Билік саяси феномен



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
2.Саяси билік пен мемлекеттік билік.Билітің бөлінуі мен биліктің
заңдылығы.
3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Қорытынды
Билік — қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні
Бүкіл саяси қызметтің мақсаты адамдардың өз мүдделерін қорғау үшін билікті иемденуі және пайдалануы болып табылады. Кез-келген қоғамның өмір сүруі үшін оны белгілі бір теңдікте ұстап тұру қажет емес. Бұған билік арқылы қол жеткізілсді. Экономикада ақша қандай орын иеленсе, билік те саясатта сондай орынға ие (Т. Парсонс). «Билік» ұғымыпыц мәнін түсінуде, біздің ойымызша, тағы бір батыс оқымыстысының аныққтамасы қызықты. Ол билік махаббат секілді — күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын, түйсікпен ұғынылатын және анықталуы қиын сөз» деп тұжырымдайды. Биліктің қоғамда, қоғамның саяси өмірінде алатыи аса маңызды ролі кратология секілді ғылымның пайда болуына жағдай жасады.
«Билік» ұғымы әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әртүрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның объективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер — шаруашылық билік туралы, заңгерлер — мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар -саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері — табиғатқа билік ету туралы, пенхологтар — адамның-өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар — отбасы билігі туралы, діндарлар — Құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды.
Билік адамзат қоғамының тууымен бірге пайда болған және оның дамуына ықпал жасайды. Таптар мен мемлекеттер пайда болғанға дейін билік қоғамдық сипат иеленді: қоғамнан жоғары тұратын аппарат, ерекше мәжбүрлеу мекемелері болған жоқ. Алғашқы қауымдық қоғамда билікті ақсақал сайлау арқылы бүкіл ру жүзеге асырды.
Таптар мен мемлекеттер пайда болғаннан кейін қандас рулық байланыстардың іргесі ыдырады, ақсақалдың моральдық беделінің орнын көпшілік биліктің беделі басты, ол қоғамнан бөлініп, одан жоғары тұрды .
Билік феномені көп қырлы. Билік барлық жерде болады, барлығын қамтиды. Сонымен бірге оның құрылымына үнемі үстемдік — яғни біреудің басқаның үстінен билік кұру ұғымы кіреді. Осы құқықтың неге негізделгені
1. Астана Саммитінің Декларациясы, Егемен Қазақстан 2010ж. 15 желтоқсан
2 .Р.Әбсаттаров Саясаттану негіздері (Екі томдық оқу құралы),Алматы «Қарасай» 2011.
3. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы. Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,Шымкент – 2011.
4. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы.Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,.Шымкент – 2012.
5. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
2.Саяси билік пен мемлекеттік билік.Билітің бөлінуі мен биліктің
заңдылығы.
3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
Қорытынды

БИЛІК САЯСИ ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ
Кіріспе
Билік -- қоғамдық құбылыс. Саяси биліктің мәні
Бүкіл саяси қызметтің мақсаты адамдардың өз мүдделерін қорғау үшін билікті иемденуі және пайдалануы болып табылады. Кез-келген қоғамның өмір сүруі үшін оны белгілі бір теңдікте ұстап тұру қажет емес. Бұған билік арқылы қол жеткізілсді. Экономикада ақша қандай орын иеленсе, билік те саясатта сондай орынға ие (Т. Парсонс). Билік ұғымыпыц мәнін түсінуде, біздің ойымызша, тағы бір батыс оқымыстысының аныққтамасы қызықты. Ол билік махаббат секілді -- күнделікті әңгімеде жиі қолданылатын, түйсікпен ұғынылатын және анықталуы қиын сөз деп тұжырымдайды. Биліктің қоғамда, қоғамның саяси өмірінде алатыи аса маңызды ролі кратология секілді ғылымның пайда болуына жағдай жасады.
Билік ұғымы әдеттегі өмірде және ғылыми әдебиетте әртүрлі мағынада қолданылады. Философтар биліктің мәнін қоғамның объективті заңдарымен, социологтар әлеуметтік билік туралы, экономистер -- шаруашылық билік туралы, заңгерлер -- мемлекеттік билік туралы, саясаттанушылар -саяси билік туралы, табиғат зерттеушілері -- табиғатқа билік ету туралы, пенхологтар -- адамның-өзін-өзі билеуі туралы, ата-аналар -- отбасы билігі туралы, діндарлар -- Құдайдың билігі туралы және т.б. пайымдайды.
Билік адамзат қоғамының тууымен бірге пайда болған және оның дамуына ықпал жасайды. Таптар мен мемлекеттер пайда болғанға дейін билік қоғамдық сипат иеленді: қоғамнан жоғары тұратын аппарат, ерекше мәжбүрлеу мекемелері болған жоқ. Алғашқы қауымдық қоғамда билікті ақсақал сайлау арқылы бүкіл ру жүзеге асырды.
Таптар мен мемлекеттер пайда болғаннан кейін қандас рулық байланыстардың іргесі ыдырады, ақсақалдың моральдық беделінің орнын көпшілік биліктің беделі басты, ол қоғамнан бөлініп, одан жоғары тұрды .
Билік феномені көп қырлы. Билік барлық жерде болады, барлығын қамтиды. Сонымен бірге оның құрылымына үнемі үстемдік -- яғни біреудің басқаның үстінен билік кұру ұғымы кіреді. Осы құқықтың неге негізделгені

Негізгі бөлім
1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
Биліктің авторитарлық сипаты - өзінің осы бағыныштылығын қамтамасыз етудің нысандары мен тәсілдеріне қарамастан, билік объектісі ерік-жігерінің оның субъектісі ерік-жігеріне бағыныштылығы. Өз кезегінде, бағынуға даярлығы бірқатар факторларға: билігін жүргізу объектісінің қасиеттеріне, оған қойылатын талаптар сипатына, жағдайына және т.т. байланысты болады.
Биліктің анықтайтын элементтер:
1) билік қатынастарының кемінде екі әріптесінің болуы, мұндай әріптестер ретінде жекелеген дара адамдар, сондай-ақ адамдар тобы болуы мүмкін;
2) билікті жүзеге асыратын бұйрық, яғни оның кімдерге қатысты билігін жүзеге асыруына байланысты еркін білдіруі, сонымен бірге ол орындалмаған ретте қорқытып-үркіту әрекеттерін қолдануы;
3) билікті жүзеге асыратын бұйрықта білдірілген ерікке бағыну;
4) бұйрықтар беретін адамның бұған құқығы бар екенін, ал басқа адамның бұйрықтарға бағынуға міндетті екенін белгілейтін қоғамдық нормалар.
Биліктің жалпы белгілерін, анықтаушы элементтерін талдау мынадай түсіндірмеге саяды. Билік -- жалпы мағынасында өзінің еркін жүзеге асыру, қандай да бір құралдардың: беделінің, құқығының, күш қолдану көмегімен қызметіне, мінез-құлқына белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі.
Биліктің тұжырымдамалары:
1) анықтаушы-елеулі тұжырымдамалары, билікті субъектінің белгісі, анықтаушы қасиеті ретінде, әйтпесе және әншейін өздігінен жеткілікті "нәрсе" немесе "зат" ретінде түсіндіреді.
2) қатыстылық тұжырымдамалары, билікті қарапайым әрі күрделі қатынас деңгейлеріндегі әлеуметтік қатынас немесе өзара іс-қимыл ретінде сипаттайды.
Билікті пайымдау жөніндегі анықтаушы-елеулі көзқарастарды, өз кезегінде:
а) әлуетті-ерік-жігерлі;
б) құрал-күш қолдану;
в) құрылымдық-қызметтік көзқарастар деп бөлуге болады. Әлуеттік -- ерік-жігер тұжырымдамаларының негізінде қандай да бір саяси субектінің еркін күштеп таңу қабілеті немесе мүмкіндігі ретіндегі биліктің анықтамасы болады (Гегель, Маркс, Фихте, Вебер).
Биліктің құрал-күш қолдану тұжырымдамалары биліктің бірегей құбылысын нақты күш (яғни ерік-жігерді іске асыру құралы) ретінде (Ч. Мерриэм, Д. Кетлин) түсіндіреді.
Биліктің жүйелік және құрылымдық-қызметтік тұжырымдамалары (Т.Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд, М. Крозье) - билік ең алдымен әлеуметтік жүйенің ерекше ықпалдастық белгісі болып табылады, оның мақсаты биліктің тұтастығын, ортақ ұжымдық мақсаттарды жекелеген элементтер мүдделерімен үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың келісімі мен көшбасшылығын заңды деп тану негізінде қоғамның көмекші жүйелерінің қызметтік өзара тәуелділігін қамтамасыз ету.
Қатыстылық тұжырымдамалары билікті "әлеуметтік қатынастар" санатының көмегімен түсіндіреді.
Мінез-құлық көзқарасы екі жеке-дара адам-актер мінез-құлықтары мен бірінің екіншісіне сәйкес ықпалдары арасындағы қарапайым қатынастарға өктемдік қарым-қатынас жасауының барлық саналуандығын белсендетеді. Билік екі мінез-құлық пен ықпалдардың қатынасына айналады, бұл жағдайда бір тарап өзінің шешімін екінші тарапқа телиді.
Интеракционистік теория -- билік қатынасы адамдар арасындағы ресурстарды (П.Блау) алмасудың ерекше тәсілінің немесе ықпал ету аймағын бөлу кезінде акторлардың (Д. Ронг) рөлдерінің ауысуымен бір-біріне сәйкес емес әрекеттерінің, сондай-ақ материалдық, идеологаялық және басқа да ресурстарды бөлу, қайта бөлу (Р. Даревдорф, Л. Козер және басқалары) жөнінде тұрақты, түрде пайда болатын жанжалдарды реттеу арқылы қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтық жүйесіндегі негізгі "тұрақтандырғыш" рөлін атқарады, әлеуметтік тепе-тендік пен саяси келісім.
Биліктің құрылымы. Биліктің субъектісі, объектісі, құралы оның негізгі құрамдас бөліктері болып табылады, олар оның барлық элементтерін қозғалысқа келтіріп, субъекті мен объектінің өзара әрекетінің тетігімен және әдістерімен сипатталады.
Саяси билікгің субъектілері көп өлшемді болады. Биліктің бастау алатын субъектілері адамдар, әлеуметтік топтар, қосымша бастаулары -- саяси ұйымдар, барлық биліктің қатынастарында әралуан қоғамдық топтар мен бүкіл халықтың тікелей өкілдері болатын ең жоғары деңгейдегі субъектілер -- саяси бекзаттар мен көшбасшылар болып табылады.
Субъекті мен объекті шеткі қарама-қарсылықтарды, билік құрылымының перменді бастауларын сипатталды. Әрі адамдардың субъекгілер мен объектілер, бастықтар мен бағыныштылар болып бөлінуі көбінде салыстырмалы сипатта болады: бір жағдайда адам бастық, екінші бір жағдайда бағынышы болады. Билікке қатысты оның агенттерінің өзара іс-қимылы құралдардың немесе ресурстардың тұтас жиынтығымен жанама қатынаста болады және өкілдік ету процесін реттейтін арнайы институциялық тетік ауқымдарында жүзеге асырылады. Билікгің бұл құрамдас бөліктері дегеніміз не?
Билік ресурстары. Бұл терминнің өзі кең мағынада, сонымен бірге тар мағынада да қолданылады. Кең мағынада - биліктің ресурстары - жеке-дара адамның немесе топтың басқаларға ықпал ету үшін пайдаланатын барлық мүмкіндіктері. Tap мағынада - субъектінің мақсаттарына сәйкес биліктің объектісіне ықпалды қамтамасыз етуге пайдаланылатын құралдар. Ресурстар объекті үшін маңызды не құндылықтар (ақша, тұтыну заттары және т.т.), не адамның ішкі дүниесіне, дәлелдеуіне (теледидар, баспасөз және т.с.с.) әсер етуіне қабілетті құралдар, не адамды белгілі бір құндылықтардан айыруға көмектесе алатын (қару, тұтастай алғанда жазалау органдары) қару (құрал-сайман) болып табылады, олардың ең жоғары құндылығы әдетте өмір деп есептеледі.
Билік ресурстарын топтастыру. Билік ресурстарын әртүрлі негіздер бойынша: материалдық (әсер етуінің қаржылық тұтқалары) және материалдық емес (БАҚ көмегімен әсер ету), мәжбүрлеу (әкімшілік жазалау шаралары) мен кәміл көзін жеткізу, "күш қолдану" (әскери аппаратты пайдалана отырып) "күш қолдану" мен саяси (келіссөздер мен ымыраласулар арқылы қол жеткізу) және т.т. әдістеріне негізделген ресурстары деп айыруға болады.
Биліктің ерекше ресурсы адамның өзі -- демографиялық ресурстар болып табылады. Адам -- материалдық игіліктерді (экономикалық ресурстарды) жасаушы, білімдер мен хабарламаларды (мәдени -- ақпарат ресурстарын) және т.т. алушы әрі таратушы. Жеке тұлға тек көптеген өлшемдердің біреуінде ғана биліктің ресурсы болады -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Билік саяси феномен ретінде
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
Саяси әлеуметтану
Саяси билік көздері
Қазақстанда егемендік пен демократиялық даму кезеңдері
Саясат психологиялық феномен ретінде
Дін феноменологиясы
Ішкі және халықаралық туризм ұғымдары
Саяси режим түсінігі және түрлері
Пәндер