Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зияны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қысқаша тарихи деректер
2.2. Қоздырғышы мен төзімділігі
2.3. Індеттік ерекшеліктері
2.4. Дерттену (патогенезі)
2.5. Аурудың өршуі және оның белгілері
2.6. Патологиялық анатомиялық өзгерістер
2.7. Гистологиялық өзгерістер
2.8. Балау және ажыратып балау
2.9. Емі
2.10. Ветеринариялық іс.шараларды жүргізу ережелері

Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген. Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т.б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Бұрыннанда әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы колибактериоз ауруы өте қауіпті малдан малға жұғатын індет болғандықтан, бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады.
Патологиялық анатомия (патологиялық морфология) - жануарлар мен адамның организімінде түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым.Патологиялық физиология – дертке шалдыққын организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Сайлып келгенде, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология қомақты, әрі көлемді ғылымның – патологиялық (грекше Pathos - зардап, iogos - ілім) бір түбірі.
Организмдегі ауру салдарынан болған морфологиялық өзгерістерді зерттеу үшін, патанатомиялық сынама өлікті жарып – зерттеу арқылы ( аutopsia, грекше auto - өз көзімен көру, лат. Sectio – кесу, тілу), хирургиялық операция барысында, биопсия (грекше bios - өмір , тіршілік, латынша psia – тілу) жолымен сондай – ақ сау жануарларға арнайы эксперимент қою арқылы алынады. Олардын ішінде аутопсия жолымен алынатын сынаманың орны бөлек: бұл әдіс патологиялық процестерді табиғи даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді, белгілі бір аурудаң өлген жануарлардың өліктерін сойып, зерттеу арқылы саңқилы деректі мағұлматтарды жинауға, оларды салыстыра отырып, сол аурудың патогенезін білуге болады.
Инфекциялық аурулар – жануар организмінің резистенттілігін төмендетеді, сонымен қатар ауыл шаруашылыққа тигізетін зияны зор. Малдың қондылығын төмендетіп, әр түрлі ауруларға шалдықтырады. Осы аурулардың спецификалық қасиеттерінің бірі қоздырғыштың ауру жануардың сау жануарларға берілуі.
Инфекциялық аурулардың, ең қауіпті аурулар тобына жатқызуға болады. Өйткені олар, кейбір жағдайда шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын тигізеді, ал кейбіреулері жануарлардан адамға да берілуі мүмкін.

1. Юшков.Ю.А, Монов С.Б «Ветеринария»2004.ж Шарапакова Н.Я. соавт. К вопросу о природной очаговости пастереллаза на территории Каракалпакии //Тезисы докл. IV науч. конф. по природной очаговости чумы.-Алма-Ата, 1965.-С.292-293.
2. Ганиев М.К., и др. Пастереллез. – Баку, Изд-во ЗЛМ, 1970. – 120 с.
3. И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
4. Айкымбаев А.М. и др. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 г в Уральской области //Известия АН КазССР.- Алма-Ата, 1985.- №4.-С.39-41.
Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Эколого-патогенетические особенности различных этиологических форм пастерелез //Тезисы докл. всесоюз. конф. по природной очаговости болезней.- новосибирск, 1989.-С.8-10.
5.Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
6.А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
7. Ильясов Б.К. Эпизоотология пастерелез животных в Казахстане и меры борьбы с ним: автореф. ...докт. вет. наук: 16.00.03.-Алматы, 1999.-36с.
8 Шарапакова Н.Я. соавт. К вопросу о природной очаговости пастереллаза на территории Каракалпакии //Тезисы докл. IV науч. конф. по природной очаговости чумы.-Алма-Ата, 1965.-С.292-293.
9 Ганиев М.К., и др. Пастереллез. – Баку, Изд-во ЗЛМ, 1970. – 120 с.
10 И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
11 Айкымбаев А.М. и др. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 г в Уральской области //Известия АН КазССР.- Алма-Ата, 1985.- №4.-С.39-41.
12 Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Эколого-патогенетические особенности различных этиологических форм пастерелез //Тезисы докл. всесоюз. конф. по природной очаговости болезней.- новосибирск, 1989.-С.8-10.
13 Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
14 А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
2. Ганиев М.К., и др. Пастереллез. – Баку, Изд-во ЗЛМ, 1970. – 120 с.
3. И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
4. Айкымбаев А.М. и др. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 г в Уральской области //Известия АН КазССР.- Алма-Ата, 1985.- №4.-С.39-41.
Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Эколого-патогенетические особенности различных этиологических форм пастерелез //Тезисы докл. всесоюз. конф. по природной очаговости болезней.- новосибирск, 1989.-С.8-10.
5.Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
6.А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
7. Ильясов Б.К. Эпизоотология пастерелез животных в Казахстане и меры борьбы с ним: автореф. ...докт. вет. наук: 16.00.03.-Алматы, 1999.-36с.
8 Шарапакова Н.Я. соавт. К вопросу о природной очаговости пастереллаза на территории Каракалпакии //Тезисы докл. IV науч. конф. по природной очаговости чумы.-Алма-Ата, 1965.-С.292-293.
9 Ганиев М.К., и др. Пастереллез. – Баку, Изд-во ЗЛМ, 1970. – 120 с.
10 И.А. Бакулов «Індеттану және микробиология негіздері» Қайнар, 1993- 2 с.
11 Айкымбаев А.М. и др. О случаях выделения возбудителя пастереллеза от сайгаков в феврале-марте 1984 г в Уральской области //Известия АН КазССР.- Алма-Ата, 1985.- №4.-С.39-41.
12 Ананьина Ю.В., Чернуха Ю.Г. Эколого-патогенетические особенности различных этиологических форм пастерелез //Тезисы докл. всесоюз. конф. по природной очаговости болезней.- новосибирск, 1989.-С.8-10.
13 Некрасова Л.Е. Сочетанные инфекции грызунов в Волго-Уральском очаге чумы: автореф. ...канд. мед. наук.- Алматы, 1989.-22с.
14 А.Б. Жаров «Патологические анатомия с/х животных» //Москва. «Колос» – 2003.
І. Кіріспе
Ел басының Қазақстан Республикасы халқына жасаған жолдауында және ауылды көтеру мәселесіне байланысты мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан халқының оның ішінде ауылдық жағдайын жақсарту мәселесі айрықша атап көрсетілген. Бұл мақсаттарды табысты атқару үшін, ең алдымен ауылшаруашылығындағы мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімдерді (ет, сүт, жүн, жұмыртқа т.б) мейлінше көбірек өндіру қажет. Бірақта аталған проблемаларды жүзеге асыру оңай шаруа емес екені белгілі. өйткені басқаны айтпағанда мына малдардың арасында кездесіп, өлім-жетімге және де басқа қыруар шығынға әкеліп соқтыратынәртүрлі жұқпалы аурулар үлкен бөгет болып келеді. Бұрыннанда әсіресе соңғы жылдары төрт түлік малдардың арасында жұқпалы колибактериоз ауруы өте қауіпті малдан малға жұғатын індет болғандықтан, бұл ауруға шалдыққан малдар арнайы нұсқаулар бойынша арнайы малдәрігерлік санитарлық тәртіпті сақтай отырып көзі жойылады.
Патологиялық анатомия (патологиялық морфология) - жануарлар мен адамның организімінде түрлі аурулар әсерінен пайда болатын морфологиялық өзгерістерді зерттеп, анықтайтын ғылым.Патологиялық физиология - дертке шалдыққын организмдегі тіршілік әрекеттерінің бұзылуын анықтайтын ғылым. Сайлып келгенде, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология қомақты, әрі көлемді ғылымның - патологиялық (грекше Pathos - зардап, iogos - ілім) бір түбірі.
Организмдегі ауру салдарынан болған морфологиялық өзгерістерді зерттеу үшін, патанатомиялық сынама өлікті жарып - зерттеу арқылы ( аutopsia, грекше auto - өз көзімен көру, лат. Sectio - кесу, тілу), хирургиялық операция барысында, биопсия (грекше bios - өмір , тіршілік, латынша psia - тілу) жолымен сондай - ақ сау жануарларға арнайы эксперимент қою арқылы алынады. Олардын ішінде аутопсия жолымен алынатын сынаманың орны бөлек: бұл әдіс патологиялық процестерді табиғи даму барысында зерттеуге мүмкіндік береді, белгілі бір аурудаң өлген жануарлардың өліктерін сойып, зерттеу арқылы саңқилы деректі мағұлматтарды жинауға, оларды салыстыра отырып, сол аурудың патогенезін білуге болады.
Инфекциялық аурулар - жануар организмінің резистенттілігін төмендетеді, сонымен қатар ауыл шаруашылыққа тигізетін зияны зор. Малдың қондылығын төмендетіп, әр түрлі ауруларға шалдықтырады. Осы аурулардың спецификалық қасиеттерінің бірі қоздырғыштың ауру жануардың сау жануарларға берілуі.
Инфекциялық аурулардың, ең қауіпті аурулар тобына жатқызуға болады. Өйткені олар, кейбір жағдайда шаруашылыққа үлкен экономикалық шығын тигізеді, ал кейбіреулері жануарлардан адамға да берілуі мүмкін.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жұқпалы аурулардың, соның ішінде ірі қара малдың колибактериозының шарушылыққа тигізген зиянын, оны балау, патологоанотомиялық өзгерістерді анықтау және жарып сою хаттамасын жүргізу болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қысқаша тарихи деректер
Колибактериоз (Colibacteriosis) - энтериттік, энтеротоксемиялық және септицемиялық пошымдарда байқалатын, көбінесе іштің өтуімен білінетін, дененің уланып сусыздануымен (эксикоз) ерекшеленетін, жіті өтетін, жас төлдерді үлкен шығынға ұшырататын инфекциялық ауру.
Бұл ауруды малшылар қауымы төлдің ақтышқақ ауруы деп те атайды. Колибактериозға барлық түліктің жас төлдері шалдығады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы 1-5 күндігінде және 5-7 айлығында, құлын туа салысымен, торай туған соң бірер апта бойы және ене сүтінен ажыратылған шақта ауруға бейім.
Төлдердің ақтышқақ ауруының жұқпалы екенін 1865 жылы Облех, ал оны ішек таяқшасы бактерияларының қоздыратындығын Иенсен (1891) дәлелдеді. Алғаш рет Эшерих (1865) адамның нәжісінен бөліп алған, бұл микроб Escherichia coli, ал ол қоздыратын ауру колибактериоз немесе эшерихиоз атанды. Бұрынғы Кеңес Одағында колибактериоз біршама зерттелгенімен 1960 жылдары бұл ауру - жұқпайтын диспепсия деген қате көзқарас үстемдік алды. Е.Я. Коляковтың еңбектері арқылы ауруды зерттеу және онымен күрес жүргізу дұрыс жолға қойылды. Қазақстанда төлдердің колибактериозын зерттеуді 1970 жылдары Э.А.Светоч жан-жақты жүргізді. Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері ауырады. Бұл індет Қазақстанда кең тараған. Оның басты ерекшелігі - жаңа туған жас төл жаппай ауырады.
2.2. Қоздырғышы мен төзімділігі
Ауруды тудыратын микробты Escherichia coli деп атайды. Ішек таяқшаларын микроскоппен қарағанда майда, жіңішкелеу таяқша секілденіп, көрінеді. Олардың пішінері өзгергіш келеді. Сондықтан да микроскоп айнасынан жуан таяқшалар да көрінуі мүмкін. Эшерихи бактериясы спора түзбейді, капсула (қабық) құрамайды, олар анилин бояуларымен жақсы боялып, микроскоппен көк түсті болып көрінеді.
Ауру қоздырғыштары қоректік ортада оттегі болса ғана жақсы өсіп-өнеді. Сондықтан оны аэробтық жағдайда өсетін микроб деп санайды.
Қоздырғыш +37,+38 градус жылылықта жақсы өсіп жетіліп, зиянды әсер ете алады.
Лабороториялық пробиркада жасанды ортаға микробты арнайы сеуіп өсіргенде олардың ақ тұнба түзіп, өсіп-өнгенін жай көзбен көруге болады. Аудандық мал дәрігерлік бактериологиялық лаборотория жағдайында ауру қоздырғышын жасанда орта - ет пептонды сорпа құйылған пробиркада өсіреді.
Лабороториялық жағдайда қатты қоректік ортада эшерихи бактериялары қатты қоректік ортада эшерихи бактериялары құрғақ, пішіні жағынан шар тәріздес колониялар тізбегін құрайды.
Ішек таяқшалары микробының колонияларын лабороториялық термостатта өсіргенде 24-36 сағаттан кейін жай көзбен ақ көрінетін пішінге келеді. Мұндай колониялар шеңберінің ұзындығы 0,2-0,4 см шамасында болады. Осы колониялардан пробиркаға жұқа жұғынды жағып, оны анилин бояуымен бояса, микроскоппен қарағанда майда ішек таяқшалары таза түрінде көрінеді.
Эшерихи бактериялары сыртқы ортада - суда, топырақта, мал қиында бірнеше айға дейін тіршілігін жоймайды. Бірақ олар ыстыққа өте төзімсіз келеді, мәселен 60 градуста 15 минутта, ал 100 градуста бірден қырылып қалады.
Эшерихи бактерияларының қатерлі штамдарының ең негізгі биологиялық ерекшеліктері - олардың екі түрлі у шығаруы. Оның бірін сыртқы у (экзотоксин), екіншісін ішкі у (эндотоксин) деп атайды. Бұл улар тек колибактериоз ауруының қоздырғыштарына ғана тән. Олар басқа қатерлі микробтардың уына ұқсамайды.
Микробтың сыртқы уы өзінің атынан-ақ көрініп тұрғандай микроб клеткасынан сыртқа шығарылып, қан арқылы тарайды да төл организмін уландырады, ал ішкі у микроб микроб клеткасының ішіне бөлініп шығады да, кейіннен микроб төлдің ащы ішегінде қырылған кезде бұл у да қан арқылы төл организміне тарап, организмді уландырады. Сондықтан да ақ тышқақ ауруына шалдыққан төлдің іші өтуімен қатар оның организмі микроб уымен уланып, селсоқ тартады. Соған орай азықтан қалады.
2.3. Індеттік ерекшеліктері
Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері ауырады. Ауру қоздырушысының бастауы - колибактериозбен ауырған және ауырып жазылған төл.
Қазақ мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары - В.М. Петров, П.К. Ананьев, Л.А.Афанасьев, В.А. Гушул отыз жылдан астам уақыт бойы бұзаудың ақ тышқақ ауруының пайда болуы, оның республикада таралуы, өршуі және одан сақтандыру шаралары, сондай-ақ емдеу әдістері жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми ұсыныстар жасады.
Осы ауруды зерттеу жұмыстарының нәтижесі жайлы кітаптар, плакат және информациялық листовкалар, сондай-ақ ұсыныстар мезгіл-мезгіл жарияланды. Бұл жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстары ХІІ, ХІІІ бесжылдықта және одан әргі уақытта да жүргізіле беретін болады. Себебі әрбір 5-7 жыл сайын малды күтіп-бағу, жас төл өсіру технологиясы өзгеріп отырады. Осыған сәйкес төл ауруларына қарсы күрес шаралары да өзгереді.
Жоғарыда аталған ғалымдар бірнеше жылдар бойы эшерихи микробының қатерлі штаммдарының Қазақстанның әр түрлі табиғи климаттық аймақтарында таралуын зерттеді.
Осы ауру жыл аралап жиі кездесетін 60-тан астам шаруашылықтың ауру және өлген бұзауларынан эшерихи бактериясының 515 себінді түрі (культура) бөлінді.
Арнайы түрде ауру қоздырғышын анықтау үшін пайдаланылатын ішек таяқшалары сарысуы деп аталатын диагностикалық препараттың көмегімен ауру бұзаулардан эшерихи бактериясының 078, 0119, 0139, 015, 08, 086, 641, 035, 0117, 01, 0126 секілді серотоптары бөлініп алынып, олар лабороториялық жағдайда өсірілуде.
Колибактериоз - біздің елімізде кең түрде кездеседі. Ауру қоздырғышының сыртқы ортада көп мөлшерде таралуына байланысты, тазалық дұрыс сақталмаған фермаларда және табында жас төл денесіне қатерлі микроб еніп, ауру туғызады. Ал, ауырған бұзаудың нәжісі, зәрі арқылы күн сайын сыртқы ортаға қоздырғыш тарап, олар сау төлді ауруға шалдықтырады.
Қоздырғыш төл организміне енгеннен бастап, аурудың анық клиникалық белгілері білінетін кезең 5-10 күн шамасы. Сау төлге ауру қоздырғышы су, сүт, жем-шөп арқылы жұғады. Ауру негізінен асқазан-ішек жолы арқылы жеген азықпен тарайды, ауа арқылы тарамайды десе де болады.
Колибактериоз жас бұзаулар арасында сиырды қорада күтіп-баққан кезде, әсіресе қыстың басында және көктем кезінде жиі кездеседі. Республикамыздың оңтүстік аймақтарының шаруашылықтарында бұл ауру жылдың қай мезгілі болса да кездесе береді.
Фермада немесе мал қорасында тазалық ережесі сақталмаса да, буаз малды дер кезінде суалтпаса да, мал лас орындарда төселтсе де, төлге лас сүт ішкізсе де ауру шығады.
Айталық буаз малды дұрыс күтіп-бақпаған жағдайда одан әлжуаз төл туады. Ол дүниеге келген соң сыртқы ортаның кері әсерлеріне төтеп бере алмай, ауруға тез шалдығады. Сондай-ақ буаз кезінде нашар жем-шөппен азықтандырылған ұрғашы мал уызында, сүтінде иммуноглобулин (аурудан қорғағыш зат) мөлшері аз болады да, төлдің жұқпалы ауруға биологиялық қарсы тұру қабілеті болмайды. Ондай төл ауруға тез шалдығады. Жаңа туған бұзауға уызды 30-45 минуттан кеш ішкізсе, онда оның ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
2.4. Дерттену (патогенезі)
Алиментарлық жолмен денеге енген эшерихиялар адгезиялық қасиеті арқасында ішектің эпителийіне жабысады. Бұл қасиеті негізінен фибрилалар деп аталатын жгутиктен де жіңішке құрылымдар арқылы іске асады. Бұл құрылымдардың қызметі әр алуан. Пили деп аталатын қысқа фибрилалар микробтардың конъюгациясын іске асырады. Конъюгация кезінде генетикалық материал - ДНК тізбегі (конъюгациялық плазмид) F+ аталық микробтан F- аналық микробқа өтеді. Сонымен қатар пили фаг үшін рецептор болады және бактерияның адгезиялық қасиетін іске асырады. Микробтың адгезиялығы арнаулы фибрилаларда орналасқан адгезиялық антигендер арқылы қамтамасыз етіледі. Адгезиялық антигеннің көмегіменэшерихиялар ішек эпителиіне жабысып, орын тебеді. Бұл құбылыстың дерттену процесіндегі маңызы өте зор.
Ішекке жабысқан эшерихиялар тез өсіп-өніп, әр түрлі улы заттар бөліп шығарады. Бұл заттар (экзотоксиндер) ішекті тітіркендіріп, оның сіңіру қасиетін тежеп, секрет бөлуін күшейтеді. Ішектің ішіндегі сұйық көбейіп, оның осмостық қысымы төмендейді. Осының нәтижесінде электролиттер кілегейлі қабықтардан ішек құһуысына өтеді. Одан рецепторлар тітіркеніп, ішектің моторикасын күшейтеді. Сұйық зат ішек бойымен тоқтаусыз жылжып, толассыз іш өтеді. Бұның нәтижесінде төл организміндегі су мен минералды тұздар азаяды, сөйтіп денеде экикоз дамиды. Микробтар және олардың токсиндері қанға өтіп, организмде септицемия, токсикоз процестерін тудырады.
Бұзаудың сепсистік колибактериозын эшерихиялардың ерекше тобы (078, К80, 0115, т.б.) қоздырады. Олар адгезияға қабілетсіз, алайда организмде иммуноглобулиндео тапшы болғанда қанға өтіп тез көбейеді.
Энтериттік сипаттағы ауруды адгезивтік антигендері жоқ эшерихиялар (01, 09, 025) қоздырады. Олар аш ішектің кілегейлі қабығында көбейеді, қанға өтпейді, диарея шақыратын эндотоксиндер өндіреді. Ауру жеңіл өтеді.
Энтеротоксемиялық колибактериозды адгезиялық қасиеті бар эшерихиялар қоздырады. Организмге алиментарлы енген микробтар аш ішек эпителийіне жабысып, тез өсіп-өніп, әр түрлі улы заттар бөліп шығарады. Улы заттар әсерінен іш өтеді, организм уланады. Төл коллапстан өледі.
2.5. Аурудың өршуі және оның белгілері
Аурудың тез өршуі төл организміне енген қоздрғыштар мөлшеріне, оның әсер ету дәрежесіне, төл организмінің ауруға қарсы тұру қабілетіне өте байланысты болады. Әлсіз туған төл организмінде қоздырғыштар тез өсіп-өніп, улы зат шығарады. Ал микроб уы төл организміне тарап, оның түрлі қызметін бұзады, асқазан-ішектің азық қорытып сіңіруі бұзылады, төлдің іші өтіп, арықтайды.
Ішектің кілегейлі қабығының зақымдалуына байланысты қатерлі микроб және оның уы қанға сіңіп, бауырға, өкпеге, бүйрекке және басқа ішкі органдарға тез тарайды да, олардың ұлпаларын зақымдап, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Егер төлдің күтімі жақсартылмаса, сондай-ақ емдеу жұмысы дер кезінде жүргізілмесе анда ауру бұзау, құлын, қозы өлім-жітімге ұшырайды.
Төл организмінде аурудың тез өршуіне жартылай шартты патогенді микробтар әсер етуі мүмкін.
Аурудың жасырын кезеңі 3-4 сағаттан бір тәулікке дейін созылады.Бастапқы кезде төл денесінің қызуы 40-40,5 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алуы, қан тамырларының соғуы жиілейді. Сондай-ақ төлдің асқазан-ішек жүйесінің қызметі бұзылып, іші өтеді, нәжісі су сияқты сұйық, қышқыл иісті болады.
Аурудың септикалық, улы және ішек қабынуы түрінде өтуі мүмкін. Септикалық түрі өте жіті түрде өршиді, бұзаудың іші өтіп уланады, сөйтіп тез арада өліп қалуы мүмкін. Септикалық түрі өте жіті түрде өршиді, бұзаудың іші өтіп уланады, сөйтіп тез арада өліп қалуы ықтимал.
Аурудың улы түрінде төлдің іші судай өтіп, қатты уланады, мезгіл-мезгіл бұзау есінен танып, ем қолданбаса өліп қалады.
Аурудың ішек қабынуы түрінде төлдің іші бірнеше тәулік бойы өтеді, бірақ бұзау денесінің қызуы көтерілмейді, улану да байқалмайды. Індеттің соңғы түрі алғашқы екеуіне қарағанда жеңілдеу өтеді, төл өлім-жітімге аз ұшырайды. Бірақ аурудың бұл үш түрін бір-бірінен ажырату оңай емес. Ол үшін лабороториялық жағдайдаауру бұзаудың нәжісін, зәрін,қанын тексеріп, олардың қалыпты деңгейден өзгергенін анықтау қажет.
Аурудың бір түрі екінші түріне ауысып, қатар өтуі де мүмкін. Індеттің белгілері біліне бастаған кезде іші өткен төлдің жамбасы, құйрығы сұйық нәжіске былғанады. Ауру асқынған кезде төл орынан тұра алмай жатып қалады, әбден арықтап, өліп қалады.
Тәжірибелі бұзаушылар, мал дәрігерлік мамандары бұл ауруды клиникалық белгілеріне қарай, ақ тышқақ ауруы екенін бірден ажырата алады.
Колибактериоз ауруы сиырды қыста және ерте көктемде төлдеткенде жас бұзаулардың 2-7 күндің кезінде жиі байқалады.
Ауру бұзаудың іші өтеді, іші қабынады, емген сүті бойына сіңбей, организмнен су көп мөлшерде кетіп, жалры организм қатты уланады. Ауру бұзау тез әлсірейді, енесін емуге де шамасы келмей тез жатып қалады, дене температурасы 40-40,5 градусқа көтеріледі.
Егер дер кезінде тиісті шаралар жүргізілмесе төл жаппай шығынға ұшырайды.
Колибактериоз аса жіті, жіті және жітіден төмен өтеді.
Аса жіті өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады. Ауырған мал өте әлсіреп, дел-сал күйге түсіп, өлтиген белгілері білінеді. Ыстығы 41,5-42 градусқа жетіп, тамырының соғуы мен тынысы жиілеп, көзге көрінетін кілегей қабықтарын қан кернеп, кейде іші өтеді. Мал ес-түссіз халге түсіп, 1-2 күн ішінде өледі.
Жіті өтуі әдетте 3-7 күндік төлде байқалады. Мұндай жағдайда малдың іші толасссыз өтіп, организмнің сусыздану белгілері байқалады, денесі құрыстанып, дел-сал күйге түседі. Ауру 3-4 күн ішінде өліммен аяқталады.
Жітіден төмен өтуі 6-10 күндік бұзауларда жиі байқалады. Аурудың бұл түрі, әсіресе, індет тұрақты жайлаған фермаларда басым болады. Колибктериоз жітіден төмен өткенде оған басқа іш аурулары қабаттасып, аралас ішек инфекциясы түрінде өтеді. Аралас ішек инфекциясын энтеробактериялардың эшерихия, сальмонелла, цитробактер, протей, марганелла, клебсиелла туыстықтарына жататын микробтардың 2-3 түрі қабаттасып тудырады. Ауру асқынып, дерт процесі ішек-қарынмен қоса өкпеге, жүрекке, миға шабады. Бастапқыда колибактериоз ретінде басталған инфекцияның соңғы кезінде нозологиялық профилі басқа бағытқа өзгеруі де мүмкін.
2.6. Патологиялық анатомиялық өзгерістер
Колибактериоз ауруынан төл 2-12 күндік кезінде өледі. Сырттай қарағанда өлексенің арық екенін, бөксе жағы - құйрық, жамбас, сан жүндерінің нәжіспен ластанғанын көруге болады.
Өлексені сойып қарағанда оның ұлтабарынан іріген сүттің ұйыған түйіертпектері, қан араласқан сарысу шығады.
Оның ішкі кілегейлі қабығының ісінгені, кейбір жерлеріне қан ұйығаны байқалады. Сондай-ақ ащы ішектің ішкі кілегейлі қабығы ісіңкі болады. Ішінен қан, сұйық араласқан сұйық шығады. Шажырқай бездері ісініп, көлемі ұлғаяды. Оның да сырты қанталайды. Бауыр мен көкбауыр үлкейеді, олар топырақ түстеніп, әр жерінде қан құйылғанын байқау да қиын емес.
Өлген төлдің өлексесі өте арық, көздері шүңкірейіп, кілегейлі қабықтары бозарыңқы. Құрсақ қуысында сұйық экссудат іркіледі. Бұзау ұлтабарында ұйыған сүт пен уыз болады. Қарынның ішіндегі ақшыл-сұрғылт сұйықтың исі жағымсыз. Кілегейлі қабықтары домбығып, қалыңдаған, қанға кернеліп, қызарған, жалқаяқтанады, кей жерлері қанталайды. Аш ішек пен тоқ ішектің ішінде исі жағымсыз ақшыл-сұрғылт түсті сұйықтық болады, кейде қан араласады. Ішек көбінесе газға толып тұрады, кілегейлі қабықтарын қан кернеп, асты қанталайды. Шажырқай бездері ісініп, тіліп көргенде суланып тұрады. Бауыр едәуір ұлғайған, сарғыш тартады. Өт қабы кернеліп, өтке толып тұрады. Көкбауыр көбінесе ұлғаймайды, ұлпасы болбырап, қызыл-қоңыр түске енеді. Эпикардтың астында, эндокардта петехиялар және жолақты қанталаулар кездеседі. Мидың қан тамырлары білеуленіп, қанмен кернелген, мидың өзі домбығады. Кейде өкпенің домбығуы немесе катаральды қабынуы байқалады.
2.7. Гистологиялық өзгерістер
Аш ішектің бүрлері мен кіріңкілерінің жабынды эпителийі дистрофияға, өліге ұшырайды, орнынан сыдырылып түседі. Кілегейлі қабықтың барлық қабаттарында, көбінесе ет қабаты мен ылғалды қабықтарында да қан айналымы бұзылып, тамырларды қан кернейді, стаз, қанталаулар, инфарктілер, ұйыс және домбығу құбылыстары туындайды. Лейкоциттер реакциясы онша болмайды және нейтрофильдердің көпшілігі ыдырау күйінде болады. Шажырқай мен бауыр қасындағы лимфалық түйіндерде тамырлар қанмен кернеледі, стаздар, диапедездік қанталаулар пайда болады, синустар кеңейеді, оларда орнынан сыдырылып түскен торшалар, нейтрофильдер мен эритроциттер жиналады. Лимфалық түйіндер мен талақта лимфоциттер азаяды, фолликулдар кішірейеді.
2.8. Балау және ажыратып балау
Ауруды балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологиялық- анатомиялық өзгерістерді талдаумен қатар міндетті түрде бактериологиялық зерттеу жүргізу арқылы іске асырылады.
Бактериологиялық тексеру үшін жаңадан өлген малдың 2-3 өлексесін немесе арнайы сойылған төлді жібереді. Бұл жануралара анитбактериялық дәрілермен емделмеуі қажет. Өлексені тұтас апаруға жағдай болмаса басын, жілігін, жүрегін, көк бауырын, бауырдың кесіндісін өтімен қоса, қабынған ішектің маңындағы сөл түйіндерін, қабынған аш ішекті екі жағынан байлап (оны жеке ыдысқа немесе целлофан қапшыққа салу керек) зертханаға жібереді. Тірі малдан (емделмеген) тік ішектен катетермен сұйық нәжіс алынады.
Патматериалдан Эндо ортасына өсінді алып, эшерихияларға тән колонияларды К-88, 987-Р, А-20 антигендерді анықтау үшін ет пептон агарында немесе Хоттингер агарында өсіреді. К-99, Ғ-41 антигендерін анықтау үшін Минк ортасында өсіреді. Өскен колонияларды адгезиялық қан сарысуы арқылы шыныдағы агглютинация реакциясында тексереді. Адгезиялық антиген айқындалса колибактериозға диагноз қойылды деп есептеледі.
Колибактериоз ауруын анықтау үшін шаруашылықтың немесе ферманың эпизоотологиялық деректеріне, ұрғашы малды күтіп-бағу, оны төлдету, жас төлді күтіп-бағып, өсіру ерекшеліктерін ескеру керек. Сондай-ақ фермадағы ауруға шалдыққан төл саны, аурудан өлген төл өлексесіндегі патологиялық анатомиялық өзгерістер, жалпы малды күтіп-бағудағы тазалық сақтау дәрежесі ескеріледі.
Ауруды толық түрде анықтау үшін аудандық мал дәрігерлігі лабороториясына жылдың салқын мезгілінде тұтастай өлексе, ал жаз айларында кемік басты сүйек, ұлпалы органдардың кесінділері 30 проценттік глицерин ерітіндісіне салынып жіберіледі.
Мал дәрігерлігі лабороториясында тездетіп зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ауру қоздырғыштарының себептері анықталады да, оның қорытындысы шаруашылыққа жазбаша жіберіледі.
Шаруашылық немесе ферма бойынша төлдің колибактериозын анықтаған кезде басқа да жұқпалы аурулардан пастереллез, паратиф, листериоз, лептоспироз, диплококкты септицемиядан ажырата білу керек. Олар эпизоотологиялық белгілеріне, аурудың клиникалық белгілеріне, лабороториялық зерттеулердің нәтижесіне қарай ажыратылады.
2.9. Емі
Бұл аурумен ауырған малды жан-жақты емдеуге тура келеді. Емдеу жұмысы төл организмінің су және тұз алмасуын қалпына келтіруге, организмдегі микроб уытының күшін жоюға, асқазан-ішек жолында қоздырғыш микробтың өсіп-өнуін тежеуге, ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуін қалыптастыруға бағытталуы қажет. Егер ауру жеңіл түрде өткен жағдайда онда төлге 15-20 сағат бойы су ішкізбей, оның орнына 1%-тік ас тұзы ерітілген су берген жақсы. Егер ауру жіті түрде өтетін болса онда ауру бұзауға Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институты ұсынған гипертон деп аталатын, арнайы ерітінді қолдану қажет. Ол грамм есебімен төмендегіше құрамда дайындалады: таза ас тұзы - 50, күкірт қышқылды натрий - 4,5, фосфор қышқылды натрий - 6,0, бромды натрий - 2, гипосульфат натирй - 1, глюкоза - 100, ампуладағы аскорбин қышқылы - 200мг, тұздан тазартылған су 1 литр.
Ерітінді бұзаудың 1 кг тірілей салмағына 10 мл мөлшерінде тәулігіне 1рет ғана жіберіледі. Осы гипертон ерітіндіні басқа да анитбиотиктермен бірге пайдаланғанда ауру бұзау тез жазылады. Соңғы жылдары еліміздегі мал дәрігерлігі ғылыми жетістіктерінің нәтижесі бойынша ауру төлді емдеу үшін бірнеше әсері күшті антибиотиктер ұсынылды. Айталық, полимиксин-М ауру бұзаудың әрбір килограмына 30-40 мың ЕД, мономицин 20 мың ЕД, неоветин - 10-12мг, канамицин 15-20мг, ампицилин 50-100мг, левомицитин 20мг. Осы антибиотиктерді сүтке не болмаса қайнатылған тұзды суға жақсылап араластырып, тәулігіне 3 рет ішкізу керек.
Аурудың алдын алу үшін қандай да болмасын төлдің тіошілікке бейімді болуы ең алдымен оның енесінің күйіне және оның әр түрлі ауруларға төзімділігіне байланысты екенін білу керек.
Көпшілік жағдайда жаңа туған бұзаулар арасында колибактериоз бен диспепсия ауруы қосарланып жүреді. Сондықтан осы екі ауруды болдырмау үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілу керек:
Жыл бойы фермадағы сиырлар мен тұмса қашардар физиологиясына негізделген жем-шөппен азықтандырылып, дұрыс күтілуі тиіс;
Буаз сиырлар төлдеуіне 60 күн қалғанда суалтылып, олар жеке қорада күтіп-бағылуы тиіс.
Суалған сиырлар мен тұмса қашарларды қолда бағып-күткен кезде олардың
тәуліктік рационында 30-40 процент мөлшерінде сапалы шөп, сабан, 20-30 процент мөлшерінде пішендеме, 25-30 процент мөлшерінде жем және 5-10 процент мөлшерінде сулы азықтар , минералды заттар болуы тиіс.
Осы сиырлар тобынан 10-15 малдан қан алынып, оның сарысуындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz