Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Атырау мұнай газ университеті
Реферат
Тақырыбы: «Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар»
Қабылдаған: Доц Калимова Н. Т
Орындаған : Ораз Жарасхан Қалдыбайұлы
Мамандығы : Мұнай газ ісі
Тобы : МГІ-15-2
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындары
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам кен орындары бар. Облыс жерінде тұз күмбездерінен құралған ірі тектоник құрылымдар (Сантас (Батыс Қазақстан облысы) Сантас, Сасай, т. б. ) көп. Облыстың жер қойнауы мұнайға, әсіресе, газға (газ-конденсат) мейлінше бай. Мұнда Қазақстандағы зерттелген газ-конденсаты қорының 90%-тен астамы шоғырланған (Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны) . Одан басқа облыс аумағында жанғыш тақтатас (Чернозатон, Тоғай, Новошаново), калий, магний тұздары (Шалқар көлі), цементтік шикізат (Ақсуат, Шаново), керамзиттік саз (Тұйықсай, Погодаев), т. б. құрылыс материалдары кен орындары бар.
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар:
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2013 жылы КПО 136 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.
Чинарев
мұнай-газ конденсат кен орны
- Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігіндегі мұнай-газ конденсат кен орны. Орал қаласынан солтүстік-шығыста 40 км жерде орналасқан, 1991 жылы ашылған.
Шалқар калий тұзы кен орны - Орал қаласынан оңтүстікке қарай 100 км жерде, Шалқар көлінің жағасында орналасқан. Шалқар құрылымы тұзбен кептелген алып тұз күмбезі болып табылады. Оның пішіні эллипс тәрізді, меридиан бағытында 35 км-ге, ендік бағытта 25 км-ге созылған.
Каменка газ конденсат кен орны - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы аумағында, Орал қаласынан батысқа қарай 75 км жерде орналасқан. 1986 жылы ашылған.
Жайық-Каспий қоңыр көмір алабы - Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Жалпы аумағы 150 мың км2. Көмірлі түзілімдер туралы алғашқы деректер 19 ғасырдың аяғында белгілі болған. 1941-1945 жылдары алаптың жекелеген кен көздері игеріліп, жергілікті отын базасы болды. Негізгі іздеу-барлау жұмыстары 1941-1952 жылдары жүргізілген.
Үшкілтас газ кен орны - Орталық Каспий маңы аймағындағы газ кен орны. Орал қаласынан оңтүстік-батыста 250 км-де, Жаңақала кентінен солтүстікте 35 км жерде орналасқан. 1960 жылы ашылған. Апшерон шөгінділері бойынша шектелген Үшкілтас газды құрылымы орталық белігі қиылған, өзімен аттас күмбездің дөңі бетінде жарылым маңында орналасқан қос төбелі брахиантиклин болып табылады.
Приграничное мұнай кен орны - Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігіндегі мұнай кен орны. Орал қаласының солтүстік-батысында 90 км жерде 1993 жылы параметрлік ұңғыманы сынамалау кезінде белгілі болды.
Болғанмола мұнай кен орны - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында, Орал қаласынан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде орналасқан. 1969 жылы ашылған. Құрылымы Болғанмола дөңбек күмбезінің солтүстік-шығыс бөлігінде.
Растошинское газ кен орны - Каспий маңы ойысының солтүстігіндегі газ кен орны. Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласынан батыста 15 км жерде орналасқан. 1993 жылы белгілі болды. 1-ші іздестіру ұңғымасын сынамалау кезінде башқұрт жікқабаты шөгінділерінен газ ағымы (112 мың м3/тәу) алынды.
Желаев қиыршықты құм кен орны - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы жерінде орналасқан. Орал қаласының солтүстік-шығыс бағытында, Желаев ауылынан 1 км жерде. Ол қиыршықты құм кен орнына жатады.
Каменское газ-конденсат кен орны - Каспий маңы ойпатының солтүстігіндегі кен орны. 1986 жылы ашылған.
Керамзиттік шикізат кен орны - Орал қаласының солтүстік-батысында 48 км, Погодаев ауылының оңтүстік-батысында 1, 5-2 км қашықтықта орналасқан кен орны. 1971 жылы пайдалануға берілді.
Шыңғыс мұнай кен орны - Орталық Каспий маңы мұнайлы-газды аймағындағы мұнай кен орны. Батыс Қазақстан облысында, Орал қаласының оңтүстік-шығысында 270 км жерде орналасқан. 1996 жыл ашылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz