Гидрогеология – геология ғылымының бір саласы


Қазақтан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Атырау Мұнай және Газ Университеті

Мәнжазба

Пәні: Геология және инженерлік геология

Орындаған: Турниязова А. Ж.

Тексерген: МырзағалиевД. М.

Атырау, 2016 жыл

Жоспары

1. Жер қыртысының құрамы мен құрылысы

2. Гидрогеология - геология ғылымының бір саласы

3. Табиғаттағы су айналымы

4. Жер асты суларының құрылысы мен жіктелуі

5. Тау жыныстарының физика - химиялық қасиеттері

6. Жер асты суының қоры

7. Жатыс жағдайларына байланысты бөлінуі

1. Жер қыртысының құрамы мен құрылысы.

Геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесі Жердің сыртқы пішіні үш осьті эллипсоидқа (сфероид) жақын екендігін көрсетеді. Жер эллипсоиды өзінің үлкен және кіші жарты осьтерімен және полярлық сығылушылығымен сипатталады. Жер - Күн жүйесіндегі планеталардың бірі және оның қыртысы әр түрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шын мәніндегі бейнесі өте күрделі. Ол ешқандай да геометриялық фигураға ұқсамайды. Сондықтан неміс ғалымы - физик Люстихтің ұсынысы бойынша Жер геоид пішінді деп саналады.

Жер қабатының құрылымы. Жер негізінен 3 геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро.

Жердің ішкі өзегін ядро деп атайды. Жердің ядросының радиусы 3486 км - дей құрайды. Ол сыртқы және ішкі ядроға бөлінеді. Бұл екеуі арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем бар.

Мантия жоғарғы және төменгі болып бөлінеді. Жер көлемінің 83% - ын, жалпы салмағының 67% - ын құрайды. Ол жер қыртысынан жұқа Мохоровичич арқылы бөлініп жатыр.

Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы - жер қыртысы . Жер қыртысы деп литосфераның жоғарғы қабаты, жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера, жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз.

Жылу энергия көздеріне - күн радиациясы, радиоактивтік құлдырау кезіндегі бөлінген жылу энергиясы, радиогендік жылу жатады. Сонымен қатар жылу химимялық реакциялар, минералдардың кристалдануынан, тектоникалық процестерден, гравитациялық дифференциалдық заттардан тарайды.

Геотермиялық градиент - тау жыныстарының 100 м тереңдікке түскен сайынғы температураның көтерілуін айтамыз. Жер қойнауына әр 100 м түскен сайын 3* С - қа тең.

Жердің өлшемдері

Жердің полярлық радиусы - 6356, 8 км;

Экваторлық радиусы - 6378, 2 км;

Жердің орташа радиусы - 6371, 11 км;

Көлемі - 1, 083 млрд. Км 3 ;

Жердің массасы - 5975 * 10 27 т;

Ауданы - 510, 2 млн. Км 2 ;

2. Гидрогеология - геология ғылымының бір саласы.

Гидрогеология - жер асты гидросферасының тарихын, пайда болуын, таралуын, алмасуын, жер асты суларының физикалық қасиеттерін, қозғалысын, режимін, құрылымын, геологиялық және геохимиялық құрамын, оның ресурстары мен жоғарғы мантияны тау жыныстары арасындағы орналасу пішіндерін, қорының шамасын ластануын, пайдалану тәсілдерін зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Гидрогеология жер асты суларын кәсіпорындар мен қалаларды, басқа елді мекендерді, демалыс және емдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер суаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды және өндірістік маңызы бар химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейді. Жер асты суының адам баласы үшін, жануарлар мен өсімдіктер үшін рөлі өте зор. Күрделі гидротехникалық және меморативтік құрылыс салғанда, кен өндірістеріне жер асты суының түзетін жерін анықтайды.

Гидрогеологияның мынадай негізгі салалары бар;

  • Жалпы гидрогеология;
  • Жер асты суларының алмасуы гидродинамика;
  • Аймақтық гидрогеология;
  • Жер асты суын іздеу мен барлау әдістері;

- Кен орындары гидрогеологиясы, гидрохимия, меморативті гидрогеология, минералданған сулар туралы ілім, мұнай гидрогеологиясы;

Гидрогеология жер туралы ғылымдармен, олардың ішінде кң алдымен геодинамикамен, геохимиямен, геофизикамен, гидрогеологиямен, сондай - ақ физика, химия және математикамен тығыз байланысты.

Дербес ғылым ретінде XX ғасырдың 20 - жылдары қалыптасты. Гидрогеологияның дамуына көп еңбек сіңірген Қазақстандық ғалымдар У. М. Ахмедсафин, Н. Ә. Кенесарин, Ж. Сыдықов, С. Мұхамеджанов, Ә. К. Жәкенов, В. В. Веселов және т. б.

10940 жылы геология ғылымында гидрогеология бөлімі ашылып, олар У. М. Ахмедсафиннің жетекшілік етуімен гидрогеологияның Қазақстандық мектебінің негізін қалады.

Табиғаттағы су айналымы.

Жер шарындағы судың күн қуаты мен салмақ күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айнау процесі. Су жер шарындағы мұхиттар мен құрлықтардың бетінен буланады, су булары ауа ағыны мен жоғары көтеріледі де, қоюланып тамшыға айналады және атмосфералық жауын - шашын түрінде мұхитқа немесе құрлыққа қайта оралады, ал құрлықтан булар өзендер арқылы мұхитқа қайтадан ағып барады.

Жер асты суларының ерекшелігі және құрылысы бойынша жер үстінде орналасқан сулардан ерекшеленеді. Жер асты сулары жерге жауатын жауындардан толықтырылады. Жер асты сулары қандай қабатта орналасқанына байланысты өз сипаттамасын өзгерте алады. Осыған байланысты жер асты суларының 3 түрі белгіленеді.

Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл жер үстіне жақын орналасқан сулар. Бұл қабаттан құрғақ ауа райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауын - шашын нәтижесінде пайда болады. Екінші атауы - артезиандық сулар. Бұл жер астының су қабаты аумақ рельефіне байланысты. Жетекші судан төмен топырақ сулары орналасады. Топырақ суы шеткі, суға берік қабатта болады. Одан төмен ағынды сулар орналасады.

3. Тау жыныстарының физика - химиялық қасиеттері

Тау жыныстарының су өткізгіштігі - тау жыныстарының су өткізу қасиеті. Олардың су өткізу қасиеті қуыс ерекшелігіне, кеуек мөлшеріне байланысты болады. Су өткізгіштік қасиетіне қарай барлық тау жыныстары мына төмендегі 3 топқа бөлінеді: 1) су өткізгіш; 2) жартылай су өткізгіш; ) 3 су өткізбейтін;

Біріншісіне - малта тастар, қиыршық тастар, құм және жарықшақты тығыз жыныстар, екіншісіне - құмай ізбем тас, балшықты құм, нашар жарықшақты тасты жыныстар, үшіншісіне - су өткізбейтін балшық, тұтас тас жыныстар жатады.

Тау жыныстарының кеуектілігі деп - онда қатты заттармен толтырылмаған қуыстың бар болуын түсіндіреді. Жыныстағы толтырылмаған қуыстың көлемінің жыныстың сырт көлеміне қатынасын кеуектілік коэффициенті деп атайды. Тау жыныстарының кеуектілік коэффициентін мұнайдың абсолютті қорын бағалау кезінде, сонымен қатар қабаттардың немесе сол қабаттардың бөлімдерін салыстыру үшін қолданылады.

4. Жер асты суларының жіктелуі

Сінбе сулар - атмосфералық жауын - шашыннан пайда болған жер асты суы, ауырлық күшінің әсерінен су өткізетін қабаттарда еркін қозғалатын жер асты суы. Сіңетін сулардың шамасы көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға климат, рельф, өсімдік, тау жыныстарының құрамы мен олардың су сіңіргіштігі, адамның еңбек әрекеті жатады.

Ювенильдік сулар - жер бетіне алғаш рет магмалық жыныстардан тікелей келген эффузивтік жыныстар. Жердің тереңдігінен ең алғаш суайналымына түскен жер асты суы. Ювениль немесе тереңде пайда болатын сулар жердің терең қойнауынан (магмалық және метаморфикалық зоналардан) жоғары көтеріліп ыстық булардың суынып қоюлануы есесінен жиналады.

Тұнбалық (седиментациялық) немесе жұрнақ су шөгінді жцыныстарғп сіңіп жиылған және қазірге дейін сақталып келе жатқан көне алаптағы қалдық су болып табылады. Осы көмілген сулар гидрогеологиялық және мұнайлы - газды жабық құрылымдары терең бөліктерінде сақталып қалады. Өзінің жоғарғы минералдық ерекшеліктерін осы сулар химия өндірісінің шикізаты болып табылады, емдік мақсаттар үшін де пайдаланылады.

5. Жер асты суларының қорлары.

Жер асты суларының қоры - жер асты суының көп жылдар бойы шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болатын, үздіксіз жиналып, толығып отыратын мөлшері.

Жер асты суының табиғи қорлары - табиғи жағдайларда (статикалық немесе қозғалыстағы күйде) сулы пластарда орналасқан гравитациялық судың көлемі. Табиғи қорлар статикалық, серпімді және динамикалық қорлардан құралады. Табиғи қор - геологиялық мерзімде немесе көп жылдар бойы сулы қабаттарда, гидрогеологиялық құрылымдарда жиналатын су мөлшері.

Табиғи ресурс - жауын - шашынның, өзен суларының жер бетінен олардың астына әр мезгілде әр түрлі мөлшерлерде сіңіуіне, жер бетінің көп жылдық мерзімде ылғалдану режиміне сәйкес жер асты суларының толығып отыратын бөлігі.

Жер асты суларының пайдалану қоры - аумағы белгілі сулы қабаттардан белгілі бір уақыт бойы техникалық - экономикалық тұрғыдан тиімді түрде арнаулы су қабылдағыштар арқылы тәулігіне алынатын судың мөлшері.

Жер асты суы қорын жасанды толықтыру - жер бетіндегі ағынды сулардың бір бөлігін шаруашылықты пайдалану мақсатымен, жер асты сулы қабаттарына аудару, өткізу. Ол жер бедерінің табиғи ойпаң тұстары (жыра, құрғақ өзек, кеуіп қалған өзен, ескі қазба) немесе судың грунтқа сіңуі үшін арнайы жасалатын құрылыстар (алап, канал, ұңғыма, құдық) арқылы жүзеге асырылады. Халық шаруашылығында пайдалануға жарамды жер асты сулары ең бағалы пайдалы қазындыларға жатады.

Жеке құрамды бөліктер шамаларының мүмкін деп табылатын шектен асып түсуінен және жалпы минералдануының жоғарылауынан пайда болған сапалық өзгерістер нәтижесінен жер асты суының пайдалануға жарамсыз болуы, оның ластануы болып табылады.

Бактериялық ластануы патогендік бактериялар тудырады. Бактериялық ластану эпидемиялық аурулардың таралуына себепші болады.

Химиялық ластану жиі ұшырайды және одан тазарту да қиын. Химиялық ластануға тұрмыста және өндірісте қолданылып ағызылатын сулар, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар себепші болады.

Механикалық ластану аз тараған. Өйткені карст суларынан өзге сулар механикалық қоспалардан жылдам тазарады.

Радиоактивтік ластану атом қондырғыларының жұмысы нәтижесінде уран кендері және пайдаланған аудандарда пайда болады. Радиоактивтік қоспалар тау жыныстарына молынан сіңеді, сондықтан жер асты суының тасқынымен баяу тарайды.

Карст, карстық құбылыстар - суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан - ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тау тұзынан құрылған жерлерге тән рельефтерінің өзгеше формалары мен гидрогеологиялық режимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітудің салдарынан жер бетінде орлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар , ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Мұндай жерлерде өзендер, жеп жарығына, шұңқырға құйылып, жер астында, содан кейін қайта жер бетіне шығып алады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суға ерігіш тау жыныстарында “жалған карст” немесе “саздық карст” пайда болады. Бұл жағдайда рельеф өте қатты бедерлі болып келеді.

Карстық жер асты суы - суда оңай еритін тау жыныстарының жарықшаларында, қуыстық үңгірлерде қар, жаңбыр, өзен және көл суының сіңуінен пайда болған жер асты суы. Олардың химиялық құрамы су сыйыстырушы тау жыныстарының минералдық құрамына сәйкес келеді. Әктас, доломиттерде қалыптасатын жер асты сулары көбінесе тұщы болып келеді. Ерігіш тау жыныстарда (әктас, доломит, тұз, кейде мергель мен бор) жер асты суларының еріткіш әсерінен туындайды.

6. Жатыс жағдайларына байланысты бөлінуі.

Жатыс жағдайлары бойынша жер асты сулары 4 типке бөлінеді: топырақ суы, қалқыма су, грунт суы және қабатаралық су . Жатыс жағдайына жер асты суының режимі, яғни оның минералдануы, температурасы, деңгейі және басқа көрсеткіштерінің уақыт ағымында өзгеруі байланысты. Алаптар сулы горизонттармен ғана емес, сондай - ақ морыған кристалды таужыныстарының ірі массивтерімен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жарықшақтық пен желілік суларының алабы жаралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология
Геология оқу - әдістемелік кешен
Қазақстанда геологиялық ғылым мен өндіріс салалары дамуының басты - басты сатылары
Стратиграфия
Геология пәні, оның міндеттері және геологиялың ғылымдар саласы
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Рельеф және геолоиялық құрылым
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Карта туралы жалпы мәлімет
Жерді зерттейтін ғылым - Геология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz