Қоныс және бектас кен орнындағы өндірістік мониторинг (атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НЫСАНДАРЫНА
ҚЫСҚАША СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қоныс және Бектас кен орны туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Қоныс және Бектас кен орнының техникалық сипаттамасы ... ... ... ... ...7
1.3 Обьектілердің технологиялық сызбасы мен күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.4 Қалдықтар көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Өндірістік мониторинг анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Қоршаған ортаның өндірістік мониторингінің
негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Өндірістік мониторинг процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК
МОНИТОРИНГТІ ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.1 Байқау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.2 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3.3 Ауыз су, жер асты және ақаба сулар мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
3.4 Топырақ, өсімдік және жануарлар мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.5 Радиациялық фон мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

4. ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК
МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
4.1 Далалық жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
4.2 Зерттеу материалдары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
4.3 Атмосфералық ауаның ластану мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

5 ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АУА
АЛАБЫН СЫНАМАЛАУ МӘЛІМЕТТЕРІН КАМЕРАЛЫҚ
ӨҢДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
5.1 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын сынамалау ... ... ... ..27
5.2 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын
сынамалау есептеулерінің нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОСЫМША А: ШРТ ережелерін сақтау пункттерінде Қоныс және
Бектас кен орындарының ауа атмосферасының жер үсті
қабатында зиянды заттардың концентрациясы ... ... ...
ҚОСЫМША Б: Есеп нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жұмыс тақырыбы - "Қоныс және Бектас кен орнындағы қоршаған ортаның өндірістік мониторингі (атмосфералық ауа алабының ластану мониторингі мысалында) " .
Тақырып өзектілігі: соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында газ және мұнай өндірудің қарқынды дамуымен байланысты қоршаған ортаға үлкен техногендік жүктелім түсуде. Мұнай саласының қоршаған табиғи орта компоненттері мен экологиялық күйіне әсерін бағалау үшін көптеген өндірістер өндірістік мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторингті зерттеулерді жүргізу кен орнының және оның обьектілерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы жүргізілген мониторингті зерттеулер арқылы біздер атмосфералық ауаның, топырақтың, жер беті суының бүгінгі кездегі экологиялық күйін және қандай зиянды заттармен, ауыр металлдармен, радионуклидтермен ластанғандығын біле аламыз.
Жұмыстың мақсаты: Қоныс және Бектас кен орнында жүргізілген өндірістік мониторинг нәтижелері арқылы мұнай саласының қоршаған табиғи ортаға әсерін бағалау, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың әсерін төмендету бойынша ұсыныстар енгізу және атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау.
Жұмыста қойылған негізгі мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді толығымен игеру тиіспіз. Осыдан жұмыстың негізгі міндеттері:
1. ЖШС "Экотера" жүргізген мониторингті зерттеулер мәліметтері негізінде зерттелетін аудандағы атмосфералық ауа деңгейін бақылауға өзіндік талдау жасау;
2. кен орны аумағында санитарлық-токсикологиялық жағдайды бағалау.
Зерттеудің негізгі мақсаты:
1) Бақылау:
- байқаудың жылжымалы посттарында мұнай бензиндерімен және өлшенген бөлшектермен (күйе, шаң), зиянды заттармен (CO, NO2, NO, SO2) атмосфералық ауа ластануын;
- басым және экологиялық мәні бар өсімдік қоғамдастығының күйін, ауыр металдар және мұнай өнімдерімен өсімдіктің моделді түрінің ластануын;
- сирек және жоғалатын жануарлардың мекендеу жағдайы мен күйін;
2) "КуатАмлонМунай" БМ шаруашылық әрекетінің келісімді аумағының табиғи кешендерге зиянды әсерін жою және орта компоненттерінің күйін жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Инструкция по проведению крупномасштабных почвенных изысканий земли РК .Госкомзем Республики Казахстан . Алматы, 1995
2 Каминский Н.А. Механический и микроагрегатный состав почвы, методы его изучения. Москва, АН СССР, 1958
3 Методические рекомендации по выявлению деградированных и загрязненных земель. Госкомзем, Министерство сельского хозяйства и продовольствия России. Москва, 1995
4 Михалев В.В. Система мониторинга земель РК и перспективы ее развития. В сб.Состояние и рациональное использование почв РК .Алматы. Тетис, 1998
5 Научно-методические указания по мониторингу земель РК .госкомзем Р.К., Алматы. 1993
6 Почвы Казахской СССР.Выпуск 14. Почвы Кзыл-Ординской области.наука. Алма-ата, 1983
7 Природно-мелиоративное районирование равнинного казахстана. В 2-х частях. Гылым, Алматы, 1993
8 Природно-сельскохозяйственное районирование земельного фонда РК. Комитет по управлению земельными ресурсами МСХ РК, 1998
9 Рельеф Казахстана(Пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1:1 500 000)Ответственные редакторы Абдуллин А.А. и Медоев Г.Ц. В 2-х частях. Алма-Ата, Гылым. 1991
10 Систематический список и основные диагностические показатели почв равнинной территорий Казахской СССР.Министерство сельского хозяйства Каз.СССР.Алма-Ата, 1981.Почвы Кзыл-Ординской области. "Наука". Алма-ата, 1983.
11 А.Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова. Экология. Алматы, 2003ж 290бет

География факультеті

Геоэкология және табиғи орта мониторингі кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ
(атмосфералық ауаның ластану мониторингі мысалында)

Орындаған:
5 курс студенті

Ғылыми жетекші, _________

г.ғ.д., профессор (қолы, күні)

Норма бақылаушы __________

г.ғ.к., доцент (қолы, күні)

Қорғауға жіберілді __________

кафедра меңгерушісі ( қолы, күні)

РЕФЕРАТ

Берілген жоба мақсаты: "Қоныс және Бектас кен орнында жүргізілген
өндірістік мониторинг нәтижелері арқылы мұнай саласының қоршаған табиғи
ортаға әсерін бағалау және ауаға шығарылатын ластаушы заттардың әсерін
төмендету бойынша ұсыныстар енгізу және атмосфералық ауаның ластану
деңгейін бағалау".
Дипломдық жұмыс 4 тараудан тұрады.
I тарауда өндірістік мониторинг нысандары, яғни Қоныс және Бектас кен
орнына қысқаша сипаттама берілген. Мұнда нысанның техникалық сызбасы мен
күйі, ластану көздері ашылған.
II тарауда мониторинг жалпы анықтамасы, өндірістік мониторинг мақсаттары
мен маңызы, процедуралары толық талданған.
III тарауда кен орнында өндірістік мониторинг жүргізу жұмысы, мониторинг
қоныстары, атмосфералық ауаның ластануының мониторинг жүйесін ұйымдастыру
ережелерімен таныстырылды.
IV тарауда - Қоныс және Бектас кен орнына жүргізілген өндірістік
мониторинг нәтижелері келтірілді.
Vтарауда статистикалық мәліметтері бойынша атмосфералық ауаға шығатын
ластаушы заттар қатары бойынша атмосфералық ауаның сынамасы есептелген.
Бет саны- 41. Сурет саны-8. Кесте саны-12.
Жұмысты орындау барысында ұйымдасқан және ұйымдаспаған көздерден шығатын
қалдықтардың мөлшері және жергілікті климаттық жағдайды есепке ала отырып,
олардың таралу қашықтығы сияқты мәліметтер есептелді. Ерекше назар
атмосфераның ластану мониторингіне бөлінді. Қоршаған ортаның
компоненттеріне, яғни атмосфераға, су обьектілеріне, топырақ және
өсімдікке, жануарлар әлеміне зиянды әсерін азайту бойынша ұсыныстар
енгізілді.
Кілтті сөздер: өндірістік мониторинг, байқау посттары, табиғи материалды
жинақтау, нысанның технологиялық сызбасы, ластаушы көздер, сынаманы
іріктеу.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ НЫСАНДАРЫНА
ҚЫСҚАША
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.1 Қоныс және Бектас кен орны туралы жалпы
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . 5
2. Қоныс және Бектас кен орнының техникалық
сипаттамасы ... ... ... ... ...7
3. Обьектілердің технологиялық сызбасы мен
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
4. Қалдықтар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 10

2. ӨНДІРІСТІК МОНИТОРИНГ
МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..14
1. Өндірістік мониторинг
анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингінің
негізгі міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16
3. Өндірістік мониторинг
процедурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3. ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДА ӨНДІРІСТІК
МОНИТОРИНГТІ
ЖҮРГІЗУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18
1. Байқау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...18
2. Атмосфералық ауаның ластану
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
3. Ауыз су, жер асты және ақаба сулар
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
4. Топырақ, өсімдік және жануарлар
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
5. Радиациялық фон
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19

4. ҚОНЫС ЖӘНЕ БЕКТАС КЕН ОРНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК
МОНИТОРИНГ
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20
4.1 Далалық
жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20
4.2 Зерттеу материалдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
4.3 Атмосфералық ауаның ластану
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

5 Қоныс жӘне Бектас кен орындарының ауа
алабын сынамалау мӘліметтерін камералық

Өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
5.1 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын
сынамалау ... ... ... ..27
5.2 Қоныс және Бектас кен орындарының ауа алабын
сынамалау есептеулерінің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 35
ҚОСЫМША А: ШРТ ережелерін сақтау пункттерінде Қоныс және
Бектас кен орындарының ауа атмосферасының жер
үсті
қабатында зиянды заттардың концентрациясы ... ... ...

ҚОСЫМША Б: Есеп
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбы - "Қоныс және Бектас кен орнындағы қоршаған ортаның
өндірістік мониторингі (атмосфералық ауа алабының ластану мониторингі
мысалында) " .
Тақырып өзектілігі: соңғы жылдары Қазақстанның оңтүстік және батыс
аймақтарында газ және мұнай өндірудің қарқынды дамуымен байланысты қоршаған
ортаға үлкен техногендік жүктелім түсуде. Мұнай саласының қоршаған табиғи
орта компоненттері мен экологиялық күйіне әсерін бағалау үшін көптеген
өндірістер өндірістік мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторингті
зерттеулерді жүргізу кен орнының және оның обьектілерінің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы жүргізілген мониторингті зерттеулер
арқылы біздер атмосфералық ауаның, топырақтың, жер беті суының бүгінгі
кездегі экологиялық күйін және қандай зиянды заттармен, ауыр металлдармен,
радионуклидтермен ластанғандығын біле аламыз.
Жұмыстың мақсаты: Қоныс және Бектас кен орнында жүргізілген өндірістік
мониторинг нәтижелері арқылы мұнай саласының қоршаған табиғи ортаға әсерін
бағалау, ауаға шығарылатын ластаушы заттардың әсерін төмендету бойынша
ұсыныстар енгізу және атмосфералық ауаның ластану деңгейін бағалау.
Жұмыста қойылған негізгі мақсатты орындау үшін келесі міндеттерді
толығымен игеру тиіспіз. Осыдан жұмыстың негізгі міндеттері:
1. ЖШС "Экотера" жүргізген мониторингті зерттеулер мәліметтері
негізінде зерттелетін аудандағы атмосфералық ауа деңгейін бақылауға
өзіндік талдау жасау;
2. кен орны аумағында санитарлық-токсикологиялық жағдайды бағалау.
Зерттеудің негізгі мақсаты:
1) Бақылау:
- байқаудың жылжымалы посттарында мұнай бензиндерімен және өлшенген
бөлшектермен (күйе, шаң), зиянды заттармен (CO, NO2, NO, SO2)
атмосфералық ауа ластануын;
- басым және экологиялық мәні бар өсімдік қоғамдастығының күйін, ауыр
металдар және мұнай өнімдерімен өсімдіктің моделді түрінің ластануын;
- сирек және жоғалатын жануарлардың мекендеу жағдайы мен күйін;
2) "КуатАмлонМунай" БМ шаруашылық әрекетінің келісімді аумағының табиғи
кешендерге зиянды әсерін жою және орта компоненттерінің күйін жақсарту
бойынша ұсыныстар беру.

1 Өндірістік мониторинг нысандарының қысқаша сипаттамасы

1. Қоныс пен Бектас кен орындары туралы жалпы мәліметтер

Қоныс пен Бектас кен орындары Қызылорда облысының солтүстік бөлігінде
орналасқан. Аумақ солтүстік континенттік шөл зонасында орналасқан және
ауқымды көлдік қазан шұңқырға бекінген. Кен орынның аумағына жақын жатқан
елді мекендері: Жалағаш (150км), Жусалы (210км), Қарсақпай (180км) теміржол
станциялары және Сатпаев ауылы (250км) (сурет 1).
Орографиялық жағынан аудан әлсіз төбешікті дала болып келеді.
Аумақтың су артериясы және тұрақты елді мекені жоқ.
Климаты. Аудан климаты шұғыл континенттік, ауа температурасының
маусымдық және тәуліктік үлкен ауытқуларымен, жауын-шашын аз (жылына 10мм)
және жазы құрғақ . Жаздағы max температурасы 30-350С, min қыста -38-400С.
Қатты желдер тән: жазда - батыс пен оңтүстік-батыс, ал жылдың қалған
уақытында – солтүстік және солтүстік-шығыс, Оңтүстік-шығыс бағыттағы
тұрақты желдер тән, қыста боран мен дауыл жиі кездеседі. Көбінесе қыс -
көктем маусымдарында жауын-шашын мөлшері 150 ммжыл. Кен орын аумағында су
көздері жоқ [5].
Геология мен геоморфологиясы. Қоныс пен Бектас лицензиялы кен орны
Сарылан шоқысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Үстірт меридианды бағытта
35км-ге созылған. Беттік абсолюттік белгілері солтүстікте-200м-ден,
оңтүстікте-160м-ге дейін өзгереді. Қоныс пен Бектас учәскелері арасында
батыстан аудан шегіне үстірт бетімен салыстырғанда тереңдігі 70 метрге
жететін Қараой ірі қазаншұңқыры орналасқан.
Үстірт беті плиоцен жынысының кешенімен құрылған құрылымдық-
денудациялық жазық болып табылады, Аудан сейсмикалы емес.
Су көздері. Беттік сулар аумақта кездеспейді. Тек күндізгі беттік
ойпауыттарда (сор аумақтары) көктемде жер беттік сулардың қысқа уақыттық
тұруы мүмкін. Қарастырып отырған аумақ шекарасында келесі сулы қат-қабат
горизонттар бар:
• жоғарғы төрттік аллювиалды түзілімдердің жер асты суларының
спорадикалық таралуы;
• жоғарғы плиоценді түзілімдердің спорадикалық таралуының сулары;
• сенонды түзілімдердің сулы қат-қабат горизонты;
• туронды түзілімдердің сулы қат-қабат горизонты;
• сеноманды түзілімдердің сулы қат-қабат горизонты;
• альбілік түзілімдердің сулы қат-қабат горизонты [3];
Жыныстар сортаң мен балшықтар арасында құмдардың линза тәрізді
қабатшасымен берілген. Бұл жер асты суларының жоғары төрттік түзілімдерде
спорадикалық таралуларына жол берді.
Сулы қат-қабат құмдар жоғарыда жатқан қалыңдықтарға шығыстан ағатын
сулардың босауына кедергі келтіретін және біршама арынды ұстайтын
сутіректік палеогенді балшықтардың қалың қабатымен жабылған. Су
минерализациясы 10-35,9 гл аралығында ауытқиды [8].
Топырақ. Топырағы саздақ, саз балшықты, сор және құмды. Кен орын
аумағының топырағы сұр-қоңыр шөлді топырақтар. Зоналды топырақтардың
біртекті массивтері тіптен кездеспейді. Аумақтың көп бөлігін шақат және
оның кешендері алып жатыр. Жазықтың төменгі учәскелері мен тұйық
депрессияларын сұр сортаң мен тақырлар алып жатыр. Қарастырып отырған
аумақтың тұзданған топырағының тән ерекшелігі – тұз құрамында соданың
басым болуы (MaHCO3). Барлық топырақтар аз қарашіріктілікпен, салыстырмалы
гумусты горизонттың үлкен емес қалыңдығымен, қоректік элементтердің аз
құрамымен, жұтылудың аз сыйымдылығымен сипатталады.
Өсімдік әлемі. Дала шөлейттеріне тән ксерофильді өсімдіктермен
көмкерілген. Өсімдік қауымдастықтарының ландшафтты басым формасы болып
экстремалды жағдайлардағы тұрақты форма ретінде ксерофитті бұта табылады.
Бұл тұздану деңгейі сорларға дейін жететін әртүрлі сұр қоңыр топырақтарда
өсіп-өнетін – боялыш (Salsola arbuscula Pall) және бүйірген (Anabasis salsa
(C.A.M. Benth. in Benth. Et Hook) үйлесімдегі жксан (Artemisia
тұқымдастығы). Өсімдіктердің сора сүйгіш нұсқасы болып бүйірген
формациялары табылады. Бұл формация кірпішті, сортаңды топырақтар,
сортаңдар және тақырлар аумағында таралған. Көбінесе бүйірген
тұқымдастарының өсіп-өнуіне басқа өсімдіктер араласпайды. Кірпішті және
тұзданған субстраттарда бүйіргенмен бірге тасбүйіргенді қауымдастықтарды
түзе отырып тасбүйірген (Nanophyton erinaceum (Pall) Bge) өсіп-өнеді.
Бүйірген қауымдастықтары өкшелік (тығыздалған, тақыр тәрізді аумақтарда)
түрде орналасқан.
Кең таралған өсімдік қауымдастықтарының құрылуына қатысатын ландшафтты
өсімдіктер болып солтүстік тұран флорасының өкілдері жусан, бүйірген,
боялыш, реликтті саванналық жерорта теңіздік флора өкілі – қара сексеуіл,
бореалды флора элементі – кәдімгі құрақ, тоғай саванна өкілі – томариск,
жапырақсыз жүзген, құмтасты саванна элементтері – құмтасты акация табылады.
Жартылай бұталы шөлдерде үстемдік ететін түрлер келесі тұқымдастарға
жатады: жусандар (Artemisia ), солянкалар (Salsola тек көп жылдық түрлер),
ежовника (Anabasis), сексеуілдер (Arthphyton), көкпек (Artiplex), теріскен
(Eurotia), сорқаңбақ (Kalidum), сарсазан (Halocnemum) [3].
Жануарлар әлемі. Кен орындар ауданының фаунасы құстардың 20 түрінен,
екеуі ҚР Қызыл кітабына енгізілген 10 сүтқоректілердің түрінен тұрады.
Олардың ішіндегі эндемик түрлер – кожанок Бобринского және белобрюхого
рябканың популяциясы кездеседі. Кеміргіштердің бес түрі қауіпті
инфекциялардың тасымалдаушылары болып табылады.
Кен орындардың аумағының ауыл шаруашылықтық өндіріс жағынан мекен ету
ортасына минималды әсер етеді, алайда мекен ету аумағының өзгертілген
жерлерінде жануарлар саны жанасып жатқан ландшафттарға қарағанда едәуір
төмен. Сүтқоректілердің құнды кәсіптік түрлері кен орын аумағынан қоныс
аударған (түлкі, қасқыр, далалық хорь және т.б.) немесе миграция жолдарын
өзгерткен (ақбөкен). Кен орын аумағының ақбөкендердің бетпақдалалық топтары
үшін үлкен мәні бар.

2. Қоныс пен Бектас кен орындарының техникалық сипаттамасы

Қоныс кен орны. Қоныс кен орны адам мекендемейтін аумакта орналасқан.
Тұрақты елді мекендер жоқ. Жол торабы - топырақ пен дала жолдар. Жақын
жатқан елді мекендер Жалағаш (200км) пен Жусалы (120км) теміржол
станциялары.
Кен орны 1989 жылы ашылды. Бірінші ашылғаны - №1 іздеу ұңғымасы (сурет
2). Қоныс кен орны құрылысы 1986-1988 жж. МОП сейсмикалық барлаумен
дайындалған. Іздеу бұрғылаулары 1988 ж., барлау бұрғылаулары -1990ж-дан
бастап жұмыс істей бастады. 1996ж бастап Қоныс кен орнының сынамалық
пайдалану жобасы шегінде пайдаланылатын ұңғымалар бұрғыланған және оларды
зерттеу жүргізілді. Кен орны қимасында анықталған кендерден мұнай қорының
90%-ы және еркін газдардың 55%-ы ең үлкен қорлары күрделі геологиялық
құрылымы бар М-П горизонтының кені болып табылады [7].
1997-99 жж аралығында Қоныс кен орнында сынамалы эксплуатация өткізу
үшін 14 ұңғыма бұрғыланған. 14 бұрғыланған ұңғыманың 12-сі мұнай
аймағында, бірі газ аймағында, бірі су мұнайлы аймағында орналасқан. Кейін
12 ұңғыма өнеркәсіптік эксплуатацияға дайындалды. 2 ұңғыма суды изоляциялау
жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Қазіргі кезде Қоныс кен орны сынама
эксплуатация сатысында. Әрекеттегі скважина қоры -32.
Екі кен орнында да өндірілетін өнімді жинақтау жүйесі жоқ. Мұнай
сепарациясы толығымен әр ұңғыма ернеуінде орналасқан қондырғыда
жүргізіледі. Газдардың бір бөлігі мұнайды қыздыру пештерінде жеке
қажеттіліктерге жұмсалады, ал өндірілетін ілеспелі газдың қалған көлемі
бүгінгі таңда факелдерде жағылуда; ол өз бетінше атмосфераға зиян газдардың
түсуіне әкеліп соғады және өңірдегі экологиялық жағдайға әсер етеді [1].
Бектас кен орны. Бектас Қоныс кен орын аумағына жақын орналасқан.
Тұрғылықты елді мекен жоқ. Жол торабы - грунтты және жолдар. Жақын жатқан
тұрғын пункттер – Жалағаш (200 км), Жусалы (120 км) теміржол станциялары.
Бектас кен орны құрылысы 1983 жылы МОТТ-ның сейсмо барлау жұмысымен
дайындалған. Іздестіру бұрғылауы 1987 жылы басталған, сол жылы кен орны
ашылған. Алғаш ашылғаны - 1- параметрлік скважина (сурет 3).
2003 жылы өндірістік мониторингі жүргізуге таяу уақытта Қоныс пен
Бектас кен орындарында мұнай өндірілетін 4 ұңғыма орнатылған. 2004 жылы
Бектас кен орнында 5 ұңғыма жұмыс істейді.
Барлығы "ҚуатАмлонМұнай" БК аймағында 33 мұнай өндіретін ұңғыма бар.
Лицензиялы мұнай өндіретін алаңда мұнай өндіру, қыздыру, сепарация,
ілеспелі газды факелде жағу, мұнай тасымалдау және сақтау жұмыстары
жүргізіледі.
Қоныс пен Бектас кен орнында 2003 жылы кезінде мұнай өндіру 1-ші
кварталда-80,8 мың тн, 2-ші кварталда –85,5 мың тн, 3-ші кварталда –100,8
мың тн; барлығы 3 кварталда 267,1 мың тн мұнай өндірілген. 2004 жылға
жоспарланатын мұнай өндіру көлемі жылына 300-360мың тоннаны құрайды [9].

3. Обьектілердің технологиялық сызбасы мен күйі

Қоныс пен Бектас кен орындарында мұнайды жинаудың технологиялық сызбасы
негізіне бір құбырлы сәулелі жабық жүйе салынған. Қазіргі жағдайда мұнайды
фонтан әдісімен алады.
Қоныс кен орнындағы мұнай өндіретін ұңғымаларға №9, 11, 14, 15, 19,
103, 104, 106 және 114 жатады. Ұңғымалар 460 00' 06''' с.е. – 460 04' 09''
және 650 06' 12'' - 65003' 12'' ш.б. орналасқан.
Қоныс кен орнында мұнай өндіру біртұтас технологиялық сызба бойынша
жүргізіледі. Ұңғымадағы мұнайды температурасы 30-400-қа дейін ернеулі
қыздырғышпен қыздырғаннан кейін құбыр желісі бойынша сепараторға түсіп,
мұнай және ілеспелі газ болып бөлінеді. Сепарация процесі Р=0,6 Мпа және
Т=400С кезеңінде орындалады. Ілеспелі газ бөлінгеннен кейін факелді
қондырғыға жағылу үшін беріледі, ал мұнай құбыр бойымен жинақтаушы
сыйымдылыққа беріледі. Резервуардан мұнай құйылу қондырғыға түседі, мұнда
насос арқылы Құмкөл кен орнында орналасқан мұнай қабылдаушы пункттерге
транспортировкалау үшін автоцистерналарға айдалады [9].
Қоныс кен орындарының технологиялық процесі төмендегі құрылғылармен
жүзеге асады:
• өндіретін ұңғымалар, 2004 жылы- 29 ұңғыма;
• ұзындығы 125 м мұнайды транспортировкалау үшін выкидные линии;
• ПП-063 мұнай қыздыратын пеш. Түтін мұржасының биіктігі – 5 м және
бақылау-өлшеу құралдары бар. Пеш ілеспелі газда жұмыс жасайды;
• арнайы ішкі қондырғымен, өлшеу-бақылау құралдарымен жабдықталған
мұнайгазсепаратор-бөлгіш блогы;
• бақылау-өлшеу құралдарымен қамтамасыздандырылған көлемі 75 м3,
50 м3 резервуарлар;
• қуаттылығы 60м3сағ мұнай насостары;
• 6 м биіктікке жететін факелді қондырғылар [5].
Әрбір ұңғыма ауданы ілеспелі обьектілермен бірге (құбыр желісі жүйелер,
насос, сепаратор, резервуар) шамамен 1,5-2 га жерді алады. Өндірілетін
скважиналар алаңы негізінен тегістелген. Мұнайды қыздыру пештерінің алаңы
бетондалған. Қыздыру пеші скважина ернеуінен 9 м-де, ал сепаратордан 6 м-де
орналасқан, мұнайды сақтау сепараторлы қондырғыдан 14 м-де орналасқан.
Мұнайды автоцистернаға айдау үшін құбыр ұзындығы 10 м-ді құрайды.
Сепаратордан факелге қарай ұзындығы 20 м, ал диаметрі 8 см құбыр желісі
салынған. Ішкі жағында кәсіптік құбыр желілерінің жер асты орналасуы бар
және жерден 50 см-ге болат тіректермен көтерілген (сурет 4).
Тұтасымен скважина алаңында зерттелген технологиялық обьектілер күйі
қанағаттандырарлық, винтті насостар скважина ернеуінде мазутталмаған,
кейбір скважиналарда насостар қапталған. №9 скважинаның пешінің пеш
температурасын ұстау үшін термоизоляциондық қабы бар. Мұнайды сақтау және
жинақтау үшін сыйымдылықтар мазутталмаған, алаң маңында құм және қиыршық
тас себілген. Мұнайгазсепараторлары бетондалған беттіктерде үйшік түріндегі
конструкцияларда орналасқан. Олар өртке қарсы инвентармен жабдықталған.
Мұнайды автоцистернаға айдау жұмыстары мұқият жүргізіледі және топырақ-
грунтқа мұнай құйылуды ескерту бойынша шаралар қатаң ұсталады.
Автоцистернаны толтыру аяқталғаннан кейін шлангілер үлкен емес
сыйымдылықтарға түседі. Факелді қондырғылар аумағы салыстырмалы жақсы
күйде. Мұнайды сақтау сыйымдылығынан ұзындығы шамамен 2 м құбыр шығады.Осы
құбыр бойымен қабатталған суды ағызу жүргізіледі. Су жерге қазылған үлкен
емес сыйымдылықтарға жиналады, толтырылғаннан және тұндырылғаннан кейін осы
су жолдарды суару үшін қолданылады [6].
Қоныс кен орнындағы скважиналардың өнеркәсіптік алаңын зерттеу ұңғыма
маңындағы радиусы 50 м жердегі топырақ пен өсімдік жамылғысы толығымен
жойылған. Топырақтың жоғарғы горизонтының тұтастылығының бұзылуының жалпы
өлшемі 150x150 м-ді құрайды. Тұтасымен консервіленген скважиналар маңында
топырақ-өсімдік жамылғысының біршама бұзылуы, мұнай және мұнай өнімдерімен
ластануы анықталмаған.
Консервіленген скважиналар алаңында қоршаған орта күйін мониторингті
байқау нәтижелері бойынша 10-нан 50 м-ге дейінгі радиусты топырақ-өсімдік
жамылғысының локалды бұзылуы барлық скважиналарда дерлік байқалады.
Лицензиялы ауданда Қоныс және Бектас кен орнын барлау бұрғылау
кезеңінде және Қоныс кен орнын сынамалы эксплуатациялау сатысында
бұрғыланған консервіленген скважиналар орналасқан. Қоныс кен орнындағы
консервіленген скважиналардың жалпы саны - 23, Бектас кен орнында - 6.
Қоныс пен Бектас кен орынының ары қарай дамуы ЖАҚ НИПИ мұнай-газ
жобалауында қабылданған негізгі технологиялық шешімдерге сәйкес жүзеге
асады:
- Қоныс кен орнында 2 топ құрылғылары, 5 өлшегіш құрылғылар қондырғысы;
- Бектас кен орнында 1 топ құрылғылары, 1 өлшегіш құрылғылар қондырғысы;
- мұнай мен газды бірге тасымалдау үшін мұнай жинау жүйесінің қондырғысы
(ұңғыма ернеуі - выкидная линия - бірнеше скважинаның мұнайын жинау үшін
– МДАЦ (мұнайды айдау және дайындау цехы) мұнайын дайындау обьектісіне
дейінгі мұнай жинау коллекторы) ;
- сепарациядан, судың тұнуы, резервуарларда мұнайдың сақталуы, дренажды
жүйе, өрт сөндіруден тұратын Қоныс кен орнындағы тауарлы сапаға дейін екі
кен орнында да мұнайды бірге дайындау үшін МДАЦ (мұнайды дайындау және
айдау цехы) құрылысы;
- Белкөл станциясы терминалына дейін мұнай құбыры учәскесінің құрылысы;
- судан газды құрғатудан, гликолдың генерация блогынан, МДАЦ-ның
технологиялық сызығына конденсаттың қайтуынан тұратын мұнайды дайындау
жүйесінің қондырғысы;
- пластқа газды айдау үшін компрессорлы станция қондырғысы(газды пластқа
айдау жолымен утилизациялау нұсқасында) ;
- бас тоғанды ұңғымадан сутартқыштардың қондырғысы;
- суды пластқа айдау үшін БКНС (блокты-корпусты насосты станция)
қондырғысы [4].

4. Қалдықтар көздері

Әр өнеркәсіптік алаңда 7 ластау көздері бар. Олардың 2–уі
ұйымдастырылған, 5-уі ұйымдастырылмаған. Вахтылы ауылда 8 ауа ластаушы
көздер табылған, олардың 2-уі ұйымдастырылған, 6-ы ұйымдастырылмаған. Жалпы
Қоныс кен орындарында ластаудың 120 стационарлы көздері табылған, олардың
34 ұйымдастырылған, 86-сы ұйымдастырылмаған.
Атмосфералық ауаны ластаудың стационарлық көздері: ұңғыма, мұнай
қыздырылған пеш, мұнай насосы, сепараторлық қондырғы, мұнай жағатын факелі,
мұнайды қабылдау үшін сыйымдылықтар, дренажды сыйымдылық.
Ластаушы заттар: азот оксиді, азот диоксиді, марганец оксиді, темір
оксиді, көмірсутегі, күйе, көмірсу оксиді, акролеин. күкірт диоксиді [2].
Кен орындарында ілеспелі газды утилизациялау мәселесі шешілуде. Ол
үшін Қоныс пен Бектас кен орында 2003-2006 жж. аралығында ілеспелі газды
утилизациялау бағдарламасы жасалды.
Шараны жасау келесіні есепке алумен орындалған:
- Қоныс кен орны бойынша 7 іздеу және 19 барлау ұңғымаларының бұрғылау
нәтижелері бойынша М-0-1, М-0-2, М-11 және Ю-0-2. өнімді горизонттарда
мұнай, газ, мұнайда еріген газ қоры. С 1 категория бойынша мұнай қоры -
25940 мың т., С2 бойынша - 3989 мың т, еркін газ- 3586 млн. м.3 С1
категория бойынша. М-И горизонтына кен орнындағы барлық қорлардан 20175 мың
т. және 53,3 % еркін газды құрайтын С1 категориясы бойынша мұнайдың
геологиялық қорының 84,1 %-ы келеді [4].
М-0-2 горизонты бойынша Бектас кен орнында С1 категориясы бойынша
мұнай, еркін газ және конденсаттың қоры - 1954 мың т және С2 категориясы
бойынша –4243 мың т геологиялық қорлар және сәйкес 586 мың т және 1273 мың
т алынатын.
Бектас кен орнында С1 категориясы бойынша газды шапканың еркін газының
алынатын қорлары 815 млн м3-ты құрайды, С1 категориясы бойынша еркін газ-
675 млн м3 және С2 категориясы бойынша –334 млн м3.
Ілеспелі газды утилизациялау кезінде төмендегілерді қарастыру керек:
- парафинді мұнай жинау және дайындау технологиясы дайындау және жинау
жүйесінің технологиялық тізбегінің барлық сатысында оны қыздырудың
қажеттілігін қалыптастырады, ол жанармай ретінде өзіндік қажеттіліктерге
газды біршама шығындаумен байланысты;
- Қоныс кен орны дамуының осы сатысында пластқа газды айдауды қарастыратын
нұсқа жасаудың бекітілген нұсқасы болып табылады;
- Өңірлік газ құбыры жобасын реализациясын бастау (Ақшабұлақ-Қызылорда
магистралды газ қбырының құрылысының басталуы) [3].
Қоныс пен Бектас кен орнындағы ілеспелі газды утилизациялаудың қолайлы
жолдарын таңдау экономикалық, технологиялық, әлеуметтік критерилерді
есепке алумен жүзеге асырылатын болады. Дәйекті алғашқы мәліметтерді алу
мақсатында жобада газдың ақиқатты ағындары мен олардың сандық және сапалық
таралуы бағаланған.
1 және 2-кестеде Қоныс кен орнының сепарация газ құрамының
компоненті құрамы мен мұнайдың физико-химиялық қасиеттері берілген.

Кесте 1- Қоныс кен орны сепарация газының компонентті құрамы [8]

Компонент атауы Орташаланған компонентті құрам, %
мол.
Күкіртсутегі 0, 000
Азот 0, 367
Көмірқышқыл газ 0, 0255
Метан 63, 941
Этан 10, 822
Пропан 10, 78
Изобутан 2, 436

Кесте 2 - Қоныс кен орны мұнайының физикалық-химиялық қасиеттері [4]

Атауы Пласт
М-I Ю-0-II
Зертте-леӨзгеру Қабылдау Зертте-леӨзгеру Қабыл-
тін диапа- мәні тін диапа-здау мәні
скважи-назоны скважи- оны
лық налық
сынама сынама
саны саны

Тығыздығы, 1420 812-866 830.8 59 802.0-8826.6
200С-да кгм3 43.0
Тұтқыр-
лық, мПа*с
Тұтқыр- 1217 3.18-28.816.70 48 2.59-127.00
лық, 200С-та 3 .25
Тұтқыр- 78 3.4-12.287.77 - - -
лық, 500С-та
Температураза1215 +2-+18 +10 610 +6-+16 +12
ст., 0С
2-кестенің жалғасы
анықтал-маға Анық-
Парафинмен н талма-ған
қанығу
темпера-
турасы, 0С
Массалық
құрамы, %
Күкірттің 1114 0.02-0.390.16 610 0.02-0.0.20
35
Селика 1013 6.03-12.08.91 59 4.54-129.41
гелді смола- .3
ның
Асфальтен-нің89 0.06-1.940.50 610 0.06-5.1.93
05
Парафиннің 1011 3.7-21.1 8.44 69 5.6-22.13.7
8
Фракцияныңкөл1114 610
емдік шығуы,
%
Н.к 4-15 9 4-19 11
1000С
1500С-қа 11-25 20 18-28 24
дейін
2000С-қа 28-45 26 27-35 31
дейін
3000С-қа 41-52 46 51-52 52
дейін

3 және 4-кестелерде мұнайда еріген газдың компонентті құрамы мен
Бектас кен орнындағы физико-химиялық қасиеттері берілген.
Кесте 3 - Бектас кен орнындағы мұнайда еріген газдың компонентті құрамы [5]
2001 жыл (Проект ОПР)

Скважина № М-2 М-3
4 2
Компонент % мол % мол
Күкірт қышқылы 0.02 0.02
Азот 0.03 0.02
Көмірқышқыл газ 0.03 0.02
Метан 95.48 94.13
Этан 3.1 3.04
Пропан 0.58 2.5
Изобутан 0.23 0.02
3-кестенің жалғасы
N-бутан 0.25 0.12
Изопентан 0.015 0.02
Оттегі 0.09 0.04
Сутегі 0.01 0.01
Барлығы 100 100
Салыстырмалы тығыздық 0.761 0.779

Кесте 4 - Бектас кен орнының өңдеуінің әрқилы обьектілерінің скважиналары
бойынша мұнайдың физико-химиялық қасиеттері [4]

М-II-А М-III
1-П 4 301 2
Параметр атауы
Судың құрамы, % 0, 18 - - -
Механикалық 0.01 0.01 0.03 -
қоспалар құрамы,
%
Тығыздығы, 0.865 0.852 0.873 0.841
200С-тағы кгм3
Кинематикалық - 12.4 18.4 -
тұтқырлық, мм2с
Температура 26 19 14 16
заст., 0С
Массалық құрамы,
%
Парафиндер 15.9 14.2 16.1 13.28
Күкірт 0.42 0.29 0.31 0.23
Селикагелді смола10.78 8.9 8.7 7.1
Асфальтендер 0.38 0.24 0.25 0.13
Фракцияның
көлемдік шығуы, %
Н.к.0С 65 63 27 65
1000С-қа дейін 3 2 4 2
1500С-қа дейін 5 7 6 9
2000С-қа дейін 9 15 17 17
2500С-қа дейін 13 27 25 31
3000С-қа дейін 25 33 40 -

2 Өндірістік мониторинг міндеті

2.1 Өндірістік мониторинг анықтамасы

Кен орны нысандарының қоршаған ортаға ықпалын бағалауға мүмкіндік
беретін шараны экологиялық (өндірістік) мониторинг деп аталады. Ол қоршаған
орта компоненттерінің күйін ұзақ уақыттық байқау жүйесі болып табылады.
Орындалған байқаулар мәліметтері банкін талдаудың бүгінгі таңдағы әдістері
және табиғат күйі мен табиғат қорғау шараларын болжаудың моделдеу кен орны
және оның нысандарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрекет
етеді.
Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-
әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау. Бағалау,
тексеру және болжау жүйелері. "Мониторинг" деген термин "монитор" -
сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның
қоршаған орта жөніндегі Стокгольм коференциясының алдында"бақылау" ұғымын
толықтыру ретінде пайда болды [11].
Биосфераның абиотикалық құрамының антропогендік өзгеруін және осы
өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар, антропогендік әсердің
арқасында кезектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға,
болжауға экологиялық мониторингтің информациялық жүйесі жасалды.
Антропогендік әсерлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
- антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау;
- антропогендік әсер факторларын бақылау
- антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін процесстерді
және оның жағдайының өзгеруін бақылау;
- табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
- антропгендік факторлар әсерінен табиғи ортада болатын өзгерістерді
болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Экологиялық мониторинг 3 сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау
және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг сызбасы 5-суретте көрсетілген.

Мониторинг обьектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, құрғақ
жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жер асты сулары,
криосфера(климаттық жүйені құраушылар) жатады [11].
Бақылау обьектілері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, ауалық,
гидросфералық(жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық
мониторинг, сейсмикалық, ионосфералық, Күн, магнитометриялық, биологиялық,
өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі және т.с.с.
Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың
(нгредиенттік мониторинг), түрлі-түсті табиғи және физикалық факторлар
әсерлерінің(электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл)
мониторингі.

Мониторинг сызбасы

Сурет 5

Ластағыш көздердің мониторингі – нүктелі стационарлы
көздер(зауыттардың мұржалары), жылжымалы(көлік), кеңістік (қалалар,
химиялық заттектер ендіірлетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша
мониторингке бөлінеді [11].
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг
жүйелерін құрайды:
• ғаламдық (биосфералық) – халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер
биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процесстерді зерттеу арқылы
назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы
ескерту жасап отыру;
• базалық (фондық) - жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау;
• ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы
жүргізілетін мониторинг;
• аймақтық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі
аудандардың көлемінде құбылыстар мен процесстерді зерттеу арқылы
бақылау;
• жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында,
кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;
• импактылық- ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және
жергілікті антропогендік әсерлердің моинторингі.
Дүние жүзінің 140 елі қатысатын қоршаған орта мониторингінің ғаламдық
жүйесі 1970 ж құрылған.Бұл жүйенің негізгі мақсаты:
• қоршаған ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен бағалануын
өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
• мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрсету;
• атмосфера мен климаттың жай-күйі, қоршаған ортаның ластануы туралы
мәліметтер жинау және тарату.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиғи жүйесінің қазіргі жағдайын
бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық
құрлықтағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялары жүргізеді.
Олардың кейбірі биосфералық қорықтарда орналасқан.
Локалды мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немеес шырақ
астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ірі
қалаларында. Мысалы, Алматы қаласында атмосфералық ауаның мониторингі 6-7
орында жүргізіледі [11].

2. Қоршаған ортаның өндірістік мониторингінің негізгі міндеті

Қоршаған орта мониторингінің міндеті:
• қоршаған ортаның негізгі компоненттерінің күйі көрсеткіштерін анықтау
(топырақ және өсімдік жамылғысының, ауа және су ортасының,
жануарлардың моделді түрінің);
• төмендегі анықтауды қоса отырып, ластаушы көзі ауданында қоршаған орта
компоненттерінің сапасын өзгертетін масштабтарды анықтау:
1. ластану облысының өлшемін;
2. ластану белсенділігін;
3. ластаушы заттардың миграциялану жылдамдығын.
Қоршаған ортаның компоненттері күйінің негізгі көрсеткіштері ретінде
қолдану керек:
Атмосфера үшін:
- сәйкес ШРШ немесе ӘБҚД-нен (әсердің бағдарлық-қауіпсіз деңгейі) қатты
бөлшектер, химиялық элементтер және олардың қосылыстары құрамының
артуы.
Жер асты және жер беті сулары үшін:
- фондық(өңірлік) көрсеткіштермен салыстырғанда минералдану деңгейі мен
сипатының өзгеруі;
- ластанудың сандық және сапалық көрсеткіштері, химиялық элементтер
және олардың қосылыстары құрамының ШРШ-дан артуы;
- судың биологиялық ластануының сандық көрсеткіштері;
Топырақ үшін:
- топырақ күйі және оның химизмі, тұздану;
- ШРШ-дан зиянды заттар, элементтер және қосылыстары құрамының артуы;
- топырақ бетінің абиотикалық техногенді тасындылармен жабылуы;
- фондық сипаттамамен салыстырғанда топырақ тығыздығының артуы;
- суда еритін тұздар құрамының артуы;
Өсімдік үшін:
- өсімдік қоғамдастықтары мен олардың моделді түрлерінің күйі;
- моделді түрлерде зиянды затар құрамының ШРШ-дан артуы;
Жануарлар үшін:
- моделді түрлердің күйі;
- ШРШ-дан моделді түрлердің органдары мен ткандарында зиянды заттар
құрамының артуы.

Экологиялық мониторингті орындауда негізгі назар белсенді ластану
зонасында (атмосфераны ластаушы көздер үшін) және санитарлы-қорғау зонасы
шекарасында қоршаған орта компоненттері күйіне бөлінуі керек [7].

2.3 Өндірістік мониторинг процедурасы

Өндірістік мониторинг процедурасы келесі талаптарды есептеумен жүзеге
асырылуы керек:
- қоршаған орта компоненттері күйінің сандық көрсеткіштерін алу;
- ластаушы заттарды тастаумен ықпалымен қалыптасқан қоршаған орта
компоненттерінің барлық өзгерістерін анықтау;
- арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу.
Көлемінен тәуелді рәсімделетін өндірістік мониторинг мәліметтер құрауы
тиіс:
1. қоршаған орта компоненттері күйін режимдік байқау нәтижелеріне сәйкес
жиналған және өңделген фондтық мәліметтерді талдауын және жалпылауын;
2. қоршаған ортаға мекеменің тастауының әсерін жалпылай бағалаудан. Ол
төмендегіден тұрады:
- стационарлы және қозғалмалы көздер тастандылары нәтижесінде
атмосфералық ауа ластануын бағалаудан;
- сұйық және қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін бағалаудан;
- ластаушы заттардың тастандылары әсерімен топырақ және өсімдік
жамылғысына әсер сипаттамасынан және топырақ және өсімдік
қоғамдастықтары(олардың деградациясы) қасиеттерінің өзгеруінен;
- топырақ пен өсімдіктердің химиялық ластану деңгейінен;
- мекеменің санитарлық-қорғау зонасы өлшемінің жеткіліктілігін
бағалаудан;
- ластануға сезімтал және ұшыраған табиғи кешендерді бағалаудан;
- қоршаған ортаның күйін байқау кезеңділігі және бақыланатын параметрлер
Мемлекеттік Салалық Стандартқа, ШРТ, ШРШ жобаларының талаптарына және
қалдықтарды орналастыру нормативтеріне сәйкес келу керек [7].

3 Қоныс жӘне Бектас кен орнында Өндірістік мониторингті жүргізу

3.1 Байқау жүйесі

Қоныс және Бектас кен орнында табиғи компоненттердің бүгінгі таңдағы
күйін бағалаудың негізі қоршаған ортаға табиғат пайдаланушылардың
шаруашылық іс-әрекетінің ықпалын максималды мүмкіндікпен есепке алумен
жоспарланатын табиғи байқаулар болып табылады.
2004 жылдың вегетациялық кезеңіндегі қоршаған ортаның өндірістік
мониторингі үнемі байқауларды ұйымдастыруға бағытталған. Мониторингтің
бастапқы сатысы жүйелік табиғи байқауларды ұйымдастыру, жинақтау,
консервация, сынаманы сақтау және транспортировка, материалды камералды
және аналитикалық өңдеу болып табылады [6].
Қоныс және Бектас кен орны аумағында су, жер беттік байқау, радиациялық
фон, атмосфералық ауаны байқау посттарының мониторингті станциялары
белгіленген.
Композиционды түрде станциялар кен орны ауданы бойынша ластаушы
антропогенді көздер мен табиғи факторлардың орналасу спецификасы мен
ықпалын есепке алумен таралған. Негізінен бұл мұнай өнімдерін қыздыру
пештері, ілеспе газды жағу факелдері, қалдықтарды сақтау пункттері. Табиғи
фактторлардан табиғи қауымдастықтардың бұзылуын, станцияларда топырақтың
тыңайған учәскелерінің басымдығы, жануарлардың моделді түрлерінің, өсімдік
қауымдастықтарының болуы және т.б. есепке алынды. Қалған станциялар
санитарлы-қорғау зонасының шегінде жинақталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаның ластануына себепші зиянды заттар
Мұнайгаз кен орындарын игеру гидросфера
Қарашығанақ мұнай - газ кен орнының атмоcфералық ауа жағдайы
Теңізшевройл және қоршаған орта
Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізу
Оңтүстік Маңғышлақ бөлігінің геологиясы мен мұнайгаздылығы және шығыс Аққар кенорнында іздеу жұмыстары жобасын жасау
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қоршаған орта жағдайының мониторингі
Қоршаған орта жағдайын бақылау және мониторинг жайлы жалпы түсінік
Еңбекті қорғауды қаржыландыру
Пәндер