«Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Болашақ» Академиясы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы кедендік саясат»

Мамандық 5В050900 - «Қаржы»

Орындаған: Ахмежамиева А. М.

зФ-13-2к тобы

Қабылдаған:

Қарағанды 2016 ж

Мазмұны

Кіріспе … . . . 3

1 Кеден қызметінің сыртқы экономикалық қатынастардағы ролі. Кедендік - тарифтік реттеу . . . 5

1. 1 Қазақстан Республикасының Кеден қызметінің тарихы, дамуы және мақсаттары мен міндеттері . . . 5

1. 2 Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы сыртқы

экономикалық қызметі . 9

2 Қазақстан Республикасындағы кедендік төлемдер жүйесін талдау 14

2. 1 Қазақстан Республикасындағы кедендік төлемдердің түрлері … . . . 14

2. 2 Кедендік алымдар мен төлемдерді алу және төлеу тәртіптері, кедендік жеңілдіктер жүйесі 19

Қорытынды… . . . . . . . . . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі 34

Кіріспе

Қазіргі заманғы экономиканың дамуы елдер арасындағы және жалпы дүниежүзілік интеграцияның айқын беталысымен сипатталады және қаржы ресурстары қозғалысының тауарлар мен қызметтерді айырбастаудың халықаралық байланыстардағы рөлінің өсуінен көрінеді. Қаржы мен материалдық құндылықтардың айналымын реттейтін біріңғай ережелерден дүниежүзілік нарық құрастырылады.

Соңғы уақытта дүниежүзілік сауда көлемі дүниежүзілік өндірістен жылдам өсуде, сауда құрамында қызмет көрсету деңгейі көтерілуде, интеллектуалды меншік объектілерін сату және ақша қаражаттарының елдер арасындағы капитал қозғалысы түрінде не кредиттер түрінде айналымы өсіп отыр.

Қоғамның ақпараттандырылуы, маңызды ақпараттар жүйелерінің құрылуы әлемдік экономиканың сипатын мүлде өзгертеді. Ол дүниежүзілік шаруашылықта тауарлар, ақша және қызметтер қозғалысын, валюта бағамын, қор құндылықтарын толық бақылап отыруға мүмкіндік туғызады. Сыртқы экономикалық қатынастар экономикалық өсудің объективтік маңызды факторларына айналып отыр. Ұлттық экономиканың жағдайын көптеген елдерде осылар айқындайды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, оны халықаралық қоғамдастықта толық мүше ретінде мойындауы мемлекет алдына маңызды міндеттер қояды. Оларды орындау үшін ішкі және сыртқы саясат мәселелерін тиімді шешіп, іс жүзіне асыру қажет.

Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі бөлімін құрайтын маңызды салаларының бірі - кеден ісі және кеден саясаты.

Кеден ісі және кеден саясаты тек қана сыртқы экономикалық қызметтің құралы ғана емес, сонымен қатар, басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстың жаңа түрінің құралы және реттегіші ретінде қолданылады.

Қазақстанда кеден саясатының жүргізілу мақсаты қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың қызығушылығын, ел ықыласын қорғау, бәсекені көтермелеу және монополияға қарсы тұру, экспортты көтермелеу және импорттың орнын басатын өндірісті дамыту, шет елдер инвестицияларының түсімін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстанның кеден қызметі динамикалық түрде дами отырып аймақтық, шекаралық және ішкі кедендерден, бекеттерден тұратын тармақталған жүйеге айналды. Әрине, сенімді және тиімді кеден қызметін құру - оңай міндет емес.

Бүкіләлемдік тәжірибеде Ұлыбритания, Германия сияқты елдерде кеден қызметінен ұлттық бюджетке түсетін пайда табыс бөлігінің 20 - 30 пайызын құрайды, ал дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш бюджет кірісінің 90 пайызын құрайды. Келтірілген мысал кедендік төлемдерді өндіріп алу жүйесін, валюталық есептеулердің түсуіне бақылауды жетілдіру керектігін көрсетеді, ал бұлар республикалық бюджетке қаражат түсімін елеулі түрде қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін кедендік тазалау, бақылау және бұйымдарды өндіріп алу жүйесінің тиімділігін үнемі арттырып отыру қажет. Сонымен қатар, экспорттық, импорттық операцияларға қатысушылар тауар бағасына әсер ететін кідірістер мен шығындарды болдырмас үшін жүктерді тез тазалауға құқылы.

Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде жалпы кеденнің тарихи кезеңі, кедендік баж бен алымдардың пайда болуы, Қазақстан Республикасындағы кеден қызметінің ел экономикасына келтіріп отырған пайдасы, қызметі мен оны дамытудың мақсаттары мен міндеттері, сыртқы экономикалық қызметтің мәні, кедендік - тарифтік реттеу жайында сөз болады.

Екінші бөлімінде кедендік алымдардың түрлері, алымдарды алу тәртібі және кедендік жеңілдіктер жайында, қарастырыла отырып, Қарағанды облысы кедендік бақылау департаменті «Теміртау», «Жәйрем-Атасу» кеден бекеті бойынша мемлекет қазынасына құйылған қаржының статистикалық сараптамасы беріліп отыр.

Курстық жұмыс жазу барысында кеден ісі саласындағы көптеген нормативті актілер мен әдебиеттер мен қатар кейінгі жылдары жарық көрген оқулықтар, баспасөз беттерінен материалдар, статистикалық ақпараттар, кестелер мен сызбалар қолданылды.

1 Кеден қызметінің сыртқы экономикалық қатынастардағы ролі. Кедендік - тарифтік реттеу

1. 1 Қазақстан Республикасының Кеден қызметінің тарихы, дамуы және мақсаттары мен міндеттері

Революцияға дейінгі Ресейде кеден қызметінің пайда болу тарихын зерттегенде алдымен әңгіме кедендік баж салығы туралы болады. Сауда жолы салынған заманнан бері қалалар мен мемлекеттердің шартты шекарасын қиып өткенде тауардан баж салығы, әртүрлі алымдар алынып отырады.

Біздің дәуірімізге дейінгі Y-IY ғасырларда Қара теңіз жағалауы қалаларында кеден тәртіптері болған. Ол туралы Скиф мемлекеті де білген.

Орыстарда ертеден-ақ шекарадан бір нәрсе алып өткенде алым алудың қарапайым ережесі болған. Оны олар «Мыто» деп атаған. Құрғақ жермен алып өткен тауардан алынатын алым «құрғақ мыто», ал сумен алып өтсе «су мытосы» деп аталған. Салық жинаушыны «мытник», салық жинау орныны «мытница» деп атаған.

«Мыт» - жүргінші бажына жатады. Сауда бажы әртүрлі болды және тауар құнынан ұсталды. Саудагерден алынатын салықтар «явка», ал қонақ ауладан сауда орны үшін алынатын салық «гостиное» деп аталды.

Орыс жерін монғол-татарлардың жаулап алуы орыс тілінде «тамга» сөзінің сіңісіп кетуіне әкелді. «Тамга» сөзі түрік халықтарының тілінде белгі, таңба деген ұғымды білдіреді. Орыстар жаулап алушыларға беретін алымын «тамга» деп атай бастады. Кейіннен базарда және жәрмеңкеде сауда жасаудан алынатын салық та осылай аталатын болды. «Тамга» сөзінен «тамжить» деген етістік пайда болды, ол тауарға баж салығын салу деген ұғымды білдірді. Тауарға салық салынған орын «тамжили» - таможня деп атала бастады. Бұрын «мытник» деп аталған адам енді «таможенник» делінді [1, 22 б. ] .

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы сыртқы сауда әрекетін реттеудің жаңа саясатын жасауды тура келтірді.

Саудаға байланысты алғашқы кедендік баж салықтарын ұстау қазіргі Қазақстан аумағында сақ патшайымы Томирис шамамен б. д. д. 530 жылдары енгізді.

Қазақстан Республикасы Кеден ісі мен кеден қызметінің аяғынан тұруы өте қиын кезеңді басынан өткізді. Кеңес үкіметі тарағаннан кейін болған экономикалық дағдарыс, Қазақстанда мемлекеттікті құру, тәуелсіздікті қамтамасыз ету қиындықтары осыған сай келді.

Қазақстан Республикасы Кеден қызметін құрудың себептері: сыртқы саудадағы монополияның тұтасуы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялау, сауда айналымын дамыту және Қазақстанның сыртқы саудаға шығуы.

Қазақстанда кеден қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылдың 12 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасы Кеден Комитетін құру туралы» Жарлығымен құрылды. Қазақстанда кеден қызметін ұйымдастыру, басқару құрылымын қалыптастыру 1995 жылы аяқталды. Қазіргі құрылымға кіретіндер: Қазақстан Республикасы кедендік бақылау Комитеті , аймақтық кеден басқармалары, кедендер мен кеден бекеттері.

Бұл мәселе жөніндегі кейінгі жылдардағы жұмыстар сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыруға әкелді. Осы мақсатта 1992 жылдан бастап үкімет тарапынан бірнеше шаралар іске асырылды.

Біріншіден, Қазақстан сыртқы экономикалық қызметі (ВЭД) реттеу мәселелері бойынша халықаралық келісімдерге қол қойылды; Қазақстанның кәсіпорындарының сыртқы рынокке шығуына әкімшілік шектеулер алынып тасталды.

Екіншіден, экспорттық тауарды лицензиялау мен мөлшерлі шектеулер қысқартылды және экспортты реттеудің тарифтік әдістемесіне көшірілді. Экспорттық квотаны конкурстық сату мен экспорттық бажды шетел валютасымен төлеуге көшу бір мезгілде енгізілді.

Үшіншіден, стратегиялық мәні бар шикізат тауарларын экспорттауды реттеуде, кеден шекарасын белгілеуде, шеттен әкелінген өнімдерге бақылау жасау мен сертификациялаудың жолдарын құруда көптеген шаралар іске асырылды, сыртқы экономикалық қызметті ақпаратпен жабдықтау жүйесі құрылды. Ең маңызды қадам ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы» Жарлығын (1995ж) және «Валюталық реттеу мен валюталық бақылау туралы», «Кедендік тариф туралы», «Сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын санауға болады.

Кеден қызметі ұлттық экономикада мемлекеттік- экономикалық басқарудың өте тиімді құралы болып есептеледі. Осы аз ғана уақыт ішінде Қазақстан Республикасы біріңғай кеден саясатын жүргізетін құрал- кеден қызметі қалыптасты [2, 18 б. ] .

Кеден ісін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі- кеден қызметінің тиімді құрылымын таңдап алу және ол органдарды ҚР аумағында орналастыру нұсқасын дұрыс таңдау. Кеден қызметі ҚР біртұтас кеден органдары ретінде құрылды және жұмыс істеуде.

Кеден ісі - мемлекеттік кедендік бақылау органдарының кеден саясатын жүргізудегі, кеден шекарасы арқылы тауар өткізуді бақылау және валюталық бақылауды жүзеге асыруда мемлекет мүдделерін қамтамасыз етудегі іс- шараларының жиынтығы.

Кеден ісін тікелей құқық қорғау органдары болып саналатын, өзінше бір жүйені құрайтын ҚР кеден органдары іске асырады. Оның құрамына мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы кедендік бақылау комитеті;
  • Қазақстан Республикасы аймақтық кеден басқармалары;
  • Қазақстан Республикасы кедендері;
  • Қазақстан Республикасы кеден бекеттері.

Кеден ісіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы үкіметі және кеден ісі жөніндегі мемлекеттік өкілетті орган жүзеге асырады. Прогреске ұмтылу және кеден қызметінің болашағына үңілу арқылы кеден комитеті өзіне төмендегідей негізгі мақсаттар қояды:

  • Қазақстан Республикасы кеден саясатын жасауға және бұл саясатты іске асыруға қатысу;
  • өз міндеті шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Қазақстанның ішкі нарығын қорғау;
  • Қазақстан өндірушілері мен тұтынушыларының мүдделерін қорғау;
  • экономика дамуын ынталандыру;
  • экспортты көтермелеу және импортты алмастыратын өндірісті ынталандыру;
  • эауда саясатының міндеттерін шешу;
  • кеден заңдылықтарын насихаттауда бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Қазақстан Республикасы кеден ісі жөніндегі халықаралық қатынастарға қатысуын қамтамасыз ету;
  • кеден баждарын, салықтарын және басқа да кедендік төлемдерді ұстау;
  • контрабандамен, кеден ережесін бұзушылықпен күресу;
  • кедендік бақылауды іске асыру және жетілдіру;
  • кыртқы сауданың кедендік статистикасын және ҚР арнайы кедендік статистикасын жүргізу;

Қазақстан Республикасында кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан шекарасы арқылы өткізуден, кедендік ресімдеу және кедендік бақылаудан, кедендік шараларды қолданудан, кедендік төлемдер мен салықтарды төлетуден, кеден ісі өрісінде құқық бұзушылықпен күрес, мемлекет пен сыртқы экономикалық және басқа іс-әрекеттерін жүзеге асырушы тұлғалар арасында билікке негізделген басқа кеден саясатын іске асырудан тұрады.

Қазақстан Республикасында бірыңғай, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құраушы бөлігі болып табылатын кеден саясаты іске асырылады.

Кеден саясаты Қазақстан Республикасының атқарушы органдары өкілет-тілігінің шегінде және солардың қарауына жатады.

Қазақстан Республикасының кеден саясатының негізгі мақсатттары экономиканың дамуын реттеу және Қазақстан Республикасының экономика-лық мүдделерін қорғау, тиімді кеден бақылауын қамтамасыз ету болып табылады және Қазақстан Республикасының заң актілерімен тағайындалған басқа мақсаттар [3, 56 б. ] .

Біздің мемлекетімізде Президенттің Қазақстан халқына Үндеуінде қойылған ауқымды мақсаты - тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды құруға қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді приоритеттер қатарын жүзеге асыру қажет және де сол сияқты кедендік саясатты жоғары сатыға көтеру керек. Кеден ісінің мәселелеріне шет елде үлкен көңіл аударылады, тауарды әкелуге және шығаруға түрлі шектеулер түрі тағайындалады, ішкі нарықты шет ел өнімінен қорғау бойынша шаралар қолданылады. Әлемдік сауданың XXI ғасырдағы дамуы айрықша тенденциялармен сипатталады. Олардың анағұрлым елеулілерінің бірі әлем саудасының әлемдік өндіріспен салыстырғанда оза дамуы болды. Ол процесс саудалық өзара қатынастар өрісін реттейтін және онысымен түрлі мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстарға ретке келтіруді жеңілдетіп, әлемдік нарықтың барлық қатысушыларының, олардың арасындағы дискриминация болдырмай және мемлекеттердің протекционистік іс- әрекеттерін жоя отырып, тең құқығын тағайындайтын халықаралық ережелер құруды талап етті.

Кеден ісін ұйымдастырудың негізгі принципі ретінде кеден шекарасын ынтымақтастығы принципін есептеуге болады. Басқа принциптер - кедендік салық салулардың жалпы тәртібі, әкелу мен әкетудің бірыңғай шарттары, процедуралар мен нысандылықтарды бірдей қолдану және басқалары.

Кеден қызметінің негізгі міндеттері:

  • экономкалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету-стратегиялық міндет. Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз- тұрақты экономикалық жүйе, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі. Экономикалық қауіпсіздіктің бұзылуы ұлттық экономика мен мемлекет мүдделеріне үлкен зиян келтіреді. Экономикалық қауіпсіздік саясатын бірнеше мемлекеттік органдар: құқық қорғау органдары, қаржы органдары, сыртқы экономика ведомствалары іске асырады;
  • бұл саясатты іске асыруда кеден қызметі маңызды орын алады, оның негізгі қызметі- шекарадан өтетін тауарларға бақылау жасауға, мемлекеттік экономиикалық мүдделерді қорғауға арналған;
  • кеден органдарының практикалық қызметі- кеден бақылауын ұйымдастыру, контрабандамен күрес шараларын жүргізу, экспорттық- импорттық операцияларға валюталық бақылау жасау, кеден баж салықтарын, салықтар мен алымдарды уақытында және дұрыс ұстау;
  • кеден қызметінде кедендік- тарифтік реттеу негізгі мәселелердің бірі;
  • Қазақстан Республикасының сыртқы рыноктегі мүдделерін қорғау, сыртқы сауданы кеңейту, халықаралық айналымға дұрыс жағдай жасау үшін барлық кеден мекемелері кедендік- тарифтік реттеумен шұғылданады;
  • кеден баждарын уақытында және толық ұстау, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушыларға қаржылық бақылау жасау;
  • контрабандамен және кеден ережелерін бұзумен күрес- кеден қызметінің дәстүрлі міндеті;
  • кеден қызметінің жаңа бір қызмет түрі- сыртқы сауданың кедендік статистикасын және Қазақстан Республикасының арнайы кеден статистикасын жүргізу;
  • заң қағидаларының орындалуына бақылау жасау- кеден органдарының арнайы міндеттерінің бірі. Кедендік бақылауды іске асырады және жетілдіреді, Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауар айналымын тездетуге жағдай туғызады [1, 25 б. ] . Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы сыртқыэкономикалық қызметі

