Білім беру жүйесінің басты міндеттері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Ақпараттық -коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады.

1-сызба. Оқыту технологияларына байланысты түсініктер

Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Институттың 10 аудиториясында интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен сабақ өткізуді ойластырып, жоспарлаймыз.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты-оқушыныдамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбиеүрдісініңбарлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, 5-сыныпта әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетінен басталады. Бұл блокта оқушылар тұрмыс-салт жырлары, мақал - мәтелдер, ертегілер сияқты ауз әдебиеті үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребусты шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Поэзияға тоқталатын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың да алар орны зор. Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын. Жоғары сыныптарда роман, әңгімелерді оқыту үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, білімді бекіту сабағында электронды оқулық бойынша тест және т. б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны сыныпқа көрсетуге болады. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады. Қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды. Мәселен, сабақта ақын-жазушының шығармашылығымен танысу үшін арнайы топ құрылып, тақырып бойынша терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл сыныпты таныстыру мақсатында балалар мұражай қызметшілеріне, белгілі әдебиетші, тарихшыларға барып сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп шығарады. Содан соң бұл фильмді сабақ үстінде сынып назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады [3] . Қазақ тілі сабағында логикалық жүйеге құрылған бағдарламаларды пайдалану арқылы өтілген тақырыптардан қайталау, пысықтау, мәтінді оқыту барысында талдау сияқты тапсырмаларды орындатуға болады. Фонетиканы, морфологяны оқытуда компьютерді пайдаланудың өз реті болады. Мысалы, 1. Қазақ тілі фонетикасын оқыту барысында сөздегі не сөйлемдегі дауысты, дауыссыз дыбыстар санын ДЭЕМ -да анықтаудың бағдарламасын іздеп табады. 2. Сөз құрамында керекті әріпті табу бағдарламасын құр деп тапсырма беруге болады. 3. Тест арқылы тапсырманы сұрау, оған дұрыс жауап алу арқылы оқушы білімін бағалауға болады. Қазақ тілі мен әдебиет жиі кездесетін сөздер мен сирек кездесетін сөздерді анықтауға жұмыс жасатамын. Мысалы, оқушыларға адамның ой сипаттарын қатыстырып «Досымның портреті», «Менің көршім» сияқты шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беремін. Жұмыстарын тексере отырып, нәтижесінде оқушылар көркем әдеби тілде өз ойын ұшқыр жеткізуге дағдыланады. Соңынан мұндай тапсырмаларды оқушылар бірінен-бірі оқу арқылы көркем әдебиет тілін кеңінен меңгереді. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.

Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Мысалы, СТО стратегияларын, дидактикалық үлестірмелер, түрлі ребустар, суреттермен жұмыс кросвордтарды жатқызуға болады [5] . Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі - оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз [4] .

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты-оқушыныдамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбиеүрдісініңбарлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.

XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:

компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты.

тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-оқушылардыбілім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Ақпараттық -коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім берудіақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

Ақпараттық -коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.

«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.

Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.

Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр

Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне,

Оқу үрдісін ақпараттандыру саласындағы алдынғы қатарлы тәжiрибенi зерттеу; - ЖОО-дағы оқу үрдісін ақпараттандыруды қамтамасыз ету; -оНегізгі қызметтері:- Оқу үрдісін ақпараттандыру және электрондық оқу материалдардың барлық түрін енгізу есебінен оқу үрдісін жетілдіру және мамандарды дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету. - ЖОО-ның корпоративтік стиліне сәйкес тұсаукесерлерді әзірлеу, материалдардың дизайнын безендіру, құрылымдық бөлімшелердің өтініштері бойынша ақпараттық роликтерді және бейнефильмдерді әзірлеу бойынша сервистік қызметті ұйымдастыру. - ЖОО ПОҚ-тың өтініштері бойынша компьютерлік бағдарламалар арқылы оқу және ақпараттық бейнематериалдардың бейнеге түсірілуін, сандауды, монтажын және дизайнын безендіруді қамтамасыз ету. - Оқу үрдісін ақпараттандыру барысында ПОҚ үшін әдiстемелiк және техникалық көмек көрсету және кеңес беру.

Электрондық методикалық жүйелер

Оқу үрдісінің компьютерлік-бағдарламалық негізін нығыйту, барлық пән білімдерін қамтитын жоғары сапалы педагогикалық ақпараттық өнімдер жиынтығының педагогикалық бағдарламалық құралдардын жасау, оқытушылар құрамының өз жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мотивациясымен даярлығына байланысты. Ал бұл, өз алдында, әдістемелік жұмысты жаңартуды және оны қазіргі ақпараттық-қатынастық технологияларға аударуды талап етеді. Оқушылардың АҚТ-ны меңгеруі мұғалімдердің осы саладағы озық дайындығында ғана мүмкін. Сондықтан педагогикалық білімді ақпараттандыру, мұғалімдердің АҚТ-ны пайдалану даярлығын қалыптастыру, педагогика ғылымының озық рөліндегі электронды оқыту жүйесін жасау және енгізу білім беруді ақпараттандыру бағдарламасының басым бағыты болып табылады.

Электронды әдістемелік жүйесін жасау әдіснамасыәлеуметтік-қоғамдық көріністердің дамуы мегаақпараттық тәсілмен; ақпараттық жүйелердің дамуында, ақпараттың жиналуы мен өсуінде ықпалдасу үрдістердің белгіленген тұжырымдамасымен; ақпараттың адамзат дамуында маңызды қорға, адамның танымдық іс-әрекет көлемінің кеңейуіне айналумен анықталады. Мұндай жағдайларда педагогтардың ақпараттық ағымды анықтай білу, ақпаратты-оқыту жолын жасай білу, ақпарат іздеу, талдау, өңдеу және жүйелеу тәсілдерін қалыптастыру, жаңа білімді өндіру бойынша оқыту нәтижесінің бағасы мен өзара әрекеттенуге қашықтан оқыту тәсіліне бағдарлай білу қабілеті маңызды роль ойнайды. Бұл байланыста өз іс-әрекетін қазіргі ақпараттық ортада жүзеге асыра алатын, жиналған ақпараттық қорларын тиімді пайдалана білетін тұлғаның ақпараттық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды жасау қажеттілігі болатыны анық.

Электронды әдістемелік жүйе -бұл ұйымдастырылған және құрастырылған пәнаралық ақпараттың ұшқыр, дамытушы, технологиялық базасы; пән саласындағы білімдерді оқытуды ұйымдастырудың бірлескен (ұжымдық) педагогикалық тәжірибесі; мақсатты, мазмұнды, жылдам және бағалы-нәтижелі компоненттер бірлігіндегі математиканы оқыту әдістемесінің интерактивті оқыту ұрдісі.

Электронды әдістемелік жүйені жасау технологиясыбірыңғай ақпаратты-оқыту жолағында зерттеу құбылысын қабылдау үшін түрлі пән саласындағы білімдердің мазмұнының ықпалдасуы. АҚТ жағдайында колледж оқушылары мен оқытушылардың әдістемелік даярлығын ақпараттандыру үрдісіөзара байланысты үрдіс болып табылады және оқу үрдісін жобалаудың технологиялық деңгейіне оқушылардың қосылу жығдайына байланысты болады.

Егер білім беру әдістемелік үрдістің субъектілері оқу ақпаратын өзгерте алатын; ақпараттық-оқыту жолағын құрастыра алатын; қашықтан өзара әрекеттенуді жобалай алатын және оқыту сапасының мониторингісін жүргізе алатын жағдайдаЭӘЖақпараттық-оқыту орта болып әрекеттене алады.

Педагогикалық колледждің оқушыларына бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі бойынша электронды әдістемелік жүйені (ЭӘЖ) Орал педагогикалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқима Хайрұлақызы Құрманалина «Математиканы оқыту әдістемесі», «Математиканың теориялық негіздері», «Психология» және «Педагогика» бойынша пән білімдерінің бірігу негізінде бастауыш сыныптардың математика мұғалімінің әдістемелік даярлығын көздеу мақсатымен жасады.

ЭӘЖ «Бастауыш сыныптарға математиканы оқыту әдістемесі»; «Арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі»; «Шамаларды оқыту әдістемесі»; «Алгебралық ұғымдарды оқыту әдістемесі»; «Геометриялық ұғымдарды оқыту әдістемесі» саласында желілік, жүйелік және функционалдық жиынтықтан тұратын модульдерден құралады.

ЭӘЖ өзгермеуші ядродан (модульден) және түрлі сырт қабықтан (гипермәтін, интерактивті тапсырмалар, тестілер) тұрады. Модульде мемлекеттік құжаттармен (білім беру стандарты, оқу бағдарламасы) белгіленген, жүйелік деңгейде білімдерді меңгеруді қамтамасыз ететін мазмұны бар. Гипермәтін және интерактивті тапсырмалар бастапқы математикалық құрылымдардың құрастыру жолы арқылы, олардың бастауыш математика оқулықтардың мазмұнымен, монографиялар, түрлі теориялық тұжырымдамалар бар ғылыми мақалалармен, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралдары, дидактикалық тапсырмалар мен компьютерлік математикалық ойындармен қанығу арқасында ядро идеяларын меңгеруді қамтамасыз етеді. Модульдің мазмұнына байланысты идеяда үлкен немесе кіші үлес салмағы болуы мүмкін. Тест тапсырмалары модульдің мазмұнына сәйкес құрастырылған. Мазмұнды таңдау және әдістемелік курстың құрылымы - күрделі мәселе, өйткені болашақ мұғалімдердің әдістемелік даярлығы пән, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдердің бірігуімен байланысты. Сондықтан, ЭӘЖ моделінде математикалық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік біртұтас жүйеде әр түрлі білімдердің бірігуін қамтамасыз ететін байланыстарға көп назар аударылған. ЭӘЖ-де «Математиканың теориялық негіздері», «Жас ерекшелік психология» және «Бастауыш мектеп педагогикасы» курстардың мазмұны енгізілген. Бұл курстардың әр қайсысы жоғарыда сипатталған ЭӘЖ-дің моделіне сәйкес мақсатты, мазмұнды, жылдам және бағалы-нәтижелі компоненттер бойынша құастырылған.

ЭӘЖ жасаудағы жүйелік әдіс жүйені біртұтас етіп көрсететін жалпы, өзгермеуші сапа арқылы жүзеге асырылады. Мұндай сапаларға икемділікті, қозғалмалылықты, әр түрлілікті, бейімділікті, тұрақтылықты, болжаушылықты, тұтастықты жатқызуға болады (Б. С. Гершунский) .

Өзгермеушілік сапалардың болуы жалпы ЭӘЖ-ді басқарумен қатар оның шағын жүйелерінде (психология, педагогика) басқару мүмкіндігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық колледждің практика жұмысына ЭӘЖ-ді енгізу әдістемелік жұмысты басқарудаға білім беруді ұйымдастыруда басқарушылардың қызметтік жүктемесін едәуір өзгертеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері
Бастауыш және орта кәсіптік оқыту
Жалпы дене шынықтыру
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Мектеп тыс тәрбие мен оқыту
Білім беру жүйесі
Білім беру жүйесінің принциптері
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz