Халықаралық компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлық ерекшеліктері



1 Батыс корпорацияларының ұйымдастырушылық мінез.құлқының қалыптасуы
2 Халықаралық компанияның ұйымдастырушылық мінез.құлық ерекшеліктері (нақты мысалында).
3 Халықаралық ынтымақтастықтық
Қазіргі әлемдегі өзара тәуелділік, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі проблемалар табиғатына толық жауап береді. Көптеген елдер өнеркәсіпті, сауданы, кооперацияны, ауыл шаруашылығын, т.б. басқаруда ерекше тәжірибелер жинады.
Соңғы уақытта пайда болған белсенді интеграциялық прогресстерге қарамастан, ұлттық дәстүріне және саяси көзқарастарына байланысты америкалық, жапониялық және батыс-еуропалық компаниялардың ұйымдастырушылық мінез-құлқында көптеген ерекшеліктері бар.
Үлкен табысқа жеткен Батыс корпорацияларының ұйымдастырушылық мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізетін компоненттерінің бірін таңдап алу күрделі. Олар: "қатаң ұйымдастырушылық ережелер" ("Гейко" компаниясы, "Кәсіпкершілік" Атлантик ричфилд"), "Қаржы тәртібі" (ИТТ), "Қызмет көрсету философиясы" (ИБМ), "Құндылыққа, жаңалық енгізуге бәсекелестік және пайдалы қызмет атқаруға рыноктық бағыт" (АТТ).
Сексенінші жылдардың қарсаңында ұйымдастырушылық мінез-құлық феномені америкалық мамандар мен кәсіпкерлердің назарынан шешуші орын алды. Кей сарапшылардың пікірінше, "үйренушілер ұйымдары" деп аталатын корпорацияларда соңғы жылдарда ең жоғарғы табысқа жету байқалады. Бұл жерде ойлау бостандығын алған және анықтап, оның шешім жолдарын іздейтін қызметкерлері бар, әрдайым жиі болып тұратын өзгерістерге жылдам икемделетін кәсіпорындары туралы сөз қозғап отырмыз. Мұндай басқарушылар жұмысты ұйымның әр қызметкері ағымдағы проблемалар бойынша ең қолайлы шешім қабылдай алатындай етіп ұйымдастырулары қажет. Қиындықтарға жолыққанда басқарушы шешімді тек кәсіпорынның мыңдаған қызметкерлері және сырттан тартылған мамандардан кеңес алған соң қабылдайды.
1. Құнанбаева Д.Ә. Ұйымдастырушылық мінез-құлық: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012
2. Оксинойд К.Э. Организационное поведение. – М.: Кнорус, 2009
3. www.kazatomprom.kz/ - «ҚазАтомӨнеркәсіп»ҰАК»АҚ –сайты

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлық ерекшеліктері
Қазіргі әлемдегі өзара тәуелділік, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың теориясы мен тәжірибесі проблемалар табиғатына толық жауап береді. Көптеген елдер өнеркәсіпті, сауданы, кооперацияны, ауыл шаруашылығын, т.б. басқаруда ерекше тәжірибелер жинады.
Соңғы уақытта пайда болған белсенді интеграциялық прогресстерге қарамастан, ұлттық дәстүріне және саяси көзқарастарына байланысты америкалық, жапониялық және батыс-еуропалық компаниялардың ұйымдастырушылық мінез-құлқында көптеген ерекшеліктері бар.
Үлкен табысқа жеткен Батыс корпорацияларының ұйымдастырушылық мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізетін компоненттерінің бірін таңдап алу күрделі. Олар: "қатаң ұйымдастырушылық ережелер" ("Гейко" компаниясы, "Кәсіпкершілік" Атлантик ричфилд"), "Қаржы тәртібі" (ИТТ), "Қызмет көрсету философиясы" (ИБМ), "Құндылыққа, жаңалық енгізуге бәсекелестік және пайдалы қызмет атқаруға рыноктық бағыт" (АТТ).
Сексенінші жылдардың қарсаңында ұйымдастырушылық мінез-құлық феномені америкалық мамандар мен кәсіпкерлердің назарынан шешуші орын алды. Кей сарапшылардың пікірінше, "үйренушілер ұйымдары" деп аталатын корпорацияларда соңғы жылдарда ең жоғарғы табысқа жету байқалады. Бұл жерде ойлау бостандығын алған және анықтап, оның шешім жолдарын іздейтін қызметкерлері бар, әрдайым жиі болып тұратын өзгерістерге жылдам икемделетін кәсіпорындары туралы сөз қозғап отырмыз. Мұндай басқарушылар жұмысты ұйымның әр қызметкері ағымдағы проблемалар бойынша ең қолайлы шешім қабылдай алатындай етіп ұйымдастырулары қажет. Қиындықтарға жолыққанда басқарушы шешімді тек кәсіпорынның мыңдаған қызметкерлері және сырттан тартылған мамандардан кеңес алған соң қабылдайды.
Жетекші Батыс компанияларда болашақ менеджерлерді корпорацияның іскерлік мәдениетіне тартуға үлкен мән береді. Американдық компанияларда пайдаланылатын менторлық (гр. -- үйретуші, тәрбиелеуші) корпорациялық бағдарламаға сәйкес, әрбір басқарушылық қызметке үміті бар адамға тәжірибелік көмек көрсету үшін, тағы сол сияқты жаңа адамды корпоративтік мінез-құлыққа, басқарудың мәдени-этикалық әдістеріне, кұндылықтар мен әлеуметтік ережеге, тіпті, компанияда орын алған киіну ережесіне қоғамдастыру мақсатында орта немесе жоғарғы басқару буынынан жоғары дәрежелі және статусты ментор - басшы тағайындалады. Жұмыс жағдайында бақылау жасау, оны қызықтыратын мәселелер бойынша консультация беру үшін ментор үміткермен ұдайы кездесіп тұруға міндетті. Менторлық, бағдарламалар американдық "АТТ", "Джонсон энд Джонсон","Мэрилл Линг", "Федерал экспресс" компанияларында бар.
Жетекші шетелдік корпорацияларда әбден ойластырылған лидерлік саясаттың арқасында басшылар мен қатардағы қызметкерлердің арасында өзіндік сенім климаты қолдау тапқан.
Қазіргі корпорациялар тар ұлттық шеңберден шығып, халықаралық ұйымға айналды, тіпті ұйымдастырушылық мәдениеттің интернационализациялануын қадағалауда. Шаруашылық әрекеттерінің бірлесу процестері осы уақытқа дейін көрмеген дәрежеге көтерілді.
Тар ұлттық шеңберді бұзып шығу, шаруашылық өмірді интернационализациялау, бірлескен кәсіпорындары, халықаралық және ұлтаралық корпорациялары шеңберінде пайда болатын проблемаларды шешеді, "мәдени айырмашылықты" интеграциялау жолын іздестіруді өзекті етеді.
Халықаралық корпорациялар жаңа аймаққа кіргенде, өз әрекеттерін аймақтық рынокта жүргізе бастағанда, аймақтық және жергілікті мәдениеттердің қарсылығына тап болады.
Сонымен қоса, менеджмент теориясы мен практикасының өрісін зерттеушілер мәдениетаралық әрекеттестікте жеңе алмайтын кедергі жоқ деп есептейді. Дж. Грейсон мен К.О. Деллдің пікірі бойынша, еңбек өнімділігі мен сапаны жоғарылату әдістерінің 80%-іне дейінгісін американдық шаруашылық жүйесі жағдайында пайдалануға болады.
Біздің қазіргі шаруашылық тәжірибеміз үшін Батыс Еуропа жетекші елдерінің ұлтаралық және трансұлттық кооперацияларының жинақтаған белгілі ұйымдастырушылық мінез-құлқын зерттеудің құндылығында дау жоқ.
Корпорацияның кадрлар саясатын даярлағанда және оны жүзеге асырғанда, ең алдымен, ұлттық мәдениеттің ерекшелігіне көңіл аударылады. Көпұлтты компанияларда қызметкерлердің ұлттық ерекшеліктері, әлеуметтік бақылау мен өзін өзі бақылау түрлерінің өзгешелігі қызметкерлердің еңбек үлесін бағалау әдісінің әртүрлігін де бақылайды.
Басқа елде корпорацияның бөлімшесін ашу үшін, сол елдің идеологиясының ерекшеліктерін, саяси жағдайын, еңбек қатынастары туралы заңдарын талдаудың маңызы зор. Мысалы, Швецияда кәсіпорындардың алатын орны күшті болғандықтан, еңбек қатыстары туралы заңдарына сәйкес кәсіпкерлердің әрекет бостандығы тежелген. Бұл елде қызметкерлерді жалдауға немесе жұмыстан босатуға байланысты қысқа мерзімді шарт жасау үшін кәсіпорын қызметкерлердің өкілдерімен, кәсіподақтарымен және жергілікті өкіметпен ұзақ келіссөз жүргізіледі.
Корпорациялардың халықаралық нұсқадан трансұлттық статусқа көшу кезінде оларды басқаруда этноорталық принциптен бас тартып, бірнеше ұлттың әрекеттестігін қамтитын көп орталықтық принципке көшу өте маңызды. Соның нәтижесінде туыстық компанияларда ұлттық мәдениет пен негізгі компания мәдениеті бірігіп, "космополиттанған мәдениеттің" қалыптасуына жағдай туады. Бұл жағдайда фирма ұлттан "жоғары" басқарушы кадрлар мен шын трансұлттық мәдениетті тәрбиелейді. Сөздің этникалық мағынасында мұндай мәдениет шетелдік құндылықтарды, көзқарастарды, іс жүргізу үлгілерін тез қабылдауға бейім тұрады.
Әлемнің басқа региондарына жапондық корпорациялардың тарауы, шетелдік кәсіпкерлерді жапон дәстүрлерімен және идеологиясымен, іскерлік және мәдениетімен, олардың ұлттық ақыл-ойының ерекшелігін көрсететін жапониялық компаниялардың қаржыландыруымен халықаралық ірі бағдарламаларды ұйымдастыру қоса жүргізіледі. Компания орналасқан елдің ұлттық кадрларын даярлауға және қайта даярлауға мол қаржы жұмсалады.
Мысалы, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тұрғындарын жапон мәдениетімен таныстыру мақсатында, ал жапондықтарды азиялық елдердің тілімен, әдебиетімен және мәдениетімен таныстыру үшін, "Тойота" фирмасы өзінің халықаралық мәдениет қоры арқылы "Өз көршіңді жақсырақ біл" деген бағдарлама ұйымдастырған.
Түрлі мәдениеттің синергетикасы (фр. -- бір бағытта әсер ететін, немесе, қысқарта айтсақ, әрекеттестік) қазіргі компанияларға түрлі ұлттық мәдениетке байланысты қарама-қарсы жүйелік кұндылықтан шығатын дауды басып қана қоймайды, сонымен қоса басқарушылық мінез-құлық үлгісін әрдайым жетілдіреді.
Қорыта келгенде, шетелдік компаниялардың ұйымдастыру мінез-құлықы ерекшеліктеріне шолу берудің себебі, кей мемлекеттердің әлеуметтік жүйе айырмашылығына қарамай-ақ, экономикалық процестердегі басқаруға көзқарастары әрқилы болса да жалпы шешімге келетіндіктері мәлім. Тіпті қаншама жетілген болса да, америкалық немесе жапондық тәжірибелерді көшіріп алып пайдалану экономикалық дамуда қателік туғызуы да мүмкін.

Халықаралық компанияның ұйымдастырушылық мінез-құлық ерекшеліктері (нақты мысалында).

ҚазАтомӨнеркәсіп ҰАК АҚ

ҚазАтомӨнеркәсіп Ұлттық атом компаниясы АҚ уран, сирек металдар, атом электр станциялары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдардың импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 27 000 астам адам еңбек етеді. Компанияның Жалғыз акционері Самұрық-Қазына АҚ болып табылады
Миссиясы
Қазақстан Республикасының экономикасын индустриалдық-инновациялық дамуына және стратегиялық маңыздылығын нығайтуға көмек көрсету үшін әлемдік атом энергетикасының нарығында бәсекеге қабілетті халықаралық әртараптандырылған Компания ретінде көшбасшы позициясын сақтау.
Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ өнімдері және көрсететін қызметтері:
* Геологиялық барлау жұмыстары;
* Табиғи уран өндіру;
* Уран өнімдері: табиғи уран концентраттары, керамикалық сортты уран диоксидінің ұнтақтары, отын таблеткалары;
* Жаңғыртылған энергия көздері: Болотовтың жел турбинасы, жылу сорғы қондырғылары (ЖСҚ);
* ЖСҚ жобалау;
* Кварц, металлургиялық кремний, фотоэлектрлік көздер және пластиналар, фотоэлектрлік модулдер;
* Сирек жер металдардың ұжымдық концентраттары;
* Берилл, тантал, ниобий өнімі;
* Электр- және жылу энергиясын өндіріп шығару;
* Дистиллирленген, өнеркәсіптік және ішетін су шығару.

2020 жылы Қазатомөнеркәсіп АЭС салуды қоса отырып, әлемдік атом энергетикасының негізгі бөліктемелеріне, сондай-ақ ядролық-отын циклінің барлық кезеңдеріне қатысатын ұлтаралық әртараптандырылған компания болып табылатын болады. Осының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһандық ауқымдағы менеджмент
Кәсіпорында персоналдың мінез-құлқын басқаруға талдау («эйр астана» ақ мысалында)
Шетелдік өзін-өзі басқару тәжірибелері
КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТТІНІҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ
«Selena Star» қонақ үй ішіндегі мейрамханасында корпоративтік мәдениетті талдау мен теориялық аспектілері
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
Best tour Guw турагенттігінің негізгі қызметтері
Құрылыстағы өндіріс шығындарының есебі
Корпорациялық басқару
Бәсекелестіктің нарықтағы қызметтері
Пәндер