Венчурлық бизнес


Венчурлық бизнес
«Венчур» - ағылшынның «venture» тәуекелді кәсіпорын, бастама дегенді немесе мекеме тәуекелділігі деген мағынаны білдіреді. Венчурлік капитал жеке бизнесті қаржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды. Еуропаға ол тек 70- жылдардың соңында ғана келді. Венчурлік капитал пайда болғанға дейін әлемде шағын және орта бизнесті қаржыландыруды банктік капитал, ірі корпорациялар мен компаниялар және ауқатты адамдар, яғни «бизнес періштелерінің» қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылған.
Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз - технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.
Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде.
Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ - «тәуекелді кәсіпорын» болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады. Бұл арада тәуекелге салынған істің негізгі салмағы венчурлық қорлардың «иығына» түседі. Сондықтан, қоржындық компаниялардың жеткілікті статистикалық саны, жобаларды әртараптандыру мен рынок пен технологияларға нақты баға беруге қабілетті сарапшылар легі аса маңызды рөл ойнайды.
Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Оны дамытудың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық- инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күшіболып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс»-деп анық көрсетті. Яғни елімізде қауіптілігі жоғары болсада ұзақ мерзімге арналған венчурлық бизнестің дамуына қолайлы орта тудыруымыз қажет.
Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты - «Қазына» орнықты даму қорына кіретін Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы (EVCA) мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығының (SVCA) мүшесі болып табылады.
2004 жылдан бері «Ұлттық инновациялық қор» даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: «Адвант» венчурлік қоры» АҚ, «Венчурлік «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Tecһnology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture Capіtal» АҚ, «Logycom Perspectіve Іnnovatіons» АИФРИ» АҚ. Аталған қорлардың инвестициялық саясаты мына салалар бойынша жобалар тартуға бағытталған. ICT - технологиялар, жаңа құрылыс материалдары, фармацевтика және басқа да болашағы зор салалар. Бірлескен венчурлық қорларды құрудың стратегиялық мақсаттары болып алдыңғы қатарлы батыс технологияларына қол жеткізіп, оларды болашақты Қазақстанға трансфер жасау. Ұлттық инновациялық қордың шетелдік венчурлық қорларға инвестициялары және де бірлескен венчурлық қорларды құру - бұл әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығу мүмкіндігі, білімдермен, тәжірибелермен және технологиялармен алмасудың ашық жүйесін жасау. Қор менеджерлерін оқыту және кәсіби білімін жоғарылату. Бірлескен венчурлық қорларды құрудың мақсаты - бұл сондай- ақ әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларына шығудың керемет мүмкіндігі.
Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, олардың қаупін төмендетуге, инновациялардың коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді әсерлесу механизімінің қалыптасуына кӛмектеседі.
Венчурлық капитал - жаңа, дамып келе жатқан немесе нарықтағы орын үшін күресетін кәсіпорындар мен фирмаларды қаржыландыруға арналған және осыған байланысты жоғарғы немесе салыстырмалы жоғарғы қаупі бар инвесторлардың капиталы; жоғарғы табысты күтуде қаупі бар құнды қағаздарға немесе кәсіпорындарға салынған ұзақ мерзімді инвестициялар.
Венчурлық инвестициялар - бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары.
Венчурлық бизнесті инвестициялау дегеніміз:
• Идеяның, жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;
• Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;
• Әндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығу. Жалпы венчурлік бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқаруымыз керек:
• Елдегі инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту; мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл-білім, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді;
• Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау; отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
• инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;
• зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлік бизнеске инвестициялауын ынталандыру.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері жалпы инновациялық кәсіпкерліктің қарқынды дамуына қозғаушы күш ретінде әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті өркендетудің бұл түрлері кеңінен ұлттық инновациялық жүйені дамыту барысында қолданған жөн.
Жалпы мамандардың айтуынша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт.
Инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венчурлік бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды қолдану қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz