Жарғылық капитал, оны қалыптастыру ерекшеліктері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жарғылық капитал, оны қалыптастыру ерекшеліктері

Жоспар :

  1. Меншікті капиталдың құрылымы.
  2. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалыптасу ерекшеліктері.
  1. Меншікті капиталдың құрылымы

Меншікті капитал -субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, ол негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады. Меншікті капиталға жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады.

Жарғылық капитал- кәсіпорынды құру сәтінде оның қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында құрылтайшылардың ақшалай өлшеммен (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің айналым және ақша қаражаттарының құны және т. б. ) бағаланған салымдарының жиынтығы. Жарғылық капиталдың абсолюттік шамасы және оның баланстың міндеттемелер мен капитал бөлімінің (пассивінің) жалпы жиынтығындағы алатын үлесі-кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын бейнелейтін маңызды көрсеткіш.

Резервтік капитал -заңдық-нормативтік және құрылтай құжаттарына сәйкес кәсіпорынның жарғылық қызметі барысында жоспарланбаған шығындардың орнын жабу мақсатында таза табыстың есебінен құрылатын кәсіпорынның қаражаты.

Бөлінбеген табыс ( жабылмаған зиян ) бұл -кәсіпорынның таза табысы, ол кәсіпорынның табысынан шығысын және заңды тұлғалардан ұсталынатын корпоративтік табыс салығын шегергеннен кейінгі қалатын сома.

  1. Жарғылық капитал жайлы түсінік және оның қалыптасу ерекшеліктері.

Бухгалтерлік есептің маңызды объектілерінің бірі болып табылатын капитал, оның ең басты бөлігі жарғылық капиталдың құрылуынан басталады. Яғни, шаруашылық қызметпен айналысушы құрылымдардың сан түрлі нысанда нысанда құрылуы олардың жарғылық капиталының құрылуында да өзіне тән ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңмен белгіленген қанша нысаны болса, олардың жарғылық капиталын құрудың сонша ерекшелігі бар деген сөз.

Меншік иелігіне байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар болып бөлінеді.

Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар. Мұндай құрылымның жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтайшысымен анықталады, бірақ жарғылық капиталдың барлық мөлшері салым ретінде берілген мүліктің құнынан артық болмауға тиісті және тіркелу сәтіндегі бекітілген 1 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Оперативті басқару құқығына негізделген кәсіпорындар. Олардың жарғылық капиталының көлемі кәсіпорын жарғысында анықталады. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу сәтінде меншік иесі (құрылтайшы) жарғылық капиталды толық құруға тиісті.

Серіктестіктер шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде кең тарағаны болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Егер құрылтайшылардың заттай түрде салынған салымдарының ақшалай бағаланған құны 2 айлық есептік көрсеткішке эквивалентті мөлшерден жоғары болса, онда салымды тәуелсіз эксперт бағалап растауға тиісті.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер болуы мүмкiн. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн. Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi. Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады. Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Серіктестіктер : толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам нысандарында құрылуы мүмкін.

  • Акционерлік қоғам- жарғылық капитал барлық жарияланған акциялар шығарылымының жиынтық атаулы (номинальдық) құнына тең.

Акцияның номиналдық құны- акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында анықталған құрылтайшылармен төленген жарғылық капиталдың қалыптасуына қатысатын акция құнының ақшалай көрінісі.

  • Акционерлік шектеулі капиталы үш негізгі функцияны атқарады:
  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
  • Толық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.
  • Коммандиттік(сенімге негізделген) серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек. Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  1. кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді.
  2. сот шешімі бойынша.
  3. әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерінің өзгеруі серіктестікке жаңа қатысушының келуі мен шығуына байланысты болса да жарғылық капиталға қайта есептеу жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікті капиталды есепке алу
«Алматы газ тармағы» жшс-нің жарғылық капиталын қалыптастыру мен есебін ұйымдастыру
Меншікті капитал аудитін ұйымдастыру ерекшіліктері
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау. меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Коммерциялық банк операциялары
Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы
Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорындарда меншікті капитал есебін жүргізу
Банктің меншікті капиталының қаражаттар есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz