Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Түйін
Аннотация
Мазмұны
Кіріспе
Адам өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі, ең бастысы мен ауыр болып келетіні - ересектік кезеңі. Бұл уақытта адам 13-17 жаста аралығында болады, бала емес, бірақ әлі ересек адам болмайды. Бұл жас “қоғамдық импритинг” кезеңі - барлық нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қылмысы деген термин, жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасауы дегенді білдіреді. Бұл терминді, ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру, олармен салыстыру үшін енгізілген.
Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуі, оның ішінде ауыр қылмыс жасаушылар санының өсіп отырғандығы белгілі. Бұл құбылыстар қоғамдағы өмір жағдайын жалпы түрде айқындап, жасөспірімді оқытуда, тєрбиелеуде, олардың арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу, сақтандыру жұмыстарында өзіндік өзгешеліктер саны аймағына қарай болатынын көрсетеді.
Жасөспірім тәртібінің ауытқуына тіпті қылмыстық жағымпаз әрекеттеріне де, сол сияқты жағымды әрекеттеріне де қоршаған орта арқылы немесе жағдай жасаушы қоғамдағы экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлар себепті.
Жасөпірімге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан қашу, бармаудан бастап - адам өліміне дейінгі қылмыстар.
Жастарды тәрбиелеу деген сөз кең мағынада, тәртіп бұзушылықтан сақтанудағы тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін сан түрлі шаралардың жиынтығы. Жасөспірімдердің тәртіп бұзушылығы фактілерінің себептері мен басқа да жағдайларды қарағанда әртүрлі әлеуметтік топтағы, әр түрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне топтағы, әртүрлі деңгейдегі балалардың шағын орталарының бір-біріне жағымсыз ықпал әсерлеріне детальді түрде талдау жасауды талап етеді. Жасөспірімнің бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда алдыңғы орында жанұя тұрады.
Жасөспірімнің тұлға ретінде дамуына, қоғамда жүруіне - жанұядағы психологиялық жағдай және атмосфераның әсері үлкен. Ажырасқан отбасылардағы жанұя мүшелерінің бір-бірімен аддекватты емес қарым-қатынаста болуы жасөспірімді қылмыс жолына итермелейді.
Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің бірі - ажырасқан отбасылардың көптеп кездесуі. Яғни, осындай жанұядан шыққан жасөспірімдердің қылмысы. Бірақ айырылыспай әрқашан ұрсыс-керісте болатын жанұя жасөспірімдеріде қылмыс жасауға жақын болып келеді. Сондықтан, басты болып, жанұядағы атмосфера болып табылады. Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады. Көп жағдайда екі түрлі жынысты жасөспірімдер анасына жақын болып келеді. Бірақ, әкесі жағынан жақындықтын аз болуынан қылмыстық іс-әрекетке барады, әсіресе ұл балалар. Бұл мәселеге байланысты жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сексуалды қылмыс жасаған жасөспірімдердің отбасы тату емес, аралары ыстық болмағанын көрсеткен.
Сонымен қатар ата-анасының тәрбиелеу моделі де өз ықпалын тигізеді. Мысалы, әке-шешесі бір-бірімен ұрсысып, қарсыласып жүрген отбасынан екі жасөспірім қыз балалар өздерінің агрессивтілігмен және салмақсыздығымен өз құрдастарынан ерекшеленген. Қыздар өз ата-анасының іс-әрекетін қайталаған.
1995 жылғы 30-тамызда референдум жолыменқ қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және адам тіршілігіндегі орын алатын негізгі қағидаларды бекітіп берді. Оның 1-бабында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды” делінген. . Осы негізгі қағидаларды іске асыра бастау арқасында біз Біріккен Ұлттар ұйымының толық мүшесі болып, басқа да ертеден белгілі өркениетті халықтар қатарындағы терезесі тең ел есебінде танылдық.
Шындыққа көз жұмбай тікесін айтатын болсақ, республикамызда қауіпті мөлшерде өсіп келе жатқан қылмыстың ауқымы, сонымен қатар қылмысқа қарсы күрес жүргізу тиімділігінің төмен түсуі қоғамда мемлекеттік биліктің азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың конституциялық құқықтарын қорғау қабілетіне күмән туғыза бастады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес, ауыр қылмыс, орташа қылмыс, кәмелет жасқа толмағандардың арасында көбейіп отыр.
Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстың ең бір қауіпті де айқын ерекшілігі оның ұйымдасқан немесе топтасқан жағдайларда жасалынуында. Тағы бір басқа назар аударар жай - әсіресе соңғы кезенде етек ала бастаған ересек қылмыскерлердің ықпалымен қылмыс жасап ұсталатын жасы кємелетке толмағандар жиі кездеседі.
Біздің қоғамымыздың соңғы кездерде кезіккен проблемаларының бірі жастардың құқықтық санасы дәрежесінің төмендегі болып отыр. Осыған қарағанда жастарға, бәрінен бұрын оқушыларға құқықтық білім берудің маңызы ерекше екендігі көрінеді. Осы орайда ел Президентінің «Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауындағы «Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз”, - деген сөзін басшылыққа алуымыз керек.
Болашақ жас ұрпаққа сапалы да саналы тәрбие беруде ұлттық дәстүрге баулу, олардың бойына ізгі сезімдер мен отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиетттерді дарыту қажет.
Мемлекет ұл-қыздарына қол ұшын бүгін берсе, ертең олар оны ұмытпай, болашақта мемлекеттің көркеюіне үлес қосуға тырысары сөзсіз.
Тақырыптың зерттелу жағдайы. Жұмыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс жасау себептері және оларға жаза тағайындау ерекшеліктеріне заң ғалымдарының көптеген еңбектеріне шолу жасалды. Заң ғалымдары осы тұрғыда біраз зерттеулер жасап, еңбектері жарыққа шықты. Алайда, қазіргі таңдағы кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына тосқауыл болатын ұсыныстарды заңдастыру қажет. Жұмыс барысында заң ғалымдарының еңбектері қолданылды.
Нормативтік негізі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Балалар құқықтарының Конвенциясы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Берілген ғылыми жобаның мақсаты - жасөспірімдердің құқықтық санасын анықтау үшін қылмыстық әрекеттің басты себептері, олардың заңмен қақтығысуына жол бермеуді, оны тұлға ретінде жағымды етіп қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді анықтауды ашып көрсетіп, зерттеу.
Аталған мақсатқа жету үшін зерттеу мақсаттарына мыналар кіреді:
- жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуының негізгі себептері, факторлары, қылмыстың алдын алу үшін атқарылатын шаралар, Қазақстан Республикасының жасөспірімдерге арналған Қылмыстық кодексiнің баптары бойынша жасалған құқықбұзушылық нақты зерттеу;
- жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, қылмыстың қоғам және мәдениет құрылымдарына, адам мінезінің қарым-қатынас ерекшелігіне, төменгі экономикалық-қоғамдық статусына, алкоголь және наркотикалық заттарға, құрдастарының әсеріне, отбасындағы психологиялық және атмосфералық жағдайға, жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерге байланыстылығын ашып көрсету;
- жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызын, отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар, жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас, әулеттегi жақсы дәстүрлердi келтіре отырып, бала қасиетiн аша бiлу, күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не, кім кінәлі? Бұл ғылыми еңбегімдегі жаңалық - жасөспірімдердің арасында қылмыстың көптеп таралуының негізгі себептері, факторларына үлкен мән бере отырып, қылмыстың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар ұсынылды.
Жобаның практикалық маңызы. Жобаны зерттеу нәтижесінде келтірілген ұсыныстар мен тұжырымдар құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру - мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатынын, ол міндетті іске асырудағы басты мақсат - жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеудің негізгі бағыттарын ден айқын көрсетіп, жоғары деңгейде дәлелдей білуге септігін тигізуі мүмкін.
Жобаның методологиясы. Ғылыми жобада социологиялық, салыстырмалы әдістер қолданылды.
Жобаның құрылымы мен көлемі. Жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиет пен нормативтік актілер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, жобаның міндеті мен мақсаттары, зерттеудің ғылыми жаңалығы көрсетілген.
- Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың таралуының негізгі себептері, факторлары.
Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылуы шарт. Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы бізде жастарымызды отаншылдық, заңдарды құрметтеу, қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алды. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын, ұрлық, зорлық, бұзақылық, т. б. қылмыстық әрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездеседі.
Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністердің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, өскелең жаңа буынды дұрыс тәрбиелеудің, екінші жағынан, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.
Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты. Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс-әрекеттерінің негізгі сәтін дөп басып, оның ішкі және сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нәрсе - мотивация болып табылады.
Мотивация проблемалары өте ерекше де күрделі құбылыс. Қылмыстық құқық теориясы және криминология ғылымы бұл құбылыс туралы психология ілімінің негізгі қағидаларына сүйенеді.
Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет, т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады.
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың /экономикалық, идеологиялық т. т. / тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуын салаларында көрсетеді.
Адам - іс-әрекеті күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені, мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс- әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан-алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.
Әрбір жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес. Олардың ең бастыларын психология мына түрге бөледі: қажеттілік /потребность/, түрткі /мотив/, бейімділік пен қызығу, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Адамды әрбір қимыл әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив /себеп/ деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық /тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б. / болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді /білім, көркемөнер т. б. / туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив - оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп, қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар /яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б. /, екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» - деп көрсеткен белгілі қазақ зиялысы Ж. Аймауытов .
Қылмыстың мотивация жүйесі адам әрекетінің терең тамырларына еніп, сол әрекеттің себептерін анықтауға, сонымен қатар, оған адамгершілік және құқықтық өлшемдермен ықпал етуге мүмкіндік береді .
Мотивацияны «іс-әрекеттерді қозғаушы күштердің жүйесі» ретінде ұғыну да осы анықтамаға мағынасы жағынан жақындайды.
Қылмыс - қылмыстық заңның бұзылуына сәйкес жауапкершілік шараларын алдын-ала қарастыратын, әртүрлі мотивтер негізінде туындайтын жеке адамның іс-әрекеті. Мотив ұғымы бұл жерде қылмыс құрамына енетін элемент ретінде өзінің заңды мағынасын білдіріп тұр. Заң нормаларында мотив барлық жағдайда көрсетіле бермейтіні мәлім. Қылмыстың қоғам үшін аса қауіптілігі көрініс бергенде, не болмаса жасалған әрекеттің мотивтік ерекшелігі белгілі бағытпен байланысты болған жағдайда ғана заң тікелей мотивке жүгінеді.
Заң шығарушы тарапынан мотивке барлық кезде мән берілмесе де, қылмыс құрамының белгілерін сипаттауда, әсіресе құрамның субъективтік жақтарын анықтауда мотивтің маңызы өте зор.
Негізінен әрбір қылмыс - адамның саналы қызметінің бір түрі, яғни әрекеттің мақсатын, құрамын, мотиві мен құндылығын жобалайтын ерікті акт. Бұл ретте ол қылмыс субъектісінің санасына, жеке адам психикасына маңызды мінездеме береді. Мұнда субъекті мен оның қызметі арасындағы өзара байланыстың бір түрі өзіндік орын алады.
Соңғы жылдары заңгер-криминалистер арасында қылмыстық әрекет мотивінің психикалық механизмін зерттеуге ерекше ынталылық байқалуда. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттің мотивациялық аясын әлеуметтік психология, криминология және қылмыстық құқық салаларының жетістіктерін кіріктіру арқылы ғылыми жұмыстар атқару қажеттілігі туындайды.
Мұндай жұмыстар қатарына әсіресе адамның қоғамға жат әрекетінің мотиві мен басқа әлеуметтік және психологиялық қасиеттерінің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мотив пен сезімді, жеке адам кінәсінің ерекшелігін, мотиві мен мақсатын сипаттауға арналған еңбектер жатады. Онда қылмыс жасаған кінәлінің жеке басының мотивациялық ерекшеліктері, бәсекелестік мотивтері және бағалау қарым-қатынасы, жеке адам мотиві мен бағыты, қоғамға қарсы бағдары анықталынған. Мотивациялық аяда қылмыстық әрекеттің қандай аспектісі қарастырылса да, барлық зерттеушілердің пікірінше, мотив қылмысқа итеретін қозғаушы күш және оның ішкі қайнар көзі ретінде танылады. Ал жасалған қылмыс фактісі қылмыс мотивінің объективті түрдегі көрінісі боп саналады. Сондықтан мотивациялық ая қылмыстық құқық нормалар дәрежесінің көрсеткіші, сонымен қатар мотив құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттің шынайы себептерін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды белгі болып табылады.
Қорыта айтқанда, мотивация ұғымы мотивтің өзіне қарағанда анағұрлым кең екендігі белгілі.
Мотивация мазмұны адам белсенділігінің алғашқы итергіш күші мен жеке адамның психологиялық жиынтығының нақты әрекеттерді орындауға дайындығын ғана емес, сонымен бірге қылмыстық әрекеттерді бағыттап, ретке келтіріп, қолдап немесе мінез-құлыққа ықпал ету арқылы олардың әдепкі бағытын өзгертіп отыратын факторлар.
Мотивация әртүрлі ниеттің, итергіш күштердің жиынтығын өзіне қамти отырып, адамның құрылымдық қалыптасуына негіз болады, нәтижесінде жеке адамның әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеті негізінде көрінеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарында қылмыс құрамына тікелей қатысты мотивациялық элементтер көрсетілген. Онда әсіресе бұзақылық мотиві, пайдакүнемдік, кек алу, қызығу мен құнығу т. б. көрсеткіштер аталған. Алдын ала айта кететін жағдай, жастарға тән әсіресе, қызығу, әуесқойлық, құрдастарының алдында мақтана масаттану, бұзақылық, кек алу т. б. мотивтері.
Осы арқылы мәселе тек мотив төңірегінде емес, сонымен қатар қылмыстық әрекетке себепші болатын бастапқы ниет, итергіш күштің мотивациялық элементтері жөнінде болуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz