Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.Кәсіпкерліктің тарихы, түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1.Кәсіпкерліктің тарихы, мәні, маңызы, ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Кәсіпкерліктің экономикадағы орны ... ...16
1.3.Кәсіпкерлік қызмет түрлері ... ... ... ..18
ІІ.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруын талдау.
2.1.Қазақстандағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруын талдау ... ..22
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі дамуының статистикалық мәліметтерін талдау ... ... ... ... ... ...25
ІІІ.Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту ерекшеліктері.
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты
3.2.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары ... ... 32
3.3.Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Қорытынды ... ... ... ... ... 41
Әдебиеттер тізімі

Кәсіпкерлік адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара - пар ұғым ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз. Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. «Кәсіпкер» ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады. Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді. Әрине, бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.
Осы тақырыптың өзектілігі - біздің еліміздегі кәсіпкерліктің даму тарихынан бастау алып бүгінгі к.нге дейін дамуын зерттеу.. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынастары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.
Курстық жұмысты жаза отырып мына мақсаттарды көздеймін:
-Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму тарихын зерттеу;
-Кәсіпкерліктің түрлері мен қызметтерін аңықтау;
-Кәсіпкерліктің Қазақстандағы саясаты мен перспективаларын аңықтау;
-Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті шетел мемлекеттерімен салыстыру.

1. [1][2][3][4][5] - мәліметтері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті сайты
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 2016ж
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы халқына жолдауы
4. Ө.Қ.Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов,Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин «Жалпы Экономикалық теория».
5. А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы:Экономика, 2013ж.
6. Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы / Ү. А. Аманбаев. - Алматы : Бастау, 2012.
7. С.Б. Мақыш «Коммерциялық банктер операциялары»Алматы: Маркет, 2014ж.
8. Б.К.Мейірбеков «Шағын кәсіпкерлік пенқолдау жолдары мен дамыту әдістері»Алматы, 2010ж.
9. К.Ш.Дүйсенбаева «Кәсіпорынның қаржылықжағдайын талдау» Алматы, 2011ж.
10. Экономика негіздері : лекциялар, есептер мен жаттығулар, тест сұрақтары, ойлану сұрақтары / ; Қазақстан-Британ техникалық ун-ті. - Алматы : Экономика , 2011
11. «Кәсіпкерлік» А.С.Сейдахметов, Қ.Ж.Елшібекова, А.Қ.Ізмаханова «Экономика» баспасы, Алматы 2011
12. Кәсіпкерлік: оқулық / А. С. Сейдахметов, Қ. Ж. Елшібекова, А. Қ. Ізмаханова. - Алматы : Экономика , 2011.
13. Мәдешов «Нарықтық экономика теориясына кіріспе».
14. А.М. Сейтказиева «Инвестиционная деятельностьпредприятия» Алматы, 2012ж.
15. http://sheriazdanov.ucoz.kz/publ/ehkonomika/k_sipkerlik_t_sinigi_zh_ne_t_rleri/3-1-0-404
16. https://kk.wikipedia.org/wiki/Кәсіпкерлік
17. http://flatik.ru/1-tairip-azirgi-ekonomikali-teoriyani-index-9
18. https://stud.kz/referat/show/320
19. https://stud.kz/search/кәсіпкерлік
20. http://bigox.kz/kasipkerliktin-mani-ekonomikalyk-negizi/
21. http://euko.kz/publ/referaty_na_kazakhskom_jazyke/y_negizderi/k_sipkerlik_y_negizderi/21-1-0-405

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы
Курстық жұмыс
Пәні: Кәсіпорын экономикасы
Тақырыбы: Кәсіпкерліктің Қазақстан Республикасында дамуы
Орындаған: Э - 31 тобының студенті
Жакупова А.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, эғм
Таттымбетова К.Т.
Қарағанды
2016 ж.
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Кәсіпкерліктің тарихы, түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1.Кәсіпкерліктің тарихы, мәні, маңызы, ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5
1.2.Кәсіпкерліктің экономикадағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1.3.Кәсіпкерлік қызмет түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІ.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруын талдау.
2.1.Қазақстандағы кәсіпкерліктің ұйымдастыруын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..22
2.2. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі дамуының статистикалық мәліметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ІІІ.Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту ерекшеліктері.
3.1.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
3.2.Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оны дамыту перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.3.Дамыған елдердегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы "Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы". Кәсіпкерлік адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәекелге бас ұрады. Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара - пар ұғым ретінде қарастырылады. Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік немесе басқа да іспен айналысатын кез келген кәсіпорынды негізінде кәсіпкер деп айта аламыз. Кәсіпкерлер деп жаңалық енгізуді жүзеге асыратын жаңа тәсілді қолданатын шаруашылық субъектілерді айтамыз. Кәсіпкер ұғымы кәсіпкерлік іс ұғымымен қатар жүреді. Кәсіпкерлік іс дегеніміз өндіріс, қызмет көрсету, жұмыс орындау сияқты шаруашылық және басқа да істе пайда түсіру мақсатымен жеке адамдардың кәсіпорындар немесе ұйымдардың заң жүзінде жүзеге асыратын ісі. Кәсіпкерлік істің субъектілері жеке адамдарда әріптестердің бірлестігі де бола алады.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке адамдар, жеке немесе жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру арқылы бола алады. Мұндай кәсіпкерлер өз еңбегінің шығынымен ғана шектеледі. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді. Әрине, бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.
Осы тақырыптың өзектілігі - біздің еліміздегі кәсіпкерліктің даму тарихынан бастау алып бүгінгі к.нге дейін дамуын зерттеу.. Ұзақ уақыт бойы елде тауар-ақша қатынастары және оған сәйкес меншік формалары қабылданған жоқ, ал ұлттық экономиканың дамуы әлемдік нарықтан толығымен оқшауланған еді.
Курстық жұмысты жаза отырып мына мақсаттарды көздеймін:
-Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму тарихын зерттеу;
-Кәсіпкерліктің түрлері мен қызметтерін аңықтау;
-Кәсіпкерліктің Қазақстандағы саясаты мен перспективаларын аңықтау;
-Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті шетел мемлекеттерімен салыстыру.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.
Кәсіпкерлік жеке меншік, еркін экономикалық қызмет сияқты қажетті жағдайлар болған кезде күшіне енеді, ол табысты дамиды.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудың барлық алғы шарттары қарқынды жасануда, осы қызмет түрін реттеу және әрі қарай қалыптастыруға бағыттылған заңдар мен басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданды және қызмет етуде. Олар кәсіпкерлікті дамытудың барлық негізгі сұрақтарын қамтуда: шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерді қорғау және қолдау, шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті, шаруа (фермер) шаруашылығын, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.
Ал американдықтар ынтасы зор, шешімді, ұтымды ой пікірлерге бай әрбір адам өз кәсібін бастап, оны дамытуға мүмкіндігі мол мемлекетте тұратындығына қашан да сенімді болған. Іс жүзінде кәсіпкерлікке деген бұл сенім жеке кәсіппен шұғылданатын адамнан бастап ғаламдық конгломератқа дейінгі көптеген көріністерді қамтыды.19-шы ғасырдың екінші жартысында бастау алып, 20-шы ғасырда жалғасуын тапқан бұл тенденция ақыраяғы үлкен өзгеріске және экономикалық әрекеттің күрделенуіне әкелді. Көптеген салаларда шағын кәсіпорындар талғампаз және ауқатты халық қажет ететін тауарларды тиімді өндіруге мүмыкіндік берді қаржы табуда және өндіріс көлемін ұлғайтуда көптеген қиыншылықтарды бастан кешірді. Осындай жағдайда көбінесе жүздеген тіпті мыңдаған жұмысшыларды жалдай алатын қазіргі заманғы корпорациялардың маңызы тұрақта түрде өсе түсті. Қазіргі кезде Америка экономикасында жекеменшік кәсіпорындардан бастап әлемдегі ірі корпорацияларға дейінгі кәсіпорындардың алуан түрлері бар.
І.Кәсіпкерлік түсінігі және оның негізгі түрлері
1.1Кәсіпкерліктің тарихы, мәні, маңызы, ерекшеліктері.
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы қазақстандық қоғамның даму тарихындағы бүкіл қоғамдық жүйенің экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалауы кезеңінде қарастырылады. Республикадағы кәсіпкерлік қызметтің дамуын осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның даму тарихы қалыптасу заңдылықтарымен тығыз байланысты болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының алғашқы кезеңі - алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық, бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады. Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік нарықты Экономика деген тұжырымдамалар қала берді. Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептеуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес) деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі, сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады. Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның Жеке еңбек қызметі туралы (Об индивидуальной трудовой деятельности) заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады. Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына жат әрекет деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктерніне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлармен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарды кездесті, атап айтсақ, бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері, құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады. Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады.
Ал Отандық әлеуметтанушы, профессор Ж. А. Нүрбекованың пікірінше, кәсіпкерлік қызметтің Қазақстанда дамуының алғашқы кезеңін ежелгі уақыттардан бастап қарастыруға болады. Ежелгі уақыттың экономикалық ошағы Орталық Азия болды. Бірыңғай сауда жүйесі Жібек жолының пайда болуы қалалардың өсуіне, қолөнершілік өндірістің дамуына алып келді, олар нарыққа бағдарланды, оның нәтижесінде табиғи айырбастың орнына тауарлы-ақшалық қарым-қатынастардың пайда болды. Тікелей және қосымша салықтардың, мемлекеттік монополияның, сатып алу мен тағзым етудің күрделі жүйесі енгізілді. Византияда Түрік қағанатының саудалық-дипломатиялық одағы құрылды. Араб мәліметтері бойынша, ежелгі қазақ қалалары Отырар, Ясы (Түркістан), Сайрам, Испиджаб, Талхир, Сауран, Сығанақ, Тараз ежелгі көшпенділер жолында сауда орталықтары ретінде белгілі болған. Олар ежелгіге Ортағасырды, Батыс және Шығысты біріктірді: Жапония, Корея және Қытайды Орталық Азиямен, Иранмен, селжұқтар мемлекетімен, Русь пен Византияны, Франция мен Италияны .
Ежелгі сауда жолының дамуы Қазақстан халықының этномәдени діліне және әлеуметтік-психологиялық микроклиматына белгілі бір із қалдырды. VI ғасырда Сюань Цзань елшісі өзінің жазбаларында ірі қала Тараз жөнінде таңқаларлық естеліктер қалдырды. Еуропалық саудагерлер Ұлы Жібек жолындағыдай сауда қарқынын армандады. Ежелгі жазба көздер мен археологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл қала бірыңғай нарығымен қоса, қолөнершіліктің, тігіс өндірісі, әшекей бұйымдар дайындау, ағаш өңдеу және т.б. дамуымен атақты болған. Осы қалада алтын, күміс және мыс тиындар соқты, Тараз көптеген ғасырлар бойы түсті металлургияның маңызды орталықтарының бірі болып қала берді. Мұнда қазба жұмыстары кезінде құрылыстық істің жоғары мәдениетін талап еткен архитектуралық құралдар қалдықтары табылды. Темір, алтын, күмістің жасанды ұсталарының көптеген бұйымдары да осыған дәлел бола алады. Тараз 6 ғасырдың өзінде-ақ саудагерлер қаласы ретінде белгілі болды.
Ұлы Жібек жолы өткен территорияларды әлі күнге дейін өндірістік кәсіпкерлік қолданған пайдалы қазбалар аймағы бар. Ұлы Жібек жолының өту территориясы түсті металлдар, барит, көмір, жасанды және техникалық тастар және құрылыс материалдарына бай. Қазақстан Республикасы өзінің территориясында көптеген тарихи ескерткіштерді иелене отырып, ішкі және халықаралық туризмнің дамуына үлкен мүмкіндігі бар. Тірі табиғаттың әдемі жерлері және аңшылық орындар кәсіпкерлік тұрғысынан бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру саласында қолданылуы мүмкін. Қазақ халқының тарихи ескерткіші және көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ділі Қазақстан Республикасының қалалары мен ауылды жерлерінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен пайда болуына негіз болды.
Кәсіпкерліктің дамуының екінші кезеңі Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуімен байланысты, ол қоғамдық құрылымның дамыған формаларына өтумен, жеке меншіктің дамуымен, капитализация үдісінің күшеюімен, қоғамда нарықтың пайда болуымен, қоғамның әлеуметтік құрылымының дифференциациясымен тығыз байланысты. Қазақстан территориясында болған барлық мемлекеттер: Батыс-Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаты, оғыздар, қарахандар, қимақтар, қыпшақ мемлекеттерінде аралас экономика болды. Қазақ хандығының пайда болуында мемлкетте аралас экономика болды, оның территориясында сол уақытта экономикалық қатынастар дамыған болатын. Ол адами материалды ресурстарды, тауарларды ұйымдық басқаруға әсер етті; әлеуметтік құрылымның және ұйымның күрделірек, жаңа формалары пайда болды; кәсіпкерлік қызмет туды.
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының үшінші кезеңі 1917 жылғы қазан революциясынан кейінгі және кеңестік мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде белсенді нарыққа қарсы саясатпен сипатталады. Қоғамда кәсіпкерді кеңістік мемлекеттің жауы деп мойындау идеялары тарай бастады. 1920 жылдың 6 қазынан бастап ҚАЗКСР еңбектенушілер құқығы Декларациясында билік және сайлау жүйелерінің қағидалары ұсынылды: эксплуататор (кәсіпкер) болып билік органдарындағы бірде бір орын бола алмайды; пайда табу мақсатында жалдамалы жұмысқа жүгінетін және еңбектік емес кіріспен өмір сүретін тұлғалар сайланбайды және сайлана да алмайды. Жерге жеке меншікті жою, қоғамның паразиттік элементтерін жою мақсатында жалпыға бірдей еңбекке тағзым етуді енгізу және социалисттік шаруашылықтың жедел ұйымын құру - осы уақыт кезеңіндегі қазақстандық қоғамның басты саясаты. Сонымен, социалисттік құрылымды белсенді құру кезеңінде толық мемлекеттік монополизм жасанды түрде құрылды. Кәсіпкерлік қызмет заңнан тыс хабарландырылды. ЖЭС кезінде кәсіпкерлікте кейбір өзгерістер болды. Бұл кезеңде бұтақтық-шаруышылықтық типтегі даму кең тарады. Бұл жөнінде ВЦИК декретінің 1921 жылдан бастап Өндірістік және шикізаттық салықты табиғи салықпен ауыстыру жөнінде; 1921 жыл Айырбас жөнінде СНК сияқты кейбір декреттер мен тұжырымдаулар дәлел бола алады. Кәсіпкерліктің жекеленген элементтеріне қайта келу мемлекет тарапынан мәжбүрлі шара болды және уақытша сипатта болды. Егер 1928 жылы жеке сауда да жеке кәсіпкерлік сектордың үлесті салмағы 24%-ды құраса, онда 1933 жылы 0%; кәсіпорында 18% және 0,5%; ауыл шаруашылығында 97% және 20%. 1926 жылғы Конституцияда және барлық келесі нормативті актілерде Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына рұқсат берілмеді. Бұл нормалар тәркілеу және жалпыға ортақ ұжымдастыру кезеңінде қолданылды. 1937 жылы Конституцияда нарықтық өндірісті мойындау фактісі қызықты болып табылады: ... заңмен қатаң жеке еңбекке негізделген және бөтен еңбекті эксплатациялауды шектейтін бір тұлғалы крестьяндар мен бұтақшылардың ұсақ жеке шаруашылығына рұқсат беріледі. Бұл кезеңде салық тігісі орнатылған болатын. Жеке секторды мойындаумен бірге оның анық дискриминациясы соның ішінде салық төлеу кезіндегі де, жүргізілді.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуының төртінші кезеңі 1986 жылдан бастап қарастыруға болады. Ол Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының анық куәгерімен сипатталады. Жеке еңбектік қызмет жөнінде, 1988 жылы КСРО-дағы кооперация жөнінде Заң қабылданды. Жеке еңбек қызметімен айналысу қызметтің осы түрімен айналысуға және тіркеу куәлігінің (патент) болуына рұқсат береді. Бұл кезеңде индивидуалды секторды мемлекеттікпен біріктіру талпыныстарын құрайтын көптеген нормативті актілерді қабылдау болды. Көлеңкелі экономика дамыды. Жалдамалы жұмысты қолдану, жеке меншікті реттеу, монополиялық заңдылықтың қажеттілігі жөнінде сұрақтар өзекті бола бастады. 1987-1991 жылдар кәсіпкерліктің дамуы үшін сәтті кезең болды. Кооперация жөнінде заңы жеке, отбасылық және топтық кооперативті бизнес қызметтері үшін кең мүмкіндіктер берді. Кооперативтер негізінде мемлекеттік кәсіптерде құрыла бастады және мемлекеттік меншікті қолданды. 1990 жылы Республикада кооперативті кәсіпорындар мен ұйымдар саны 15 мыңға жетті, онда 300 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Көпшілік бөлігі құрылыспен айналысты - 31,4%, 12% халықтық тұтыныс тауарларын өндіру саласында, тоғыздан бір бөлігі - ауыл шаруашылығында қызмет етті. Кооперативтер республикада жартыдан жоғары көлемде тауарлар мен қызметтер өндірді.
Жеке еңбек қызметінің ары қарай дамуы Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының негізі болды. 1991 жылы азаматтардың жеке меншігі және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұжымдық меншігі мойындалды. ҚАЗКСР-дың ҚАЗКСР-де шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы жөнінде Заң қабылданды. Кәсіпкерлік экономиканың мемлекеттенуі мен ұжымдық, индивидуалды, жеке шаруашылықта мемлекеттік шаруашылықтың пайда болуына алып келді. Кәсіпкерлік әлеуметтік қатынастардың, меншік қатынастарының барлық жүйесін тудырды. Кәсіпкерлер - олар өзіндегі өндіріс құралдарымен иелене алудың нақты мүмкіндігін иемденген меншікшілер. Қазақстан Республикасының азаматы нарықтық қатынастарға қатыса алады. Кәсіпкер жұмыс беруші, өзіндік кәсіптің ұйымдастырушысы ролінде көрініс таба алады. Кәсіп кірістері нәтижелерден және жұмысшының еңбек сапасы, ұжымның біріккен жалпы нәтижелері мен жұмысшы меншігінің көлеміне тәуелді.
Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерлік қызметтің дамуына жаңа көкжиектер мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық енжарлығына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскелік түріне байланысты-өндірістік, қаржылық шаруашылық субьектілеріне байланысты ірі, орта және шағын, меншікке байланысты мемлекеттік жеке, ұжымдық, аралас, дара, ұйымдастырылуына байланысты жеке, топтық, жеке-дара түрлерінде дамып отыр. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік экономикамыздың жаңа салаларын немесе әлеуметтік әлсіздігін қамти отырып, өзінің қарқынын күшейтуде. Әрине, оның табысты дамуы еркін экономикалық іскерлік арқылы ғана болатындығы шет ел тәжірибесімен айқын.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қазіргі анықтамасының әртүрлі көзқарасы бар. Көбінесе жалпылама - кәсіпкерлікті кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі (капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор ретінде қарастыру, онда ол өндірісті - өтімдік факторларының жаңа тиімді комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік - бұл қатерлі инновациялық іс-әрекетке негізделген шаруашылық жүйесі, оның мақсаты - кәсіпкерлік табыс көру және де қайта өндіру үрдісін, немесе оның жеке стадияларын (өндіру, тарату, алмасу және тұтыну) толық алып тұру болып табылады .
Кәсіпкерлік экономикалық феномен ретінде категориясынан тарлау, бірақ шаруашылық тәжірибесінде оларды жиі кездестіруге болады. Бірақ олар синонимдер де, теңдіктер емес, бірақ мағынасы жағынан жақын ұғымдар. Бизнес кәсіпкерліктен гөрі кең мағынада, нарықтық экономикадағы барлық қатысушылар арасында болған қатынастарды алып кетеді, онда тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен бірге тұтынушылар, жалданбалы жұмыскерлер, мемлекеттік құрылымдар қатынасады.
Кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекеті - бизнестің динамикалық, элементі, бастамалы, өзіндік іс-әрекеті бар, өз қаупіне қарай және кіріс алу мақсатында, өз мүліктік жауапкершілігіне қарай, азаматтарды өнім өндіру бойынша бірлестіре отырып, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету іс -әрекетіне арналған.
Кәсіпкерліктің іс-әрекетінің философиясы - ерікті индивидуализм, оның негізгі белгісі - өзіндік күшінің арқасында жеке өркендеуін қамтамасыз ету, бірақ бұл қоғам көзқарасына қарама- қайшы емес. Біреулердің өркендеу мүмкіндігі басқалардың әлсіздігіне тоқтату болмауы тиіс. Тек бай адам меценант, демеуші, мейірімді болуы қажет. Кәсіпкер өзіне пайда әкеле отыра, қоғам пайдасына да іс-әрекет етеді.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылықты сапалы да жаңа тиімді типте жүргізу, оған прогрессивті әдіс - тәсілдер, нақты жеке меншіктің, өндіріс қожайынының жүргізу тәсілдері қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік - экономикалық категория, бизнес элементі, шаруашылық типі және өмір сүру дәрежесі ретінде бейнеледі. Кәсіпкерлік - нарықтық шаруашылықтың бөлінбес белгісі, оның басты ерекшелігі - ерікті бәсеклестік. Кәсіпкерлік тарихы ежелден келе жатса да, оның қазіргі ұғымы капитализмнің орнығу және даму кезеңінде пайда болды, онда ерікті кәсіпкерлік өз өркендеуінің негізі мен басы болып табылады.
Кәсіпкерлік белсенділіктің мақсаты - нарыққа сұранысы бар және кәсіпкерлерге кіріс әкелетін тауарды өндіру. Пайда - бұл нарыққа тауарды өндіруде және шығаруда қабылдаған кәсіпкерлік шешімді жүзеге асыру нәтежесінде алынған ұтыстан табыстың көп болуы. Бірақ пайданың болуы кәсіпкерлікке ғана тән емес, кез - келген басқа іскерлік белсенділік формасына тән. Бұл байланыста көңілді кәсіпкерлік пайда немесе кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық категорияға бөлу қажет. Инновациялық іс - әрекеттегі табыс, яғни өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуден кәсіпкерлік табыс құралады. Кәсіпкерлік табыс дегеніміз, ең алдымен, қосымша табыс, басқарудан, артықшылықтан пайда болған табыс, яғни кәсіпкердің табиғи немесе ерекше талдау іскерлігіне, сыртқы шарттарға байланысты өндіріс факторларын жаңаша комбинациялау. Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі, аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.
Еркін кәсіпкерлік - барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын - жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады. Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.
Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек. Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу үстіндегі бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес - бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет .
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды
Кәсіпкерлік жеке және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі. Кәсіпкерлік мәнін "іскерлік" сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында - тек қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет. Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік дамуда.
Кәсіпкерлік - бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Табыс деңгейі ойлау деңгейін көрсетеді, бірақ бұнын өзі жеткіліксіз көбіне жолы болғыштық та үлкен роль атқарады. Бірақ "жолы болғыштық" ойлай алатындарға, үйренгендерге ғана көмек көрсетеді.
Оқытудың негізгі міндеті - әрбір адамға көмек көрсетуге тырысу.
Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау - кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған іскерлік операциялары немесе белсенділігінің бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
Философиялық көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік - жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін.
Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің (1867 - 1933) мына сөзі орынды : "Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды".
Кәсіпкерлік іскерлік белсендікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.
Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардыњ барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-құлықтарі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
Тәуекелге баруға дайын;
Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру - шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады. Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу жєне қалыптастыру және оны дайындау (жасау) жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде өнімдерді (орындалған жұмысты, көрсетілетін қызметті) сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер - заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нышасын) табуы керек.
"Кәсіпкерлік" және "бизнес" түсінігі бір қатарда тұрады және оларды синоним ретінде жиі қолданды. Бұл расында да туыс категориялар.Бизнес - кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушылар қажет қоғамда, қызмет сферасында алуға болады. Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте құрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік компанияларда (мемлекеттік қалыптастырусыз) істі коммериялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды. Өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австриядан шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде - кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін, іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни еңбектің, еңбек қорларының сапасы.
Кәсіпкерлікке ұйқышылдық, тыныштық тоқырау жат. "Кәсіпкерлік" атауына толық сәйкес ол жүзеге асыратын істің табысын қамтамасыз етуге бағытталған, ойдағы мақсатқа жетуге, пайдалануға күші мен шараларын кәсіп етеді. Ол шығындардың және пайданы жоғалтудың алдын алуды қарастырады. Осылайша кәсіпкерлік - бұл тірі, үнемі жаңарып отыратын, тұрақты жұмыс көзі.
Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық анықтамасында "кәсіпкерлікке" мынадай анықтама беріледі.
"Кәсіпкерлік" - пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғанын жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер - заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19-ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты - әлеуметтік тиіммен бірге пайда немесе табыс алу және атқаратын қызметтері - шығармашылық (шаруашылық тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру), ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру), ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын бақылау).
А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: "Ол өз қызығушылығын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді".
"Кәсіпкер" түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 Ж. Р. Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо (1797 ж.) кәсіпкер - қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер - жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша кәсіпкер - қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс істейді.
Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер - бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен қолданады.
А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер - бұл бастама көтеруші адам деп санайды.
Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) кәсіпкерлік - құны бар жаңа бірдеңені жасау процесі, ал кәсіпкер - өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.
Сонымен, кәсіпкерлік - пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады. Кәсіпкердіњ бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ұзақ мерзімді шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, єрі қарай оны түзеуге болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
А) Ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
Б) Өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Кәсіпкерлік мақсат - бұл белгілі уақыт ішінде жету, қажет қалайтын жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
А) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету деңгейін анықтау, белгілеу.
Б) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?
В) мақсаттың уақыт факторы. Әрбір мақсат үшін сұрақ анықтау қажет, қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету керек.
Өндірісті орналастыру орнын таңдау туралы шешімді, тек жаңа ұйымдастырылатын кәсіпорын үшін емес, жекелеген өндірісті кеңейту кезінде қабылдау қажет. өндірісті орналастыру орнын таңдау кәсіпорынды құру кезіндегі негізгі шешімдерге жатады. Орынды дұрыс таңдамаса болашақта орынды ауыстырып жөндеу де қиын, шаруасы көп және үлкен шығындармен байланысты. Орналастыру орынын таңдау кезінде кәсіпорын басшылығы өндірісті орналастыруға болатын әртүрлі орындардағы шығындар мен пайданы салыстыру кезіндегі рентабельдіктің жалпы принципы шешуші болып табылады.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері.
Шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Кәсіпкердің көрсетілген маңызды белгілері өзара байланысты және бір уақытта әрекет етеді. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдықтың теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты ролі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.
Шумпетер кәсіпкерге берген бағасы дұрысырақ деп саналады. Кәсіпкер - өндірістің және қоғамның өмірін ұйымдастырудың бұрыңғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі "бүлінгенді қалпына келтіруді" жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағадайлар қажет:
Экономикалық;
Құқықтық;
Әлеуметтік және басқа.
Экономикалық жағдай ең алдымен тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі.
Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама роль атқарады. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғаның жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде оның бизнестің ұсынѓан еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етеді. Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кєсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарпайымдылығы мен жылдамдығы;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру;
Қазақстан кәсіпкерлерінің шет елдермен бірлескен қызметінің дамуы.
1.2.Кәсіпкерліктің экономикадағы орны.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
Ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
Монополияға қарсы әлеуеті бар;
Ғылыми - техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру және кәсіпкерді тәрбиелеу нарықтық экономиканың даму негізі.
Бұл міндетті шешуде біршама қиыншылықтар мен психологиялық бөгеулерді жеңу оңайға түспейді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды.
Қазақстанда меншік иесіне өз мүлкін иелену, пайдалану және басқару құқығын берілген, заңмен бекітілген (ҚР азаматтық кодексі).
Меншіктің үш құқығы бар.
Бірінші құқық мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыру мүмкіндігін заңдақ қамтамасыз ету.
Екінші құқық пайдалы қасиеттерді алу, сонымен қатар одан пайда алу мүмкіндігін береді.
Үшінші құқық мүліктің заңдық тағдырын анықтау мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етеді.
Меншік құқығы мен экономикалық тиімділік арасында нақты байланыс бар. Экономикалық ғалымдар төрт маңызды тиімді бөліп көрсетеді:
Ынталандырушы;
Капиталды жинау;
Икемділік;
Мақтаныш.
Заңдар жүйесі меншікті ең жоғары өнімді пайдалану үшін ынтамен қамтамасыз ету қажет. Меншікті жеткілікті қорғау кезінде, табыстың қандай-да бір бөлігі міндетті түрде жинау мақсатына арналады. Меншік иелеріне ресурстарды қолданудағы икемділік әрбір жекелеген жағдайда олардың қызығушылықтарына максималды сәйкес ресурстарды алуға мүмкіндік береді.
Меншікті иелену және басқару меншік иесінің өз жетістіктеріне, өзінің кәсіпкерлік қызметінің тиімділігіне мақтаныш тудырады.
Өзіндік жеке меншік меншіктік немесе (жалға алынған) өндіріс құралдарын қолданып, жеке (жанұялық) еңбекпен жасалған материалдық және рухани құндылықтар болып табылады.
Жеке меншік өркениетті қызметтің басты факторы. Ол өзінің осы тарихи миссиясын орындауы қажет. Жеке меншік біздің экономикалық процестерге ең қолайлы ықпалын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің заңдық негіздері 90 жылдарда жасала бастады. Осы бизнес түрінің дамуы және қалыптасу сұрақтарын реттеуге бағытталған заңдар, заңдық және басқа нормативтік-құқықтық актілер қабылданған және қызмет етуде.
Олар кәсіпкерлікті дамытудың көптеген сұрақтарын қамтиды:
Шаруашылық қызметтің еркіндігі, жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдану;
Шаруашылық серіктестікті, акционерлік қоғамды, өндірістік кооперативті, мемлекеттік кәсіпорынды, жеке кәсіпкерлікті шаруа (фермер) шаруашылығын әлеуметтік экономикалық зоналарды дамыту;
Заңды тұлғаларды лицензиялау, мемлекеттік тіркеу;
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын қорғау және басқа.
Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуды. Бұл ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында көрстеілген "әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы кеңістікті тазартуға араласуы тиіс".
Нарықтық инфрақұрылымы - биржалар, банктер, сақтандыру компаниялары, аудиторлық, консалтингтік фирмалар және басқалар дамуда.
Республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті, мемлекеттік қолдауда кең масштабты шаралар қолданылады.
ҚР Президентінің "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік күшейту және дамытуды белсендіру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды сферасы деп саналады.
Отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық бөгеттер толық жойылды деп санауға болмайды. Қазір кәсіпкерлік сфераны жылдам дамытуға және оның қызметінің тиімділігін арттыруға әсер ететін, механизмдер белсенді жасалуда.
Кәсіпкерлік экономикада ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі процесінде басты роль атқарады.
Экономикалық процесті адамдар ұйымдастырады. Адамдар осындай поцестің негізгі субъектісі ретінде шығады.
Экономикалық процесс - адамдардың өзара қатынастарының процесі. Экономикалық процесс - өмірдің негізі: онысыз қоғамның қалыпты қызмет етуі мүмкін емес. Қоғамның барлық қалған жақтарының қызмет етуі ұйымдасқан экономикалық процеске байланысты. Өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам экономикалық процеске қатысуы қажет.
Адамның экономикалық белсендігі оның қызметінің мақсаты болуы, істеген әрекетіне келесі жеке пайдалануы үшін ақысына жеке табыс алу. Адамның экономикалық белсенділігінің түрі күтілетін, жүктелетін орындалатын экономикалық процестегі жүзеге асуы тиіс қызметтер, міндеттер.
Адамның экономикалық белсенділігінің екі негізгі түрі бар:
Жалдамалы қызметкер ретінде;
Өндірісті ұйымдастырушы, яғни кәсіпкер ретінде.
Осы әрбір мүмкін түрінің әр қайсының өздеріне тән ерекшеліктері бар. Экономикалық процеске жалдамалы қызметкер ретінде қатысу, жұмыс беруші немесе оның өкілінің белгілейтін әрекеттерді орындауға қызметкердің келісуіне байланысты. Кәсіпкердің жолдамал қызметкерден айырмашылығы өзі жасаған өндірістік құрылымдағы (өндірістік процеске тартылған жалдамалы қызметкерге жауапкершілікпен бірге) болып жатқандарға толық жауапкершілік алады.
1.3.Кәсіпкерлік қызмет түрлері.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі жайлы және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
* жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
* толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
* жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
* жауапкершілігі жүктеледі;
* коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
* қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
* өндіріс және тұтыну кооперативтері;
* консорциумдар;
* акционерлік қоғамдар.
* Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар.
Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды;
мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы Кәсіпкерлік кодекс республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет. Бір қолға біріккен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz