Ландшафт дизайнының негізі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнының негізі

1. 1. Ландшафт дизайнының тарихы мен теориясы

1. 2. Ландшафт дизайны және бейнелеу өнері сабағының орны

мен ролі

2- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнын практикада қолдану әдістемесі

2. 1. Ландшафт дизайнының эскизін, жобасын және жоспарын сызу

2. 2. Ландшафт дизайнының макетін жасау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Ландшафт дизайны ландшафт сәулеті, сәулетші-дизайнер және жасыл

желек құрылысы инженері қызметінің маңызды облысы болып табылады. Ландшафт сәулеті табиғи және жасанды компоненттердің әртүрлі сәйкестігі бар ландшафты қалыптастыру және сақтау мәселелерін шешеді.

Соңғы жүз жылда ландшафт сәулетінің қызмет ету аясы айтарлықтай кеңейді. Барлық қалалық және қала сыртындағы кеңістіктер ландшафт сәулетінің нысандары болып табылады.

Соңғы жылдары ландшафт дизайнының көкейтестілігін айтып өтуге болады. Оны әсіресе қала сыртында жеке үйлері барлар қолданады. Қазіргі таңда жер телімін көгалдандыру және абаттандыру кең қанат жаюда. Қазір үйдің габариті (үлкендігі) маңызды болып саналатын уақыт емес. Ғылыми тілмен айтқанда, ландшафт дизайны дегеніміз - табиғи ресурстарды қолдана отырып, бақша немесе жер теліміндегі ортаны қалыптастырудың кешенді іс-шарасын жүзеге асыру.

Шынын айтқанда, ландшафт дизайны үй жанындағы көңілсіз жер телімін жайлы әрі көркем мекенге айналдырады. Ландшафт дизайнының аясы өте ауқымды екенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, ландшафт дизайны дегеніміз - адамдар мекендейтін, өнеркәсіп және ауылшаруашылық аудандарының территориясында, қалалалық ықшам аудандарда абаттандыруды, көгалдандырудың әртүрлі түрлерін, сонымен қатар бау-бақша өнерін жүзеге асыру болып табылады. Ландшафт дизайны оңай жұмыс емес. Сондықтан қызметтің аталған түрін осы саланың мамандары ғана орындай алады, өйткені ол арнайы білгірлік пен білімді талап етеді. [7] .

Ландшафт сәулетінің дамуы, оның нысандарының аумағы мен міндеттерінің кең қанат жаюы онда өзіндік бағыттарды бөліп алуға әкеліп соқтырды, атап айтқанда, ландшафт дизайны. Ландшафт дизайны дегеніміз - декоративті көгалдандыру құралдарын, геопластиканы, кіші сәулет түрлерін, декоративті жабуды, визуалды коммуникацияны қолдана отырып, жасанды сәулеттік (архитектуралық) ортаны қалыптастыруға бағытталған шығармашылық қызмет. Ландшафт дизайны - ландшафт сәулетінің жаңа бағыты және оның қажетті тармақтары.

Қазіргі таңда итальяндық, француздық саябақтарының, ағылшын және жапондық кіші бақтары мен басқа нысандардың ландшафт жобаларының көптеген тәсілдері қолданылып келеді. Қазіргі ландшафт дизайны сөзссіз өткен бау-бақша-саябақ өнерінің бай дәстүріне сүйенуі және қоршаған орта нысандарын жобалау бойынша қажетті білімдермен қарулануы қажет. Үйлесімді ландшафт нысандарын жасау үшін алдымен ең қажеттісі - сәулет композиция негіздерін, пәндердің көркемдік циклын, сонымен қатар, дендрологияны, агротехниканы, ландшафтты жобалауды білу. Сонымен қатар ландшафт сәулетінің тарихын оқып-үйрену аса қажет.

Ландшафт дизайнерінің негізгі міндеті - функционалдық, экологиялық және эстетикалық талаптарға сәйкес кеңістікті ұйымдастыру, оның жарқын көркемдік бейнесін жасау және адамдарда оң көзқарас қалыптастыру.

Ландшафт дизайнының мақсаты - сәулеттің табиғи элементтермен бірігуі.

Менің диплом жұмысымның зерттеу мақсаты - ландшафт дизайнын орындау әдістемесін дайындау моделін эксперимент жүзінде тексеру және құрастыру және ғылыми негіздеу.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

  • дизайнерлік ойлау қабілетін дамытуға қол жеткізу үшін қажетті психология-педагогикалық әдебиеттерді оқып-үйрену;
  • ландшафтты жобалау аясындағы практикалық тәжірибелерді оқып-үйрену;
  • дизайнерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар дайындау.

Неізгі міндеттерді оқып-үйренудің бастапқы сатысы - дизайн-қызметі туралы алғашқы кәсіби түсініктерді, жобалау жұмыстарының алғашқы дағдысын меңгеру, сонымен қатар перспективалық және ауқымды жұмыстар, атап айтқанда, оның кәсіби білімі мен дағдысының ұшқырлығын тәрбиелеу, олардың ойлаудың жалпы принциптері мен шығармашылық әдісін меңгеру жұмыстары жүргізіледі.

Зерттеу нысаны: ландшафт дизайнын орындау әдістемесін дайындау үдерісі (процесі) . Ландшафт дизайны сабақтарындағы көркемдік-конструкторлық қызмет және дизайн саласындағы болашақ маманның дамуы үшін қажетті материалды өте тиімді меңгеруі.

Зерттеу тақырыбы : ландшафт дизайнын орындау жүйесі.

Гипотеза: егер зерттеу барысында дайындалған ландшафт дизайнын орындау әдістемесі дизайнерлік ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізсе, онда оқу үдерісінің негізгі мақсатына, яғни өзінің алған мамандығы саласында жаңа және прогрессивті идеясы бар ландшафт дизайны саласының кәсіби маманын дайындауға қол жеткізуге болады.

Зерттеу әдістері: аналитикалық, салыстыру, жалпылау және жүйелеу әдістері.

Дерек көздерін сараптай келе, біз жоғары және арнаулы орта оқу орындарында дизайнды орындау әдістемесін дамытудың және жетілдірудің көптеген негіздері бар деген ойға келдік. Аталған жұмыстың ерекшелігі - жаңа бағыттың дизайнерін кәсіби дайындауға септігін тигізетін ландшафты жобалауды орындаудың өнімді әдістемесін дайындау болып табылады.

1- БӨЛІМ. Ландшафт дизайнының негізі

1. 1. Ландшафт дизайнының тарихы мен теориясы

Ландшафт дизайнының тарихы.

«Ландшафт дизайны» термині бірінші рет осыдан жүз жылдан астам бұрын АҚШ-та пайда болды, сол кезде аталған елде алғашқы ұлттық саябақтардың тасы қаланды, бірақ бұнымен біз ландшафт өнерінің тарихы қысқа деп айта алмаймыз. Десек те, ландшафт тамыры алыста жатыр және оның бай тәжірибесі мен мұрасы осы күнге дейін жетті.

Ландшафт дизайнының тарихы өзінің бастамасын Ассирия және Вавилония мемлекеттерінің өркендеу кезеңінен алады (Двуречья мемлекеттері) . Бұл кезең Ассирия-Вавилон мәдениеті (б. э. д. 8-7 ғ. ғ. ) деп аталады. Шикі кірпіш негізгі құрылыс материалы болды. Бұл осал материал болғандықтан, сәулет ескеркіштерінің тез жоғалып кетуіне әкеліп соқтырды. Двуречья қалалары домалақ, кейіннен тік үшбұрыш формасында болған, оларды екі қабатты немесе үш қабатты қамал қабырғаларының сақиналары қоршап тұрған. Сәулеттегі композицияны дамыту үшін кеңістікті көлденең жаю қолданылған. Осы кезеңге террасадағы құрылыс тән. Бұл көше үстін биіктетін жасанды үйінді платформалар. Бұл принцип сатылы мұнара бейнесіндегі храм-зиккураттар құрылысында қолданылған. Олар қатары бірте-бірте кеміп отыратын бірінің үстіне бірі қойылған квадрат немесе тік үшбұрышты платформалардан тұрады. Платформаның жоғарғы жағы храммен бітеді. Төменгі платформаның аяқ басатын жеріне периметр бойынша арнайы қазылған шұңқырға өсімдіктер отырғызды.

Семирамиданың «аспалы бақтары» ерекше танымал болды. Олар Навуходоносор II Оңтүстік сарайының ауласында (б. э. д. 605-562 жж. ) жасалған. Бақтар жоғары қарай көтерілген террасалар қатарын құрады. Бақ қала дуалдарының солтүстік-шығыс бұрышына ұштасты. Оның оңтүстік бөлігі сарай бөлмелеріне шықты. Ол жоғарлаған сайын жіңішкеріп отыратын төрт сатылы терраса түрінде жасалды. Төменгі террасаларға ағаштар, ал жоғарғы террасаларға бұталар мен гүлдер отырғызылды. Террасаланған бақтар немесе «аспалы бақтар» жасау идеясы өз жемісін берді. Ол әрі қарай өз дамуын Парсы, Италия, Ресей (Мәскеу Кремлінің «жоғарғы бақтары» 17 ғ. аяғы) бақтарында жалғастырды.

Сонымен қатар Ассирия-Вавилон мәдениетінде б. э. д. 8 ғасырда Ассирия патшасы жасаған Хорсбад қаласының кең саябағы болды. Бұл жерде басқа елдерден әкелінген ағаштар: кипарис, кедр, платан, ива, терек, самшит және тағы басқа жеміс ағаштары отырғызылды. Аң аңлау мен атпен серуендеуге арналған кең саябақтар да болды. Бұл саябақтар орман саябақтарының екінші бейнесі болып табылады.

Египет

Египет мемлекетінде қала құрылысы, сәулет және өсімдік өсірумен қатар бақ өнері де дамыды. Ежелгі Египетте ландшафт дизайнындағы бақтар келесі принциптер бойынша қалыптасты:

Жүйелі жоспар. Ол симметрияны қолдануды, яғни композицияның осьтік құрастырылуын қарастырады.

Жабық композициялар қалыптасады.

Су қоймалары - бақтың негізгі бөлігі.

Ритм композициялық тәсіл ретінде қолданылады.

Аллеялық және қатарлы егу.

Өсімдіктер ассортиментінде экзоттар қолданылады.

Сарайларда, храмдарда, ауқатты адамдар үйлерінде бақ отырғызылды. Солар қаланы жасыл желекке бөледі. Ежелгі Египет бағы діни, утилитарлық (пайдалы) және эстетикалық функциялардың бірігуімен сипатталады.

Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекияда бақ өнері Александр Македонскийдің жаугершілік жорығымен байланысты. Ежелгі Грекияның ландшафт дизайнына азиаттық бақ өнері қосылған.

Ежелгі Грекия геррондар (қасиетті тоғайлар), философиялық бақтар мен жекеменшік бақтар тәрізді көгалдандырумен сипатталады. Геррондар таза мемориалдық сипатта болды: скульптуралар, сәулеттік құрылыстар, бұлақтары бар орман массивтері. Қасиетті тоғайлар да мемориалдық сипатта болғанымен, уақыт келе олар спорттық саябақтарға айналды. Ғалымдық әңгімелер, пікір-таластар үшін философиялық бақтар салынды. Қалалық алаңдар жол шетіне орналасқан қатарлы жасыл шыбықтармен көгалдандырылды. Жекеменшік бақтар утилитарлық (пайдалы) сипатта болды: олардың негізгі көгалдандыруы гүлді өсімдіктер болды.

Ежелгі Грекияның ландшафт дизайнында бақтардың пропорционалдығы (сәйкестігі) қатаң түрде сақталды. Оларды жасау үшін тепе-теңдік, ритм және симметрия принципі қолданылды. Ежелгі Грекия бақшаларында (Египет бақшаларынан айырмашылығы) террасалау қолданылды. Террасаларға үлкен ағаштар, гүлдер отырғызылып, фонтандар орналастырылды. Бұл жерде қарапайым әрі еркін композиция қарастырылған: декоративтік, жасыл аумақтарды қоршалау, иілген басқыштар және көптеген әшекейлер.

Ежелгі Рим

Римдік бақ-саябақ өнері грек өнерінен көптеген элементтермен айрықшаланады, мысалы, олар композициядағы ландшафт дизайнының монументальды және орасан зор конструкцияларын қолданды, яғни олар «табиғатты бағындырғылары» келген сияқты.

Ауқатты адамдардың көптеген виллалары алуан түрлі декоративтік жұмыстардан тұрды: фонтандар, су толқындары, отырғызылған гүлзарлар, ағаштар мен бұталарды қырқу өнері, перголдар, жабық аллеялар, декоративті скульптура, отырғыштар және тағы басқалар.

Отырғызылған бұталардың, ағаштардың, гүлдердің ассортименті өте көп болды. Бақтары, 700-ден астам бассейні, 500-ден астам фонтаны және акведуктері бар монша кешені (терма) ландшафт сәулетінің жоғары дамығанының куәсі болып табылады. Осы уақытқа дейін көптеген көпірлер мен акведуктер көлік тасымалдауға қолданылады. Жүйелі бақтарды, саябақтарды жасаудың, жермен, өсімдіктермен, су конструкцияларымен жұмыс істеудің көптеген тәсілдері өз бастамасын ежелден алады және жасанды ортаны жасаудың негізі болып табылады.

Сонымен, антикалық және эллинистикалық дәуірі тек қана Еуропа елдеріне ғана емес, сонымен қатар әлемнің көптеген аймақтарына зор ықпал етті.

Араб Испаниясы

Испан-мавритандық бақтар сипаттамасы - бұл қарапайым жоспарлау мен шешім жекелігі. Бақтың негізгі мотиві - су. Жүйелі жоспарлауда міндетті түрде ішкі аула (патио) болады. Нүкте суреттері салынып, аркадалар безендіріледі. Климаттық жағдайға сәйкес экзотикалық өсімдіктер (мандариндер, кипаристер, апельсиндер, олеандр) . Олар еркін түрде отырғызылды, оларды қырқу негізінен қолданылмады. Климаттың өте ыстық болуына байланысты газон қолданылмады, территория декоративті тас төсеумен безендірілді - бұл Араб Испаниясы бағының маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Орта ғасыр

Орта ғасырдағы бақ-саябақ өнері дегеніміз - монастырлар мен қорғандар жанындағы кішігірім бақтар.

Монастырлық бақтар. Жоспары өте қарапайым, геометриялық, ортасында бассейні мен фонтаны бар. Бақ негізінен төрт бөлікке (жолдарға) бөлінген. Жолдардың тоғысқан ортасына роза бұталарын отырғызды немесе Иисус Христың кресін орнатты. Бақ-лабиринт қалыптасты. Ол шеңберге немесе алты бұрышқа салынған ою-өрнектерден, суреттерден тұрды, оларды өте қиын жолмен ортаға әкеліп орналастырды. Ерте орта ғасырдағы осы суретті храмның еденіне салды, кейінірек жолдары қырқылған бұталардан жасалған дуалдармен бөлінген баққа әкелінді. Соңынан жүйелі және пейзаждық саябақтарда бақ-лабиринт кең өріс алды.

Феодалдық бақтар. Қорған жанындағы бақтарды оның территориясының ішінде жасады. Олар кішігірім және жабық болды. Бақтарда жүзімнен, розариядан жасалған жабық аллеялар салынды, алма ағаштары, арнайы суреттер бойынша клумбаға отырғызылған гүлдер өсірілді. Гүлзар, трельяж, пергол тәрізді декоративтік элементтер пайда болды. Ірі феодалдар қорғандарында кең көлемді бақтар - прато жасалынды. Кейінірек орта ғасыр алғашқы университеттердің ашылуымен сипатталады (Болонья, Париж, Оксфорд, Прага) .

Бақ ісі және ботаника дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізді, алғашқы ботаникалық бақтар ( 1525ж. Пиза қаласында) пайда болды.

Қайта өрлеу дәуірі

Қайта өрлеу дәуірінің бақ-саябақ өнері сәулет ансамблінің жоспарлы және композициялық бірлігімен сипатталады. Итальяндық бақ - бұл біртұтас көркем шығарма. Мұнда табиғат пен өнер өз үйлесімін тапқан. Итальяндық Ренессанс бақтарына ландшафт дизайнында қолданылатын жалпы белгілер тән.

Бақтар бір-бірімен басқыш арқылы байланысқан террасаларда орналастырылды. Қабырғалар (дуалдар) тастармен қаланды, украшают нишами, устраивают гроты. Балюстрадалармен, скульптуралармен безендірілген террасалар итальяндық бақтардың негізін қалады.

Су қайта өрлеу дәуірі бақтарының негізі болып табылады. Су фонтандарда, каскадтарда, бассейндерде және әртүрлі су тоғандарында жалтырауықтармен, музыкамен берілді. Су итальяндық бақтардың композициялық ортасы болып саналады.

Ширококронные ағаштар қолданылды: платандар мен емендер, кейде кипаристер, табиғи тірі қоршау жасау үшін лаврды, самшитті, кипаристі қолданды. Сонымен қатар жапырақты және жеміс, май ағаштары отырғызылды. Осы жаңа тәсіл - боскет пайда болды. Боскет - жүйелі жолдармен шектелген геометриялық контур. Ішкі жағына қатар-қатарымен отырғызылған егінділермен немесе тірі табиғи қоршаумен қоршалған ағаштар отырғызылды. Алуан түрлі гүлдер ассортименті отырғызылды.

Жүйелі итальяндық бақтар жабық болды. Бақтар сәнді және бай болды. Бақтың колористикасына, түрлерге баса көңіл бөлінді.

Еуропалықтар үшін көптеген крест жорықтары Шығыстан жаңа мәдени серпін алып келді. Осы жағдай Еуропада Қайта өрлеу дәуірінің басталуына әкеліп соқтырды. Басқалардан сәл ертерек, XIV ғасырда Италияда мәдени өрлеу басталды, бұл бақ-саябақ өнерінде Барокко стилінің пайда болуына ықпал етті. Аталған стиль бойынша бақ сарайдың жалғасы болуы керек, яғни бөлмелер, дәліздер, сәнді, салтанатты заттар болуы керек. Бақты ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалған материалдық шығын зәулім сарай соққанмен бірдей болды. Аймақтың таулы болуына байланысты бақтарды тік және жоғары террасаларда текпешік түрінде орналастыру қарастырылды. Террасалардың жалпы саны әртүрлі болды, атап айтқанда, Фарнезе вилласындағы бақтарда - үшеу, Ланте вилласында - бесеу, Д'Эсте вилласында - сегіз. XVI ғасырдың аяғына дейін итальяндық бақтардың көлемі 1 - 3, 5 Га болды. Сол кездегі аллеялар тар және қысқа болды, сарай жер телімінің орталық осінде орналасты. Бақтарға қалың ағаштар, бұталар отырғызылды, бұл олардың визуалдық жабықтығын қалыптастырды. Айналадағы ландшафт түрлері белгілі бір нүктелермен, бағыттармен шектелді. XVII ғ. Басына қарай итальяндық бақтар көлемі жағынан өсе бастайды, бұл жоспарлаудағы өзгерістерде өз көрінісін таба бастады. Аллея үлкен маңызға ие болды, өз араларында «жасыл залдарды» біріктіріп қана қоймай, мақсатты түрде қызықты нысандардар бағытына қарай бақ ішіндегі қозғалысты ұйымдастыра отырып, олардың керемет бай анфиладасын біріктірді.

Итальяндық барокконың классикалық бақтарының айрықша сәулеті контрастық рельефті, плиталармен жабдықталған жолдар мен алаңдарды қолдануда көрініс тапты, көбінесе тас құрылысында: биік қабырғалар, павильондар, гроттар, балюстрадалар, басқыштар.

Декоративтік бассейндер мен су құрылыстары: каскадтар, каналдар, фонтандар және т. б. санының көп болуы қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Барокконың өрлеуі дегеніміз - топиарлық (топиарного) өнердің гүлденуі, өсімдік фантастикалық формаға ие болды. Ширококронные ағаштар қолданылды: платандар мен емендер, кейде кипаристер, табиғи тірі қоршау жасау үшін лаврды, самшитті, кипаристі қолданды. Сонымен қатар жапырақты және жеміс, май ағаштары отырғызылды. Осы жаңа тәсіл - боскет пайда болды. Боскет - жүйелі жолдармен шектелген геометриялық контур. Ішкі жағына қатар-қатарымен отырғызылған егінділермен немесе тірі табиғи қоршаумен қоршалған ағаштар отырғызылды. Алуан түрлі гүлдер ассортименті отырғызылды.

Барокко Италиядан Францияға көшіп келді, айтатын болсақ, Андрэ ле Нотрдың король Людовик XIV арнап салған Парижге жақын орналасқан Версаль бағы ең көрікті нысан болып саналады. XVI ғаысрдың 20-шы жылдарынан бастап, еуропалық монархтардың көпшілігі Версаль стиліне еліктей бастады. Соңғы 100 жылда Версальда жасалған негіз жетілдіріле бастады. Берілген бағыт бойынша бүкіл әлемге танымал стиль - Француз классицизмі дамыды.

XVIII ғасырдың соңғы он жылдығында Англиялық мәдениеттің жаңа серпіні ландшафт дизайнының пейзаждық стильдің пайда болуына әсер етті. Негізге оның табиғылығы таңдалды. Алаңқайлар мен шалшықтар жасалды, топтық ағаштар отырғызылды, қисық сызықты жолдар, ирелең жағалауымен су қоймалары салынды. Әңгімелесу орындары (беседка), павильондар, трельяждар секілді кіші сәулеттік формалар қолданылды. Уильям Кент пен Ланселот Браун ландшафт дизайнындағы жаңа бағыттың әйгілі өкілдері болып саналады. Кент құрастырған бақты жоспарлау концепциясы табиғатқа түзу сызық тән емес деген тұжырымға негізделген. Браун Латон Худағы 1600 акр жер көлемін алып жатқан әйгілі бақтың авторы болды. Осы бақта көптеген әртүрлі су тоғандары, төбелерге отырғызылған жасыл желектер, топтық ағаштар отырғызылған ирелеңдеген алқаптарды кездестіруге болады. Осы жерде керемет әсем тас және су өсімдіктер, розарий, гүлдеп тұрған бұталар да (түкті шие, рододендрондар, азалиялар) кездеседі. Ағаштар көлеңкесіндегі шалғында баданалы өсімдіктер отырғызылған. Үлкен емес көлдерде дамба соғу арқылы өзендер салу, көптеген жерлерді қазу, жоғары эстетикалық талаптарға сәйкес ормандар отырғыза отырып, пейзаждық стильдегі бақтар мен саябақтарды жоспарлау кең көлемде жүргізілді.

XIX ғасырдың басында ландшафт сәулетіндегі Браунның әдісіне (манерасына) деген қызығушылық төмендей бастады.

Бір жылдық өсімдіктер симметриялы түрде отырғызылған викториандық бақ пайда болды. Бұл жерде қалған компоненттер гүлзардың орналасқанына тәуелді болды. Бірақ осы жағдайда бақтар ұзақ өмір сүре алмады. Ағылшындардың ландшафт дизайнының дамуына қосқан негізгі үлесі - бұл бір жылдық шөптесін өсімдіктерден тұратын газондар мен бордюрлар.

Пейзаждық стильде қолданылған ландшафты қалыптастыру прициптері «батыс» өркениетінде кең өріс алды және осы уақытқа дейін зор ықыласпен қолданылады. Айта кету керек, Шығыста (Қытай, Жапония, Корея) ландшафт өнері табиғилық концепциясына ұқсас өз принциптерін ұстанды.

XIX -шы жүз жылдық барысында қала өмірі кең қанат жая бастады, сондықтан қалалық сәулетті жоспарлауды ландшафттық бағбаншылық дәстүрімен қосу қажет болды және ландшафт сәулеті мен дизайнына қазіргі керемет мәртебені берді. Осы тенденцияларды ескере отырып, XIX ғасырдың екінші жартысында америкалық сәулетші Фредерик Лоу Олмстед қазіргі ландшафт сәулетіне үлкен әсерін тигізетін бақтар топтамасын бітірді.

XIX - XX ғасырлар аралығында ландшафт өнерінің көптеген стильдері мен бағыттары туындады, олардың басым көпшілігі уақытша, ал кейбіреулері қазірге дейін сақталды, атап айтсақ, бізге белгілі - модерн.

XX ғасырда ландшафт дизайны техникалық және мәдени прогресс серпініне жауап бере отырып, тез өзгеріске ұшырайтын әлемнің эмпириялық моделін өзінде іске асыра отырып, қазіргі постмодерндік дәуіріне бізді әкеле отырып, дамыды, әрі өзгерді.

Франция, 17-ғасыр

Итальяндық бақтардан алынған барокко стиліндегі бақтар қалыптаса бастады. Оларды жоспарлау өте қарапайым, бірақ олар гүлзарлармен қымбат әшекейленген. Гүлдерден әсем партерлер - бродери жасалады. Орман . алқаптары атпен серуендеуге және аң аулауға қолданылды. Су каналдар мен су партерлерін жасауға қолданылады.

Өткен уақыттағы бақ-саябақ өнерінің жүйелі стилі болашақ бақтарын жасауға әсерін тигізді.

Англия, 18-ғасыр

Англияда пейзаждық саябақ дами бастады. Бұған жұмсақ климат пен ылғал ықпал жасады: топтық ағаштармен, бұталармен безендірілген кең көлемді шалғындар жасалынды. Шалғындар қойлар бағатын жайылым ретінде пайдаланды.

Англия бақтар жасауда жүйелі стильден бас тартты, олар пейзаждық бақтарды жетілдірді. Табиғилық - олардың негізі болды. Алаңқайлар мен шалшықтар жасалды, топтық ағаштар отырғызылды, қисық сызықты жолдар, ирелең жағалауымен су қоймалары салынды. Әңгімелесу орындары (беседка), павильондар, трельяждар секілді кіші сәулеттік формалар қолданылды. Оларды саябақта орналастырды. Сонымен қатар кейде фонтан орнатты.

Пейзаждық саябақты құрудың өз принциптері бар - бұнда ландшафттың табиғи сұлулығы айрықша көрсетіледі, еркін жоспарлау, саябақтың барлық элементтері біртұтастыққа бағынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт дизайнының тарихы
Ландшафтық дизайн
Ағаштың қасиеттері
Архитектуралық дизайнның негізгі принциптерін және олардың тұрғын және жазғы ғимараттарға қолданылуын түсіну
Мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңының маңызы
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Мекеме дизайны
Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы Арыс көлі
Эко - стильдегі кафе дизайнының негізгі принциптері мен ерекшеліктері
Үйдің экстерьері және интерьері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz