ХІХ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН



КІРІСПЕ..

1ХІХ 60.70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР.
1.1 Қазақ даласында генерал.губернаторлықтардың құрылуы: даярлық жұмысы мен барысы.
1867.1868 жылдардағы «Уақытша Ереже»: мазмұны, сипаты, салдары.

21867.1891 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖӘНЕ ХХ Ғ.БАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР: СИПАТЫ МЕН МАЗМҰНЫ ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Дала және Түркістан генерал.губернаторлығының әкімшілік қызметі.

2.3 ХХ ғасырдың басындағы дала генерал . губернаторлығының әкімшілік жүйесіндегі қайта құрулар
Қазақ даласында енгізілген реформалардың зардапты салдары ... .

ҚОРЫТЫНДЫ..


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ресей империализмінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін еді.
60-шы жылдардың ортасы мен ХХ ғасырдың басында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресей империясының отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары және 1902-1903 жылдардағы Орал, Торғай мен Семей, Ақмола жеріндегі «Шаруалар басшылығы институты» болатын.
Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені белгілі.
Бүгінде отан тарихының іргелі мәселелерін қорытып, оны жазудың әдістерін айқындауды ерекше талап етіп отыр. Көршілес Ресей және олар сияқты европалық алпауыт елдер империализм кезеңіндегі тарихын жазуда, бүгінде, «жаңа» ұстанымдағы пікірлерін алға тарта бастағаны белгілі. Әрине, «жаңа империя тарихын» жазушылардың пікірлері бодан болған ел тарихшылары ойымен әрдайым ұштаса бермейді. Өйткені әр ел тарихшысының мемлекеттік ұстанымы болады. Сондықтан ел тарихын тек әрдайым отаншылдық принциптерін ұстанғанда ғана, тарихи зерттеу жұмыстары өз деңгейінен орын алатын болады.
1867 – 1917 ж.ж. Қазақстан тарихында қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік - мәдени өмірі қайшылығы мол күрделі оқиғаларға толы болды. Тарих ғылымының осы кезеңінің мәселелерін зерттеу тұрғысындағы маңызды қадамдарына қарамастан, оның көптеген қырлары әлі де нақтылауды және тереңірек зерттеуді қажет етеді. XIX ғасырда қазақ даласына енгізілген әкімшілік реформалар қайта зерттелуіне қарамастан, Ережеге енгізілген империялық биліктің үздіксіз толықтырылып отырған заңдылықтары жөнінде айтылмай қала берді. Ал шын мәнінде, аймақтарды басқару мәселесі Ресейдің полиэтникалық және орасан зор территориялық қатынасында дәстүрлі түрде маңызды орын алды, сондықтан басқару жүйесінде үздіксіз өзгертулер мен толықтырулар болып тұрды.
1 Внутренное обозрение //Вестние Европы.-1869. –N 10. С. 86-91.
2 Венюков М. Россия и Восток. –СПб. 1877.
3 Собрание литературных трудов Гейнса А.К. –СПб., 1897.
4 Лобысевич Ф. Тургайская область и ее устройство //Военный сборник. –Т. 28.-1871. С. 275-284
5 Середа Н.А. Из истории волнении в Оренбургском крае //Русская мысль. –Кн. 7-10. –1891. С.78-116.
6 Терентьев М.А. История завоевания Средней Азии.-Т. 1,2. –СПб., 1906. –122 с.
7 Потто В. Из путевых заметок по степи //Военный сборник. –Т. 118. –1878. – с. 42-44.
8 Мачулин П. Экспедиция на Эмбу в 1871 году //Нива. –1872. – N3,7,9.
9 Юзефович Б. о быте киргизов Тургайской области //Русский вестник. Т. 14. –1880. –Апрель. –С. 799-832.
10 Лобысевич Ф. Киргизская степь Оренбургского ведомства. –М., 1891. 66 с.
11 Алтынсарин И. Очерк обычаев при сватовстве и свадьбе о киргизов Оренбургского ведомства //Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 72-81.
12 Седалин Т. О развитии хлебопашества по бассейну реки Тургая //Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 81-89.
13 Дауылбаев Б. рассказ о жизни киргиз Николаевского уезда // Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 4. 1881. С. 89-117.
14 Словоохотов Л.А. Народный сут обычного права киргиз Малой орды //Труды Оренбургской Ученой Архивной Комиссии. –Т. 15. Оренбург, 1905. С. 5-15.
15 Крафт И.И. Принятие киргизами русского подданства //Известия Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 12. Оренбург, 1897. –59с.
16 Добросмыслов А.И. Тургайская область: Исторический очерк- // Сонда, Вып. 17. –Тверь, 1902. –С. 252-524.
17 Речь Крыжановского Н.А. // Записки Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 1. Казань, 1870. С.13-30.
18 Баллюзек Л.Ф. Новое административное деление Тургайской области //записки Ор. Отд. ИРГО. –Вып. 1. С. 232-234.
19 Записки Чернова И.В. //Труды ОУАК. –Т. 18. –Оренбург, 1907. –224 с.
20 Иванов Н. Исторические миниатюры //Труды ОУАК. –Т. 23. Оренбург, 1911.
21 Исследования Н.Чернавского //Труды ОУАК. –Т.7,10 СПб., 1900. –213 с.
22 Букейханов А. Киргизы //Таңдамалы.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1895. Б. 66-77.
23 Тынышпаев М. История казахского народа. -Алма-Ата, 1993. –224 с.
24 Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры. Алматы: Санат, 1995. –224 б.
25 Галузо П.Г. Национально-освободительное движение в Средней Азии в эпоху завоевания русскими. Ташкент, 1935. –222 с.
26 Сафаров Г. Колониальная революция: Опыт Туркестана.-Алматы: Жалын, 1996. -271 с.
27 Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР.- Л., 1941. –368 с.
28 Сулейменов Б.С. Подготовка реформы 1867-1868годов в Казахстане //Известия Каз. Фил. Ан СССР. –1946. N 2.
29 Сапаргалив Г.С. Карательная политика царизма в Казахстане. -Алма-Ата, 1966. –375 с.
30 Бекмаханова Н.Е. Царское правительство и институт султана в Среднем жузе в ХІХ в. //Известия Ан Каз ССР. 1968. Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 72-81. N 2.
31 Жиренчин К.А. Реформа управления 60-х годов ХІХ века в Казахстане и их политические и правовые последствия. Автореферат дисс канд.- Алма-Ата, 1979.
32 Жақыпбек С.Қ. Қазақ қалай шоқындырылды //Ақиқат. 1997. N 3. Б. 46-49.
33 Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы.- Алматы, 1995. –368 б.
34 Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.- Алматы: Санат, 1994. –136 б.
35 Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в ХІХ веке.-Астана, 1998.
36 Дулатова Д.И., Нуртазина Н.Д. К истории просвещения в Казахстане и в Средней Азии в ХІХ-начала ХХ веков //Казахстан в начале ХХ века: методология, историография, источниковедение.-Алматы, 1994. С. 17-24.
37 Материалы по истории политического строя Казахстана.-т.1.- алма-атағИзд.Ан КазССР,1960.-442с.
38 Национальные окраины Российской империи М.,1997, -547 с.
39 Садвокасова З.Т. Духовная экспансия царизма в Казахстане в области образования и религии (II половина XIX– начало XX веков): дисс…. на соискание ученой степени докт. истор. наук. – Алматы, 2006. – 278 с.
40 ҚРОМА 64 қор., 2053 іс, І т., 2 П. ҚРОМА қ., І т., 6017-іс, 15-17П. ҚРОМА 64 қ., Іт., 2549 іс, 15-21П. ҚРОМА 64 қор., 2544 іс, І т., 3-4 П
41 Полное собрание законов Российский империй.-3изд.Том 22., № 19493.
42 Энциклопедия «Айқап» .- Алматы, 1995.- 366 б.
43 «Қазақ» газеті.- Алматы.,1998. 64;192;313;377б.
44 Абдрахманова Б.М. История Казахстана: Власть,система управления, территориальное устройство в XIX веке.- Астана, 1998.-137с.
45 Галузо П.Г. Колониальная система российского империализма в канун Октябрьской революции.\\ Казахстан в канун октября.- Алма-Ата., Наука,c. 3-24.
46 Галузо П.Г. Туркестан-колония (очерк истории колониальной политики русского царизма в Средней Азии).Ташкент.,1935.-222с.
47 Материалы по истории политического строя Казахстана.Т.1.А.-1960 с. 337-373.; Журнал совещания о землеустройстве киргиз.-1907.-c11-21.;Сборник законов и распоряжений по переселенческому делу.- Спб., 1901.-46., 1909.-с1-25.; Землеустройство(Сб. законов и распоряжений) Вып V., Сп., 1914.- 312с.; Сборник узаконений и распоряжений о водворении переселенцев и образовании переселенческих участков. Спб.,1907.-23-24.; Вопросы колонизаци. Спб. - 1909.- №5., 1910.-№7., 1911.- №9.;
48 Материалы по введению русской политической системы управления в Казахстане// Сост.: С.К. Жакыпбек, А.А. Бельбаева. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 257 с.
49 Страховский И.М. Крестьянские права и учреждения. Спб., 1903; Гессен В.М. Вопросы местного управления.Спб.,1904.
50 Туркестанские ведомости. – 1914. - № 78.
51 ҚРОМА. 64-қор.1- т., 1009-іс. 168п. Дело о приведении в действия временного положения о крестьянских
52 ҚРОМА. 25-қор.1-т.,2841-іс. 24\11\07-9\03\10.29 б.
53 ҚРОМА. 64-қор.1- т., 1009-іс. (15 июля 1902г-7 октябрь 1903г) - 314стр.
54 Полный свод законов Российской империи.Собр.Т.IX.- Спб., 1891.-С.535-538.
55 Сборник узаконений и распоряжений о водворении переселенцев и образовании переселенческих участков. Спб.,1907.-23-24.; Вопросы колонизаци. Спб. - 1909.- №5., 1910.-№7., 1911.- №9.
56 ҚРОМА. 64-қор 2-т.,576- іс.
57 Туркестанские ведомости. – 1914. - № 78.
58 ҚРОМА. 64-қор 2-т., 524- іс.
59 Словоохотов Л.А. Народный сут обычного права киргиз Малой орды //Труды Оренбургской Ученой Архивной Комиссии. –Т. 15. Оренбург, 1905. С. 5-15.
60 Сафаров Г. Колониальная революция: Опыт Туркестана.- Алматы: Жалын, 1996. 271 с.
61 Шкапский О. Переселенцы и аграрный вопрос в Семиреченской области // Вопросы колонизации. Вып. 1. СПб., 1907. -С. 19
62 Обзоры Тургайской области за с 1910 по 1915 год.- Оренбург.; Обзор Уральской области с 1900 по 1915 год.; 0бзоры Акмолинской области с 1903 по 1915 год.-Омск.; Обзоры Семипалатинской области с 1903 по 1915год.- Семипалатинск.; Памятная книжка и адрес-календарь Тургайской области за 1915 год.- Оренбург. С 184.
63 Кауфман А.А. К вопросу о колонизации Уральской области.-СПб.,1903. С.
64 Алдабергенов Қ. Патшалы Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының тарихынан (1731-1917 жылдар). – Павлодар, 2005. – 195 б.
65 ҚРОМА. 64-қор.1- т., 2691-іс. 137 п
66 Шонанұлы Т.Жер тағдыры, ел тағдыры.-Алматы.- 1995.-224б
67 ҚР ОМА. 64-қор.1- т., 818-іс. 7 окт 1897г-4 февр. 1902г. 405стр.
68 Демко Дж. Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1916).-Алматы, Ғылым,1997.- 213б
69 Седельников Т. Борьба за землю в Киргизской степи.- Алма-Ата.-1991.-53б.
70 ҚР ОМА. 64-қор.1- т., 1009-іс. 168 п.
71 ҚРОМА 64қ.,І тізім, 818іс, 3 П.
72 Тургайская газета.-1 январь, 1903.-№1
73 Лобысевич Ф. Тургайская область и ее устройство //Военный сборник. –Т. 28.-1871. С. 275-284
74 Добросмыслов А.И. Тургайская область: Исторический очерк // Сонда, Вып. 17. –Тверь, 1902. –С. 252-524.
75 ҚР ОМА. 64-қор.1- т., 818-іс.
76 ҚР ОМА. 64-қор.1- т., 818-іс. Дело об учреждении в Степном ген-губернаторстве института земских начальников о введении установлении по крестьянским киргизских и инородческим делам положения о крестьянских начальниках.
77 Суд обычного права киргиз Малой орды //Труды Оренбургской Ученой Архивной Комиссии. –Т. 15. Оренбург, 1905. С. 5-15.
78 Кауфман А.А. Отчет старшего производителя работ Кауфмана по командировке в Тургайской области.- ч.2.- Спб., 1897.- 17б.
79 Жиренчин К.А. Политическое развитие Казахстана в XIX- начале XXвв.-Алматы., Жеті жарғы,1996.-352с.
80 Дулатұлы. М. Шығармалары. Мақалалар мен зерттеулер. 2-т.,- Алматы, 1997.- 71б.
81 Юзефович Б. о быте киргизов Тургайской области //Русский вестник. Т. 14. –1880. –Апрель. –С. 799-832
82 ҚРОМА. 64-қор 2-т., 754- іс. 17 п.
83 Седалин Т. О развитии хлебопашества по бассейну реки Тургая //Записки Оренбургского отдела ИРГО. –Вып. 1. 1870. С. 81-89.
84 Әбенов Д.Қ. XIXғасырдың соңы –XXғасырдың басында қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныстануы және оның зардаптары (Орал,Торғай облыстарының материалдары негізінде). Автореферат.А.-2000.-30б
85 ҚРОММ. 64-қор 2-т., 616- іс. 23п.
86 ҚР ОММ. 64-қор.1- т., 1287 -іс. 118-118об п.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

5
1 ХІХ 60-70 жылдарындағы Қазақстанды басқару жүйесіндегі өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...

11
1.1
Қазақ даласында генерал-губернаторлықтардың құрылуы: даярлық жұмысы мен барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

11
1.2

1867-1868 жылдардағы Уақытша Ереже: мазмұны, сипаты, салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

18

2 1867-1891 жылдардағы және ХХ ғ.басындағы реформалар: сипаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ...

26
2.1
Дала және Түркістан генерал-губернаторлығының әкімшілік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26

2.2

2.3
ХХ ғасырдың басындағы дала генерал - губернаторлығының әкімшілік жүйесіндегі қайта құрулар
Қазақ даласында енгізілген реформалардың зардапты салдары ... .

31

61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... .

65

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі Ресей империализмінің қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары болатын. Ғасырлар бойы Орта Азияны жаулап алуға ұмтылып келген патшалыққа әуелі осы бағыттағы тек экономикалық қана емес, стратегиялық пиғылдары тұрғысынан да сенімді плацдарм болып табылатын Қазақстанды империяның толыққанды отарына айналдыру қажет болды. Оған тек қазақ даласындағы әкімшілік басқаруды өзгерту арқылы ғана қол жеткізу мүмкін еді.
60-шы жылдардың ортасы мен ХХ ғасырдың басында Ресей Орта Азияны түгелге жуық, ал Қазақстанды толығымен өз иелігіне айналдырды. Енді Қазақстан үшін де империяның басқа ұлт аймақтарындағы сияқты өзіндік ерекшеліктері бар арнайы басқару тәртібі дайындалып, күшіне енгізілді. Бұл Қазақстанды Ресей империясының отары ретінде толығымен заңды түрде бекіткен 1867, 1868, 1886, 1891 жылдардағы әкімшілік басқару реформалары және 1902-1903 жылдардағы Орал, Торғай мен Семей, Ақмола жеріндегі Шаруалар басшылығы институты болатын.
Көп уақыт бойы патша үкіметінің қазақ халқына қатысты жүргізген саясаты туралы бірыңғай сыңаржақ көзқарастар үстемдік алып келгені белгілі.
Бүгінде отан тарихының іргелі мәселелерін қорытып, оны жазудың әдістерін айқындауды ерекше талап етіп отыр. Көршілес Ресей және олар сияқты европалық алпауыт елдер империализм кезеңіндегі тарихын жазуда, бүгінде, жаңа ұстанымдағы пікірлерін алға тарта бастағаны белгілі. Әрине, жаңа империя тарихын жазушылардың пікірлері бодан болған ел тарихшылары ойымен әрдайым ұштаса бермейді. Өйткені әр ел тарихшысының мемлекеттік ұстанымы болады. Сондықтан ел тарихын тек әрдайым отаншылдық принциптерін ұстанғанда ғана, тарихи зерттеу жұмыстары өз деңгейінен орын алатын болады.
1867 - 1917 ж.ж. Қазақстан тарихында қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік - мәдени өмірі қайшылығы мол күрделі оқиғаларға толы болды. Тарих ғылымының осы кезеңінің мәселелерін зерттеу тұрғысындағы маңызды қадамдарына қарамастан, оның көптеген қырлары әлі де нақтылауды және тереңірек зерттеуді қажет етеді. XIX ғасырда қазақ даласына енгізілген әкімшілік реформалар қайта зерттелуіне қарамастан, Ережеге енгізілген империялық биліктің үздіксіз толықтырылып отырған заңдылықтары жөнінде айтылмай қала берді. Ал шын мәнінде, аймақтарды басқару мәселесі Ресейдің полиэтникалық және орасан зор территориялық қатынасында дәстүрлі түрде маңызды орын алды, сондықтан басқару жүйесінде үздіксіз өзгертулер мен толықтырулар болып тұрды.
Жаңа әкімшілік буыны Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу қазақтары өмірін аса ауыр жағдайда қалдырды. Қазақтан жерлерді тартып алу мәселесі отарлық аппаратттың күн тәртібіндегі ең өзекті проблемасы болған еді, сондықтан барлық әкішілік құрылымындағы басшыларының құзыры шексіз болды. Ал қазақтар үшін жер мәселесі ұзаққа созылған ең күрделі, аса маңызды әрі қиыншылығы мол проблемаға айналды. Империялық үкіметтің аграрлық саясаты, қазақ халқының жаңа лауазымды тұлғаларымен өзара арақатынасында өткір қайшылық сипат алды. Ресей империясының көп ұлтты шет аймақтарын патша үкіметінің басқару ерекшеліктері, аймақтық және отарлық билік арасындағы өзара байланыстарының күрделі механизмдері әлі де терең зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күнде зерттеу жұмыстарында жаңа методологиялық құралдарды басшылыққа алып, әлемдік ғылыми орта пікірін назарда ұстау артық болмас еді. Соған сәйкес жаңа ақпараттарды сыни талдауға алып, қазіргі жағдайдағы өзгелер ойының жетегінде кетіп қалмаудың барлық мүмкіндіктерін қолға алу керек.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазіргі кездегі тарих ғылымына жаңа көзқарас тарихи шындықты, патшалықтың отарлау саясатын мойындатуға тырысқан революцияға дейінгі тарихнама мұрасын мұқият зерттеуді талап етеді
Мәселенің тарихнамасы өз бастауын сол жылдары-ақ мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген материалдардан алынды. Әр түрлі бағыттағы, газет-журналдарды Уақытша Ереженің негізінде қазақ даласында жаңа әкімшілік-басқару жүйесінің енгізіле бастауы туралы, оған қарсы 1869 жылы Орал, Торғай өңірінде етек алған бас көтерулер мен олардың себептері, басталуы және барысы жөнінде мағлұматтар үздіксіз жарияланып тұрды. Бұл хабарламаларда көтеріліс себептері Хиуа ханының әзәзілдігімен, жаңа реформа бойынша бұрынғы билігінен айырылған жергілікті феодалдардың арандатушылығымен немесе христиан дінін күшпен қабылдату жөніндегі өсек-аяңмен түсіндірілді [1]. Өйткені, оның шынайы себептері мен реформаның астарлы бағыттарын ашып көрсету сол кездегі мерзімді баспасөз материалдары авторларының мүддесінде емес еді.
Орыс тарихнамасында Қазақстанның саяси-әкімшілік құрылымы жөнінде арнаулы еңбектер болған емес. Бірақ, қарастырылып отырған кезеңдегі отарлық әкімшіліктің ұйымдастырылуы мен қызметіне қатысты кейбір мәселелер шенеуніктердің, шығыстанушылардың еңбектерінде көрініс тапты. Олардың арасынан М.Венюковтың [2], А.К.Гейнстің [3], Ф.Лобысевичтің [4] және Н.А.Середаның [5] жұмыстарын атап өткен жөн. Бұл еңбектерді талдау барысында, патша үкіметінің қазақ халқын басқаруды қайта құруды заңдастырған Уақытша Ережелерді қабылдаудағы түпкі мақсаты, ол реформаларды қазақтардың қабыл алу сипаты сияқты күрделі мәселелерге жауап іздестірілді. Бірақ, ХІХ ғасыр тарихнамасында аталған мәселелерді жан-жақты, объективті тұрғыдан талдау көзделінген емес. Дегенмен, жалпы қалдырылған көптеген мәліметтер мен түрлі пікірлер бұл еңбектерге ерекше көңіл аударуды және, олар империялық позиция тұрғысынан жазылғандықтан, әбден елеп-екшеп, байыппен, ғылыми түрде талдап қарастыруды қажет етеді.
Орыс шығыстанушыларының қатарын көбіне әкімшілік шенеуніктері мен әскери қызметтегі адамдар құрды. Олар қызмет бабындағы әрекетімен қоса, қол астындағы халық жөнінде жеткілікті мәліметтер жинау үшін қазақ даласын жан-жақты зерттеуге міндетті еді. Бұл бағытта, әсіресе, әскери тарихшы М.А.Терентьевтің Орта Азияны жаулап алу тарихы [6] атты кітабын ерекше атап өткен жөн. Автор бұл кітапта Орта Азиядағы отарлық әкімшіліктің қызметіне және оның жергілікті халықпен қарым-қатынасына көңіл бөле отырып, қазақ даласының билеуші топтарын қазақ халқына қатысты қатал әскери шаралар мен басқару әдістерін қолдануға шақырды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс зерттеушілері В.Поттоның [7], П.Мачулиннің [8], Б.Юзефовичтің [9] және Ф.Лобысевичтің [10] еңбектері тікелей қарастырылып отырған мәселенің этнографиясына қатысты қызықты мәліметтер береді.
Орыстың Императорлық Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімінің Жазбалары мен Хабарларында, Орынбор Ғылыми Архив Комиссиясының Еңбектерінде жарияланған материалдар атап айтсақ, сол басылымдардың беттерінен алынған Ы.Алтынсариннің [11], Т.А.Сейдалиннің [12], Б.Дауылбаевтың [13] және Л.А.Словоохотовтың [14] мақалалары қазақ халықтарының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, шаруашылығы, сот ісі жөнінде сөз қозғайды.
Қазақстанда патшалық билігінің тарихы, сол сияқты, И.И.Крафттың [15], А.И.Добросмысловтың [16] еңбектерінде де сөз болады. Н.А.Середа еңбегінің өңделген нұсқасы сияқты Добросмысловтың Тарихи очерктері өлке қазақтарының тарихы жайлы материалдармен қоса, Уақытша Ереженің мәтіні, және оған қарсы көтерілістің кейбір тұстары көрініс тапқан.
Бөлім Жазбалары мен Комиссия Еңбектерінің бетінен жаңа әкімшілік-басқару жүйесінің құрылу барысы жөніндегі Н.А.Крыжановскийдің сөзі [17], Л.Ф.Баллюзектің мәлімдемесі [18], И.В.Черновтың [19] және Н.Ивановтың [20] мақалалары, ол авторлардың отаршылдық мүдде тұрғысынан айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары бізге жаңа реформаның мақсатын, жергілікті әкімшілік қызметінің отарлық мәнін және өлке халқына жүктелген міндеттерді ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында метрополия қазақ даласында мұсылман дінін қудалап, правословиелік миссионерлердің қызметін күшейте бастады. Өздерінің еңбектерінде миссионерлер [21] христиан дінін уағыздап, қазақтар арасында православие дінін тарату қажеттілігін баса көрсетті.
Өздерінің өмірін елінің егемендігі үшін күреске арнаған қазақ зиялылары Ә.Бөкейханов[22], М.Тынышпаев [23] патша үкіметінің отарлық саясатын батыл әшкерелеген тұңғыш қазақ зиялыларының қатарына жатады. Олар революцияға дейін-ақ үкіметтің түпкі мақсаты - қазақтардың жерін тартып алып, оларды әдет-ғұрпынан, салт-санасынан, ата-дәстүрінен айырып, орыстандыру екенін дәлелдеп берді.
Т.Шонанұлы еңбегі [24] Ресейдің отарлау саясатын, шаруалар қоныстануын, соның салдарынан көшпелі шаруашылықтың тығырыққа тірелуін жаңаша зерделеуге көмектеседі. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін және ұлт-азаттық қозғалыстарды, патшалықтың отарлық саясатын толық қамтуға көмектескен еңбектер қатарынан П.Г.Галузо [25], Г.Сафаров [26], М.П.Вяткин [27] есімдерін ерекше атауға болады.
Әкімшілік басқару реформаларының дайындалуы, Қазақстандағы отарлық-әкімшілік жүйенің саяси дамуы және қызметі, патшалықтың қазақ жерін отарлау саясаты мен жазалау шаралары Б.С.Сүлейменовтың [28], Г.С.Сапарғалиевтің [29] еңбектерінде айтылды.
Сонымен қатар Қазақстандық тарихнамада патша үкіметінің оқу-ағарту, орыстандыру бағытындағы саясаты қазіргі заман талабына сай сарапталып зерттелуде. Бұл бағытта жазылған еңбектердің қатарында Н.Бехмаханова [30], К.А.Жиренчин [31], С.Қ.Жақыпбек [32] еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады. Сондай-ақ М.Қ.Қойгелдиев [33], С.М.Мәшімбаев [34], Б.Әбдірахманова [35], Д.И.Дулатова [36] еңбектері жұмысты жазу барысында жетекші рөл атқарды.
Бүгінгі тарихнама қандай да бір қорытынды жасау үшін белгілі бір тәжірибе жинақтап қорытуды қажет етеді, сонымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік -экономикалық дамуы туралы мәселелерді талдап зерттеудің онан кейінгі жолдарын айқындауды талап етеді. Осындай мәселелердің бірі Ресей империясының аймақтық басқару моделін құрудағы тарихи тәжірибесі, орталық пен аймақтар арасындағы әкімшілік - саяси өзара байланыстардың ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осыған байланысты империя кеңістігін кеңейтуге ықпал еткен факторлар көрсетілген, экономикалық және саяси дамудың түрлі сатысында тұрған және біртұтас геосаяси кеңістікте түрлі социо-мәдени және этноконфессионалды параметрлері бар халықтарды біріктіруге мүмкіндік берген империялық басқару механизмін айрықша көрсеткен Национальные окраины Российской империи (М.,1997) [38] деп аталатын еңбек үлкен қызығушылық туғызады. Дегенмен, бұл зерттеуде де XX ғ. басындағы қазақ даласындағы қазақ халқына қатысты әкімшілік басқару билігіне назар аударылмады.
Сонымен қатар тақырып аясындағы қорғалған докторлық, кандидаттық диссертациялық еңбектердің біздің жұмысты жазып шығуымызда көмегінің болғанын атап өткіміз келеді. Мысалы, Степное положение 1891 года в Казахстане: исторический аспект атты тақырыпта кандидаттық диссертацияның авторы А.Т. Ахметова ХІХ ғасыр соңындағы қазақ қоғамының құқысыздық жағдайын Дала Ережесі негізімен жан-жақты талдауға алса, З.Т. Садвокасова [39] отарлық жүйенің рухани салдары жөнінде зерттеулер жүргізді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Патшалық Ресейдің 1867 - 1891 жылдар аралығындағы отаршылдық саясатын толық қамту жұмыстың мақсаты болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанның әкімшілік-саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени отарға алыну тұрғысынан жан-жақты қарастыру, XX ғ.басындағы Ресейдің империялық саясатындағы тұтас бір құбылыс ретінде құрылған жаңа институттың басқару жүйесін зерттеуге алу. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді орындау көзделінді:
Бұл мақсатқа жету үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
саяси реформаларды енгізуде 1867-1868 жүргізілген даярлықты баяндау;
1867-1868 жж. реформаларды талдау және оған баға беру;
патшалықтың саяси билігінің қазақ халқына тигізген зардапты салдарын айқындау;
- Ресей үкіметінің отарлық басқарма қызметін талдау және оның XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын көрсету.
- жылдық есептер негізімен далалық өлкелердегі саяси мәселелерді талдау;
- жылдық есептерде көрсетілетін елішілік әлеуметтік қайшылықтар себептерін анықтау;
- жылдық есептерде берілетін басқарма штаттарының құрамын, қызметін, жаңа басқару механизмін талдау;
- олардың XX ғасыр басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік - мәдени өміріне тигізген зардапты салдарын анықтау.
Зерттеу нысаны ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы реформаланған Қазақстан тарихын зерттеуге алу.
Зерттеу пәні 1867-1917 ж. аралығындағы Ресей империясының қазақ жерлеріне енгізге саяси-әкімшілік реформалары.
Зерттеудің мерзімдік шегі 1867 - 1917жж. аралығын қамтиды. Отарлық билік жүйесінің ең шарықтаған мезгілі: қазақ ауылдарында орыстық шенеуніктер санының ұлғаюы, генерал-губернаторлық отарлық қызметінің шексіз орын алуы толығымен заңдастырылған кезең зерттеудің мерзімдік шегі болып табылады
Зерттеудің методологиялық негізі. Зерттеу жұмысы экономика, құқық және тарих саласындағы пәнаралық байланыс негізімен зерттеуге алынды. Сондықтан диссертациялық жұмыстың әдістемелік негізін мерзімдік әдіс, нақты және логикалық талдау әдістері, тарихи жүйелілік пен салыстырмалы талдау, сыни-сараптау тәрізді әмбебап ұстанымдар қалайды. Жұмысты жазуда ғылыми-теориялық деңгейде жазылған зерттеуші ғалымдардың еңбектері және онда айтылған теориялық-әдістемелік тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Жұмыстың деректік негізін ХХ ғасырдың басындағы жарық көрген газет, журнал, орыс шенеуніктерінің жазбалары, қазақ интеллигенциясының мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, ресми құжаттық материалдар [37] құрайды.
Сонымен қатар ҚР ОММ материалдары: генерал-губернаторлардың өзара жазысқан хаттары, әкімшілік буын өкілдері мен жергілікті қазақ жұртшылығының отарлық езгіге қарсы мәлімдемелері, өтініш хаттары, арзы-шағымдары қолданылды. Мысалы: №64 қ., 1120 іс, ҚРОММ 369 қор., 450-541 іс, І т. т.т. [40] Революцияға дейінгі жарияланған деректердің ішінде Ресей империясының заңдарының толық жинағына кірген патшалық үкіметтің заңнамалық актілері маңызды орын алады [41]. Далалық аймақтардағы орын алға түрлі келеңсіз жағдайлар қазақ жеріндегі мерзімді баспа материалдарынанда да орын алып жатты. Айқап журналы [42] мен Қазақ газеті [43] халық соттарын сайлау, бақылау жүргізу, қазақтармен орыс әкімшілігіндермен қарым- қатынасы (халық соты, болыс басқарушыларын, ауыл старшындарын, билерді сайлауда, жер мәселесі төңірегіндегі шаруа бастықтарының ұстанымдары сөз болады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ жеріндегі отарлық реформалардың енгізілуі мен оның іске асырылуын кешенді қарастыру жұмыстың басты жаңалығы блып табылады. Пәнаралық тоғыста жүргізілген бұл жұмыста диапазоны кең күнделіктілік тарих әдістері де орын алды. Мысалы бұрын проблеманың тек саяси немесе экономикалық аспектісі қарастырылып келген болса, енді қарапайым қазақ азаматтырының, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен олардың отаршылыдққа көзқарастары мен наразылығы басты нысанға алына отырып, қарастырылды. Ал бұл жұмыс мазмұнын жаңа деңгейге көтергені сөзсіз деп ойлаймыз. Жұмыс барысында мынадай ғылыми жаңалықтар алынды:
Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрылу процесі микроталдаулар арқылы зерттеуге алынды;
Уақытша Ереженің негізгі мазмұны, сипаты мен салдары талданды;
ХІХ ғасырдың соңындағы жаңа заңдық құжаттарға сыни талдаулар жасалынып, оның ерекшеліктері жаңа мұрағаттық құжаттар негізімен толықтырылды;
ХХ ғасырдың басындағы отарлық заңдық жүйедегі өзгерістер қазақ зиялыларының отарлық әкімшілік саясатына көзқарастары талданды;
Зерттеу пәнаралық синтез аясында қарастырылды
Зерттеу жұмысының ғылыми - практикалық маңызы. Диссертациялық жұмыс нәтижесін отарлық жүйедегі Қазақстан тақырыбындағы сабақтарда қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар.
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ресейлік реформаларың пәрменді түрде жүргізілген тұтас, әрі ұзақ мерзімді қамтыған кезең болды. Аталған уақыт аралығы отарлық басқару жүйесіндегі Қазақстан тарихының мемлекеттіліктің дәстүрлі құндылықтарынан айырылу, жеңіліс табу, толығымен империя құрамына асқан басыңқы күшпен енгізілу уақыты болды деп қорытуға болады.
2. Құқықсыздық жайлаған қазақ қоғамының күнделікті өмірінде материалды, әлеуметтік, экономикалық зардапты қойғанда ең бастысы, рухани, психологиялық апат кеңінен орын алды деуімізге болады. Отарлық сананың қалыптасуы ел ішінің екіге жарылумен көрініс тапты. Ауыл старшындары, болыстары сияқты отарлық биліктің жергілікті өкілдері пайда болып, рухани тұрғыдан қазақы бірегейлік сананың іргесі сөгілді.
3. Қазақ даласы оташылдардың темір қоршауына толығымен алынып, өз туған мекен еткен қасиетті жер орыстар иелігіне өткізілді.
4. Заңдылықтарға сүйене отырып, патшалық орыстандыру, христиандандыру саясатын жүргізді. Қазақ халқының мемлекеттілігіне, ұлттың өмір сүруіне үлкен қауіп төндірді.
Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі. Зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. алға қойылған мақсат, міндеттермен ескерілген. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.



1 ХІХ 60-70 жылдарындағы Қазақстанды басқару жүйесіндегі өзгерістер

4.1 Қазақ даласында генерал-губернаторлықтарының құрылуы: даярлық жұмысы мен барысы

Құжаттық материалдардың көрсетуіне қарағанда 1867 жылы бекітілген Жетісуда және Сырдария облыстарын басқарудың уақытша Ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес жаңа тұрпаттағы ауыл, болыс және уездерді құру, сондай-ақ оларды басқаратын билік жүйесін ұйымдастыру ісі генерал-губернатор белгіленген мерзімнен, яғни 1868 жылдың 1 наурызынан сәл кешігіп аяқталғаны байқалады.
Анығырақ айтқанда, ұйымдастыру комиссиялары өз жұмыстарын мынадай мерзімде аяқтаған болатын: Ыстық көл комиссиясы 1 сәуірде, Оңтүстік-Сергиполь 25 сәуірде, Солтүстік-Сергиполь 11 мамырда, Оңтүстік-Қапал 18 маусымда, Солтүстік-Қапал 27 мамырда, Верный 16 шілдеде, Тоқмақ 8 шілдеде.
Қайсібір комиссиялар өз жұмысына кешігіп кірісті. Сергиполь және Қапал уездерінде қалың қар түсіп, күннің суытуына байланысты бұл аймақтардағы істі тездету үшін қосымша комиссиялар түзуге тура келген еді. Комиссиялардың жұмысы мынадай нәтижелермен аяқталады: Верный уезінде 17, Тоқмақ уезінде 19, Ыстық көл уезінде 6, Қапал уезінде 13, Сергипольде 13 болыстықтар құрылды. Әр болыстыққа 1000-нан 2500 шаңыраққа шейін енді. Облыстағы жаңа құрылған 68 болыстық 104.659 отбасын қамтыған еді.
Жетісу әскери губернаторы өзінің 1868 жылғы есебінде Комиссиялар өз міндетін абыройлы және қанағаттанарлықтай дәрежеде орындап шықты. Соның нәтижесінде 16 шілдеге қарай облыстың көшпелі жұрты Жетісу және Сырдария обылстарын басқарудың уақытша Ережесінде көрсетілген жаңа негіздегі құрылым алды, - деп жазды. Облыс губернаторы есебінде сондай-ақ жаңа құрылым қазақтардың тұрмысын мұқият зерттеу нәтижесінде жасалған, халық оны ризашылықпен қабыл алуда, сөйтіп әлгінде ғана енгізіле бастағанына қарамастан ол игі жемісін бере бастады, - деп те көрсетті.
Халықтың ресми билікке қатынасындағы мұндай жағымды өзгерісті облыс басшысы осы уақытқа шейін салынып келген түйе және киіз үй салығының жойылумен, сонымен бірге отбасынан жиналатын салықтың көлемі екі есе өскенімен, бірақ салық бөлу және оны жинау тәртібінің бұрынғыдан жетіле түскендігі, ал осы жаңалықтарды халықтың жағымды қарсы алғандығымен байланыстырды. Бұл, әрине, облыс губернаторының Тәшкендегі тікелей басшысы алдында берген есебінде жасалған тұжырым болатын, ал есепте жасалған тұжырым мен өмірлік шындықтың арасында алшақтық болатындығы белгілі. Енді соған тоқталайық.
Орыс әкімшілігі үшін ең негізгі және біраз күрделігі бар іс, әрине, қазақ және қырғыз ауылдарын әкімшілік бөліктерге (ауыл және болыс) бөлу, сондай-ақ олар үшін жергілікті билік аппаратын құру болғандығы айқын. Отаршыл әкімшілік құжаттарында жергілікті ауылдарды басқару ісін жүргізетін орындарды туземная администрация, яғни бұратаналар әкімшілігі атады.
Жергілікті басқару немесе бұратаналар әкімшілігі. Жергілікті ауылдық және болыстық басқару аппаратының қалыптасуы мен қызметін, сондай-ақ өзгеру эволюциясын мүмкіндігінше дәл бере алатын құжаттар өте аз кездеседі. Олардың қатарына облыс губернаторының жылдық есебі, оның облыстағы әкімшілік орындарының қызметіне байланысты Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы кеңсесіне жолдаған түрлі хаттары, облыс әкімшілігі тарапынан уездерге шығарылып отырған ревизия материалдары ж.б. құжаттар. Бұл ретте біздің зерттеу жұмысымыз үшін аса маңызды болған құжаттардың бірі 1869 жылы, яғни жергілікті әкімшілік орындары құрылған бетте Ережемен (1867) халықты таныстыру үшін ел арасына шыққан ерекше тапсырмалар бойынша шенеунік подполковник Рейнтальдың есебі болды. Осы құжатпен таныса отырып, жергілікті бұратаналық әкімшілік орындарының қалыптасу барысы және оның алғашқы кезеңдегі қызметі жөнінде жап-жақсы түсінік алуға болады.
Сонымен, 1867 жылдың соңы және 1868 жылдың алғашқы жартысында, яғни, бас-аяғы 7-8 ай көлемінде Жетісу өңіріне жаңаәкімшілік - басқару жйесі енгізілді. Кесте түрінде ол мынадай буындардан тұрды:

1-кесте.
Қазақстанның 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі
ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҚ

ОБЛЫС

УЕЗД

БОЛЫС

АУЫЛ

2-кесте.


Генерал-
Губернаторлықтар
Облыстар
Уездер

11

Түркістан

Жетісу
Сергиополь, Қапал, Верный, Жаркент, Ыстықкөл, Тоқмақ

Сырдария
Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ходжент, Жызақ
2
22

Орынбор

Орал
Орал, Гурьев, Калмыково, Жем (Темір)

Торғай
Елек (Ақтөбе), Николаев (Қостанай), Ырғыз, Торғай
3

Батыс Сібір

Ақмола
Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар (Сарысу)

Семей
Павлодар, Семей, Қарқаралы, Өскемен

Жаңа реформа бойынша енгізілген әкімшілік басқару жүйесі жоғары дәрежеде әскери сипат алды. Генерал-губернатор қолында әскери билік те, азаматтық билік те болды. Облыстардың басына әскери губернаторлар тағайындалды. Олар онымен қатар казак әскерлерінің атамандары болып есептелді. Оларды патша үкіметі тікелей өзі тағайындайтын. Уезді уезд бастығы басқарды. Оны ресейлік шенеуніктер қатарынан әскери губернатордың өзі тағайындайтын [21]. Әкімшілік басқарудың ең төменгі екі сатысында болыстар мен ауыл старшындары тұрды. Олар жергілікті ақсүйектерден іріктеп алынды. Сұлтандар ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Оларға өмірлік зейнетақы тағайындалды [22].
Ауыл старшындары мен болыстар ақсүйек топтардан іріктеліп, сайлауда шар салудың (дауыс берудің) нәтижесі бойынша ғана тағайындалатын. Бұл лауазымды қызмет орнына сайланудан халықтың сенімі мен құрметіне ие адамдардың ғана үміттенуіне болатын. Олар бұрын өздерінің арына сотты болып дақ түсірмеген адамдар болуы тиіс еді. Бұл қызметтерге үміткерлердің жасы 25-тен кем болмауы шарт саналатын. Болыстағы әрбір 50 үйден сайлауда шар салушы (дауыс беруші) бір адамнан сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында болыс сайланатын және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Тап осындай тәртіппен әр ауылдағы әрбір 10 үйден сайлауда шар салатын (дауыс беретін) бір адам сайланатын болды. Ал олардың бас қосқан жиынында ауыл старшыны сайланды және осы қызметтен үміткер белгіленетін. Ең көп дауыс алған адам ауыл старшыны немесе болыс сайланатын, ал одан кейін дауыс алғандар осы қызметтерден үміткерлер болып белгіленді.
1867-1870 жылдардағы көтеріліс патша өкіметінің жергілікті халықтың 1867-68 жылдардағы Уақытша ережені қабылдамауы мүмкін екендігі туралы қаупін қуаттады, ол отарлық Қазақстанның әкімшілік-аумақтық, сот жәнешаруашылық құрылымына аз өзгеріс енгізген жоқ. ХІХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде ғана қауырт өскен Ресей өнеркәсібінің шикізаттық шылауына айналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгерістерді заң тәртібімен нығайту мүмкін болды.
Кең-байтақ Қазақстанды басқару жүйесі қуатты Ресейдің жалпы империялық әкімшілік-саяси жүйесіне таңылған болып шықты. Қазақстан көп ұлтты ресей империясының құрамдас бөлігіне айналып, өз дамуында капиталистік нарықтық экономикаға тән кәсіпкерліктің және жаңа өндірістік үрдістердің бастамасын қабылдады. Бұл тұрғыдан алғанда, негізінен 60-70-жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде, ХІХ ғасырдың аяғына сәйкес келген уақытша ереженің негізгі бағыттары қоғамдағы терең әлеуметтік саралану, шаруашылықтың басым нысаны-мал шаруашылығындағы, урбанизация үрдісіндегі ғажап өзгерістердің, қала және село халқының әлеуметтік-экономикалық қалыптарының етене жақындасуының, даланың автохтондық тұрғындары күнделікті номадтар өмірінің ерекшелігіне көзқарастардың өзгеруі салдарынан шын мәнінде ескірді [18].
Метрополия мен отардың өзара қатынастары болып көрмеген өзгерістерге ұшырады және отаршылдық әкімшілік пен үкіметті көптен ойластырылған өзгерістерді жүзеге асыруға - 1867-68 жылдардағы Уақытша ережені елеулі жаңартулар мен толықтырулар қажет етілген бөлімдеріне едәуір жаңартулар енгізе отырып, заңдастыруға итермеледі.
ІІІ Александр патшаның Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берді.
Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына үш болыс: Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді.
Бұрынғыша генерал-губернатордың билігі сақталып, біршама күшейтілді, ол іс жүзінде дара билеушіге айналды. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді. Жоғарғы шенеуніктік биліктің осылай құрылуы 20 жыл бойы өзін ақтап, әсіресе жергілікті жерлерде өлкені отарлауды жеңілдеткен едәуір сындарлы басқару жүйесін бекіте түсті. Түркістан генерал-губернаторлығының барлық облыстары арасынан екі облыстың - Сырдария және Жетісу облыстарының Қазақстанға тікелей қатынасы болды. Өткен уақыт ішінде уездерге бөлу принципі сақталып қалды, саны жағынан және олардың шекараларын тарихи-географиялық жағынан межелеуде елеулі өзгерістер болды: Сырдария облысы- 5 уезд, оның ішінде Әулиеата уезі - 7800 шаршы шақырым, Перовск уезі - 105 725, Қазалы уезі- 59 550, Шымкент уезі - 91 025, Ташкент уезі - 32 100 шаршы шақырым, учаскесімен Әмудария бөлімі: Шурухан - 50 500, Шымбай - 32 800 шаршы шақырым болып бөлінді.
Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский және Жаркент уездерінен тұрды. Пржевальский уезі облыстың ең таулы бөлігі - Тянь-Шань сілемдерін алып жатты. Верный, Жаркент және Пішпек уездері де сонда орналасты. Облыстың солтүстік шектері Семей облысымен жанасып, Тарбағатай және Ақшат жоталарымен аяқталды [19].
1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны-мал шаруашылығына орасан нұсқан келтірді.
ХІХ ғасырдың аяғына қарай Сырдария облысында ғана 7 727 034 бас мал; ал Жетісу облысында 7 миллионнан астам мал болды. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауғаә құқық бере отырып, номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол ХХ ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың және басқа да өзге ұлтты көшіп келушілердің (ұйғырлардың, дүнгендердің және басқалардың) мүдделерін көздеп жүзеге асырылған жерді кең көлемде зорлықпен тартып алу саясаты шын мәнінде Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы жер пайдаланудың дәстүрлі нысандарын түп-тамырымен қиратуға әкеп соғып, қазақтардың аграрлық қатынастары жүйесін мықтап шиеленістірді. Егер отырықшы халық пен көшпенділердің жерге құқықтарын салыстыратын болсақ, алғашқыларына қарағанда соңғыларының әлдеқайда басыбайлы болғанын мойындау керек деген пайымдауында зерттеуші П.Г. Галузо әбден дұрыс айтқан. Бұл арада әңгіме 1886 жылғы Ереженің шектеу қойған баптары жайында болып отыр, онда халықтық ғұрыптар негізінде жерді пайдалану белгіленіп берілген еді, бұл орайда 276 бапта Сырдария облысының қазақтарына көршілес далалық облыстарға жазға жайлауға көшіп бару кезеңінде бұрынғы құқықтарды пайдалануға рұқсат берілген, бұл үшін Түркістан генерал-губернаторының рұқсаты талап етілді, ол рұқсат беру үшін мұндай мәселелер жөнінде дала губернаторымен қатынас жасаған. Ереженің мұндай мырзалығын Қазақстаннан империяның орталық аудандарына көп көлемде мал өнімдерін әкетуге мүдделі орыс кәсіпкерлерінің экономикалық мүдделерімен түсіндіретін пікірді дұрыс деп санау керек. Оңтүстік аудандарда жерге жеке меншікті енгізуді қарастырған кезінде үкімет көшпелілер өмірінің үш компененттен - киіз үйден, малдан, даладан тұратын ерекшелігін мүлде ескермеді. 1886 жылғы Ереженің отаршылдық бағыты салық жүйесінен де өз көрінісін тапты. Ол шынына келгенде 1867 жылғы Уақытша ереженің баптарын қайталады; әңгіме әр түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейту жайында ғана болды. Патша өкіметінің сырттай бақылаушылық саясаты ең алдымен Ресей қаржы ұйымдары үшін онша түсінікті емес, шаңырақ ұғымының мәнін ашып көрсетті [20, 45 б.].
Шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді. Сірә, 1868-1870 жылдардағы көтеріліс үкіметті қатты қорқытса керек, ол шаңырақ алымының мөлшерін белгілеуге бірден батылдық ете алмады. Бұл үшін ол алым көлемін бірте-бірте көбейтіп, бірқатар үстеме шаралар жүргізді.
Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инстанциясы - бітістіруші судья, болыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды. 141-бапта хрисиан нанымына қарсы, басқару тәртібіне, мемлекеттік және қоғамдық қызметке қарсы, мемлекеттік міндеткерліктерді, кірістерді, мешікті өтеуге қарсы наразылық бойынша жасалған қылмыстар үшін бұратаналарды империялық заңдардың жалпы негіздерінде жауапқа тарту белгіленді. Үкімет халық соттарының масаттары мен қызмет жағдайлары жөнінде теріс көзқарас ұстанғанымен, ислам соттарын діни ұстанымдар негізінде жоюдың мерзімі жеткен жоқ деп санады және оларды сақтап қалды. Дегенмен, Ресей сот жүйесіне қарсы әрекеттердің барлығы екінші қатарға ығыстырылып тасталды. 208-бапта былай делінген: Отырықшы және көшпелі байырғы халықтың қылмыстық істерді жылдар бойы орын алып келе жатқан ғұрыптар негізінде шешетін жеке халық соттары болды. Бұл орайда 3 жылға бекітілетін, халықтың сеніміне ие болған, 7 күндік қамаудан аспайтын немесе 30 сомнан астам ақшалай жаза алмаған, кез келген адам болуы мүмкін халық судьялары уездік басқармалар бастықтарының жасырын қысым көрсетуі, судья қызметіне өздерінің сенімді адамдарын тықпалауға тырысқан партиялардың үздіксіз күресі жағдайында өз мүмкіндіктерін толық көлемінде іске асыра алмады [21, 12б.].
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында бетбұрысты кезеңге айналды. Әлеуметтік және шаруашылық салаларда тауар-ақша қатынастарының біртіндеп орнығуы, өлкені мекендеушілердің негізгі құрамы-қазақтардың күнделікті өмірінен рулық-патриархаттық жүйенің ығыстырылып шығарылуы отаршыл империяның бөлігі ретінде Қазақстан дамуының барлық жақтарын қамтыған капитализмнің ықпалын бастан кешірген оңтүстік аудандарға қарағанда, әсіресе далалық аудандарда дәстүрлі өндірістік қатынастардың сипатын қатты өзгертті.
Өндіруші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің біршама тез дамуы, жаңа темір жол желістерінің салынуы, урбанизация үрдісі, жұмысшы табының қалыптасуы-осының бәрі жинақтап алғанда әлеуметтік-экономикалық фактордың бүкіл жүйесінің өзгеруіне әкеп соғып, Қазақстанды отарлық шет аймаққа айналдырды, барған сайын нығайып келе жатқан рыноктық кәсіпкерлікті заң арқылы қамтамасыз етті. Қазақстанның жалпы ресейлік өмірге тартылуы, осыдан туындайтын барлық зардаптарымен қоса алғанда, бұрынғы заң актілерінің далалық облыстардың қоғамдық-саяси шаруашылық өмірінде қалыптасқан өзгерістермен негізгі сәйкессіздігі туғызған субъективті кедергілерге ұшырады. Оның үстіне оңтүстіктегі екі облыс-далалық аудандармен өте жақын жанасып жатқан Сырдария және Жетісу облыстары өмірінің көптеген салаларында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер далалық аудандарды әкімшілік-аумақтық басқарудың жаңа сатысына нысанды түрде тартып, қалған төрт облыста реформаны әзірлеу мен қабылдау аса қажеттілікке айналды. Көптеген комиссиялардың жазбалары, ұсыныстары, ықпалды шенеуніктердің, әскери әкімшілік қызмет өкілдерінің пікірлері де осындай реформа жүргізудің пайдалы екенін айқын көрсетті, ол Түркістан генерал-губернаторлығында 1886 жылы жүзеге асырылды. Алайда 1868-1870 жылдардағы көтеріліс және одан кейінгі отаршылдыққа қарсы толқулар Петербург топтарында абыржушылық және сақтық туғызып, 1867-1868 жылдардағы Уақытша ереженің, бір жағынан, дүмпу қаупі бар жағдай әлі сақталып қалған Торғай және Орал облыстарында, екінші жағынан әкімшілік-аумақтық өзгерістер біршама тыныштық жағдайында іске асырылған Ақмола, Семей облыстарында әр түрлі қабылдауына байланысты болашақ реформаға мұқият, саралап қарауды талап етті. Далалық облыстарды басқару туралы Ережені әзірлеу және заңдастыру жөнінде ұсыныстар жасау жүктелген Ерекше Комитет: Қазақтар тілектестікпен қарсы алған жаңа ереже (1867-1868ж) Батыс Сібір даласында түгелдей енгізілді және оның қолданылуы іс жүзінде ешқандай ерекше қиыншылықтар кездестірген жоқ... деп баяндалған кезде осы ескерілген еді [22].
Ерекше Комиттің пікірі бойынша, бірінші алғашқы ереженің барлық өзгерістері оның уақытша сипатын жоюға және оны жүзеге асыру барысында іс жүзінде кездестірілген алауыздық атаулыны неғұрлым дәл редакциялау арқылы жоюға, сондай-ақ империяның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолайлы келуі мүмкін негіздерде басқару және сот жүйесін дамытуға, толықтыруға тиіс болды. Ұсынылып отырған Ереже капитализм-нің кеңейе дамуына байланысты өзгерістерді ескеру негізінде Қазақстандағы Ресей әскери әкімшілік өкіметін орнықтыру үрдісін аяқтауға тиіс болды.

4.2 1867-1868 жылдардағы Уақытша Ереже: мазмұны, сипаты, ерекшеліктері

Облыстық және жергілікті басқару ісінің негізін құрған заңдық құжат 1867 жылы 11 шілдеде бекітілген Жетісу және Сырдария облыстарын басқару Ережесінің жобасы болды. Сегіз бөлімнен тұратын бұл құжатта облыс шеңберіндегі жергілікті басқарудың барлық буынына тиесілі атқарылатын істердің мазмұны белгіленді. Түркістан генерал-губернаторы К.П.Кауфман 1867 жылы 26 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы болып бекітілген Г.А.Колпаковскийге жолдаған N12 нұсқау хатында оған облыстағы жергілікті әкімшілік басқару мекемелерін ұйымдастыру ісіне кірісуді тапсырып, бұл жұмысты жүргізудің реті мен орындаушыларына, аяқтау мерзіміне шейін көрсетіп береді.
Ереже жобасы бойынша облыста бе, яғни Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл және Тоқмақ уездерін құрылуға тиіс болды. Олардың шекарасы да белгіленді. Сергиополь уезінің солтүстіктегі, батыстағы және шығыстағы шеті Жетісу облысының шекарасын білдірді. Оңтүстікте бұл уезд Басқан өзені арқылы Қапал уезімен шектесті. Қапал уезінің оңтүстіктегі шекарасы Іле өзені болды. Верный уезінің оңтүстік батыс шекарасы Балқаш көлі мен Шу өзені арасын бөліп жатқан тау жоталары арқылы өтіп, одан әрі Алатаудың солтүстік жоталарын Шілік және Үлкен Кебін өзендерінің жоғарғы сағасын бөліп жатқан таулармен жүріп, одан әрі Шіліктің оң сағасын Ыстықкөлден бөліп жатқан жоталармен бойлай отырып, Сантаж ауына жетіп, одан Кеген өзені бойымен жоғары Қытай шекарасына барып тірелді. Верный уезімен шектесетін Тоқмақ және Ыстықкөл уездерінің шеті облыстың шекарасын білдірді. Бұл екі уезд өзара Үлкен Кебіннің сол сағасын Ыстықкөлден бөліп жатқан Алатау жотасымен, содай-ақ Шу өңірін Қошқар және Қаракөл өзендерін сол сағасынан бөліп жатқан таулармен өтетін болып белгіленді
Жаңадан белгіленген уезд бастықтарының міндетін атқарушыларға уезд бастықтары тағайындалып, іске кіріскеше бұрынғы округтық приказға жүктелген іспен айналысу міндеттелді. Осы ұсыныс хатымен генерал-губернатор жаңа билік жүйесі ұйымдастырылып біткенге шейін облыстағы барлық сот істерін уақытша тоқтата тұруды тапсырады. Мұндай шара енді ғана құрыла бастаған жаңа билік жүйесіне жергілікті халық тарапынан сенімсіздік туғызбау үшін қажет еді.
Уездердің ашылуымен бір мезгілде жергілікті халық арасында болыстық және ауылдық басқару орындарын ұйымдастыру мақсатында бес қайта құру Комиссиялары құрылып, оларды басқару уезд бастығы міндетін атқарушыларға жүктелді. Оларға көмекке бір әскери лауазымындағы немесе уездік сотқа белгіленген адамдар қосылды.
Орыс әкімшілігі үшін ең негізгі және біраз күрделілігі бар іс, әрине, қазақ және қырғыз ауылдарын әкімшілік бөліктерге (ауыл және болыс) болу, сондай-ақ олар үшін жергілікті билік аппаратын құру болғандығы айқын. Отаршыл әкімшілік құжаттарында жергілікті ауылдарды басқару ісін жүргізетін орындарды туземная администрация, яғни бұратаналар әкімшілігі атады.
Жергілікті ауылдық және болыстық басқару аппараты мен қызметін сондай-ақ өзгеру эволюциясын мүмкіндігінше дәл бере алатын құжаттар өте аз кездеседі. Сонымен, 1867 жылдың соңы 1868 жылдың алғашқы жартысында, яғни, бас-аяғы 7-8 ай көлемінде Жетісу өңіріне жаңа әкімшілік басқару жүйесі енгізілді: болыс, билер, аулынай, елубасы, онбасы.
Болыс басқарушысының кеңсесі өзінен басқа хатшы және түрлітапсырмалар орындаушы жігіттен тұрды. Болыс басқарушысының жалақысы болыстық тұрғындарының саны мен әл ауқатына сай, жылына 300 сомнан 500 сомға дейін болып белгіленді. Аулынай мен оның көмекшілерінің жалақысы 200 сомнан аспауға тиіс болды. Билерге арнайы жалақы белгіленген емес.
1867-1868 жылдары қазақ жеріне орнтылған әкімшілік басқау жүйесі ең жоғарғы сатысы генерал-губернатор кеңсесінен бастап, оның ең төменгі сатысы болыс басқарушы мен ауыл старшынына дейін бүтіндей ғасырлар бойы ішкі ресейлік тарихи эволюция нәтижесінде қалыптасқан басқару жүйесі болатын. Жаңа ереже жобасы бойынша болыстық және ауылдық әкімшіліктердегі қызметкерлерді сайлау, салықты ауыл және жеке отбасыларына бөлу және басқа қоғамдық істерді атқару түгелдей бұрынғы ақсүйек, ықпалды топтарға емес, ауылдастар сайлаған елу басылары мен онбасылардың құзырына берілген-тін. Жаңа тәртіптің ең түйінді жері осы тұс болатын. Орыс билігі қазақ бұқарасына ықпал үшін күресте белсенділікті өз қолына алуға тырысты [15].
Жаңа басқару жүйесін енгізушілер болыс басқарушысын, аулынай және билерді сайлау арқылы рулық қатынастарға соққы беруден үміттенді. Халық арасында басшы орындарға әділ, дұрыс адамдарды сайлап алуға мүдделілік артады, сөйтіп халықтың жаңа жоғарғы орыс өркениетінің артықшылықтарына, оны орнықтыратын әкімшілік жүйесінің келгеніне көзі жете бастайды деп түсінді. 1870 жылы 5 қыркүйекте болып өткен облыстық басқарманың жалпы мәжілісінің хаттамасында: Ереже жобасы бойынша әкімшілік мекемелерінің бәрі де рулық негіді жою бағытында құрылған: барлық қызметкерге сайлау, салықты бөлу және қоғамдық істер рубасылары мен байларға емес, шаңырақ иелерінің басым бөлігінің мүддесін білдіретін сайлаушыларға берілген[23].
Сондықтан да орыс билігінің Ереже жобасының дәл қолдану барысын қатаң бақылауы нәтижесінде рулық тұрмыс салт, анығырақ айтқанда оның зиянды көрінісі болған ру басыларының өктем де әділетсіз билігі уақыт өте жойылады, - деп көрсетілді. Бұл жергілікті халықтың ішкі өмірін терең және дәл түсіне алмағандықтан, оны мағынасыз қарабайыр тіршілік деп танудан туған үстірт пікір болатын. 1867-1868 жылдары болып өткен алғашқы сайлау нәтижелері соны көрсетіп берген еді. Оны билік орындарының өздері де мойындайды. Заңдық шаралар халық тұрмысын бірден өзгерте алмайды [25], - деп мойындады жоғарыда аталған облыстық басқарма мәжілісі. Рулық негіз халық тұрмысы мен санасында өзінің қуатын толық сақтай отырып, жаңа тәртіппен айқасқа түсіп, мүмкін болған жерде оның сыртқы көрінісін өз пайдасына пайдалануға тырысуға тиіс-тін. Соның нәтижесінде жаңа құрылымды енгізгенде болыс басқарушыларының, оларға кандидаттардың, би және ауыл старшындарының басым бөлігі бұрынғы ру басылары, манаптар, сұлтандар, олардың туыстары мен жігіттері болып шыға келді"[21].
Жаңадан енгізілген билік жүйесін рубасылары мен байлар өздеріне берілген артықшылық есебінде қабылдап, барлық қызметті өзара бөліске салды. Мәселен, Қапал уезіндегі Арасан болыстығының басқарушысы болып Есенбек Танекин, ал оған кандидат болып әкесі Танеке, Томақ уезіндегі Сарыбағыш болыстығының басқарушысы болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім беруге қойылатын талаптар
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi
Олжас Сүлейменов Қазақстанның заманауи тарихы хақында
Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868- 1917 ж. ж. )
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
Пәндер