Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызы


М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе . . . 4
І бөлім. Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызы
1. 1. Қаржылық есеп берудің, экономикалық мазмұны . . . 7
1. 2. Қаржылық есеп берудің жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу . . . 11
1. 3. Қаржылық есеп берудің алдындағы міндеттері . . . 13
ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң экономикалық - ұйымдастырушылық және
қаржы жағдайына сипаттама
2. 1 Кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын талдау . . . 17
2. 2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық жағдайы . . . 23
ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС - ғы қаржылық есеп берудің жағдайы, аудиті
және жасалу тәртібі
3. 1. ХҚЕС - ға көшудегі қаржылық есеп берудің құрастырудың ерекшеліктері . . . 27
3. 2. Қаржылық есеп берудің №1 формасы бухгалтерлік балансты
құрастыру ерекшелігі . . .
3. 3. Қаржылық есеп берудің №2 форма табыстар мен шығындарды
құрастыру . . .
3. 4. Қаржылық есеп берудің қателерін түзету . . . 32
3. 5. Қаржылық есеп беруді компьтерлендіру . . .
Қорытынды мен ұсыныстар . . . 58
Қолданылған әдебиеттер . . . 61
Қосымшалар
Кіріспе
Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Қаржылық есеп беру мәні - оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру -жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу -оның әрбір баптарының мазмұнын, бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, Қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Сондай - ақ, Қаржылық есеп беру коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы: басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді; аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады; аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.
Сонымен, Қаржылық есеп беру кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Жұмысымның мақсаты - нақты кәсіпорынның материалдары бойынша Қаржылық есеп берудің мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы ролін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың мәнін анықтау;
- Қаржылық есеп берудің экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу;
- дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама беру ( 2004-2006 жылдардағы бухгалтерлік балансын салыстырмалы түрде талдау, қаржы-шаруашылық жағдайына есеп беру және т. б. )
- қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама беру;
- ХҚЕС - на көшудегі Қаржылық есеп беруді қайта құрастырудағы ерекшеліктерін анықтап, талдау.
Дипломдық жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына негізделіп жазылған. Сондай -ақ, бұл жұмысымда салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау, синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдістер қолданылады.
Бұл жұмысымның нақтылығы - «Индергаз»ЖШС-ң 2004-2006 жылдар бойынша мәліметтерін зерттеу негізінде айқындалады.
1- Бөлім . Қаржылық есеп берудің экономикалық мазмұны жасау және ұсыну
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.
Бухгалтерлік есеп - субъектілердің активтері, меншікті капиталы, міндеттемелері, табыстары және шығыстары жөніндегі ақпаратты жинақтау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.
Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңға, 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті.
Қаржылық есеп берудің элементтері:
Активтер субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтары.
Активтер пайдалану мерзіміне байланысты екі топқа бөлінеді: ұзақ мерзімді активтер, ағымдағы активтер.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтері белгілі бір көздерден құралады. Субект активтерінің құралу
Меншікті капитал - субъект қызметінің бүкіл кезеңіне арналып бекітіледі, оның негізгі және айналым қаржысының құралу көздері болып табылады.
Міндеттемелер - бұл белгілі тұлғаның ( борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі : мәселен, мүлікті тапсыруы, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс әрекеттен бас тарта тұруы, ал борышкерден оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқы бар. Міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып міндеттемелер болып бөлінеді.
Табыстар - бұл активтердің көбеюі және міндеттемелердің азаюы.
Шығыстар- бұл активтердің азаюы және мндеттемелердің көбеюі.
Есептік кезеңдегі тугендеу санын, оның жүргізілетін күнін, оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейд. Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалыс қалады:
~ жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында, алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға, сатуға, сатып алуға, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта кұрылуына тапсырғанда ;
- материалды-жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау-тапсыру күні) ;
- талан-тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде, сондай-ақ құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайтаұйымдастыруда) ;
- негізгі құралды және тауарлы-материалдық қорларын қайта бағалауда - субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар.
1. 2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне шолу
Бухгалтерлік баланс - еліміздің тәжірибесінде шетелдік тәжірибеге қарағанда, қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде ерекшеленеді. Ал, батыс тәжірибелерінде, яғни, американдық, британдық жән жаңа зейландиялық кәсіпорындардың жылдық есеп беруінде ерекше назарды табыс және шығыс туралы есеп беруге аударады, себебі, онда табыс қызметтің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондай - ақ, бухгалтерлік баланс - белгілі бір уақыт мерзіміне экономикалық объектілердің стратегиялық жағдайын бейнелеу. Ол шаруашылық субъектінің құралдар кірісін, шығысын және ішкі қозғалысын бейнелемейді.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге « Бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының « Бухгалтерлік баланс» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: « Бухгалтерлік баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады». (6)
Ағылшын ғалымдары шығарған «Қаржылық есеп беру » деген оқу құралында былай жазылған: «Қаржылық есеп беру - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әрбір бабы ақшалай көрініске ие болады. (6) Қаржылық есеп беру- жылдық есеп берудің ең басты формасы. Ол кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен оларды қалыптастыру көздерінің құрамы мен мөлшері туралы ақпарат белгілеу тәсілі болғандықтан бұл айтылған пікірлермен толығымен келісуге болады.
Француз авторлары Э. Лоэте мен А. Гильбо бухгалтерлік балансты «жабылмаған шоттар синтезі» деп атайды. Ал, Додэ «Нақты жағдай мен есептік жылдың шын мәнінде табысты болғанын тек қана бухгалтерлік баланс көрсетеді» - дейді. (11)
Әлемлік банк өңдеп шығарған «Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар» оқулығында былайша түсіндіріледі: «Қаржылық есеп беру - бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстың есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай - ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады. Мысалы: бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ әлде меншікті ме?»деген сұрақтар шешіледі. (13)
«Қаржылық есеп беру мақсаты- бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі өзгертулер» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады» деп көрсетілген Қазақстандық ғалым К. Ш. Дүйсенбаевтың «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» деген оқу құралында. 10)
Қазақстандық сертификатталған бухгалтер - тәжірибеші А. Абдиманапов «Терминология және қаржылық есеп беру элементерін мойындау» мақаласында: «Қаржылық есеп беруде ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттар қаржылық есеп берудің бір бөлігі болып табылады. Бұл ақпараттар кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және қаржылық шешімдер қабылдауға қажет. Пайдаланушылар дұрыс қаржылық шешім қабылдай алмайды егер бухгалтерлік баланстағы мәліметтер толық, түсінікті көрсетілмесе» (23) Бұл айтылған сөздермен келісетін себебім шынымен де егер баланста мәліметтер толық көрсетілмесе, онда кәсіпорынның қазіргі жағдайын қандай екенін біз біле алмаймыз .
«АТФ Банк» бас маманы Р. Капасов: «Қаржылық есеп беру - кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау үшін ақпаратты форма болып табылады. Бухгалтерлік баланс анализі кәсіпорынның актив, міндеттеме және меншікті капиталын бағалауды болжайды. (28) Бұл пікірмен келісуге болады, себебі, бухгалтерлік баланс баптары арқылы қазіргі таңда кәсіпорын мүлкі, оның орналасуы туралы көп көлемде ақпарат ала аламыз.
Қазақстан Республикасының аудиторы Т. Витулева « Бухгалтерлік баланс» деген мақаласында: «Қаржылық есеп беру - есепке алу әдісіне сәйкес қызметтің үздіксіздігі туралы жіберу негізінде құрылуға тиіс баланс»(27) Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты формасы болып саналғандықтан бұл аудиторлық көзқараспен толықтай келісуге болады.
Cертификацияланған бухгалтер- тәжірибеші Ә. Нурсеитов өз мақаласында(30) : «Бастапқы баланс қалыптасқан терминология бойынша «кіріс қалдықтары», ал бастапқы сальдо есебімен құрылған есептік кезеңге баланс ХҚЕС бойынша құрылған бірінші қаржылық есеп болып табылады» деген сөздеріне толықтай келісуге болады.
1. 3. Қаржылық есеп берудің алдындағы міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік балансында көрсетіледі, себебі ол қаржылық есеп беру жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады. Қаржылық есеп беруде мынадай маңызды міндеттер атқарады:
- Меншік иелері мен менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен таныстырады; баланстан олар осы кәсіпорын иелік ететін материалдық құралдар қорларының саны мен сапасы туралы ақпарат ала алады;
- Баланс бойынша кәсіпорын жақын арада үшінші тұлғаның алдында өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау мүмкіндігі анықталады;
- Актив пен пассив баптырының мазмұны, ішкі саясаты, сыртқы пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік береді;
Қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде, есептік кезеңге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, шығыстары мен ағымдық активтердік айналымдылығын, меншік капиталы мен міндеттемелерін, дебиторлық кредиторлық бережақтардың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның нақты аналитикалық мүмкіндіктерін бағалау үшін берілген баланстағы ақпараттарды оқып білу қажет, яғни : Баланс - бұл есептік кезең басы мен аяғына сол кездегі мәліметтерді сәйкестендіру болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «Дәл қазіргі уақытта кәсіпорынның жағдайы қандай ?», ал мына сұраққа жауап бермейді: «Мұндай жағдай ненің нәтижесінде болды?»
Негізгі Қаржылық есеп беру мазмұнының жалпы көрсеткіштері оны пайдаланушыларға үлкен ақпарат береді және қаржылық жағдайды нақты бағалау үшін негізгі талдау бағыттарын анықтайды :
- Қысқа мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі баланс құрылымының қанағаттанарлық бағалау көрсеткіштерінің есептелуіне негізделеді. Төлем қабілетілігін сипаттау үшін мынаған назар аударған жөн, банктердегі есеп шоттардағы ақша қаражаттарына, ұйымның кассасына, шығындарға, дебиторлық, кредиторлық бережақтарға;
- Ұзақ мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі құралдардың пайда болу көздерінің құрылымын, ұйымның сыртқы инвесторлары мен кредиторларына тәуелді деңгейін зерттейді;
- Ұйымның іскерлік активтілігінің анализі;
Сондай -ақ, Қаржылық есеп беруді құрған кезде келесідей міндеттер де есепке алынғаны жөн. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтермен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен ( егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер өзара есепке алынуына рұқсат етілмейді. Бухгалтерлік баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек немесе бұрып қоюға болмайды ( мысалы: дебиторлық қарызды кредиторлық қарызбен жабуға болмайды)
Сонымен Қаржылық есеп берудегі ағымдық активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай - ақ, пайдаланушылар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Сондай - ақ, ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер Қаржылық есеп беру ашылуы тиіс.
Бухгалтерлік балансты құру кезінде алдына қойылған міндеттер келесідей принциптерге негізделеді:
- Ақшалай өлшем - бухгалтерлік бақылауға алынған объектілер бір ақпаратты модельге жалпылау үшін көрсеткіштерді бірдей ақшалай өлшемге алып келінеді;
- Ерекшеленген кәсіпорын- бухгалтерлік баланс оған байланысты тұлғаларға ( дебитор, кредитор, инвестор т. б) емес, кәсіпорынға қатысты; активінде толық бақылауға алынған және мүлік құқығын иеленген кәсіпорынға тиісті мүліктер есептеледі;
- Қызмет етуші кәсіпорын - кәсіпорын қызмет атқаратын мерзімі анықталмаған, оның ликвидациясы белгісіз;
- Өзіндік құны бойынша есеп - бухгалтерлік баланста актив ағымдағы нарықтық құнымен емес, бастапқы сомасы бойынша бейнеленеді;
- Екі жақты жазу - бұл концепция келесідей фактіден көрінеді: бухгалтердік баланстың сол жағындағы актив сомасы меншікті және тартылған капитал сомасына тең болуы.
2 бөлім. «Индергаз» ЖШС - ң қаржы - ұйымдастырушылық
жағдайына сипаттама
2. 1 Кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын талдау
Дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) Атырау облысы, Индер ауданында орналасқан.
«Индергаз» ЖШС ҚР «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» заңына және Азаматтық Кодексіне негізделіп, Атырау облыстық Әділет басқармасының қаулысына сәйкес 1998 жылы 22 сәуірде құрылды. 2004 жылдың 14 желтоқсанында акционерлердің кезекті отырысында «Индергаз» ЖШС ретінде қайта құрылды.
Меншік формасы - жеке кәсіпорын.
«Индергаз» ЖШС Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы»заңына және жеке Жарғысына (Устав) сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырып келе жатқан заңды тұлға, ол жеке балансын, өз кәсіпорын атымен қазақ және орыс тілдерінде мөр таңбасын және банкте есептік, арнайы және валюталық шоттарын иеленеді.
Жарғылық капиталы - 6 385 200 мың теңге.
Негізгі қызмет түрлері:
- тұрба құбырлары бойынша газ отындарын бөлу;
- Атырау облысының халқын табиғи және сұйытылған (сжиженный) газбен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету.
«Индергаз» ЖШС - ң қаржы - шаруашылық жағдайын талдай келсек келесідей нәтижелерді көреміз. Мұны төмендегі кестелерден анық көре аламыз.
Кесте 1
2004-2006 жылдарға « Индергаз» ЖШС-ң
өндіріс көлемі
Кестеден көріп отырғанымыздай, тауарлы өнім көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ешбір өзгерусіз қалғанын көре аламыз, ал 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда (144958583/108080379) *100%) 34%-ға өскені анық көрінеді. (144958583тг) Осы жылы жағымды бағаны кәсіпорынның негізгі құралдарының көбеюіне бере аламыз, яғни, кестеден көріп отырғанымыздай 56 %-ға немесе 9869283 мың теңгеге көбейген, өсу қарқынының мұндай көрсеткіші кәсіпорынның жер, ғимараттар алуынан білінеді. Мұны 1-3 қосымшалардан, яғни кәсіпорын баланстарынан анық көре аламыз. 2006 жылы кәсіпорынның таза табысы басқа жылдармен салыстырғанда едәуір жоғарылаған (+8%) .
Кәсіпорынның өндірілген өнім көлемін бөлек баптар бойынша талдап өтсек, оны төмендегі кестеден көре аламыз.
Кесте 2
2004- 2006 жылдарға «Индергаз» ЖШС-ң
тауарлы өнім көлемі, (мың. тг)
2004 жылы басқа жылдармен салыстырғанда табиғи газды сату көлемі едәуір жоғары болған 56 977 858 мың тг себебі бұл жылдары көптеген жеке және заңды тұлғалар газды жаңадан өткізе бастады. 2004 жылмен салыстыратын болсақ, 2006 жылы газ сату көлемі 31% ға азайған, ал 2005 жылмен салыстырғанда (39346532/ 48634193) * 100%) 19%-ға азайған, бұл жылдан жылға азаюдың себебін Индер ауданында ЖАҚ «ИСИ гипс», ЖАҚ «ИСИ Инерт», АҚ «Тодини» т. б. ірі өндіріс ұйымдарының өз қызметтерін аяқтауына байланысты екенін көре аламыз. 2006 жылы табиғи газ тасымалының жоғарылағаны көрінеді, 2004 жылмен салыстыратын болсақ, газ тасымалы 22%-ға көбейген, ал 2005 жылмен салыстырғанда (32718081/40543604) *100%) 19%-ға азайған, себебі бұл жылдары газдың 1м 3 - не жаңа тарифтік ставка 3, 6 теңгеге бірден жоғарылауы көрінеді. Сондықтан да «Индергаз» ЖШС- ң сатып алушылары «Аркагаз» ЖШС сынды көптеген заңды тұлғалар сатып алынатын газ көлемін азайтты, себебі газдың құны жоғарылай түсті. Ал сұйытылған газ (сжиженный) сату көлемі 2005 жылы ең жоғары көрсеткішті көрсетеді. 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда сұйытылған газ сату көлемі 48% -ға көтерілген. Жалпы бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда бірқалыпты қалғананын көреміз.
Кесте 3
2006 жылы «Индергаз» ЖШС -ң негізгі құрал құрамы,
құрылымы және жылдамдығы, мың тг.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz