Буддизм негізіндегі дүниетаным



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Буддизм негізіндегі дүниетаным.
2. Қазақстандағы буддизм.
Қорытынды
Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы. Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды.
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін).
1. Степин В.С. Философия науки. Общие проблемы – М., 2004
2. Булдаков С.К. История и философия науки: Учебное пособие для аспирантов соискателей ученой степени кандидата наук. – М.:РИОР, 2008 – 141 с.
3. Мукашев Е.А.Концепции естествознания: курс лекции. 2-ое изд., испр. – Алматы: Аркайм, 2002 – 150 с.
4. Мәдени-философияолық энциклопедиялық сөздік/ Құраст.: Т.Ғабитов, А.Құлсариева және т.б. – Алматы: Раритет, 2004 – 320 б.
5. Тарасов Ю.Н. Воронеж, Философия науки: 2008 – 232 б.
6. Основы философии науки / В.П.Кохановский, Т.Г.Лешкевич, Т.П.Матяш, Т.Б.Фатхи – Ростов н/Д, 2004
7. Основы философии науки / под ред. С.А.Лебедева – М.:2005

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Буддизм негізіндегі дүниетаным.
2. Қазақстандағы буддизм.
Қорытынды

Кіріспе
Әлем елдерiндегi буддалық тұрғынның пайызы. Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды.
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін).
Буддизм б.з.б VI ғ. Үндістанда христиан дінінен 5, ал Исламнан 12 ғасыр бұрын пайда болып, басқа елдерге таралуы арқылы әлемдік дінге айналды. Буддизм қазіргі таңда көптеген елдерге тараған. Буддизмнің негізін қалаған Сиддхартха Гаутама, кейін будда деп аталған. Будда санскрит сөзі будх (оянған, нұрланған) ұйқыдағы сананың оянып, сергек санаға өтуін білдіреді. Сиддхартха Гаутама шакя руынан болғандықтан оны Шакямуни деп те атаған. Сарай өмірін ғана көріп өскен Сиддхартха, өмірдің мәнін түсіну үшін бар байлықтан, патшалықта, жанұясынан бас тартып, 29 жасында ақиқат ілім іздеп кетеді. Ол 6 жыл тақуалық өмір кешеді.

Негізгі бөлім
Буддизм негізіндегі дүниетаным.
Буддизм - б.з.д. VI ғасырда Үндістанда пайда болған ежелгі әлемдік дін. Ілімнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама, кейін Будда Шакьямуни атауын алды. Будда ертеректе брахманизмде қалыптасқан түсініктерді өз уағыздарында қолданды.
Сөйтіп, буддизм сансараны (жанның қайта туылуы), карманы (сауап) және дхарманы (тура жол) мойындайды.
Буддизмде екі негізгі ағым бар - хинаяна және махаяна.
Хинаяна (Кіші күйме, жол) - ертеректегі буддизмге жақын ілім. Хинаянадағы жалғыз азаттық жол аскетизм және монахтық қауымдастық сангхадағы өмір.
Махаяна тұлғаның жүріс-тұрысының едәуір еркіндігін, шектеулерді сақтаудағы қаталдықтың төмендігі, монахтықтың міндетті еместігі, зайырлы өмірге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Буддизм діні Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азияда: Шри Ланка, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай (сондай-ақ, Сингапур, Малайзия), Моңғолия, Корея, Вьетнам, Жапония, Камбоджада, Мьянмада (Бирма), Таиландта және Лаоста тараған.
Зерттеушілердің пайымдауынша, Пәкістан және Ауғанстан аумағы арқылы Үндістаннан Орталық Азияға буддизмнің таралуы б.з.д. І ғ. басталды.
ІІ-ІІІ ғасырлардан бастап буддизм ілімі қатарында соғдылық тайпа өкілдері басым болған буддизм діні миссионерлері арқылы белсенді түрде тарала бастады.
Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:
өмір - азап;
азап нәпсіден туады;
нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;
нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:
жүректің оянуы;
ниет, ақыл, ойды түзету;
мінез-қүлықты түзету;
адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).
Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары -- ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті -- нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір -- азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса -- азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса -- адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. "Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу -- өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады" деді. Мұны "шуньявади" (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу -- өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. -- б.з. басы); екінші, бодхисаттва -- құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.
Буддизм үнді философиясының өлі ма-терияның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің ара-сында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана -- адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация -- йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті -- йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептеиді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшшен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр.
Ламаизм буддизмнің кең тараған бір бағыты болып есептеледі. Бұл ерекше бағыттың атауы монахты немесе абызды білдіретін "лама" сөзінен шыққан. Ламаизм VІІ ғасырда тантризм мен махаянаның қытайланған түрінің негізінде Тибетте пайда болды.
Тантризм - бұл буддизм мен индуизмнің әр түрлі мектептері мен бағыттарының ортақ атауы. Бұл ілімнің негізгі идеясы ламаизм іліміне күшті ықпал еткендігін көруге болады. Ол адам тәні мен космостың бірлігі, барлық мәнділіктің энергетикалық бастамасы деген идея. Адам микрокосмос ретінде қарастырылады, оның денесі Жоғары Космосқа ұқсас. Тантризмнің бір ерекшелігі, мұнда жыныстық энергетикалық әйел бастамасына табынады. Буддистік тантра бойынша философия емес, практика, яғни қиял-ғажайып әрекет пен магия ең мәнді. Сондықтан да тантризм көзқарасы бойынша тұқымдастыру әрекеті имитациясымен табиғаттың молшылығын орнықтыруға, байлығын көбейтуге болады. Осындай имитация әрекеті ламаистік ғибадаттың бір формасының көрінісі болып есептеледі.
Тантризм мен йогалық практика тығыз байланысты. Йога адамның тыныштықтағы энергетикалық әлеуетін оятуға ұмтылады. Тантраның бұл жолына жету үшін адамдарға рухани ұстаз - гуру немесе лама, эзотерикалық дұғалар, мантралар немесе символдар, төменгі сатыдағы құдайлар, буддизм уағызшылары мен бодхисаттвалар көмектеседі.
Тантризмнің ілімін игермей, ламаизмнің ерекшелігін, әсіресе діни сенімі мен рәсімдерін түсіну қиын. Бірақ, ламаизмге дейін Тибеттегі жергілікті халықтардың діні бон-по ( рухтарға, табиғат күштеріне табынатын анимистік сенім) болды. Әрине, ламаизмде бұл сенімнің көрінісі болуы табиғи құбылыс. Сондықтан да ламаизмнің доктриналық негізі буддизм болса да, ғалымдар бұл дінді синкретикалық сенім деп бағалайды.
Ламаизмде кең және тармақталған құдайлар пантеоны бар. Оған дәстүрлі буддизммен қоса жергілікті тибеттіктердің, моңғолдардың, буряттардың, қалмақ пен тувалықтардың құдайлары кіреді. Осы құдайлар пантеонының шыңында Будда Шакьямуни - қазіргі космостық ғасырдың буддасы тұр. Онымен қоса Будда Майтрейя - болашақтағы будда ерекше орын алады. Әлемнің қорғаушылары ретінде өздерінің ерекше қасиетте - рімен Амитабха, Вайроган, Акайб бейнесіндегі алғашқы буддалар мойындалады. Бұл дінде будда - лармен қоса бодхисаттваларға табынады. Бодхисаттвалардың ішінде Амитабха, Авалокитехара мен ұлы маг және Манджушридің данышпаны атанған Ваджранани ерекше құрметке ие.
Энергетикалық бастапқы негіз туралы түсініктің дамуынан құдайлардың серігі, олардың әйелдік ипостасы Шакти образы қалыптасты. Нәтижесінде құдайлар мен бодхисаттвалардан көптеген отбасылар мен нөкерлер пайда болды. Оларға құдайлардың серіктері - шактилер, рухани ұлдар - бодхисат - твалар, Будданың қорғаушылары мен қарсы күресушілер, перілер кіреді. Бұл пантеонға буддизмнің діни қайраткерлері де кіргізіледі, мысалы, ұлы уағыздаушы және маг Падмассомбхава (гуру Ремного VІІІ ғ.) есімін айтуға болады. Бұл ұстаз бен оның шәкірттерінің есімі Тибетте, Неполда, Сиккимде буддизм мен ламаизмнің пайда болуымен байланыстырылады.
Аңыз бойынша патша Сронцзан Гамбо мен оның екі әйелі, непалдық және қытайлық ханзадалар буддизмнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия және дүниетаным
Көне түріктердің діні
Философия дүниетаным ретінде
Дүниеге қөзқарас және оның типтері жайлы
Дүниетанымның мәні және оның түрлері, Ежелгі Қытай философиясы.Философиядағы адам мәселесі. Гносеология және эпистемология, Диалектика және онын әдістері
Дін және діни сана
Дүниетанымның тарихи типтерін қарастыру
Дүниетаным, дуниеге көзқарас
Қытай әдебиеті
Нирвана теориясы
Пәндер