Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.7

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8.18
1.2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.35

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН БАҒАЛАУ МЕН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға несиенің берілу тәртібі мен саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36.39
2.2 Екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды несиелендіру тәртібі мен саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40.49
2.3 Екінші деңгейлі банктердің несие портфелін басқару ... ... ... ... ... 49.55

3 ШЕТЕЛ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ...56.62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63.65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .66.68

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссионық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар болып табылады. Несиелік ресурстар-ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Несиелік ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттар жиынтығынан тұрады.
Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Қазақстан Республикасын
дағы қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.
Дипломдық жұмыста несиелендірудің түрлері шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған. Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі несиелендіру маңызды фактор болып табылады.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш тараудан, кіріспе, қортындыдан және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ банктердің НЕСИЕ САЯСАТЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қаржы кафедрасы

Қорғауға жіберілді:
Қаржы кафедрасының
меңгерушісі
доцент _________
___ ___________ 20__ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ банктердің НЕСИЕ САЯСАТЫ

Студент:

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы

Қарағанды Қаржы институты

ЖОО

экономикалық факультеті Қаржы кафедрасы
Қаржы және несие мамандығы Банк ісі мамандануы

Бекітемін

Кафедрамеңгерушісі_______

“___” ________20___ж.

Студентің дипломдық жоба (жұмыс)

бойынша тапсырмасы

(тегі, аты, әкесінің аты)

1. Жоба (жұмыс) тақырыбы: Екінші деңгейлі банктердің несие саясаты

институт ,бұйрығы бойынша тағайындалған ____ ___20___ж. № ___

2. Аяқталған жобаны (жұмысы) студенттің тапсыру мерзімі
___________________________________ _________________________

3. Жобаға (жұмысқа) бастапқы деректер: Қазақтан Республикасының банк
заңдары, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері,
экономистердің ғылыми еңбектері,қазақстандық және шетел әдебиеттері, орысша-
қазақша сөздіктер, кезеңді басылымдар, статистикалық ақпараттар.

4. Есеп-түсініктемелік жазбахат мазмұны:

(қарастыруға арналған сұрақтар тізімі)

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _

5. Кестелік материалдар тізімі (міндетті сызбаларды нақты көрсетумен)

___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ _________________________

___________________________________ _________________________________

6. Жоба бойынша кеңесші (жұмыс бөліміндеріне жататын нұсқаумен)

Бөлім Кеңесші Қолы, мерзімі
Тапсырманы Тапсырманы
ұсынған қабылдаған
I+II+III тарау

7. Тапсырманы берген күні ___________________________________ _______

Жетекшісі __________________ (қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған ___________________

(қолы)

Тізбелі жоспаР

Диплом жобасының (жұмысының) Жобасының (жұмысының) Ұсыныстар
№ кезеңдер атауы кезеңдерің толықтыру
рқ мерзімі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13

Диплом жазушы студент_____________________

Жобаның жетекшісі_________________________

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-18
1.2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-35

2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН
БАҒАЛАУ МЕН ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға несиенің берілу
тәртібі мен
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..36-39
2.2 Екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды несиелендіру
тәртібі мен
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .40-49
2.3 Екінші деңгейлі банктердің несие портфелін
басқару ... ... ... ... ... 49-55

3 ШЕТЕЛ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ... ... ...56-62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .63-65 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 66-68
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды
мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссионық ресурс. Оның
несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен
байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден
жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың
осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы
тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында
мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар
болып табылады. Несиелік ресурстар-ақшалай қаражаттардың бір формасы.
Демек, біздің көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы
несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Несиелік ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған
қаражаттар жиынтығынан тұрады.
Несиелік ресурстар пассивтік операциялар нәтижесінде құралады.
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып
алады.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Қазақстан Республикасын
дағы қазіргі банктердегі несиелеу саясатының басты ерекшелігі тек қана
тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты
клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Ұлттық
банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.

Дипломдық жұмыста несиелендірудің түрлері шарттары, құқылық
қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген.
Сондай-ақ несиенің дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау
көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған.
Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның
деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі несиелендіру маңызды
фактор болып табылады.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің несиелендіру жүйесі әлеуметтік
тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұтыну мақсаттарымен қамтамасыз
етуге бағытталған.
Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған
әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі, сонымен қатар орындалған жұмыс үш
тараудан, кіріспе, қортындыдан және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс
әдістемелік нұсқауға сай орындалған.

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Екінші деңгейлі банктердің несиесі және құрлымы

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды
мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып- эмиссиондық ресурс.
Оның несиелік ресурсы ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келісімімен
байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден
жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың
осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы
тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұрғысынан
мемлекеттік несиелеуге беріледі.
Сонымен бірге банктер мен ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын
коммуналдық облигациялар әртүрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар
бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар қатаң
өсім ақылы және әдетте оның 25 жылға дейінгі мерзімде шығарылады.
Екінші денгейлі банктер бағалы қағаздарды нарықта сата отырып, қайта
сатып алу операциясын (репо) жасайды. Бұл банктердің өтімділігін реттеу
үшін ақша нарығында қаражаттарды қысқа мерзімді жұмылдыру үшін өте икемді
және ыңғайлы тәсілі.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі депозитті қаражаттар
болып табылады. Олар әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Депозиттің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге
мұқтаждығын азайтады.
Депозиттердің сапалығы тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің
өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Несиелік ресурстар-ақшалай қаражаттардың бір формасы. Демек, біздің
көзқарамызша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы несиелік
ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.
Несиелік ресурстар-банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған
қаражаттар жиынтығынан тұрады. Несиелік ресурстар пассивтік операциялар
нәтижесінде құралады. Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан
несиелік ресурстарды сатып алады. Банкаралық қарыздар-банктің ресурстық
потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды
көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында
жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады.
Банкаралық қарыздар ерекшелігі мынада:
біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады;
екіншіден, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы
корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттарының қалдықтары шегінде жүзеге
асырылады.
Банкаралық ақша нарығында несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда
екінші деңгейлі банктер Ұлттық банктен қысқа мерзімді несие алады. Әдетте
бұл несиелік қаражаттар басқа ресурстарға қарағанда қымбат болып келеді.
Қазіргі банктердегі несиелеу саясатынің басты ерекшелігі тек қана
тартылған және меншікті қаражаттарға ғана байланысты емес сол сияқты
клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Ұлттық
банк бекіткен нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.

Мысалы, ҚР Ұлттық банк орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару
үшін нормасын белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде
екінші денгейлі банкте құрылатын төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі
несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің
параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен
салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері.
Несиелік ресурстар тек қана депозит емес сондай-ақ депозиттік емес
көздерден де құралады. Оларға жататындар банкаралық нарықтан қарыздар алу,
бағалы қағаздарды сата отырып, кейін оны қайта сатып алу (репо),
вексельдерді есепке алу және Орталық банктен қарыздар алу, банктік
акцептерді сату, бағалы қағаздарды шығару, облигацияларды шығару,
евродоллар нарығынан қарыздар алу.
Меншікті қаражаттар арқылы барлық қаражаттарға деген 10 пайызы
өтеледі. Меншіктеу қаражаттар арқылы қосымша капиталдар, жарғылық капитал,
негізгі қорлар, резервтер құралады.
Депозиттік және депозиттік емес пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен,
оларға есеп айырысу төлемдік қызметтер көрсетумен, оларды банктердің
шоттарында сақтандыруды ынталандыру жолымен жинақталады.
Екінші деңгейлі банктердің несиелік операцияларда қарыздарды
пайдаланғаны үшін төленетін төлем көлемі пайыз, оны пайдалану мерзіміне
қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекелділігіне несиелік ресурстар үшін
төлеміне, объектінің сипатына, банктердің мөлшерлемеріне тағы басқалары
факторларға тәуекелі белгіленеді.
Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функция орындайды:
үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру.
Біріншіден, қарыз пайызының үлестіру функциясы барлық құнның
үлестірілуіне емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен
байланысты.
Екіншіден, функция банктің карыз алушы ретіндегі потенциалының
ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының
ұлғаюы алынатын пайыз бен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебінде
болады.
Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға
болады. Біріншіден, оның техникалық заңдылық белгілері көзқарасынан,
екіншіден әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және
дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар
типін сипаттайтын белгілер тұрғысынан . Бұл екеуі бір-бірінен
бөлінгісіз, бұлар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық
талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің эканомикалық мазмұны яғни
өндірістік қатынастардың белгілі формаларымен байланысты шаруашылық
әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып
табылады .
Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина
өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің
макроэканомикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуін оның жұмыс
және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады.
Сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да
қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және
дамитын өндірістік байланыстардың формалары мен типтері тұрғысынан,
бұл бір жағынан оларға себепші, екінші жағынан, олар оны
анықтайды. Бірінші жағдайда біз машина өндірісін техникалық-
экономикалық категория, ал екінші жағдайда- экономикалық категория
ретінде қарастырамыз .
Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-
заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процессін жүзеге
асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл
жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құқықтық категория
ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалық мазмұны
ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие
олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.
Несие теориясы оны техникалық- заңдылық категория ретінде емес,
қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады . Несиені оның
формальді-заңдылық белгілері жа ғынан оқып білудің несиелік мәмілені
тек меншіктің қозғалысы әдісінің ерекше түрі ретінде түсіну үшін
маңызы бар . Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік
мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.
Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық
категория . Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар
тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек
белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар-жалпы
тарихи категориялар.
Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи
негіз, тауар шаруашылығы болып табылады. Тауардың пайда болуы екі
жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және
құны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады . Біріншіден ол
бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болады;
екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста
болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті,
өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып басқа тауарды өзіне
иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы
тұрулары қажет .
Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас
арқылы жүзеге асады . Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы
зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер
сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын
меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы
тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.
Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де орта ғасырлық
қолөнері дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі . Барлық кезде
біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәміле-сіне ездесіп отырдық
бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы
осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі
шаруашылық жүйелерінде бір - бірінен өте қатты айырмашылықтары
болады.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процессінде пайда болатын
оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның
әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие
экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде
ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны көзқарасы
тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі
бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам
аталатындарды құрайды және сонымен қатар тарихи дамудың белгілі бір
сатысында тұрған, өзіне ерекше сипаты бар қоғамды құрайды.
Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген неселік
қатынастар жекелеген тұлғалар мен кесіпорындар, кесіпорындар мен
мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтары
ның арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады. Айналыс
сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады.
Осылайша белгілі бір өндіріс белгілі бір тұтынуға, үлестіруге,
айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір -біріне белгілі бір
қатынасына себепші болады.
Өндіріс жағдайындағы айырбас құн ның немесе меншіктің бір
иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдерімен жүзеге
асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар
айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар
айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады,
осы себептен тауарлардың иеліктен шығаруылуы уақыт бойынша олардың
бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған
байланысты: тауарлардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал
басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді . Әр түрлі
тауарлардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты . Бір
тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі
қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан
бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір
тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары
олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың
белгілі бір түрін пайдалану мысалы үйді, белгілі бір уақыт
аралығына сатады. Бұл жағдайда сатып алушы тек мерзімі өткеннен
кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтанда
ол тауарды төлемі төлегеннен бұрын алады.
Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие
қажеттілігінің де себептері болып табылады. Жай тауар шаруашылығы
жағдайында тауар айналысының формасы ретіндегі қарыз мәмілесі
қажеттілік пен өндіріс шарттарынан туындайды. Алайда ндіріс шарттары
несиенің қажеттілігін толығымен ашпайды . Тауар айналысының ішкі
мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы
түсінікті тереңдетеді.Айырбас шаруашылығы жағдайында құн қозғалысы
капиталдардың шеңбер айналымында және өндірістік айналымда нақтылы
түрде көрінеді және ол несиелік қатынастар пайда болатын, дамитын
нақтылы экономикалық негіз болып табылады. Артынан несиелік
қатынас өзінің табиғаты бойынша құндық болады.
Несие ұдайы өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз ету
қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық
субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым
), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге
мәлім .
Өндірістік капиталдардың қозғалысы олардың бір формадан басқа
формаға ауысуымен тұйықталмайды, қозғалыс олардың ұдайы өндірісінің
процесі, капиталдардың шеңбер айналымы болып табылады.
Капиталдардың үнемі қайталанатын шеңбер айналымы бұл- капиталдардың
айналымы . Өндірістік капиталдардың бірде тауар формасында, бірде
ақшалай формада болуы олардың қозғалысының жалпы формасы болып
келеді, яғни олардың ұдайы өндіріс формасы болып саналады .
Өндірістік капиталдардың жүйелі түрде бір формадан басқа
формаға айналуы, сонымен қатар олардың үнемі шеңбер қозғалысы,
капиталтардың шеңбер айналымы және айналымы барлық жерде бірдей
емес; әрбір нақты жағдайда олар өндірістің тауар айналысының
ерекшеліктерін қамтып көрсетеді. Өндірістік капиталдардың қозғалысы
олардың шеңбер айналымы шегінде үздіксіздігімен ерекшелінеді.
Олардың қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттардың құйылуы және кері
қайтуы, ресурстарда және оларды жабатын көздерде қажеттілердің толқуы
байқалады. Мұны функционалдық формаларының өзгерісіне қарай негізгі,
сондай-ақ айналым капиталдарының да қозғалысына байланысты
байқауға болады .
Негізгі капиталдардың қозғалысы процесінде мезгіл-мезгіл ақшалай
ресурстар формасында құн босатылады. Еңбек құралдары өндіріс
процесінле ұзақ уақыт пайдаланылатыны белгілі, олардың құны тауар
құнына бөлшектеніп ауысады. Негізгі капиталдар құнының ақшалай
формада бірте-бірте қалпына келтірілуі, босаған ақшалай қаражаттар
дың кәсіпорындар шотында тұрып қалуына әкеп соғады.
Бұл кәсіпорындар оларды тозған еңбек құралдарының орнына
жаңаларын алу үшін, соның ішінде кезекті машиналар мен механизмдерді
алу үшін жеткілікті белгілі соманы жинақтағаннан кейін ғана
пайдалана алады. Алайда негізгі капиталдар құнының бірте-бірте
босатылуы, өз мөлшері бойынша кәсіпорынның олардың жаңа
партияларын алу қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, өйткені
машиналар мен механизмдердің жаңа партиясы жекелеген бөлшектермен,
детальдарымен емес толығымен алынады. Амортизациялық қорда негізгі
капиталдардың тозған бөлшектерінің ауыстырылуы жинақталған
амартизациялық қаражаттар есебінен жүзеге асырылады. Негізгі
капиталдарды қалпына келтіруге немесе алуға өте үлкен шығындар
жұмсалады, сондықтан оларды қаржыландыру ұзақ уақыт бойынша ақшалай
қаражаттар жинақтауды қажет етеді
Негізгі капиталдар құнының қозғалысының бірқалыпсыздығы,
капиталдың шеңбер айналымының және олардың айналымының сатылары
бойынша қозғалысының ұзақтығынан болады. Нәтижесінде бір
кәсіпорындарда еркін ақшалай қаражаттар пайда болса, басқаларында
(ірі бір реттік шығындарға қажеттілікпен байланысты) олардың
жеткілісіздігі пайда болады.
Айналым капиталы құнының қозғалысымен байланысты осындай көрініс
туындайды. Оның шеңбер айналымы және айналымының ұзақтығы әр түрлі.
Уақыт бойынша ұзақтылық өзгерісі бәрінен бұрын өндірістің
маусымдылығы, өндірістің және тауар уақыт бойынша сай келмеуі
салдарынан пайда болады. Қосымша қаражаттарды тарту қажеттілігі
импорттық қойылымдармен, тауарлы материалды құндылық
тарды бір реттік әкелуімен және басқа факторлармен байланысты болуы
мүмкін қаражаттар қозғалысындағы бірқалыпсыздық дайын тауарларды
жөнелтумен байланысты пайда болады. Тауарларды жөнелту мерзімі,
оларды өткізуден түсім алу мерзімімен әрқашан сәйкес келе
бермейтіндігі белгілі. Бұл көбінесе тауар өндірісі орынын көп
жағдайда алыс орналасуына сонымен бірге, тауарларды өткізу нарығынан
бұл алшақтың едәуір болуы және уақытша бос ақшалай қаражаттарға
деген қосымша қажеттілікті тудыруы мүмкін .
Тауарлай және ақшалай формаларға және өндірістік капитал
шеңбер айналымы мен айналымы, құндық болып табылатын қатынастың
пайда болуына және дамуына нақты материалдық негіз болады. Берілген
шеңбер айналым процесінде, бір жағынан, оның аяқталуы жүреді,
осының нәтижесі ретінде бәрінен бұрын өткізілген құн ретінде
болатын ақшалай қа ражаттар формасындағы құнның босатылуы жүреді.
Екінші жағынан, объективті себептерге байланысты ақшалай ресурстардың
жеткіліксіздігі олардың өндірістік жұмсалуына қосымша
қажеттіліктер пайда болады. Демек , несие және несиелік қатынастар
құн қозғалысы кезіндегі өндіріс уақытымен құн айналысы уақыт
арасындағы, оның ақша формасында шот тарда уақытша тұрып қалуымен,
оларды тауар өндірісінде пайдалану қажеттілігі арасындағы қарама-
қарсы қайшылықтарды шешудің табиғи процесі ретінде пайда болды
Біріншеден, қоғам босатылған ресурстардың бекерге доғарылуын
болдырмауға, екіншіден, ұдайы өндірістің үздіксіз жүзеге асуына
мүделі болады. Өндіріс уақытымен айналыс уықыты арасындағы сәйкес
келушілік құндық субстанциясы бар жиынтық ұлттық өнім қозғалысына
қатысты.Босатылған жиынтық ұлттық өнім құнының барлық бөліктерінің-
С,V және М-өнімдері болуы мүмкін. Мысалы: жалпы экономика
көлемінде өндірістік процесінде жұмсалған өндірістік құралдарын
қалпына келтіру бірден жұмсалмайды: амортизациялық аударымдар
жинақталады, бос ресурстар өз қозғалысында тоқтап қалған және
өнімді пайдалануды талап ететін құндар түрінде тұрып қалады.
Ұдайы өндірістің объективті процестеріне байланысты құн
өндірісте толығымен қатыспайтын V-да да осындай көрініс
байқалады, оның кейбір бөлігі уақытша пайдаланылмайды және ақшалай
формада банктегі шоттарда тұрып қалады. Әрине, бұл қоғамдық өнім
құнның уақытша босатылған бөлігі несиеге негізделіп жинақталады,
қарыз ақша түрінде өз қозғалысын жалғастырады. Мұнан басқа М
түрінде жаңадан жасалған құнның бөлігі де несие арқылы қайта бөлу
сферасына тартылуы, несие қозғалысына құндық сипат беруі мүмкін.
Тауар шаруашылығы жағдайында өндірістік капиталдардың (негізгі
және айналым ) шеңбер айналымы және айналымы несиенің объективті
қажеттілігін толық түрде түсіндіре алмайтынын атап өту керек. Уақыт
бойынша капиталдың шеңбер айналымының кеңістікте бір қалыпты
еместігі тек қаражаттардың бір буынында босатылуы және басқа
буында оларға қажеттіліктің бар болу нақты сипаттайды. Демек,
тауар шаруашылығында капиталдың шеңбер айналымы және айналымында
несиелік қатынастардың пайда болу мүмкіндігі қаланған.
Несиенің мүмкіндігі нақты болуы үшін белгілі бір шарттар
қажет. Олар кем дегенде екеу: 1) несиелік мәмілеге қатысушылар-
карыз алушымен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан келіп
шығатын міндеттемелердің орындалуына материалдық кепілдік беретін
заңды дербес субъектілер ретінде болулары керек. Несиелік қатынасқа
түсуші заңды тұлғалар өз қызметтерін нарық заңдары және
экономикалық мүдделердің сәйкестігі негізінде жүзеге асырылуы қажет.
2) несиеге, егер қарыз алушы мен қарыз беруші мүдделері сәйкес
келген жағдайда қажет болады. Несиелік мәміле жасалуы үшін оның
қатысушылары өзара ықылас білдіруі қажет.
Экономикалық қатынастар бәрінен бұрын мүдделері ретінде
көрінеді. Бұл мүдделер соңында өндірістік қатынастың қатысушылары
ның еркімен реттелетін қандай да бір субъективті нәрсе емес.
Әрекетті тудыратын кез-келген мүдде бәрінен бұрын объективті
процестерге өзара мүдделікті болдырмайтын нақты жағдайларға сүйенеді.
Несиелік қатынастар, бір жағынан, қарыз алушы мен қарыз алушының
арасында ақшалай қаражаттарды қарызға беру, екінші жағынан оларды
алу кезінде мүдделілік пайда болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Несиелік қатынас ішіндегі құн ерекше қосымша тұтыну құнына ие.
Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн карыз алушы мен
қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін
жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.

1.2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері

Несиелік саясаты жетпісінші жылдардың ортасында Ю.П. Авдиянц
тың, Д.А.Аллахвердиянның, Н.Д.Барковскийдің, .С.Панековскийдің
белсеңді түрдегі оқып үйрену затына айналғанды. Авторлар несиелік
механизмднің сипаты туралы тікелей сұрақ қоймайды, дегенмен де, олардың
қорытындылауынан көрінетіндей, олар көбіне бұл механизмдегі объективтік
және субъективтік негіздердің араласуы туралы бірдей көзқараста болады.
Бірақ та, бұл экономистердің позицияларының балығы мен бірдей келісе беруге
де болмайды. Себебі,олардың көпшілігі несиелік саясатты ақшалай, есеп-
айырысу және қаржы механизмдерімен біртұтас алып зерттейді.Олардың мұндай
позицияларын кеңес экономисті В.И.Рыбин былай бөліп қарайды: "Әрбір дербес
экономикалық категориялардың өзіндік қызмет ету және даму саясаты болады,
мысалға, қаржы саясаты, несие- несиелік механизм, ақша - ақшалай механизм".
Егер соңғы пікірмен толақ келісетін болсақ, онда қазіргі несиелік саясатты
жеке түрде зерттеу қажеттігі туындайды.
Қазіргі несиелік саясатынын қазіргі тұжырымын теориялық тұрғыдан
қарастырудан бұрын, жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен
несиелік саясатының нарықтық экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру
қажет. Келтірілген пікірлерді негізге ала отырып, қазіргі несиелеу
талаптарына сай келетін, нарықтық тұжырымын жасауға болады.
Біздің ойымызша: "қазіргі несиелік саясат-нарықтық қатынастарға
сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу
принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін
және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық
саясатынын бір бөлігі болып табыладың
Кез-келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуын немесе
өзгеруін туғызатын элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай- ақ қазіргі
несиелік саясатынын басқа да экономикалық негіздер сияқты, өзіне тән ішкі
құрылымдық элементтері болады. Несиелік саясатынын бірінші элементіне
несиенің нақты түрлері жатады.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиенің келесідей түрі болады: екінші
денгейлі, банктік, тұтыну, мемлекеттік, халықаралық және ипотекалық.
Несиелік саясатынын екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін,
сондай-ақ несиенің қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін несиелеу принциптері жатады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері келесі
дей екі топқа бөлінеді: жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер
(несиенің мақсаттылығы мен дифференциялдығы); несиенің мәнін бейнелей
тін принциптер (несиенің мезімділігі, қайтарымдылығы, ақылылығы және
қамтамасыз етілуі).
Несиелік саясатынын үшінші элементіне -несиелеу шарты жата
ды. Несиелеу шарты-деп несиелеудің базалық элементтері, несиелеу
субъектілері мен объектілері және несиенің қамтамасыз етілуге қойылатын
талаптарын түсінуге болады.
Несиелік саясатынын төртінші элементіне несиелеуді экономика
лық-ұйымдастыру тәсілдері жатады.Бұл элементтің көмегімен несиені беру
әдістері немесе айналым қаражаттар шеңберіндегі несиенің қатынасу
тәсілдері, сондай-ақ несиені бару және банкке қайтару жолдары анықталады.
Несиелік саясатының бесінші элементіне-несиелік тәуекелді
басқаруды жатқызуға болады.
Несиелік саясатының алтыншы элементіне банктің несиелік саясатын
жатқызуға болады. Себебі, несиелік саясаттың көмегімен несиелік саясат
жүргізіледі.
Несиелік саясатының соңғы элементіне несиелік қатынастың бір жағы және
несиелеу процессін ұйымдастырушы ретінде-банктерді жатқызуға болады. Қайта
құру кезеңіне дейінгі сияқты несиелік саясатынын кейбір элементтерінің
жинағы бұрынғысынша қалғанына қарамай-ақ шаруашылықтың нарықтық жағдайына
өтуіне байланысты аталған элементтерінің әр қайсысының мазмұны түбірімен
өзгерген десе болады
Қазіргі несиелік саясатынын қызмет етуінің мынадай `өзіндік ерекшеліктері
бар:
1) Жұмыс жасап отырған несиелік механизм екінші денгейлі сипатқа ие.
2) Қазіргі несиелік саясатынын маңызды бір белгісі оның келісім
шартқа негізделуі болып табылады.
3) Қазіргі несиелік механизмдегі басты ерекшелігі несиенің жаңа
түрлерінің дамуымен сипатталады
4) Қалыптасып отырған, қазіргі несиелік саясатынын ең маңызды
ерекшелігі бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуімен
сипатталады. Сонымен қатар, бұл жерде несиелеудің ұсақ объектілерінен ірі
объектіні несиелеу әдісіне өтуі деп айтуға болады.
5) Қазіргі несиелік механизм дәстүрлі және ерекше бір принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету принциптері, сол
сияқты несиенің ақылылық сипаты да ескеріледі.
6) Қазіргі несиелік саясатынын соңғы бір ерекшелігіне, банк несиелерін
жоғары дәрежеде кепілдендіретін формаларына өту жатады.
Несиелеу саясатын кеңес экономистері жалпы несиелік саясатынын" техникалық
қабаты" ретінде бөліп қарастырады. "Несиелеу саясаты" ұғымын экономикалық
әдебиетке 70- ші жылдардың бірінші жартысында Ю.Е.Шенгер, Н.И.Валенцева,
И.Д Мамонова және А.Я.Ротлейдер сияқты экономистер еңгізген болатын.
Несиелеу саясаты несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу
приницптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде
түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу саясатынің құрылымдық элементтерінің бірі-
несие саясаты және олар келесілерден құрылады:
1) несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдармен нормативтік-актілер,
2) несиелік саясат,
3) несиелік саясаты,
4) несиелеу техникасы.
Қазіргі несиелеу саясаты банктің ресурсына негізделеді. Бүгінгі
жағдайдын бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы- ол уақытта несиеліе
мекемелер өздері жоғарыдан берілген несиелік ресурстар мен ғана жұмыс
жасаған болатын.
Қазіргі несиелік саясаттың екінші деңгейлі сипатқа ие. Осыған
байланысты сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді.
Мұндай жағдайда несиелеудін тек кәсіпорыннын қосымша қаражатқа деген
қажеттілігін қанағтаттандыру ғана маңызды емес. Сонымен қатар несиелік
мекеменін рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудін маңызы зор. Дәл осы
тұста коммерцияның: арзанға сатып алып қымбатқа сату принципі орын
алады. Бұл әрине клиенттердің несиелері мен депозиттеріне сол сияқты банк
аралық несиегеде тиісті.
Қазіргі несиелеу саясатынің басты ерекшелігі банктердің меншікті және
тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді
несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Орталық банк
бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді.
Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару
нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқада нормативтер, ол ішінде екінші
денгейлі банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түрінде ең ірі
несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансынын өтімділігің
параметрлері сияқты банктің міндеттемерін өтімді қаражаттар резервімен
салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы норматвитері де бар.
Қазіргі несиелеу саясатынің маңызды бір белгісі оның келісім-шартақ
негізделуі болып табылады. Өткен несиелеу саясатынде клиентпен банк
арасында қарыз алу барысында келісім-шарттын экономикалық маңызы төмен
болғандықтан да, оны формальдық сипатта болды деп айтуға болады. Кейінен
екінші денгейлі ынталандыру туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушынын
арасында несиелік шартқа отырып ол шарт несие берушінің де сол сияқты қарыз
алушының жауапкершілігін нығайту түсті.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу саясатынің келесі маңызды
ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі
болып табылады. Бұрынғы несиелеу саясаты объектіні несиелеуге ғана
негізделгендігі бізге белгілі. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры
және өндірістік шығындардың болуы несиені алуға кұқық берді де,
қарыздың қайтарылу барысына терең талдау жасалмады, клиент үшін
жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына автоматты түрде кепіл
болады.
Жаңа несиелеу саясаты дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету қағидалары,
сол сияқты несиенің ақылық сипаты да ескеріледі . Сонымен қатар,
олардың бір қатарының мазмұны түбірімен өзгерген. Бұдан бірнеше
жылдар бұрын жақсы және жаман жұмыс жасайтын кәсіпорындар
категориялары өмір сүріп, несиелеуде дифференцирленген режим
қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізінде олардың жоспарлы
көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңда қалыптасқан
жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендететін клиенттің
несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ екінші денгейлі банк қарыз
алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта
ұйымдастыру және тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.

Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер
болды. Тәжірбие көрсеткендей ссудалардың тауарлы-материалдық
құндылықтар қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақтылы
қайтарылуына кепіл болмады. Сондықтан да қамтамасыз етілмеген
ссудаларды бұрынғы тәжирбиеде қалыптасуына байланысты түсіну банк
тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару тұрғысынан алғанда толық
кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу саясатынің келесі бір ерекшелігіне банк
несиелерін жоғарғы дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады.
Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік
тәжірбиедегідей біршама сенімді формаларға кепіл кұқы ( оның ішінде
ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі) кепілдеме және кепіл- хат, жалпы
алғанда сақтандыру жүйелері жатады. Осындай формаларды қамтитын
несиелік механизм банкке өзінің тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар
несиелік төмендету мүмкіндігін береді.
Жалпы кәсіпорындарды несиелеудің өзгерген саясаты біршама
дәрежеде нарықтық қатынастарға сай келетін мүмкіндік жасайды.
Несиелік саясат банктың несиелік қызметтерінің міндеттерін
оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай- ақ несиелік
процесті ұйымдастыру принциптері және тәртібін белгілейді. Несиелік
саясат көмегімен жүзеге асырылады. Несиелік саясат-бұл банктің
несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне
қажетті құжаттар саясатын жасау шарттарын білдіреді .
Кең мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз
алушылар тұрғысыннан қарастыруға болады .
Тар мағынасында, несиелік саясат бұл несиелік процесті
ұйымдастыру барысында банктің стратегиясы мен тактикасынт
сипаттайды.
Барлық банктер үшін бірдей несиелік саясат болмайды. Әрбір
банк, елдегі экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайды ескере отырып
өзінің меншікті несиелік саясатын анықтайды. Несиелік саясатты
жасау барысында банктер олардың қызметтеріне тікелей әсер ететін
көптеген факторларды талдайды. Олардың ішінде макроэкономикалық яғни
нақты бір банктің жұмысына ықпал ететін факторлар болады . Несиелік
саясат банктің қызметтерінің міндеттері мен маңыздылығын бұлардың
іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-несиелік процесті
ұйымдастыру принциптері мен тәртіптерін анықтайды. Несиелік саясат
банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына сай ұйымдастыру
негізін және несиелік процесін қалыптастыруға қажетті құжаттар
саясатын жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс:
1) инструкциялық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
2) несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға
мүмкіндік
береді;
3) нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін
қамтиды;
4) оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нұсқауларды
қамтитын құжаттардан тұрады.
Несилік саясат банктің стратегиясын, оның тауекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат
несиелік қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға
мүмкіндік береді:
1. несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап
беретін банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік
стандарттар мен критерийлерін;
2. несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын
тұлғаларды басты іс - әрекеттерін;
3. сыртқы аудит қызметкерлерінің жұмысын және банктегі
несиелік қызметтің сапалығын;
4. ішкі бақылау қағидаларын;
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс
әрекеттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік
қызметкерлердің лауазымды міндетемелерін анықтау үшін қажет .
Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір тәртібі болмайынша
несиелеудің бір ережелерін тәжірбиеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан
да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың
соған сәйкес ержелері несиелік процесті жүргізудің негізін құрайды.
Несиелік саясат банк қызметкерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын
экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы
бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз
клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік
саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс
санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға кісіпорындарға қысқа
мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ
мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге,
техникалық қайта қаруландыруға, ғылыми техникалық инновацияларды
енгізуге) берген қолайлы .Өркениетті мемлекеттердің тәжірибелерінде несие
саясаты туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі-несие-есеп
қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі,
несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары
қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық
формалары мен түрін қамтиды. Несие саясаты несие-қаржы мекемлерінің
жиынтығы ретінде жеке және заңды шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға,
үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие саясатынің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие
қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша
бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін
және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен
бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономикалық бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшаны есеп айырысуы мен
төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар
өтеді.
Несие саясатынің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз
көрсеткіштермен: атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен
кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және
айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық
төлем айнымалымен және т.б. сипатталады.
Несие қатынастарының даму дәрежесі несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс
пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі
дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол
елде ақша капиталынның орташа алғанда 34 бөлігінің несие саясаты арқылы
өтуі. Несие саясатынің дамуы.
Қазіргі кезде–экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында
көптеген өзгерістер кезедеседі. Олар:
Біріншіден, банк капиталынның шоғырлануы мен орталықтануы нәтижесінде
банк монополиясының пайда болуы: ХІХ ғасырдың аяғы ХХ-ғасырдың басында әр
мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп
шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті.
Олардың капиталынынң мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне
тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатынде ірі
банктердің ғана емес, сонымен қатар капитандардың бірігуінің интенсивті
процесіне байланысты болады.
Капиаталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын
түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен
қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар
мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген
жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты-бір-бірінің тапсырмасы бойынша
төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.
Корреспонденттік шоттар: (лоро(-олардікі, (ностро(-біздің қаржы деп
бөлінеді. Оларда орасан ірі сала жинақталады. Мысалы, АҚШ-тағы барлық
екінші денгейлі банктердің арасынан бірнеше ірі банктердің ресурстары басқа
бактердің ресурстарының саласынан шапшаң өсуімен көзге түсуде. 1960-1970
жылдарда 50 ірі екінші денгейлі банктердің депозиттік саласы 88,8 млрд-тан
230,4 млрд долларға жетіп, яғни 2,5 есе өсті, ал осы уақытта басқа екінші
денгейлі банктердің депозиттік сомасының 141,7 млрд-тан 255,1 млад долларға
кетіп, яғни тек 1,8 есе ғана өсті. 1970 жылы осы 50 ірі банктер 13705
барлық екінші денгейлі банктердің депозиттік саласының 47%-ін бөледі.
Ірі екінші денгейлі банктерден азғана алып бактер – (Бэпк оф Америка(,
(Ферст нейшнл сити бэнк оф Нью-Йорк( және осындай бірнешеуі бөлініп шығыр,
олар өнеркәсіп-қаржы топтарын басқарумен шұғылданады немесе оларды басты
роль атқарады. Олар – ірі банктердің өзара қосылып, банк холдингін құруының
көрінісі.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күштері. Банк
монополиясы мен несие қатынастарынның өркендеуі қарыз капиталынның
қарызында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие
мекемелеріннің арасында жүреді. Мысалы, екінші денгейлі банктер немесе
сақтандыру компониялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі
компаниялар өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі
мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені
жеңілдікпен береді. Оңай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына (яғни
пайдалану мезгіліне, мөлшеріне, қайтарылуына) жасалады. Бірақ банк
қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтар мен проценттік төлем ақысы
сақталады.
Сондай-ақ клиенттерге, банк қызметінің қосымша түрлері көрсетіледі
(мысалы, тәулік бойы төлем құжаттарын қабылдау әр түрлі сұрақтарға жауап
беру кеңес беру және тағы сол сияқты).
Бәсекенің келесі түрі- әр түрлі несие-қаржы институттарының арасында
туындайды. Мысалы, екінші денгейлі банктер мен жинақ мекемелерінің арасында
жинақты өздеріне тарту үшін; екінші денгейлі биіктер, қаржы компаниялары,
несие одақтарынның халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі
үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-
жинау банктерінің бәсекесі.
70-80жылдары несие мекемелерінің бәсекесі өрши түсті, оған себеп
болған негізгі факторлар: қаржылық қызметтерді шектеуді реттейтін бірсыпыра
заңдарды алып тастау; қаржылық инновациялық қарқынды өсуі; яғни несие-ақша
операцияларының жаңа түрлерінің және есеп айырысу мен қарыз капиталы
нарығының құралдарының пайда болуы; электронды-есептегіш машиналар мен
телекоммуникация құралдарын кең қолдану несие аясында монополистік
бақталастықтың мүмкіншілігін арттырады. Осы процестердің нәтижесінде
клиенттерге көрсетілетін қызметтердің көптеген түрлерін ұсынатын әмбебап
операциялар тенденциясы байқалып, көп бағатты несие мекемелері құрыла
бастады. Екінші денгейлі банктер бұрын шұғылданбайтын жаңа қызметпен, яғни
жылжымайтын мүлікпен операция жүргізу, лизинг, сақтандыру және с.с қызмет
түрлерін кең қолдана бастады. Бәсекені күшейтетін маңызды фактордың бірі-
қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл
мекемелер банк қызметінің тек кейбіреуін ғана орындайтындықтан, несие
институттарына таралатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды
(банктік емес банк( деп атайды. Олар – Дженерал моторс, Форд, ИБМ, Америкен
экспресс және т.б. – көптеген операциялар жүргізумен шұғылданады:
өнеркәсіптік және тұтыну несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру,
лизинг операцияларын жүргізіп, қолма-қол ақшаны басқарады.
Қазіргі кезде банктер арасындағы бәсеке халықаралық дәрежеге
көтерілуде. Өндірістің мемлекетаралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы
сауданың дамуы, еуровалюта нарығының өсуі банк ісінің интернационалдануына
және биік операцияларынның көп бөлігінің мемлекет шекарасынан шығуына әкеп
соқтырды. ХХ ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР,
Франция және басқа да бірсыпыра мемлкеттердің ірі банктері халықаралық
қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдеріне көптеген несиелік,
есеп айырысу, инвестициялық оперциялар жүргізеді. Көптеген банктердің
халықаралық операциялардан түсіретін табысы жиынтық пайданың 40-70%
құрайды.
Халықаралық банктер–ұлтаралық және көп ұлттық банктер болып бөлінеді.
Ұлтаралық банктер – ол әмбебап үлгідегі ірі несие – қаржы кешенді. Олар,
әдетте қолында шетелдік кәсіпорындардың кең желісі және мемлекеттің
қолдануымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын бақылайтын
саясаты бар қарыз капиталының қозғалысындағы басты делдалдар.
Ұлтаралық банктердің шетелдерде көптеген филиалдары, бөлімшелері
қызмет жасайды. Мысалы, 80-ң басында дүниежүзінде 84 ұлтаралық банктер
болса, оның 22-сі АҚШ-та, Ұлыбритания мен Жапонияның әрқайсысында –10-ны, 7-
і Францияда, ал Германия мен Канаданың әрқайсыснда 5-тен саналады.
Көп ұлттық банктер – ол бірсыпыра елдердің ірі банктерінің үлестік
жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық банктер топтамасы. Олар әлемдік
нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асырумен, сыртқы сауданы
несиелеумен, еуровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы
капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және
олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды.
Себебі банктік несие – өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие
өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен
шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен
төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің
несие беруі; ағымдағы және есеп айырсу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық
құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие саясатындегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие –
қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы
капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие саясатынінң
құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие саясатынде жаңа буындардың
пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында
екінші денгейлі банктердің үлесі төмендеуі. Мысалы, ХХ ғ. Басында АҚШ–та
несие мекемелеріннің 7 түрі болса, 80-жылдары олардың түрі 20-дан асты.
1900 ж активтердің 23-ін екінші денгейлі банкте, 13-ін сақтандыру және
жинақ мекемелері жүргізді. Ал 1987 жылы екінші денгейлі банктердің бұл
көрсеткіштегі үлесі шамамен 40% болса, жинақ мекемелерінің инвестициялық,
ипотекалық сақтандыру компанияларының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай
өзгерістер басқа өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие саясатынде
байқалады.
Капиталын иемденуіне қарарй банктер және несие – қаржы мекемелері
мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота
шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ почта-жинақ саясаты
және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары мемлекеттік несие мекемесі
болып саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италяда және т.б.)
ірі комерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие саясатынде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын
мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі кездері отарлау саясатынің құлауы нәтижесінде азат етілген
елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатының қызметін бағалау мен талдау
Несие саясатының дамуы
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
Банк жүйесі туралы
Ұлттық банк және оның мақсаты
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Пәндер