Обаның вирусын эпизоотологиялық, профилактикалық, диагностикалық және емдеу жолдарын анықтау
I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... 2
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тарихи деректер ... ... ..3
2.2. Қоздырғышы мен төзімділігі ... ... ... ... ..3
2.3. Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ...4
2.4. Дерттелу, патогенез ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.5. Өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... .6
2.6. Патологиялық анатомиялық өзгерістері..8
2.7. Гистологиялық өзгерістер ... ... ..11
2.8. Балау және ажырату ... ... ... ... ..12
2.9. Емі, иммунитет ... ...14
2.10. Ветеринарлық.санитарлық сараптау Ережелері ... ... ... ... ... ... ...14
2.11. Өлексені сойып зерттеу әдістері ... ... .18
III. ӨЛЕКСЕНІ СОЙЫП ЗЕРТТЕУ ХАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .20
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ..29
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... 30

Иттің оба ауруы дүние жүзінде және Қазақстан Республикасы көлемінде күрделі, соңғы жылдары кинологтардың көңілін аударып жүрген, үлкен экономикалық шығынды мәселелердің бірі.Соңғы жылдары халық арасында ұсақ үй жануарларының көбеюімен қатар иесіз жануарлардың көбеюі жоғарғы деңгейде өсіп келеді. Осыған қоса иттердің де инфекциялық жұқпалы аурулары да кең өріс алуда.
Жер бетінде кең таралған, тұқым түрлері үй иттер, қаңғыбас иттер арасында жиі кездесетін ауру. Жыл басынан Қазақстан Республикасы аумағында иттердің 147 басы обамен шалдыққан. Алайда қазіргі ит питомниктерінде инфекциялық аурулар жиі кездесіп, зардабын жеке және заңды тұлғалар көруде.
Иттің аса көп таралған аса қауіпті вирустық ауруларының ішінде
1995-2000жж аралығында Алматы қаласында оба ошақтары жиі байқалған.
Прощенко Е В [63] зерттеулерінде етқоректілер обасының иттер арасында: Ауырған иттердің 39% пайызында етқоректілер обасының жүйкелік түрі, 22% терілік түрі кездеседі.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың және олардың таралуына жол берілмеуі тиіс. Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық ауруларда жүргізілетін шаралардың тиімділігі әрқашан жоғары дәрежеде атқарылуы тиіс.
Осы айтылған мәселелерге байланысты жұмыстың мақсаты:
ит питомнигінде қажетті арнайы би- және поливалентті вакциналардың тиімділігін салыстыру және вакцинирлеу;
ит питомниктерінде індеттанулық мониторинг жүргізу;
инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларының схемасын құру;
Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.

1. Бакулов, И.А. Эпизоотология с микробиологией /
2. Қасымов Е. Індеттану. Бірнеше түлікке ортақ жұқпалы ауруларды балау
3. Қасымов Е.И. Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринариялық-санитария негіздерімен. Оқу құралы.
4. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану Алматы 2009-518 бет
Астраханцев, В.И., Данилов, Е.П., Дубницкий, А.А. и др. Болезни
Белов, А.Д. Болезни собак / А.Д. Белов, Е.П. Данилов.
5. Скалинский, Е.И. Борьба с чумой плотоядных. / Е.И. Скалинский,
Слугин, B.C.
6. Чума плотоядных. Инфекционный гепатит плотоядных / B.C.Ткаченко, О.Н. Эпизоотология. Инфекционные болезни собак / О.Н. Ткаченко
7. Хожаева И.Г. Нозологическая структура инфекционных болезней собак г.Алматы. /
8. Букина Н.С., Чижов В.А. Патоморфологические изменения в организмах песцов
9. Бокарев, А.В. Лечение нервной формы чумы собак / А.В.
10. Детцель, Н.И. Распространение чумы собак в Ставропольском крае / Н.И.Детцель // Актуальные вопросы зоотехнической и ветеринарной науки и практики в АПК: материалы научно-практической конференции. Ставрополь. - СНИИЖК. - 2005. - С. 226-230.
11. Груздев, К.Н. Чума плотоядных / К.Н. Груздев, А.В. Селиванов // М.: Агропромиздат. 1985. - С. 62-71.
12. Жданов, В.М. Общая вирусология / В.М. Жданов, С.Я. Гайдамович // -Т.1. М.: Медицина. - 1982. - С. 43-46.
13. Масимов, Н.А. Лечение собак при чуме / Н.А. Масимов, Т.Н. Сабир-зянова // Ветеринария. 1991. - № 3. - С. 63-64.
14. 106. Матвеев, А.В. Болезни собак и кошек / А.В. Матвеев // Нижний Новгород. 1997. - С.44-49.
15. Дорофеев, В.И. Совершенствование мер профилактики и борьбы при чуме
16. Бұлашев Б.Қ. // Ақмола облысы бойынша жануарлардың жұқпалы ауруларынмониторинглеу және болжамдау
17. Михайлова, А.В. Выбор технологии лечения собак, больных чумой в зависимости от стадии и формы болезни / А.В. Михайлова, В.В. Петров // Практик. 2002. - № 11. - С. 114-119.

Жоспар
I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тарихи деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2.2. Қоздырғышы мен төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.3. Індеттік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.4. Дерттелу, патогенез ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.5. Өтуі мен симптомдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.6. Патологиялық анатомиялық өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.7. Гистологиялық өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.8. Балау және ажырату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.9. Емі, иммунитет ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.10. Ветеринарлық-санитарлық сараптау Ережелері ... ... ... ... ... ... ...14
2.11. Өлексені сойып зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
III. ӨЛЕКСЕНІ СОЙЫП ЗЕРТТЕУ ХАТТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... .20
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
I. КІРІСПЕ
Иттің оба ауруы дүние жүзінде және Қазақстан Республикасы көлемінде күрделі, соңғы жылдары кинологтардың көңілін аударып жүрген, үлкен экономикалық шығынды мәселелердің бірі.Соңғы жылдары халық арасында ұсақ үй жануарларының көбеюімен қатар иесіз жануарлардың көбеюі жоғарғы деңгейде өсіп келеді. Осыған қоса иттердің де инфекциялық жұқпалы аурулары да кең өріс алуда.
Жер бетінде кең таралған, тұқым түрлері үй иттер, қаңғыбас иттер арасында жиі кездесетін ауру. Жыл басынан Қазақстан Республикасы аумағында иттердің 147 басы обамен шалдыққан. Алайда қазіргі ит питомниктерінде инфекциялық аурулар жиі кездесіп, зардабын жеке және заңды тұлғалар көруде.
Иттің аса көп таралған аса қауіпті вирустық ауруларының ішінде
1995-2000жж аралығында Алматы қаласында оба ошақтары жиі байқалған.
Прощенко Е В [63] зерттеулерінде етқоректілер обасының иттер арасында: Ауырған иттердің 39% пайызында етқоректілер обасының жүйкелік түрі, 22% терілік түрі кездеседі.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың және олардың таралуына жол берілмеуі тиіс. Ит питомниктерінде кездесетін инфекциялық ауруларда жүргізілетін шаралардың тиімділігі әрқашан жоғары дәрежеде атқарылуы тиіс.
Осы айтылған мәселелерге байланысты жұмыстың мақсаты:
# ит питомнигінде қажетті арнайы би- және поливалентті вакциналардың тиімділігін салыстыру және вакцинирлеу;
# ит питомниктерінде індеттанулық мониторинг жүргізу;
# инфекциялық ауруларға қарсы күрес шараларының схемасын құру;
Қазақстанда оба індеті бойынша жүргізілетін шараларды Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы атқарады. Республиканың 10 қаласында обаға қарсы күресу бекеттері мен олардың 13 ауданы бөлімшелері бар.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тарихи деректер
Етқоректілер обасы ежелден келе жатқан,кең тараған ауру. Етқоректілер обасы Аристотельдің уақытында да белгілі болған. Ең алғашқы етқоректілер обасы туралы алғашқы жазбалар 1735 жылы Перуда жазылған болатын. Европа елдеріне обаның келуі Азиядан немесе Перудан 200 жыл бұрын еніп, бүкіл мемлекеттерге тез таралған деген ой бар. Ресейде оба туралы алғашқы жазбалар Крымдық аурулар ошақтары шыққанда, 1762жылы жазылды. Оба оңтүстік арқылы Украинаға, орталық Ресей аудандарына, 1770 жылы Мәскеуге де жетті. Инфекцияны Англиядан, Франциядан, Германиядан аңшылық иттермен енгізілді. 1783 жылы етқоректілер обасы Сібірде анықталды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Колыма, Индигирка, Лена өзендерінің бойындағы жайылымдарындағы иттердің 50-80 % өлген.
Обаны ұзақ уақыт бойы құтырыққа балаған болатын, тек 1809 жылы Джененнер құтырықты дифференцирлеп, аурудың инфекциялық табиғаты жағынан қоздырғыш екенін белгіледі. 1905 жылы франция ғалымы Карре аурудың вирустық табиғатын анықтады:оның қоздырушысы - фильтрленетін вирус деп есептеді. 100 жыл бұрын қоздырғышты анықтағаннан соң көптеген елдерде обаның биологиялық активтілігін, эпизоотологиялығын, патогенезін, клиникалық белгілерін және аурудың басқа аспектілерін жан-жақты зерттей бастады. Зерттеуде негізгі назар диагностикаға және профилактикаға аударылды. Вирусологияның дамуы жаңа диагностикалық және спецификалық заттармен профилактика жүргізудің жаңа әдістерін ойлап табуға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде етқоректілер обасы бұрынғыдай үлкен қауіптілікті тудырмайды. Жеткен жетістіктерге қарамастан,оба штаммпының биологиялық қасиеттерін анықтау жолында көптеген ғылыми зерттеулер, диагностикалық және профилактикалық әдістерді жақсарту жолдарында жұмыстар жүргізілуде.
2.2. Қоздырушысы мен төзімділігі
Қоздырғышы - РНК-лі паремиксовирус, морбиллирирус тобы, был вирус адам қызымиасы және ірі қара малдар обасына ұқсас. Вирус құрамы РНҚ-дан және сыртқы қабықшадан тұрады. Вирионның өлшемі 115-160 нм арасында құбылып отырады.Танаудан аққан сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігн жояды. 56°С температурада 30 мин ішінде инактивтенеді, ал 20°С температурада 15 сағат бойы инфекциялық активтілігін сақтап тұрады. 4°С температуралы қанда инфекциялық активтілігін 14 тәулік сақтайды. Төменгі температура вирустың вируленттілігін сақтауға септігін тигізеді: - 40°С-та 3-4 жыл , - 20°С өлген жануарлар органдарында -6 жыл , ал қанда - 3 ай, ал лиофилденген күйінде кемінде 1 жыл сақталады. 60°С-та 30минутта, 100°С-та бірден жойылады. Барлық парамиксовирустар эфирмен және хлороформмен жойылады: толық инфекциондық қасиетінің жоғалуы 15 минут ішінде жүреді. 1% лизол, ультра күлгін сәуле 30 мин, 2% күйдіргіш натрий - 60 мин., күн сәулесі мен 0,1-0,5% формалин мен фенол ерітінділері бірер сағатта өлтіреді. Вирус формалинге, сілтілерге, қышқылдарға өте сезімтал болып келеді. Вирустың қолайлы сақталу ортасы рН 7.0-7.4 болып келеді.
Тауық эмбриондарының хорионаллантоисті (ХАҚ) қабатына, аллантоисты қабатқа және сары уызды қапшыққа енгізілген вирус өте жақсы өседі. Бұл вирустың титрін анықтауда тиімді әдіс. Әдісте 8-9 тәуліктік эмбриондар пайдаланады. Вирусты хорионаллантоисті (ХАҚ) қабатта титрлейді.
1-сурет. Оба вирусының құрылысы.
Оба вирусына көптеген культуралар сезімтал және әр түрлі культуралар клеткалары себуден кейін адаптацияланған болып келеді. 1959 жылы алғашқы рет ит обасының вирусы трипсинизирленген кесектерді өкпеден және бүйректерден культивирлеу арқылы бөлініп алынды.Келесі жылдары ит бүйректерінен, ІҚМ, қой, маймыл, тауық эмбриондардың фибробласттарында біріншілк культивирленген вирустар алынды. Hela және Vero клеткаларының линиясы да вирусқа сезімтал болып келеді.Вирусты өндіруде және санын сақтап тұруда ит күшіктері пайдаланады. Тхорзофреткалар ерекше сезімтал болып келеді. Вирусты бөліп алу кезінде талақ, бауыр, бүйрек материалдары қолданады.
Барлық белгілі вирустың штаммдары ерекше патогенділікке және әр түрлі бағыттылыққа (тропизм) ие.
2.3. Індеттік ерекшеліктері
Қазіргі кезде оба әр түрлі елдерде тіркелуде. 1960 жылға дейін летальды нәтижемен етқоректілер обасывирустық аурулар ішінде алғашқы орындарды алған болатын. Аттенуирленген вакциналардың табылу мен кең қолдануы аурудың таралуын біршама төмендетті.Бірақ әр түрлі елдерде, соның ішінде Ресейде анасы вакцинирленбеген күшіктерінің обамен тіркелу жағдайлары кездесуде.
Ет қоректілер обасымен иттер және жыртқыш аңдар туыстығының көптеген өкілдері: үй иті, қасқыр, қорқау қасқыр, шакал, жанат, қарсақ, күзен, сасық күзен, сусар, ақ тышқан, кәмшат, борсық ауырады. Мысық тұқымдастарынан: гепард, пантера, сілеусін, арыстан , леопард, барысжәне т.б. Ескекаяқтылар туыстығының да (итбалық) обаға сезімталдығы анықталған.
Обамен жыртқыш аңдар мен иттер жасына, тұқымына қарамай ауырады,әйтсе де жас кезінде сезімталдығы жоғары болады. Әсіресе иттің күшігі 12 айға дейін, терісі бағалы аңдар 5 айға толғанша жиі ауырады. Ересек аңдар мен иттер 3-4 есе сирек шалдығады. Анасынан антиген алмаған күшіктер жиі шалдыққыш болып келеді. Ал анасынан алған антиденелер күшік организмінде туылғаннан соң 3-6 апта сақталады.
Ауру қоздырушысының басталуы - ауырған және аурып жазылған , субклиникалық формадағы жануарлар. Қоздырушы көзден, мұрыннан аққан сорамен, тыныс шығарғанда ауамен, нәжіспен, несеппен және тері безеулерімен бөлінеді. Респираторлық және алиментарлық жолмен жұғады. Ауадағы тамшы түрімен вирустың жұғуы басым келеді. Инфекцияны күтуші адамдар әкелуі мүмкін, қоздырғыштың таралуына құстар мен кеміргіштер ықпал жасайды.Ауамен ауырған жануардан 12м дейін қашықтыққа беріледі. Ластанған құрал-саймандар, жұмыс киімі, жануарлар азығы жұғу (2-3 ай) факторлары қызметін атқарады. Сонымен қатар, жәндіктер, құстар, кемірушілер де ауру таратуға қатысады, олар механикалық тасымалдаушы ғана болып қана қоймай, жасырын вирус алып жүруші болуы мүмкін.
Бұл ауру жоғары контагиозды , ал индексі бойынша өте жоғары. Әр түрлі етқоректілерде экспериментальды жұғу нәтижелері 70-пен 100% арасында ауытқып отырады. Обаның ошақтары негізінен белгілі аумақпен ғана шектеледі(тәлімбақ, шаруашылық). Кез-келген жыл мезгілінде пайда болуы мүмкін, көбінесе күз-қыс мезгілінде.
2.4. Дерттелу, патогенез
Ит обасының вирусы пантроптік өйткені дамуы көп ұлпаларды және қабылдарғыш жануарлардың органдарында өтеді: бұл лимфоидтыұлпалар, тері, кілегейлі қабықта, өкпеде, бездерде, мида. Симтоматикасы және патологиясы обаның әр түрлі.
Денеге енген вирус тез арада қанға өтіп, мононуклеарлы лейкоциттер арқылы лимфоидты ағзаларға жетеді. Алғашқы 5-6 күн ішінде лимфоидты жүйеде көбейген вирус кейіннен макрофагтар арқылы бүкіл денеге жайылады. Вирустың әсерінен ең алдымен иммунитет жүйесі зақымданады да, организмнің қорғаныс қабілеті тежеледі. Көп ұзамай аурудың клиникалық белгілері өрбиді. Вирустық инфекцияға қосалқы бактериялық инфекциялар (сальмонеллалар, эшерихиялар, пастереллалар, коктар) қабаттасып, ауру асқынады.
2.5. Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі итте 2-3 апта, терісі бағалы аңдарда 10 күннен 30 күнге дейін , кейде 3 айға созылады.Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы және үзікті өтеді.
Жіті өткенде әдетте дене қызуы 41-42°С-қа жетіп, тәбеті болмай, есеңгіреп, мүлгіп, 2-3 күн өткенде өліп қалады. Аурудың жіті өтуі сирек байқалады.
Оба жітіден төмен өткенде өкпедегі, ішектегі, жүйкелік, терідегі, аралас түрде байқалады. Алғашында дененің қызуы көтеріліп, 1-2 күн, кейде 1-2 апта сақталады. Кейіннен қызуы қайтып, аздап қайталап тұрады. 1-1,5 айлық күшіктің қызуы аздап қана көтеріледі немесе мүлде болмайды. Дененің қызынуымен бірге жануар күйзеліп, дел-сал болып, дірілдеп, жасқаншақтанып, қаңсары құрғап, тәбеті жоғалады. 2-3 күн өткен соң таңаудан серозды-кілегейлі, кейіннен іріңді сора ағып, құрғағанда мұрыны бітеліп қалады. Ит жөтеліп, түшкіріп, пысқырынып, аяғы мен тұмсығын үйкейді. Тынысы пысылдап, жиілейді. Обаның өкпедегі түрінде аускультация кезінде өкпесінде сырыл естіледі, перкуссия кезінде дыбыс әлсіреп шығады. Тамыры лыпылдап, жиі соғады. Көзінен бастапқыда серозды, кілегейлі, кейіннен іріңді сора ағады, кепкен кезде көз қабақтары бір-біріне жабысып қалады. Коньюктивасы қызарып, домбығып, ит жарыққа қарай алмайды. Кейде кератит байқалады. Тыныс жолдарының катары және коньюктивитпен қоса ішек-қарынның жіті катарлы қабынуы жиі болады (обаның ішектегі түрі).Мұндай жағдайда иттің іші қатып , жиі-жиі құсады, іші қан аралас өтеді. Ауырған иттен аса жағымсыз иіс шығады.
Аурудың терідегі түрі кезінде санының ішкі жағында, құлағының ішінде, қарын тұсында, ауызының айналасында иттің терісі қолдырап, бөрітеді. Кейіннен қолдырауықтар жарылып, бөлінділері кепкен кезде қабыршақтар пайда болады.
Жүйкелік түрі кезінде иттің күйзелісі қозынумен алмасып, денесі құрыстанып, бұлшық еттері дірілдейді. Жүргенде денесін дұрыс меңгере алмайды. Оқтын-оқтын сереңдеп,соңынан дел сал болып қалады. Сирақтары, бет жүйкесі, қуығы мен артқы тесігінің сфинктерлері саналады.
2-сурет. Обаның терілік және жүйкелік түрімен ауырған иттер
Оба созылмалы өткенде көбінесе жүйкелік түрінде байқалады. Ауырған иттің бұлшық еттері құрыстанып, салдану байқалады, көру есту, иіс сезу қабілетінен айырылады. Көздің қасаң қабығында бұдыршақтар пайда болып, қарашығы жабылып, көз алмасы солады. Қосалқы инфекциямен асқынғанда аурудың клиникасы аса күрделі сипат алады.Егер ауру асқынбаса 1-4 аптадан кейін иттің жазылуы мүмкін. Өлім көрсеткіші 50% шамасында, жүйке жүйесі зақымдалғанда 85%-ке жетеді, не одан жоғары болады.
Үзікті түрі кезінде ит 1-2 күн мазасызданып жүреді де, жазылып кетеді.
Обаға тән к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р д і ң бірі - безгектену. Бұл кезеңде ауырған терісі бағалы аң мен иттің, әсіресе олардың күшіктерінің күйінің нашарлауы, бүрісіп тоңуы, тәбетінің төмендеуі байқалады. Бұдан кейін серрозды коньюнктивит байқалып, іріңді түріне айналады. Жүйке жүйесінің зақымдануынан кейбір жағдайда тік ішектің сыртқа шығуы, іш өту, нәжісте қанның пайда болуы, оның жағымсыз иіс беруі анықталады. Әсіресе күшіктер бірден жүдеп, арықтап, өте көп терлеу нәтижесінде олардың денелерінен жағымсыз иістер шығады. Негізінен ет қоректілердің обасында тыныс алу жолдары мен орталық жүйке жүйесі жарақаттанады. Соңғысында жоғарыда айтылғандай тік ішектің сыртқа айналуымен қатар салдану процестері, сілекей ағу анықталады.
Обаның клиникалық белгілерінің әр түрлі аңдарда біраз айырмашылықтары болады. Түлкі мен қарсақта аурудың терідегі түрі байқалмайды, ал жүйкелік түрі індеттің ақырғы кезеңінде басым болады. Қарсақта түлкіге қарағанда катарлы құбылыстар әлсіз білінеді. Күзеңде терідегі түрі жиі байқалып, сирақтары, қабақтары, тұмсығы, еріні домбығады. Домбыққан телімдер көп ұзамай қолдырап, суланып, кейіннен қабыршықтаанады. Процесс ұзаққа созылғанда дерматит мойыны мен арқасына жайылады ауру негізінен созылмалы өтеді.
2.6. Патологоанатомиялық өзгерістер
3-сурет.Эндокард асты қанталаулар.
Аурудың қарапайым өту кезінде патологоанатомиялық өзгерістері жақсы білінеді.Ерекше айқын симптомдары: қан талаулар мен қан ұюлар. Жүйелік геморрагиялық диатездердің пайда болуы негізінен ұлпалардың зақымдануы және қан тамырлардың өткізгіштігінің жоғарылауынан болады. Сипаты бойынша: нүктелік қанталаулар және кілегейлі қабықтың қанталаулары, паренхималық мүшелердегі қанталаулар, серозды қабық астындағы қан талаулар. Қан тамырдағы өзгерістер, мүшелердегі қанталаулар вирустың вируленттілігіне, организмнің резисттенттілігіне және т.б. анықталмаған факторларға байланысты.
4-сурет.Өкпедегі қанды ұйынды гиперемия.
Қан тамырдағы өзгерістер органдардағы патологиялық процесстердің туындауына сәйкес: ішектердегі, лимфалық түйіндердегі геморрагиялық құбылыстар, талақтың инфаркты, көптеген қан құюлар. Егер инфекция созылмалы түрге өтетін болса, паренхиматозды органдарда және қарын-ішекті жолында да айтарлықтай өзгерістер байқалады. Обаны бір жағынан қарағанда ауырған жануарлар организміне обаның вирусы және секундтық микроорганизм нәтижесінде көрсетіледі. Секундты микроорганизмдер оба ауруында иммунды жүйені, бірінші вирустың әсері лимфоидты ұлпаны бұзуында үлкен рөль атқарады. Екінші микроорганизм ас қорыту жүйесінде тән емес. Тыныс жолындағы асқыну бактерия Bordetella bronchiseptica туындан, іріңді бронхопневмония түрінде өтеді. Обамен ауырған иттерде токсоплазмоз туындан, бір қалыпта жағдайда клиникалық көрінісі сирек кездеседі.
Ішектегі айқын белгілер: геморрагиялық қабыну,кілегей қабықтардағы қанталаулар, ішектер ісінген.Қарында ісіктер және кілегей қабықтардың нүктелік және дақтық қанталаулары көрінеді. Қарын ішіндегі шырышты зат қоюланған, созылмалы, түсі сұр-сарыдан қызыл қоңырға, қараға дейін.
Аш ішек пен тоқ ішектердің кілегейлі және серозды қабықтарының астында қанқұюлар болады. Қан құюлар білінбейтін нүктеліктен көлемді ішектер жарықтарының толуына дейін болуы мүмкін. Ішектердегі қабыну түрлері әр түрлі, көбінесе геморрагиялық.
Ішектік геморрагиялық қабыну фибринозды комбинациямен бірге жүреді, қабынған кілегейлі қабықтар мен зақымданған ішек қабырғаларына фибриндер көп жиналып, геморрагиялық эксудатпен араласып асқынады. Процесстің дамуымен фибринозды қабат тығыздалып, қалыңдайды да, бірнеше миллиметрге дейін жетеді. Фибринозды қабат кейде кілегейлі қабықтан бөлінеді де, ойықтар фибринмен толтырылады, кейде бұл жарықтардың көлемі бірнеше миллиметрден метрге дейін жетеді. Қабықтан бөлінген фибриндер нәжіс арқылы сыртқа шығуы мүмкін.Сойып жарғанда бөлініп түскен фибриндер кілегейлі қабаты гиперемияланған, қанталаған және ісінген. Кейде ішектік жолдардың кейбір учаскелерінде эрозиялар және жаралар болуы мүмкін.
Шажырқай тамырлары қанға толған, шажырқай бездері мен қарын асты бездері сәл ісінген, қызғылт немесе сұр түсті.
5-сурет.Бауырдың ісінуі
және гиперемиясы.
Бауыр паренхимасының дистрофиялық, атрофиялық және некробиотикалық өзгерістері және қан айналымның тез бұзылуы обаға тән сипаттамалар.
Бауырдың зақымдалу сипаты диффузды немесе ошақты болып келеді. Диффузды зақымдану кезінде бауыр көлемі ұлғайған, босаңсыған, паренхима қанға толы, сары немесе сұр-балшықты түсті. Егер ауру жіті түрде өтсе органның түсі сұр-балшықты түстен күрең қызыл түске ауысады.
Ошақты зақымдану кезінде бауыр мозайка түрлі және аз ғана ұлғайған. Бауырдың табиғи түсі патологиялық түрде өзгерген: ашық-сары, қызғылт- сұрлы және тұнық-қызыл. Сақталған участкелерде сүйелді өсіндіайқын білінген. Ал зақымдалған участкелер басқа участкелерге қарағанда дөмпиген және консистенциясы тығыз. Кесілген жер мозайкалы және ұсақ ойылған.
6-сурет. Аш ішектің кілегейлі қабығының көлемді геморрагиясы.
Бауыр үнемі қанға толған , көлемі ұлғайған, босаңсыған, түсі қанық қызыл, тіпті қара-қоңырдан сұр-балшықты түске дейін.
Өт қабы ұлғайған, қою және созылмалы, түсі қара өтпен толған. Кесіп қарағанда ұлпалар тегіс, некроз ошақтары мен майлы дегенерация байқалады.
Бүйректің зақымдалуы дегенеративті- қабыну процесстері мен қан құюлармен сипатталады. Негізінен бүйректер бозғылттау, анемиялы, капсула астында көптеген нүктелік қанталаулар ,тағы да ақ және қызыл инфаркттар байқалады. Кесіп қарағанда бүйрек тканьдері тегіс, қан ұйындылары бар, милы және қыртысты бөліктері 1:1 арақатынаста.
Қуық және зәр түтіктері қан ұюлармен және геморрагиялы қабынған. Аса жіті түрінде қуық бос немесе аз мөлшерде зәр және қан ұйындылары болады, ал созылмалы түрде қуық параличке немесе парезге ұшырайды да зәр жиналуынан жарылып ит инфекцияға ұшырап, өледі.
Талақ ұлғаймаған, дақты қан ұюмен тұнған немесе ақ некротикалық ошақтармен көрінеді. Обаға геморрагиялық және ишемиялық инфаркттарталақтың бетінде көрінеді. Кесіп қарағанда тұнық-қызыл түсті.
Лимфа түйіндері ұлғайған, гиперемияланған, кескенде босаңсыған, мраморлы:түсі қызыл , фолликулдері мен қалған бөліктері сұр түсті.
7-сурет. Тоқ ішектің кілегей қабық астындағы қанталаулар.
Жоғарғы тыныс органдарының, жұтқыншақтың, өңештің кілегейлі қабаттары - гиперемияланған. Өкпе негізінен қанға толған, қызыл немесе сұр гепатизациямен қабынған және өкпе ателектазымен сипатталған. Плевра қалыңдаған, дақты, жолақты, нүктелік қанталаулармен қапталған. Кейде көкірек қуысында серозды- қанды экссудат байқалады.
8-сурет. Тоқ ішектің кілегей қабық астындағы көлемді қанталаулар.
Жүрек үлкейген және көлемі жағынан ұлғайған. Перикард қуысында - серозный ірің , фибринмен аралас,көлемі әр түрлі.Жүрек еті бозғылт түсті, қайнаған еттің түсіндей, босаңсыған, кескенде тегіс, оң және сол өкпелердің арақатынасы 1:5-7, бұлшық еттері атрофияланған. Эндокардтың ішкі кілегей қабатының қабынуы обаға тән. Эндокарттың қабынуында тромбтық массалар шөгеді. Көбінесе жүрек клапандары қабынады, олар қысқарған, қалыңдаған, деформацияланған.
Бүйрек үсті бездерінің көлемі өзгермеген немесе азғана ұлғайған, тығыздау, бозғылттанған, анемияланған, кесіп қарағанда консистенциясы бір келкі, күңгірт- қызыл түсті.
Орталық жүйке жүйесінің патологиялық өзгерісі мидың ісінуі, гиперремиялануы және қан құюлармен, ми қабатының тамырлары ұлғайған субдуральды сұйықтықтың болуы обаға тән.
2.7. Гистологиялық өзгерістер
Күзендерде негізінен бронхит және перибронхит, катаральды бронхопневмония және гастроэнтерит, талақ лимфофолликулдерінің гиперплазиясын табады. Түлкілерде - аса жіті катаральды гастроэнтерит, аса жіті паренхиматозды нефрит және гломерулит, серозды-геморрагиялық цистит, лимфоденит және спленитлимфофолликулдер редукциирленген, тағы катаральды пневмония табады. Ақ түлкілерде-бауырда ошақты некроз, ішектік жаралар табылады. Иттерде- ішектежіті серозды-десквамативті, катаральды қабыну , энцефаломиелит көптеген нерв шоғырлары мен нейрондар зақымдалған,
Өлген және ауырған жануарлардың қуық эпителиінде,бронхтарда, өт жолдарында, лимфа шумақтардың ретикулярлы клеткаларында вирус денешіктерін табады - олар цитоплазмада домалақ және сопақ формада болады.Көп көлемде түлкілерде, ақ түлкілерде, ал аз көлемде күзендерде болады.
9- сурет. Бауыр дистрофиясы
10- сурет. Өкпе ісігі
(Гистокесінді Гематоксилин - Эозин бояуы)
2.8. Балау және ажырату
Аурудың нақтылы балауын қоюда вирусологиялық және серологиялық реакцияларды қолдану маңызды. Вирусологиялық зерттеулер өте күрделі, сондықтан қажет болған жағдайда серологиялық әдістерді (ИФР, ГАР, КБР, ДПР, ИФТ түрлі қойылымдарында) қолданылады. Бұлардың ішінде ИФР патологиялық материалдан вирус антигенін анықтауға практикада кең 192 қолданылады.
Патологиялық материал ретінде иттің коньюнктивасынан тампон арқылы алынған сүртіндіден әйнекке жағынды жасалып, люминис- центті микроскоп арқылы арнайы диагностикум қолданып, вирус антигені анықталады. Осы мақсатта патологиялық материал ретінде танау қуысынан алынған сүртінділер, өлексенің ішкі ағзаларынан (мидан, өкпеден, қуықтан, асқазаннан) алынған кесінділер де қолданылады. КБР, ДПР, ГАР, ИФТ әдістері ретроспективті балау қоюда маңызды. Бұл әдістермен қан сарысуларында антидененің анықталуы ет қоректілердің обамен ауырып-жазылғаны туралы деректер береді.
Ажыратып балау. Иттің обасын: инфекциялық гепатиттен, құтырық- тан, Ауески ауруынан, құндыздың вирусты энтеритінен, паратифтен, пасте- реллезден, В авитаминоздан, парвовирусты энтериттен, алеут ауруынан және уланудан ажырату қажет.
И н ф е к ц и я л ы қ г е п а т и т т е (инфекциялық энцефаломиелит) орталық жүйке жүйесімен зақымдалуымен қатар бауыр үлкейіп, кілегей қабықтарының сарғаюы болады. Сонымен қатар бұл ауруға тән денешіктер анықталады. Биологиялық сынаманы обаға бейім емес теңіз тышқанына қоюға болады.
Қ ұ т ы р ы қ т а обадағыдай ринит, коньюнктивит болмайды. Сонымен қатар құтырыққа тән белгі - ет қоректілердің құтырып ауруы, олардың асқазанында түрлі азық ретінде жарамайтын заттардың анықталуы, мидың Аммонов мүйіздерінде Бабеш-Негри денешіктерінің болуы.
А у е с к и а у р у ы ет қоректілерде қышынумен, уақытша салдану- мен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл ауруға ақ тышқан, қоян және теңіз тышқаны бейімді, ал бұл жануарлар ет қоректілер обасына бейімсіз.
К ү з е н н і ң в и р у с т ы қ э н т е р и т і н д е негізінен аш ішек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz