 1994. - 350 с.
95 Персианов В.А., Милославская СВ. Смешанные железнодорожно-водные перевозки (Экономика, планирование, управление).-М.: Транспорт, 1998.-381 с.
96 Байдаулетов Н.К. Информация о состоянии отрасли внутреннего вод-ного транспорта на 2002 // Ваш транскурьер. - 2002. - №10.
97 Кенжегузин М. Необходимый экономический рост: предпосылки, факторы, модели, темпы // Экономика и жизнь. - 1997. - №47. - С.26.
98 Милославская С.В. Организация взаимодействия речного транспорта со смежными видами транспорта: учебное пособие. - М.: МИВТ, 2001. - 309 с.
99 Резер С.М. Управление транспортом за рубежом. - М.: Наука, 2000. -308 с.
100 Милославская С.В. Повышение экономической эффективности смешанных железнодорожно-водных перевозок // Железнодорожный транспорт. -1979.-№3.-С.73-79.
101 Рациональное размещение и организация работы пунктов перевалки / Под ред. С.С. Слуцкого. - М: ЦНИИЭВТ, 2000. - 192 с.
102 Смехов А.А. Автоматизация управления транспортно-складскими процессами. -М., 2001. - 178 с.
103 Левиков Г.А. Тарифные правила перевозки контейнеров. СЭВ. БКФС. -М., 1998.-93 с.
104 Милославская С.В. Мультимодальные перевозки в условиях перехода к рынку // Сб. научн. трудов МГАВТ. - 2004. - 187 с.
105 Д.Асан, С.Қарғабаева Ақтау теңіз портының экономикалық көрсеткiштерін талдау және болжау бағыттары // Ізденіс.- 2009.- №3-12-16 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 141 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 338.2:339.543.624(574) Қол
жазба құқығында

ҚАРҒАБАЕВА СӘУЛЕ ТӨЛЕУҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші
экономика
ғылымдарының докторы,
профессор Мырзалиев Б.С.

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Анықтамалар, белгілер және
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1 Еркін экономикалық аймақтарды басқару жүйесінің ғылыми-теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1 Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың теориялық
негіздері ... ... ... ...8
1.2 Еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін мемлекеттік
реттеу ... ... ... ..18
1.3 Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... .29

2 Қазақстан Республикасындағы еркін экономикалық аймақтардың дамуының
қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..45
2.1 Қазақстан арнайы экономикалық аймақтарының басқару құрылымын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.2 Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағының экономикалық
қызметінің нәтижелерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..65
2.3 Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағының тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

3 Қазақстанда еркін экономикалық аймақты басқарудың
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...89
3.1 Арнайы экономикалық аймақтарды басқару механизмін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...89
3.2 Ақтау порты арқылы жөнелтілетін жүктерді жіберу нарығы сиымдылығын
арттыру
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...101
3.3 Қазақстанның Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағының даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...116

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..138

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..142

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..148

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық
дағдарыстан өту үшін құрылымдық, салықтық-бюджеттік, ақша-несие,
инвестициялық және ұйымдастыру шараларын қамтитын мемлекеттің тиімді
экономикалық саясаты керек, олардың іске асуына елдің және аймақтардың
экономикасында нарықтық қатынастарды басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Экономиканы басқаруды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі сыртқы
экономикалық іс-әрекеттер, соның ішінде еркін экономикалық аймақтарды
басқару жүйесін жасау және дамыту. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес арнайы
экономикалық аймақ жұмыс жасайды. Бірақ олардың экономикалық тиімділігі
толық ғылыми сараптамадан өтті деп айтуға болмайды. Бұл құбылыс осы
аймақтарды жасауда жеткілікті дәлелдер қаралмауына, оларды қалыптастыру
концепциясының әлі де анық болмауына байланысты. Онда еркін экономикалық
аймақтың келешек дамуын анықтайтын маңызды жағдайлар бағаланбаған. Олар:
экономикалық-географиялық жағдайының тиімділігі, аймақта керекті өндіріс
инфрақұрылымының қалыптасуы және шын мәнінде кедендік, салықтық және
валюталық жеңілдіктер тәртібін іске асыруды қамтамасыз ететін еркін
экономикалық аймақты басқарудың икемді механизмін жасау болып табылады.
Алғашқы еркін экономикалық аймақтар тиісті талдаусыз пайда болған және
олар экономикалық тиімсіз болды. Арнайы экономикалық аймақтарға үлкен
аумақтар берілген, бірақ оларды басқару механизмі толық ойластырылмаған
және жауапкершілік орталықтары анықталмаған. Арнайы экономикалық
аймақтардың қызмет етуінің жалпы мәселелерінің шешілмеуі табыстылығына
қарамай 1996 жылы жабылған. 2002 жылдан бастап жаңа аймақтар пайда болды,
бірақ көп мәселелр шешілмеген, ал оңды нәтижелер жағдайларға байланысты.
Қазақстанда еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін, оларды басқару
әдістерін және нысандарын, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуін талдау
еркін экономикалық аймақтарды басқару механизмдері, оның теориялық және
әдістемелік негіздері жеткілікті ғылыми дәлелденбеген.
Еркін экономикалық аймақтарда көлік транспорты арқылы жүктерді
тасымалдау нарығын жетілдіру мәселелерін шешу әдістері механизмін
жеткілікті деңгейде басқару жүйесіне сәйкес жасалған ішінара зерттеулер
бар.
Еркін экономикалық аймақ теңіз портының кеңінен дамуы және аймақтың
барлық экономикалық көрсеткіштерін көтеру, бірқатар маңызды инфрақұрылымдық
жобаларды іске асыруды керек етеді. Жаңа теориялық және тәжірибелік
қорытындыларды жасау, жүк тасымалдау жүйесін жақсартуды дәлелдеу зерттеудің
өзектілігін, диссертацияның мақсатын және міндетін анықтады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың
әдіснамасын дамытуға, нарықтық қатынастарда еркін экономикалық аймақтарды
басқару тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін мәселені қозғаған ғылыми-
зерттеулер жүргізілген. Дегенмен, еркін экономикалық аймақтарды дамытуға
белгілі бір тақырыптар аясында ғана ғылыми жаңалықтар мен ғылыми
ашылымдарды баяндайды. Мысалы, зерттеудің теориялық және әдістемелік
негіздерін еркін экономикалық аймақтар бойынша ресейлік (Э.Алтынбаев,
Б.Богуславский, И.Бунегина, А.Быков, В.Караваева, Л.Вардамский, Л.Васильев
және т.б.), оның ішінде тікелей шетел инвестицияларын тарту (С.Евстратов,
И.Ершова, Ю.Ершов, Ю.Нечаев және т.б.), әлеуметтік даму (А.Барышева,
К.Боулдин, Е.Мишин, Д.Уайтком және т.б.) және экологиялық әсері жағынын
(Г.Громыко, С.Нестерова, Г.Чернецкая, М.Лемешов, В.Садов, В.Соколов және
т.б.) және қазақстандық ғалымдарының (Е.М.Арын, К.Бабагулов, С.Б.Байзаков,
А.Есентугелов, М.Б.Кенжегузин, А.И.Кошанов, С.С.Сатубалдин, А.П.Рау,
К.Аширбаев, Б.Сапарбаев, А.Т.Жадигерова, У.Баймұратов, Б.Б.Дюйсенбаева және
т.б.) зерттеген еңбектері құрайды.
Бірақ, еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдірудің кешенді
көрсеткіштер өлшемі тұрғысынан келгенде, әрбір аймақтың салыстырмалы
дамуына баға берілген еңбектер аз. Сол саладағы кемшіліктерді анықтап, оны
алдағы уақытта жою бағыттарына толық көңіл бөлінбеген. Бұл диссертацияның
негізгі зерттелетін мәселесі осы талап дәрежесін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Теориялық және тәжірибелік
мәселелерді зерттеу негізінде еркін экономикалық аймақты басқарудың ұтымды
бағыттарын дәлелдеу, Ақтау теңіз портының еркін экономикалық аймақ статусы
арқылы жүк тасымалдауды дамытудың перспективалық жолдарын табу.
Мақсатқа жету үшін теориялық, әдістемелік және практикалық сипатта
белгіленген келесідей міндеттерді іске асыру қажет:
- еркін экономикалық аймақты басқаруда пайда болатын ұйымдастыру және
экономикалық мәселелерін талдау;
- еркін экономикалық аймақты басқарудың және жұмыс істеуінің әлемдік
тәжірибесіне талдау жасау;
- еркін экономикалық аймақтарды шетелде басқару ерекшеліктерін анықтау,
Қазақстанда оларды пайдалану мүмкіндіктерін іздестіру, олардың
қалыптасуында және қызмет етуінде мемлекеттік реттеуді айқындау;
- Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағының қазіргі жағдайын
талдау және оның басқару құрылымын бағалау;
- нақты еркін экономикалық аймақта, жүктерді тасымалдау нарығын талдау
және Ақтау порты арқылы өтетін жүк ағымдарының перспективалық көлемін
дәлелдеу;
- арнайы экономикалық аймақтың жетілдірілген басқару құрылымын әзірлеу.
Зерттеу пәні. Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда
болатын экономикалық қатынастарды зерттеу.
Зерттеудің нысаны. Әртүрлі масштабтар бойынша жасау мақсатына қарай,
басқарудың аймақтық және экономикалық шарттары және даму деңгейіне қарай
таңдалған аймақтар және Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймақтың
жұмыс істеуі мен тасымалдау жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Аймақтық мәселелермен
айналысатын шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері, Қазақстан
Республикасы Парламентінің заңдары және заң актілері, Қазақстан
Республикасы Президентімен және Үкіметтің Қаулылары. Диссертациялық жұмысты
жазуда логикалық және экономикалық-статистикалық әдістер, сараптық бағалау
және салыстырмалы талдау әдістері қолданды.
Зерттеудің тәжірибелік нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан
Республикасының заңды және нормативті актілері, Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдаулары және мемлекеттің даму бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері,
министрліктер мен комитеттердің материалдары негізінде қалыптасты.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация мақсатына
сәйкес:
- еркін экономикалық аймақтың негізгі үлгілері көрсетілген және жасау
мақсатына, кеңістік масштабына, географиялық орналасуына байланысты
сипаттамалары, ерекшеліктері негізделді;
- еркін экономикалық аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірибесі
талданып, Қазақстандағы оларды пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды;
- Қазақстанда еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру және
экономикалық мәселелері мен оларды тиімді басқарудың бағыттары ұсынылды;
- табыс шамасына байланысты арнайы экономикалық аймақта қызмет ететін
кәсіпорындардың экономикалық-математикалық үлгісі жасалды.
Қорғауға шығарылатын диссертацияның тұстары:
- еркін экономикалық аймақтарды басқаруды қалыптастырудың және
дамытудың теориялық негіздері;
- еркін экономикалық аймақтардың шетелдерде қалыптастыру ерекшеліктері
және оның Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері;
- еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекеттерін реттейтін
механизмдерінің сипаттамасы;
- Ақтау порты арқылы өтетін жүктерін жіберу нарығының сиымдылығын
арттырудың негізгі бағыттары;
- Қазақстанның көлік жүйесіндегі Ақтау портының даму бағыттары, оның
бағалануы және басқару ұсыныстары.
Зерттеулердің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Алынған нәтижелер Қазақстан
Республикасында еркін экономикалық аймақтарда басқару механизмін
жетілдіруінде негіз болып табылады. Диссертацияның материалдары және
қорытындылары жоғары оқу орындарында экономика мамандықтары бойынша сабақ
өткізуге қолданылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы.
Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертациялық
зерттеудің негізгі нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларда: Национальная экономика в условиях глобализации (КазЭУ
им.Т.Рыскулова, Алматы, 2005), Наука и образование на современном этапе
(Южно-Казахстанский гуманитарный институт им.М.Сапарбаева, Шымкент, 2005),
ІІ Туркестанский интеграционный форум стран Центральной Азии (МКТУ имени
Х.А.Ясауи, Туркестан, 2006), Всесторонняя ускоренная модеринизация
экономики Казахстана и Средней Азии: современность и перспективы (КазНУ
имени аль-Фараби, Алматы, 2007), Шоқан тағылымы-13 (Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті, Көкшетау, 2008), Батыс Қазақстаннның
экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы: тарихы мен қазіргі жағдай
(Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті,
Орал, 2008), Қазақ мемлекеттілігінің хронологисяы, құрылымы және заңдылығы
туралы мәселелер (Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан, 2008).
Басылымдар. Диссертация тақырыбы бойынша 13 ғылыми еңбекте, оның ішінде
5 мақаласы ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған
басылымдарда шығарылған.
Диссертация құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыста 22 кесте, 16 сурет, 5 қосымша келтірілген.

Анықтамалар, белгілер және қысқартулар

АҚ – акционерлік қоғам
АҚШ – Америка Құрама Штаттары
АЭА – арнайы экономикалық аймақ
АХТСП – Актау халықаралық теңіз сауда порты
АШҚЗ – Ақтау шыныпластикалық құбырлар зауыты
БАЭ – Біріккен Араб Эмираттары
БКШ - біріккен көлік шаруашылығы
БРТ - брутто-регистрлық тоннаж
ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институты
ЕҚДБ – Еуропалық қайта құру және даму банкі
ЕО – Еуропалық одақ
ЕЭА – еркін экономикалық аймақ
ЖШС – жауапкершілігі шектелген кәсіпорын
КҚК - Каспий құбыр консорциумы
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚТЖ ҰК – Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы
ҚТКФ ҰКТК – Қазақтеңіз көлік флоты Ұлттық кеме теңіз компаниясы
ҚХР – Қытай Халық Республикасы
ММГ - Манғыстаумұнайгаз
МӨЗ – Мұнай өңдеу зауыты
РМК – Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын
РФ — Ресей Федерациясы
РЦМС – Роттердамдық теңіздерді зерттеу орталығы
ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

1 ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Еркін экономикалық аймақтарды басқарудың теориялық негіздері

Әр түрлі елдерде еркін экономикалық аймақтарды жасау концепцияларын
қарастыру алдында, әсіресе берілген концепцияларды Қазақстанда қолдану
үшін, ең алдымен еркін экономикалық аймақтардың нақты түсініктемелерін,
оның ерекше белгілерін және жұмыс істеу негіздерін білу қажет.
Әр түрлі елдерде әр түрлі жағдайларда еркін экономикалық аймақтар
термині (және оның модификациялары, 30-ға жуығы белгілі) статустары және
мақсаттары бойынша бір-біріне мүлдем ұқсас емес аймақтарды сипаттау үшін
пайдаланады. Олар еркін кеден аймақтары (Венгрия), еркін алымсыз аймақтар
(Болгария), арнайы экономикалық аймақтар (Қытай), экспорттық өндіріс
аймақтары (Азия және Африка елдері), еркін сауда аймақтары (АҚШ), еркін
порттар (Германия), технополистер (АҚШ, Жапония), сақтандыру және банк
аймақтары (Лихтенштейн, Швейцария) және т.б. болуы мүмкін.
Еркін аймақтың көрсетілген формаларының ерекше белгілерін және жұмыс
істеу негіздерін талдау жалпы түсінікті қыйсындап мазмұндап береді. Еркін
экономикалық аймақтар әлемдік тәжірибеде және халықаралық мойындалған
тәсілге сәйкес, - атап айтқанда берілген терминді көпшілік мақұлдаған
(соның ішінде БҰҰ жүйесінде), бұл елдегі бір аймақтың, бөлек қаланың немесе
бір ауданның ерекше салық, кеден, валюта тәртібі, қағидасы бойынша, елдің
басқа аймақтарына қарағанда жеңілдеу, сондықтан шетел капиталын кеңінен
тартуға және сыртқы экономикалық іс-әрекетті жандандыруға мүмкіндік береді
[1].
Еркін аймақтарда берілетін барлық жеңілдіктерді былай бөлуге болады:
- фискалды (салық);
- қаржы (субсидиялар, қарыздар, несиелер және оларды беру кепілдері);
- қаржылық емес, капиталдың тиімді жұмыс істейтін жалпы жағдайын
жасауға бағытталған (керекті өндіріс факторларымен, ақпаратпен және басқару
қызметін қамтамасыз етуден, көлік, басқа коммуникацияларды және т.б.
дамытуға дейін).
Барлық елдерде еркін экономикалық аймақтар шетел инвестицияларын
тартуға ұқсас шаралар белгіленген амалдарда қолданады. Бірақ әлемдік
тәжірибелік зерттеу 2 ерекшілікті белгілеуге мүмкіндік береді:
1. Өнеркәсібі дамыған елдер фискалдыға қарағанда қаржы стимулдарын
артық көреді (Салықтың әсері тым мекен-жайсыз, ал қаржылай жағдай жасау
мемлекетке нақты ұлттық бейімделген мақсаттарға жетуге шарттарды топтауға
мүмкіндік береді). Ал дамып келе жатқан елдер, керісінше, салық шараларын
артық көреді, бұл ең алдымен қаржы ресурстарының жетіспеушілігімен
байланысты.
2. Соңғы уақытта басқаларға қарағанда қаржылық емес шараларды қолдану
тенденциясы кеңінен байқалды.
Еркін экономикалық аймақтарды жасау мақсаты - өндірістің бәсекеге
қабілетін көтеру, тауар және қызмет экспортының, шетел инвестицияларының
валюталық ағымын өсіру, импорттық өнімді алу шығындарын қысқарту, жаңа
техника және технология негізінде мемлекеттік, коммерциялық және шетел
капиталдарын біріктіріп, заманауи іскерлік, үй-шаруашылық, құқық және қаржы
инфрақұрылымының даму деңгейінде жаңа өнімдердің және қызметтердің
өндірісін меңгеруді тездету.
Аймақтар, бір жағынан, шетел капиталдарының, технологияларының, ноу-
хау-дың келуін, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, ал екіншіден,
жергілікті өндірушілерді шетел фирмаларынан тікелей бәсекеден қорғайды
(егер аймақ экспорттық бағытта болса), импорттық орнын басатын өндірісті
дамытуға (егер еркін экономикалық аймақтар өндірілген өнімді ұлттық нарықта
сататын болса) қабілеті пайда болады.
Қазіргі күнге дейін өзінің дамуында еркін аймақтар 3 сатыдан өтті.
1 саты. Сауда аймақтары. Оларға еркін немесе алымсыз кеден аймақтарын
жатқызуға болады – порттар, қойма және транзит аймақтары. Басқаларға
қарағанда, сауда аймақтарын ұйымдастыру қарапайым, тұтастай, бастапқы
шығындары үлкен емес. Қазіргі уақытта әлемде қойма жинауға және саудаға
арналған 20-дан асатын үлкен емес еркін аймақ жұмыс істейді [2]. Көбінесе
олар, Батыс Еуропада кең тараған, атап айтқанда Германияда, оның аймағында
6 қалалық порт бар, олар еркін порттар. Бұл порттардың негізгі сипаты:
тауарлардың тұтыну қасиеттерін көтеру нәтижесінде сауда баж салықтарын,
қосымша құн салығын төлемейді.
2 саты. Өнеркәсіптік (экспорттық-өндіріс) аймақтары.
ХХ ғасырдың 60 ж.ж. бастап кейбір аймақтардың сипаты өзгерді: таза
сауда операциялары, олар сауда-өнеркәсіп аймақтарына айналды, таза сауда
операцияларына мүмкіндік беру емес, жергілікті және шетел капиталдарын
пайдалана отырып экспорттық өндірісті дамытудың негізі болу.
Экспорттық-өндірістік аймақтарында импорттық шала фабрикаттарды және
бөлшектерді пайдалану негізінде экспортқа тауар өндіретін өнеркәсіптік
кәсіпорындарын жасау. Алғашында ондай кәсіпорындар кірген тауарды өңдеп,
сол өңделген өнімді міндетті түрде экспортқа шығаратын. Кейіннен, импортты
жабдықтауды және технологияны пайдаланып, жергілікті шикізат негізінде
экспортқа тауар өндіретін кәсіпорындар пайда болды.
Алғашқы экспорттық-өндірістік аймақ Шаннонда жасалды (Ирландия).
Халықаралық қатынастың ондай формасын тиімді пайдалану Ирландияның
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын тездетуге, сыртқы
елдермен іскерлік байланыстарын нығайтуға, көп параметрлер бойынша алдыңғы
қатардағы елдерге қосылуға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта 40-тан аса елде 145-ке жуық экспорттық-өндіріс аймақ
жұмыс істейді. Бұл аймақтарда барлық меншік нысанында кәсіпорындар іс-
әрекет етеді. Дамып келе жатқан және жаңа индустриалды елдерде экспорттық-
өндірістік аймақтар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолында
маңызды қадам болды. Мысалы, Маврикий аралында ондай аймақтарды жасау осы
елге тән әдеттен көп жұмыссыздықты түгелімен жойды, оның деңгейі 1982 ж.
23%-дан 1990 ж. 4%-ға төмендеді [2].
Басқа жағынан қарағанда, еркін экономикалық аймақтарды жасау әрекеттері
кейбір жерлерде табысты болмады. Шри-Ланка, Гватемала, Либерия, Синегал
және басқа елдерде еркін аймақтар инвесторлардың көзқарасы бойынша
жеңілдіктер және ынталандырулар тым шиелініскен, саяси белгісіздіктен және
азаматтық қозғалыстардан зиян тартты.
3 саты. Құрама аймақтар. Тәжірибеде еркін аймақты жасау ең табысты
саясат бірінші топ инвесторларына бағытталған жабдықтармен шектелмейді.
(Қойма бизнес және жеңіл өнеркәсіп саласынан.) Қазіргі уақытта еркін
аймақтың тиімді жұмыс істейтін ең айқын мысалдары құрама еркін экономикалық
аймақтар арасында байқалады. Мысал ретінде, Манаус еркін экономикалық
аймағын (Бразилия) келтіруге болады, оның тәжірибесі Қазақстанды
қызықтырады. Бұл аймақты Бразилия экономикасының гиганттық өсу полюсы
дейді. Оның ерекшелігі – ол экспорттық өндірілгеннен тек 3-5% жібереді,
қалғаны, негізгі басымы – шикізат және отын-энергетика салаларының
өнімдерімен Бразилияның өзінде тұтынады.
Манаус еркін экономикалық аймағы Батыс Амазонияның әлеуметтік-
экономикалық даму құралы бола қоймай, бүкіл елдің өнеркәсіп және
технологиялық өсуінің маңызды факторы болды. Бразилияда, шындығында, еркін
аймақтың бірден-бір үлгісі жасалған, ішкі салада еңбекті бөлу негізінде
ұлттық экономикаға биік дәрежеде интеграцияланған.
Ғылыми-техникалық революция еркін аймақтарда әрі қарай өзгерістерді
енгізуді талап етті. Қарапайым сауда және алымсыз кеден аймақтарымен қатар,
олардың сауда-өнеркәсіп аймақтарына көшумен, әсіресе экономикасы дамыған
елдерде, ғылыми және технологиялық парктер технополистер түрінде ғылыми-
технологиялық аймақтар кеңінен тарады. Олар дербес жаңа технологияларды
еңгізуге немесе сауда өнеркәсіп аймақтарымен жұмысты бірге істеуге
бағытталған. Егер соңғылары, әсіресе дамып келе жатқан елдерде (Сингапур,
Тайвань) жетекші дүниежүзілік ғылыми-өндіріс орталықтарында өңделген
технологияларды бейімдейтін орын болса, онда технополистер және парктер
өздерінің технологияларын дамытуға ықпал жасайды, ғылыми-техникалық
прогрестің орталықтарына айналады.
Технопарк – бұл ең алдымен, енгізу фирмаларына жалға беруге арналған
және дамыған инфрақұрылымы мен бірлескен, ғылыми және өндірістік мақсатты
құрама стандарттық мекемелердің жиынтығы [3]. Ең қуатты технологиялық
парктің мысалы, жоғарыда айтып кеткен Плэсси технопаркі (Шанон еркін
экономикалық аймақ), оның базасы заманауи жабдықтаулармен және
лабораториялармен, биік дәрежелі мамандармен, инновациялық орталықпен,
мамандарды дайындау орталығымен және халықаралық байланыстармен кеңінен
жабдықталған ірі университет.
Технополис – бұл қала және оған тірелген аймақ, онда табиғи бірлікте
биік технологиялық өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары, ғылыми және
инженерлер кадрлары, заманауи өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымдар, кісі
тұратын үйлер орналасқан [4]. Бір қатар елдердің дамуында, мысалы,
Жапонияда технополистердің маңызы зор.
Еркін экономикалық аймақтардың дәстүрлі үлгісінен халықаралық
технополистен айырмашылығы – шетел капиталы ең алдымен өндіріс және сауда
саласында емес, бірлескен ғылыми-зерттеу мен тексеруге тартылады. Дегенмен
басқа жол да бар – отандық зерттеу және тексеру нәтижелерін енгізу
сатысында (яғни бірлескен тәжірибеде өндірісті ұйымдастыру) және де өнімнің
ішкі, сыртқы нарығына коммерциялық шығуын жөнге салуда шетел серіктестердің
қатысуы.
Тауар және қызметтердің ұлттық өндірушілерінің сыртқы экономикалық іс-
әрекетін және тікелей шетел инвестицияларын тартуда ерекше тәртібін
енгізудің кеңістік қарқынын сипаттай отырып, төмендегіше бөлуге болады:
1. Кәсіпорын.
2. Іс-әрекеттегі шаруашылық объектілерден бөлінетін немесе солардың
қасында жасалатын экономикалық микроаймақ. Ол аймақтық порттардың және
қоймалардың жерінде орын алатын көлік және қойма инфрақұрылымдары негізінде
құрылады. Кейіннен, онда шетел инвесторларының қаражаттарын кеңінен тартып,
өндіріс жұмыстары дамуы мүмкін.
3. Көп жерді алатын, анклава аймағы, ашық жерде немесе соғылған жерде
құрылуы мүмкін. Оның құрамына кәсіпорындар мен мекемелерден басқа,
жұмысбасты халықтың тұратын үйлері де кіреді. Бұл жағдайда өндіріс бөлігі
ұлттық, аралас және шетел кәсіпорындарының жиынтығынан тұрады.
4. Ірі территориялық бірлік (қала, провинция).
Жерді алып жатқан аймақтың мақсатына, тұрған жеріне және болашақ
дамуына байланысты. Ол бірнеше гектарды қамтитын алымсыз сауда-көлік
аймақтарынан, бірнеше жүз шаршы текше метрлерді алып жататын ауданды,
күрделі салалық құрылымды және оны қамтамасыз ететін инфрақұрылымды,
өнеркәсіптік техникаға бағытталған аймақтардан тұрады.
Аймақтар, географиялық жағдайлары бойынша қабылдайтын елдің ішінде –
ішкі, әдетте, импорттың орнын басатын және сыртқы, экспортқа бағытталған
стратегиясымен қолданатынға бөлінеді [5].
Еркін экономикалық аймақтардың көп түрлеріне қарамастан, жасау
мақсатына, мамандануына және экономикалық механизмінің қызмет ету
күрделігіне тәуелсіз, еркін экономикалық аймақтар деп осы ұйымдастырушылық
- экономикалық құрылымдарды біріктіретін жалпы белгілерді бөлуге болады.
Олар: аумақтың шектеулігі, еркін экономикалық аймақты қалыптастыру үшін
жағымды экономикалық, әлеуметтік, саяси, көлік-географиялық және климаттық
шарттар; кәсіпкерлік іс-әрекет саласында шаруашылық мамандану; осы аумақта,
аумақтан тыс шарттарымен салыстырғанда жеңілдетілген, ерекше құқықтық және
экономикалық тәртіп орнату; мемлекет тарапынан жан-жақтан қолдау және
кепілдік беру; аумақтың мақсатына және міндетіне сәйкес көп деңгейлі
басқару жүйесі.
Еркін экономикалық аймақтар ұйымдастыру құқық нысаны ретінде
белгіленген мақсатқа бағытталған және кәсіпкерік іс-әрекеті маманданған,
кеңінен шетел инвестициясын тартатын, өндірісті интернационализациялайтын
және арнайы нормативтік актілермен бекітілген, ерекше экономикалық
механизмі қызмет ететін елдің бөлектенген аумағы.
Еркін экономикалық аймақтардың экономикалық мазмұны – нарықтық
экономикаға тән өндіргіш күштердің және өндіріс қатынастардың даму нысаны
болып табылады. Ол еркін экономикалық аймақта кәсіпкерлік іс-әрекеттің
барлық салаларында тең құқылы қызмет ететін шаруашылық субъектілердің әр
түрлі меншік формаларының үйлесіміне негізделген. Еркін экономикалық
аймақтың қызмет етуінің экономикалық принципі оның барлық резиденттері және
жалпы аймақ дербес және өз-өзін қаржыландырады. Оның шекарасы және
міндеттері экономикалық орынды тұрғыдан анықталады, ал оның аумағы
ұйымдастырушы ел аумағының бөлігі. Мұнда құқықтық, шаруашылық және
әлеуметік өзара карым-қатынас саласында белгіленген түзетулермен
мемлекеттік заң іс-әрекет етеді.
Еркін экономикалық аймақтар мақсаттары мен міндеттеріне байланысты
ерекше экономикалық аймақ (ЕЭА), еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) немесе
арнайы экономикалық аймақ (АЭА) болып жіктеледі. Алайда жоғарыда айтылған
барлық нұсқаулар бірыңғай тұжырымдау көмегімен сипатталуы мүмкін: басқа
аумақтарға қарағанда ерекше заңды статуспен шектелген аумақ немесе ұлттық
және шетелдік кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген экономикалық жағдайлармен
шектелген аумақ. Мұндай аймақтарды құрудың негізгі мақсаты мемлекетті
дамытудың стратегиялық міндеттерін тұтас немесе жеке оның аумағында шешумен
байланысты: сыртқы-экономикалық, жалпы-экономикалық, әлеуметтік, өңірлік
және ғылыми-техникалық міндеттер.
Еркін экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастан талдау және
қорытындылау көрсеткендей, еркін экономикалық аймақ түсінігінің көптеген
анықтамалары белгіленген аумақта орнатылған ерекше жеңілдетілген тәртіп
ретінде қарастырады. Еркін экономикалық аймақтың басқару аспектілері және
экономикалық механизмінің басқа элементтері зерттелмеген. Бірақ еркін
экономикалық аймақтарды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін талдаған
көптеген теориялық жұмыстарда, еркін экономикалық аймақтарға экономикалық
процестерге мемлекеттің араласуын қысқарту құралы ретінде анықтама берген.
Мұндай әдісте бұл түсінік шаруашылық жүргізуде ерекше тәртіп орнатылған
институционалдық құбылыстарды қамтиды. Осыдан еркін экономикалық аймақты
кәсіпкерлік іс-әрекет үшін жағымды шарттар жасайтын, мемлекеттің басқа
аумақтарында пайдаланбайтын, шараушылық жүргізудің ерекше тәртібі, басқару
жүйесі және белгіленген жеңілдіктер, ынталандыру жиынтығы енгізілген ұлттық
экономикалық кеңістіктің бөлігі деп түсініміз.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әр түрлі елдер еркін экономикалық
аймақты ұйымдастыруда қандай-да бір географиялық, экономикалық және басқа
да басымыдылықтармен ие болғанда әр түрлі мақстаттар қояды. Еркін
экономикалық аймақтар табысты қызмет еткен көптеген елдерде олар сыртқы
экономикалық іс-әрекеттің белсенділігін арттыру үшін, экспорттық және
импорттың орнын басатын өндірісті дамыту үшін жасалған. Тек осы басты
мақсаттарды шешуден соң олар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына
ықпалын тигізеді.
Заманауи еркін экономикалық аймақтар көптүрлі және біртекті емес,
оларды жүйелеу және жіктеу қиынға соғады, сол себептен экономикалық
әдебиетте әр түрлі әдістер қолданады.
Еркін экономикалық аймақтарды жіктеуде зерттеудің бір міндеті еркін
экономикалық аймақтарды басқарудың әдістерін және принциптерін негіздеуге
және еркін экономикалық аймақтың әр үлгісінің басқару ерекшеліктерін
анықтауға мүмкіндік беретін еркін экономикалық аймақтардың жалпы белгілерін
бөлу болып табылады.

Ескертеу -әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Сурет 1 - Шаруашылық мамандауына сәйкес еркін экономикалық аймақтар

Атап айтқанда, Н.Смородинская, А.Капустин еркін экономикалық аймақтарды
шаруашылық мамандану белгісі бойынша жіктеуді ұсынады. Осы белгіге сәйкес
еркін сауда аймағы, өнеркәсіп-өндірістік, техникалық-енгізу, қызмет көрсету
және кешенді аймақтар болып бөлінеді, олар өз кезегінде, жеке белгілер
бойынша бөлінеді (сурет 1) [6].
Сондай-ақ, Н.Смородинская басқа жұмысында еркін экономикалық аймақтарды
тағы бір белгімен жіктеуді ұсынады: мөлшерімен және оларды ұйымдастыру
әдісімен. Ондай әдісте еркін экономикалық аймақтар аумақтық және тәртіптік
болып бөлінеді (сурет 2).
Осы белгі бойынша жіктеу еркін экономикалық аймақты ұйымдастыруда екі
түрлі әдістің бар болуымен байланысты: аумақтық және тәртіптік. Бірінші
әдіске сәйкес еркін экономикалық аймақтар бөлектенген аумақ ретінде
қарастырылады, онда барлық резидент-кәсіпорындар шаруашылық іс-әрекетте
жеңілдетілген тәртіппен пайдаланады. Екінші әдіске сәйкес еркін
экономикалық аймақ деп сәйкес фирманың немесе аумақтың орналасуына тәуелсіз
кәсіпкерлік іс-әрекеттің белгіленген түріне жеңілдетілген тәртіп ретінде
қарастырылады [7].

Ескертеу -әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Сурет 2 – Мөлшеріне және ұйымдасу әдісіне сәйкес еркін экономикалық
аймақтар

Еркін экономикалық аймақтың мәнін терең түсіну үшін, басқа әдіске
сәйкес жіктеудің тағы үш белгісін қолданған жөн болады: жасау мақсаты және
еркін экономикалық аймақтың ұлттық экономикаға әсерін тигізу дәрежесі,
еркін экономикалық аймақты басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша.
Еркін экономикалық аймақты жасау мақсаты бойынша экономикасы ашық
секторда еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыру және күйзеліс
аудандарды (салаларды) дамыту аймақтары болып бөлінеді. Ашық секторда еркін
экономикалық аймақтарды қалыптастырудың мақсаты нарық қатынастарын жылдам
қалыптастыру. Бұл үлгідегі еркін экономикалық аймақтардың басқару механизмі
шетел инвесторлары үшін жағымды инвестициялық климатты жасау және
инвестицияларды белсенді тарту (Шығыс және Орталық Еуропа елдері, Қытай,
ТМД елдері) [8].
Күйзеліс аудандарды (салаларды) дамыту аймақтары өнеркәсібі дамыған
елдерде кеңінен тараған (Ұлыбритания, Германия, АҚШ). Мұндай еркін
экономикалық аймақтардың басқару механизмінің ерекшелігі ұлттық
кәсіпорындар үшін жағымды экономикалық, әкімшілік және құқықтық шарттар
жасауға және олардың іс-әрекетін белсенді етуге бағытталған.
Еркін экономикалық аймақтың ұлттық экономикаға әсерін тигізу дәрежесі
бойынша анклавты үлгідегі еркін экономикалық аймақ және экономикалық
орталық үлгідегі еркін экономикалық аймақ болып бөлінеді. Анклавты үлгідегі
еркін экономикалық аймақ – қатаң кеден тәртібі орнатылған басқа аумақтан
ішкі шекарамен бөлінген ел аумағы. Олар ішкі нарықпен әлсіз байланысқан,
сыртқы сауда қатынастарын және экспортты дамытуға бағытталған, сол себептен
ұлттық экономикаға жанама түрде әсерін тигізеді. Олар, әдетте, елдің
шекаралас аудандарында орналасады.
Экономикалық орталық үлгідегі еркін экономикалық аймақтар өз іс-
әрекеттерін сыртқы экономикалық міндеттер емес, елдің жалпы шаруашылық
міндеттерін шешуге бағытталған. Олар ұлттық экономикада ажыратылмас бөлігі
ретінде жасалады және қызмет етеді, шекаралас аудандарда ғана емес, елдің
ортасында да орналасады.
Еркін экономикалық аймақты басқаруды ұйымдастыру үлгісі бойынша еркін
экономикалық аймақты ашу туралы шешім қабылдаған билік құрылымдардың
деңгейіне байланысты республикалық және өңірлік болып бөлінеді. Бұл белгі
маңызды, себебі ол аймақтың статусын, экономикалық механизмінің
ерекшелігін, жеңілдіктер мен кепілдіктер жүйесін, инвесторлар үшін еркін
экономикалық аймақтың тартымдылығын анықтайды.

Ескертеу -әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Сурет 3 – Еркін экономикалық аймақтардың жіктемесі
Еркін экономикалық аймақтардың үлгілерінің және түрлерінің жіктемесі
сурет 3 көрсетілген.
Еркін экономикалық аймақты басқару көз қарасынан, аймақтардың барлық
жиынтықтарын екі топқа бөлуге болады: жергілікті немесе нүктелі, кіші
көлемді аумақты алатын (сыртқы сауда, өнеркәсіп өндірістік, техникалық-
енгізу және т.б.) және тұтастай қала немесе облыс шеңберінде қалыптасатын
супераймақтар. Екі топтың еркін экономикалық аймақтары басқару жүйесін
қалыптастыруда әр түрлі әдіске ие. Әр қайсысына еркін экономикалық аймақты
басқарудың жалпы принциптерін, әдістерін және нысандарын бөлуге болады.
Және де екі топтағы еркін экономикалық аймақтар бір-бірімен жасау
мақсатымен, берілетін жеңілдіктермен, мамандануымен, инфрақұрылыммен
ерекшеленуі мүмкін. Нүктелі еркін экономикалық аймақтардың (ЕЭА) және
супераймақтардың басқару механизмін салыстырмалы талдау біріншілердің айқын
басымдылықтарын көрсетеді (кесте 1). Себебі бүкіл облысты, немесе өңірді
алып жататын, күрделі, көлемді жүйелерге қарағанда, кіші шектелген аумақ
шеңберінде экономикалық үрдістер басқаруға және реттеуге қолайлы, ал
басқару механизмі тиімді және икемді. Сол себептен, Қазақстанда алғашқы
пайда болған көптеген аймақтардың қызмет етуі оң нәтиже бермеді, қойылған
мақсаттар және міндеттер орындалмады, жеңілдетілген тәртіп бюджеттік
шығындарға апарды, сондықтан кейінгі пайда болған аймақтарда жасау мақсаты,
басқару органдарының қызметі анықталған, икемді ұйымдастыру құрылымы
жасалған, тиімді ынталандыру жүйесі іске асады.
Нақты еркін экономикалық аймақтың ерекшеліктері жалпы еркін
экономикалық аймақтың басқару жүйесіне, принциптеріне, басқару әдістеріне
әсерін тигізбейді, тек кейбір жерлерінде басқару іс-әрекетін өзгертеді,
еркін экономикалық аймақтың басқару механизміне түзетулер енгізеді.
Аймақтың әкімшілік-шараушылық басқару моделін таңдау оның үлгісіне және
аумақтың мөлшеріне, елдің мемлекеттік құрылыс ерекшелігіне, жеке сектордың
дамуына және т.с.с. байланысты. Бірақ жалпы міндетті жағдай болып
табылатыны, аймақ, жергілікті әлеуметтік-экономикалық жүйе бола тұрып,
жергілікті және жеке шаруашылық жүйе болу керек, яғни экономиканың әртүрлі
салаларына басшылық ететін салалық министірліктердің және ортылық
ведомстволардың қарауынан тыс болу керек. Аймақтың белгіленген шаруашылық
жекеленуі жоғары тұрған әкімшілк-аймақтық басқару мүшелерінің өзара
байланысына әсерін тигізеді. Ондай өзгешілік қақтығыстарға негіз жасайды.
Қақтығыстар ведомстволық деңгейде (аймақта басқару жүйесіне қатысты),
сондай-ақ аймақтар және әртүрлі мемлекеттік инстанциялар арасында
қақтығыстарды тоқтату үшін ендігілер қажетті:
- әкімшілік басшылығымен аймақтың функционалды басқару құрылымын жасау,
әкімшілікке маңызды биліктер беріледі;
- елде аймақтардың мүддесін қорғауға жеткілікті күші бар, дамуын
бағыттау және бақылау бойынша мемлекеттік органның болуы. Ондай органның
ведомствоның үстінен қарайтын статусы болған және мамандаған министірліктің
қамқорлығына түспеген жөн;
- аймақтың әкімшілігі аралық әкімшілік-жергілікті билік
инстанстанциялардан айналып, мемлекеттік уәкіл органына тікелей бағынышты
болу.

Кесте 1 – Нүктелі еркін экономикалық аймақтардың және супераймақтардың
басқару механизмінің негізгі ерекшеліктері

Басқару механизмініңНүктелі ЕЭА Супераймақ
элементтері
Жоспарлау - мақсаттары бір мағыналы, - көптеген мақсатары;
нақты анықталған;
- мақсаттарды іске асырудың - бірнеше даму
біріңғай стратегиясы; стратегиялары,
- ресурстармен қамтамасыз - ресурстар кейде
етілуі (еңбек, материалдық, жеткіліксіз
қаржы)
Ұйымдастыру құрылымы- үш деңгейлі басқару - екі деңгейлі басқару
жүйесі, әр деңгейде құрылымы, өңірлік деңгейде
маманданған қызметі және және ЕЭА сәйкес. ЕЭА
міндеті анықталған басқару органының қызметін
мемлекеттік биліктің
аумақтық органдары
орындайды
Ынталандыру - ынталандыру шаралар - көптеген мақсаттарға
жиынтығы (қаржы, салық, сәйкес жеңілдектері де
сыртқы экономикалық және көп, кейбір жағдайда
т.б.) шектелген және ЕЭА негізсіз және бюджеттік
мақсатты қызметімен шығындарға жетелейді
анықталған
Бақылау - экономикалық үрдістер - аумақтық-экономикалық
жоғары деңгейде бақыланады құрылым ретінде ЕЭА
күрделігіне және көлеміне
қарай экономикалық
үрдістер әлсіз бақыланады
Ескерту. Әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Айтылған жеңілдіктер әртүрлі қисындасуында қолданылуы мүмкін. Тәжірибе
көрсеткендей, салыстырмалы ірі өндірістік аймақтарда жергілікті емес,
функционалды әдісті қолданған жөн, берілген жерде жеңілдіктерді тек
аймақтың даму мақсатына және міндетіне жауап беретін кәсіпорындар ғана
алады. Кешенді үлгідегі ірі аймақтарда жеңілдіктер жүйесі жергілікті және
функционалды әдістердің үйлесуіне негізделуі мүмкін: негізгі, аймақтың
белгіленген жерлерінде қосымша жеңілдіктермен толықтырылады, сондай-ақ,
аймақтың экономикасын горизонталь бойынша (жергілікті тұрғыда) және
вертикаль бойынша (салалық тұрғыда) тізбектейтін маманданған жеңілдіктер.
Жалпы берілетін жеңілдіктер жүйесі мұнда жоқ даму факторларының өтемақы
механизмы болмай, берілген жерде салыстырмалы артықшылығын іске асыру
құралы болу керек. Қазіргі жағдайда әлемдік шаруашылықта еркін аймақтардың
таралуында салықтық жеңілдіктер – аймаққа шетел капиталының келуі басты
стимул емес. Қазіргі күнде ендігі факторлар маңызды болып келеді, олар
саяси тұрақтылық, инвестициялық кепілдіктер, инфрақұрылымның сапасы, жұмыс
күшінің мамандануы, әкімшілік рәсімдердердің қысқаруы және ішкі нарықта
салыстырмалы арзан несиелерді алу. Айтылған барлық жеңілдіктер берілген
аймақтың үлгісін анықтайтын негізгі жеңілдіктермен үйлескенде жұмыс
жасайды.
Еркін экономикалық аймақты жасау ендігі принциптерге сәйкес келу керек:
әлемдік нарықтың жаһандық жүйесіне кіру; берілген жерде арнайы экономикалық
аймақты жасаудың және орналастырудың мақсатқа лайықтылығы; қаржы, өндіріс
және еңбек ресурстарын салғанын ақталуы; мемлекеттік-жеке серіктестіктің
тәуекелділігін бөлу.
Еркін экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау
және қорытындылау еркін экономикалық аймақты ұлттық экономикалық
кеңістіктің бөлігі ретінде анықтауға мүмкіндік берді, онда мемлекеттің
басқа бөлігінде қолданбайтын, кәсіпкерлік іс-әрекетке жағымды шарттар
жасайтын, шаруашылық жүргізудің ерекше тәртібі, басқару жүйесі және
жеңілдіктердің, ынталандырулардың белгілі жиынтығы енгізілу қажет.

1.2 Еркін экономикалық аймақтардың іс-әрекетін мемлекеттік реттеу

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі айқын болып табылады, себебі
нарық тиімді ұзақ мерзімді экономикалық дамуды, қайта өндірілмейтін
ресурстарды орналастыруды, маңызды ғылымдарға, экологияға және т.б. қаржы
салымдарын ынталандыруды қамтамасыз етпейді. Мемлекет, қоғам қажеттілігіне
сәйкес экономика құрылымын қалыптастыруда жүйелі макрореттеуді және
пайдаланытын экономикалық механизмдерді қамтамасыз ету керек [9].
Экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері және спецификасы әлемдік
экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде берілген елде басымды нарықтық
шаруашылықтың моделімен анықталады.
Нарықтық механизмнің даму дәрежесіне және мемлекет қатысуының
масштабына байланысты нарықтық экономиканың екі негізгі моделін бөлуге
болады: либералдық және әлеуметтік бағытталған.
Осы модельдердің негізгі сипаттамаларын келтірейік:
Либералды:
- жеке меншіктің үстем болуы, нарық субъектілерінің еркіндігі,
мемлекеттің араласпауы;
- мемлекеттік реттеу макроэкономикалық процестерде шоғырланған;
- мемлекет халықтың өмір сүру мәселелерін шешуде шеттелген.
Әлеуметтік бағытталған:
- маңызды мемлекеттік секторда аралас экономика;
- мемлекеттік және жеке құрылымдар үшін нарық алаңында мемлекет ойын
ережелерін белгілейді;
- макроэкономикалық процестерді ғана емес, сонымен қатар шаруашылық
субъектілердің іс-әрекетін де мемлекет тарапынан реттеу;
- белгіленген деңгейде халықтың денсаулығын сақтау, білім беру,
мәдениет, баспана қажеттіліктерін мемлекет қамтамасыз етеді;
- жұмыссыздықты барынша төмендету бағдарында халықтың жұмыс бастылығын
реттеу;
- халықтың табысын мемлекеттік реттеу [10].
Нарықтық экономика шарттарында мемлекетттік реттеу тікелей
(инвестициялар, дотациялар, субвенциялар, бағалар) және жанама (несие,
амортизациялық, фискалды саясаты) әдістерімен пайдаланып, халық
шаруашылығының дамуына басқару органдары арқылы әсерін тигізу, экономиканың
мемлекеттік, жеке және аралас секторларында макроэкономикалық мақсаттарды
іске асыруға бағыттайды.
Әдетте, мемлекеттік реттеу үш негізгі элементтердің бар болуын талап
етеді:
1. Экономиканың мемлекеттік секторы, яғни мемлекеттік реттеудің тікелей
объектісі (қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік пайдаланылатын жерлер, көліктің
магистральды түрлері, коммуникациялар, әртүрлі салаларда меншіктің аралас
түріндегі объектілер).
2. Ұзақ мерзімді жалпы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, мемлекет
тапсырыстары және салық жеңілдіктері арқылы техникалық қайта жабдықтауға
кепілденген нарықтың жасалуы, капитал сыйымды өндірістерді дамытуға
пайдаланатын ұлттық табыстың маңызды үлесін бюджет арқылы дамыған қайта
тарату жүйесінің болуы.
3. Экономикалық үрдістерді реттеуге, оларды нақты уақыт масштабында
жобалауға және бақылауға мүмкіндік беретін, кешенді дамыған байланыс және
ақпаратты өңдеу жүйесі.
Мемлекетік реттеу стратегиясын іске асыру механизмі экономиканы
монополизациядан айыру үрдістеріне тиімді әсер ету тетіктерімен қамту
керек. Мұнда маңызды принцип тауар және қызмет өндірушілер арасында нақты
бәсекелестің пайда болуы, ол деген құрылымды ақша-несие саясатымен қатар
инфляцияны тоқтатуға, бағаны төмендетуге және сонымен бірге қаржы
тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ұлттық валютаны күшейтуге мүмкіндік береді.
Мемлекетік реттеу жүйесі деп, біздің ойымызша, тек қана әсер ету
әдістерін ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру құрылымдарды, құқықтық
құжаттарды (заңдар, қаулылар және т.б.), оларды қабылдау, келістіру және
бақылау рәсімдері, яғни халық шаруашылығын реттеу үрдістерін жүргізу үшін
шарттар жасайтын элементтерді түсіну.
Мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі элементтеріне жататындар:
- макроэкономикалық жоспар-жобаларды (индикативтік жоспарлау), оларды
орындау механизмдерін әзірлеу;
- халық шаруашылығы құрылымына қатысты шешімдерді қалыптастыру
(орталықтандырылыған инвестицияларды таратып бөлу, мемлекеттік тапсырыстар,
тиімсіз салаларды тұқырту бағдарламаларын әзірлеу);
- тікелей мемлекеттік бақылау саласына кірмейтін (салықтар, дотациялар,
кеден ережелері, ақша-несие саясаты және т.б.) үрдістер үшін реттеу жүйесін
әзірлеу [11].
Мемлекеттік реттеудің мәселелеріне жоғарыда келтірілген әдістер
экономиканың барлық салаларында қолдануға болады, солардың ішінде еркін
экономикалық аймақтар үшін және еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік
басқарудың жалпы принциптерін анықтауға мүмкіндік береді:
1. Халық шаруашылығын дамытудың жалпы стратегиясын іске асыру
позициясынан еркін экономикалық аймақты жасау, дамыту сұрақтарын дәлелдеу.
2. Еркін экономикалық аймақтың басқару механизмін қалыптастыруда
мемлекеттік реттеудің ықпал ету саласын шектеу, құзыреттерді, қызметтерді
және мақсаттарды нақты бөлуде, олардың өзара іс-әрекеттерінің үйлесімді
механизмін іздестіру маңызды рольге ие.
3. Еркін экономикалық аймақты жасаудың және дамытудың мақсатын
таңдағанда басымды тек қана сыртқы экономикалық мәселелерді шешу емес,
сонымен қатар жалпы экономиканы тұрақтандыру, ғылымның және өндірістің
келешегі бар бағыттарды дамыту, жалпы шаруашылық және әлеуметтік
мақсаттарды да шешу болып табылады.
4. Басқа әдістермен қоса еркін экономикалық аймақтың іс-әрекетін
реттеуде ең алдымен экономикалық әдістерді қолдану, атап айтқанда салық,
қаржы-несие, кеден саясаттары.
Мемлекеттік басқару жүйесінде жергілікті үкімет органдары үдеуші рольге
ие. Бұл еркін экономикалық аймақты басқаруға орынды, себебі, біріншіден,
олар территориялық құрылым болып табылады, екіншіден, еркін экономикалық
аймақты басқару бойынша өкілеттіліктің маңызды бөлігі жергілікті үкімет
құрылымдарына беріледі.
Еркін экономикалық аймақ өңірлік саясаттың объектісі болып, жергілікті
басқару органдырының реттеу саласына тап болады.
Шетел және отандық зерттеулерде аймақтық саясаттың ендігі құралдыары
жиі қарастыралады:
Меншікті басқару, соның ішінде:
- жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды орналастыру немесе бар фирмаларды
келелі мәселелелі аймақтарға ауыстыру;
- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, жеке меншік фирмалардың
акцияларын сатып алу.
Мемлекеттік және аймақтық субсидияларды және инвестицияларды
өндірістік, әлеуметтік, көлік, экологиялық және басқа да инфрақұрылымдарға
салу.
Салық саясаты (соның ішінде өндірісті ынталандыру мақсатында әртүрлі
жеңілдіктер беру немесе салықтан толық босату).
Негізгі құралдардың амортизация мерзімін заң арқылы реттеу, атап
айтқанда жылдам амортизацияға құқық беру.
Жеке меншік фирмалардың өнімдеріне және қызметтеріне мемлекеттік
тапсырыстар беру.
Әкімшілік шаралар, соның ішінде:
- әкімшілік ғимараттардың және өндіріс объектілердің құрылысына тыйым
салу, рұқсат, лицензиялар, сертификаттар беру және бақылаудың басқа да
құралдары;
- ресуртардың бөлек түрлерін ұтымды тұтыну, нормалау (мысалы, құрылыс
материалдары);
- келелі мәселелелі аймақтарға мәжбүрлі мемлекеттік келісім шарттар
арқылы тапсырыс беру.
Әлеуметтік сипатты шаралар:
- аймақтық ерекше жұмысбастылық бағдарламалары, кәсіби дайындық, үй
құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
- халықтың және өндірістің икемділігін ынталандыратын шаралар (мысалы,
қоныс аударушыларға миграциялық субсидиялар немесе сыйақылар).
Жермен пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және басқа салаларда құқықтық
нормалар.
Макроэкономикалық реттеудің құралдары сияқты аймақтық саясаттың
құралдары және шаралары, әдеттегідей, ынталандырушы және шектеуші, тікелей
және жанама, белсенді және енжарлы болып бөлінеді.
Жоғарыда айтылған аймақтық саясаттың құралдары еркін экономикалық
аймақта да қолданады. Еркін экономикалық аймақтың ерекшелігіне байланысты
жергілікті басқару органдары экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік және басқа
да реттеу шараларымен қолданады, олар еркін экономикалық аймақтың дамуына
байланысты жетілдіріледі.
Жергілікті деңгейде еркін экономикалық аймақтың басқару жүйесінің
негізгі принциптері және элементтері ендігідей болуы мүмкін:
1. Өңір өз жерінде еркін экономикалық аймақты жасай отырып жалпы
өңірдің дамуын, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды және міндеттеді
көздейді.
2. Еркін экономикалық аймақтың мақсаттарын және міндеттерін іске асыру
үшін өз құзыретінің шегінде басқару органдары реттеудің барлық құралдарымен
және әдістерімен пайдаланады.
3. Еркін экономикалық аймақты жасауды және дамытуды жоспарлау өңірді
дамытудағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қалыптастырудың маңызды
элементі болып табылады және индикативті сипатқа ие.
4. Басқару органдары еркін экономикалық аймақтың шаруашылық
субъектілерінің іс-әрекеттерін өңір мүддесіне қарай бақылау жүргізеді.
Еркін экономикалық аймақты жасаудың және дамытудың жоспарлауын
жетілдіру жиынтықта еркін экономикалық аймақтың басқару жүйесінің элементі
ретінде сыртқы экономикалық ортаны қалыптастыратын, ең алдымен ғылыми-
техникалық, әлеуметтік, сыртқы экономикалық және басқа да мемлекеттік
саясаттарын дәлелдеу деңгейін көтеруге бағыттау керек.
Мемлекет фискалды, қаржы, сыртқы сауда, әкімшілік және әлеуметтік
шараларды пайдаланып, ынталандыру жүйесі арқылы нақты аймақта экономиканы
дамыту және қойылған мақсаттарға жету үшін жағымды шарттар жасайды.
Еркін экономикалық аймақты мемлекеттік реттеу құралдарының бірі
жеңілдетілген мемлекеттік несиелер және инвестициялар, жалдауға және
коммуналдық қызметтерге төмен бағалар жүйесі, т.б. қамтитын қаржы шаралары
болып табылады.
Еркін экономикалық аймақтағы жеңілдіктер мен ынталандырулар жүйесін
тиімді жасау – болашақта оның ойдағыдай дамуының кепілі. Дәл осыдан
инвесторларды тартудан түскен пайда мен салық және кеден жеңілдіктерінің
берілуінен болған бюджеттік шығындар ара қатысы тәуелді. Жалпы жеңілдіктер,
мұндағы жоқ даму факторларының өтемақы механизмы емес, берілген аймақтың
салыстырамлы басымдылықтарды іске асыруда қосымша құрал қызметін атқаруы
тиіс. Мемлекет рөлі тек осындай оңтайлы жүйені қалыптастыруда ғана емес,
сонымен бірге оның орнатылған жеңілдіктерді және преференцийлерді сақтау
үшін тұрақты түзетулер мен бақылау жасауда да маңызды.
Қытайда мемлекет еркін экономикалық аймақтың қалыптасуымен байланысты
шараларды қамтамасыз етуде қаражаттарды орталық бюджетке салады.
Мемлекеттік инвестициялар аса көп болмаса да, бастапқы капиталдың ролін
атқарады, алғашқы шетел бизнесмендерінің пайда болуына жағымды шарттарды
дайындауда пайдаланады. Алғашқы салымдар арқылы қонақ үйлер салынады, су,
жол және басқа да коммуникациялар жүргізіледі. Соңында еркін экономикалық
аймақты және техникалық-экономикалық даму аймақтарын жасауда мемлекеттік
орталықтандырылған капитал салымдарынан бас тарту принципі қабылданды.
Жалғыз Пундун ғана қалды, оның дамуына орталық бюджеттен маңызды қаражаттар
бөлінеді.
Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтарда қаржы іс-әрекеті еркін
экономикалық аймақтардың Әкімшілік кеңесі қаржы қорын немесе еркін
экономикалық аймақтың шекарасы әкімшілік-территориялық бірліктің
шекарасымен тура келгенде бюджетті қалыптастыруды қарастырады. Ақтау теңіз
порты арнайы экономикалық аймағы, Астана-жаңа қала арнайы экономикалық
аймағы әкімшілік-территориялық бірліктің шекарасында орналасқан себебінен,
олардың бюджеттері бір мезгілде сәйкес Ақтау және Астана қалаларының
бюджеті болып табылады. Оңтүстік облысындағы Оңтүстік арнайы экономикалық
аймағында, Алматы қаласының Медеу ауданының Алатау кентінде орналасқан
Ақпараттар технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында қаржы қоры
қалыптасады.
Арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорының немесе бюджетінің табыс
құрамына еркін экономикалық аймақта салық төлеуші ретінде тіркелген заңды
және жеке тұлғалардың төлейтін жергілікті және жалпы мемлекеттік салықтары
кіреді. Сондай-ақ, заңмен қарастырылған арнайы қорларға төлемдер қаржы
қорынының (бюджеттің) қалыптастыру көзі бола алмайды. Зерттеу көрсеткендей,
арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорының (бюджетінің) табыс бөлігін
қалыптастыруда қаржы қорына салықтарды есепке қосу тәртібінде ескертілген
ерекшеліктер бар. Арнайы еркін экономикалық аймақтың қаржы қорының
(бюджетінің) жоғары тұрған бюджетпен өзара байланыстар арнайы экономикалық
аймақтың қаржы қорына (бюджетіне) түсетін табыстарының жалпы соммасынан
бөлінген сомма ұзақ мерзімді тұрақты норматив арқылы анықталады. Әр арнайы
экономикалық аймақ бойынша сәйкес Ережелерде бөлінген сомманың нақты
нормативтері анықталған, бұл деген тек аймақтың дамуына ғана емес, сонымен
қатар жалпы өңірдің дамуына да ықпалын тигезеді.
Қаржы бойынша арнайы экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеуде
арнайы экономикалық аймақтың Әкімшілік кеңесі мақсатты қаржы қорларын құра
алады деп қарастырылған, соның ішінде арнайы экономикалық аймақтың
экономикалық және әлеуметтік даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу
Қазақстан Республикасы жергілікті жерді басқару жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының аймақтарында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергiлiктi экономиканы басқарудың мәнi мен мазмұны
Қоғам және саясат
Арнайы экономикалық аймағының кеден заңнамасындағы өзгерістерге талдау жасау. Арнайы экономикалық аймағының кеден кодексі
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Аймақтық басқарудың концепциялық негіздері
Еркін сауда аймақтары
Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу
Пәндер