Геология пәні, оның міндеттері және геологиялың ғылымдар саласы



Геология — Жер туралы ғылым (грекше “гео” — жер, “логос” —ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.
Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия жәве т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар- жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.
Астрономия — жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырьш, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.
Физикалык, география — жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.
Геофизика — жерді кұрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін қарастырады.
Геохимия — жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді.
Геология — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып,
жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан жеткіліксіздігі мен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) эерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.
Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия, математика) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғыльшдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді.

ГЕОЛОГИЯ ПӘНІ, ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ГЕОЛОГИЯЛЫҢ ҒЫЛЫМДАР САЛАСЫ
Геология -- Жер туралы ғылым (грекше "гео" -- жер, "логос" -- ғылым). Жер планетасы ғарыш әлемінде белгілі бір орнымен анықталатын, өзіндік физикалық және химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен сипатталатын, әр уақытта дамып, өзгеріп отыратын күрделі дене.

Жерді зерттейтін ғылымдардың қатарына геологиямен қатар астрономия, физикалық география, геофизика, геохимия жәве т. б. ғылым салаларын да жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының өзіндік зерттеу әдістері мен ғылыми мақсаттары бар. Олар- жерді әр түрлі ғылыми тұрғыдан қарастырады.

Астрономия -- жерді ғарыш кеңістігінде кездесетін планеталардың бірі ретінде қарастыра отырьш, оның жаратылысын, құрылымын және қозғалыс заңдылықтарын зерттейді.

Физикалык, география -- жердің сыртқы пішіні мен жалпы мөлшерін, жер бедерінің басты элементтерін және климат жағдайының ерекшеліктерін зерттейді.

Геофизика -- жерді кұрайтын тау жыныстарының физикалық қасиетін және оның терең ішкі қабаттарында тоқтаусыз жүріп жатқан физикалық процестердің ерекшеліктерін қарастырады.

Геохимия -- жер қойнауында кездесетін әр түрлі химиялық элементтердің орналасу немесе таралу (бір жерге жинақталып шоғырлануын немесе сейіліп орын ауыстыруын) заңдылықтарын зерттейді.

Геология -- жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып,

жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді. Сонымен қатар, ол жер қойнауында кездесетін алуан түрлі пайдалы қазбалардың құралу және орналасу заңдылықтарын да анықтайды. Бірақ, жердің ішкі терең қабаттарын зерттеу әдістерінің бүгінгі күн тұрғысынан жеткіліксіздігі мен жетілмегендігін ескерсек, әзірше геология жердің ең жоғарғы (беткі) қабаттарын (жер қыртысын) эерттеумен ғана шектеліп келеді деуге болады.

Геология қазіргі кезде дәл ғылымдар жетістіктеріне (физика, химия, математика) көбірек сүйенеді. Олардың зерттеу әдістерін пайдаланады. Соның нәтижесінде соңғы кездері геофизика және геохимия ғыльшдары ерекше дамып келеді. Ал жердің жаратылысын түсіндіруде және оның ғарыш кеңістігіндегі алатын орнын анықтауда геология ғылымы астрономия және космология ғылымдарына сүйенеді. Соңғы жылдары басқа планеталарды жермен салыстыра отырып жүргізілген ғарыштық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде салыстырмалы планетология атты ғылым саласы қалыптасып келеді.

География мен геология ғылымдарының арасындағы тығыз қарым-қатынас ерте кезден-ақ белгілі. Әсіресе, эндогендік (жерастылық) және экзогендік (жерүстілік) процестердің нәтижесінде пайда болатын бедер пішіндері соның дәлелі. Жер бетінің бедерін зерттейтін ғылым -- геоморфология геология мен географияның екеуіне де бірдей ортақ.

Қазіргі кезде геологияныд өзі көптеген ғылыми пәндер салаларына жіктеледі. Жер қыртысының құрамын зерттейтін ғылыми пәндер -- минерало.гия, петрография, литология болып саналады.

Минералогия (ескі латын тілінде "минера" -- руда) -- минералдардың (химиялық табиғи қосындылардың) саны мен сапасын, жаратылысын (генезисш), құрамы мен құрылысын және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттейді.

Петрография иемесе петрология (грекше "петрос" -- жартас) -- тау жыныстарының құрамы меи құрылысын және олардың пайда болу (генезис) жолдарын анықтайды.

Литология (прекше "литос" -- тас) -- шөгінді тау жыныстарының құралу және өзгеру заңдылықтарын

зерттейді. Жер бетінде және жердің ішкі қабаттарында жүріп жататын әр түрлі геологиялық әрекеттерді қозғалыс тұрғысынан зерттейтін ғылым -- динамикалык, геология деп аталады. Динамикалық геология жеке ғылым тармақтарына (геотектоника, оейомология, вулканология) ажыратылады.

Геотектоника (грекше "тектоника" -- құрылымдық архитектура) -- жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Картаграфиялық генерализация
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялық ғылымдар саласы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бір сырлы,мың қырлы азамат
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Геодезияның даму тарихы жайлы
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Академик Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен қызметінің негізгі кезендері
Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны kopғау
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Пәндер