Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері


- № 15 дәріс:Құрамында лигнАндар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар Өсімдіктер жӘне олардың ерекшеліктері, ДӘРІЛІК ШИКІЗАТЫ, ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
Орындаған: Осмонали Б. Б. , Хамза А.
Қабылдаған: б. ғ. к., аға оқытушы
Тыныбеков Б. М.
- Жоспар
- Лигнандар. Құрамында лигнандар бар морфологиялық ерекшеліктеріхимиялық құрамы және дәрілік шикізаты. ҚолданылуыРеми медицинадаХалық медицинасында
- АнтрацендерАнтрацен туындылары және олардың гликозидтеріне алпы түсінік. Құрамында антрацен туындылары бар морфологиялық ерекшеліктеріхимиялық құрамы және дәрілік шикізаты. ҚолданылуыРеми медицинадаХалық медицинасында
- туралы жалпы түснік. Құрамында флавоноидтар бар морфологиялық ерекшеліктеріхимиялық құрамы және дәрілік шикізаты. ҚолданылуыРеми медицинадаХалық медицинасында
- Илеуші заттарИлеуші заттар туралы жалпы түсінік. Құрамында илеуші заттар бар морфологиялық ерекшеліктеріхимиялық құрамы және дәрілік шикізаты. ҚолданылуыРеми медицинадаХалық медицинасында
Лигнандар.
Лигнандар көміртегі қаңқалы (С6-С3) екі фрагменттен тұрады. Лигнандар майларда, эфир майларында және смолада (қарамай) жақсы ериді. Олардың өсімдік клеткаларында бірге болуы осымен түсіндіріледі.
Лигнандар өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Олар бос, яғни жеке күйінде де, гликозидтер түрінде де болады. Өсімдіктердің барлық мүшелерінде болады, әсіресе тұқымдарда, тамырда, сүректе және сүректенген сабақтарда мол болады.
Лигнандар - фармакологиялық белсенді заттар. Подофиллин тобындағы лигнандар ісікке (опухоль) қарсы әсер етеді. Лимонник және элеутрокок деген Қазақстанда кездеспейтін өсімдіктердің қуаттандырғыш және сергітетін әсерлері бар екендігі анықталған.
Алыну жолы
Өсімдік шикізатынан лигнандарды этил спиртімен экстракттайды. Оларды хромотограммаларда және фенолды қосылыстарға арналған реактивтер арқылы анықтайды. Лигнандарды алуды алюминий колонкалары мен селикагельде адсорбциялық хроматография көмегімен жүзеге асырады. Кейбір лигнандар сығып алған сұйықтықты кристализация жолымен алады. Лигнандарды среік заттардан бөліп алу қиын болғандықтан, оны қоспаларын пайдалану ұсынылады.
Құрамында лигнандар бар өсімдіктер
Қытай лимоннигі - Schіsandra chіnensіs (Turcz. ) Baill. - Лимонник китайский
Тікенекті элеутерококк - Eleutherococcus sentіcosus (Rupr. & Maxim. ) Maxim. - Элеутерококк колючий
Мақсыр Рапонтикум - Rhapontіcum carthamoіdes (Willd. ) Iljin - Рапонтикум сафлоравидная
Podophyllum peltatum L. - Подофилл щитовидный -Қазақстанда кездепейді
Үнді құнжыт - Sesamum indicum L. - Кунжут индийский
Шұбар алатікен - Silybum marianum (L. ) Gaertn. - Расторопша пятнистая
- Тұқымдас: Аралия - Araliaceae - АралиевыеТуыс: Элеутерококк - Eleutherococcus - ЭлеутерококкТүр: Тікенекті э. -Е. senticosus(Rupr. & Maxim. ) Maxim. - Э. колючий
Биологиялық сипаттамасы. Жемістері қара шар түрінде жинақталған бұталы өсімдік. Бұта денесінің ұзындығы 2-2, 5 м-ден 4-5 м-ге дейін жетеді. Өркендері тік, ашық сұр қабықпен қапталған, жиі орналасқан тікенектері бар.
Жапырақтары күрделі саусақшалы, сағақтары ұзын.
Гүлдері майда, қарапайым шатырша түрінде жиналған.
Жемістері шар тәріздес, жылтыр, тұқымдары жарты ай формалы, сарғыш, ұзындығы 3, 5 - 8, 5 мм.
Шілде - тамызда гүлдейді, жемістерін қыркүйек айында береді.
Таралуы: Тек Қиыр Шығыста - Примор, Хабаровск өлкесінде, оңтүстік Сахалинде таралған.
Химиялық құрамы және әсер етуші заттары
Элеутерококктың құрамында (жабайы бұрыш) :
Моносахаридтер, полисахаридтер;
Шайыр, балауыз;
Пектинді заттар;
Кумариндер туындысы;
Майлы қышқылдар;
Эфир майлары;
Микроэлементтер;
А, В, С, D, Е элеутерозидтері
Бұл заттар невроз кезінде, қажығанда, және ауыр науқастан кейін, жалпы әлсіздік, гипотония кезінде, стресстен арылу үшін, есту қабілетін және көру қабілетін жоғарылатуға әсер етеді.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Элеутерококк, орталық жүйке жүйесін ынталандырады мотор белсенділігін арттырады және рефлекс қызметін себепші, дене және ақыл-ой арттырады өнімділік, көру өткірлігі артады метаболизмін жақсартады және бейімдеуші организмнің сипаттары, қандағы қант қалыпқа келтіреді, сондай-ақ мазмұны қандағы гемоглобин, қан қысымы, бар және стресске қарсы тоник (тоник) тиімділік, тәбетті арттырады.
Халық медицинасында :
Элеутерококктың сұйық сығындысын жалпы күш беру үшін, ауыр оталардан кейін, спортпен шұғылданатын адамдар қолданады. Рецептісі : ұнтақталған тамырынан 1 с қасық алып, 1\2 л су үстінен құйып, 5 минут қайнатады, суығанша ұстайды. 20-30 мл-ден күніне 3 рет қабылдайды. Оны гипотония, астения, ревматизм, кезінде қолданады.
Жақпамайы: құрғақ тамырын алып, майдалап, ұнтақтың бір бөлігін алып, оны шошқаның ішкі майының (басқа майды алуға болады) 5 бөлігімен араластыру керек. Бұл жақпамайды жаралар болғанда, экзема, псориаз кезінде қолдануға болады.
Алайда өсімдікті мынадай жағдайларда қолдануға болмайды: аллергиялық реакциялар кезінде, ұқысыздық, гипоклимия. Миокард инфарктісінде, аритмия, ұйқының бұзылуында және церебральді-қантамырлы патология кезінде қолдануға болмайды. Соған қоса, жүктілік кезінде, 12 жасқа дейінгі балаларға болмайды.
- Тікенекті элеутерококктан алынатын дәрілер
- Тұқымдас: Күрделігүлділер -Asteraceae- СложноцветныеТуыс: Алатікен -Silybum- РасторопшаТүр: Шұбар алатікен -S. marianum(L. ) Gaertn- Расторопша пятнистая
Биологиялық сипаттамасы . Астралылар тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Бір ғана түрі - шұбар А. (S. marіanum) белгілі. Ол Қазақстанда таулы, шөлді аймақтарында өседі. Биікт. 14 - 30 см, кейде 1, 5 м-ге жетеді. Сабағы жалаң, кейде түкті, бұтақты. Жапырақтары тікенді, жылтыр ақ дағы болады. Гүлдері көп, қызғылт, көкшіл, кейде ақ түсті, ірі, дара себет гүлшоғырына топталады. Шілде - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы домалақ, тықыр, қара қоңыр немесе ақшыл шұбар.
Таралуы. Батыс және орталық Еуропада, Ресейдің оңтүстің аудандарында, Украина, Батыс Сібір, Сондай-ақ Америкада, Азияда, Шатландияда кездеседі.
Химиялық құрамы, дәрілік шикізаттар
Өсімдіктің құрамында:
флавоноидтар жәнефлавонолигнандар(силибинин, силикристин, силидианин)
алкалоидтар
сапониндер,
белки
К витамин
шайыр
тирамин, гистамин,
т. б макро- және микроэлементтер.
Ресми медицинада
Алатікен қартаюдың алдын алатын жақсы антиоксидант болып келеді. Ол биологиялық құрылымдарды бұзатын бос радикалдарды бейтараптандырады. Алатəкен Ресей жəне көптеген Батыс Еуропа елдерінің фармакопеясына кіреді. Фармацевтік өндіріс алатікеннің сығындысы мен тұнбасын жəне осы өсімдіктің жемістеріндегі флаволигнаттары бар "Холелитин", "Силибор", "Легалон", "Карсил" препараттарын жасап шығарады
Жемістерінің сығындысы (экстракт) бірнеше өт айдағыш дəрілердің құрамына кіреді. Гомеопатиялық препарат Carduus marianus та бауыр жəне өт қапшығында ауыру сезімі пайда болғанда қабылайды.
Жасалатын препараттар: «Бонджигар», «Силибор», «Легалон», «Карсил», «Гепабене», «Здравушка», «Гепасил
Халық медицинасында
Алатікеннің экстракты бауырдың (гепатит, цирроз, уыттық зақымдар), көкба-уырдың ауруларын емдеу кезінде, өт қуығының тастары кезінде қосалқы құрал ретінде тиімді. Өт өн-діру ұлғаяды.
Алатікен жапырақтарынан жасалған сұйық ботқа (кашица) жараларды, күйіктерді жақсы емдейді. Ірі жапырақтарының тікенектерін алып тастап, майдалап, зақымдалған жерге қойып, бинттейді. Оны жиі ауыстырып тұру керек.
Шұбар алатікеннен жасалатын дәрілер
- Тұқымдас: Күнжіттер -Pedaliaceae- КунжутыТуыс: Күнжіт -Sesamum-КунжутТүр: Үнді күнжіті -S. indicumL. -Кунжут индийский
Биологиялық сипаттамасы. Дүние жүзінде тропиктік аймақтарда және Оңтүстік Африкада өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 1 түрі - үнді Күнжіті (S. іndіcum) бар. Бұл биіктігі 1 - 2, 5 метрдей, өте тез өсетін бір жылдық өсімдік. Сабағы тік, 4 - 8 қырлы, тамыры 1 м тереңдікке дейін жетеді. Төм. жапырақтары қысқа, жалпақ болады. Орта тұсындағылары ірі келеді. Ашық қызғылт, күлгін не ақ түсті, дара гүлі жапырақ қойнауынан жетіледі. Гүлі оймаққа ұқсайды. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Вегетац. мерзімі 2, 5 - 5 ай. Жемісі - көп қырлы қорапша, ұзындығы 3 - 5 см, піскенде қақырап ашылады да, тұқымы жерге төгіледі. Бір қорапшада 80-ге жуық дән болады.
Дәрілік шикізаттар және химиялық құрамы
Күнжіт дəнектерінде ең бір жақсы тағамдық майларының 60% болады, оның ішінде олеин қышқылы 48% жəне линол қышқылының 36, 8% болады. Бұдан басқа күнжіт дəнектерінде белоктың 19% жəне еритін көмірсулардың 17, 5% болады. Күнжіт майының жоғарғы сорттары прован майынан кем емес
Өсімдік құрамында сезамин заты бар. Ол мықты табиғи антиоксидант: қандағы «зиянды» холестеринді азайтады.
Кальций, фосфор, магний, темір
Фосфор-кальций алмасцын реттейтін фитин заты.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Медицинада күнжіт майының жоғарғы сорттарын сыртқа қолданатын дəрілер мен инъекциялық ерітінділерді дайындау үшін қолданады.
Күнжіт майы тромбоциттер санын көбейтіп, қанның ұюын жылдамдатады, сондықтан оны гемаррогиялық диатез жəне Верльгоф ауруын емдеу үшін пайдаланады (1 ас қасықтан күніне 3 рет) .
Халық медицинасында
Сүйекті, бұлшық етті қатайту үшін: күнжіттің ақ тұқымдарын пеште қуырып, ұнтақтап, күніне 1 ас қасықтай жеп тұру керек және зімбір сусынымен (имбирный сок) артынан ішу керек. Курс - 14 күн.
