Жанар-жағармай шикізаттары



КІРІСПЕ
1 ЖАНАР.ЖАҒАРМАЙ ШИКІЗАТТАРЫ
1.1 Жанар.жағармай өндіру материалдарына сараптама
1.2 Мотор отындарының түрлері
2 ТАУАРЛЫ ЖАНАРМАЙ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Бензин өңдеу технологиясы
2.2 Мотор майлары және оның түрлері
3 ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БӨЛІМІ
3.1 Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі кезде жанар - жағармай материалдарына сараптама жасау қажетті болып тұр. Сапасыз мұнай өнімдерін қолданған кезде апатты жағдайлар, апаттар мен двигательдердің істен шығуы мүмкін. Олар әр түрлі отындармен жұмыс істейді. Бұған байланысты:экспортқа шығатын заттарды, сырттан әкелінетін заттарды, ішкі айналымдағы заттарды сараптауға әкеп соқты.
Қазіргі автокөліктер бензиндері кейбір талаптарға сәйкес келу қажет. Олар: қауіпсіз және экономды болуы керек. Тасымалдауға байланысты: жақсы булану керек. Одан бірқалыпты, кез келген температурада ауалы отын қоспасы болуы керек. Көмірсутекті құрамдық тобы болуы қажет. Тұрақтылықты сақтап, двигательдің барлық жұмыс режимінде тұтанбай жану процесін жүргізу. Өз құрамын өзгертпей, ұзақ сақтаған кезде қасиетін өз қалпында ұстау; Отын жүйесіндегі бөлшектерге, резервуарларға, резинадан жасалған заттарға және тағы басқа бөлшектерге әсер етпеуі қажет.
Двигательдің отынның сапасына ғылыми талаптар түсініктемесі:барлық жанғыш отындардың негізгі деңгейлердің нақты көрсеткіші әр түрлі шикізаттың, одан алынатын отындардың қасиеттеріне байланысты тасымалдаудың басты бағасын беру – осы берілген сұрақтар мұнай өнімдерінің сапасын сараптағанда және зерттегенде қойылады.
Мұнай өңдеу өндірістерінің негізгі мәселелері:
• өндірістік қуаттың толық пайдаланбауы (2/3-індей). Бұл өңдеудің өзіндік құнын арттырады;
• мұнай өңдеу технологиялары тек кейбір кенорындарының мұнайына есептелген, соның ішінде шет елдердің кенорындарына;
• ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуының төмендігі (30% шамасында);
• мұнай өңдеудің аз тереңдігі (40-50%);
• мұнай өнімдерінің төмен қолданулық және экологиялық қасиеттері, ең алдымен моторлық отын түрлері.
1. Россинская Е.Р.Криминалистика. Вопросы и ответы: Учеб. Пособие для вузов.-М.:ЮНИТИ-ДАНА,1999.
2. Селеванова Н.А. Криминалистика: Учебник. М.: Юрид. Лит.,1988.
3. Поврезнюк Г.И. Судебная экспертиза.-Алматы: ТОО «Аян Эдет», 1999.
4. Криминалистическое исследование НП и ГСН. М.:ВНИИСЭ.1989.
5. Брусянцев Н.В. Автомобильные топлива, Машгиз., 1988.
6. Колбин М.А. мамаева К.Н. и др. Нефтепереработка и нефтехимия, 1990.
7. Смидович Е.В. Технология переработки нефти и газа. Изд. «химия»,1966.
8. Исагулянц В.И., Егоров Г.М., Химия нефти, Изд. «химия»,1993.
9. Уильям Л., Лефлер Н.А. Переработка нефти, М.,2004.
10. Павлова С.Н., Дриацкая З.В и др. Химия и технология топлив и масел.1985.
11. Митричев В.С., Хрусталев В.Н. Основы криминалитического исследования материалов, веществ и изделий из них. М.,2003.
12. Гуреев А.А. Моторные реактивные топлива, Гостоптехиздат.1973.
13. Телешова М.Н., Вигалок Р.В и др. Нефтепереработка и нефтехимия.1993.
14. Гуреев А.А. Производство высокооктановых бензинов. М., 1981.
15. Школников В.Н. Топлива и смазочные материалы, технические жидкости; Ассортимент и пременение, М,1999.
16. Гуреев А.А. Автомобильные бензины, Гостоптехиздат., 1986.
17. Саблина З.А. Гуреев А.А. Автомобильная и тракторная промышленность, 1992.
18. Рожков И.В. Нефтепродукты, Изд., «Химия»,1992.
19. Аронов Д.М. Автомобильный транспорт,1989.
20. Иоффе Б.В.,Баталин О.Е. Нефтехимия, Изд., «Химия»,1997.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде жанар - жағармай материалдарына сараптама жасау қажетті болып тұр. Сапасыз мұнай өнімдерін қолданған кезде апатты жағдайлар, апаттар мен двигательдердің істен шығуы мүмкін. Олар әр түрлі отындармен жұмыс істейді. Бұған байланысты:экспортқа шығатын заттарды, сырттан әкелінетін заттарды, ішкі айналымдағы заттарды сараптауға әкеп соқты.
Қазіргі автокөліктер бензиндері кейбір талаптарға сәйкес келу қажет. Олар: қауіпсіз және экономды болуы керек. Тасымалдауға байланысты: жақсы булану керек. Одан бірқалыпты, кез келген температурада ауалы отын қоспасы болуы керек. Көмірсутекті құрамдық тобы болуы қажет. Тұрақтылықты сақтап, двигательдің барлық жұмыс режимінде тұтанбай жану процесін жүргізу. Өз құрамын өзгертпей, ұзақ сақтаған кезде қасиетін өз қалпында ұстау; Отын жүйесіндегі бөлшектерге, резервуарларға, резинадан жасалған заттарға және тағы басқа бөлшектерге әсер етпеуі қажет.
Двигательдің отынның сапасына ғылыми талаптар түсініктемесі:барлық жанғыш отындардың негізгі деңгейлердің нақты көрсеткіші әр түрлі шикізаттың, одан алынатын отындардың қасиеттеріне байланысты тасымалдаудың басты бағасын беру - осы берілген сұрақтар мұнай өнімдерінің сапасын сараптағанда және зерттегенде қойылады.
Мұнай өңдеу өндірістерінің негізгі мәселелері:
өндірістік қуаттың толық пайдаланбауы (23-індей). Бұл өңдеудің өзіндік құнын арттырады;
мұнай өңдеу технологиялары тек кейбір кенорындарының мұнайына есептелген, соның ішінде шет елдердің кенорындарына;
ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуының төмендігі (30% шамасында);
мұнай өңдеудің аз тереңдігі (40-50%);
мұнай өнімдерінің төмен қолданулық және экологиялық қасиеттері, ең алдымен моторлық отын түрлері.
Аталып өткен мәселелердің соңғы үшеуі бір үлкен мәселенің нәтижелері болып табылады. Ол технология тұрғысынан ескірген жабдықтар. Осыған орай отандық технологияларды жаңғырту мазутты өндіруді азайтып, жоғары қосылған құны бар вакуумдық газойльді өндіруді арттыруға бағытталуы қажет. Жобалардың мақсаты:
МӨЗ қуатын жылына 5 млн. тоннаға дейін; ПКОП қуатын 6 млн. тоннаға дейін; ПМХЗ қуатын 7,5 млн. тоннаға дейін арттыру;
Мұнай өңдеу тереңдігін 84-90% дейін көбейту;
Ашық түсті мұнай өнімдерінің түсімін арттыру;
Моторлық отынның сапасын Евро-5 ке сай ету.
Жұмыс мақсаты. Әр түрлі маркалы бензиндерді сараптау, олар:АИ-80, Регуляр-92, АИ-93-Н, АИ-96; және олардың МемСТ-қа сүйеніп, техникалық талаптарына сәйкес келуі.


1 ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ШИКІЗАТТАРЫ

1.1 Жанар-жағармай өндіру материалдарына сараптама

Сараптама бұл - ең алдымен зерттеу болып табылады. Бұл зерттеуді сарапшы өткізеді және арнайы біліміне сүйене отырып, берілген сұрақтарға жауап береді. Мұнай және мұнай өнімдерінің қылмыстық сараптамасына нақты заттар жатады. Оларға: белгілі бір зат тасушыда жеңіл жанғыш мұнай өнімінің бар болуы, осыдан өрттің шығуы белгілі болады. Бұл жерде мұнай өнімдерінің жеңіл тұтануын және белгілі бір сыйымдылығын анықтауға болады. Айыпкердің қылмысқа қатысы барын анықтауға, жәбірленушінің киіміндегі жанармай материалының осы нақты объектіге қатысын анықтау. Белгілі бір заттың бетінде қару жанармай іздерінің болуы , осы субъектінің қаруды өзімен бірге алып жүру немесе сақтауы анықталады.
Мұнай және мұнай өнімдерінің қылмыстық сараптамасының түрлері: мұнай сараптамасы, жеңіл тұтанатын мұнай өнімдерінің сараптамасы, жанармай материалдарының сараптамасы, ауыр мұнай өнімдерінің сараптамасы, түрі өзгертілген мұнай өнімдерінің сараптамасы.
Жанармай материалдарының сараптамасы көбінесе жол апаттарында, суық қару және оқ дәрі қаруы, қару және қару жарақ ұрлану және тағы басқалар қолданылады. Ауыр мұнай өнімдерінің сараптамасы қылмыс болған жерде, адам өлтірген жерде, тонау болған жерде қолданылады.
Әр мұнай өнімдерінің кластары өзіне тән сараптамалар, техникалық әдістер және нәтижелерді өзіне байланысты бағалауларды қажет етеді.
Мұнай өнімдерінің немесе жанар-жағармай материалдары бірнеше классификацияға бөлінеді:
Аталуы бойынша:
Жанар-жағармай материалдарының техникалық қолданылуы. Олар отын және жанармай материалдарға бөлінеді;
Басқада мұнай өнімдері (парафин, битум, мазут, асфальт, озокерит тағы басқалары).
Түсі бойынша:
Ашық түсті (бензин, керосин, тазартылған жанармай материалдар);
Қара түсті (көбінесе жанармай материалдары);
Ұшқыштығы бойынша:
Ұшқыш (бензин, лигроин және тағы басқалары) қайнау температурасы - 200°С;
Аз ұшқыш (керосин, пеш отыны, мазут және тағы басқалары) қайнау температурасы - 200°С-ден шамалы жоғары;
Ұшқыш емес (жанармайлар) қайнау температурасы - 300°С-ден жоғары.
Барлық мұнай өнімдерін және жанар - жағармай материалдарын үлкен төрт класқа бөледі:
Отындар;
Майлар;
Жанармайлар;
Басқада мұнай өнімдері.
Отындардың өздері бірнеше түрге бөлінеді:
бензиндер;
дизель отындар;
керосиндер;
реактивті двигательдерге арналған отын.

1.2 Мотор отындарының түрлері

Авиакеросин -- әуе-реактивті қозғалтқышпен жұмыс істейтін ұшу аппараттарына арналған реактивті көмірсутекті отын.
Реактивті отындар дыбыстан баяу авиация ұшақтарына арнап МемСТ 10227-86 бойынша және дыбыстан ұшқыр авиацияға арнап МемСТ 12308-89 бойынша өндіріледі.Дыбыстан баяу авиацияда отынның бес маркасын (ТС-1, Т-1, Т-1С, Т-2 и РТ), ал дыбыстан ұшқыр авиацияда екі маркасын (Т-6 и Т-8В) қолдану көзделген. Қазіргі уақытта ТС-1 отыны (жоғары және бірінші сұрыпты) және РТ (жоғары сұрыпты) отыны жаппай қолданылады.
Ди́зель отыны (көне сөзі соляр, ауызша сөзі солярка, соляра) -- ішкі жану дизель қозғалтқышында отын ретінде қолданылатын сұйық өнім. Әдетте бұл терминмен мұнайды тікелей айдаудың керосин-газ-май (газойл) фракцияларынан алынатын отынды білдіреді.
Солярка атауы неміс тіліндегі Solaröl (күн майы) сөзінен туындаған -- 1857 жылы мұнай айдау кезінде пайда болатын ауыр фракциялы жанармайды осылай атаған. Бұл фракция сары түсіне байланысты осылай аталған.
Мазут - мұнайдан немесе оның екінші қайтара өңдеу өнімдерінен 350-360°С температурасына дейін қайнап бітетін бензин, керосин және газ-май фракциялары бөлініп шыққаннан кейін қалған қалдық болып табылатын қою қоңыр түсті сұйық өнім. Мазут дегеніміз - көмірсутектер (молекулалық салмағы 400 - 1000 гмоль), мұнай шайырларының (молекулалық салмағы 500 - 3000 және одан астам гмоль), асфальтендер, карбендер, карбоидтер мен құрамында металдар (V, Ni, Fe, Mg, Na, Ca) бар органикалық қоспалардың қоспасы. Мазуттың физика-химиялық қасиеттері бастапқы мұнайдың химиялық құрамына және дистилляттық фракцияларды айдау дәрежесіне байланысты болып келеді және келесі мәндермен сипатталады: тұтқырлығы 8-80 ммс (100 °C температурасында), тығыздығы 0,89-1 гсм (20 °C температурасында), қату температурасы 10-40°С, күкірт мөлшері 0,5-3,5 %, күл мөлшері 0,3 %-ға жуық, жану жылуының ең төменгі мәні 39,4-40,7 МДжмоль.
Мазуттар бу қазандықтарына, қазан қондырғылары мен өнеркәсіптік пештерге арналған отын ретінде, Крейцкопфтық дизельдерге арналған флоттық мазутты, ауыр мотор отынын және бункерлік отынды өндіру үшін қолданылады. Бастапқы мұнайға шаққанда салмағы бойынша мазуттың шығысы 50 %-ға жуық болады. Мазутты әрі қарай қайта өңдеуді тереңдету қажеттілігіне байланысты 350-420, 350-460, 350-500 және 420-500°С шектерінде қайнап бітетін дистилляттарды вакууммен айдап, оны барған сайын көп мөлшерде әрі қарай қайта өңдейді. Вакуумдық дистилляттар катализдік крекинг, гидрокрекинг арқылы мотор отындарын және дистилляттық жағын майларды алуға арналған шикізат ретінде қолданылады. Мазутты вакуумдық айдау қалдықтары қалдық жағын майлар мен кейіннен битум болып қайта өңделетін гудронды өндіру үшін температуралық крекинг пен кокстау қондырғыларында қайта өңдеуде қолданылады.


1. Сурет. Мазутты май варианты бойынша бір колонналы (а) және екі
колонналы (б) айырудың схемасы; I - мазут; II, III және IV - тиісінше
жабысқақтығы төмен, орташа жоғары дистилляттар; V - гудрон; VI - су буы;
VII - конденсацияланбаған газдар мен су буы; VIII - жеңіл вакуумды газойл

Осы күні қолданылып жүрген енімділігі жоғары реттелетін сұғындырмалары бар вакүумды колонналарды сұйықтық пен будың түйіскен ағындарының салыстырмалы қозғалысын ұйымдастыру бойынша 2 типке бөлуге болады: қарсы ағындық және айқаспалы ағындық. Қарсы ағындық вакуумдық колонналар конструкциясы жағынан алғанда дәстүрлі аз тоннаждық сұғындырма колонналарынан көп ерекшеленбейді: үйінді типіндегі сұғындырмалардың орнына колонна кесіндісі бойынша сұйықтықпен бөктіруді тең бөлуді қамтамасыз етуге арналған блоктар мен сұғындырма модульдері және жабдықтары қойылады. Күрделі колонналарда мұндай блок саны (модульдер) мазут фракциясы санына тең.
Бензинді өндірудің крекинг және риформинг әдісімен басқа бірнеше маңызды процестер бар. Олардың алғашқысы ірі өнеркәсіптік масштабта экономикалық тиімді- полимерлеу процесі. Бұл процес крекинг газдарда болатын олефиннен сұйық бензин фракциясын алуға мүмкіндік береді. Олефин дегеніміз - органикалық қосылыс көмірсутектер қатарына жатады. Пропилен олифиннің полимерленуі бензин қайнайтын температурада сұйық өнім береді, және октан саны 80-82% арасында болады.
Алкилдеу. Бұл процес изобутан және газ тәрізді олифиндер әсерінен әректесуді және изоактанның октан санына жақын, октан санына ие болады.
Алкилдеу процесінің барлығы матор отының өндіру үшін катализатор есебінде күкірт немесе фтор сутек қышқылын қолдану арқылы жүреді.
Изомерлеу. Бұл табиғи бензиннің және түзу сызықты нафтендері бар октан саның жоғарлату үшін қолданады. Бұл қасиетінің жақсаруы пентанмен гексанның изопентан-изогексанға айналу нәтежесінде жүреді.
Гидрокрекинг. Бұл процес көмірден сұйық отынды алу, алғаш Германияда жоғары қысымда катализатор гидрлеу жолымен алынады. Катализатор ретінде күкірт қатысында өте сезімтал молибденоксиді қолданылады. Қысым 280атм температурасы 450С-қа жуық және (МоО) катализатор қолданылады. Гидрокрекинг процесінде қысым 70-175 атм-да, ал катализатор ретінде сульфиттермен Ni, AL, кобальт катализаторы қолданады.
Жеңіл өнімдерді тазарту. Бұл әдіс жеңіл өнімдерінің құрамына күкіртті және басқа қоспаларды бөліп алуға арналған.Негізінен қолданылатын заттар:су катализатор ретінде қорғасын сульфиді қолданады, ерітінді ретінде.
Бұл әдісте қолданатын ерітінділер: хлорофорум, форфорол, нитробензол, фенол, митил, этил, кетондар қолданады. Сұйылтылған пропан жанармайында өндеудің нәтижесі сұйылтылған пропанды жоғары қысымда қолданатын кезде жоғарлатады. Бұл парафинді көмірсутек асфальттарға, ерімейтін және қатты парафиндерді төмен температурада ерітеді. Еріткіш майдың температурасын реттеп отырып, асфальт пен қатты парафиндерді майдың құрамын оңай бөліп алуға болады.
Ерітінділермен депарафиндеу. Бұл процес өте кеңінен қолданатын қоспалар метилэтилкетон және толуол, бензол,ацетон қоспалары.Бензин мұнай өнімінің маңызды өнімі. Шикізат мұнайда табиғи бензин крекинг процесінен алынған бензин полимер өнімдері, сұйылтылған мұнай газдары және матор майлары бетінде қолданады. Өндірілген бензин құрамына бензин 30-200С температурада қайнайтын көмірсутектер және нафтендер болып табылады. Көмірсутектің октан сандары келесі ретпен келмейді: Изопарафин-ароматты-олифин-нафтенде р-парафиндер; I-ші өндеуден кейін термодиструкциялы процестері пайда болады. Бұл карбендермен карбоидтар қатысында жүретін процес. Карбендер, асфальтендер молекуласының тура полимерлері. Күкіртті көміртегі мен хинолинде ғана еритін және басқа еріткіштерде ерімейді. Карбоидтар-бұл 3 өлшемді полимер. Карбендер мен карбоидтар көмірсутекті еріткіштерде ерімейтіндіктен диструктивті ауыр мұнай қалдықтар дисперсті фазасын құрайды. Мұнайды тазалау және қатты өндеу. Мұнай-қою түсті, өткір иісі бар, тез жанғыш, майлы сұйық зат. Мұнай ірі үлкен резеруарларда,цистерналарда құбырлар арқылы сақталады. Көптеген зауыттарда шикізат мұнайдың типтері оларды лобороторияда алдын-ала өнделуіне байланысты бөледі. Бұл осы мұнайдың құрамынан алатын мүмкіндік болатын бензиннің, керосиннің, парафиннің және мазуттың жуық шамасын есептейді. Химиялық жағынан мұнайлар әртүрлі және парафинді мұнай дың көп айырмашылығы бар. Парафинді мұнайлар нафтенді және асфальтенді мұнайлар мен салыстырғанда құрамында бензин көп болады. Ол күкірт аз болғанда және парафиндер мен жағар майлар алуға негізгі шикізат мұнайдың құрамы құрылысы табиғи газдарға ұқсас және парафинді көмірсутектерден тұратын еріген газдың аз мөлшері болып табылады. Шикізат рейтингісі мұнайдың сұйық фазада жүздеген көмірсулар және басқа қоспалар бар олардың қайнау температурасы 38-43С-қа дейін жеке көмірлер болады. Типтік бензинде 161⁰С қайнау температурасынан бастап, 165С-та метаннан-метиленге дейін өзгереді.Олардың құрамына парафиндер, циклопарафиндер және ароматты қоспалар болады. Бірақ, олифиндер болмайды. Шикізат ретіндегі ауыр мұнайдың фракцияларын жоғарғы температурада ыдырату - крекинг процесі деп атайды. Мұнда жоғарғы температурада қайнайтын мұнай фракциялары ыдырайды, көміртектер арасында көміртек-көміртек (С-С) байланыстары үзіледі, және сутектер молекуласынан бөлінеді. Нәтижесінде мұнайдың бастапқы құрамындағы өнімнің көп өнім түрлері түзіледі. Мысалы: 280-400С температура аралығында қайнайтын дистилятор крекинг нәтижесінде газдар, бензин және шайыр тәрізді ауыр қалдық заттар бөлінеді. Крекинг процесі шикізат мұнай құрамын алғанда, айдау нәтижесінде түзілген ауыр дистилятормен қалдықтан алынатын бензиннің шығының арттыруға мүмкіндік береді.

2-сурет.Мұнай өнімдерін немесе фракцияларын II-ші реттік өңдеу

2 ТАУАРЛЫ ЖАНАРМАЙ АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1 Бензин өңдеу технологиясы

Бензин бұл мұнайдан алынған өнім. Детонациялық сипаттамасы төмен отын болады. Шикі мұнайдан 50%-ға дейін бензин өндіріледі. Оған жататын: табиғи бензин, крекинг процесіндегі бензин, полимерленген өнім, сұйытылған мұнай газдары және барлық мотор отындары жатады.
Бензин ол поршенді двигательдердің ішкі жануына (жарқырау көмегімен) арналған. Қазіргі автокөліктер бензиндері кейбір талаптарға сәйкес келу қажет. Олар: қауіпсіз және экономды болуы керек. Тасымалдауға байланысты: жақсы булану керек. Одан бірқалыпты, кез келген температурада ауалы отын қоспасы болуы керек. Көмірсутекті құрамдық тобы болуы қажет. Тұрақтылықты сақтап, двигательдің барлық жұмыс режимінде тұтанбай жану процесін жүргізу. Өз құрамын өзгерпей, ұзақ сақтаған кезде қасиетін өз қалпында ұстау; Отын жүйесіндегі бөлшектерге, резервуарларға, резинадан жасалған заттарға және тағы басқа бөлшектерге әсер етпеуі қажет.
Отынның экологиялық қасиеттері соңғы жылдары бірінші орында тұрғаны белгілі болды.
Бензинді алуда шикізат ретінде мұнай болады. Мұнай - табиғи сұйық қоспа, әр түрлі көмірсутектермен біраз органикалық қоспалар қосындысы. Бағалы жер қойнауында сақталып, газ тәрізді көмірсутектер қоспасы (табиғи газ, ілеспе газ). Шикі мұнай қоспасы - бұл күрделі заттар, бес элементтен тұрады - С, Н, S, О және N, олардың мөлшері: көміртек - 82-87%, сутек - 11-15%, күкірт - 0,01%, оттегі - 0-2%, азот - 0,01-0,03% болады.
Көмірсутектер мұнай және табиғи газдардың негізгі компоненті болады. Барлық көмірсутектер алифатты (ашық молекулалық тізбек) және тұйық (циклді), ал көміртек байланысты қанықпаған дәрежесі бойынша - парафиндер, циклопарафиндер, олефиндер, ацетилен және ароматты көмірсутектер. Шикі мұнай - бұл қоңыр-жасыл түсі бар, өткір иісті, тез тұтанатын майлы сұйықтық.
Химиялық құрамы бойынша мұнай әр түрлі болып, парафинді түрден нафтенді және асфальтенді түрге ауысады. Парафинділерде - парфинді көмірсутектер, ал нафтенді және асфальтендіде - циклопарфинді көмірсутектер болады. Аралас типтер болуы мүмкін. Парафинді мұнайларда нафтенді немесе асфальтенділермен салыстырғанда бензин көбірек болады және күкірті аз және жаққымайлармен парафиндерді алуда басты шикізат көзі болып табылады. Нафтенді мұнай шикізат түрінен аз бензин алынады, бірақ күкірт, мазут және асфальт көбірек болады.
Бензинді компаундау дегеніміз - бензиннің сапасын арттыру. Іштей жану двигетельдерінің жұмысы, оның ұзақ жұмысштей жану двигетельдерінің жұмысы, оның ұзақ жұмыс істеуі автомобиль бензинінің сапасына байланысты. Бензин сапасы окатан санымен сипатталады. Октан саны отынның іштей жану двигательдерінде кенеттен жануының тұрақтылығын және детонацияға төзімділігін сипаттайтын шама.
Бензиннің құрамы және қасиеті.
Бензин - бұл көмірсутектердің қоспасы, ол шекті 25-61, шексіз 13-45, нафтенді 9-71, ароматты 4-16 көмірсутектерден тұрады, көмірсутек молекуласының ұзындығы С5 - тен С10 - ға дейін, көміртек атом саны 4-5-тен 9-10-ға дейін,орташа молекулалық массасы 100Да.Сонымен қатар бензин құрамына күкірт, азот, оттек қоспаларының қосындысы болады.
Бензин - ол тез жанғыш,түссіз немесе аздап сары түсті (қосымша қоспалар жоқ кезде)сұйықтық, тығыздығы 700-780 кгм3. Бензиндер жақсы ұшқыш болады,жарқылдау температурасы цельсий бойынша 20-40 градус.Қайнау температурасы 30-200 градус.Қату температурасы минус 60 градус.Бензин жанып кеткен кезде су және көмірқышқыл газ бөлінеді.Ауада будың концентрациясы 70-120м3 болғанда, жарылғыш қоспа пайда болады.
Бензин - ол сұйық мұнай фракцияларының арасында ең жеңіл фракция болып саналады. Осы бензин фракциясын, әр түрлі мұнайды ұшыру процессі арқылы алады.Осыдан бензиннің фракциялық құрамы - оның жеңіл болуы, двигательді оталдырғанда қауіпсіз болуы, толық жануы, жылуды ұзақ сақтауы, двигательдің бөлшектері қарқынды қолдануына қажет. Бензиннің фракциялық құрамы ГОСТ 2177-82 -ге сәйкес келеді.
Жеңіл фракциялы бензиннің сипаттамасы - отынның бастапқы құрамымен байланысты.Отынның қайнау температурасы аз болған сайын, бастапқы құрамы жақсы болады.Суық двигательді оталдыру үшін, бензиннің 10% 55 градусқа дейін (қысқы сұрып) және 70 градуста (жазғы сұрып) қайнауы қажет(Цельсий бойынша). Қысқы сұрыпты бензиннің жазғы сұрыпты бензинге қарағанда фракциялық құрамы жеңіл болады.Жеңіл фракциялар двигательді оталдыруға және қыздыруға ғана керек.
Отынның негізгі бөлігі жұмыс фракциясы деп аталады.Оның буланып кетуіне: двигательдің жұмысында әртүрлі режимде жанармай қоспасы пайда болады. Двигательдегі жылуды ұзағырақ сақтап, бір режимнен басқа режимге тез уақытта ауысу. Жұмыс фракцияның құрамы 50% отгонкаға тең болуы керек.
90% -дан қайнауға дейінгі температура интервалы аз болса, отын сапасын арттырып, конденсацияға ұшырауын азайтып, экономды және двигательдің бөлшектерін ұзаққа дейін сақтайды. Қайнап біту температураны 90% отынды роса нүктесі деп атайды. Автокөліктердің бензиннің құрамы коммонентті қоспа түрінде және әртурлі технологиялық процестер кезінде алынады. Оларға: мұнайды тура айдау, каталитикалық риформинг, каталитикалық крекинг және газойлдағы вакуумды гидрокрекинг, фракциядағы тура айдау изомеризациясы, алкилдеу, термиялық крекингтің ароматтауы, вискрекинг, баяулатылған кокстау. Бензиннің компоненттік құрамы, оның маркасына және мұнай өндіру заводындағы технологиялық құрылғыларға байланысты.
Негізі автокөліктердің бензиндерін каталитикалық риформинг және каталитикалық крекинг арқылы өңдейді. Каталитикалық риформинг арқылы өндірілген бензинде күкірт аз, олефиндер жоқ және бұл бензинді ұзақ мерзімде сақтауға болады. Бірақ ароматты көмірсутектің көп болғаны экологияға зияны бар. Фракциядағы детонациялық тұрақтылық әр түрлі болғандықтан, ол кемшілігі болып саналады. Каталитикалық крекинг арқылы алынған бензинде күкірт массасы аз,октан саны 90 -93-ке тең. Ароматтық көмірсутектер 30 -40%, ал олефиндер 25 -30%-ға тең. Құрамында диен көмірсутектері жоқ болғандықтан, химиялық тұрақтығы жоғары (индукциялықпермоды 800-900 мин). Каталитикалық крекингтағы бензинді, каталитикалық риформингтағы бензиннің фракциядаға детонациялық тұрақтылығы тең бөлінген. Сондықтан автокөліктердегі бензинді каталитикалық риформинг және каталитикалық крекинг арқылы өңдеген қоспаны қолданған дұрыс. Термиялық процесс арқылы крекингтеу және баяулатылған кокстеу әдісінде, детонация төзімділігі төмен және химиялық тұрақтылық төмен болады. Күкірт массасы көп болады.Органикалық көлемде төмен октанды бензин алуға болады. Жоғарғы октанды бензинді өңдеу үшін, алкилбензин, изооктан, изопентан және толуол қолданады. АИ-95 және АИ-98 бензиндерін алу үшін оттегі бар компоненттерді қолданады. Оларға: метил-трет-бутил эфирі(МТБЭ) немесе оның қоспаларын третбутанол, фетерол деген атқа ие болды. МТБЭ - ні бензинге қосқанда, оның толық болуын және жанып кетуін, фракция бойынша детонациялық төзімділігін арттырады.
Физика - химиялық мінездемесіне байланысты автокөліктердің бензиндердің қасиеттері төмендегідей болу керек:
Бірқалыпты сұйықтықтар.
Отынның тығыздығы +20°С-та 690-750 кгм болу қажет.
Аздап тұтқыр, егер де тұтқырлық жоғарыласа, онда отынның жиклерден өтуі қиынға түсіп, қоспаның кедейленуіне әкеп соғады. Тұтқырлық температураға тәуелді болады. Температураның +40°С-тан -40°С-қа дейін өзгергенде, бензиннің жиклерден өтуі 20-30% дейін өзгереді.
Бензиннің жанып кетуі. Бұл деген автокөліктегі двигательдің ішіндегі көмірсутек отынымен оттек ауаның тез арада реакцияға түсуі, жылу бөлу қарқынды болады. Жану кезінде бу температурасы 1500-2400°С-ге дейін жетеді.
Двигательдегі отынды толық жағу үшін тез арада сұйық күйден бу күйге ауыстырып, ауамен араластырып, жұмыс қоспа жасау керек. Автокөліктің құрылысына байланысты екі түрлі жұмыс қоспа дайындауға болады. Бірінші түрінде карбюраторда бензиннің біраз бөлігі буланады, жанармай қоспасы пайда болып, ауалы бу арқылы цилиндрге тарайды. Бензиннің толық буланбауынан тамшылардың біраз бөлігі ауалы будан тұнбаға түсіп, бастапқы құбыртасымалдаушының керегелерінде сұйық пленкалар пайда болады. Будың жылжуы және сұйық пленканың жылдамдықтары әртүрлі болып, жанармай қоспасы цилиндрге келіп түсіп, құрамы және сапасы әртүрлі болады. Екінші түрінде жану камерасына немесе бастапқы құбыртасымалдаушыға форсунок көмегшімен шашыратылады.
Бензиннің булануынан физика-химиялық көрсеткіштер байланысты. Оларға: қаныққан бу қысымы, фракциялық құрамы, жасырын жылудың булануын, бу коэффицентінің диффузиялануы, тұтқырлық, беттік керілу, жылу сыйымдылық, тығыздық жатады. Аталған заттардың, ол бензиннің булануын анықтаудың басты көрсеткіші - ол қаныққан булар және фракциялық құрам. Тұтқырлық, беттік керілу, жасырын жылудың булануы, бу коэффицентінің диффузиясы, бензиннің жылу сыйымдылығы , құрамы әртүрлі бензиндер бір-бірінен айырмашылығы аз. Осы айырмашылықтар двигательдің құрастыруында ерекшнліктер қажет емес. Қаныққан бу қысымы және фракциялық құрамы бензиннің жүйелі құрамы, бұл көрсеткіштер әртүрлі бензиндерден өзгеше болады. Осы екі параметр бензиннің бастапқы қасиетіне, бу тығындардың пайда болуына, физикалық тұрақтылығын анықтайды.Қаныққан бу қысымы температураға және бу мен сұйық фазаның қатынасына тең, ал температура азаюынан және бу фазасы сұйық фазпдан үлкен болсы, керісінше азаяды.
Бензиннің фракциялық құрамы прибор арқылы анықтайды.Онда айдау кезіндегі бастапқы температурасын анықтап,булану температурасын 10,50,90%және қайнаудың аяқталуын немесе булану көлемін 70,100,180°С-та байқау керек.
Бензиннің фракциялық құрамына және қаныққан бу қысымына талап ету үшін,автокөліктін двигателінің құрастырылына және қолданатын жердегі климаттық жағдайға байланысты.
Бензиннің құрамындағы жеңіл қайнайтың фракциялар,оның физикалық тұрақтылығынабайланысты,нақтырақ айтқанда булану кезіндемөлшерінің азаюы. Ең көп булану кезіндегі мөлшерін азайтатын көмірсутектер: бутандар, изопентан.
Бензиннің көп булануы карбюратордың қатуына алып келеді. Карбюратордағы бензиннің булануы, оның бөлшектерінің температурасының азаюына байланысты.
Бұл көрсеткіш автокөлік бензиндерінің өздігіненжанып кетпеуге қарсыласады (қысқан кезде). Двигателді қолданған кезде, отынның жоғарғы детонациялық тұрақтылығы болғандықтан, бүкіл режим бірқалыпты жанып кетуіне әсер етеді. Двигательдің отыны жану процесінде радикалды сипаттама береді. Жұмыс қоспасын қысқан кезде,температура және қысым жоғарлайды, көмірсутек тотығады, қоспа жанған кезде интенсифицияға ұшырайды. Егерде отынның жанбай қалған көмірсутектер тотығуға жеткіліксіз тұрақты болса, онда асқан оксидтер қарқынды жиналып, жарылу ыдырауға айналады. Асқын оксидтердің концентрациясы жоғары болғанда, жылулық жарылыс болып, онда отын өздігінен жанып кетеді. Егер отынның бір бөлігі жана бастаса, онда қалған бөлігі жарылысқа ұшырайды, оны детонациялық жану деп атайды. Детонациялық қызып кету-бөлшектердің ескіруіне және сынып кетуіне, қатты дыбыс беруіне, күштіліктің азаюына, түтіннің көп шығуына әкеп соғады. Детонацияның пайда болуына бензиннің құрамы және автокөліктін құрылысы әсер ету мүмкін.
Автокөліктер бензиндерінің детонациялық көрсеткіші-ол октан саны,изооктанның мазмұның көрсеткен (% көлем бойынша) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кентау құрылыс алаңы
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Бензин өндіру процесінің қазіргі экологиялық мәселелері және оның шешу жолдары
Сот химиялық сараптама
Қоректендіру жүйесінің ақаулары
Мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік бақылау
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары. Қоректендіру жүйесінің приборлары
Жанармай- мұнай өнімінің теориялық аспектілері
Пәндер