Android ОЖ



Кіріспе
1. ANDROID ОЖ
1.1. Android OЖ жұмыс істеу принципі мен Android қосымшалары
1.2 Android қосымшасының компоненттері
1.3. Android операциялық жүйесінің архитектурасы
2. ANDROID ҚОСЫМШАЛАРЫ
2.1. Электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша.
2.2. Құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар.
2.3.Оперативті байланыс құратын бағдараламар
2.4.Толық қолжетімділік орнататын қосымшалар
3. ANDROID ҚОСЫШАЛАРЫН ҚҰРУ
3.1 Android платформасына қосымша әзірлеу және әзірлеу құрал.саймандары
3.2.Eclipse IDE және Java бағдарламаларын орнату
3.3 Android Development Tools орнату және баптау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Қазіргі таңда мобильді құрылғыларға арналған, көпшілікке мәлім операциялық жүйелердің бірі Google компаниясының өнімі Android ОЖ болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты Android ОЖ-ның қосымшаларын зерттеу.
Android ОЖ қосымшаларын бірнеше компонентері және өзіндік архитектурасы бар. Қосымшаларды электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша, құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар, оперативті байланыс құратын бағдараламар, толық қолжетімділік орнататын қосымшалар сияқты түрлерге бөліп қарастыруға болады.
Android платформасына қосымша әзірлеу үшін әр-түрлі құрал-саймандар пайдаланылады.
Android SDK құрылғысы қосымшаның өзінде жүзеге асырылатын болады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:
- Android ОЖ-не арналған қосымшаны әзірлеудің ерекшеліктері мен құрал-жабдықтарын, оның архиткетурасын зерттеу;
- Қолданушының интерфейсін жасау;
- Жасалған қосымшаны тестілеуден өткізу;
1. Google Android программирование для мобильных устройств (Голощапов А.Л., 2011, BHV Санкт-Петербург)
2. Разработка приложений для Android (С. Хашими, С. Коматинени, Д. Маклинr, 2011)
3. Android 2. Программирование приложений для планшетных компьютеров и смартфонов (Рето Майер, Эксмо, 2011)
4. Больше книг об Android - http://4pda.ru/forum/index.php?showtopic=159318
5. Блог посвященный Android - http://android-zone.info
Блог разработчика Android - http://androidengineer.ru/

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
2
1. ANDROID ОЖ

1.1. Android OЖ жұмыс істеу принципі мен Android қосымшалары
3
1.2 Android қосымшасының компоненттері
3
1.3. Android операциялық жүйесінің архитектурасы
6
2. ANDROID ҚОСЫМШАЛАРЫ

2.1. Электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша.
10
2.2. Құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар.
10
2.3.Оперативті байланыс құратын бағдараламар
12
2.4.Толық қолжетімділік орнататын қосымшалар
13
3. ANDROID ҚОСЫШАЛАРЫН ҚҰРУ

3.1 Android платформасына қосымша әзірлеу және әзірлеу құрал-саймандары
15
3.2.Eclipse IDE және Java бағдарламаларын орнату
16
3.3 Android Development Tools орнату және баптау
18
ҚОРЫТЫНДЫ
20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
21
ҚОСЫМША
22

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда мобильді құрылғыларға арналған, көпшілікке мәлім операциялық жүйелердің бірі Google компаниясының өнімі Android ОЖ болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты Android ОЖ-ның қосымшаларын зерттеу.
Android ОЖ қосымшаларын бірнеше компонентері және өзіндік архитектурасы бар. Қосымшаларды электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша, құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар, оперативті байланыс құратын бағдараламар, толық қолжетімділік орнататын қосымшалар сияқты түрлерге бөліп қарастыруға болады.
Android платформасына қосымша әзірлеу үшін әр-түрлі құрал-саймандар пайдаланылады.
Android SDK құрылғысы қосымшаның өзінде жүзеге асырылатын болады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:
- Android ОЖ-не арналған қосымшаны әзірлеудің ерекшеліктері мен құрал-жабдықтарын, оның архиткетурасын зерттеу;
- Қолданушының интерфейсін жасау;
- Жасалған қосымшаны тестілеуден өткізу;

1. ANDROID OЖ

1.1 Android OЖ жұмыс істеу принципі мен Android қосымшалары

Android - ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросына негізделген және мобильді телефондарға, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға және басқа да құрылғыларғы арнап жасалынған
Android деңгейлері:
1. Ядро - ең төменгі деңгейі (Linux деңгейі);
2. Кітапханалар және орындау ортасы;
3. Қосымшалардың ортасы (Сыртқы схемасы);
4. Қосымшалар - ең жоғарғы (Программалық деңгейі).
Android операциялық жүйесіне қосымшаларды жазу негізінде Java-ны қолданумен іске асады. Компилиацияланған бағдарламлық код (барлық ресурстық файлдар мен керекті информациялармен бірге ) арнайы архив-файлға Android Package-ге жинақталады. Бұл файлдың кеңейтілуі *.apk және ол aapt tool арнайы көмекшісімен жинақталады. Дәл сол файл кейінірек программа ретінде таралады және мобильдік құрылғыларға инсталлияцаланады. Бір сондай бір файл бір бағдарлама кодымен байланысқан. Әдетте, әрбір бағдарлама өзінің жеке процесінде орындалады, оны Linux ядросы басқарып отырады, сонымен қатар жады менеджменті қызметін атқарады. Қосымшаның коды көбінесе барлық өзге қосымшалардан оңаша орындалады.Қандайда бір программалық кодты орындау қажет болғанда Android процесті бастайды және оның қажеті болмай қалған кезде процесті аяқтайды және осы уақтытта басқа қосымшалар жүйе ресурстарын талап етеді. Әдетте, әрбір бағдарламаға өзіне тиісті уникалды ID Linux-қолданушысы болады. Бағдарлама файлдары тек қана сол қолданушыға ғана және сол бағдарламаға көрінетіндей қолжетімділік құқығы орнатылған. Бірақ, басқа бағдарламаларға экспорттайтын тәсілдер бар. Мысалы, ID құқығын екі бағдарлама арасында бөлу тәсілі бар. Бұл жағдайда олар бір-бірінің файлын көре алады. Жүйелік ресурстарды үнемдеу үшін ID-і бірдей бағдарламаларды бір Linux-үрдісте жүргізуге болады, бір виртуалды машинаны бөле отырып.

1.2 Android қосымшасының компоненттері

Android операциялық жүйесігің ерекше қыры: бір қосымша өзінің функционалы үшін басқа қосымшаның элементтерін қолдана алады, әрине егер қолжетімділік құқығына ие болса. Мысалы, егер біздің қосымшамызға қозғалмалы суреттердің тізімі керек болса, ал басқа қосымшада жазылып қойылған сәйкес скроллері бар және басқа бағдарламаларға қолжетімді(қолдануға рұқсат) болса, онда оны жай ғана сол функцияны орындау үшін шақыруға болады,- жаңа қосымша үшін жазып отырудың қажеті жоқ. Сонымен қоса біздің қосымшамыздың коды басқа қосымша кодымен араласпайды және компиляцияланбайды. Қажет болған жағдайда, басқа файлдың бірнеше бөлігін ғана іске қосады.Мұндай жұмыс жасау принципі қамтамасыз етілуі үшін, жүйе үрдісті оның кез-келген бір бөлігі керек жағдайда іске қосып және дәл сол бөлік үшін java-объекттердің экземплярын жасау керек. Сондықтан Android қосымшасы, басқа көптеген жүйелерде қалыптасқандай біртұтас кіру нүктесінен тұрмайды. Оның орнына олардың кодтары өз алдына бөлек бүтін компоненттер мен бөліктердің жиыны болып келеді, ал жүйе қажеттілігіне қарай олардың экземплярларын жасап, қолдана алады.
Мұндай бөлік-компоненттердің төрт түрін бөліп көрсетуге болады. Әр қайсысын бөлек-бөлек қарастырайық:
Activities өз алдына бір үрдіс үшін қолданушы орындай алатын сыртқы қолданушы интерфейсін ұсынады. Егер жай тілмен айтсақ, бұл жай ғана белсенділіктің бірлігі болып табылатын соңғы бір экран немесе қолданушының әрекетіне қарай өзгеріп отыратын кадр. Ары қарай да activity терминін аудармасыз қолданамыз, жалпы есім ретінде. Сөзбе-сөз аудармасы белсенділік немесе әрекет, компоненттің мағынасын тура ашады.
Мысалы, activity менюдің батырмалар тізімін көрсетуі мүмкін, қолданушы ішінен біреуін таңдауы үшін немесе суреттерді атауларымен бірге көрсетуі мүмкін. Немесе басқа мысал - қосымша жылдам хабарлама алмасу үшін контакттар тізімін көрсету үшін бір activity қолдануы мүмкін, басқасы - таңдалған контакта хабарлама құру үшін, үшіншісі - хабарламалар тізімін көру үшін немесе күйге келтіру үшін және т.б.
Бір қосымша үшін барлық activity-лер бірге жұмыс істейді және қолданушы үшін бір бүтін интерфейс құрайды, бірақ олар өзара бір біріне тәуелсіз. Олардың әрқайсысы жаңа терезенің құрылуымен қамтамасыз ететін Activity базалық класының класс тармағы сияқты жүзеге асырылған, оған қоса бағдарламашы визуалды интерфейс қоса алады.
Қосымша бір ғана activity-ден тұруы мүмкін немесе жоғарыда мысалда көрсетілген мессенджер сияқты бірнешеуінен тұрады. Activity саны қанша болады және қандай болатыны қосымшаның мақстаты мен оның дизайнына байланысты. Әдетте, activity-дің біреуі бірінші болып белгіленеді де, қосымшаны қосқанда бірінші болып сол шығатын болады. Бір activity басқасын іске қоса алады. Сонда, бір activitу-ден келесісіне өту алдыңғы activity-дің келесісін шақырғанда орындалады.
Әдетте, әрбір activity бір терезені ұсынады. Терезе толық экранды түрде тұрғызылады, бірақ ол барлық экранды алмауы да мүмкін және басқа терезелер үстінде де тұра алады. Activity сонымен қатар қосымша терезе жасауы мүмкін - мысалы, activity-мен жұмыс жасау процесінде кенеттен шығатын диалогтық терезе немесе қандай да бір маңызды опцияны таңдау кезінде мәлімет беретін терезе.
Терезенің визуальное мазмұны,визуальных компоненттердің иерархиясының - нысандардың, туынды View негіздік класынан құралады. Әрбір компонент тек терезе ішіндегі тікбұрышты кеңістікті ұсынады. Аталық компоненттер құрамында кішігірім компоненттер бар және аталық компоненттер олардың орналасуын ұйымдастырады. Компоненттер иерархиясын ағаш ретінде қарастыруға болады, ең төменгі бөлікте орналасқан элементтер (жапырақтар), кішірек бөліктері болмағандықтан тіктөртбұрышты облыс құрып, қолданушының осы облыстағы әрекетін күтеді. Осылай қолданушымен интерактивтік байланыс орнайды. Мысалы, ондай үрдіс экранда кішкентай иконка түрінде тұруы мүмкін және қолданушы оны басқанда қандай да бір әрекет орындалады. Android операциялық жүйесінде дайын визуалдық компонеттер жиыны бар, олар құрастырушылар үшін қолдануға қолжетімді. Жиынның құрамына түймелер (кнопка), тексттік облыстар, жылжыту жолдары, меню, ауыстыру жалаушалары және т.б.
Терезеге мұндай иерархия орнату үшін Activity.setContentView() әдісін шақыру қажет. Әдістің параметрі болып View классының экземпляры болып табылады, ол иерархия түбінде орналасады.
Services (сервистер) фондық режимде жұмыс істейтін компоненттерді ұсынады. Ол, әдетте, ұзақ операциялар немесе қиын процесстердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуілуі үшін қажетті, бірақ жалпы жағдайда бұл жай ғана қосымша фокуста емес кезде функционалданатын режим. Үрдіске мысал ретінде музканы тыңдау бола алады, яғни қолданушы басқа нәрсе істеп жатқанда соңғы қосымшаны тоқтатпай, мәліметтер алмасуын айта аламыз. Сервис өз алдына ешқандай қолданушы интерфейсін ұсынбайды, яғни қолданушымен байланыспаған, тек қосылады, басқарылады және басқа компоненттермен байланысқан, мысалы, activity. Тағы жүйемен бірге қосыла алады.
Content providers. Бұл компонент қосымша басқа қосымшаға беретін деректер қорын басқарады. Бұл деректер қоры қосымша қолжеткізе алатын файлдық жүйеде, SQLite деректер қорында, желіде, немесе басқа кез-келген тұрақты жерде сақталуы мүмкін. Сontent provider арқасында басқа қосымша мәліметтер сұрай алады, қолжетімділік құқығы бар жағдайда өзгерте де алады. Мысалы, Android жүйесі қолданушы контакттары жайлы мәліметін өзгертетін content provider құрамында бар. Ол кез-келген қосымшаға, қажетті тиісті құқықтары бар, нақты адам жайлы информация жаза алады, оқып және өзгерту үшін компонент құрамын шақыра алады.
Жалпы жағдайда бағдарламамен қолданылатын және басқаларға жабық мәліметтерді content provider арқылы оқып, жазу үшін қолдана аламыз. Мысалы, NotePad қосымшасы мұндай компонентті жазбаларды сақтау үшін қолданады.
Бұл компонент ContentProvider подклассы ретінде жазылған. Және, басқа қосымшалар мәліметтермен операция жасау үшін оларға стандартты API жиынын орнату керек.
Broadcast receivers. Бұл компонент жалпы-жүйелік хабарламаларды тарату, бақылау және әрекетке реакция беруге жауап береді. Көптеген хабарламалар жүйеден келеді, мысалы, батарея заряды аз екендігі немесе экран өшірулі екендігі жайлы хабарламалар. Қосымшалар сонымен қоса мынадай хабарлар жіберуі мүмкін, мысалы, информация құрылғыға жүктелгендігі жайлы және қолдануға дайын екендігі жайлы мәліметтер. Сервистер сияқты, broadcast receivers ешқандай қолданушы интерфейсін ұсынбайды, бірақ ол күй жолында хабарламалар жазуы мүмкін, қолданушыны қандай-да бір жағдай болғандығы жайлы ескерту үшін. Бірақ жиі broadcast receivers минималды жұмыс көлемін орындау үшін басқа компоненттермен әрекеттеседі. Осылай ол қандай-да бір әрекетке байланысты сервистерді жұмысқа қоса алады.

1.3. Android операциялық жүйесінің архитектурасы

1-сурет. Android ОЖ негізгі компоненттері

Егер Android компоненттік моделін иерархия түрінде келтіретін болсақ, ең астында, фундаментальды және базалық құрастырушы ретінде операциялық жүйенің ядросы орналасады. Жиі компоненттік модель ретінде тағы бағдарламалық стек деп атайды. Шынында да, бұл анықтама мұнда үйлесімді, себебі әңгіме бірге қорытынды нәтиже алуға бағытталған бағдарламалық өнімдер жиыны жайлы болмақ. Үрдістер бұл моделде кезектесе орындалады және иерархия дәрежелері де кезектесе отырып өзара бір-бірімен байланысады.
Белгілі болғандай, Android - Linux ОЖ бірнеше кесілген ядросына негізделген және сондықтан бұл деңгейде біз оны көре аламыз (2.6.х версия). Ол жүйенің функционалдануын қамтамасыз етеді және қауіпсіздік, жадымен басқару, энергожүйе мен процесстерге жауап береді, сондай-ақ желілік стекті ұсынады және драйверлер моделін. Ядро сонымен қатар абстракциялық деңгей ретінде құрылғылық қамтамасыз ету мен бағдарламалық стек арасында жұмыс атқарады.
Ядродан жоғарырақ , бағдарламалық қамтамасыз етуші ретінде аралық қабат, кітапханалар(Libraries) жиыны жатыр, қосымша үшін маңызды базалық функционалды қамтамасыз етуге арналған. Яғни дәл осы деңгей дайын алгоритмдерді жоғарыда орналасқан деңгейлерге жеткізіп отыруға жауап береді, файлдық форматтарды қолдау, кодтауды жүзеге асыру және мәліметтерді декодтау (мысал ретінде мультимедиялық кодектерді алсақ болады), графиктерді сорттау және т.б. CC++ тілінде дайын кітапханалар және арнайы құрылғылық қамтамасыз етуге жазылған көптеген кітапханалар да қолданылады.
Бірнешеуін қарастырайық:
Surface Manager - Android ОЖ-де композитті терезелер менеджері қолданылады, Compiz (Linux) сияқты, біақ біраз қарапайымдалған. Графиканы сорттау орындау кезінде тікелей дисплей буферіне жіберудің орнына, жүйе келіп жатқан сорттау командаларын кадрленген буферге жібереді, онда олар басқаларымен бірге жинақтала береді, қандайда бір композицияны құрып, кейін қолданушыға экранға шығарылады. Бұл жүйеге қызықты эффекттер құруға мүмкіндік береді, терезелердің мөлдірлігі мен бірқалыпты ауысуына.
Media Framework - PacketVideo OpenCORE базасында құрылған дайын кітапхана. Оның көмегімен жүйе аудио және видео контенттерді жазу мен ойнату мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ статикалық суреттерді шығара алады. Көптеген танымал форматтар қоланылады, тағы да MPEG4, H.264, MP3, AAC, AMR, JPG және PNG.
SQLite - жеңіл және өнімді релятивті ДҚБЖ, Android-та деректер қорымен жұмыстың негізгі қозғалтқышы ретінде қолданылады, қосымшалармен деректерді сақтау үшін қолданылады.
3D кітапханалар - жоғары оптималданған сорттау кезінде қолданылады. 3D графиктер, мүмкін жағдайда құрылғылық жылдамдықты қолданады. Олардың орындалуы API OpenGL ES 1.0. негізінде тұрғызылады.
OpenGL ES (OpenGL for Embedded Systems) - OpenGL графикалық бағдарламалық интерфейстік жиынша, орнатылған жүйелерде жұмыс істеуге арналған.
FreeType - Биттік карталармен жұмыс жасауға арналған кітапхана, сондай-ақ шрифттердің расстеризациясы мен олармен операция жүргізуге. Бұл жоғары деңгейдегі шрифттер мен текстті көрсету үшін арналған қозғалтқыш.
LibWebCore - танымал әрі жылдам WebKit браузерлік қозғалтқыштың кітапханасы, сонымен қатар Google Chrome мен Apple Safari сияқты десктоптық браузерлерде қолданылады.
SGL (Skia Graphics Engine) - 2D-графикамен жұмыс жасауға арналған ашық қозғалтқыш. Графикалық кітапхана Google компаниясының продукты болып табылады және жиі өздерінің бағдарламаларында қолданылады. SSL - аттас криптографиялық протоколды қолдау үшін арналған кітапхана.
Libc - C тілінің стандартты кітапханасы, анығырақ оның BSD реализациясының, Linux базасында жұмыс жасауға арналған. Bionic атауын көтеріп жүр.
Дәл сондай деңгейде Android Runtime орналасқан - жұмыс жасау ортасы. Оның ерекшелігі оның құрамындағы ядроның кітапханалар жиыны мен Dalvik виртуалды машинасы болды. Кітапханалар көп бөлігін төмен деңгейдегі Java тілінің ядро кітапханаларына қолжетімді функционалдықты қамтамасыз етеді.
Бұл деңгейде тағы да орналасқан Android Runtime - орындау облысы. Оның арнайы құраушысы - ядро кітапханалары мен Dalvik виртуалды машинасы болып табылады. Кітапханалар көп жағдайда , Java тілі ядро кітапхасында орналасқан төмен деңгейдегі функционалдықты қамтамасыз етеді.
Android ОЖ-де әрбір қосымша Dalvik виртуалды машинасында өзіне тән экземплярда орындалады. Осылай арқылы, барлық қосылған процесстер бір-бірінен және операциялық жүйеден босатылған. Сонымен қатар, жалпы Android Runtime архитектурасы мынадай: қосымшаның жұмыс істеуі виртуалды машинаның қоршауында іске асады. Соның арқасында операциялық жүйенің ядросын басқа құраушыларының тарапынан мүмкін болатын қауіптерден қорғайды. Сондықтан қатесі бар код та, қауіпті бағдарлама да іске қосылғанда Android және оның базасындағы құрылғыларын құрта алмайды, мұндай қорғау функциясы Android Runtime-нің негізгі қасиеті болып табылады. Бір деңгей жоғары Application Framework орналасқан, кейде бағдарламалар тірегі деп те аталады. Дәл осы бағдарламар тірегі арқылы құрастырушылар жүйенің компоненті болып табылатын төменірек деңгейде орналасқан API қолжеткізе алады. Сонымен қоса Framework архитектурасы арқасында кез-келген қосымшаға басқа бағдарламарда дайын, рұқсат етілген мүмкіндіктерді пайдалану қамтамасыз етіледі.
Осылайша, Application Framework арқасында, Android ОЖ-дегі бағдарламалар өздеріне қосымша функционалдар қосады, кейін бағдарлама мен жүйе компоненттерінің көп ретті қолдану принципі орнайды. Әрине, қауіпсіздік саясаты негізінде орнайды.
Ескере кететін жағдай, Framework тек қана өзі үшін жазылған кодты орындайды, кітапханалардан ерекшелігі, олар өздігінен орындалады. Тағы да бір ерекшелігі Framework өзінің құрамында үлкен көлемдегі әртүрлі функционалды, әртүрлі міндетті кітапханаларды қосқан, ал кітапханалар логикалық жакын функциялар жиынынан тұрады.
Android бағдарламалық стегінің шыңында бағдарламалар (Applications) деңгейі жатыр. Бұған Android ОЖ орнатылған базалық бағдарламалар жиыны жатады. Мысалы, оған жататын браузер, почталық клиент, SMS жіберуші бағдарлама, карта, күнтізбе, кантакттар менеджері және т.б. Басқа бағдарламалар тізімі құрылғының моделі мен Android нұсқасына карай өзгеріп отырады. Тағы да бағдарламалардың базалық жиынына Android платформасына жататын барлық бағдарламалар жатады, сонымен қатар қолданушымен орнатылған бағдарламалар да. Android-қа қосымшалар Java тілінде жазылады деп есептеледі, бірақ ескере кететін жай, қосымшаларды CC++ тілінде де құрастыруға болады (Native Development Kit көмегімен ), және Basic-те (Simple көмегімен) және басқа тілдерді қолдану көмегімен. Сондай-ақ өзіңнің жеке бағдарламаңды конструкторлар арқылы да құрастыруға болады, мысалы App Inventor, бір сөзбен, мүмкіндіктер көп.
Android ОЖ қосымшаның ядросында қолданылатын API-ді толығымен қолдануға мүмкіндік береді.
Барлық қосымшалардың негізі жүйе мен қызмет жинағы болып табылады.
Контент-провайдерлер (Content Providers) - мәлеметтерді басқаушылар, бұл бағдарламалар - басқа бағдарламарға өз жұмысына қолдануына мүмкіндік беру үшін ашып береді.
Ресурстар менеджері(Resource Manager) - функционалдықсыз (кодсыз) ресурстарға қолжетімдікті қамтамасыз етеді, мысалы, жолдық мәліметтерге, графикаларға, файлдар мен т.б.
Хабарлама менеджері (Notification Manager) - кез келген қосымшаға қолданушы хабарламасын статус қатарында көрсетуге мүмкіндік береді.
Әрекеттер менеджері (Activity Manager), - бағдарламаның өмірлік циклін басқарады, әрекеттерді тіркеп, сол жайлы мәліметтерді сақтайды, сондай-ақ навигация жүйесін ұсынады.
Орналасу менеджері (Location Manager), - бағдарламаларға периодты түрде құрылғының географиялық орналасуы жайлы соңғы жаңартылған мәліметтер беріп отырады.

2. ANDROID ҚОСЫМШАЛАРЫ

2.1. Электронды мәліметтерді алмастыратын қосымша.

Электрондық құжат айналымының жүйесі әлі бастапқы кезеңде болады және өзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетпеген, ал оны мобильдық құрылғылар жүйесінде қолдану жуырда ғана басталды, сондықтан осы уақытта бірыңғай бағдарламалар жоқ, еш болмаса өзіне барлық құжат айналымын біріктіре алатын, мысалы:
1. Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас;
2. Жалпы файлдық серверді қолдану;
3. Мәліметтер қорларының лезде жаңаруы және т.б.
Электронды мәліметтерді мобильдық құрылғыларды пайдалана отырып алмасу жұмысын нәтижелі жүзеге асыру үшін бірнеше бағдарлама категориясын белгілеп көрсете аламыз:
1. Құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар - мұнда заманауи форматта оқитын бағдарламалар кіреді (DOC, DOCX, TXT, XLS, XLSX, CSV, PPT, PPTX, PPS, PPSX, PDF);
2. Оперативтық байланысты орнатуға арналған бағдарламалар (жылдам хабарлама, аудио және видео-конференциясы, файлдарды беру);
3. Толық қол жетімділік жойылған бағдарламалар, оның арқасында мобильдық құрылғылардан интернетке қосылған ДК-дің бар мүмкіндігін колдана аламыз.
Бірнешеуін қарастырып көрейік, сонымен қатар электрондық құжат айналымындағы барлық қарастырылған қырлары мобильдық қосымшада қандай болу керектігін ойланайық.

2.2. Құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар.

Қазіргі таңда құжаттармен жұмыс жасауға арналған бағдарламалардың ең жетілдірілген түрі OfficeSuite Pro бағдарламасы болып табылады, оны MobiSystems компаниясы құрастырған, ол мобильдық операцириондық жүйелердің барлық түрлеріне құрастырады.

2-сурет. OfficeSuite бағдарламасы.

OfficeSuite Viewer Android документтерін қарауға арналған ең тиімді толық бағдарлама, ол мынадай форматтарды аша алады: DOC, DOCX, TXT, XLS, XLSX, CSV, PPT, PPTX, PPS, PPSX және PDF.
Электрондық құжат айналымы әр түрлі мәліметтер қорымен орындалады, оған мысал ретінде AndSGLite мен SQWLite Editor бағдарламаларын қарастыруға болады. Осы бағдарламалар SQl МҚ(мәліметтер қорында) редакциялауға мүмкіндік береді, дегенмен осы кезеңде жойылған МҚ-на қосылуға болмайды.

3-сурет. SGLite Editor бағдарламасы

Мәліметтер базасына толық қолжетімділік орнату үшін MySQL Connector қосымшасы бар, бірақ Android құрылғылар этабы үшін бұл қосымша толықтыру процесінде.
Соңында айтарымыз бұл этапта мәліметтер базасын жаңарту үшін - телефоннан жаңартылған мәліметтер қорын алып, оған қолмен серверге информацияны енгізіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Android телефондарға арналған алғашқы интерфейс
Қазақ әліпбиінің тарихи кезеңдері
Құрылғы пішін факторлары
Linux ядросының алғашқы нұсқасы
WEB-порталдың мобильді қосымшасын құру
IOS және Android мобильді операциялық жүйелерін салыстыру
Жаңалықтар мобильді қосымшасы
Операциялық жүйелер тарихы
Андроид жүйесіне негізделген мобильді қосымша құру
Android OS жұмыс істеу принципі және Android OS қосымша құру
Пәндер