Көшбасшылық феноменді заманауи бағалау



1 Қазақстандық ұйымдастырушылық көшбасшылық тәжірибесі.
2 Қазақстандық ұйымдастырушылық көшбасшылық тәжірибесі.
Көшбасшы феномені адамның табиғи қасиеттері, оның ерекшеліктері, айырмашылықтарды тануы болып табылады. Көшбасшылық тұлғаның қалыптасуына отбасынан бастап, одан кейінгі кезеңдердегі орталардың қай-қайсысының да әсері мол болатыны сөзсіз. Соның ішінде бұған адамның жастық шағы, жасөспірім кезеңі де үлкен рөл атқарады. Көшбасшының тұла бойындағы елден ерек қасиеттері оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны болып табылады.
Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - көшбасшылық. Көшбасшылық деген (ағ.leader – жетекші, алғашқы, алдынғы) – белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға.
Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады.
Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушы-лық, жауапкершілік, іскерлік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Көшбасшылық – топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшыдың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.
Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте және өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпараттардан хабардар болу. Яғни, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу – ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Көшбасшы қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жастардың көпшілігі өзінің ойларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің көшбасшылық қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы көшбасшы өз ойларын нақты ақиақтпен толықтыруы қажет. Сонда көшбасшыға деген сенім тез өседі.
1. http://bisekeev.com/ru/obo-mne/biografiya/ -Серікбай Бисекеевтің жеке сайты.
2. http://bisekeev.com/kz/category/lektsii/
3. http://forbes.kz/process/businessmen/
4. http://baq.kz/regional_media/post/29727

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Көшбасшылық феноменді заманауи бағалау.
Қазақстандық ұйымдастырушылық көшбасшылық тәжірибесі.

Көшбасшы феномені адамның табиғи қасиеттері, оның ерекшеліктері, айырмашылықтарды тануы болып табылады. Көшбасшылық тұлғаның қалыптасуына отбасынан бастап, одан кейінгі кезеңдердегі орталардың қай-қайсысының да әсері мол болатыны сөзсіз. Соның ішінде бұған адамның жастық шағы, жасөспірім кезеңі де үлкен рөл атқарады. Көшбасшының тұла бойындағы елден ерек қасиеттері оның адамды және оған қатысты оқиғаны есте сақтайтын керемет қабілеті, үнемі бәрін ұғуға, түпкі мәніне жетуге, сұхбаттасушысын мұқият тыңдауға және түсінуге тырысатыны болып табылады.
Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - көшбасшылық. Көшбасшылық деген (ағ.leader - жетекші, алғашқы, алдынғы) - белгілі бір топтағы беделі жоғары, өзгелерге әсер ету мүмкіндігі бар, басқарушы тұлға.
Көшбасшы - қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам көшбасшы ретінде танылады.
Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушы-лық, жауапкершілік, іскерлік т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Көшбасшылық - топтағы табиғи әлеуметтік-психологиялық процесс. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшыдың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді.
Көшбасшының негізгі қасиеттерінің бірі, тек қана жастар арасында ғана емес, бизнесте және өзгелердің алдында болу. Сәннің жаңа үлгілерін, жаңалықтарды білу, өзгелерге жетімсіз ақпараттардан хабардар болу. Яғни, үлкен білгірлік, ақпараттың үлкен көлеміне ие болу қажет. Ақпаратқа ие болу - ресурс, осы ресурсты ие болушы адам өзгелерге әсер етуі мүмкін. Көшбасшы қай жерден, және қандай ресурс алу керектігін біледі. Осындай ақпараттың жеткіліксіздігін жастардың көпшілігі өзінің ойларымен толықтырады. Олар бір-бірімен өз өмірінің құрастырылып, жасанған немесе мүлде болмаған сәттерімен бөліседі, және айтқаны өз ортасында жеңіл қабылданады. Сонымен, жасөспірімнің көшбасшылық қасиеті қиялдарын шындыққа теңеп, басқаларға жеткізу еркіндігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, жастар арасындағы көшбасшы өз ойларын нақты ақиақтпен толықтыруы қажет. Сонда көшбасшыға деген сенім тез өседі.
Жастар арасындағы көшбасшының тағы да бір қасиеті - қалыптыдан тыс, түпнұсқалы, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осындай жастар арасындағы көшбасшының бойында батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие көшбасшыларға сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді.
Көшбасшы адамдарды артынан ерту үшін, өзгелерге әсер ету үшін, өнеге болу үшін белгілі тұлғалық қасиеттер жиынтығына ие болуы керек. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда көшбасшы болу тек белгілі бір адамдардың қолынан келеді ме, немесе көшбасшылік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.
Жалпы көшбасшылық дегеніміз - топтағы табиғи әлеуметтік -психологиялық процесс. Жеке тұлға беделінің топ мүшелерінің мінез-құлқына әсер етуі. Көшбасшы тек қана ізбасарларын бағыттап отырмайды, сонымен қатар оларды артынан еріткісі келеді, ал ізбасарлары тек қана көшбасшыдың айтқанымен жүрмей, оның артынан ергісі келеді. Психологтар, әлеуметтанушылар XIX-шы ғасырдан бастап көшбасшылік тақырыбына зер салып, көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер керек, көшбасшылықты қалай дамытуға болады, көшбасшылардыі қалай анықтаймыз деген саулдарға жауап беруге тырысты. Жалпы көшбасшылық барлық адамдарға тән қасиет, тұлғаның әлеуметтену процессіне байланысты адамның кейбір қасиеттері жақсы дамып, қалғандары орташа немесе төмен деңгейде дамиды. Сондықтан коммникативтілігі жоғары, адамсүйгіштігі мол, қайсар әрі жігерлі адамдар көбінесе көшбасшы болып табылады. Ал қоғамның өзегі - жастарды басқару тек жастардың қолында.
Көшбасшылердыңң тағы да бір негізгі қасиеті - жастар ортасы мен ересек ортасына ортақ қасиет - харизма - ерекше қасиет, өзгелердің адамды ерекше қасиеттерге ие екендігіне сенімділігі, өзгелерге эффективті әрекет ету қабілеті. Харизма түсінігі ежелгі грек мәдениетіне байланысты, өзіне назар тарту деген мағына береді. Харизма адам айналысатын ісі мен оның моральдық-этикалық мағынасына байланысты емес. Харизматикалық көшбасшы әулие де болуы мүмкін, қылмыскер де болуы мүмкін. Ол харизмаға ие деген сөз, адам өзгелерге қатты әсер етеді, олар оның жарқындығына бет бұрып, артынан еруге даяр болады.
Бір көзбен қарағанда өз артынан адамдарды ерту деген оңай іс емес, көшбасшы болып тумайды, көшбасшылер адамдарды өз еркімен ертпейді. Көшбасшылық - көп уақыт пен күш салуды қажет етеді.
Көшбасшының күнделікті жұмыста бәріне көріне бермейді, алайда оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Қорыта келе - көшбасшы болу үлкен жауапкершілікті көздейді, өз күшіне сенімді құзіреттілігі жоғары көшбасшылар ғана басшы қызмет атқара алады.

Қазақстандық ұйымдастырушылық көшбасшылық тәжірибесі.

1. Кәсіпкер - көшбасшы Серікбай Бисекеев

Серікбай Бисекеев 1971 жылдың 3 шілдесінде Қостанай облысының Қамысты кентінде дүниеге келген. 1988 жылы Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтына оқуға түсті. Ата-анасына салмақ салғысы келмей, сөйтіп, оқумен қатар жұмыс істей бастаған. Бастапқыда коммерциямен айналысып, кейін құрылыс жасағында жұмыс істеп, спортпен айналысуын тоқтатпай, тіпті екінші курста бокстан чемпион атанған. 1994 жылы Ресейде GSM стандартты ұялы телефондарды сату бойынша алғашқы бизнесін құрған. 1999 жылы Стокгольм бизнес мектебіндегі кәсіпкерлерге арналған курстарға қатысты. Онда метро жанынан ұялы телефондарды сататын дүкендер желісін салу деген тақырыпта диплом қорғаған.Сол бағытта бизнесін құрған, ал ол кезде Ресейде бұл қолға алынбаған іс болатын. Алайда, бизнестегі серіктесі екеуінің арасында келіспеушіліктер туындап, бұл жобаны басқа компанияға сатқан.
2000 жылдан бастап, менде Арман ЖШҚ компаниясын құру туралы идея пайда болған. Бизнес мектебіндегі курстастарымен бірге қаржы құйып, өнеркәсіптік кәсіпорындарға импорттық диспетчерлік байланыс қондырғысын сату туралы жобаны қолға алған. Бұл өте қауіпті іс болғанымен, алайда алған беті дұрыс еді: ол кезде барлығы кеңестік қондырғыны пайдалануды жалғастырып, өндіріс технологиясына бар күштерін салды, ал бұл іспен ешкім айналыспаған.
Өнімді жұмыс жасалған бес жыл ішінде Арман ЖШҚ ЛУКОЙЛ, Сургутнефтегаз, НОВАТЭК, Газпром нефть, СИБУР және басқа да ірі ресейлік кәсіпорындарға жеткізуші болды. 2005 жылдан бастап, Armtel деген маркалы сандық диспетчерлік байланыс қондырғыларының өндірісі қолға алынды. 2010 жылы халықаралық жобалар бойынша бөлім өз жұмысын бастайды (Германия,Үндістан,БАӘ, Сингапурда кеңсесі бар).
Бүгінде Арман компаниялар тобы - құрамында біліктілігі аса жоғары 200-ден астам маман еңбек етіп жатқан компания. Оның қоржынында - өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының ақпарат алмасу жүйелерін біріктіру саласындағы жобалар бойынша тәжірибе мен тұтынушылар білдірген сенім. Компания клиенттерінің қатарына ірі халықаралық кәсіпорындар енсе, компанияға өз саласын мойындатқан көшбасшылар серіктестік етеді... Алайда, мұнымен тоқтап қалмақ емес, үш жылдан кейін Арман ЖШҚ өнеркәсіпге арналған жүйелік интеграция саласында көшбасшы атанып, 2020 жылға қарай кешенді инжиниринг нарығындағы (EPC) жетекші орындарды иеленуді мақсат етеді.
Серікбай Бисекеев:
* 2012 жылы B2B E&Y санатында Ресейдің үздік кәсіпкері атағын иеленді.
* 2013 жылы Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен серіктестік мәселелері бойынша вице-президенті мәртебесін берді.
* 2014 жылы Алматы қаласында Қазақстандық-Сингапурлық бизнес-форумды ұйымдастырған.
* 2014 жылдың шілдесінен бастап, ДАМУ кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ тәуелсіз директоры болып табылады.
* 2015 жылдың шілдесінен бастап,Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік АҚ тәуелсіз директоры болып табылады..
* Singapore Business Federation федерациясының мүшесі.
* Ашық дәрістер мен вебинарлар арқылы Қазақстанның жас кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге тырысады.

2. Қазақтан шыққан Стив Джобс

Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға тырысу - велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл - өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми база қажет болады. Жаңа технологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз. Сондықтан біз өте шынайы, барынша прагматикалық стратегия құрғанымыз жөн. Біз шығыны көп емес зерттеулер мен әзірлемелерге ден қоюға тиіспіз, деген еді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы Жолдауында.
Елбасының осы сөзінің заманауи шындығын дәлелдей бастаған қазақ азаматтары қазірдің өзінде жоқ емес екен. Сол жағдай осы өзіндік жұмысыма жоғарыдағыдай тақырып қоюға түрткі болды.
Тақырыпты осылай қойғаннан соң ең алдымен Стив Джобс кім деген сұраққа жауап бере кетейін.
Стив Джобс адамзат қауымының даму бағытына үлкен әсер еткен қазіргі замандық технологиялық жетістіктерді өмірге енгізген ұлы кәсіпкер. Былайша айтқанда, дербес компьютерлер жасау саласында революция жасаған адам. Ол қазіргі күні өнімдерін күллі адамзат қауымы үлкен сұраныспен пайдаланып отырған Apple корпорациясын құрды. Сөйтіп, планшеттік компьютерлер жасау саласында Американы ең алдыңғы қатарға шығарды. Қазіргі күні Стив Джобс - тың есімі Америка автомобиль өнер - - кәсібінің атасы Генри Форд пен ком - пьютерлік бағдарламалар жасаудың дү - ниежүзілік пионері Билл Гейтстің қа - та - - рында аталады. Өкінішке қарай, Стив Джобс өткен жылы қайтыс болды. Оның қазасын әлемде көптеген адамдар аза тұтты.
Ал енді осы әлемдік деңгейдегі кәсіп - кер Стив Джобсқа ұқсататындай біздің қазақта азамат бар ма екен? Иә, ондай азамат бар екен. Ондай азамат біздің халқымыздың арасынан да топ жарып шығып келе жатқандығына куә болып отырмыз. Мұны бізге әлемдегі аса ірі Эрнст энд Янг консалтингтік компаниясының ұйымдастыруымен Ресейде өткен ең үздік кәсіпкерлерді айқындау жөніндегі конкурстың қоры - тындысы әйгілеп берді. Осы конкурстың В2В номинациясы бойынша бас жүлдені Санкт-Петербург қаласындағы кәсіпкер Серікбай Бисекеев жеңіп алды. Ол жүлде бизнес саласындағы Оскар деп аталады.
Сонымен, Серікбай Бисекеев ие бол - ған бұл сыйлықтың мәні мен маңызы зор. Бірақ ол қазақтан шыққан Стив Джобс дейтіндей бұл өмірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Харизматикалық көшбасшылық
Жаһандық ауқымдағы менеджмент
Көшбасшылықтың психологиялық аспектілері
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Қалдықты дивиденд саясаты
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
БІЛІМ БЕРУ МAЗМҰНЫН ЖAҢAРТУ ЖAҒДAЙЫНДA КӨШБACШЫЛЫҚ ҚACИЕТТЕРДІ ҚAЛЫПТACТЫРУ ТҰЛҒAНЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Жеке тұлғаның өзін-өзі тану құрылымындағы Кәсіби Мен-тұжырымдамасы және кәсіби сәйкестілігі
Жасөспірімдік кезең сатылары
ӨЗІН - ӨЗІ БАСҚАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер