Менеджменттегі басқарушылық шешімдердің рөлі


Менеджменттегі басқарушылық шешімдердің рөлі
Жоспар:
1. Менеджменттегі басқару шешімдері түсінігі
2. Басқару шешімдерінің жіктелуі
3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- Менеджменттегі басқару шешімдері түсінігі
Басқару шешімдері- бұл шығармашылық нәтижесі, проблемалық жағдайды шешуге мақсатты бағытталу, даму жолдарын таңдап алу, менеджмент жүйесіне сәйкес әдістер мен тәсілдерді таңдау болып табылады. Әрбір адам өз өмірінде күнделікті шешім қабылдайды. Бұл шешімдердің кейбіреуі аса маңызды болмаса, ал кейбіреулері аса маңызды және көп ойланып, жан-жақты талдауды қажет етеді.
Менеджерлер үшін басқару шешімдері -бұл тұрақты түрдегі жауапкершілік. Басқару шешімдерінің негізі, кез-келген деңгейдегі басшылардың қызметтері мен жауапкершіліктерін айқын түсіну және ұйым мақсаттарын нақтылап, олардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Басқару аймағындағы табыстылыққа жету үшін кез-келген адам оның мазмұны мен ерекшеліктерін түсіне білуі керек.
Басқару шешімдерін өңдеу мен қабылдау-бұл басшы қызметіндегі шығармашылықтық процесс. Ол талаптарға сәйкес келесі кезеңдерден тұрады:
- алдыға мақсат қою және оны шешу;
- проблеманы зерттеу;
- қабылданатын шешімдердің нұсқаларын қарастыру;
- шешімдерді нақты өңдеу және таңдау;
- шешімдерді қабылдау;
- шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету.
Басқарушылық шешімдер - мәселесін жағдай, жолды таңдауға, әдістерге менеджмент жүйесінің мақсатына сәйкес оларды шешудің құралдарына мақсатты бағыттанған талдаудың шығармаларының нәтижесі.
Басқарушылық шешімге болып мәселені жоюдың қажеттілігі, оның маңыздылығының төмендеуі немесе жойылуы, яғни объектілердің шынайы параметрлерінің қалаулы, болжаулы параметрлерге жақындауы. Талдау неғұрлым шынайы себептерді табуға және растуға мүмкіндік береді.
Ұйымның қызметі негізделетін дұрыс емес принциптер ұйымның қызметін бағалаудың қате шарттары, бөлімшелер, ұжым және жұмысының қызметін бағалаудың қате шарттары (асырмалы шарттар шынында мәселе жоқ жерде мәселе тудырады, ал төмендетілгендер, керісінше, мәселенің шынайы мәнін төмендетеді) ;
- алға қойылған мақсаттарға жету процессіндегі бұзушылықтар, олар тек кездейсоқ емес, сонымен қатар, қасақана, ұйымға және тұлғаға зиян тигізу мақсатында жасалған болуы мүмкін;
- күтпеген жағдайлар, мысалы, табиғи, техногенді апаттар, Чернобыль оқиғасы сияқты, саяси және экономикалық катаклизимдер.
Көбіне қызығушылықты шешімдерді кезекті өзара байланысқан кезеңдер, басқарушылардың әр түрлі іс-әрекеттерінің этаптары ретінде қарай отырып қабылдау туғызады.
Жан-жақты негізделетін неғұрлым толық және шыңайы ақпараттың негізінде шешім қабылдаудың қажеттілігін білдіреді. Бірақ бұл жеткіліксіз. Шешім барлық сұрақтарды қамтуы қажет, басқарылатын жүйенің барлық қажеттіліктерін қамтуы қажет. Ол үшін басқарылатын жүйенің қоршаған ортаның даму жолдарын, ерекшеліктерін білу қажет. Ресурстың қамтамасыз етудің, ғылыми-техникалық мүмкіндіктердің, дамудың мақсаттың қызметтерін, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік преспективаларын ұлттық және әлемдік экономиканы талдау қажет. Шешімнің жан-жақты негізделуі жаңа фактолармен ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық ақпаратты, яғни озық кәсіби ойлауды, оның анамистикалық-синтетикалық қызметті іздеуді қажет етеді.
Жаңашылдық әлеуметтік-экономикалық жүйені қажеттіліктері мен міндеттері қабылданған шешімнен қалыс немесе озық болмауын білдіреді. Ерте қабылданған шешім жүзеге асырылуға негіз таппайды және жағымсыз тенденцияларды дамуына импульс болады. Олар тек онсыз да қажетсіз процестерді қиындатады.
Қажетті мазмұнның толықтылығын шешім барлық басқарушылық басқарушы объектісі, оның қызметінің барлық саласын, дамуының барлық бағыттарын қамту қажет екенін білдіреді.
Неғұрлым басқарудың жалпы формасындағы шешім мынаны қамтуы қажет:
-қызмет етудің мақсаты (жиынтық мақсаттар) және жүйенің дамуы;
-осы мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар мен ресурстар;
-мақсатқа жетудің мерзімі;
-бөлімшелер мен орындаушылар арасындағы арақатынас тәртібі;
-шешімдер жүзеге асырудың барлық этаптарында жұмысты орындаудың ұйымдастырылуы.
Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік - дамудың қолайсыздығын білдіру. Ол заңды, қаулыларды, бұйрықтарды сақтау үшін қажет. Және ұйымның деңгейінде сәйкестік ғылыми-техникалық, нарықтық, әлеуметтік саясаты, өндірістік аппараттың қызметін жүзеге асыру үшін қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен сәйкестік сонымен қатар қоғамдық дамумен, нақты себеп-салдар байланыс үшін қажет. Қызмет балансы, жүйенің қызмет етудің жаңа шарттарына қанша мемлекеттік бұрынғы шешімдерді алып талдауменен. Бір-біріне қарама қайшы шешімдердің пайда болуы дұрыс емес дамудың, басқарушылық мәдениет деңгейінің төмендігінің нәтижесі.
Басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру жоғары кәсібилік деңгейін және жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қажеттерін басқару қажет етеді, бұл қасиеттер жоғары білімді адамның барлығында бола бермейді. Шешімдердің қабылдануы мен жүзеге асырып менджменттік мықты бранто - қазіргі құралдары, есептеуші жүйелер мен шешімдер. Олар математика, программалау, техникалық құралдарды қолданудың технологиясында мүмкіншіліктің жоғары деңгейін талап етеді. Бірақ ілімдерді қабылдап, нұсқа таңдау процессінің шығармашылық қалып басады және нақты бір тұлғаға байланысты болады.
Шешім қабылданған кезде, әдетте, үш кезең болады:
- интуиция;
- ойлап-талқылау;
- тиімділік.
- Интуицияға сүйеніп шешім қабылдағандаадамдар өзінің ол шешім дұрыс екендігінің сезіміне сүйенеді. Бұны «алдамшы сезім» деуге болады.
- Ойлап-талқылауға негізделетін шешімдер, интуициялы шешімдерге ұқсайды, себебі, бір қарағанда оларда логика жоқ сияқты. Бірақ олардың негізінде білім мен тәжірибе жатыр. Бұл шешім жылдам және арзан болғанымен, өте сенімді емес.
Интуициялы және ойлап-талқылауға негізделген шешімдер персаналды басқару кезінде қабылданады. Стратегиялық және практикалық басқару үшін тиімділігін шешімдері қабылдайды олар экономиканың талдау, негіздеу, оптимизация әдістеріне негізделеді.
Шешімдерді адамдар қабылдайтын болғандықтан, оларда менеджердің өзіне тән қасиеттер де байқалады. Осыған байланысты теңестірілген, серпінді, инертті, тәуекелді айқампаз шешімдер ажыратылады.
Теңестірілген шешімдерді менеджерлер қабылдайды, олар әдетте, өзінің іс-әрекетіне, гипотезаларына, олардың тексеруге үлкен қырағылықпен қарайды. Әдетте, олар шешімді қабылдамас бұрын, өздерінің бастапқы ойларын қалыптастырып алады. Серпінді шешімдерді қабылдаушылар әр түрлі идеализмді көп мөлшерде қолдана береді, бірақ оларды тиісті мөлшерде тексеріп, бағалар, анықтап алуға мүмкіншілігі жоқ. Сондықтан шешімдер тиісті мөлшерде негізделген, бәрін болмайды.
Тәуекелді шешімдердің серпінді шешімдерден айырмашылығы - олардың авторлары өзінің гипотезаларын негіздемейді және өздерін болса, қауіптен де қорықпайды.
Инертті шешімдер - байқампаз ізденідің нәтижесінде қабылданады. Мұндай шешімдерде бақылаушы, тексеруші әс-әрекеттер маңыздырақ, сондықтан оларға ерекшелік, жаңалық, өзгешелік бомайды.
Байқампаз шешімдер қабылдау негізінде менеджерлер барлық нұсқаларды бақылайды, бағалайды, сын көзбен қарайды. Оларда жаңашылдық пен өзгешелікпен инертті шешімдер де аз болады.
- Басқару шешімдерінің жіктелуі
Басқару шешімдерін көптеген сипаттарына қарай жіктеуге болады.
- Ұйымның болашағына әсер ету дәрежесіне қарайшешімдерді стратегиялық және тактикалық деп бөледі. Уақыт шегіне қарай преспективалық шешімдер туралы айтуға болады, олар болашақта жүзеге асырылуы және ағымдағы шешімдер бүгінгі күннің қажеттіліктеріне байланысты қабылдану.
- Басқару субъектісі бойыншамемлкеттік, шаруашылық, кәсіпкерлік және қоғамдық ұймдардың шешімдері болады.
- Функционалды тағайындалуы реттеуші, координациялаушы, белсенділендіреуші, бақылаушы шешімдерді ажыратамыз.
- Қабылдау тәсілі бойыншатаңдаулы және жүйелі шешімдер болады. Алғашқысы, әдетте, қарастыратын мәселеге жақын бір немесе бірнеше аспектіге байланысты болады, екіншісі мәселені толығымен қамтып қарастырады.
- Шешімді қабылдаушылардың санына байланыстыжеке және ұжымдық шешімдер болады.
- Қабылдау тәсілі бойыншакеңестің, серіктестік, парламенттік болады.
- Ауқымдау көлемі бойыншажалпы және арнайы шешімдер анықталады.
Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың алуан түрлілігін жүйелеу, реттеу үшін түрліше белгілері бойынша жіктейді.
- Басқару субьектісі бойыншашешімдерді былайша бөлуге болады: әкімшілік шешімі және қоғамдық ұйымдар шешімі т. б.
- Басқару обьектісі бойыншашешімдерді жалпы және тікелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қорғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.
- Ықпал ету обьектісі бойыншашешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім халық шаруашылығы өндірісінің ерекшелігін айқындайды, әрі сол шаруашылықтың жоғарғы ұйымдармен және органдармен, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындармен қарым-қатынасын қарастырады. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.
- Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп бөледі. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалық жоспарларды көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін күнделікті шешім көбінесе бір екі жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім, әдетте, қысқа уақыт ішінде(бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.
Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.
А. И. Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында басқару шешімдерін былайша жіктейді.
- Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейтін емесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару), агрономиялық, инженерлік және зоотехникалық мал дәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т. б. жатады. Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдыңғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
- Ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
- Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімнің мысалына кәсіпорындағы ғылыми техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін. Атап көрсететін жайт, мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді. Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтан да таңдау ісі ұйым белгілеген бағыт шебінде болуы тиіс. Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек. Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептері аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.
- Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
Шешімдерді қабылдау технологиясы дегеніміз - оның құрамы мен керектілігі, олар ұйымның мәселелерін шешуге әкеледі. Менеджерді алаңдататын басты мәселе - нақты басқарушылық мәселені шешіміз. Ол үшін шешімдердің белгілі бір керектілігі қажет, ал бастысы - олардың жүзеге асуы. Сондықтан келісім бір мезеттегі ант емес, ол белгілі құрылымы бар, уақыт бойынша дамитын процестің нәтижесі.
Шешімдерді қабылдау процессі - басқару субъектісінің іс-әрекетінің йиклді жүйесі, олар ұйымның мәселелерін шешуге бағытталған, шешім қабылдағанда жағалай талданып, оның орындалуы да қарастырылады.
Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің кезеңдерінің құрамы мен кезектілігі. Шешімдерді қабылдау процесінің кезеідерін қарастырсақ.
Жағдайды талдау . Басқарушылық шешімді қабылдау қажеттілігі сыртқы не ішкі әсерден белгі берілген кезде туындауды, ол жүйенің қызмет етуінің ауытқуына байланысты болуы мүмкін. Сондықтан шешімді қабылдаудың басты шарттарының бірі - жағдайды талдау. Жағдайды талдау ақпаратты жинауды және талдауды қажет етеді. Сыртқы ортаның негізгі орталықтарының жағдайы, ұйымның жұмыстары туралы мәліметтер менеджерлер мен мамандарға түседі. Олар ақпаратты классификацияламайды, талдайды нақты мәндерді жалғанған мәндермен салыстырад, шешу қажет міселелерді анықтайды.
Мәселені идентификациялау шешімді қабылдаудың алғашқы қадамы - осы анықтап алу. Мәселенің мәніне екі көзқарас бар. Біріншісінде мәселе ретінде алға қойған мақсат орындалмағанда не алынған бағыттан ауытқу болған жағдай қарастырылады. Екіншісінде - нәтижелілікті көтеру мәселесі. Екеуін қосып, мәселе ретінде қалаулы мен шынайы жағайлардың бөлінуін қараймыз.
Ұйымда барлық жұымстар мен элименттер өзара байланысты екенін ұмытпауымыз керек, ұйымның бір мәселесінің шешілуі - екіншісі мәселені қалдыруы мүмкін. Сондықтан мәселені шешкенде одан туындайтын басқа мәселелер минималды болу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz