Қазақстан Республикасының білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты


Қазақстан Республикасының білім беруді дaмыту мәселелерінің негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. Білім берудің адамға, жеке тұлғаға қарай бағытталуы, білім мазмұнының демократиялылығы, заман талабына сай білім беру мен ұлттық тәрбие үрдісінің гуманистік сипаты - 12 жылдық білім берудің әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Білім беруде, білім алушының дербес мүмкіндіктері, жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталып арнайы орта және жоғары оқу орындарында жалғаса түседі. Сондықтан да, 12 жылдық білім беретін мектептегі үрдіс жеке тұлғаға бағдарланған оқыту ұстанымына негізделіп, оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қажет етеді. Яғни 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Еліміз оқытудың «Нәтижеге бағытталған білім беру» моделіне көшті. Ал, нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Білім берудің басты мақсаты - білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты өзі табу, талдау және оны пайдалану сөйтіп қарқынды дамып жатқан заманға лайықты өмір сүру болып табылады. Үшінші мыңжылдық - құзыреттілік білім беру жағдайында мамандардың инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі.
Яғни қазіргі өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Тұлға - мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру - баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда жалпы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыра оқытумен қоса тәрбие де аса маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бойында мәдени құндылық қасиеттерін қалыптастыруда оқыту мен тәрбиенің теориясы мен практикасын ұштастыра отырып жүргізу қамтамасыз етілуі керек. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез-келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Олай болса, жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ой - өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана болады деп бір жақты түсінуге болмайды. Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар өте баяу жүреді, ұзақ уақытты талап етеді.
12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
- жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;
- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
- күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;
- оқытудың сабақтастығы;
- әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі - қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. Білім алушы білім алудың белгілі бір сатысымен (мектеп немесе жоғары оқу орнымен) шектелмейді. Бүгінгі таңда, болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз.
Қазіргі уақытта білім берудің алғашқы парақтарында «адам проблемасы» өзекті мәселелердің біріне айналып, «адам проблемасы» қазіргі ғылымда білім беру саласында толығымен зерттеуді қажет ете бастады. Білім берудің мақсатында - адамның өмір сүру ортасының мағынасы мен бейнесіне сәйкес, тұлғаны қалыптастыруға назар аударылуда. Білім беру саласының проблемаларының болжамдарында, әзірленген білім беру жүйесінің көмегімен - биосфералық, адамдағы ізгілікті, жоғары биологиялық және әлеуметтік сапаларды жасай, қазіргі заман талабына сәйкес білім беру қарастырылған.
Қазіргі заманғы тұлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте, ішкі икемділігі мен түрлі мүдделерін көрсете, өзін жетілдіруге ұмтыла, адамзат тұрмысының маңызын сезінуге бағдарлануы керек.
Орыстың ұлы педагогы В. А. Сухомлинский мектептің басты міндеті - әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, интеллектуалдық еңбек жолын бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дөп басып табу, аша түсу, қастерлеу бұл - тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз деп атап көрсетеді.
Мамандыққа бағдар беру - 12 жылдық оқытудың басты міндеттерінің бірі. Бағдарлы білім беру -оқытудың жоғары сатысында емес, негізгі мектептен бейіналды даярлық болып басталады. Оқушының бейіналды дайындығы - бұл бейіндік оқытудың құрамдас бөлігі, жалпы орта білімнің жоғарғы сатысында қажетті дайындық кезеңі.
Негізгі сатының ерекшелігі оқушының мектептегі жоғары сатысындағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар беретін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып табылады. Бейіналды даярлықтың негізгі мақсаты- таңдау курстарын, ақпараттық жұмыстарды, бейіндік бағдарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзін-өзі анықтауына ықпал беретін білім беру кеңістігін құру.
Қазіргі таңда социолог- ғалымдардың зерттеулері бойынша жастардың 40% -ының мамандықтары өздерінің қызығушылықтар мен қажеттіліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне еш сәйкес келмейді екен. Бұл адамның жұмысқа деген қабілетін төмендетіп қана қоймай, рухани, психологиялық тоқырауға да алып келеді. Бұл еліміз егемендік алып, нарықтық экономикаға көшкеннен бері айқын көрінуде. Мектеп практикасында ҰБТ тапсыратын мектеп түлектерінің басым көпшілігінің өздерінің қай мамандықты таңдайтынын айқындап үлгермейтіндігі, 4-ші пәнді (таңдау пәні) ауыстырушылық жиі кездеседі. Ауыстырғанда бір-біріне өзара байланысты пәндер емес, физиканы таңдап тұрып, ҰБТ кезінде әдебиетке ауысып жатады. Бұл оқушылардың бейіндік бағдарының толық айқындалмағанын көрсетеді. Осындай проблемелардан шығудың бір жолы дұрыс жолға қойылған бағдаралды даярлық болып табылады.
Бейіналды дарлықтың мақсаты-
- 11-12 сыныптың бейіндік оқытуды таңдау барысындағы оқушыға өзін-өзі анықтауға жағдай жасау
- Түрлі бейіндік оқытуды таңдаудағы өзінің шынайы қабілеттілігін бағалауға қалыптастыру
- Қызығушылығы мен қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқытуды таңдауға көмектесуді іске асыру
- Оқуды бейінді таңдау мотивациясының жоғары деңгейін қалыптастыру
Жалпы орта білім берудің екінші сатысының негізгі бағдары- жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылар бағдарлы сыныптарға келген кезде бірқатар проблемаларға тап болады.
Олар:
- Қолданбалы курстардың оқушылар сұранысына сай келмеуі
- Мектептердегі әлеуметтік білім ортасының ерекшелігі; ресурстық орталық жоқтығы; сонымен қатар оқушылардың теориялық білімін жетілдіретін талапқа сай жабдықталған кабинеттер, зертханалар, оқу шеберханалары жоқтың қасы.
- Жалпы білім берудің үш сатысы арасында жүйелі байланыс жоқ.
- Педагогикалық ұжымның кәсіби потенциалы
- Мектеп түлектерінің ҰБТ-дағы төртінші пәнді таңдаудағы толғаныстары;
Осы мәселелер аясында бағдаралды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстарына тоқталайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz