Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Бәсеке туралы
2.Бісекенің түрлері
3.Монополия түсінігі
4.Монополияның түрлері
ІІІ.Қорытынды
Бәсеке— ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы,қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Бәсеке -- ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы,қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Бәсеке ережелері
Бәсеке ережелері - шектейтін іскерлік пратиканы бақылау және бәсекені қорғау жөніндегі келісілген халықаралық нормалар. Келісу халықаралық ұйымдар: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тарифтер мен сауда туралы бас келісім, БҰҰ, Европалық Кеңес шеңберінде жүргізіледі. Халықаралық ұйым мәртебесіне және оның шешімдерінің мүше елдер үшін міндеттілік дәрежесіне қарай ережелердің сипаты мен тұжырымдалуы алуан түрлі. Бір реттерде олар ұсынушылық сипатта болады, екінші бір реттерде олар - міндетті түрде сақталуға тиіс халықаралық шарттардың баптары.

БӘСЕКЕНІҢ ТҮРЛЕРІ
1.Салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.
2.Ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес.
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары
* қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
* тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы;
* тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
* өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
Кемшіліктері
* ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
* қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
* ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
* фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
* еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
* әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: сатушы-сатып алушы, т.б. Осы қатынас өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныстың түрін алады.Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа - азырақ алады;
ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі.
Бәсекелік күрестің әдітемелерін 3-ке жіктейміз.
1.Баға бәсекесі.Өндіріс шығындарын азайтып,ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес.
2.Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану.Қаржылық қулық-сұмдықтар,құнды қағаздармен алып-сатарлық жасау өнеркәсіптік тыңшылық,мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау,бәсекелестің көзін жою.
3.Бағадан тыс бәсеке.Тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктердің берілуі,субститут-тауарлардың құрылуы,сатудан кейінгі техникалық қызмет,жарнама.
Монополия (гр. monоs - жалғыз және poleo - сатамын) - бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монополия бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монополия өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған;
бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі;
монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін.
Монопсония (ағылшынша monopsony - азық-түлікті жеке-дара сатып алу) - белгілі бір игілікті (тауарды не көрсетілетін қызметті) бірден-бір ықтимал сатып алушы болып табылатын фирма (кәсіпорын, ұйым, т.б.), осы игілікке деген сұранысты толық бақылауында ұстайтын нарықтық құрылым тұрпаты. "Монопсония" ұғымы "монополия" ұғымымен мәндес, тармақтас. "Монопсониялық билік" - сатып алушы-фирманың тауар бағасына ықпал ете алуы. Мысалы, өз рыногінде Монопсониялық билік жүргізетін ірі кәсіпорын ұсақ тұтынушылардың төлеуіне тура келетін бағадан анағұрлым төмен бағаға қол жеткізе алады. Шын мәнінде монополиялық билік бағаны тауардың шекті құны деңгейіне жақындаттырса, Монопсониялық билік бағаны осы тауарды өндіруге жұмсалған шекті шығын деңгейіне дейін түсіртеді.
Олигополия (гр. olіgos - аздаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау
Бәсекенің түрлері
Бәсеке және монополия
Баға бәсекесі
Монополиялық бәсеке туралы
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Монополия және монополиялық билік туралы
Монополиялық бәсеке
Пәндер