Нарықтық экономикада мемлекет елдің қауіпсіздігін және жалпы ұлтық мүдделерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық қызметті реттеп отырады. Бұл реттеуді барлық мемлекеттер жүргізеді. Бірақ оның формасы мен әдістері, нақты мақсаты мен міндеттері әр елдің ішкі және сыртқы саясатына қарай әртүрлі болып келеді.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу әртүрлі белгілеріне қарай түрлі әдіспен жүзеге асады, олар экономикалық және әкімшілік, тарифтік болып бөлінеді. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің экономикалық әдістері сауда саясатының экономикалық құралы - кедендік бажды, салықтар мен кедендік алымдарды пайдалануға негізделеді. Бұл құралдарды пайдалану арқылы Үкімет сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің мүдделеріне, олардың толық дербестігін сақтай отырып оның іс- әрекетіне әсер етеді.

Еліміздің экономикасының негізгі өсу факторы, ішкі факторларды қоспағанда, Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларына сыртқы сұранымның өсуі болып табылады. Дамытудың қосымша импульсі әлемдік экономикаға оң өседі. Тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдары бойы Қазақстан Республикасы бірлестіктің толық құқылы мүшесі және халықаралық еңбек бөлінісінің қатысушысы ретінде танылған. Осылармен қатар, соңғы жылдардағы жағдайлар, дәлірек әлемдік қаржылық және тауар нарығында бір мағыналы емес тенденциялардың дамуы, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының даму перспективалары мен приоритетерін мұқият бағалауды талап етеді. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты экспорт құрылымының көлемін арттыруға және жоғары сатыға көтеруге, ішкі нарықты сапасыз, демпингтік және субсидирленген тауарлардан қорғауға, тікелей инвестициялардың көбеюі үшін қолайлы климат құруға, өңдеуші өндірістерді дамытуға, барлық елдермен өзара пайдалы тауарлы-экономикалық қатынастарды дамытуға бағдаралнуы керек.

Қазақстан Республикасының негізгі экспорт тауарлары мұнай, түсті металдар (мыс, цинк, свинец), хром және оның қорытпалары, қара металдардың жалға берілуі, мұнай өндіруші және химия өнеркәсіптерінің өнімдері бидай, мақта, жүн, тері шикізаттары және агроөнеркәсіптік кешендердің басқа да өнімдері болып табылады. Басқа жағынан, Қазақстан газды, электр энергиясын, құрылыс, тұтыну тауарларын импорттан алады.

Импорттың 60 пайыз шамасын тұтыну тауарлары құрайды. Жалпы импорт көлемінің 30 пайызы - ұйымдаспаған сауда өкілдіктерімен әкелінген тауарлар.

Қазақстан Республикасының негізгі сауда делдалдары Ресей, ЕС, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Қытай болып табылады. Жалпы Қазақстанның сауда саясаты ТМД елдерімен сыртқы экономикалық байланыстары мен әлеммен сауданы кеңейту тендециясына ие. Импорт көлемін ұлғайту өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірісінің, халықтың сұранымының, сыртқы экономи-калық іс-әрекетті жазғы кезеңде арттырудың мезгілдік факторының өсуінің жалғасуымен, сондай-ақ Қазақстанда Ресей импорты көлемінің өсуімен өте көп байқалып отыр. Қазақстанның импортының тауарлы құрылымы тауарлар, құрал - жабдықтар, соның ішінде елдің сыртқы саудасының негізгі позициясының бірі электр құрылғылары.

1991 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан егемендігін алды, ол өзін - өзі динамикалық жан-жақты дамытуға нақты мүмкіндіктерге ие болды. Саяси өндірісте күшті Президенттік Республика құру бағыты алынды. Көпшілік ақпараттық тәуелсіз құралдардың қызмет атқаруы үшін жағдайлар жасалды. Қазақстан Еуропада (ОБСЕ) қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің тең құқылы мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) енді, Халықаралық валюталық қор, реконструкция және даму Халықаралық банкінің, Әлемдік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, инвестициялар кепілдігі көпжақты агенттілігінің, инвестициялық тауларды реттеу бойынша Халықаралық орталықтың, Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының және басқа да ұйымдар қатарының мүшелілігіне енді. Жүзден аса ел Қазақстанды таныды, олардың көпшілігімен елшілік және өкілдіктер деңгейінде дипломаттық қатынастар орнатты. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен өзара қарым - қатынас орната білуі егемендіктің маңызды белгісі болып табылады. Конституцияда Қазақстан басқа мемлекеттермен ынтымақтастықтың және тату көршілік қатынастар саясатын жүргізетіндігі, олардың істеріне араласпайтыны, дауларды бейбітшілік жолмен шешетіні ресми түрде жарияланған. Тәуелсіздігінің ең алғаш күндерінен бастап - ақ Қазақстан өзінің экономикалық қайта құрылу үлгісін және нарыққа көшуін жүзеге асыру бағытын алдына қойды. Реформа басқару құрылымдарын мемлекеттік органдардың экономикасымен, орындарымен, атқаратын қызметтерімен және рольдерімен ең басты өзгертулерді қарастырады [4, 122] .

Экономиканың мемлекеттік емес секторы қарқынды дами бастады. 1992жылы оған 35 акционерлік қоғамдар, 76 салааралық және сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30 шақты концерндер және консорциумдар жатқызылды. 120 коммерциялық банктер, 60 биржа, 40 сақтау және 20 лизингтік компаниялар, 2 ірі аудиториялық орталықтар, 11 мыңдаған дерлік кооперативтер, халық шаруашылығында жұмысбастылардың 15 пайызы дерлік еңбек ететін орта және 5, 5 мыңнан астам кіші кәсіпорындар қызмет атқарды. Ауыл шаруашылығында 1997 жылы 51 мың фермер шаруашылық-тары болды. Осы уақытқа дейін республикада 7мың шамасында кәсіпорындар мен ұйымдар жекешелендіріледі. Қазақстанда жекешелендіру процесі салық салу, баға құру, еңбек төлемі процесімен және банк саясаты-мен қатар жүзеге аса бастады. Нарықтық құрылымдарды қалыптастыру саласында кіші кәсіпкерлікті дамытуға, монопольдік құрылымдарды сақтауға үлкен көңіл бөлінеді.

Негізгі мақсаты нарықтық реттеу механизмін ендіру, еркін бәсекелес-тікке, кәсіпкерлікке ынталандыру және республикада тұтынушылар мүддесін қорғау болып табылатын монополистік іс-әрекеттерді шектеу туралы Заңды жүзеге асыру үлкен мәнге ие. Ол Заңда басқарудың монополистік құрылымдарын тарату, олардың пайда болуына жол бермеу, монополистік іс - әрекеттердің және тауарлар нарығында қара ниетті бәсекелестіктің алдын - алу, шектеу және бұлтартпау шаралары белгіленген. Сонымен қатар, мемлекеттік монополия қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз етуші құрылыс және темір жолдарын пайдалану салаларында, космостық жұмыстар және зерттеулер саласында, сондай-ақ магистральды құбыр өткізгіштерде, коммуникацияларда және байланыс жүйелерінде, сонымен қатар жартылай электроэнергетикада сақталады. Әртүрлі типті банктер енетін банк құрылымдарының жаңа жүйесі құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
ҚР-дағы кедендік режимдерді ұйымдастыру мен реттеудің ережелері
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Кедендік операцияларды жүргізу тәртібі
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Валюталы саясат және валюталы реттеудің түсінігі
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz