Психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша өзінің жеке және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау


Психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша
өзінің жеке және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау
Темперамент - нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары нерв қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент-адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшелектерінен де эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.
Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б. э. д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық (латынша “сангинус” - қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” - қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.
Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И. П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қаблеттілігін айтады. Сөйтіп И. П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі - қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын тектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді - ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді - ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді - нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меленхоликтерді - нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И. П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті, сонымен қатар қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған. И. П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттеріңің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы”.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет - қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Темперамент адамдардың ойлауында, сөйлеуінде, қарым-қатынас жасауында көрініс табады. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған өзгеріске келе бермейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн.
Темпераментті зерттеуге арналған Айзенк тесті.
Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.
Мақсаты : адамның темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.
Орындау ережесі : «бізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазуымыз керек. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».
Сауалнама.
1. Тынығу үшін, немесе ерекше сезімге бөлену үшін жаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?
Жоқ
2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?
Иә
3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?
Жоқ
4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?
Иә
5. Іс-әрекеттерді бастамай тұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?
Иә
6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?
Иә
7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?
Жоқ
8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?
Иә
9. Ешқандай себепсіз өзіңізді бақытсыз адаммын деп есептеген уақытыңыз болды ма?
Жоқ
10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?
Жоқ
11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?
Иә
12. Қатты ашуланғанда не істегеніңізді білмей қалатын жағадай болады ма?
Иә
13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?
Жоқ
14. Өзіңіздің айтңаныңыз немесе істегеніңіз туралы ойлар сізді жиі мазалайды ма?
Жоқ
15. Адамдар мен кездескеннен кітап оқығанды көбірек ұнатасыз ба?
Иә
16. Сіздің намысыңызға тиу оңай ма?
Иә
17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?
Жоқ
18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?
Иә
19. Кейде күшіңіз тасып, тауды қапаруға дайын болып, ал енді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?
Иә
20. Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?
Иә
21. Арманға жиі бөленесіз бе?
Иә
22. Сізге дауыс көтергендерге солай ша жауап бересіз бе?
Жоқ
23. Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?
Жоқ
24. Сіз өзіңізді кіналы деп сезінуіңіз жиі болады ма?
Жоқ
25. Сіз өз сезіміңізді жүгендеместен, көңілді компанияда жақсы тынығуға қабілеттісіз бе?
Жоқ
26. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?
Жоқ
27. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?
Жоқ
28. Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді» - деген ойға бөленесіз бе?
Жоқ
29. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
Жоқ
30. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?
Жоқ
31. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?
Иә
32. Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?
Жоқ
33. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?
Иә
34. Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
Жоқ
35. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?
Жоқ
36. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?
Жоқ
37. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?
Жоқ
38. Сіз ашушаңсыз ба?
Жоқ
39. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?
Иә
40. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?
Иә
41. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?
Жоқ
42. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?
Иә
43. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?
Жоқ
44. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?
Жоқ
45. Бір жеріңіз ауырады ма?
Иә
46. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?
Жоқ
47. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?
Жоқ
48. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?
Иә
49. Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?
Иә
50. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңызды сынаған сіздің намысыңызға тиеді ме?
Жоқ
51. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?
Иә
52. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсызба?
Жоқ
53. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?
Иә
54. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?
Жоқ
55. Өзіңіздің ден саулығыңыз туралы қам жисіз бе?
Иә
56. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?
Жоқ
57. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?
Жоқ
Жауаптары :
1, 3, 7, 9, 10, 13, 14, 17, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 34, 35, 36, 37, 38, 41,
43, 44, 46, 47, 50, 52, 54, 56, 57.
Нәтижесін бағалау кілті.
- Экстраверсияныбағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:Ия- 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56Жоқ-5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51.
0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз ;
15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз ;
11 - 14 балл - амбиверт көрсеткіші болып табылады.
Менің тестімнің жауабы бойынша: Иә - 8, 39, 49, 53 және Жоқ - 29, 32, 37, 41 жауаптары. Яғни, жалпы 8 балл - интроверт .
- Невротизмдіанықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:
Ия - 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 57;
0 - 10 балл - эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші ;
11 - 16 балл - сезімталдық белгісі;17 - 22 балл - жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар ;
23-24 балл - невротизм патологияға жақындаған.
Менің тестімнің жауабы бойынша: Иә - 2, 4, 11, 16, 19, 21, 31, 33, 40, 45 жауаптары. Яғни жалпы 10 балл болғандықтан, эмоционалдық жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші деген жауапқа сәйкес келеді.
- Бағалау шкаласы бойынша анықталған жиналған баллдарды төменде берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардың қилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.
Невротизм
20
18
Меланхолик 16 Холерик
14
12
Интроверт Экстраверт
2 4 6 8 10 12 14 16 18
8
Флегматик 6 Сангвиник
4
2
Эмоционалдық тұрақтылық
Көрсеткіштер бойынша мінездеме.
Сангвиник-экстраверт : тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоролары көп, өмір сүйгіш.
Холерик-экстраверт : айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз.
Флегматик-интроверт : тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, денсаулығын бір қалыпты сақтайды.
Меланхолик-интроверт: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, ден саулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.
Бұл Г. Айзенканың әдістемесіне сүйеніп жасалған тест 57сұрақтан тұратын тесттің қорытындысы бойынша менің темпераментімнің типі « Флегматик және Интроверт » болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz