Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері


Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:
- Интеллектулдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
- Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
- Ғылым, әдебиет, және өмір туындылары;
- Орындау, фонограмма және хабар таратуды ұйымдастыру;
- Өнертабыс, пайдалы үлгілір, өндірістік үлгілер;
- Селекциялық жетістіктер;
- Интегралдық микросызба топологиялар;
- Ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары.
Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе ұызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына;
1. фирмалық атаулар;
2. тауарлық белгілер(қызмет көосету белгілері) ;
3. тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары
4. Азаматтық Кодексте және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысущылардың құралдары жатады.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінен туындайды(962 бап) . Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады. Интеллектуалдық шығармашылық меншік объектісін оның иесінің өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Егер Азаматтық Кодексте немесе өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншік объектісінің айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа дамға беруі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның-құқық иеінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде ауысады.
Интеллектуалдық меншік объектілерінің құқытық режимімен түрлері
Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарап (лицензиар) екінші тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтің өзге де нәтижесін жасау және өзінің жұмыс берушісі болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын берге өзіне міндеттеме алуы мүмкін. 967-ші баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтін жасалуға тиісті нәтижесінің сипатын, сондай-ақ оны пайдаланудың мақсаттарын не әдістерін белгілеуге тиіс. Шарттың белгілі бір түрдегі не белгілі бір саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелерін жасауға автордың құқығын шектейтін талаптары жарамсыз болады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетілген материалдық объектіге меншік құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады. Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық Азаматтық Кодексет немесе өзге де заң актілерінде көзделген мерзім ішінде қолданылады. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды. Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т. б. ) және мүліктік (басу, жалға беру, т. б. ) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі. Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады. Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді. Интеллектуалдық меншік дегеніміз - шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады. Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны «айрықша құқық» деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді. Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады. Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды. Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т. б. ) туындыларға беріледі. Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.
Қорытынды
Сонымен қорыта келе, жалпылай жинақтық ұғым деп қарауға болады:заңды және жеке тұлғаның интеллектуалды қызметінің арқасындағы нәтижесі, орындауды қажет ететін жеке өнім. Интеллектуалдық меншікті материалдық емес игілік деп қарастыруға болады. Осындай материалдық емес игілік заңды тұлғалар мен адамдардың интеллектуалды қызметінің нәтижесі. Алайда, интеллектуалды меншік бір жеке меншіктен екінші біреуіне құрылмай тұрып та ауысуы мүмкін. Қалай болғанмен интеллектуалды меншік-жеке құқық, мемлекеттік басқару, мемлекетаралық келісім әдісін, халықаралық құқықты да енгізуге болады.
Интеллектуалды меншік-бұл “меншік”, бірақ әлемнің көпшілік жерлерінде жалпы жеке меншік заңдылығынан да тыс қаралады, авторлық құқық, патенттік және басқа да интеллектуалды меншік түрлеріне көп ден қойылды.
Интеллектуалды меншік құқығын қорғау-аймақтақ қорғауға жатады, яғни ұорғау тек сол мемлекет аясында ғана жүргізіледі., сұраныс пен талап сол мемлекетте ғана іске асады.
Әдеби шығармашылық немесе өнертабыс сол мемлекеттің заңымен қорғалады, басқа мемлекет қорғауына енбейді. Ал басқа мемлекеттің қорғауын талап етсе, халықаралық келісім қажет болады. Халықаралық интеллектуалды, мәдени және сауда келісімдерінің кеңейуіне байланысты, XIX ғ 80 жылдары көп қырлы Париж конвенциясы 1883 ж “Өндірістік меншікті қорғау” және 1886 ж. Берн конвенциясы яғни, “Әдеби және көокем шығармаларды қорғау”туралы реформалар жасалды.
Кіріспе
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz