Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар



I. Әрекеттегі, бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар.
II. Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары
III. Құрамында ББЗ бар негізгі өсімдіктер
a. Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
. өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
. химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
. Медицинада пайдаланылуы
. Халық медицинасында пайдаланылуы
b. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
. өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
. химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
. Медицинада пайдаланылуы
. Халық медицинасында пайдаланылуы
c. Құрамында сапониндер бар өсімдіктер
. өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
. химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
. Медицинада пайдаланылуы
. Халық медицинасында пайдаланылуы
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.), сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасынан бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармакологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.
Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын "бірлесіп еріп жүретін" (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер Наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездетуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуға алып келуі мүмкін.
Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жиналған Итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында – антропол, Кенедән (Клещевина- Rіcunus) тұқымында – токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек.
Балластық заттар.
Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та "балластық заттар" деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыда 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану керек.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар.
Орындаған: Ниятхан А. Оралова С.
Қабылдаған: б.ғ.к., аға оқытушы
Тыныбеков Б. М.

oo Жоспар:
I. Әрекеттегі, бірлесіп еріп жүретін және балластық заттар.
II. Биологиялық белсенді заттардың негізгі топтары
III. Құрамында ББЗ бар негізгі өсімдіктер
a. Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
oo өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
oo химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
oo Медицинада пайдаланылуы
oo Халық медицинасында пайдаланылуы
b. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдіктер
oo өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
oo химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
oo Медицинада пайдаланылуы
oo Халық медицинасында пайдаланылуы
c. Құрамында сапониндер бар өсімдіктер
oo өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері
oo химиялық құрамы және дәрілік шикізаты.
oo Медицинада пайдаланылуы
oo Халық медицинасында пайдаланылуы
Әрекеттегі, бірлесіп еріп жүретін заттар.
Өсімдіктердің фармакологиялық белсенді заттарына негізінен екінші синтез заттары (алкалоидтар, сапониндер, жүрек гликозидтері, флавоноидтар және т.б.), сонымен қатар кейбір бірінші синтез заттарын да (витаминдер, липидтер, көмірсулар) жатқызуға болады.
Дәрілік өсімдіктердің пайдаланылатын мүшелерінде немесе жеке бөлшектерінде фармакологиялық белсенді заттардың көптеген түрлері, яғни комплексі болады. Солардың арасынан бір немесе бірнеше өсімдіктің медициналық қажеттігін анықтайтын негізгі фармакологиялық белсенді заттарын ажырату қажет. Осындай негізгі фармакологиялық белсенді заттарды әрекеттегі (действующие) заттар деп атайды.
Осындай әрекеттегі заттардан басқа заттардың барлығын "бірлесіп еріп жүретін" (сопутствующие) заттар деп атайды. Мұндай бірлесіп еріп жүретін заттардың ролі және маңызы әрқалай болуы мүмкін. Ол заттардың кейбіреулері организмге пайдалы болуы мүмкін. Мысалы, витаминдер, органикалық қышқылдар, минералды заттар, қанттар және т.б. Кейбір бірлесіп еріп жүретін заттар әрекеттегі заттардың фармакологиялық әсеріне, сапасына тиімді әсер етуі мүмкін. Мысалы, сапониндер Наперстянка өсімдігі жапырағының құрамында кездесетін жүрек гликозидтерінің тезірек еріп сіңірілуіне және олардың әсерін тездетуге қолайлы жағдай жасайды. Ал еритін немесе ісінетін полисахаридтер, илік (дубильные) заттар, керісінше, әрекеттегі заттардың шипалық тиімді әсерінің мерзімін ұзартуға алып келуі мүмкін.
Пайдалы әрекеттегі заттармен қатар кейбір дәрілік өсімдіктерде зиянды заттар да болуы мүмкін. Мысалы, жаңа жиналған Итшомырт (Крушина-Frangula) қабығында - антропол, Кенедән (Клещевина- Rіcunus) тұқымында - токсильбумин және т.б. кездеседі.
Сондықтан, пайдалы және зиянды бірлесіп еріп жүретін заттарды ажырата білу керек.
Балластық заттар.
Кейбір өсімдіктер құрамында негізгі әрекеттегі заттардың сапасына әсер етпейтін фармакологиялық бейтарап заттар да кездеседі. Ондай заттарды балластар деп атайды. Бірақ та "балластық заттар" деген ат тек шартты түрде ғана. Өйткені қазіргі заманда әрбір өсімдікті экономикалық тұрғыда 100% тиімді пайдалану керек. Яғни өсімдік шикізатының барлық пайдалы заттарын пайдалана білу керек. Мысалы, кейбір дәрілік өсімдіктің ББЗ алып медицинада қолданумен шектелмей, ол өсімдік құрамындағы ағаштанып кеткен клетчатканы қағаз, кардон алуға пайдалану керек.
Шындығына келгенде, табиғатта адам организмі үшін абсолютті бейтарап өсімдік жоқ. Мәселе олардың әсер ету күйінде, сипатында, мөлшерінде. Соған байланысты кейбір белгілі өсімдіктер дәрілік өсімдіктер қатарына жатқызылады. Бірақ та көптеген дәрілік өсімдіктерге жатпайтын, дегенмен тамақ ретінде, халықтық медицинада қолданылатын өсімдіктер де жеткілікті. ТМД елдерінде, соның ішінде әсіресе Россияда бұрыннан белгілі 2000 дәрілік өсімдіктер түрлерінен 500 дәрілік өсімдікке ғана осы уақытқа дейін толық фитохимиялық анализ жасалды. Қалған дәрілік өсімдіктер туралы тек жалпылама, яғни оларда қандай әсер ететін заттар бар екендігі туралы ғана мәліметтер бар. Демек, олардан ББЗ-ды бөліп алынғанмен, олардың химиялық структурасына толық анализ жасалынбаған.
Дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенділігінің спектрі оларда әртүрлі химиялық кластарға, топтарға жататын заттардың болуына байланысты, мысалы эфир майларының, флавоноидтардың, полифенолдардың, полисахаридтердің және т.б.
Сонымен қатар дәрілік өсімдіктің шипалық қасиеті жоғарыда келтірілген заттардан, басқа кейбір қайталанбаған фармакологиялық әсері бар заттардың болуына (антрогликозидтер, алкалоидтар, стероидты қосылыстар және т.б.) байланысты. Мұндай қайталанбайтын заттар тек кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерінің құрамында ғана кездеседі, ол заттар бұл өсімдік түрлеріне өте тар белгілі биологиялық белсенділік береді (мысалы, кардиотопикалық, нейротроптық, адаптогендік және т.б.). Мұндай заттардың белсенділік дәрежесімен сипатына байланысты кейбір дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктер қатарына жатқызады.
Дәрілік өсімдіктердің ББЗ топтастыруға болады. Яғни әртүрлі химиялық кластарға жатқызуға болады: терпеноидтар, фенолды қосылыстар, алкалоидтар, липидтер, моно- және полисахаридтер және т.б. Бұлайша бөлу ғылыми тұрғыдан әрине дұрыс, бірақ та практикаға берері шамалы. Сондықтан әрбір кластар ішінде химиялық топтарға және топ тармақтарға бөлінеді. Төменде келтірілген классификация аралас химиялық және фармакологиялық принциптері бойынша құрастырылған. Мұндай классификация әрине әсер етуші заттардың структурасын олардың белсенділігімен байланыстыра қарастыруға мүмкіншілік береді.
Енді сол ББЗ-ға қысқаша тоқталып өтейік:
Терпеноидтар (изопреноидтар).
Терпеноидтар - алифатикалық және циклді күрделілігі әртүрлі көмірсулардан тұратын класс. Олар 10-нан 40-қа дейін және одан да көп көмірсулар атомынан тұрады. Олардың негізі изопрен түзеді:
СН2= ССН3-СН=СН2
Изопрен жоғары реакциялық қабілеттілігімен ерекшеленеді, гидроксил, кетон, альдегид, көмірсулы топтарды қосып алады.
Өсімдіктерде әртүрлі қатынастағы терпеноидтар кездеседі, бірақ олардың мөлшері әрқалай болуы мүмкін. Олар, яғни терпеноидтар суда ерімейді, күрделілігіне байланысты олардың консистенциясы әрқалай болады: сұйық май, скипидар, шайыр (смола), балауыз (воск) күйінде болуы мүмкін.
Әдетте алифатикалық және циклді 1) Монотерпендерді (екі изотерпен қалдықтарынан), 2) Сесквитерпендерді (үш изотерпендер қалдықтарынан), 3) Дитерпендерді (төрт изотерпендер қалдықтарынан), 4) Тритерпендерді және стеролды (алты және одан да көп изотерпен қалдықтарынан) ажыратады.
Терпеноидтарға дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері бағынышты немесе тығыз байланысты. Сондықтан терпеноидтардың негізгі-негізгі топтарына және олардың қарапайым классификациясына қысқаша сипаттама беріп өтейік. Терпеноидтарға жататындар: Эфир майлары, Стероидтар, Гликозидтер, Сапониндер және т.б.
Эфир майлары.
Эфир майлары - қарапайым алифатикалық және циклді терпеноидтар қосылысы (моно- және сесквитерпендер басым олардың спирттері, кетондары). Мысалы, алифатикалық терпеноидтарға:
1. Мирцен (Құлмақ-Хмель-Humulus; Түймедағы-Ромашка- Matrіcarіa; Сіркеағаш-Сумах-Rhus).
2. Линалоол (Күнзе-Кориандр-Corіandrum; Апельсин; Қынжыгүл-Ландыш- Convullarіa).
3. Герапиол (Раушан-Роза-Rosa; Эвкалипт; Сермене-Мелисса-Melіssa; Лавр, Апельсин).
4. Цитраль (Шегіргүл-Фиалка-Vіola, Лимон; Сермене-Мелисса-Melіssa) және (Лаванда) өсімдіктерінде болады. Қандай өсімдіктер құрамында кездесетіні көрсетілген.
Ал циклді терпеноидтарға жататындар:
1. Лимонен (Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Қарағай-Сосна-Pіnus; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Самырсын-Пихта-Abіes).
2. Ментол (Жалбыз-Мята-Mentha).
3. Камфора (Шалфей-Salvіa; Мыңжапырақ-Тысячилистник-Achіllea; Арша-Можжевельник-Junіperus).
4. Цинеол (Эвкалипт, Шалфей-Salvіa; Түймешетен-Пижма-Tanasetum; Мыңжапырақ-Тысячилистник- Achіllea).
5. Борнеол (Айыр-Аир-Acorus; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Самырсын-Пихта-Abіes; Жөке ағашы-Липа-Tіlіa; Күнзе-Кориандр-Corіandrum).
Эфир майлары деп аталғанмен олар май емес тек майларға өзінің консистенциясымен ұқсас. Эфир майларынан 1000-нан астам әртүрлі заттар бөлініп алынған. Олардың жеке фармакологиялық сипаттамалары әлі жоқ. Күнделікті қолданылатын эфир майларынан жасалған фитотерапевтикалық препараттар - олардың құрамындағы әртүрлі заттардың жиынтығының әсері.
Эфир майлары тез ұшып кететін қасиеті бар. Олар өсімдік шикізатынан оңай бөліп алынады. Өсімдікте ароматты иісті шығарып тұрады. Эфир майларын әдетте парфюмерияда және кулинарияда кеңінен қолданады.
Өсімдіктің құрамында эфир майлары өте аз, яғни 1%-ға жетпейтін мөлшерден 10-15%-ға дейін болуы мүмкін. Өсімдіктің түріне байланысты эфир майлары олардың әртүрлі мүшелерінде жинақталуы мүмкін: гүлінде, жапырағында, жемісінде, тамырында, қылқанында.
Эфир майлары әсіресе қылқан жапырақтылар (Pіnaceae), ерінгүлділер (Lamіaceae), шатыргүлділер (Apіaceae) тұқымдастары өкілдерінің құрамында көбірек болады.
Эфир майлары көп мөлшерде Жалбыз-Мята-Mentha; Жебір-Тимьян-Thymus; Жұпаргүл-Душица-Orіganum; Зире-Тмин-Carum; Аскөк-Укроп-Anezum; Ақжелкен-Петрушка-Petroselіnum; Иісті ақжелкен-Сельдерей-Apіum; Шүйіншөп-Валериана-Valerіana; Жусан-Полынь-Artemіsіa; Сермене-Мелисса-Melіssa; Шалфей-Salvіa; Түймедағы-Ромашка-Matrіcarіa; Қарағай-Сосна-Pіnus; Самырсын-Пихта-Abіes; Эвкалипт; Қазтамақ-Герань-Geranіum және басқа да көптеген дәрілік өсімдіктерде болады.
Эфир майларының шипалық әсерін төмендегідей топтастыруға болады:
Микробтарға қарсы әсері.
Әртүрлі өсімдіктердің эфир майлары бірдей белсенді емес. Химиялық табиғатына, концентрациясына және микробтар клеткалармен түйіскен байланысы мерзімінің уақытына байланысты олар бактериоцидтік әсер етеді. Яғни бактерияларды жоятын қасиеті бар деген мағынада. Оның механизмі өте күрделі. Негізінен эфир майлары бактериялардың цитоплазмалық мембранасының құрылымын бұзады, зат алмасу процесі бұзылады.
Ұшып жүретін эфир майлары (чеснок, лук және т.б.) ауада микробтарға фитонцидтер сияқты әсер етеді. Фитонцидтердің (лат. phyton-өсімдік, және caedo-өлтіремін) ауадағы микробтарды өлтіретін қабілеті бар.
Топырақта, ауада басқа да ортада кең таралған шар тәрізді кокки бактерияларына (стафилококк, стриптококк, пневмококк және т.б.) эфир майлары таяқша тәрізді бактерияларға (бацилла) қарағанда қаттырақ әсер етеді.
Чеснок, зверобой, ромашка, тысячилистник, базилика, чабрец, шалфей, тимьян, можжевельник, сосна, пихта, петрушка, полынь обыкновенная және т.б. кейбір өсімдіктердің эфир майларының микробтарға қарсы әсері басқалармен салыстырғанда күштірек екендігін еске сақтау керек.
Мята, тмин, фенхель, петрушка, котовник, чеснок, черемица сияқты өсімдіктердің эфир майларының саңырауқұлақтарға қарсы белсенді әсері бар.
Кейбір әдебиеттерде эфир майларының вирустарға да әсері бар екендігі туралы мәліметтер бар, бірақ бұл мәселе әлі ғылыми тұрғыдан толық дәлелденген жоқ.
Қабынуға (воспаление) қарсы әсері.
Көптеген дәрілік өсімдіктердің эфир майларының қабынуға қарсы әсерлері бар. Эфир майларының қабынуға қарсы әсері олардың клетканы одан әрі зақымдануынан сақтайды. Эфир майлары қышқылдандыратын заттарды байланыстыру арқылы бос радикалдардың реакциясын тежейді. Белсенді өсімдіктерде бұл нәрсені топоферолдың әсерімен салыстыруға болады. Соның нәтижесінде капиллярлардың өткізгіштігі төмендеп лизосомдық, митохондриялық және цитоплазмалық мембраналар тұрақтанады. Онымен бірге макрофагтармен микоциттердің фитоцитарлық белсендігі артады (фитоцитоз - организмге түскен басқа организмдерді жұту қасиеті).
Бұл белсенділік әсіресе:
Зверобой, ромашка, шалфей, эвкалипт, пижма, аир, лаванда, девясил, пихта өсімдіктерінде жақсы байқалады. Өсімдік эфир майлары тыныс алу жолдарының жұқпалы ауруларын емдеуде айтарлықтай нәтиже береді. Сонымен қатар терінің, жаралардың іріңдеген ауруларын емдеуге де кеңінен қолданылуда.
Жойылған теріні қалпына келтіруге (бальзамдық, жараны жазушылық орнына келтіруші) әсері.
Бұл мәселе эфир майларының сығындысын (экстракт) пайдалану арқылы іске асады.
Эфир майлары сығындысы жаралардың қалпына келуіне теріні кеуіп қалудан сақтап, жұмсарту арқылы әсер етеді. Сонымен қатар экспериментальдік мәліметтер эфир майлары ДНҚ-ның синтезделуіне әсер ететінін көрсетті.
Жаралардың бетіндегі жойылған теріні қалпына келтіруде:
Календула, зверобой, девясил, тимьян, тысячилистник және ромашканың эфир майлары белсенді қолданылады.
Коронарлық және ми қан тамырларының түйілуіне (спазма) әсері.
Мята, хмель, валериана, мелисса өсімдіктерінің эфир майлары коронарлық және ми артерияларының өт шығаратын және зәр шығаратын жолдарының, өкпедегі тыныс жолдарының (бронха), ішектердің түйілуін азайтады немесе тіпті жойып жібереді.
Өсімдіктердегі басқа да заттармен бірге эфир майлары артерия қысымын төмендетеді.
Жалпы түйілуге (спазма) қарсы:
Мята, хмель, фенхель, укроп, герань луговая, мелисса, сушеница болотная, чабрец, петрушка, дягель, лаванда, шалфей, белокопытник өсімдіктерінің эфир майлары әсер ете алады.
Асқорыту қызметін жақсарту.
Эфир майлары асқазан және ішекке тікелей әсер етеді. Эфир майларының жағымды иісі, татымды немесе ащы дәмі адам аппетитін қоздырады және асқорыту бездерінің секрет шығару қызметін жақсартады. Осыған байланысты ерте заманнан бері өсімдіктердің эфир майлары тұздық ретінде қолданылады. Эфир майлары сонымен қатар өттің бөлінуін және ішектің моторикасын жақсартады, әсіресе:
Ромашка, укроп, кориандр, базилика, фенхель өсімдіктерінің эфир майлары.
Құрамында эфир майлар бар өсімдіктер
Бұрыш жалбыз - Mentha pіperіta L. - Мята перечная
Дәрілік шалфей - Salvіa offіcіnalіs L. - Шалфей лекарственный
Кәдімгі түймешетен- Tanacetum vulgare - Пижма обыкновенная
Кәдімгі арша- Junіperus communіs L. - Можжевельник обыкновенный
Түркістан валерианасы Valerіana offіcіnalіs L. - Валериана лекарственная
Биік андыз - Іnula helenіum L. - Девясил высокий
Дәрмене жусан - Artemіsіa cіna Berg. ex Poljan - Полынь цитварная
oo Тұқымдас: -Ерінгүлділер- Lamiaceae- Губоцветные
Туыс: Мята - Жалбыз - Mentha
Түр: Бұрыш жалбыз - Mentha piperita L.- Мята перечная
Биологиялық сипаттамасы. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыр сабағы көлденең, тармақтанған, тамыр сабақ буындарынан кететін шашақты жіңішке тамырларымен.
Тамырсабақтан көптеген жас жер асты өркендер дамиды. Олар жер бетіне жақын орналасады, олардың кейбіреулері тамырдың қабаттарына еніп, тамырсабаққа айналады, ал кейбіреулері топырақ бетіне шығып төселіп өседі. Сабақтары 100 см биіктікке дейін төрт қырлы, жалауыш немесе сүрек түтіктерімен, жапырақтары мол, бұтақтануы және жапырақ орналасуы қарама-қарсы крест сияқты.
Гүлдері ұсақ, қызыл-қызғылт күлгін, жарты шоқтанып орналасқан, сабақтың және бұтақтардың ұштарында бір-біріне жақындасып масақ тәрізді гүл шоғына жиналған. Өсімдіктің бүтіндей күшті аромат иісі бар. Маусым айынан қыркүйекке дейін гүлдейді.
Таралуы. Жабайы түрінде бұрыш жалбыз кездеспейді, ол плпнтацияларда дәрілік және эфирмайлы өсімдік ретінде кеңінен мәденилендірілген, мысалы бұрынғы КСРО-ның Еуропалық бөлігінде Кавказда, Орта Азия, Батыс Еуропа, Жерорта теңізі, Индия, Қытай, Жапония. Қазақстанда бақтарда, үйлер жанындағы участкілерде (Іле Кунгей Алатауларында, Алматы қаласы және оның маңында, Батыс Тянь-Шаньда, Шымкент қаласы маңында, Вавновкада және .б.) кездеседі.
Химиялық құрамы.
Эфир майларына бай мүшелері гүл шоғы (4-6%), жапырақтары (2,5%). Сабақтарында эфир майлары жоқ деп айтуға болады.
Эфир майларының негізгі компоненттері - моноциклді терпендердің (ментол 40-70%, ментон 10-25%), пулегон, ментофуран және ментол эфирлері (уксус және валериан қышқылдарымен) оттегілі туындылары.
Mentha pіperіta майларында жоғарыда аталғандардан басқа L-лимонен, (-феллиндрен, ( және ( - пинендер сияқты терпендер болады.
Жапырақтарында урсол және олеанол қышқылдары (0,5% дейін), каротин (40мг100г), геперидин бетаин болады.
Дәрілік шикізаты.
Mentha pіperіta өсімдігін гүлдеу басталғанда күннің бірінші жартысында олардағы эфир майларының мөлшері өте мол болатын кезде жинайды. Жиналған өсімдіктер массасын сілкіп тазалап, олардан бүтін жапырақтарын бөліп алады. Негізгі официнальды шикізат сол жапырақтар болып саналады. Қалған массасын қатты сабақтардан тазалап оларды эфир майларын алуға пайдаланады.
Официнальды шикізаттар болып саналатын бүтін жапырақтар өте бағаланады. Олар қысқа сағақты, ланцет тәрізді немесе сопақ жұмыртқа тәрізді, үшкірленген ұзындықтары 8 см-ге дейін, ені 3 см. Жапырақтары жалаңаш, тек жүйке бойларында сирек түктер болады.
Лупа арқылы жалтыраған сары бездерді көруге болады. Ол бездердің күшті хош иісі болады. Шикізаттың сапасын олардың құрамындағы эфир майлары анықтайды, олардың мөлшері 1% шамасында болуы керек.
Ресми медицинада
Жапырақтары асқорытуды жақсартатын және ішектер түйілгенде, жүрек айнығанда (тошната) пайдаланылатын дәрілік қоспалардың тұнба формасы құрамында болады.
Бұл өсімдіктің майлары кеңінен қолданылады. Мысалы оларды сергітуші, антисептикалық дәрі ретінде хош иісті су, тұнбалар құрамына, тіс пасталары және ұнталары құрамына қосады.
Сонымен бірге олар "Корвалол", "Валикордон" препараттарының тыныштандырушы және спазмолитикалық әсерлері олардың құрамында ментол майының болуына байланысты. Ментол жүрек қантамырларына әсері бар комплексті препараттар (Валидол, Зеленин тамшылары және т.б.) мигренге тұмауға қарсы қолданылатын және ингаляциялық қоспалардың да құрамдарына кіреді.
Халық медицинасында
Халық медицинасында бұл жалбыздың су жалбызы деген түрі қолданылады. Оның дәрілік қасиеттері бұрыш жалбызының дәрілік қасиеттеріне ұқсайды. Су жалбызы - аласалау келген, ылғалды жерлерде, таудың сай-салаларында өсетін өсімдік.
Дәрі жасау үшін оның гүлдеген кезінде жерге түскен бөлігін жинап алады. Құрамында эфир майлары, оның ішінде ментол, ментон деген терпендер бар. Өсімдіктің құрамында бұлардан да басқа каротин және флавоноид косылыстары бар. Өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы әсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері бар. Жүректің тұсы шаншып ауырғанда, асқазан және ішек түйіліп ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы жәрдем береді. Тіс ауырғанда, жоғарғы тыныс жолдары және бронх қабынғанда да бұрыш жалбыз ем үшін қолданылады.
Орыстың халық медицинасында бұрыш жалбыз өт айдайтын, тер шығаратын және бүйрекке тас байланғанда несеп айдайтын дәрі есебінде пайдаланылған. Кейбір ғалымдар бұрыш жалбызды гипертония, атеросклероз, бүйрек, бауыр, асқазан ауруларын және дизентерияны емдеу үшін қолданады (Н.Г.Қовалева).
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 10 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3-4 рет тамақтанардап жарты сағат бұрын ішеді. Асқазан қышқылы қалыптан тыс көбейгенде бұрыш жалбызды мына өсімдіктермен қоса пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Бұрыш жалбыздың жапырақтарынан 15 грамм, үш жапырақты субеденің жапырақтарынан 2 грамм, мыңжапырақтың гүлдерінен 15 грамм, иісті аскөктің тұқымынан 15 грамм, шайқурайдың шөбінен 30 грамм алып араластырады. Осы қоспаның 2 ас қасығын 2 стакан қайнап тұрған суға сальш, 2 сағат буландырады. Даяр болған дәріні салқындатып, сүзіп алады да, шетінен ұрттап ішіп, бір күн ішінде тауысады.
oo Бұрыш жалбыздан жасалатын дәрілер
oo Тұқымдас: Ерінгүлділер - Lamiaceae - Губоцветные
Туыс: Шалфей - Salvіa - Шалфей
Түр: Дәрілік ш. - S. offіcіnalіs L. - Ш. лекарственный
Биологиялық сипаттамасы. Жартылай бұта, биіктігі 50 см дейін, қалың түктенген сұр-көк жасыл сабақтарымен және жапырақтарымен. Сабақтары өте көп, бұтақтанған, 4-қырлы, мол жапырақтанған. Сабақтарының төменгі бөлігі сүректенеді. Жапырақтары қарама-қарсы. Гүлдері 6-8-ден шоғырланып жиналған, жоғарғы жағында бостау масақ тәрізді гүл шоғын түзеді. Тостағаншасы екі ерінді, түктенген. Күлтесі де екі ерінді, көк-қызғылт (кейде ақшыл). Аталығы 2, олар үстіңгі еріннің астында жасырынған. Аналығы жоғарғы 4 бөлінген жатырмен. Өсімдіктің күшті хош иісі бар. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Таралуы. Отаны - Жерорта теңізі. ТМД елдерінде Молдавияда, Украинада, Қырымда және Солтүстік Кавказда екпе өсімдік түрінде өсіріледі. Қазақстанда дәрілік және әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі.
Химиялық құрамы.
Өсімдіктің барлық мүшелерінде эфир майлары болады. Жапырақтарында эфир майының мөлшері 2,5% шамасында болуы мүмкін. Эфир майының негізгі компоненті цинеол майы (15% шамасында); сонымен қатар L-(-туйон, D-(-туйон, D-(-пинен, D-борнеол, D-камфора болады. Оларға қоса трициклді сесквитерпен цедреннің болатындығы да анықталған.
Salvіa offіcіnalіs жапырақтарында эфир майларынан басқа илік заттар, тритерпен қышқылдары (урсол және олеанол) болатындығы да анықталған.
Дәрілік шикізаты.
Жаз бойында жапырақтарын 2-3 рет жинайды. Жапырақтарын жинауды гүлдей бастағанда, соңында және күзде жүргізеді. Жапырақтарын қолмен алғашқы 2 рет төменгі жапырақтарын күзде барлығын жоғарғы жақтағыларын сабағымен қосып жинап алады.
Жапырақтары сағақты, сопақша немесе жалпақ қияқ (ланцет) тәрізді, жоғарғы жақтары үшкір емес, жапырақтың түпкі жақтары бір немесе екі қалақты ("құлақша"). Жапырақтары мол түктенген, әсіресе жас жапырақтары және олар жылтыр- ақшыл. Иісі күшті хош иісті, тырыстыратын (вяжущий) ащылау-татымды дәмі бар.
Сапалы шикізатта эфир майларының мөлшері 0,8%-дан аз болмауы керек.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Жапырақтары тұнба түрінде бактериоцидтік және қабынуға қарсы дәрі ретінде қолданылады. Жоғары тыныс жолдары суыққа шалдыққанда соларды емдеу үшін, тамақты шаю үшін қолданылады. Эфир майларын тіс ұнтақтарын хош иістендіру үшін қолданады. Жапырақтарынан "Сальвин" деген препарат жасалады.
Парадонтозбен ауырғанда, ауыз қуысы созылмалы және қабынған ауруға шалдыққанда, стоматит және гингивит ауруларына қарсы 1% спирттегі ерітіндісі қолданылады.
Халық медицинасында
Жөтел кезінде. 1 ас қасық майдаланған шөбіне 1 стақан сүт эмалданған ыдыста, 5 мин жай отта қайнату, сүзбелеу, қайта 5 мин қайнату. Жатарда ыстық түрінде іше керек.
Ангина кезінде. 20 г майдаланған шөбіне 200 мл қайнақ сумен құяды, 2 саға тұндыру, сүзу. 100 мл - нан күніне 3 реттен, тамақ алдында 15 мин бұрын ішу керек. Ал тамақтан кейін осы тұндырмамен тамақты шаю керек.
oo Тұқымдас: Күрделігүлділер - Asteraceae - Сложноцветные
Туыс: Андыз - Іnula - Девясил
Түр: Биік а. - І. helenіum L. - Д. высокий
Биологиялық сипаттамасы. Көпжылдық шөптесін өсімдік, жуан, етті, көпбасты тамыр жемісімен. Тамыр жемісінен бірнеше жуан тамырлар өсіп шығады. Сабақтары бірнешеу,олардың биіктігі 1,5 м дейін. Тамыры жақын орналасқан. Жапырақтары ұзын сағақты эллипс немесе ұзын-жұмыртқа тәрізді үшкірленген тақтасы бар. Ұзындығы 50 см дейін. Сабақтағы жапырақтары сағақсыз ірі, жоғарылаған сайын мөлшері азая береді. Барлық жоғарғы жақтары қатты талшықты және төменгі жақтары сұр-көкшілдеу, жұмсақ киіз сияқты. Жапырақтардың шеттері бірдей емес тістер сияқты.
Себеттері үлкен, диаметрі 7 см-ге дейін, сәулелі, алтындай сары, жеке-жеке орналасқан. Себеттегі шеткі гүлдері өтірік тілше тәрізді, ортасындағылары - түтік тәрізді. Гүлдердің екі типінде де тостағанша орнында айдаршасы (хохолок) бар.
Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.
Таралуы. Кавказда, Украинада, Белоруссияда, Россияда (Батыс Сібірде) өсіп таралады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы облыстарында көбірек кездеседі.
Химиялық құрамы.
Тамырларында және тамырсабақтарында 1-3% эфир майлары болады (алаптов). Ол 30-450С температурада еріп, қоңыр сұйыққа айналады. Оның кристалға ұқсаған таза мөлдір бөлігі геленин деп аталады. Ол бициклді сесквитерпен қосылыстарынан (лактон-алаптолактон, изоалаптолактон және дигидроалаптолактон) тұрады.
Тамырында және тамырсабағында 40%-ға жуық инулин болады.
Дәрілік шикізаты.
Тамыры және тамырсабақтарының бөлшектері ұзындықтары орташа 20 см шамасында болуы керек, жуандығы 1-3 см, өте қатты, сырты сұр-қоңыр, сындырып қарағанда сарғыш-ақ қоңыр нүктелері болады (эфир майлары жиналатын орны). Иісі күшті, хош иісті. Дәмі өзіндік ерекшелігі бар татымды.
Қолданылуы
Ресми медицинада
Тыныс алу жолдарына суық тигенде қақырық түсіретін дәрі ретінде тұнба түрінде пайдаланылады. Іnula helenіum эфир майының антисептикалық, қабынуға және глистарға қарсы әсерлері бар. Бұл қасиеттері оның құрамында алаптолактонның болуына байланысты. Осы өсімдіктен алынған шикізат негізінде "Аллаптон" деген препарат шығарылады. Бұл "Аллаптон" препаратын лактондар жиынтығы деп айтуға болады. Бұл препарат әртүрлі ауруларға қарсы мысалы, асқазан жараларына (язва), ұлтабар ауруларына қолданылады. Ол препарат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кверцетин – табиғи биофлавоноид
Қала өсімдіктеріне ауыр металдардың түсуі
Дәрілік өсімдіктердің жекелеген бөліктерін жинау
Ауыр металдардың өсімдіктерде таралуы және олардың әсері
Топырақтың химиялық құрамдары
Ауруларды емдеуде каротиноидтары бар дәрілік өсімдіктерді қолдану
Өсімдіктердің топырақтан қоректенуі
Populus L. тұқымының биологиялық сипаттамасы мен түрлерінің әртүрлілігі
Биологиялық белсенді заттар комплексін бөлудің технологиялық сызбанұсқасын ұсыну
Алкалоидтардың классификациясы
Пәндер