Суық тиюдің симптомдарын да жеңілдетуге болады: су моншасында 38-40 С дейін ысытып, ұйқыға жатар алдында кеуде мен арқаға жағады. Күнжіт майының бірнеше тамшысын жылы сүтке құйып, ангина және фарингит кезінде бірнеше рет үшу керек
Ортаңғы құлақ қабынған кезде жылы майды тамшылатып құяды.
Үнді күнжітінан жасалатын дәрілер
- Тұқымдас: Лимонниктер - Schisandraceae -Лимонникитуыс: Лимонник - Schisandra - Лимонниктүр: Қытай лимоннигі - S. chinensis (Turcz. ) Baill. - Лимонник китайский
Биологиялық сипатамасы . Ұзындығы 10-15 м болатын лиана, солтүстік аудандарда 4 м-ден сирек асады. Диаметрі 2 см болатын сабағы тіректе оралып тұрады және қабыршақты, қыртысты күңгірт-қоңыр қабықпен қапталған. Өркендерінде тегіс сарғыш қабықша.
Жарықсүйгіш, бірақ ерте жастық кезеңде ұзақ және қатты көлеңкеге төзімді.
Таралғу аймағы: Қытай, Жапония және Корея. Ресей аумағында тек Примор және Хабаровск өлкесінде, Сахалинде, Курил аралдарында кездеседі.
Химиялық құрамы, дәрілік заттары
Лимонник құрамында 10 лигнан кездеседі.
Схизандрин - тонизациялайтын қасиетке ие басты лигнандардың бірі. Өсімдіктің құрамында бұдан басқа дезоксисхизандрин, у-схизандрин табылған. Бұдан басқа құрамындағы заттар:
Лимон, алма және шарап, аскорбин қышқылдары;
Эфир майлары;
Май қышқылдары;
Илік заттар;
С витамині және т. б.
Лимонниктің дәрілік қасиеті оның құрамындағы лигнандардың болуымен байланысты. Лимонник орталық жүйке жүйесін қоздырады, рефлекторлық қозғыштықты тудырады.
Қолданылуы
Дәстүрлі медицина:
Лимонниктің спирттік тұнбасы дәріханаларда сатылады. Ол ОЖЖ-ға стимулдаушы әсер көрсетеді, артериялық қысымды көтереді; неврастения, астеникалық және астенодепрессивтік жағдайлар кезінде қолданады (жылдам шаршағыштық, тітіркенгіштік, ұйқы басу, төмен артериялық қысым) .
Лимонник тұнбасын ішке күніне 20-30 тамшыдан тамаққа дейін 30 минут немесе тамақтан кейін 4 сағат өткенде (күніне 2-3 рет) қабылдайды. Емделу курсы 20-25 күнді құрайды. Емдік әсері біртіндеп жүреді.
Халық медицинасы :
Лимонник тұнбасын дайындағанда жемістердің 10 г судың 200 мл мөлшеріне есептеп дайындайды. Оларды арнайы ыдыста езгілейді, үстінен ыстық су құйып, қайнатады және сол мезетте-ақ оттан алып, суытып, күніне 1 ас қасығынан қабылдап тұрады.
Ежелгі Қиыр Шығыс тұрғындары лимонниктің кептірілген жемістерін аспен бірге қабылдап отырған. Өйткені олардың айтуы бойынша, жемістер күшті сақтап тұрады.
Қытай лимоннигінен алынатын дәрілер
- Тұқымдас: Күрделігүлділер -Asteraceae- Сложноцветныетуыс: Rhaponticum - Рапонтикум - Рапонтикумтүр: R. carthamoides - Мақсыр рапонтикум - Рапонтикум сафлоровый
Биологиялық сипатамасы. Мақсыр рапонтикумы-көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 0, 5-2м аралығында, тамырсабағы сүректенген көптеген тамырлары бар. Сабақтары бірнешеу, олар бұтақтанбаған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, шеттері ара сияқты. Гүлшоғы - үлкен шар тәрізді себет, жеке сабақтың ұшында орналасқан. Гүлдері қызғылт-ақшыл көк. Жемістері - қоңыр тұқымшалар. Тұқымдары қоңыр қырлы, ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм. Жемісі тұқымша. Мақсыр рапонтикум қысқы суыққа төзімді, жарық сүйгіш өсімдік. Шілде тамыз айларында гүлдейді. Тамыз - қыркүйек айларында жемістейді. Хромосома саны - 24.
Таралуы . Мақсыр рапонтикум өсімдігі Онтүстік Сібір эндемі. Шығыс Қазақстан тауларына да кіреді.
Оның ареалы Кузнетцк алатауын Батыс және Шығыс Саян, Хамар-Дабаның, Тарбағатай, Жетісу Алатауларының және алтайдың биік тау және орман белдеулерінде қамтиды. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жоңғар тауларының биік деңгейіндегі шалғындықтарда кездеседі.
Химиялық құрамы және дәрілік шикізаты
Өсімдіктің тамырсабағында фиоэкдизон иынтығы, стеройдтер, гликозиттер, флаванойдтар, иілік заттар, эфир майлары болады.
Смолалар, майлар, балауыз, кемеди, каротин аскорбин қышқылы, инулин, қымыздық кальций қышқылдары, фосфор қышқылдарының қалдықтары болады. Негізі биологиялық белсенді заттардың бірі ол экдистерон. Жер үсті мүшелерінде экдистерон мөлшері 0, 26 пайыздан 0, 57 пайызға дейін, ал жемістерінде тұқымдарында 1, 51 пайыз.
Медицинада мақсыр рапонтикумның тамыры мен тамыр сабағын қолданады. Өсімдікті күз соңында топырақ қатуынан соң жинайды.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Медицинада ОЖЖ-ны стимулдайтын зат ретінде қолданылады. Сығындысы астенодепресстік күйлерде, климакстық кезеңде, депрессия жіне импотенцияға жағымды әсер етеді. Бұл өсімдіктің тұнбаларын дәріханалардан алуға болады. Инъекция түрінде салады. Организмге түскеннен кейін қан ағысымен ішкі мүшелерге тасымалданып, молекулалық деңгейде әсер етеді.
Адамды критикалық күйлерден шығаруға қабілетті: пульс қалпына келеді және коронарлы қан ағысы жақсарады, қан тамыр ішіндегі заттардың қоюлығы азаяды. Рапонтикумнан жасалған препараттар қымбат, сондықтан мүмкіндік болса, оны үйге отырғызған дұрыс.
Оған қосымша сүйектер сынған кезде жылдамырақ бітісу үшін көмектеседі.
Халақ медицинасы
Қажудан арылу үшін : құрғатылған, майдаланған шөпті бір стақан ыстық су құйылған ыдысқа салу керек. Жарты сағатқа бу моншасына қойып қою керек. Моншадан алып, 45 минутқа тағы тұндырып қою керек. Сүзіп алып, күніне екі рет екі қасықтан ішу керек. Емделу курсы 3 апта. Бұл рецепт ұйқысыздықтан арылу үшін де көмектеседі.
Өсімдіктер алынатын дәрілер
Өсімдіктердің синтездейтін фармакологиялық белсенді қосылыстарының ішінде хиноидты құрылысты антраценнің туындылары ерекше топ болып саналады. Антрацен туындылары тотығу дәрежесіне байланысты үш топқа бөлінеді:
Антрахинондар.
Антрондар.
Антранолдар.
Антрахинондар өз кезегінде екі үлкен класқа:
Хризациндар туындылары
Ализарин туындылары
Антрахинондар туындылары және олардың қалпына келген өнімдері (антрон және антранол) өсімдіктер әлемінде кеңінен таралған. Олар өте жиі мына төмендегі тұқымдастар өкілдерінде кездеседі: 1) Rubіaceae; 2) Rhamnaceae; 3) Polygonaceae; 4) Fabaceae; 5) Lіlіaceae. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерде де табылған. Мысалы, қыналарда, саңырауқұлақтарда және өңездерде (плесень) . Антрахинондар өсімдіктерде тотығу-қалпына келу процестерінде маңызды роль атқарады.
Антраценнің туындыларын алу үшін көбінесе полиамидті сорбентте колонкалық хроматографияны жиірек қолданады, ал элюациялауды өспелі полрялықты органикалық еріткіштердің көмегімен жүреді
Құрамында антрацен туындылары бар өсімдіктер
Сынғақ итшомырт - Frungula alnus Mіll. - Крушина ольховидная
Ішдәрі қаражемі - Rhamnus cathartіca L. - Жестер слабительный
Rheum palmatun L. - Ревень дланевидный - Қазақстанда кездеспейді
Атқұлақ жылқы қымыздығы - Rumex confertus Wіlld. - Щавель конский
Шілтер жапырақ шайқурай - Hyperіcum perforatum L. - Зверобой продырявленный
Aloe arborescens Mіll. - Алоэ древовидное - Қазақстанда кедеспейді
- Тұқымдас: Қаражемістер - Rhamnaceae -Крушиновыетуыс: Итшомырт - Frangula - Крушинатүр: Сынғақ итшомырт - Frangula alnus Mіll. - Крушина ольховидная
Биологиялық сипаттамасы. Сыңғақ итшомырт - бұта, өте сирек ағаш биіктігі 3м дейін болуы мүмкін. Діңі және бұталары тікенексіз тегіс. Жапырақтары кезектесіп орналасқан. Сағақты, сопақ, қысқа үшкірленген, жылтыр 6-8 пар параллельді екінші жүйкелі. Гүлдері ұсақ, жасыл-ақшыл. Жемістері - сүйекше. Олар алғаш жасыл-көк, сосын қызыл, ал піскен кезде қара түсті. Сүйектері 2, олар дөңгелек.
Таралуы. Бұл өсімдіктің ареалы ТМД елдерінің бүкіл Европалық бөлігін алып жатыр. Негізінен жалпақ жапырақты және аралас ормандарда өседі.
Қазақстанда - далалық Қазақстанның Солтүстігінде ормандардың шеттерінде, өзендер жағалауларында бұталар арасында, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқыларда, тауларда Алтайдан Іле Алатауына дейін кездеседі.
Химиялық құрамы
Жаңа жиналған сыңғақ итшомырт қабығында алғашқы антронолглюкозид-франгулирозид болады. Оның адамды құстыратын әсері бар.
Антронолдар ауа оттегісімен өздігінен тотығуға қабілетті. Сондықтан сыңғақ итшомырт қабығын бір жыл сақтағаннан кейін пайдаланады.
Жапырағында:
сапониндер, алкалоидтар; С дәрумені; Илікзаттар; Флавоноидтар; Көпядролы қосылыстар; Антрахинон.
Тозаңында: каротиноид, бета-каротин, С дәрумені, фенолкарбон қышқылдары, катехиндер, флавоноидтер, антрахинондар, көмірсулар.
Жемісінде: алма қышқылы, эфир майлары, алкалоидтар, пектиндер, қанттар және т. б.
Қолданылуы
Халық және ресми медицинада итшомырттың қабығының қайнатпасын созылмалы іш қату кезінде және ішектің жалпы әлсіздігі кезінде қолданады
Ресми медицина
фармацевтикалық өндірісте итшомырттың сулы және құрғақ сығындысын шығарады, оның қабығы көптеген ішті босатуға арналған дәрілердің құрамына кіреді. Сұйық экстрактісін 20-40 тамшы белгілейді, ал таблеткаларын ("Рамнил«) ұйқының алдында 1-2-ден ішеді.
Халық медицинасы
қайнатпаны дайындау. Қабықшаның 20 г (2 ас қасық) эмаль ыдысқа салады, үстінен 200 мл ыстық қайнаған су құяды, бетін жауып, су моншасна қалдырады. Сол уақытта жиі араластырып тұрады (30 мин), бөлме температурасында 10 мин суытады, сүзіп, қалған шикізатты сығып алады. Алынған қайнатпаға 200 мл-ге дейін қайнаған су құяды. Дайындалған қайнатпаны 2 тәул аса ұстауға болмайды. Оны күн түспейтін жерге, құрғақ, әрі салқын жерде ұстайды.
- Сынғақ итшомырттан алынатын дәрілер
- тұқымдас: Қаражемістер -Rhamnaceae- Крушиновыетуыс: Қаражеміс -Rhamnus -Жестертүр: Ішдәрі қаражеміс -R. catharticaL. - Жестер слабительный
Биологиялық сипаттамасы. Ішдәрі қаражеміс - онша үлкен емес ағаш немесе үлкен бұта. Қарама-қарсы орналасқан бұтақтарымен, бұл бұтақтар ұштарында тікенектер бар, қабығы қызыл-қоңыр, жылтыр (жас бұтақтарда) немесе қара, кедір-бұдыр, (ескі бұтақтарда) - жапырақтары қарама-қарсы орналасқан сағақты, дөңгелек жұмыртқа, шамалы үшкірленген, майда араның тісі сияқты, негізгі жүйкеден екі жағынан да үштен доға тәрізді жүйкелері болады. Жемістері - шырынды сүйек.
Таралуы. Ішдәрі қаражеміс ТМД елдерінің Европалық бөлігінде (Солтүстік райондардан басқа), Кавказда, Батыс Сібірдің орманды даласында және Қазақстанда кездеседі.
Жалпақ жапырақты және аралас ормандарда, ормандардың шеттерінде, бұталар арасында, өзен бойларындағы шалғындықтарда жиірек кездеседі. Қазақстанда шөлдер және биік таулардан басқа барлық далалық және тау беткейлерінде ормандар шеттерінде кездеседі.
Химиялық құрамы
Ішдәрі қаражемісіндегі құрамы сыңғақ итшомырттың қабығындағы құрамға жақын. Қаражемісте глюкофрангулин (рамнокатартин деп аталады), франгулин, франгулаэмадин және жостерин болады. Қаражемісте бірқатар флавонолдар, оның ішінде рамноцитрин, рамнетин, кверцетин және кемпферол, соныман қатар қанттар және пектин заттары болады.
Қолданылуы
Халық медицинасында
Бұл өсімдікті ауызды шаю үшін, тері аурулары кезінде (экзема, т. б. ) шаю үшін, іріңді жаралар кезінде, сыздауықтарға жемістерінің және бұталарының қайнатпасын қолданады.
Ал фармацевтикалық өндірісте ішті айдау дәрілерінің құрамына кіреді.
Қаражеміс тұнбасы : жемістердің 1 ас қасығына 1 стақан ыстық су құю керек, бетін жауып, 2 сағат тұндырып қою керек. Түнде жарты стақан ішіп тұру керек (іш айдау үшін) .
Қаражеміс қайнатпасы : құрғақ жемістердің 20 г 0, 5 л суда 20 минут қайнатып, 8-10 сағат тұндырып қояды, сосын сүзіп алу керек. Күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан ішу керек.
- Ішдәрі қаражемістен алынатын дәрілер
- Тұқымдас: Тарандар -Polygonaceae- ГречишныеТуыс: Қымыздықтар -Rumex -ЩавельТүр: Атқұлақ жылқы қымыздығы-R. confertus- Щавель конский
Биологиялық сипаттамасы. Қымыздық көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 150 см дейін, қысқа көпбасты тамырсабағы мықты аз тармақталған тамырға ауысады. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, төменгілері үшбұрышты-жұмыртқа тәрізді, түпкі жағы жүрек тәрізді, ұзындығы 15-25 см шамасында. Сабақтағы жапырақтары бірте-бірте кішірейіп жұмыртқа-ланцет тәрізді болады. Гүлдері ұсақ, жасыл-көкшіл, сыпырғы тәрізді гүлшоғына жиналған. Жемістері - жұмыртқа тәрізді, 3-қырлы, ашық-қоңыр жаңғақша. Мамыр айында гүлдейді.
Таралуы. ТМД елдерінің Европалық бөлігінде, Кавказда, Оңтүстік Сібірде, Қазақстанда кездеседі. Негізінен шалғындықта, өзен бойларында, орман алаңдарында, жол бойларында кездеседі.
Химиялық құрамы
Өсімдік құрамында 4%-ға дейін антрагликозидтер болады. Антрагликозидтер құрамында негізгі агликондар реум-эмодин және хризофанол, илеу заттары 13-15% шамасында. Олар пирокатехин туындыларына жатады. Мол мөлшерде флавоноидтар, К дәрумені, шайырлар, эфир майлар, темір, аскорбин қышқылы.
Дәрілік шикізаты : тамыры, тамырсабақ, жерүсті мүшелері, илік заттар.
Қолданылуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz