Өсімдіктер онтогенезін зертеуге жол ашқан шетелдік ғалымдар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Өсімдіктер онтогенезін зертеуге жол ашқан шетелдік ғалымдар

Орындағандар : Әбілдашева А., ХАмза А., Абдығапарова Г., Бейбітова Н., Дузелова З., Кисимова Г., Жалел М.

  • Жоспар:
  • Онтогенез түсінігі туралы
  • Онтогенездегі негізгі ұғымдар
  • Өсімдіктер онтогенезіне туған қызығушылық
  • Ғалымдардың онтогенезді зерттеу еңбектері
  • 1. Онтогенез түсінігі

Онтогенез - ( гр. тілінен óntos - тірі, genesis- даму) организмнің жеке дамуы, организм туылғанынан тіршілігігінің соңына дейін болатын морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенезге өсу, яғни дене массасының, оның мөлшерінің өсуі, дифференциралдануы жатады.

Жыныстық жолмен көбейетін өсімдіктер мен жануарларда тіршілік ұрықтану кезінде туындайды. Ал онтогенез ұрықанған жұмыртқа жасушадан немесе зиготадан бастау алады.

Ал жыныссыз көбею тән организмдерде онтогенез аналық клетканың бөлінуінен немесе арнайы мамандырылған клетканың бүршіктенуі арқылы, сол сияқты тамыр, түйнек, пиязшық, т. б. арқылы организмнің пайда болуынан басталады.

Онтогенез барысында әр организм дамудың түрлі фазаларын, сатыларын немесе кезеңдерінен өтеді. Олардың ішінен жыныстық жолмен көбейетін организмдер үшін негізгі болып мыналар есептеледі:

Ұрықтық (эмбриональді) ;

Ұрықтан кейінгі (постэмбриональді) ;

Ересек организмнің даму кезеңі.

Онтогенез ұғымымен өсу және даму ұғымы тығыз байланысты.

Өсімдіктердің өсуі - дененің массасы мен мөлшерлерінің ұлғаюы.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуінің 3 сатысы бар

Өсімдіктердің дамуына деген ғалымдардағы қызығушылық

Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік барысындағы дамуы (онтогенез) ежелден бері өзіне назар аудартып келді (тұқымқуалаушылық, қартаю, өлім, сыртқы жағдайлардың әсері, т. б. мәселелерге қатысты) .

Мәселен, Феофраст өсімдіктердің ұзақ уақыт бойы тіршілігін сақтауын бақылағаны онтогенезді зерттеуге деген қызығушылықты көрсетеді.

Алайда ол уақытта эмбриональді даму туралы көптеген сұрақтар жауапсыз қалған. Соған орай, ХІХ ғ. бірінші жартысында Х. И. Пандер (1794-1865) және К. М. Бэр жасаған жұмыстар өзіне назар аудартады (жануарлар онтогенезі) .

м

1827 жылы О. Декандоль ұсынған өсімдік индивидуумы туралы ұғымды қалыптастыруы өсімдіктің жеке дамуын зерттеу үшін бастама болды.

Өсімдіктің пайда болуынан табиғи өліміне дейінгі жүретін өзгерістеріне К. Линней, Г. Маддок, Т. Найт, Ж. -Б. Ламарк, А. Н. Бекетов сипаттамалар келтірген.

Олардың айтуы бойынша, өсімдіктер ұзақ уақыт бойы вегетативтік жолмен көбейген кезде, олар дегенерацияланып кетеді.

Г. Шахт (1853 ж) өсімдіктердің тіршілігінің фазаларын анықтап, ағаштың тіршілігін 3 кезеңге бөлді; бұл кезеңдер тұқымның өнуімен, алғашқы гүледумен, қартайып, өсуінің баяулауы және табиғи өліммне сипатталды.

Бұл түсініктерді Ф. Энгельс қабылдаған еді және 1874 жылы жасаған жазбаларында жануарлар мен өсімдіктердің онтогенезінде келесі тіршілік фазаларын бөліп қарастырды:

Онтогенезді зерттеу тарихының келесі сатысы

Бұл саты өсімдіктердің жеке даму теориясын құрастыру үшін өсімдіктердің онтогенезіндегі ұрпақтардың кезектесуі немесе формалардың ауысуына арналған проблемаларды зерттеуден бастау алды.

Г. Тюре (1853) , Н. Принсгейм және А. Де Бари көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктердің онтогенез циклдері өте күрделі және морфобиологиялық ерекешленетін тізбектерден тұратынын анықтады. Ал бұл тізбектердің әрқайсысына особьтар спецификалық бейімделген.

Г. Клебс зерттеулері

ХХ ғ. алғашқы екі онжылдығында өсімдіктердің даму физиологиясындағы алғашқы орындарда неміс зерттеушісі Г. Клебстің жұмыстары болды.

Оның алғашқы «Кейбір балдырллар мен саңырауқұлақтардың даму жағдайлары» (1896) кітабында балдырлардың жыныстық, жыныссыз көбеюі әр уақытта болдыру үшін және оны тек физиологиялық реакциялармен жүргізу үшін олар қандай деңгейде зерттелуі қажет екендігін айтады.

Клебстің жұмысын бағалай отырып, В. Преффер (1901) осы сияқты дамуды басқару жолдарын жоғары сатыдағы өсімдіктерге де қолдануға болатындығы туралы айтып кетеді. Себебі даму процесстері өзін-өзі реттеуге бағынады.

Осыған жауап ретінде Клебс 1905 ж. гүлді өсімдіктермен тәжірибе жүргізеді: көптеген жағдайларда ол органдардағы вегетативтік және генеративті органдардың түзілу ретінің өзгеруіне қол жеткізеді. Алайда бұл өзгерістер саусақпен санарлықтай болды және негізгі даму сатыларының кезегін түбегейлі өзгертпеді.

фотопериодизм

1920 ж. В. В. Гарнер мен Г. А. Аллард жұмыстары жарық көрді. Мұнда олар даму процессінің детерминациясындағы жарықтың маңызды орнына назар аударды (немесе фотопериодизм ) .

Күннің ұзақтығы - спецификалық әсер ететін фактор екендігін және оның вегетативті дамудан генеративтіге қарай өтуін анықтайтынын көрсетіп кетті.

ЦИКЛДІК ДАМУ ТЕОРИЯСЫ

Келесі бағыт онтогенездің ішкі факторларын зерттеумен байлансты. Оған циклдік қартаю және жасару теориялары жатады. Бұл теорияны Кренке мен Мичурин жемісті ағаштардың онтогенезінде қарастырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер систематикасын зерттеген ғалымдар
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясы
Балдырлар туралы
Өсімдіктердің жеке даму биологиясына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар
Фотосинтез туралы жалпы ұғым және оның маңызы
Қанттың пайдасы және зияны
Балдырларды өндіру технологиясы
Сөйлеу әрекеті онтогенезі: лексикалық мағынаның шығуы мен дамуы
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің техногенді ластанған топырақтың биологиялық белсенділігіне әсері
Қазіргі заман психологиясының міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz