Ісіктердің жіктелуі жөнінде



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ісіктердің жіктелуі
2. Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы
3. Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы
Қорытынды
Пйдаланылған әдебиеттер
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.
1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (155).
2. Орысша - қазақша малдәрігерлік сөздігі. Т.Сайдулдин. Алматы, 1993 жыл.(130).
3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (114).
4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(206).
5. К.И.Шакалов, Б.А.Баликиров, Б.С.Семенов, А.В.Лебедов, А.И.Федеров, В.А.Лукьяновский. "Хирургические болезни сельско - хозяйственных животных".(360).
6. И.Е.Повоженко, К.И.Шакалов, И.А.Калашник, Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (160).
7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (310).
8. В.Шакалов К.И, Башкиров Б.А, Поваженко И.С Частная ветеринарная хирургия. Ленинград 1986г (125).
9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (45б).
10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006. (78 б).
11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (95 б).
12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (65 б).
13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990. (42 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ісіктердің жіктелуі
2. Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы
3. Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы
Қорытынды
Пйдаланылған әдебиеттер

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.
Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зерттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады.
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.

1. Негізгі бөлім

1. Ісіктердің жіктелуі

Даму сипатымен клиникалық өтуіне байланысты қатерлі және қатерсіз деп екіге бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер - өте баяу дамиды, капсуламен қапталады, тоқыма мен ағзаларда өспей, тек оларды ығыстырады. Бұл ісіктер метастоз бермей және ыдырап кетпейді. Жануарлардың жалпы организмінде клиникалық өзгерістер байқалмайды. Ісікті алғаннан кейін толығымен жазылу байқалады.
Қатерсіз ісіктер тобына: дәнекер тоқымасының ісіктері -- фиброма, хондрома, остеала; бұлшық ет тоқымаларының - экстрлік.
Саркома - топ жағынан дәнекер тоқымалы ісікке жататын және қатерлі өтуі бар ісіктер тобына жатады. Саркоманың өсуі жылдам. Инфинтрацияланады, сонымен қатар көрші ұлпаларды зақымдайды. Саркома өзінің бастапқы кезінен бастап ол метастозға ішкі ағзаларды ұшыратып, операциядан кейінгі кезенде рецедив дамыту мүмкін. Саркома көп жағдайда ит пен жылқыда төлдеу кездерінде байқалады.
Ісікті емдеуінің жалпы негіздері
Ісіктің емі оперативті сәулелі және дәрілік затты болады.
Оперативтік тәсіл - ол негізгі тәсіл. Оның мақсаты ісікті оперативті жолмен алу. Қатерсіз ісікке тілікті көрші жатқан тоқымалардың шекарасында салады. Жаңа пайда болған ісіктердің ұшы жоқ скальпельмен, ісікті капсуланы зақымдап ашпай аралас тоқымалардан ажыратады. Ісік қоректендіретін қан тамырларын үзеді. Жараға тігіс салынады.
Қатерлі ісік кезінде жасалынатын операция жаңа пайда болған өсіндіні сау тоқымалардың аумағынан жергілікті лимфа түйінділерімен бірге алу. Операция жара кезінде алынып жатқан ісік, ісіктен көбею торшаларының түспеуін қадағалайды.
Сәулелі терапия - қолдану негізі рентген сәулелері, сонымен қатар радий немесе жасанды радиоактивті заттар - изотоптар. Сәулелі радиация ісік клеткаларының өміршеңдігін бұзып және организмнің жалпы әсерін оның реактивтілігін өзгертеді [1].
Химиотерапия - қатерлі ісіктің дәрі - дәрмектеп емдеу әдісі. Біздің елімізде синтезделінген препараттар эмбихин, новэмбихин, докан, омаин, сарколизин тағы басқа преператтар қолданылады.
Гармонотерапия - гармондармен емдеу. Организмге үлкен дозада гармон енгізу, онда гармональды өзгерістер туғызып, ісіктердің өсуін тежейді. Ветеринария саласында гармонотерапия етек алған жоқ.
Ісіктің аралас емі - ауру малға емдеудің бірнеше тәсілін қолданып емдеуін айтамыз. Көбінесе келесі аралас емінің мына түрлері қолданылады: хирургиялық және сәулелік, хирургия және химиотерапия, хирургия жене гормональды. Жоғарыда аталған әдісінде мына препараттар қолданылады: новокаиннің 0,25% немесе 0,5% ерітіндісін 1 мл дозада, келойдоз және фибром ем үшін, фибролизин немесе 15% тиозинолиннің ерітіндісі қолданылады.
Ісік кезіндегі болжам. Ол ісіктің түріне, орналасу орнына, көлеміне және таралуына байланысты. Қатерсіз ісік кезінде ісік оперативті жолмен жеңіл алынатын беткілік тоқымаларда және ағзаларда орналасады, сол себептен олардың болжамы оңды, ал қатерсіз ісікке болжам қауіпті болады, егер ісік аурудың бастапқы кезінде пайда болса. Ісіктің асқынған кезінде метастазда және ішкі органдарда пайда болуының болжамы өте қауіпті.

1. Ісіктің жедел түрлері

Фиброма - дәнекер тоқымаларының талшықтарынан құралған. Негізіне жұмсақ және қатты фиброма деп екіге бөлінеді. Жануарларда көп жағдайда қатты фиброма, қатты тығыз концистенциялы және ірі кедір - бұдырлы немесе тегіс беткейлі фиброма кездеседі. Фиброманың жілік беті сіңірге ұқсас. Жұмсақ фибромалар негізгі борпылдақ дәнекер тоқымасынан тұрады. Олар сыртынан жұқа тері мен қапталып жіңішке ғана түтікше мен денеге жабысып тұрады.
Кілегей астылық аумаққа дамыған фиброманы полиптер, тыртықты тоқымадан пайда болған фибромаларды келлойдтар деп атайды. Егер де бірнеше ағзаны бір уақытта көптеген фиброма зақымданса оны фиброматоз деп атайды [2].
Липома - майлы тоқыма түрінде дамыған ісік олардың паринхимасының негізін май торшалары, стромасын дәнекер тоқымасы құрайды. Олардың сыртындағы капсуласы кәдімгі май торшалардан гөрі анық білінеді. Олардың тығыздығы жұмсақ.
Липома көп жағдайда иттерде, жылқыларда, ірі қара малдарда байқалады. Олар тері астылық клеткаларда немесе кілегей астылық торшаларда орналасады.
Рак - беткейлік немесе безді эпителиде дамиды. Ісік дәнекер тоқымалы стромадан және паренхимадан, оның негізін эпителиальды клеткалар құрайды ағзалардан тұрады. Рак тоқымалар мен ағзаларда дамып эпитиальды тоқымаларын зақымдайды, сонымен қатар теріде, желінде, және ауыз қуысында, лимфа түйінде, көз аумақтарында да пайда болады.
Макроскопиялық қөрінісіне қарағанда рак тығыз, кедір - бұдырлы немесе жұмсақ тығыздығы бар матастаздануға және ыдырауға қабілеті бар жаңа пайда болған өсіндіге ұқсайды.
Қатерлі ісіктер - капсулалары болмайды, жылдам дамиды, көрші ұлпаларға жайылады. Қатерлі ісіктер тоқымалардың ыдырап ойылымды жаралар пайда болады немесе лимфа немесе қан арқылы ісік торшаларының тарап, жаңа ісіктердің яғни метастаздардың пайда болуы тән. Организмде қатерлі ісіктер пайда болуы зат алмасуды бұзып, жалпы әлсіздікпен малдың азуына әкеліп соғады. Қатерлі ісікті ойғаннан кейін көп жағдайда рецидив дамиды.
Қатерлі жаңадан пайда болған ісіктерге жататындар: рак - эпителиясы шығу тегі бар ісік, саркома, дәнекер тоқымадан пайда болатындар.
1.3 Ісіктердің клиникалық белгілері

Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зеттеумен бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы болады [7].
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады. Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.

1.4 Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы

Ісік дегеніміз - клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық процесс.
Ісік этиологиясы. Ісіктердің туындау себептері жөнінде көптеген деректер бар. Бұл мәселенің шешімі толық емес. Ісік этиологиясы 4 түрлі дерек бар.
Вирустық - генетикалық
Физика-химиялық
Дисонто генетикалық
Коли этиологиялық
Ісік бір бастамалы және көп бастамалы болады. Сүт безінің ісігінің хирургиялық оперативтік емі бар. Көбнесе ит пен мысықта кездеседі. Консервативті емі жоқ. Оперативтік емі бар. Мысалы, 1. Итті әкелгеннен кейін аминозин береміз. Дозасы жануарлардың 1 кг салмағына 0,3 мл салады. Жарты сағаттан кейін жануарлардың қозғалысы тежейді. Ең алдымен теріні алып, түгелдей ісікті алып тастау керек. Терінің астына 1 айызды новокаин ертіндісін инъекциялаймыз. Түбінен 4 нүктеден 1 пайызды новокаин саламыз, жансыздандырамыз. Техникасы: операциялық перчаткамен істеу керек, эпидермис, дерма, шел қабатын осы терінің 3 қабатын кесеміз [11].
Клиникалық тұрғыдан ісіктерді қатерлі және қатерсіз деген топтарға бөледі. Қатерсіз ісіктердің өсіп-жетілуі жоғарғы деңгейге жеткен клеткалардан тұрады, сондықтан олардың қандай мүшелерден тұрғанын анықтау қиынға түспейді. Бұл ісіктер экспансивті жолмен баяу өседі. Қатерсіз ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу бінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады, Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болады, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағады. Дене қызуы 44ºС көтеріледі.

1. Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, ісік ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.

2.1 Proanamnesis
Малдың түрі - қара мал
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 4
Малдың тұқымы - шведский
Малдың салмағы - 430
Малдың лақап аты - марқа
Малдың иесі - Нұржанов Жандаулет
Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер

2.2 Anamnesis vitae

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2011 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

2.3 Anamnesis morbi

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы бар. Қызарады, түйін пайда болған. Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кеткен. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болған, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағып тұр. Дене қызуы 44ºС көтеріңкі.

2.4 Status proesens communis universale
1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Малда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.
2. Тыныстану жүйесін зерттеу.
Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.
Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.
Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл -- жалпы дем алуы кездеседі.
Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.
Өкпені аускультациялау кезінде - тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар - сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.
Өкпені перкуссиялағанымда - перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған.
Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы - кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін - әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі - іріңді, іріңді - сасық иісті болып келеді.
Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі - бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.
Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.
Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринді қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).
Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).
Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).
Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).
Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.
3. Азық қорыту жүйесін зерттеу
Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.
Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.
Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек;
1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.
2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды. 3.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.
4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.
Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;
а) Тәбет және оның бұзылуы;
б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;
в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;
Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.
4. Зәр бөлу жүйесін зерттеу
Несеп бөлу актісі - жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стресс.Этиологиясы,жіктелуі,кезеңдері, даму механизмі және патогенезі
Зақым (альтерация). Дистрофия. Морфогенездік механизмдері
Домбығу этиологиясы турлері даму механизімі. Стресстің анықтамасы, кезеңдері, жіктелуі даму механизмі
«Патологиялық физиология» «Өспелер»
Домбығу және стресс
Стресс жайлы мәлімет
Патологиялық анатомия лекция кітапшасы
Домбығу және сіреспе аурулары
Амилоидоз (мәні, себептері, амилоидозды анықтау әдістері)
Стреске анықтама
Пәндер