Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар


12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1. Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік - оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылықтар негізінде жасампаз қоғам өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы. Бұл құзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу .
2. Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігігін түсіну және бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу.
3. Оқу-танымдық құзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
4. Коммуникативті құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік - бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік-еңбек құзыреттілік отбасылық, еңбек, экономикалық саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді. Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді қарастырады.
7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік . Бұл құзырет отбасылық, еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда (өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен салыстыра білу және қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау) жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Главная цель 12-летнего общего среднего образования:
Формирование и развитие образованной, творческой, компетентной и конкурентоспособной личности, способной жить в динамично развивающейся среде, готовой к самоактуализации как в своих собственных интересах, так и в интересах общества.
В соответствии с заданной целью ожидаемые результаты образования определены в виде следующих ключевых компетенций выпускника:
- Ценностно-ориентационная компетенция - способность ученика адекватно воспринимать окружающий мир, умение находить свою роль в созидательной жизни общества на основе высших этических ценностей, гражданственности и патриотизма. Данная компетенция обеспечивает умение принимать решения в разнообразных жизненных ситуациях. А самое главное - быть патриотом своей Родины - Казахстана, проявлять гражданскую активность, понимать политическую систему, уметь давать оценкупроисходящим социальным событиям.
- Культурологическая компетенция - обладание познанием и опытом деятельности на основе достижений общечеловеческой культуры и национальных особенностей, позволяющих освоить этнокультурные явления и традиции в обществе, культурологические основы личной, семейной и социальной жизни. Понимать роль науки в развитии человека и общества. Владение эффективными способами организации культурно-досуговой деятельности, что позволит понимать и ценить культуру своего народа и культурное многообразие мира; быть приверженным идеям духовного согласия и толерантности.
- Учебно-познавательная компетенция - комплексная компетенция, обеспечивающая процесс самостоятельной учебно-познавательной и исследовательской деятельности учащегося. Данная компетенция предусматривает умение эффективно планировать, организовывать свою образовательную деятельность, владеть способами анализа и рефлексии своей деятельности по освоению знаний на основе требований соответствующей функциональной грамотности, что позволит понимать научную картину мира, иметь навыки поисково-исследовательской деятельности.
- Коммуникативная компетенция предусматривает знание родного и других языков, обеспечивающее владение способами взаимодействия и общения с людьми, в различных социальных группах, исполнение различных социальных ролей в обществе, умение использовать разнообразные объекты коммуникации для решения конкретных жизненных ситуаций, овладения навыками общения на казахском языке как государственном, на языке межнационального общения, на иностранных языках.
- Информационно-технологическая компетенция предполагает умение ориентироваться, самостоятельно искать, анализировать, производить отбор, преобразовывать, сохранять, интерпретировать и осуществлять перенос информации и знаний при помощи реальных технических объектов и информационных технологий.
- Социально-трудовая компетенция означает владение знанием и опытом активной гражданско-общественной деятельности в сфере семейных, трудовых, экономических и политических общественных отношений. Компетенция предусматривает умение анализировать конкретную социально-общественную ситуацию, принимать решение и действовать в соответствии с личной и общественной выгодой в разнообразных жизненных ситуациях.
- Компетенция личностного саморазвития. Данная компетенция предусматривает овладение способами деятельности в собственных интересах и возможностями, обеспечивающими физическое, духовное и интеллектуальное саморазвитие, эмоциональную саморегуляцию и самоподдержку. Компетенция предполагает формирование психологической грамотности, внутренней экологической культуры, заботу о собственном здоровье и владение основами безопасной жизнедеятельности, что, в целом, позволит овладеть такими качествами, как умение соотносить свои возможности с реальной перспективой планирования и организации деятельности, с чувством собственного достоинства, быть ответственным за свои поступки и свою жизнь.
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар Президент Н. Ә. Назарбаевтың осы салаға жете көңiл аударып, жан-жақты қолдау көрсетуi мен бастамалары арқасында жүзеге асуда. Соның нәтижесiнде бiлiм мен ғылымды дамыту саласында да едәуiр табыстарға қол жеткiздi. БҰҰ-ның дерегiнше, Қазақстандағы сауаттылық халықтың 99, 6 пайызын құрайды. Бұл - әлем елдерiмен салыстырғанда өте жоғары көрсеткiш. 2009 жылы жаппай бiлiм беру мониторингi бойынша ЮНЕСКО-ның арнайы баяндамасында көрсетiлгендей, баршаға арналған бiлiм берудi дамыту индексi бойынша Қазақстан Республикасы 129 елдiң арасында 1-орынға қол жеткiздi. Бiрқатар мектептерде үш тiлде бiлiм беру жүйесi енгiзiлуде. Алдыңғы қатарлы елдердiң тәжiрибесiне сүйенiп, «Е-LEARNING» электрондық оқыту жүйесi де бiздiң елде қолданысқа енгiзiле бастады. Президент биылғы Жолдауында: «Бүгiнде Назарбаев Университетi мен Зияткерлiк мектептер табысты жұмыс iстеуде. Кәсiптiк-техникалық бiлiм берудiң озық мекемелерiнiң желiсi дамып келедi. Олардың тәжiрибесiн бүкiл қазақстандық бiлiм беру жүйесiне таратып, барлық бiлiм беру мекемелерiн солардың деңгейiне тарту қажет», - деген мiндет қойды.
. . . 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қаласында құрылып жатқан бірегей оқу орындары - «жаңа халықаралық университет», «Арнаулы қор» және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан «Интеллектуальдық мектептер» секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ.
Нұрсұлтан Назарбаев
Семинар - тренинг
Жарияланды 15-07-2014, 15:15 Категориясы: Ұстаздарға
Сынып жетекшілермен өткізілген
Семинар - тренинг
Семинарымыздың эпиграфы:
• . . . Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса.
Халық даналығы
ЖОСПАРЫ
• І. әр түрлі
• тренингтер
ІІ. дәріс
• интерактивті
• оқыту
ІІІ. тәрбие саласындағы соңғы жаңалықтар
РЕФЛЕКСИЯ
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Ортада шеңбер жасап, әрқайсыңыз бүгінгі көңіл - күйіңізді бір - біріңізге қарап ыммен білдіріңіз
Өзінше конструкциялау
ТОПҚА БӨЛУ
Топта бірлесіп жұмыс жасауды ұйымдастыру
«Алтын» ереже
* Ойымызды ашық айтамыз;
• бір - бірімізді тыңдаймыз;
• * «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;
* бір - бірлеп сөйлейміз;
* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;
* бір - бірімізді ұғынуға тырысамыз;
* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;
* құпиялылықты қадағалаймыз;
* уақытша шекараны қадағалаймыз;
* бір - бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т. б.
Сіз қандай сынып жетекшісіз?
Қатардағы дөңгелектің біреуін таңда
• 1 - 2 таңдағандар -
• Кез келген ортада өзін көрсете алатын, ашық, жарқын, көпшіліктің алдына шыға алатын, істеген істерінен нәтиже шығара алатындар, бірақ бұл топтағыларды жиі мақтап қоймаса істері алға баспайды, мақтауды сүйетін жандар
• 7 - 8таңдағандар -
• Керісінше бұл топтағылар ойын сыртқа шығара алмайтындар, бірақ үнемі ізденісте жүретіндер, білімділер
• 3 - 4 - 5 - 6 таңдағандар -
• Жұртқа үйреткенді жақсы көретін, жаңашыл, білмегенін сұрайтын, ізденіп жүрген сынып жетекшілер
Әр топқа тапсырма
• Мына 10 затты пайдаланып
• мектеп ғимаратын салыңыздар.
• 1. принтер 6. кітап
• 2. алма 7. қалам
• 3. сызғыш 8. шахмат
• 4. кеме 9. пима
• 5. ұялы телефон 10. құмыра
Афишалау
Топтарыңызда туған жұмысты іліп аудиторияға таныстыру
Барлық қатысушылар өз ойларын айту
Жауабы:
• Әр топ бір - бірін бағалайды:
• жаңашыл топ - жаңа технологиямен жұмыс істейтіндер, жаңашылдыққа бейім
• Ескі әдіс - тәсілдермен жұмыс істейтін, жаңалыққа ұмтыла қоймайтын топ
Семинардың өткізілу орны мен уақыты: 30 қаңтар 2014 ж. 15-00, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ПҚ БАИ Жамбыл облысы бойынша филиалының мәжіліс залы.
Семинар мақсаты: тыңдаушылардың құзыреттілігін көтеру және әдістемелік көмек көрсету.
Жалпы семинарға қатысушылар: қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының белсенді тыңдаушылары, кафедра оқытушылары.
2014 жылдың 30 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен кафедра оқытушыларына және белсенді курс тыңдаушыларына семинар-тренинг өтті.
Семинарды «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., қаум. профессоры К. С. Таукебаева семинарды ашық деп жариялады. Өз сөзін ҚР Президентінің «Қазақстан жолы -2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан бастады: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар». Сондықтан оқытушылар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында курс тыңдаушыларының кәсіби құзыреттіліктерін көтеру және дамыту болып табылады. Семинар мақсаты Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігінің акмеологиялық негіздерін қалыптастыру мен меңгерту.
Семинар барысында мынадай сұрақтар талқыланды:
- білім аумағындағы методология және терминология, құзыреттілік туралы түсініктері;
- коуч және мұғалім: коучинг (ағыл. coaching - білім беру, оқыту, дайындау) - консалтинг пен тренингтің бір түрі; классикалық консалтинг пен тренингтен айырмашылығы, коуч кеңес береді;
- нақты ұсыныс жасамайды, мәселенің шешімін клиентпен бірге іздеуге тырысады;
- клиенттерін ынталандыру бағыты оны психологиялық кеңес беруден ерекшелене түседі. Коучпен жұмыс істеу қандай да бір нақты мақсатқа, өмірде жаңа, оңтайлы құрылған нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар акмеологиялық диагностика бойынша жаттығуларды, мәселелерді тиімді шешуге, демо-коучингті меңгерді.
Семинар-тренинг қызықты, өз дәрежесінде өтті.
Мазмұны:
1. Баяндама «Отбасы мен мектеп
арасындағы байланыс»
2. Ашық тәрбие сағаты: «Ата-ананың
бала тәрбиесіндегі рөлі»
3. Тренинг ойыны (Мектеп
психологы)
Қатысушылар:
1. Шыңғырлау орта
жалпы білім беретін
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімдері.
2. Ата-аналар комитеті
3. Бастауыш сынып ата-
аналары
Мазмұны:
1. Баяндама «Бала тәрбиелеудің
басты қағидалары»
2. Ашық сабақ (4 сынып мұғалімі)
3. Іс-тәжірибе алмасу «Баланың жеке
тұлға ретінде қалыптасуын
қамтамасыз ету» (Бастауыш сынып
әдіскері)
4. Ата-аналар комитетінің пікірлері
астана қаласының 15 жылдық мерекесі қарсаңындаТараз қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өтті.
Оның ашылу рәсіміне қатысқан аймақ басшысы Қанат Алдабергенұлы көпшілікті құттықтап: «Бүгін ХХІ ғасырдағы заманауи білім ордасы ашылып отыр. Бұл құрмет Астананың 15 жылдығына арналады. Сондай-ақ еліміздегі бәсекеге қабілетті бұл оқу орнында білім алатын талантты оқушылар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған жабдықтар арқылы білім көкжиегіне шығады деген үміттемін. Қазіргі күні бұл мектепке 720 бала іріктелініп алынды. Мұндағы заманауи жабдықтардың аясында білім ала-тын оқушылар бір мезгілде онлайн жүйесінде дәріс ала алады. Сонымен қатар Назарбаев Зияткерлік мектебі өңірдегі ұстаздар қауымы үшін де біліктіліктерін арттыратын орталыққа айналады. Біздің оқушыларымыз жыл сайын өз жетістіктерімен қуантып келе жатса, ендігі жерде сондай білімді жеңімпаздар қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары әлі талай биіктен көрінеді» деді. Ал, бұдан кейін сөз алған Назарбаев Зияткерлік мектептері басқарма төрайымы Күлаш Шәмшидинова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен өңірлерде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрылысын жүргізу 2008 жылы бастау алып, содан бергі аралықта көне шаһар төрінде пайдалануға беріліп отырған оқу ордасы 12-мектеп екендігін алға тартты. «Назарбаев Зияткерлік мектептері экспериментальдық алаң болып есептеледі. Бұл мектептер элиталық мектептер болып саналмайды. Керісінше, заманауи үлгіде білім беретін білім ордалары болып есептеледі. Ағымдағы жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 451 түлек түлеп ұшса, солардың қатарында 78 «Алтын белгі» төсбелгісінің» және 40 Үздік аттестат иегерлері шығып отыр. Сондай-ақ Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірген 86 түлектің барлығы дерлік жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді» деді ол. Сондай-ақ мектептің ашылу салтанатында осында құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның директоры Сайдулла Талабеков оқушыларды құттықтап, символдық кілт-ті табыс етті. Сөз сөйлеушілердің қатарын-да Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Темірлан Жұманов оқушыларға сәттілік тіледі. Бұдан соң Астана қаласынан арнайы келген Нұрсұлтан Назарбаев атындағы «Өрлеу» білім беру грантының иегерлері оқушыларды Назарбаев Зияткерлік мектебіне қабылдау рәсімін өткізді. Шара аясында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткер-лік мектебі облыс орталығынан шалғай жатқан Талас ауданы Ойық ауылындағы Д. Қонаев атындағы орта мектепті өз қамқорлығына алғандығы белгілі болды. Назарбаев Зияткерлік мектептері директорлары қалыптасқан дәстүр бойынша Д. Қонаев атындағы орта мектептің директоры Ғылым Әлімхановқа әр Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы дайындаған ғылыми бағыттағы кітапхананы сыйға тартты.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1510 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1510 қаулысымен
бекітілген
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Мазмұны
1. Кіріспе
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Миссия және пайымдау
4. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, шешуші көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер
1. Кіріспе
Қазіргі таңдағы адам ақпарат саласында қарқынды өрлеу жағдайында өсуде. Осы орайда мектеп алдындағы тұрған мақсат - оқушыларды өмір жолында туатын сұрақтарға жауаптарды өз бетімен табуға үйрету; өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын бағалап, олар үшін жауапкершілікті ала білу, мұның өзі өмір барысында жиналатын білімнің негізі болатын өзін-өзі оқыту мен дамыту дағдыларын алуды, осы білімді шығармашылық күйде қолдана білуді білдіреді. Мектеп осы жағдайларда өз оқушыларының бойында жинақылық, серпінділік, сындарлылық қасиеттерін дамыта отырып, заман өзгерістеріне әзірлеуі тиіс.
Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев 2009 жылғы 13 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-де еткен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа зияткерлік серпін» тақырыбындағы дәрісінде: «ұлттық интеллектің діңгегін, Қазақстанның зияткерлік элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру қажет» деп атап көрсетті.
Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті, өмірге белсенді көзқарас пен жоғары білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметке қатыстыру, қазақстандық және әлемдік білім беру жүйесінің таңдаулы дәстүрлеріне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін құру осы заманға сәйкес білім берудегі объективтік қажеттілік болып табылады. Зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қалыптасқан мектеп құрылымын, қарым-қатынастар жүйесін, білім беру мазмұнын жобалауды, оқыту әдістемесін, білім жетістіктерін бағалау қағидаларын өзгерту қажет.
Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау үшін оқушының мүмкіндігін барынша аша алатын, оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттілігін толықтай есепке алуға жағдай құра алатын жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын зияткерлік мектептер жүйесін құру қажет. Жоғары сыныптардағы оқыту оқушыларды бейінді бағыттауға және беделді ұлттық, шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға жоғары сынып оқушыларын нысаналы даярлауға бағытталуы тиіс. Осылайша Зияткерлік мектептер жүйесін жаңа нысандағы ұстаздар құрамын, оқуға және өз-өзін жетілдіруге бағытталған оқушылар ортасын құруға және оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар мен әлеуметпен берік қатынастар орнатуға ықпал ететін инновациялық орта ретінде қарастыруға болады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы әлеуметтік саладағы «20 Назарбаев Зияткерлік мектептері» серпінді жобасын іске асыру үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамының даму стратегиясын (бұдан әрі - Стратегия) әзірлеуді қажет етеді.
2. Ағымдағы жағдайды талдау 2. 1 Сыртқы ортаны талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz