10 жатақхананың желдету жүйесі, желілері, жабдықтары



I. КІРІСПЕ 3
1.1. ЖЕЛДЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ 3
1.2. ЖЕЛДЕТУДІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТЫ 3
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
2.1. ЖЕЛДЕТУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
2.1.1. Желдетудің тарихы 7
2.2. ЖЕЛДЕТУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ 7
2.3. ЖЕЛДЕТКІШ ТҮРЛЕРІ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫ 8
2.4. ЖАБЫҚ ҒИМАРАТТАРДА АУА АЛМАСУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
2.5. ӨНЕРКӘСІПТІК ЖЕЛДЕТКІШТІҢ ЖІКТЕЛУІ 12
2.6. ЖЕЛДЕТУ ЖҮЙЕЛЕРIН ЖОБАЛАУ, ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ОРНАТУ (ҚҰРАСТЫРУ) КЕЗIНДЕГI ҚАУIПСIЗДIК ТАЛАПТАРЫ 13
2.6.1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптары 15
2.6.2. Желдету жүйелерiн орнату (монтаждау) кезiнде қойылатын талаптар
2.6.3. Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар 16
2.7. ҒИМАРАТ СХЕМАСЫ 18
III. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 20
3.1. ЕСЕПТЕУЛЕР 20
3.1.1. Ғимарат микроклиматының және сыртқы ауа параметрлерінің есептеулері
3.1.2. Адамдардан бөлінетін газдар мен ауа массасын есептеу 22
3.1.3. Зиянды булардың, газдардың, шаңдардың ғимаратқа бөлінуі кезіндегі қажетті ауа алмасуын есептеу 23
3.1.4. Бөлмедегі адамнан бөлінетін жылу ассимиляциясын есептеу 23
3.1.5. Қысым шығынын есептеу 25
3.1.6. Ғимаратты желдетудің уақыт аралығын есептеу 26
IV. ҚОРЫТЫНДЫ 27
IIV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
Адамның денсаулығы және көңіл күйі, еңбекке қабілеттілігі ауаның сапасына, яғни, химиялық құрамына (ауадағы бумен газдың пайыздық қатынасы), физикалық жағдайына (барометрлік қысым, саластырмалы ылғалдылық, температура және ауа қозғалысы) ауада шаңның, микроағзалардың болуына байланысты. Осыған орай әр түрлі ғимаратттардағы желдету адам денсаулығын қорғау мен аурулардың алдын алу шараларының ең маңызды және пайдалысы болып табылады.
Жабық бөлмелердің ауасы әртүрлі себептердің әсерінен өзгереді. Адамдардың әртүрлі тұрмыстық және өндірістік жұмыс атқарғанда үйдің ауасында жиналған артық жылылықты, ылғалдылықты және зиянды газдардың әртүрлі қоспаларын жүйелі вентиляция арқылы уақытында сыртқа шығарылады. Баспаналар мен жабық бөлмелердің аусы жаңарып отырмау салдарынан, оның химиялық құрамы өзгеріп, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді, немесе әртүрлі өкпенің, жүректің, бүйректің және т.б. аурулардың пайда болуымен қатар, олардың асқынуына себепкер болады. Әртүрлі иістер және антрокотоксиндер – тіршілік әрекетінің заттары – адамға дерттік әсерін тигізеді. Антротоксиннің құрамында диметиламин, сүттегі күкірт, сірке қышқылы, ацетон, фенол, азот тотықтары және басқа да улы заттарда бар ауамен дем алғанда адамның жүйке жүйесімен халінің нашарлайтындығы анықталған (басының ауруы, тәбетінің жоғалуы, жұмыс қабілетінің төмендеуі т.б.). Ауа үнемі адамнан бөлінетін көмірқышқыл газымен,термен, киім мен аяқ киімдегі органикалық заттармен полимерлік материалдардан бөлінетін химиялық заттармен ластанаыны белгілі. Сонымен катар өнеркәсіп орталықтарында технологиялық процесстердің болуынын әртүрлі зинды газдар, булар, ылғал және шаң шығады. Ғимраттағы белгілнген ауа ортасын сақатап тұру үшін, ластанған ауаны кетіріп бөлмеге таза ауа енгізіп отыру қажет. Бұл шаралардың барлығы жобалау кезінде шығатын зиянды заттар мөлшерін есептей отырып қосылатын әр түрлі желдету жүйелері арқылы іске асады.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Грудзинский М..М., Ливчак В.И., Поз М. Я. Отопительно-вентиляционные системы повышенной этажности. М.:Стройиздат, 1982
2. Меклер В. Я. Вентиляция и кондиционирование воздуха на машиностроительных заводах: Справочник. - М.: Машиностроение, 1980. - 335 с.
3. Кондиционирование воздуха, отопление и вентиляция / Б.Н. Голубков, Б.И. Пятачков, Т.М. Романова.-Москва: Энергоиздат, 1982. –247 c.
4. Кострюков В.А. «Отопление и вентиляция2, ч. 2, М. Стройиздат, 1965
5. Молчанов Б.С. «Проектирование промышленной вентиляции» Л., Строиздат, 1970
6. Санитарные нормы проектирования промышленных предприятий, М. Стройиздат
7. Михаилов Ф№С№ Отоппление и основы вентиляции. М№ Стройиздат
8. Системы вентиляции и кондиционирования. Рекомендации по проектированию для производственных и общественных зданий". Автор Краснов Ю.С.
9. Кудрявцев.И.Ф., Карасенко.В.А. Электрический нагрев и электротехнология. М., «Колос»,1975 г.
10. Основы гидравлики и гидроаэродинамики /В.И.Калацун,, Е.В.Дроздова, А.С.Комаров,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ
ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Пәні: "Инженерлік жүйелер, желілер және жабдықтар"
Тақырыбы: "№10 жатақхананың желдету жүйесі, желілері, жабдықтары"

Қабылдаған: Абдибаттаева М.М
Орындаған: Шаханова Н.Б.
ӨТҚ және ҚОҚ мамандығы 1-курс студенті

Алматы 2015
Мазмұны.

I. Кіріспе 3
1.1. Желдетудің маңызы 3
1.2. Желдетудің міндеттері мен мақсаты 3
II. Негізгі бөлім 5
2.1. Желдету және оның түрлері 5
2.1.1. Желдетудің тарихы 7
2.2. Желдету қондырғылары 7
2.3. Желдеткіш түрлері мен сипаттамалары 8
2.4. Жабық ғимараттарда ауа алмасуын ұйымдастыру әдістері 10
2.5. Өнеркәсіптік желдеткіштің жіктелуі 12
2.6. Желдету жүйелерiн жобалау, дайындау және орнату (құрастыру) кезiндегi қауiпсiздiк талаптары 13
2.6.1. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптары 15
2.6.2. Желдету жүйелерiн орнату (монтаждау) кезiнде қойылатын талаптар 16
2.6.3. Желдету жүйелерiн пайдалану және жөндеу кезiндегi талаптар 16
2.7. Ғимарат схемасы 18
III. Тәжірибелік бөлім 20
3.1. Есептеулер 20
3.1.1. Ғимарат микроклиматының және сыртқы ауа параметрлерінің есептеулері 20
3.1.2. Адамдардан бөлінетін газдар мен ауа массасын есептеу 22
3.1.3. Зиянды булардың, газдардың, шаңдардың ғимаратқа бөлінуі кезіндегі қажетті ауа алмасуын есептеу 23
3.1.4. Бөлмедегі адамнан бөлінетін жылу ассимиляциясын есептеу 23
3.1.5. Қысым шығынын есептеу 25
3.1.6. Ғимаратты желдетудің уақыт аралығын есептеу 26
IV. Қорытынды 27
IIV. Пайдаланылған әдебиеттер 28

КІРІСПЕ
1.1. Желдету және оның маңызы
Адамның денсаулығы және көңіл күйі, еңбекке қабілеттілігі ауаның сапасына, яғни, химиялық құрамына (ауадағы бумен газдың пайыздық қатынасы), физикалық жағдайына (барометрлік қысым, саластырмалы ылғалдылық, температура және ауа қозғалысы) ауада шаңның, микроағзалардың болуына байланысты. Осыған орай әр түрлі ғимаратттардағы желдету адам денсаулығын қорғау мен аурулардың алдын алу шараларының ең маңызды және пайдалысы болып табылады.
Жабық бөлмелердің ауасы әртүрлі себептердің әсерінен өзгереді. Адамдардың әртүрлі тұрмыстық және өндірістік жұмыс атқарғанда үйдің ауасында жиналған артық жылылықты, ылғалдылықты және зиянды газдардың әртүрлі қоспаларын жүйелі вентиляция арқылы уақытында сыртқа шығарылады. Баспаналар мен жабық бөлмелердің аусы жаңарып отырмау салдарынан, оның химиялық құрамы өзгеріп, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді, немесе әртүрлі өкпенің, жүректің, бүйректің және т.б. аурулардың пайда болуымен қатар, олардың асқынуына себепкер болады. Әртүрлі иістер және антрокотоксиндер - тіршілік әрекетінің заттары - адамға дерттік әсерін тигізеді. Антротоксиннің құрамында диметиламин, сүттегі күкірт, сірке қышқылы, ацетон, фенол, азот тотықтары және басқа да улы заттарда бар ауамен дем алғанда адамның жүйке жүйесімен халінің нашарлайтындығы анықталған (басының ауруы, тәбетінің жоғалуы, жұмыс қабілетінің төмендеуі т.б.). Ауа үнемі адамнан бөлінетін көмірқышқыл газымен,термен, киім мен аяқ киімдегі органикалық заттармен полимерлік материалдардан бөлінетін химиялық заттармен ластанаыны белгілі. Сонымен катар өнеркәсіп орталықтарында технологиялық процесстердің болуынын әртүрлі зинды газдар, булар, ылғал және шаң шығады. Ғимраттағы белгілнген ауа ортасын сақатап тұру үшін, ластанған ауаны кетіріп бөлмеге таза ауа енгізіп отыру қажет. Бұл шаралардың барлығы жобалау кезінде шығатын зиянды заттар мөлшерін есептей отырып қосылатын әр түрлі желдету жүйелері арқылы іске асады.

1.2. Желдетудің мақсаты мен міндеттері
1. Негізгі міндеті ауа ортасының күйін ұстап тұру, яғни бөлмеде адамдар үшін және технологиялық процестерді орындау үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
2. Жұмыс орындарында нормамен талап етілетін жағдайды қамтамасыз ету жолымен кәсіптік аурулармен күресу.
3. Атмосфералық ауаны желдету шығарындыларында кездесетін зиянды заттармен ластанудан қорғау.
Желдетудің мақсаты: Ауа алмасымды ұйымдастыру мен бөлмеде рұқсат етілетін жағдайды ұстап тұру. Бөлмелердегі ауаны таза ауамен алмастыру, ауаның алғашқы физикалық және химиялық қасиеттерін қалпына келтіру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің №10 жатақханасының желдету, ауа баптау жүйесін қарастыру және зерттеу.
Жұмыстың міндеті: Желдету жүйесінің адам денсаулығына әсер етуі мен оның маңызы. Жатақхананың желдету жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, желдету жүйесіне қатысты сызбанұсқалар мен гидравликалық есептеулер жүргізу.

Зерттеу нысаны:
* Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №10студенттер үйі
* Қабат саны: 5
* Секциялар саны: 75
* Бөлмелер саны: 150
* Адам саны: 450
* Ғимараттың жалпы көлемі: 6750м3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Желдету және оның түрлері
Желдету (латынша: ventіlatіo -- желдету) -- үй бөлмелерінде, өндіріс орындарында, т.б. реттеулі ауа алмастыруға, адам денсаулығына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ технологиялық процестердің талаптарына сай құрал-жабдықтар мен құрылыстық құрылымдарды, материалдарды, азық-түлікті, т.б. сақтауға арналған шаралар жүйесі. Қазіргі таңда желдету жүйесі әрбір ғимаратта, әрбір үйде қолайлы микроклиматты қалыптастырып тұруда үлкен рөл атқарады.

1.1.сурет. Жатақхана желдетілуі

Желдетудің түрлері
Қолданылуына байланысты:
* Желдетудің тұрмыстық жүйесі-пәтерлер, офистер, үйлер және т.б. шағын ғимараттар үшін
* Желдетудің өнеркәсіптік жұйесі-өнеркәсіп орталықтарында үлкен аудандық құрылымдар үшін
Ауаның орын ауыстыру тәсілдері мен қысымға байланысты:
* Табиғи
* Жасанды (механикалық).
Табиғи желдету дегеніміз - бөлме ауасының көптеген айналмалық жолмен әртүрлі саңылаулар, кәуектер, терезелер мен есіктердің ойықтары және құрылыс материалдарының ұсақ торлары арқылы сүзілу (фильтрация) және ашпалы әйнек (форточка) сияқты табиғи желдетілуді күшейтетін жасандылар арқылы алмасуы. Осы жағдайларда ауаның алмасуы тек бөлменің ішімен сыртындағы оның температурасы мен желдің қысымының айырмашылығы арқылы болады.
Табиғи желдетілу түрлері ұйымдасқан және ұйымдаспаған.
Ұйымдасқан-аэрация деп аталады. Аэрация үшін сырттан ауа кіру үшін қабырғадан саңылау жасайды, ал ғимараттың төбесіне арнайы өңделген ауаны жойып отыратын құрылғы(шам әйнек) орнатылады.
Ұйымдаспаған-бөлмеге кіріп шығатын белгісіз ауа көлемі немесе ауа ауыстырғыш кездейсоқ факторларға бағынышты болады. Инфильтрация қосады - терезелер, есiктер, жабындардағы және терезелер желдеткiштердiң ашуында жүзеге асырылады.
Жасанды желдету - желдеткіштер және желдету қондырғыларының көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады.

Тағайындалуы бойынша:
* Ағындата желдету - ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады.
* Сора желдету - желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін қолданылады. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, есіктен және саңылаудан таза ауа кіреді.
* Ағындата-сора желдету - таза ауаның енуі мен лас ауаның әкетілуі бір мезгілде қатар жүреді. Бұл әдіс ауа алмасуы үнемі қарқынды жүрген кезде ғана тиімді.

Ауа алмасуы бойынша:
* Жалпылай алмастыра желдету - бөлмеде бөлінетін шектен тыс зиянды заттардың, жылу мен будың таза ауамен залалсыз шекке дейін араласуына негізделген.
* Жергілікті желдету - зиянды заттар (газдар, булар, шаң- тозаңдар, т.б.) олардың пайда болатын жерлерінен сору құралдары арқылы тысқа шығарылады. Бұл әдіс шектеулі кеңістікте ғана қолайлы ауа ортасын тудыра алады.

Жобалау ерекшеліктері бойынша:
* Каналды
* Каналсыз
Желдету үйдің және сыртқы температураларының айырмашылығы мен желдің әсерінен (мысалы, үймерет аэрациясы) болатын табиғи желдету және механикалы әсер ету арқылы (ауа желдеткіштер арқылы қозғалысқа түсіріледі) атқарылатын механикалық желдету болып ажыратылады.
Ауа алмастыруды қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жиынтығы да желдету деп аталады. Сырттан сорылып алынатын ауаны шаң-тозаңнан тазарту үшін желдету жүйелеріне ауа сүзгілер орнатылады, ал тысқа шығарылатын ауа шаң тұтқыштар -- абсорбер және адсорберлер арқылы тазартылады.

1.2-cурет. Абсорбер құрылысы

2.1.1.Желдету жүйесінің даму тарихы
XIX ғасырдың басында желдету жүйесінің алғашқы даму сатылары калыптаса бастады. Академик Э.X. Ленд ғимаратты желдету механикалық жолдармен іске асатынын атап өтті. Центрден тепкіш желдеткіштердің шығуы арқасында желдету жүйесінің дамуы кең етек ала бастады. Аталған желдеткіш түрін 1832 жылы А.А. Саблуков ойлап тапқан болатын. 1835 жылы центрден тепкіш желдеткішті Алтайдағы Шағыр кенішінде пайдалана бастаған. А.А. Саблуков бұл желдеткіш арқылы түрлі кемелерді, ғимараттарды желдетуді ұсынған. Вентиляцияның дамуына өзіндік үлесін қосқан ғалымдардан В.М. Чаплинді де атап өтуге болады.

2.2. Желдету қондырғылары - желдету жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Олар ауа жолдары мен каналдарға қосылмаған. Жылу қондырғылары: ауа жинайтын қондырғыдан, клапаннан, ауаны шаңнан тазартатын қондырғыдан, ауа қыздырғыштан және желдеткіш пен электр қозғалтқыш желдеткіш агрегаттан тұрады .
Желдету оқпаны -- жер асты кен қазбалары мен шахталарды таза ауамен қамтамасыз етуге арналып салынған құрылыс. Қауіпсіздік ережесі бойынша шахта оқпандарының саны екеуден кем болмауы шарт. Желдету оқпаны ауа ағысының бағытына қарай екіге бөлінеді: ауа беретін оқпан арқылы жоғарыдан таза ауа жер асты кен қазбаларына беріледі; ауа шығаратын оқпан арқылы лас ауа жоғарыға шығады. Желдету оқпаны кейде адамдарды, тау жыныстарын, бекіту материалдарын көтеріп-түсіруге де пайдаланылады. Арнайы көтеріп түсіруге жабдықталмаған желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 15 мс-ке дейін жетеді, ал адам тасымалдайтын желдету оқпанындағы ауа жылдамдығы 8 мс-тан аспауы керек. Желдету оқпаны, негізінен, дөңгелек пішінді, бекітпесіз диаметрі 4-7м. Бекітпесі бетоннан жасалады. Кей жағдайда қимасы - тік бұрыш пішінді. Тік бұрыштарының қабырғасы ағаш бекітпемен бекітіледі. Желдету оқпанының аузында желдетпе арнасымен жалғасатын ойық салынады. Көмекші желдету оқпанында сығылған ауа және су құбырлары, кабель жүргізіледі.

2.3. Желдеткіш - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы. Олар ғимараттарды және шахталарды желдетуге, қазан және пеш агрегаттарына ауа жіберуге не олардан түтін мен зиянды газдарды сорып тысқа шығаруға, материалдарды кептіруге, машина бөлшектері мен механизмдерін салқындатуға, сусымалы және талшықты материалдарды пневматикалық жолмен тасымалдауға, бірқатар технологиялық процестерді атқаруға, машина радиаторлары мен конденсаторын салқындатуға, т.б. қолданылады.
Өнеркәсіптік желдеткіштердің стол үстіне қойылатын және аспалы желдеткіш түрлері кеңінен тараған. Өшетін аппараттарда желдеткіштер тарту күшін тудыратын құрал ретінде (көтергіш желдеткіштер, турбореактивтік екі контурлы қозғалтқыш желдеткіштері,желдеткіш -- фенестрон) пайдаланылады. Желдеткіштер қуаттылығына қарай Вольттың үлестерінен (тұрмыстық желдеткіштер) мыңдаған кВт-қа (өнеркәсіптік желдеткіштер) дейінгі желдеткіштер, ал құрылымына байланысты - центрден тепкіш желдеткіш, осьтік желдеткіш, диаметралды желдеткіш және қалақшасыз желдеткіш болып ажыратылады.
Осьтік желдеткіш түрі ауаны желдеткіш осі айналасында жылжытатын қалақшалары тұрады.
Ортадан тепкіш желдеткіш түрі спираль тәрізді қалақтары бар айналмалы ротордан тұрады. Өндірісте көп қолданылады.
Қалақшасыз желдеткіште ауа ағынын негіз ішінде жасырылған кішкентай көлемді, улкен рамаға тар саңылаулар арқылы жоғары жылдамдық арқылы түсетін ауа жасайды. Эжектор принципі бойынша салынған құрал.

2.1.сурет. Осьтік желдеткіш

2.2.сурет.Ортадан тепкіш желдеткіш
2.3.сурет.Диаметралды желдеткіш

2.4.сурет.Қалақшасыз желдеткіш

Табиғи желдету кезіндегі ауаны алмастыру бөлменің ішкі және сыртқы ауа қысымы мен температураның айырмашылығының есебінен пайда болатын, жылудың және желдің күшінің салдарын болады, ал жасанды желдету, желдеткіштің көмегімен жасалған жасанды күштің салдарынан болады. Сондықтан олардың біріншісін бөлмеде жылу көп болған жағдайда және сыртқы желмен бірге қолданады, ал екіншісі - цехтағы жылу бөліну өте жоғары, бөлінетін зиянды заттардың санымен және улылығы(токсиндігі), сыртқы метеорологиялық жағдайларға қарамастан, бөлмедегі ауаның тұрақты алмасуын қажет ететін кезде, табиғи желдету микроклиматты қамтамасыз ете алмайды.
Әрекет ету орны бойынша желдету жалпы алмасатын, жергілікті және үйлестірілген(комбинирленген) болып бөлінеді. Олардың біріншісі зиянды заттар, бөлме бойымен біркелкі бөліне бастағанда іске асырылады, демек(сондықтан), өндірістік бөлмелерде жұмыс зонасы ауасына көп мөлшерде зиянды немесе жарылысқа қауіпті заттардың кенеттен түсуі мүмкін кезде авариялық, механикалық желдетуді қолданады.
Ол бөлме өте үлкен болып, ондағы адамдар саны аз және оларды қай жерде екендігі тіркелмеген кезде қолданылады. Сондықтан желдетудің бұл түрі, комбинирленген деп аталатын, жалпы алмасатын табиғи немесе жасанды желдетумен міндетті түрде толықтырылуы қажет.
Табиғи желдету барлық бөлмелерде қарастырылуы керек. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған болып екіге бөлінеді.
Бірінші жағдайда ауаны тазарту әртүрлі саңылаулар және терезелер мен есіктердің тығыз жабылмауынан болады, ол ауа алмасуының бірден азырақ бөлінуі кезінде қолданылады.
Аэрациялау (тазарту) кезінде бөлмені желдету арнайы құрылғы арқылы іске асырылады. Оны жылу көп бөлінетін цехтарда және зиянды заттардың шоғырлануы ағынды ауадағы ШШК 30% аспаған кезде қолданады. Аэрацияланған бөлмеден ауаны шығарып тастау үшін, үрленбейтін аэрациялық және жарықты аэрациялық шамдар, әртүрлі конструкциядағы шахталар, шатырдың үстіне орналастырылған сорып алатын құбырлары қондырылады. Желдің күшін пайдалану үшін, сонымен қатар ауаның шамалы көлемін алып тастау үшін, дефлекторлар қолданылады.
Механикалық желдету ауаның өте таза жерден түсуін қамтамасыз етеді; ауаның тазаруына мүмкіндік жасайды- оны қыздыру, ылғалдандыру және кептіруді; ауаны кез келген жұмыс орнына немесе қондырғыларға жеткізуге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар оны тазартып шығарып тастайды.
Механикалық желдету ағынды, сорып алатын және ағынды-сорып алатын болып орындалуы мүмкін.
Ағынды желдету зияндылық концентрациясы(шоғырлануы) аз және неғұрлым жақсы(айтарлықтай) жылу бөлінетін, өндірістік бөлмелерде қолданылады. Сорып алатын желдету, зиянды заттар болмайтын және ауа алмасудың ең аз бөлінуі, еселігі қажет өндірістік бөлмелерде, қосымша және тұрмыстық бөлмелерде, қоймаларда қолданылады. Ағынды-сорып алатын(тартатын) желдетулер, ерекше сенімді және жоғары ауа алмасуды талап ететін, барлық өндірістік бөлмелерде қолданылады. Бұл жүйеде ауа бөлмеге ағынды желдетумен беріледі де, бір уақытта жұмыс жасайтын сорып алатын желдетумен шығарылып тасталады.
Аралас желдетуді, ауаны ағызып және шығарып тастау үшін табиғи желдетуді ішінара (анда-санда, жарым-жартылай) механикалыққа қосымша қолдануға болады.
Апаттық (авариялық) желдету ауаға кенеттен көп мөлшерде зиянды немесе жарылуға қауіпті газдардың түсуі мүмкін өндірістік бөлмелерде қолданылады. Ол сорып алынады және өртке жарылысқа қауіпті А, Б, В категорияларын басқа, барлық кәсіпорындарға арналған желдетудің жұмыс жүйесімен бірігіп, ауа алмасуын 8-ден кем жасалмауын қамтамасыз етуі қажет.
Жергілікті желдету, бөлінетін зияндылықтарды тура пайда болған жерінде жойып(алып тастау үшін)және олардың таралуын, барлық өндірістік бөлмелердің ауасында, болдырмауға арналған. Ол жергілікті сораптар сияқты, сорып алатын желдету түрінде, сонымен қатар ағынды түрінде-жеңіл бүркемелер (перделер), душ және оазис түрінде орындалады.

2.4. Жабық ғимараттарда ауа алмасуын ұйымдастыру әдістері.
Ауа алмасуының ұйымдастыру әдістері бойынша желдету жалпы алмасулық, жергелікті (локализацияланған) және аралас (комбинирленген) болады.
Жалпы алмасулық желдету барлық цехтегі немесе ғимараттағы ауаға зиянды бөліністердің концентрациясын араластыру арқылы қалыпты шекке дейін жеткізу мақсатында жасалады. Ауашығаратын және ауақабылдайтын тесіктер зиянды заттар бөлетін орындарға тәуелсіз, барлық ғимаратты желдету үшін қойылады. Жалпы алмасулық желдету ауа алмасуының көлемді болуын қажет етеді, демек, оның құрылымына және қамтамасыз етілуіне тиісті шығын кетеді. Сондықтан бұл желдету түрінде санитарлық ережелер тұрақты жұмыс орындардың және ғимараттың жұмыс істейтін аймағының ғана ауа ортасының санитарлық-гигиеналық жағдайының қамтамасыз етілуін талап етілуімен шектеледі. Бұл талаптар орындалу үшін жергілікті (сорып шығаратын немесе ағынды) желдету қолданылыды, ал жалпы алмасулық желдету жергілікті желдету жүйесінің жұмысы қиындағанда немесе ғимараттың барлық ауданында зиянды бөліністер түзілгенде және түскенде іске қосылады. Жергілікті сорып шығаратын желдету түрі зиянды бөліністердің түзілген немесе шығарылатын орнында ұсталып және жойылуға арналған.
Бұл желдеткіштің негізгі элементі:
1.жергілікті сорғыш.
2.винтелятор камерасы.
3.фильтр.
4.ауа өткізгіш торап және шығарып тастау шахтасы (суретте көрсетілмеген) болып табылады.
5.желдеткіш (құру кезінде механикалық желдеткіш), Жергілікті сорғыштардың түрі және конструкциясы әртүрлі: оларға сорып шығаратын зонттар мен құбырлар, шығаратын шкафтар және камералар, бүйірлік сорғыштар, қаптамалар т.б. жатады.

2.3.сурет. Жергілікті сорып шығаратын желдеткіш

Аралас желдеткіш деп жалпы алмасулық және жергілікті желдеткіш жүйесінің комбинациясын айтады. Кейбір жағдайларда, мысалы: зиянды бөліністердің барлығын жоюға жергілікті сорып шығаратын желдеткіштің әлі келмеген жағдайда жергілікті сорып шығаратын желдеткішпен бірге жалпы сорып шығаратын желдеткіштің қолданылуы мүмкін.

2.4.сурет. Аралас желдеткіштің (жергілікті сорып шығаратын желдеткіш және жалпы ағынды ) ауа ағыны: 1)жергілікті сорып шығаратын желдеткіш; 2)жалпы ағынды желдеткіш.

Ғимараттағы зиянды заттардың бөлінуіне байланысты ауа алмасуының келесі сызба нұсқалары болуы мүмкін:
1. Төменнен- жоғары - ғимаратта бірмезгілде жылумен газдың немесе жылумен шаңның бөлінуі.
2. Жоғарыдан- төменге - ғимаратта ұшқыш сұйықтықтан будың, шаңның және де жалпы ағында және жергілікті сорып шығаратын шаңмен газдың бөлінуі.
3. Жоғарыдан-жоғарыға - бұл сызба нұсқа шектеулі негізгі өндірістік цехтарда қолданылады. Мысалы, жылумен ылғалдың бірге немесе тек қана ылғалдың бөлінуі. Бұл желдеткіш көбіне тұрғын үйлерде, қоғамдық және көмекші өндірістік мекемелерде қоладнылады.
4. Бірзоналы ағынды және екізоналы сорып шығару - ауадан ауыр газдардың және де бірнеше жарылғыш қауіпті әртүрлі меншікті салмақты компоненттерден тұратын зиянды заттардың газдардың бөлінуі. Олардың жоғарғы зонада көптеп жиналуы жарылуына әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан оларды топталып жиналуын болдырмау керек, мысалы, малярлы және басқада цехтар.
5. Екізоналы ағынды және бірзоналы сорып шығару жоғары зонадан - жылу және ылғалдылық бөлінген кезінде немесе сұйықтықтың 400С температурадан жоғары өндірістік аппараттардан шоғырланған будың шығуы кезінде тек қана ылғалдылықтың бөлінуі.
6. Төменнен-төменге - жергілікті желдеткішті қондыру және басқада жағдайлар кезінде.

2.5. Өнеркәсіптік желдеткіштің жіктелуі
Фабрикаларды, зауыттарды, локомотивтерді және вагон деполарын желдетудің тұрғын үйлердің, кинотеатрлардың, ауруханалардың желдетуінен өзгеше ерекшелігі бар, сондықтанда өнеркәсіпте желдету жүйесін есептеу және құрау желдету техникасының арнайы ауданын құрайды, бұл жүйені біздің елімізде өнеркәсіптік желдету деп атайды. Өнеркәсіптік желдету - өнеркәсіптік ғимараттарда ауа алмасуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін айтады. Мұндай желдетулер немесе ауа алмасу ауа ортасына санитарлық-гигиеналық қолайлы жағдай туғыза отырып, адам денсаулығын және еңбек қабілетін арттырады.
Ауа алмасуының өту барысына, яғни, ауаның берілуі және жойылуы қандай жолдармен жүргізілуіне байланысты желдеткіштерді табиғи және механикалық деп бөлеміз. Табиғи желдеткіш кезінде ауаның алмасуы табиғи себептердің әсерінен, яғни сыртқы және ішкі ауаның температураларының айырмашылығынан, жел көмегімен жүреді. Осының нәтижесінен сыртқы және ішкі ауаның қысым бағанасының айырмашылығы пайда болып, ауа алмасуын іске асырады. Ғимаратқа ауа қабырғадағы және фонарьдағы ойық (каналсыз желдеткіш) немесе арнайы ауа өткізгіш (каналды желдеткіш) арқылы түсуі немесе жойылуы мүмкін. Каналсыз табиғи желдеткіш ауа алмасуының көлемі және ауа қозғалысының жылдамдығы реттелуге көнбейтін, яғни, ұйымдаспаған және ауа алмасуының көлемі және ауа қозғалысының жылдамдығы реттелуге көнетін, яғни, ұйымдасқан болуы мүмкін. Жылудың және желдің күшінің әсерінен реттелетін табиғи ауа алмасуының ұйымдасқан түрін аэрация деп атайды. Аэрацияны жылу көп мөлшерде бөлінетін цехтарда жыл бойы қолдануға болады.

2.5.сурет. Аэрация кезіндегі ауа алмасуы

Жел болмаған жағдайда ғимаратта ауа алмасуы F1 тесік арқылы суық ауаның ішке кіруі, ал F2 фонарьлі ойықтан жылы ауаның шығуы арқылы жүзеге асырылады. Жылдың жылу мезгілінде аэрацияны ылғалмен газдар бөлінетін цехтарда да қолдануға болады. Ені 70-80метрден асатын бір қабатты көп өткізгіштікті корпустарда аэрацияны мүлдем қолдануға болмайды.
Фонарьлары жоқ ғимараттарда жылудың және желдің күшінен желдететін шатырларда қондырылатың сорып шығарылатын шахталармен құбырлар қолдануға болады . Олар фонардағы тесіктерді алмастыра отырып, ластанған ауаның шығуына көмектеседі.
Жылудың ағынын және желдің әсерін күшейту үшін сорғышқа арнайы қондырғыштар- дефлекторлар орнатылады . Дефлекторларды шатырларға да қондыруға болады. Олардың жұмысы цилиндрлік жазықтықта желдің таралуына, яғни аэродинамика заңына негізделеді. Бұл заңға сәйкес дефлектордың цилиндрлік жазықтығының 27 бөлігінде жел қысым туғызады, ал жазықтықтың қалған 57 бөлігінде разрядтау арқылы ғимараттан ауаның сорып шығаруын күшейтеді. Механикалық желдеткіш кезінде ауаның қозғалысы электромоторлармен іске асырылатын желдеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Механикалық желдеткіш, табиғи желдеткіш сияқты каналды және каналсыз болады. Қоршайтын құрылым істелмеген металлдан, пластмассадан және т.б. материалдардан жасалған каналдарды ауа өткізгіштер деп атайды. Құрамына желдеткіш немесе басқа да ауаның қозғалуына әкелетін құрылғылар кіретін ауаның қозғалысына арналған құрылғылар жиынтығын желдеткіштік құрылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қала құрылыс шешімі
Жатақхананы электрмен жабдықтау
Ғимараттың жауапкершілік дәрежесі
Құрылыс - монтаж жұмыстары
Инженерлік жүйелерге,желілерге жалпы сипаттама
Инженерлік жүйелер, желілердің, жабдықтардың даму тарихы
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Жылумен жабдықтау жүйелері
Базалық станцияны басқарушы сервер
Жылыту жүйелерінің элементтері
Пәндер