Басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігінің маңыздылығы


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Басқарушылық шешімдердің сапасы мен тиімділігінің маңыздылығы

Жоспар:

  1. Басқару шешімдерінің сапасы

1. 1 Басқару қызметінің сапасы, басқарушылық шешімінің сапасы

1. 2 Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы

  1. Басқару шешімдерінің тиімділігі

2. 1 Тиімділік, нәтижелілік, өнімділік мәні мен мазмұны

2. 2 Басқарушылық шешімдер тиімділігін құраушылар

1. 1 Басқару қызметінің сапасы, басқарушылық шешімінің сапасы

Сапа - бұл адамның немесе қоғамның белгіленген немесе болжалды қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын объектінің сипаттамаларының жиынтығы. Сапа функционалдық жарамдылығы, пайдалану сипаттамалары, қауіпсіздік пен сенімділік дәрежесі және т. б. бойынша бағаланады. 1. 1-суретке сәйкес жақсы сапаның белгісі болып беделді фирмамен берілген растаушы сертификаттардың болуы табылады.

1. 1-сурет - Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы

Басқару қызметінің сапасы - бұл оның көпшілік мақұлдаған талаптарға немесе стандарттарға сәйкестік дәрежесі. Әдетте басқару қызметінің сапасы туралы басқарушылық шешімдердің сапасы бойынша айтады.

Өнімнің сапасына тек өндірістің техникалық деңгейі, өндірісті ұйымдастыру мен экономика жағдайы ғана емес, сонымен қатар басқарушылық шешімдердің мәдениеті мен кәсіпқойлығы да әсер етеді.

Басқарушылық шешімнің сапасы - бұл басқару шешімдердің ұйымның ішкі талаптарына (стандарттарына) сәйкестік дәрежесі. Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде басшы басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің әрбір кезеңіне назар аударуы керек. Әрбір кезеңнің сапасы басқару шешімдер сапасының жалпы бағасына едәуір үлесін қосады. Сапа салыстырмалы бірліктерде 0-ден 1-ге дейін өлшенеді. Басқару шешімдердің төмен сапасына 0 мәні беріледі, ал жоғары сапасына 1 мәні беріледі. Басқару шешімдердің жалпы сапасы оның кезеңдерінің, сатылары мен операцияларының барлық құраушыларының сапа мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелінеді.

Мысалы. Әрбір басқару шешімі сегіз - процедураны орындауды талап етеді. Әрбір процедурада бір операция бар. Мұнда процедура сапасының мәндері келесі шамалармен бағаланады:

- ақпараттық дайындық - 0, 8;

- басқару шешімдер нұсқаларын әзірлеу - 0, 7;

- нұсқаларды келістіру - 0, 8;

- бір нұсқаны таңдау - 0, 7;

- басқару шешімдер нұсқасын бекіту - 0, 8;

- басқару шешімдерді жүзеге асыру - 0, 7;

- орындалуды бақылау - 0, 7;

- ақпараттандыру - 0, 8.

Әрбір операция сапасының мәндері жақсы. Бірақ басқару шешімнің жалпы сапасы 0, 098! тең болады Бұл өте төмен деңгей. Сондықтан да басқару шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің барлық құраушыларына кәсіби қатынас кезінде ғана басқару шешімнің лайықты сапасын қамтамасыз етуге болады.

Басқару шешімдерді дайындау мен жүзеге асыру процесінің сапасына: ақпарат, басқару мақсаттарының жиынтығы, басқару шешімдерді әзірлеу әдістері, компанияның тұжырымдамалық үлгісіне кіретін объекттер жиынтығы, қолданылатын басқарушылық технология, басқару шешімдерді жүзеге асыру процесінің таңдалған қасиеті, басқару шешімдерді ұсыну нысаны, басқару шешімдердің ұйымдық аудиті едәуір ықпал жасайды.

Басқарушылық шешімнің сапасын 1. 2-суретке сәйкес ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, психологиялық, құқықтық, экологиялық, этикалық, саяси және партиялық жағынан қарастыруға болады. Бұл құраушыларының әрбіреуі өз ережелеріне, нормаларына, нормативтеріне немесе стандарттарына ие.

1. 2-сурет - Басқару шешімдер сапасының негізгі құраушылары

1. 1-кестеге сәйкес басқару шешімдер сапасының әрбір құраушысы жалпы сапаға өз үлесін қосады.

1. 1-кесте - Басқару шешімдер сапасының негізгі құраушыларының мазмұны

Сапа жағының атауы
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар
Сапа жағының атауы: Ұйымдық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Компанияда қабылданған жұмыс тәртібі, нұсқаулықтар
Сапа жағының атауы: Экономикалық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Экономикалық есептеулердің сертификатталған әдістері
Сапа жағының атауы: Әлеуметтік
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Адам құқықтары
Сапа жағының атауы: Технологиялық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Ұлттық немесе әлемдік технологиялық нормативтер
Сапа жағының атауы: Психологиялық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Қоғамдық өмірдің озық дәстүрлері мен нормалары
Сапа жағының атауы: Құқықтық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Ұлттық және халықаралық заң актілері
Сапа жағының атауы: Экологиялық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: ISO 14000 стандарттары мен тұрақты даму стратегиясы
Сапа жағының атауы: Этикалық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Қоғамдық өмірдің озық дәстүрлері мен нормалары
Сапа жағының атауы: Саяси
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Ұлттық даму бағдарламасы
Сапа жағының атауы: Партиялық
БШ сәйкес болуға тиісті негізгі нормалар, ережелер, құжаттар: Партяиның жарғысы мен бағдарламасы

Басқару шешімдерді дайындау процесінің сапасын жоғарлатуда және оны жүзеге асырудан нақты нәтижелердің тиімділігінде үлкен мән ұйымдастырушылық жағына беріледі. Ол ең алдымен шығармашылық ұжымды құрудан тұрады. Басшы ұжымның тиімді жұмысы үшін ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруы керек. Бұл жағдайларға келесілерді жатқызуға болады:

- басқару шешімдерді дайындау кезінде шығармашылық жағдай жасау;

- әзірлеушілерді толық және уақытында ақпаратпен қамтамасыз ету;

- заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;

- ұжымда әзірлеушілермен ми шабуылын кәсіби өткізу және алынған нәтижені тіркеу;

- шешілетін тапсырма бойынша кәсіби мамандардың тәжірибесі мен білімдерін қолдану;

- басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің барлық кезеңдерін, әсіресе жағдайды жан-жақтан қарастыру;

- текшілдікті, субъективизмді және боямашылықты (мезеттік нәтижені) жеңуге назарды күшейту;

- шешімдерде беделді мамандар мойындаған ұжымның негізгі жетістіктерін (ғылымда, әдіснамада, технологияда) көрсету;

- шешімдер мониторингін жүзеге асыру.

1. 2 Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы

Көптеген басшылар өнімнің сапасын әдетте оның өндірісінің технологиясымен және персоналдың кәсіпқойлығымен байланыстырады - бұл өнім сапасын жоғарлатудың ең қарапайым және әдеттегі жолы. Бірақ ол сапаға жетудің ең төмен шегіне ие. Өндірістік қызметтің тәжірибесінде сапаны басқарудың (СБ) үш деңгейін бөліп көрсетуге болады:

1) өндірістік, материалдарды, құрал-жабдықтарды, персоналдың біліктілігін жетілдіру;

2) технологиялық, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту бойынша компанияның барлық өндірістік қызметін үйлестіру үшін функционалдық басқарушылық құрылымдарды құру;

3) басқарушылық, компанияның барлық құрылымында, соның ішінде басқарудың жоғары және орта буындарында, технологияда, өндірісте сапаны басқару жүйесін қалыптастыру.

Бірінші деңгей жергілікті тәсілді ұйғарады. Мұнда 1. 3-суретке сәйкес басты назар заманауи құрал-жабдқтарды әзірлеу мен енгізуге, аса сапалы материалдарды қолдануға, жұмысқа біліктілігі жоғары жұмысшыларды, инженерлерді, дизайнерлерді, менеджерлерді шақыруға беріледі.

1. 3-сурет - Сапаны басқарудың бірінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы

Берілген тәсілдің таралуы ең үлкен. Ол үйреншікті ойлау деңгейінде түсіну мен жүзеге асыру үшін қарапайым. Бірақ мұнда өндірісті құрайтын жақсы құрал-жабдықтардың, материалдар мен қызметтердің жақсы өзара әрекеттесуіне әрқашан қол жеткізуге болмайды.

Екінші деңгей кешендік тәсілді ұйғарады. 1. 4-суретте көрсетілгендей ол бірінші деңгейге қарағанда технологиялық ресурстарды басқаруды және өнім өндірісінің жүйесін қалыптастыруға аса өңделген тәсілге негізделеді.

1. 4-сурет - Сапаны басқарудың екінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы

Берілген тәсіл шеңберінде компанияда өнімнің сапасын басқару бойынша топ немесе бөлім құрылады. Бұл құрылымның функционадық міндеттеріне өндірістік және қызмет көрсететін бөлімшелердің қызметін жақсарту мен келістіру бойынша технологиялық және басқарушылық шешімдерді дайындау мен жүзеге асырумен байланысты әрекеттер кіреді. Бұл әрекеттер ақпараттық дайындықтан, шешімдер нұсқаларын әзірлеуден, нұсқаларды келістіруден, жүзеге асыру үшін шешімдерді таңдаудан, оларды бекітуден, орындаудан және бақылаудан тұрады. Берілген деңгейді өнім сапасын басқарудың халықаралық стандарттарымен қолдайды. Компаниядағы өндірістік процестің сапасын басқару жүйесінің әрекеттегі стандарттарға немесе нормативтерге сәйкес келуі сапаның халықаралық сертификатын алу үшін себеп болуы мүмкін. Берілген сәйкестік сәйкес ұйымның мамандары өткізетін технологиялық аудиттің нәтижесі бойынша ресмилендіріледі.

Бірақ берілген деңгей компанияның басқарушылық және технологиялық топтары арасындағы сапаны басқару облысындағы бірыңғай саясатты қамтамасыз етпейді.

Үшінші деңгей жүйелік тәсілге негізделген. 1. 5-суретке сәйкес ол компаниядағы барлық қызметтің сапасын басқаруды ескереді.

1. 5-сурет- Сапаны басқарудың үшінші деңгейі кезінде өнім сапасын басқару орталығының орналасуы

Бұл процесті басқару компанияның бірінші басшысына немесе жоғары тұрған ұйымның сәйкес қызметіне жүктеледі. Компанияның барлық қызметінің сапасын қалыптастыруға бірыңғай тәсілдің өзі жүйелік тәсілді сипаттайды. Берілген деңгей - бұл комапанияның даму болашағы. Бұрын айтылған стандарттар мен нормативтерден басқа үшінші деңгейді басқарушылық қызметтің элементтеріне жергілікті стандарттары де жартылай қолдайды. Қазіргі уақытта үшінші деңгей компанияның меншік иелерінің бастамасы бойынша оның ішкі аудитін өткізу кезінде қолданылады.

II. Басқару шешімдерінің тиімділігі

2. 1 Тиімділік, нәтижелілік, өнімділік мәні мен мазмұны

Басқарушылық қызмет басқарушылық қызметтің нәтижесі (өнімі) болып табылады. Сондықтан да басқару шешімдері үшін өнімнің сипаттамасында қолданылатын ең маңызды көрсеткіштер 2. 1-суретке сәйкес: тиімділік, нәтижелілік пен өнімділік тән.

2. 1-сурет - Басқарушылық шешімдерді өндіру (дайындау мен жүзеге асыру) кезінде басқарушылық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Өнімнің тиімділігі нәтиже мен оны алуға шығындар қатынасымен анықталады.

Нәтижелілік белгіленген мерзімдік немесе сандық параметрлерді қанағаттандыратын немесе асып түсетін өнімді өндіруді ұйымдастыру қабілетін айтады.

Еңбек өнімділігі - бұл персоналдың еңбек қызметінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіші. Ол шығарылған өнімнің санының оны өндіру шығындарына қатынасымен анықталады.

Қажетті көрсеткіштерді қалыптастыру мен қол жеткізу негізінде тиімділік жатыр. Берілген көрсеткіш көпқырлы болып табылады. Нәтижені әдетте шығындармен салыстырады және қандай да процестің немесе құбылыстың тиімділігін талдайды. Тиімділік оң және теріс болуы мүмкін.

Мысалы 1991 жылы Мәскеуде 17 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Ал 1998 жылы - 4 мың жеңіл автомобильді такси болған, олар да тасымалдаудағы халықтың қажеттілігін 70% қанағаттандырған. Оң нәтиже экология мен таксидің техникалық жағдайының жақсаруын айтуға болады. Теріс нәтиже жұмыс басты жүргізушілер санының төмендеуі, таксомотор қызмет көрсетуді ұйымдастыру жүйесінің бұзылуы болып табылады.

Сонымен, 2. 2-суретке сәйкес экологиялық, ұйымдық, экономикалық тиімділік және т. б. түрлері туралы айтуға болады.

2. 2-сурет - Функционалды тиімділіктің негізгі түрлері

Тиімділіктің бір түрі басқасы есебінен өзгеруі немесе оны жартылай орнын толтыру керек. Ұйымдық тиімділікті жоғарлата отырып, экономикалық тиімділікті едәуір жоғарлатуға болады. Мысалы, компанияда технологиялық тәртіпті күшейту кезінде еңбектің өнімділігі мен нәтижелілігі жақсарады. Ал бұл экономикалық тиімділіктің (аса жоғары пайданының) жоғарлауына алып келеді. Басшы тиімділіктің барлық түрлеріне бірдей назар аударуы керек, себебі жиынтықта олар қорытында тиімділікті едәуір күшейте алады. Адам мен компания үшін экономикалық тиімділік аса маңызды емес. Жиі ол ұйымдық, экологиялық және басқа проблемаларды шешудің жанама жолы болып табылады. Компания үшін тиімділіктің негізгі түрлерінің жақсы мәндеріне қол жеткізе отырып, тура жолмен жүру жақсырақ. Компанияның тиімділігі БШ тиімділігінен, өнімнің тиімділігінен, компанияның оны өндіру қабілетінен, жабдықтаушылар, контрагенттер мен клиенттер арасында жоғары имиджден құралады.

2. 2 Басқарушылық шешімдер тиімділігін құраушылар

Тиімділіктің кез келген түрінің маңызды құраушысы БШ тиімділігі болып табылатынын ескеріп, оның мәні мен мазмұнын аса толық қарастыру керек.

Басқарушылық шешімдер тиімділігі - бұл ұйымдағы басқарушылық шешімді дайындау немесе жүзеге асыру процесі нәтижесінде жаңа ресурстың немесе ескі ресурс өсімінің бұл процеске кеткен шығынға қатынасы. Ресурстар ретінде компанияның жаңа бөлімі, қаржы, материалдар, персонал денсаулығы, еңбекті ұйымдастыру және т. б. бола алады. Шығындар ретінде - ескі бөлімдер, персонал, қаржы және т. б. 2. 3-суретке сәйкес тиімділіктің әрбір түрінің негізін адамның, ұжымның және компанияның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі құрайды.

2. 3-сурет - Басқарушылық шешімдер тиімділігін бағалау идеясы

2. 2-суретте көрсетілген басқарушылық шешімдер тиімділігінің кейбір түрлерін қарастырайық.

Басқарушылық шешімдердің ұйымдық тиімділігі - бұл аз күштер, қызметкерлердің аз саны немесе аз уақыт есебінен ұйымдық мақсаттарға жету нәтижесі. Ол келесі қажеттіліктерді жүзеге асырумен байланысты:

- адам үшін - бұл өмірді ұйымдастыру мен қауіпсіздік, басқару, тұрақтылық, тәртіп қажеттіліктері;

- компания үшін - бұл еңбекте (өнімге сұранысқа), ұйымдастыруда және қауіпсіздіктегі қажеттілік.

Ұйымдық тиімділіктің нәтижесі жаңа бөлім, ынталандыру жүйесі, басқаруды немесе өндірісті өте жақсы ұйымдастырушылардың тобы, жаңа тәртіп және т. б. бола алады.

Басқарушылық шешімдердің экономикалық тиімділігі - бұл нақты басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру есебінен алынған қосымша өнімнің өзіндік құны мен оны дайындау мен жүзеге асыруға шығындардың қатынасы. Қосымша өнім пайда, шығындарды төмендету, несиелер алу түрінде болуы мүмкін. Экономикалық тиімділік адам мен компанияның барлық қажеттіліктерін жүзеге асырумен байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарушылық шешімнің құқықтық принципі
Адам ресурстарын стратегиялық басқару жүйесін құру
ҰЙЫМДАҒЫ БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІ
Басқару обьектілерінің функциялары
Басқару ғылымының дамуы
Басқару деңгей
Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері
Компания топтарын басқару қызметіндегі қолданылатын негізгі қағидалар
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет: қазіргі жағдайы және даму барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz